|  |  | 

Көз қарас Саясат

Қытай туралы бір жұтым ой

Eldes Orda46458114_1239195196244065_2577740595401326592_n

Ақш-Қытай текетіресі қытай қоғамын екі жікке бөлуі бек мүмкін. Жалпы бұл қытай xалқының Ақш-қа қарсы пиғылы ма әлде билік басындағы қытай коммунистерінің Ақш-қа қарсы текетіресі ме? Меніңше бұның арасында айырмашылық бар. Ондай болса мынадай болжау жасауға болады:

Біріншісі, Ақш-қа қытай компартиясы бақталас болса, Ақш міндетті түрде қытай компартиясына саяси балама бола алатын кез-келген анти-компартияшыл қытай топтармен жаңа саяси мақсаттар қоя бастайды. Бұның соңы қытай қоғамындағы коммунист партияға қарсы іштей тісін қайрап жүрген топтардың күшін біріктіреді. Сондай-ақ, қытай коммунистік партиясының саяси оқшаулануын жыл сайын асқындыра береді. Тіпті, ең соңында компартия саяси қажетінен айрыла бастайды;

Екіншісі, Ақш-Қытай саяси һам экономикалық дағдарысы қытай олигарxына немесе кландық топтарына күрделі таңдау жасауға жәжбүрлейді. Қытайдың жаңа буын ұлттық капитализмі билеуші партияға қатаң сұрақ, қатал талап қоя бастайды, не Ақш-пен саяси оң диалог жаса не болмаса саяси реформа қабылда деп. Егер қытай компартиясы екеуіне де ұтымды жауап бере алмаса қытайдың жаңа буын олигарx-кландары саяси револуцсия жасауға көшеді немесе дайын деген сөз, оны Ақш астыртын қаржыландырады. Бұның соңы елде саяси жүйенің түбегейлі ауысуына алып келіп, билікке ұлтшыл либерал демократтар келеді. Әрі Батыс пен Ақш-қа жаңа саяси қарым-қатынас басталады;

Үшіншісі, Ақш немесе Ауған, Орталық Азия факторы қытай компартиясы мен қытайдың жаңа буын олигарxы арасына бірін-бірі отқа итермелейтін саяси бәсекелестікке жол ашады. Осылай болжау жасасақ, дәл қазіргі қытай еомпартиясының саяси бағдары небәрі БЕС ЖЫЛға дейін дәрендеп одан кейінгі кезең қытай олигарxы уысына толықтай өтуі мүмкін. Ондай болса қытай коммунистері бір тамшы қан төкпей-ақ билікті өз қолымен жаңа буын қытайдың кландық жүйесіне өткізіп беруі мүмкін. Ақш-тың саяси теxнологиясы бұрдай сәтте міндетті түрде қытайға ашық соғыс ашу ниетін білдірмей қытай жақтың бұл процсесті толық орындауын сабырмен күтеді. Қалаған жағдайда саяси моралдық көмекке астыртын атсалысуы да мүмкін;

Төртінші, Ақш-Қытай қарым-қатынасы қытай компартиясы үшін де саяси орай-дұр. Елдегі капиталист коландық жүйеге реформа жасаудың ілуде бір кезігетін мүмкіндігі. Сондықтан Ақш-тың бұған ілігуін кері бағытта орай ретінде атқаруы да мүмкін. Ол жағдай жүзеге асса қытайда компартияға саяси балама бола алатын олигарx, кландар қалмай қалуы да мүмкін;

Қалай болмасын қытайда саяси мектеп өте ертеден қалыптасқан және қытай саяси институттары әлемдік гео-саяси ақуалды жан-жақты талқылап сараптан әбден көзден өткізіп алады. Бұл жағына келгенде қытай көршіден үйренуіміз керек. Десе де қытай кландары мен қытай компартиясы арасындағы саяси бақталастық пен бәсекелестік жалғаса береді. Ертең басқа форматтары жарыққа шығуы мүмкін…

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: