|  | 

Жаһан жаңалықтары

100 жыл бұрын Чехия мен Словакия заманауи тәуелсіз мемлекет құрды.

44893938_10156611090664070_5892854331664760832_n100 жыл бұрын Чехия мен Словакия заманауи тәуелсіз мемлекет құрды. Прага бұл мерейтойды лайықты түрде атап өтіп жатыр. Сегіз жыл жөнделген Ұлттық музей ашылды. 1945 және 1968 жылдары шетелдік басқыншылар бүлдірген көне ғимарат бүгін көздің жауын алады. Шеберлер реставрациясын қатырыпты. Прагаға келген дос-жар біледі, Вацлав алаңындағы әулие Вацлав князь ескерткішінің арқасындағы алып ғимарат қой. Бүгін күн суытып, жаңбыр жауғанына қарамастан Прага тұрғындары беттеріне тудың суретін салып алып, балаларын жетелеп, ұзын-сонар кезекте тұрып, қайта ашылған мұражайдағы Чехия мен Словакия тәуелсіздігіне арналған арнайы көрмелерді тегін көріп шықты.

Бір ғасыр ішінде Чехия тәуелсіздігін нығайта түсті. Қазір Еуропа Одағының беделді мүшесі. 2009 жылы Еуропа кеңесінің президенті болып үлгерген, 2022 жылы тағы да кезегі келеді. Одақтың Ғаламдық спутник навигация жүйесі министрлігі Прагада орналасқан, осы елден басқарылады. Он-ақ миллион халқы бар шағын мемлекет ауыл шаруашылығына арналған шағын ұшақтан бастап инеге дейін өзі өндіреді. Әлем бойынша ең көп кітапханасы бар ел: әр 1971 адамға бір кітапханадан келеді. Орталық Еуропадағы ең көне (1348 жылы құрылған) университет те осында. Өнертапқыш чехтар жасап шығарған заттар қазақтарға да таңсық емес: шақпақ қант, көзге тағатын линза, адам қанын топтарға бөлу жүйесі, “робот” сөзі, т.б. Автобусы, трамвайы мен метро пойызы минут емес, секунд дәлдікпен жүреді. Саңырауқұлақ теру чехтар үшін жай ғана тіршілік қамы емес, ұлттық спортқа айналған. Бір жылда 21 мың тонна саңырауқұлақ теріп тастайды:) Ұлттық болмыс-бітімін сақтаудың жалғыз жолы ана тілін ұмытпау деп санайтын шақарлау, бірақ бейбіт, тегі – славян, ісі – неміс, діні – католик (қазір көпшілігі – атеист) халық. Өмірімнің бір кезеңінде дәл осы елдің дәмі бұйырып жатқанына дән разымын.

Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Байден инаугурациясы: АҚШ-тың 46-президенті қызметіне кірісті

    АҚШ президенті Джо Байден мен оның жары Джилл Байден Ақ үй келіп, қолын бұлғап тұр. 20 қаңтар 2021 жыл. Қарашадағы президент сайлауы мен ауыр жүрген өтпелі кезеңнен кейін демократ Джо Байден Капитолий алдында АҚШ президентінің антын берді. Ол осылайша АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трампты ресми түрде алмастырды. 78 жастағы Байден ант беру кезінде қолын өз үйінен әкелген көне “Библияға” қойды. Кітап 46-президенттің әулетінде 1893 жылдан бері сақталып келген. Байден осыған дейін сенатор және вице-президент қызметтеріне кіріскенде де осы діни кітапты ұстап ант берген. Биылғы инаугурацияның ерекше болатыны әуелден белгілі болды. Оның бірден-бір себебі – коронавирус пандемиясы. АҚШ індетті ең қатты зардап шеккен елдердің бірі. Сонымен қатар 6 қаңтар күні Трамп жақтастары

  • Коронавирусқа 1 жыл толды. Адамзат Covid-тің қайдан пайда болғаны біле ала ма?

    Александра ВАГНЕР Қорғаныс киімін киген медқызметкерлер Ухань көшесінде қайтыс болған адамның мәйітін алып кеткелі жатыр. 30 қаңтар 2020 жыл. Адамзаттың коронавирус инфекциясы туралы естігеніне бір жылға жуық уақыт өтті. Осы арада Covid ауруымен тіркелгендер 67 миллионнан асты, 1,5 миллион адам қайтыс болды. Елдердің көбінде карантин енгізіліп, тұрғындар үйінен шыға алмай қалды, кәсіпорындар жұмысы шектеліп, артынан банкрот болып жатты. Тіршілікті түбегейлі түрлендірген осы вирустың қайдан шыққаны әлі нақтыланбады. Бірі жарғанаттан, бірі панголиндерден дейді, кейбіреулер тіпті қолдан жасалған ауру деген пікір айтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір ай бұрын аурудың неден тарағанын анықтауды көздейтін зерттеу бастады. Оған қатысатын вирусологтардың, эпидемиологтардың және сарапшылардың аты-жөндері аталмай отыр, ал зерттеудің бірінші кезеңі ауру бастау алған Қытайда өтпейді.

  • АҚШ Ауғанстаннан 2000 сарбазын әкетпек. Салдары не болмақ?

    Азаттық радиосы Ауғанстанның үкімет күштерін жаттықтыратын орталықта жүрген АҚШ сарбаздары. Герат, Ауғанстан, 2 ақпан 2019 жыл. Көрнекі сурет. Вашингтонның Ауғанстаннан екі мың сарбазын алып кету туралы шешімі қарама-қайшы пікір тудырды. Бірі әскер санының бұлай азаюы экстремистік топтарды жігерлендіреді десе, бірі шиеленісті шешуге оң әсер береді дейді. АҚШ әскерінің әкетілуі туралы жаңалық 16 қарашада тарады. Сол күні баспасөз құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың санаулы күн ішінде Ауғанстан мен Ирактағы АҚШ әскерінің санын одан әрі азайту туралы шешімін жариялайтынын хабарлады. Келесі күні АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Кристофер Миллер жаңалықты растап, америкалық сарбаздарды еліне қайтару келесі жылы 15 қаңтарда, Трамптың Ақ үйден кетуіне бес күн қалғанда аяқталатынын айтты. 18 қараша күні “Талибан”

  • Байденнің президенттігі Қазақстан, ОА және Шыңжаңға қалай әсер етпек?

    Мәншүк АСАУТАЙ USA-ELECTION/BIDEN АҚШ-тың 46-президенті болып сайланған демократ Джо Байден сайлау алдында әлемде “демократияны күшейтетінін, авторитаризммен күресетінін” айтқан. Халықаралық есептерде әлсіз демократия мен авторитаризм үшін жиі сыналатын Орталық Азия елдеріне Байденнің ұстанатын саясаты қандай болмақ? Байден әкімшілігі Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым мәселесін көтеруді жалғастыра ма? Қазір Орталық Азиядағы бес ел – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және АҚШ арасында 2015 жылдан бері “С5+1″ форматы жұмыс істеп келеді. Содан бері Орталық Азиядағы бес елдің сыртқы істер министрлері мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы жиі кездесіп, ОА мен Вашингтонның қарым-қатынасын талқылайды. “С5+1″ форматы демократ Барак Обама президент болып тұрғанда құрылған. Бұл формат Трамп президент кезінде де сақталды және биыл ақпанда АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтонның

  • Таулы Қарабақта соғыс аяқталды

    Нұрбек ТҮСІПХАН Армения премьер-министрі Никол Пашинян 10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Ресей, Арменияның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде үшжақты келісімге келгенін хабарлады. Бұл туралы Пашинян Фейсбук парағына жазды. “Құрметті отандастар, бауырларым мен әпке-қарындастарым! Өзіме де, бәрімізге де ауыр тиетін шешімге келдім. Ресей және Әзербайжан президенттерімен Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде мәлімдемеге қол қойдым. … Өзімізді жеңілдік деп есептемейміз әрі бұл біздің ұлт ретінде бірігуіміздің және қайта өрлеуіміздің басы болуы керек. Қаза тапқандардың алдында тізе бүгемін. Отанын қорғау жолында өмірін аямаған барлық әскерилердің, офицер, генерал, еріктілердің алдында басымды иемін. Олар арцах армяндарын қорғап, құрбан болды. Соңына дейін күрестік және жеңеміз!” деп жазды Пашинян. Атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанын Ресей президенті Владимир Путин де растады.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: