|  |  |  |  | 

Мәдениет Руханият Суреттер сөйлейді Әлеумет

Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды.

WhatsApp Image 2019-03-18 at 10.27.16 PMАлматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды. Қайырымдылық шарасы барысында қолдарына домбьра алған балалар ән-күйден шашу шашты. Рухани жаңғыру жобасы аясында ұлттық бұйымдарды насихаттап жүрген бастамашыл топ әр отбасына бір домбырадан сыйлауды жөн санапты. Алайда ынталы балалар көп болғанадықтан бір жанұяға екіден, үштен ұлттық аспап берілді.

“Балалар телефон, теледидарға телмірмей, қоңыр домбырамен сырласса әлдеқайда пайдалы болмақ. Қазақ арман-тілегі, қайғы-мұңы мен қуанышын қос ішекке сыйдырған, қолына қоңыр домыра алса баланың арманы асқақ, ойы ұшқыр болады”, – деді игі іске ұйытқы болған ұлт жанашыры Салтанат Өмірәлі.

Қазақтың көне мұраларын бүгінгі заманға сай ғып насихаттауды мұрат қылған Салтанат Өмірәлінің айтуынша бұндай шара әліде жалғасын табады. “Елбасымыз домбыра күнінде арнайы бекітіп берді. Домбыра күні қарсаңында күй шертетін, ұлттық аспапта ойнайтын ұрпақтың қатары неғұрлым көп болса деген ниет” деді. Ал көп балалы ата-аналар, “өзіміз көбіне құнттамай жүрсек, кейде бәріне бірдей домбыра алып беруге ақшада болмай қалады. Тіптен біз алып берсекте бұлай қуанбас еді, мерекенің қарсаңында сыйлық алған балаларымыздың қуанышында шек жоқ” деп алғыстарын білдірді.3

Наурыз мерекесі қарсаңында қолға алынған шара барысында ұлттық бұйымдардың да көрмесі ұйымдастырылып, шеберлердің ағаштан, сүйектен, асықтан, теріден жасаған заттары қойылды. Көнеден келе жатқан бұйымдарды қазіргі заманға қалай бейімдеп, қолдануға болатыны да таныстырылды

kerey.kz

 

 

Related Articles

  • БОЛАТТЫ БОСҚА ЖАМАНДАМАЙЫҚ…

    Пәтер жалдап тұратын 5 баласы бар жесір әйелді танитынмын. Сол кісіге көптен бері көмектескім кеп жүрген. Ақшалай берейін десем, сол сәтте бере қоятын артық ақшам да болмады. Жағдайы ауыр болатын. Содан ол кісіге қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардан бір көмек алып берейінші деп сондай қорларды іздестіре бастадым. Іздеп жүріп жағдайы жоқ отбасыларға жәрдемдесетін бір қорды таптым. Мен барған кезде көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап жатты. Тізімі толып қалыпты. Оларға жаңағы әйелдің жағдайын айтып, ай сайын 30-40 мың теңгенің азық-түлігін тегін алып тұратындай қылып тізімге енгіздім. Иығымнан бір жүк түсіп, әлгі жерден жеңілдеп қалғандай болып шығып келе жатыр едім, сыртта сондай бір кісілер қап-қап картоп пен макаронды мәшинесіне тиеп жатыр екен. Әңгімелесіп тұрсақ,

  • “Тозаққа қош келдіңіз”. 20 жыл бұрын Шешен соғысы басталған

    Амос ЧЭПЛ 20 жыл бұрын Владимир Путин Ресей премьер-министрі болып тұрған тұста Шешенстанда әскери операция бастауға бұйрық берген еді. Кавказ аймағындағы қанды соғыстардың бірі қалай басталып еді? 11995 жыл. Ер адам шешен сепаратистерінің туын ұстап тұр. 1994-96 жылы Ресей әскерилері Шешенстандағы көп ғимаратты бомбалап қиратты. Осы жылы федерал әскерилері мен шешен сепаратистері арасындағы соғыс Шешенстанның де-факто тәуелсіздігімен аяқталды. 2Шешенстан тұрғыны. 1994 жылы түсірілген сурет. Кремль Ресей билігімен келіспеген шешендерге қатты қысым жасады. Александр Солженицын ГУЛАГ-та бір камерада отырған шешенді шешендер “Совет одағының айтқанына көнбей қойды” деп жазды. 3Грозныйдағы жазалау. 1996 жыл. Соғыс Шешенстанды экстремизм мен бұзақылықтың ошағына айналдырды. 1997 жылы аймақ шариғат заңын қабылдап, өлім жазасын қолдана бастады.   4Ресей

  • Дертіне шипа іздеген алматылықтар буддиске ағылып жатыр

    Моңғолияның атақты халық емшісі, буддист қазақтарды емдеу үшін Алматыға келді. Ламаизм дінінің өкілі өздерінің құдайы Бурханға сиынатынын айтады. Қазақтар 80 жастағы буддистен шипа алу үшін кезекте тұр. Бөхчулуун Дамдин Қазақстанға арнайы шақыртумен келген. Төрт күннен бері алдынан адам үзілмей жатқан 80 жастағы ақсақал, 2 жарым мың шақырым жолдан шаршап келсе де бір күннен соң жұмысына кірісіп кетті. Ми шайқалу, түрлі бас аурулары, бүйректің созылуы, буын аурулары, көз тию, бала көтермеу сынды өзге де денсаулығында кінараттары бар адамдарды қарайды. Моңғолдардың уранхай руынан шыққан Бөхчулуун ақсақалды өзінің жолын қуған, 12 жасынан ламалық жолға түскен 40 жастағы ұлы Галөрөг ертіп жүр. Ақсақал емшілік қасиеттің ата-бабасынан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Емшілік төртінші аталарымнан бері келе жатқанын білем, бұл қасиет 8

  • Этно туризм. Балхашта этно туризімді қаладй дамытуға болады?

    Бейсен Ахметұлы  Әлемде біз естіменген елді мекендер, ғажайып салт-саналар мен ғұрып-әдеттер, ойлап көрменген тіршілік тәсілдері бар. Сонай ғажап өңірдің бірі Балқаш. Қарны тойып, қалтасы қалыңдаған әр пенде өмірден ләззат алғысы келеді. Өзі аңсаған жерді көріп, қызыққан өмірді қызықтайды. Дем алады және өмірдің мәнін салыстарды. Өмір теңіз бойында жасаған адам сусыз жапан даланы елестете алмайды. Бірақ естісе барып көруді аңсайды. Қазқастан да сол ғажайып әлемнің бір бұрышы. Онда елді таң қалдырар ғажайыптар өте көп. Ендеше сол мүмкіндікті қалай ашуға болады? Біз сөзді Балхаш көлі маңынан бастайық. Балқаштың қандай кереметтері бар? • Балқаш әлемдегі ең үлкен тұйық көлдердің бірі. Аумағы 19 мың шаршы шақырымға жетеді. Су тұнық таза және тұздылығы төмен. Қысы

  • Талдықорған-Өскемен тас жолы «тасбақаға» арналған ба?

    Республикалық маңызы бар автомобиль жолының  313,5 шақырымы  Алматы облысына тиесілі. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» облыстық филиалы басшылығы жол үстінде жылдамдықты сағатына 40 километрден асырмау керек деп отыр. Талдықорған-Өскемен тас жолы шығыста Алакөлмен шектеседі. Осы бағытта  «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының тапсырысымен  уақытша жол салынған. Уақытша деген аты болмаса, ойдым-ойдым жолмен жолаушылар бес жыл жүре тұруы тиіс. Былтыр төселген жаңа жол арқылы күніне орташа есеппен 3 жарым мың көлік өтеді екен. Сапарға шыққандар діттеген жеріне діңкесі құрып әрең жетеді. Көпшілігі Алакөлдің шипалы суына шомылуға асыққан туристер. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының директоры Жанабай Қобыландиннің сөзіне сенсек, көлік жүргізушілері жол бойына қойылған белгілерді ескеруі тиіс. «Сіздер біріншіден журналист болсаңыз өзіңіздің машинаңызға отырыңыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: