|  | 

Көз қарас

Гипер жобалардың жолы бола ма?

1336-6-tynyshtykbai_auesbaev_z_ru

Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды.
Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті,
бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық
гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады.
Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген
нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен,
«Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы
болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің
тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей
қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы
жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп
жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?
Жуырда Мәжілістегі Қазақстанның халықтық коммунистері партиясы
фракциясының атынан депутат Айқын Қоңыров Үкіметке сауал жолдап, осы жолдың
жобалық қуаты 2020-шы жылдары жылына 15 млн. тоннаға жетеді деген едіңіздер, ал
биылғы 10 айда бар болғаны 1 млн. тонна ғана жүк тасымалданған. Соның ішінде транзиті
200 мың тоннаға да жетпейді. Осының себебі неде деген сауал қойды.
Сонымен бірге депутат қазақстандық учаскесі келесі жылы толық іске қосылатын
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автомобиль коридорының тиімділігіне күмән
келтірді. Әрине,- дейді депутат, -бұл трасса біздің республиканың іші үшін өте маңызды,
ел аймақтарының бір-бірімен тығыз қатынасына қолайлы болып келеді. Бірақ транзиттік
маршрут ретінде пайдасы бола қояр ма екен? Біз негізінен оның транзиттік әлеуетінен
үміт етіп кірістік емес пе? Ал жолдың транзиттік қуаты Ресей аумағындағы учаскесі іске
қосылғанда ғана толық күшіне енеді. Алайда ресейліктер өздеріне санкциялар жасап
жатқан Еуропа елдеріне жол тартуға асығатын емес, оны ең жылдам дегенде алдымыздағы
5 жылда ғана бітіруі мүмкін. Бірақ бұл уақыттарда Қазақстанға жол салуға қарыз берген
халықаралық банктер қарап тұра ма? Оның үстіне қарыздың өзі күнде өсіп бара жатқан
доллармен берілсе… Айналып келгенде бәрі мемлекеттің бюджеттің бүйірін теспей ме?
ҚХКП фракциясы осы мәселені көтере отырып, үкіметті осы тығырықтан
шығаратын жол іздеуге шақырды.7585d8a19dd07a26b6649ab2b937bc47
Сол тиімді жол табыла қояр ма екен? АҚШ-тың Қытай тауарларының тынысын
тарылтып, баж салығын арттырып жатқанынан үміт етуге бола ма? Сол жаққа ағылатын
мол дүние Қазақстан арқылы Еуропаға ағылуы мүмкін бе? Осы перспективаның

орындалуы мүмкін болса онда Ресейді өз учаскесін тезірек аяқтауға көндіру керек қой. Ол
біздің Үкіметтің қолынан келе ме?
Міне, гигантоманияға құштар біздің үкіметтің алдына қазір осындай күрделі
сұрақтар тартылып тұр.

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Related Articles

  • Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)

    Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз). Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар: КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там

  • Елдес ОРДА: Шонжы тараншыларының “айғайы” (шағын сараптама)

    Бірінші, ұйғырстан деген атау қателеспесем алғаш рет 1928-1935 жж арасында хатқа түсе бастады. Еуропаның христиан миссионерлері қашқарияда баспа құрған. Баспадан ұйғырлардың қашқар акцентінде христиан дінін уағыздайтын кітаптар, қиссалар, күнтізбелер басып шығарды. Сол көп кітаптың бірінде “ұйғырстан” атауы алғаш рет қолданылған. Бірақ бұндағы ұйғырстан атауы қашқариядағы алты үлкен шаһарды көрсетеді. Ұйғырстан атауы одан соң 1951-1955 жылдары тағы көтерілді, бірақ атауды көтерушілер христиан миссионерлері емес, ұйғырдың белсенді саяси топ, элитасы болды. 1951-1955 жылдары қазіргі ШУАР’да ұлттық автономияны анықтау, шекарасын бекіту жұмыстары қаурт жүрді, сол кезде қытай орталық партия комитетіне “ұйғырстан автономиялы респубиликасы” дейтін ұсыныс жолданған. Әрине, бұл сол кездегі көп ұсыныстың бірі, “шарқи түркістан автономиялы респубиликасы” деген ұсыныс да болды. Осы автономиялы

  • Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): ҚАРАДАЛА АТАУЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛСЕ…

    Жазушы-публицист Ұйғыр ауданында қазақ-ұйғыр жастары арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқанын, арасында жарақат алғандар бар екендігін естіп өте қапа болдым. Бұл сөз жоқ, идеологиялық жұмыстардың олқылығы деп ойлаймын. Жалпы ұйғыр халқына жаппай қара бояу жағуға болмайды. Олар да өзінше бір халық, туыс халық, түркі халқы, мұсылман халқы. Негізгі мекені қазіргі Қытай жерінде. Ұйғыр халқы бірнеше ғасырдан бері өз тәуелсіздігі үшін күресіп келеді. Саяси тұрғыдан ашықтан ашық оларды қолдауға құқымыз жоқ болса да, өз басым іштей мұсылман бауырларымыз ғой, өз алдына ел болып кетсе ғой деп тілеймін. Ұйғыр халқының еңбекқорлығы мен мәдениетіне, тілі мен дәстүріне құрметіміз үлкен. Бірқатар ұйғыр қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға атсалысқаннан болар ұйғырша да тәп-тәуір сөйлей аламын. Бірақ

  • Президент Тоқаевқа ашық хат

    2020 жылдың 28 мамырында, Мәскеуден жіберілген менің жүгім Қызылордаға келді. CDEK фирмасы, тапсырыс нөмірі 1173341109 жіберілім. Қос чемодан. Менің құжаттарым, базарлықтарым, киім-кешек, ұялы телефондарым өз орнында. Неміс тіліндегі Гёте жинағы,  орыс классиктерінің кітаптары, КСРО журналдары  мен басқа әдебиет те өз орнында. Бірақ, Қыдырбек Рыспекұлы құрастырған, жұдырықтасу жұлдыздарының қолтаңбаларына толы “Қазақ боксшылары” атты кітап жоғалған. Сонымен қатар, тарихшымыз Кәрішал Асан Атаның қос кітабы да жоқ. Әрине, бәрі болуы мүмкін. Алайда, қазақи кітаптарымды орыс жүк тасушысы немесе ресейлік шекарашы жымқырды деп ойламаймын. Погон таққан жергілікті хайуандардың сасық әрекеті болса керек. Барып тұрған оңбағандар ғой! Мысалы, бокс кітабымда маған арналған Ермахан Ыбырайымов пен Жандос Көкімовтың ізгі тілектері жазылған. Сонда не? Офицер атағымен жамылған

  • “Саяси ұпай жинауға тырысып жатыр”. Сарапшы Тоқаевтың ЕАЭО жиынында айтқаны жайлы

    Аян ҚАЛМҰРАТ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция арқылы өткен ЕАЭО жиынына қатысып отыр. 19 мамыр 2020 жыл. Мамырдың 19-ында Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің президенттері видеоконференция арқылы өткен жиында ұйымның алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Жиын кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегия жобасын «ел үкіметтері мен парламентінің дербестігін шектейді» деп, кейбір тұсын қайта қарау қажет деген ұсыныс айтты. Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында экономикалық кеңес отырысындағы Тоқаев сөзінің астары жайлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың ақыры таяған дәуірі, Еуразия экономикалық одағы ішіндегі қордаланып қалған қайшылықтар жайлы айтты.  ЕАЭО ішіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның ішінде “Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: