|  |  | 

Көз қарас Саясат

Бұл біздің аңғалдығымыз ба, надандығымыз ба кім білген…

55575913_515998025470773_6617988512245350400_nӘйтеуір маған біздің қоғамның ел қорғау, жер қорғау, мемлекеттілікті қорғауға қатысты пікірлері ешқашан ұнаған емес. “Елге қытайдан қауіп төнсе, орыс қорғап береді, орыстан қауіп төнсе, қытай қорғап береді, тәліптерден қауіп төнсе, ана екеуі қорғап береді”. Бізде бәрі осындай “геосаясаткерлер”. Бірақ осы “геосаясаткерлер” қорғап беретін көкелері қорғап алғаннан соң, сені мемлекет ретінде мойындауды қойып құрамына қосып алатынын түсінеді ма екен әлде осылар бірдемесін тегін қорғап береді дегенге рас, мүлтіксіз сене ме екен. Бұндай патерналистік пікірдегі адамдар меніңше өз мемлекеті үшін шөп басын сындырғысы келмейтін “халявщиктер”. Мемлекет болғасын оның қауіпсіздігі деген болады, оның жанжалдары, тіпті соғысы да болады, ол үшін өлу деген де бар, соған халықтың идеялық дайындығы болу керек деген түсінік, меніңше біздің адамдарда жоқ.
Сәйкесінше бұлардың біреуінің де ауызынан “біз өзімізді өзіміз қорғауымыз керек, оның мынандай жолдары бар” дегенді естімеппін.
“Біз азбыз, бейшарамыз, андаймыз” деген әңгіме де бұл жерде жүрмейді. Кезінде халқының саны 2 – 3 млн ғана болатын Израиль өзінен жүз есе көп 300 млн арапты соғыста тізе бүктіріп қазір құдіретті әскер құрып алды. Қазір сол Израиль – 400 млн арапқа дес бермей отырған әскери держава. “Халық санының аздығы” деген әңгіме – заманауи қаруларды меңгеріп, әскерін мұздай қаруландырып, кәсіби білікті әскер құрып, оның сапасын жоғарғы деңгейге жеткізген мемлекеттер үшін түк емес, ол тек бейшараның әңгімесі.
Дені дұрыс жұрт, соғыста әскердің саны емес, оның сапасы шешуші рөл ойнайтынын баяғыда түсініп бәрін соған салып жатыр.  54798434_515998065470769_4696858565686591488_n
Қазір мықты дайындықтан өткен, мұздай қаруланған он шақты адамнан тұратын топ, бір рота босбелбеу сарбазыңыздан артық, сол бір топ, бір қауым боқмұрын солдатты оп – оңай жайратып кете салады. АҚШ тың Ауғанстандағы, басқа елдердегі операциялары соны дәлелдеп келеді. Заманауи жарақтар асынған американдық сарбаздар түнгі де күндізгі де жорықтарға өте бейім, жабайы тәліптерді пытырлатып қойдай қырды.
Ал әскери техникаңыз үздік болса соғыс даласында кімнің қожайын болатынын тағы да сол Израиль дәлелдеп берді. Израиль, советтің тот басқан қаруларымен қаруланған арап елдерінің әскерлерін өзіне қарай бір қадам аттап бастырмады.
Ал енді біз сияқты – теріскейінде өмірі жерге тоймайтын мешкей орысы бар, күнгейінде “калашников” автоматына сүйенген кір – кір қабасақал тәліптері бар, шығысында миллиард қытай нөпірі бар “географиялық қорада” отырған халықтың өз қорғанысына қатысты идеясы тек жауынгердің идеясындай болуы керек. Ал ол халықтың ондай ниеті, мақсаты болмаса оған мемлекет атанып не керек?
Баяғыда, 1939 жылы 150 млн халқы бар КСРО мемлекеті, 3 млн халық саны бар Финляндия мемлекетіне соғыс ашып ат қойғанда, финдар оған асқан қайсарлықпен тойтарыс беріп, өз мемлекеттілігін қорғап қалған екен. Финдар сол кезде біраз жерінен айырылды әрине, бірақ олар мемлекеттілігін қорғап қалды. Сонда Британия премьер министрі – У. Черчилль бұл жөнінде “егер мемлекет соғыс пен сордың екеуінен, сорды таңдайтын болса, ол мемлекет сорлы да болып үлгереді, аласапыран соғысты да көреді, финдар арлы биік халық боп шықты, олар ар мен намысты ту етіп басқа жолды таңдады” деп осы финнің өжеттігіне тәнті болып, аталы сөзін айтқан екен. Міне, сіздерге идеялық дайындық пен қайсарлықтың үлгісі.
Өкінішке орай, бізде бұның бірде біреуі жоқ екен:
1. “өзімізді өзіміз қорғауымыз керек” деген идея.
2. Кәсіби білікті әскер.
3. Озық әскери техника, технология.
4. Жеріміз үшін өлеміз, жан береміз, соғысамыз деген табандылық.

Олжас Әбіл facebook парақшасынана алынды

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: