|  | 

Көз қарас

Қазақ елдігін сақтау үшін көніп отыр…

Қарағанды оқиғасының түп-төркіні де әлеуметтік теңсіздікке тірелгендей: этникалық топ – бай, жер иесі – кедей, олар моралдық тұрғда басым, бұлар қорланып жүр. Марқұм 23 жасар баланың қазасы осы қыжыл шоғына май құйғандай әсер етті. Рақымжанның жоғын жоқтағандарды, қазақ бірігуі керек дегендерді ұлтшылға, фашистке теңеу өз арамызда үдеп тұр, тіпті, Қазақстаннан түңілдім, қазақтар қорқынышты боп барады, деген қазақтарды байқадым. Ойдан оза шабуға асықпасақ. Рас, қазақ өз жерінде, елінде күшті болуы керек, ол – білек пен жұдырықтың күші емес, заң күші болуы тиіс. Араб әмірліктерінде жергілікті халық – арабтар 20 пайызға жетпейді, қалғаны – түрлі этникалық топтар. Соның бәрі жаңағы 20 пайызға қызмет етеді, әлеуметтік артықшылықтың бәрі арабқа: жаңа туған араб баласының есепшотына мемлекет 40 000 доллар салады, ел егесіне қара жұмыс істетпейді, т.б. Тай елінде бизнес ашып байуға болады, бірақ, кәсібіңді тайлыққа тірке?! Анау дамыды деген Еуропаның өзінде “еуропалық құндылықтар” деген ұғым бар, мысалы, ағылшынның тіл, дін, дәстүріне менсінбей қарағанды мемлекеттен қуып шығады, кеудемсоқ болсаң еліңе бара ғой. Бұл көп ел даму кезеңінде өткен сүрлеу. Үй иесі шаңырағын тіктеп, керегесін бекітіп алса қонақтарға да жайлы болады. Біз болсақ тілі көп, саясты көп, қожайыны көп…көп…көп жолға түсіп алдық. Мұнай қытайлық СНПС-ке өтіп жатыр, жанармайдың жартысы Ресей еншісінде, уран да сода, алтын-күміс жөйітте, көмір үндісте… Үндіс демекші бар игілігінен жұрдай болған жұмыр жердің бетінде “қызыл терілер” ғана шығар, резервациядан ұзамады байғұстар. Бізді ондай тағдырдан құдай сақтасын, деседе, қалың байлық қайнаған қазаннан қаспақ қыруға хақысы жоқ қазақтың шырылы әр жерден шығады, ал бір қазақ шырқыраса мың қазақтың сүйегі сырқырайды. Соны ұқпай өз ұлтыңнан бүлікші іздеу, ұлы өркениетке жалғыз өзіңнің өрең жеткендей ділмарсу аса ақылды іс емес. Қазақ елдігін сақтау үшін көніп отыр, сол көнбістіктің түбі оны сабауға апарса – мемлекет иесінің тіптен сорлағаны. Өзгенің өті жарылып кетсе де жер – қазақтың байырғы жері, жалғыз Отаны. Үйіңде отырған қонақтарда отағасынан имену, құрметтеу, сөзін тыңдау дегендей сезім болады, біздегі сүйексіз саясаттың кесірінен сол түйсік жойылды. Бұл – қазақ қазақты кекететін, тілдейтін мәселе емес, ел болып толғайтын күрделі түйін.
Қақаған аязда табандап тұрып, сөзге ермей, сауатты талап қойған азаматтар жарады!

Serik Abikenuly

Facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Гипер жобалардың жолы бола ма?

    Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды. Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті, бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады. Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?

  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҰЛТ ЕКЕНІН АШЫҚ АЙТУЫМЫЗ КЕРЕК

    Қарағанды – талай талант пен дарындардың кіндігін кесіп, томағасын сыпырған, қазақ үшін құт дарып, бақ қонған қастерлі мекен. Соңғы аптада осы бір өлкеге елдің назары ерекше ауды. Мәселенің мәнісі де баршаға мәлім. Бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді. Аталған іс бойынша нақты шаралар қолға алынып, тергеу амалдарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын да айтты. Қазірдің өзінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамның ұсталғаны, тағы біреуіне іздеу жарияланғаны белгілі болып отыр. Бұл кешенді жұмыстар нақты нәтижесін беріп, жауапты адамдар заңға сәйкес жазаларын алады. Осы ретте, орын алған жайтқа қатысты аз-кем өз ойымызды білдіріп, үн қосқанды жөн көріп отырмын. Бұған дейін

  • Қазіргі уақыттағы қазақ телевизиясының жұмысына қатысты ұсыныстар

    I. Қазіргі телевизия сипаты мен беталысы. Жер жүзіндегі медиа-кеңістік, соның ішінде телевизия жаңа ғасыр басталғалы бері, әсіресе соңғы он жыл беделінде күрт өзгерді. Әлбетте, технологияның кешеуілдеп жетуі және басқа да объективті, субъективті себептерге байланысты Қазақстанда бұл өзгеріс кейінгі бес-алты жылда ғана байқалды. Ең әуелі, спутниктік және кабельдік жүйенің жедел дамуы көрерменнің таңдау мүмкіндігін мейілінше кеңейтіп, көбейтіп жіберді. Қазір Қазақстанның (дамыған Батыс елдерін айтпай-ақ та қоялық) көптеген елді мекендерінде (ірі, орташа, шағын қала, кенттерде, қалаға жақын ауылдарда) кем дегенде отыз шақты телеарна көруге болады. Екіншіден тез тарап жатқан интернет пен арзан («қол жетімді» деп жүрміз) смартфондар ақпарат алудың жаңа «тұма-бастауларын»: әлеуметтік желілер, әр қилы сайттар, youtube, on-lineфильмдер (бұл фильмдердің барлығы дерлік

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

    Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: