|  | 

Көз қарас

Джордж Вашингтонмен салыстыратындар не білімсіз не пропагандист. Ұқсайтыны – 1, ұқсамайтыны – 1001.

54435716_2155098247884399_6701656691374555136_nВашингтонға теңеудегі жалғыз аргумент “тұңғыштығы.” Жағымпаз жандардың “жай айқайынан” осыны ғана көремін.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бізге тәуелді емес факторлардан туды. Н.Назарбаев болмаса басқа біреу президент болушы еді. Сонда тек бірінші болғаны үшін төбемізге көтеруіміз керек пе?

Вашингтон секілді мәртебеге ие болу үшін 2000 жылы кетіп қалуы керек еді, екі мерзімнен кейін. Вашингтон екі мерзімнен, ешқандай конституциялық шектеу әлі жоқ кезде, өз еркімен кетті емес пе? Неге сонымен салыстырмайсыңдар.

Вашингтонның туған інісі елдегі ірі бизнесті өзіне меншіктеп алған жоқ қой. Неге салыстырмайсыңдар?

Вашингтон тәуелсіздік үшін соғыста көш бастады ғой. Ұлыбританияға қарсы үлкен соғыс болды. Қазақстанның тәуеліздік алуы үшін соғыс болды ма? Әлде жеке басына тәуекелге тігіп КСРО үкіметіне қарсы шықты ма? Қарсы шыққандар болды. Мысалы, Тәшенов, Шаханов, Сүлейменов. Қазақстан КСРО-дан нешінші болып тәуелсіздігін алды? Еске салыңдаршы. Неге салыстырмайсыңдар?

Америка шынымен жаңа пайда болған мемлекет еді. Америка хандығы деген болмаған секілді. Есіме түсіре алмай отырмын. Неге салыстырмайсыңдар?

ДжорджОтан деген партия да болмаған секілді. Неге салыстырмайсыңдар?

Айтпақшы, Вашингтонның ұрпағы Сенат басшысы ретінде тағайындалды ма? Неге салыстырмайсыңдар?

Елбасы “тарихи” миссияны орындады ғой, неге бағаламайсыңдар дейтіндерге. Әуелі, “тарихи” деген сөз жүрек айнайтын мағынаға ие болды, жағымпаз жандардың арқасында.

Екіншіден, иә Н.Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел алдындағы үлкен міндетін атқарды. Елге қызмет етті, маңызды шешімдер мен жетістіктерге қол жеткізді. Шекараны бекітті. “Болашақ” бағдарламасын бастады. Астананы көшірді. Тізімді толықтыра берсек болады. Бірақ, мұның бәрін Н.Назарбаев 2000 жылдарға дейін-ақ атқарған. Одан кейінгі кезеңде демократиялық жолдан кері кеттік. Конституция ойыншыққа айналды, сайлау жүйесі алдымен мажоритарлыдан араласқа, кейін пропорционалдыға ауысты, сонымен Парламент өлді де қалды. Партиялық жүйе құру сәтсіз болды. Нұр Отан өтірік партия. Сот жүйесі атқарушы билікке тәуелді. Коррупцияны жеңе алмады. Олигархия орнады. Елде тәуелсіз миллионер, миллиардер болу мүмкін болмады, туысқандары рейд жасап тартып алды, не жағыну керек болды. Білім жүйесі қатты құлдырады. Назарбаев университетінің құрылуымен (миллиардтаған долларға), ҚазҰУ, ҚазҰПУ, ЕҰУ секілді базасы мықты университеттер тірі өлікке айналды. Төртінші билікті бірте бірте өлтірді. Қазіргі еркін пікір білдіруіміз тек технологияның ғана арқасы.

Экономика тек ВВП-мен ғана өлшеніп, бізді алдап кетті. Ал ол ВВП мұнай бағасы шарықтаған кезде жақсы еді мақтануға. Мұнай бағасы құлдырағанда теңгені девальвация жасап, теңгелік миллиардтармен мақтанды.

Қазақ ұлтының байлығы жекеменшік банкілерді құтқаруға жұмсалды. Миллиардтаған доллар. Ол жекеменшік банкілер халықты үлкен пайызбен тонады. Сөйтіп банкрот болды. Парақорлар байып шетелге қашты. Мұның жауапкершілігін кім мойнына алар екен.

Ал Жаңаөзен ше? Оны қайда қоямыз.

Рахыме Ошақбаевтың топас посты қайрады осы сөздерді жазуға. Ұзақ піскен ой емес, асығыс жаздым. Ойды толықтырып отырсаңыздар. Қарсы пікір болса, мәрхаба.

P.S. Иә, мен “Болашақ” бағдарламасымен оқимын. Бірақ, стипендия халық есебінен қаржыландырылатынын бір сәт еске түсіру артық етпес. Ешкімнің жеке қалтасынан тиын кетіп жатқан жоқ.

Қысқасы, Астананың атын да, қала көшелерінің атын да ауыстыруға қарсымын.

P.S. 2. Айтпақшы, әлгі жағымпаздар, қажет кезде АҚШ-пен салыстырады, қажет емес кезде “Бізді 250 жылдық тарихы бар елмен салыстыруға болмайды” деп сайрайды. Оған қарсы уәж айтсаң, АҚШ біз секілді екі алпауыттың ортасында тұрған жоқ дейді. Оған қарсы бірдеңе айтсаң, сан түрлі желеу табады. Бірақ Вашингтонға теңегенде алдына жан салмайды.

ДАРХАН ӨМІРБЕК
(студент, АҚШ)

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • Үш анық

    Үш анық: Бірінші, әлеуметтік желіде пост жазу біреу үшін ермек немесе уақыт өткізу құралы болуы мүмкін. Олардың ортасы, шақыратын қонағы, әңгімесі де бөлек дегендей. Адамдар әлеуметтік желіні мәдени ортаға айналдыруы міндетті емес. Кейбір азаматтар үшін әлеуметтік желі пікір алмасу ортасы, білім ошағы, ақпарат алу алмасу орыны. Әлеуметтік желіде сапалы контент ұсыну, мәдени орта қалыптастыру, әдепті пікір-талас өткізу тұлғалық дамуыңа қосымша әсер етеді. Кейде түрлі ортаның адамдары сапырылысып араласып жатады. Сенің ұлтқа, мемлекетке деген шынайы күйінішіңнен туған дүниеңді ермекке айналдырғысы келеді. Оларға да ешкім қой демейді, сондай еркін. Бір қарасаң жақсы, бір қарасаң шынымен ыңғайсыз. Өз басым көбінің өз ойын айтуына ерік беруге тырысамын, аузын қақпаймын. Өйткені ол да осы елдің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: