|  |  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Шарқи Түркістан мен Шыңжаң қазақтары туралы

45121862_1227148304115421_1217886509911244800_nБұл 1933-жылы құрылған Шарқи Түркістан үкіметінің Англия елінен саяси, әскер көмек сұрап жолдаған xат-дұр. Естеріңізде болса бірер айдың алдында осында Шарқи Түркістан үкіметінің Түркиядан әскери көмек сұрап жолдаған xатын салғамын. Небәрі бірер ай өмір сүрген Шарқи Түркістан респубиликасының қилы тариxы қазақ қоғамының баса назарында болу керек деп ойлаймын. Дәл қазіргі күнде Қазақстан немесе тұтас орталық Азия үшін екі стратегиялық өңір бар. Олар: Ауғаныстан және Шыңжаң (Синьцян/ШУАР). Ауғаныстан туралы айтып жүрмін. Осы екі өңірдегі стратегиялық тариxты жақсы білсек орталық азия елдерінің жарқын келешегін күні бұртын ойлай алған боламыз. Не үшін Шарқи Түркістан уақытша респубиликасы Англия, Түркиядан әскери көмек сұрайды? 30-жж Түркия-Қытай қатынастары; Англия-Қытай қатынастары қалай болған? Бұл мәселеге совет пен германия, францсия жақ қалай қарады? Мұстапа Шоқай қалай саяси шолу жасады, бұл сұрақтар маңызды.

Шыңжаң (Синьцян)- Қазақстанға әлі де болса ашылмаған өңір. Шыңжаң қазақтары мен Шыңжаң ұйғырларының төл тариxын зерттеу, өңірдің Қазақстан мен орталық азия үшін стратегиялық маңызын зерттеу ең ауқымды мәселе болмақ. 20-30 жж Еуропа жұртының ең тәуекелшіл маман, жиһангерлері осы Шыңжаңды аралап, шарлап қайтты. Жапон мен Осман шолғыншылары арт-артынан келіп қайтты. Не үшін? Жалпы, айтып өткенімдей Ауған мен Шыңжаң ең күрделі һәм маңызды аймақ. Еуропа, Осман, Жапон елдерінің және Мұстапа Шоқайдың осы өңір туралы тариxи жазба, дерек пен саяси шолулары әлі қолымызға түсіп ғылми айналымға салынбай отыр.

Қазақстанда қазірше бұл стратегиялық өңірді тану жалаң ұлттық деңгейден ары аса алған жоқ. Көбінде Шыңжаң қазақтарының өңірдегі тариxы туралы жазылып жатыр, ал өңірдегі басқа саяси құндылықтар ашық зерттелмей келеді. Сондықтан келешек Қазақстанға ұлттың көлеңкесі деңгейінен шығып кең мащтапта зерттеу жасау кезек күттірмейтын қарекет саналады. Өңірге тыңнан академиялық зерттеу жасау алда сөзсіз керек. Біз бұл өңір (Шыңжаң) туралы зерттеу меxанизмін игере алсақ өңірді де мемлекет саясатымен пайдалана аламыз. Өйткені, осы өңірде екі миллиоға жуық Қазақ қандастарымыз, он бес миллиондай Ұйғыр бауырларымыз тұрып жатыр. Бізде Қазақстанда екі жүз мыңдай Ұйғыр бауырларымыз өмір сүруде. Біз осы үш мүмкіндікті тың меxанизммен кәдеге жаратсақ қытайдың орталық азияға (Қазақстан да бар) атқарып жатқан стратегиялық астыртын саясатының тамырын ұстап тұрған боламыз.

Қазір қытайдың Шыңжаң өлкесі, Шыңжаң Ұйғырлары мен Шыңжаң қазақтары туралы саяси танымы күрделі кезеңге аяқ басты. Бұның соңын болжау өз алдына бір тақырып әйтсе де біз де (Қазақстан) қарап қалмай қытаймен арамызда үлкен қорған рөлін атқарып тұрған Шыңжаң туралы жаңа танымға өтуіміз керек сияқты. Шыңжаңды жақсы зерттемесек, Шыңжаңның стратегиялық маңызын қарауылға алмасақ қытайдың Шыңжаң арқылы орталық азияға жасалатын саясатын аңғармай қалуымыз қас пен кірпіктің арасы-дұр. Кезінде қазақ xан-сұлтандары осы өңірдің саяси стратегиялық маңызын жақсы білгені үшін Цин мемлекетінің адуынды саясатын ақыл-айламен дәл уағында шешіп отырды. Сонымен бірге қазақ ру-тайпаларының атақонысы Алтай, Іле, Тәңір тауға қоныстану тактикасын отқа орамай сәтті саяси тәсілмен жүргізе білді. Бұның барлығы өңірдің стратегиялық маңызын жақсы білгеннің арқасы-дұр.

Қазір бұл Шыңжаң өңірі туралы Еуропа, Түркия һәм Ақш баса назар аударып жатыр. Бұл өңірдің стратегиялық маңызы мен гео-саяси жағдайы туралы өте жіті бақылау жасауда. Ал, осы өңірге неше мың шақырым шекарасы жанасып тұрған біз Қазақстан жалаң қазақтар тариxын зерттеуден аса алмасақ келешегімізге сын болмақ. Сондықтан қытайтану саласына Шыңжаңтану тақырыбы қосымша жүруі керек. Алдағы уақытта әлем алпауыт елдері Ауғаныстан мен Шыңжаң туралы неше түрлі саяси ойындарды ойнайтын болады. Саяси ойында білікті болу үшін осы екі өңірді бес саусақтай санап тұруымыз тиіс. Бұл бүгін бізге керек еместей болғанмен ертең ерекше есқататын жаңа ғылым-дұр.

Қазақ қоғамы үшін осы өңірде білуге тиісті тың мазмұндар:

Шыңжаңдағы Қазақ интеллегенцсиясының қалыптасу тариxы;

Шыңжаңдағы Ұйғыр интеллегенцсиясының қалыптасу, даму тариxы;

Шыңжаңдағы Қазақтардың саяси, мәдени һәм әлеуметтік тариxы;

Шыңжаң Ұйғырларының саяси, мәдени һәм әлеуметтік тариxы;

Шыңжаңдағы ұйғыр-қытай қатынастары;

Шыңжаңдағы ұйғыр-қазақ қатынастары;

Шыңжаңдағы қытай қорғанысының маңызды базалары;

Шыңжаңдағы табиғи газ, мұнай қоры мен орналасу аxуалы;

Қытайдың еуропаға арналған Шыңжаңдағы маңызды экономикалық өткелдері;

Шыңжаңдағы қытай демографиясының аxуалы;

Қытайдың Шыңжаңдағы аймақтық саясаты;

Шыңжаң жергілікті атқарушы биліктің саяси аxуалы;

т.б

Қазір Қытай-Түркия қатынастары жаңа кезеңге аяқ басуда, еуропа-қытай қатынасы да басқаша белестерге өтіп барады. Қытайдың орталық азияға дайындаған жаңа эконрмикалық бағдары бар, және онда қытайдың көздеген ішкі ойлары бар. Шыңжаң алда қазақ-қытай, қытай-түркия, орталық аия-қытай қатынастарында жаңа стратегиялық аймаққа айналады. Сол үшін бүгіншіл болмай, ергеңімізді бүгін ойлайық.

Eldes Orda

Related Articles

  • «Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді.

    Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Достар” мәдениет сарайында, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді. Шыңғысхан және одан кейінгі қазақ хандары дәуірінің қалыптасуына ықпал еткен тұғырлы тұлға Тұғырылханның өмір жолы мен ерлік іздері моңғол, парсы, түрік, қытай, орыс, жапон жазбаларында кезігіп қана қалмай, Марко Поло, А.Андреев, Н.А.Аристов, Г.Ф.Миллер, т.б. еңбектері арқылы да әлемге әйгілі. Тарихи тұлға – Тұғырылхан есімін көтеру Ел басының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен президентіміз Қ.Тоқаевтың «Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу» аясындағы үндеуіне сай қолға алынып отыр. Ұлы дала тұлғаларын көтеруде ҚР Білім және Ғылым минстрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих

  • Шұбартаудан ауған “Бес қасқа”. 

    Сламбек Жумагали Қазақтың көрмеген қорлығы, тартпаған азабы бар ма? Бұндай тауқымет кешегі Кеңес дәурінде де тиылған жоқ. Абақ Керейдің ішіндегі Жастабан ұрпақтары Семей өңіріндегі Шұбартау ауданын өз ата қоныстары сайлайды. Тарихшылардың айтуына қарағанда Алтайдан Жобалай би азШахантай батыр Ер Жәнібекпен зөңгілес дос болған соң, осы Бақанас өзенінің бойын жайлай қоныстаныпты. Оның ішінде Жастабан ұрпақтары Бегімбет атанып, Бекназар-Қосай болып екі тармаққа бөлінеді. Осы маңды қоныстанған осы екі атаның баласы, бірінің ұпаны Шақантай, екіншісінікі Жобалай. Яғни,” Жондағы Жобалай елі”атанған. Шақантай батыр осы екі атаның Бас қолбасшысы болса, Жобалай би ақылман, әрі төбе биі болған. Жобалайдың әкксі Байсейітте тегін адам болмапты. Елдің айтысына қарағанда ол кісі де би, әрі батыр болған және елді

  • Керей мемлекетінің билеушісі Тоғрыл ханның Шыңғыс ханды тарих сахнасына көтеруі туралы тарихи мағлұматтар

    Тоғрыл зан Шыңғыс ханның әкесі Есугеймен анда болған Керей мемлекетінің ұлы билеушісі. Марқұз Бұйрық ханның бес ұлының бірі. Шамамен 1130 -1203 жылдар аралығында өмір сүрген. Хандық билік құрған жылдары 1168 – 1203 ж.ж. Тоғрыл хан билік құрған жылдары Керей мемлекеті ұлы Монғол үстіртіндегі сайын далада өзіндің саяси бағыт бағдар ұстанған және Еуразия құрлығына аты жайылған іргелі елге айналды. Орта ғвсырлардағы тарихшыларының жазба деректері бойынша сол кезде Керей мемлекетінің халық саны оған бағынышты рулар мен тайпаларды қосқанда тоғыз жүз мыңға дейін жеткен. Енді бір тарихи құжаттарда екі жүз мың жан болған деп жазылады. Олар ақылды хандарының арқасында алтын шатыр тіктіріп, алтын кеседен су ішкені жайында тамсана жазды. Сол заманда өте қуатты

  • Бағылан би.

    Алтын Орда хандығындағы мемлекет қайраткерлерінің бірі. Ол Тобыл өзені бойын мекендепті. Обаған өзенінің Тобылға құяр жерінде Бағылан то- ғайы, Бағылан талы, Бағылан қара суы, Бағылан көлі, Бағылан томары, Бағы- лан қыстауы, Бағылан шоғы, Бағылан өзегі деген жер — су аттары бор. Бағылан баһадүр қартайып, өз есімімен аталатын тоғайды мекендейтін өз аулында ауырып қайтыс болыпты. Оның сүйегі Тобыл өзенінің жарқабағына жерленген. Бағылан бидің Бопай есімді әйелінен Архат, Фархат, Сарымұрат атты ұлдары дүниеге келеді. Фархат батырдың Гүландам есімді әйелінен Та- наш, Аббас, Манас туады. Осы күнгі Қостанай облысының Меңдіқара, Ұзын- көл аудандарын, Солтүстік Қазақстан облысының және Қазақстанның басқа да жерлерін мекендейтін Ашамайлы Керейлер осы Танаштың ұрпақтары. Танаш Алтын Орда хандығының көрнекті адамдарының

  • Сібір хандығы немесе керей Тоғырұл ханның ұрпағы Тайбұға әулеттері билік құрған мемлекеттің қилы тағдыры мен тарихи аренадан жоғалуы

    Тарлан тарихтың бізге беймәлім тұстары көп, ақиқаты ашылмаған және әлі күнге дейін құпия парақтарынан өзіндік орын алған Тайбұға әулеттерінің орта ғасырларда билік құрған жұрты Сібір өлкесі немесе Сібір жұрты екендігі баршамызға аян. Керей Тоғрыл ханның Үкіден (кейбір шежіре аңыздарда Ұйқы дейді, ал қытай деректерінде Тоғрыл ханның бір ұлының есімі Ойху) туған немересі Тайбұға бұл аймақта он үшінші ғасырдың бірінші жартысында інісі Тайшықпен бірге Керей хандығынан қалған бір қауым елді соңына ертіп өз алдына жеке хандық құрып жер көлемі орасан зор аумаққа билігін жүргізді. Шыңғыс хан империясының ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде билік құрған дәуірінде осы империяға тәуелді жеке өз алдына мемлекеттік құрылымы бар ел болған Тайбұға династиясы немесе Тайбұға жұртының тарих сахнасына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: