|  | 

Саясат

Досым Сәтпаев: “Қазақстанның Ресейге қатысты саясаты инерциялық сипатта болмақ”


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі "Внуково" әуежайына келген сәті. Мәскеу, 3 сәуір 2019 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі “Внуково” әуежайына келген сәті. Мәскеу, 3 сәуір 2019 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми шетелдік сапармен Ресейге барды. Азаттыққа берген сұхбатында саясаттанушы Досым Сәтпаев Тоқаевтың Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде қандай мәселелер қозғалуы мүмкін екені, Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы туралы айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәуірдің 3-і күні Ресей астанасына сапармен барды. Мәскеудің “Внуково-2″ әуежайында оны Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин мен министрліктің хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев күтіп алды.

Бұл – Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне кіріскелі бері шетелге алғашқы сапары.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты серіктестік мәселелері мен халықаралық тақырыптарды талқыламақ.

Кремльдің баспасөз қызметі осы сапар жайлы хабарламасында “президенттер екі ел қатынасының негізгі тұстарын, Еуразия кеңістігінде интеграция процесін жүргізу жоспарын қарап, өңірдегі кейбір маңызды мәселелер талқылайды” деп хабарлады.

Мәскеуде жоғары білім алған, бұрын Қазақстан парлмаменті сенатының төрағасы, премьер-министр және сыртқы істер министрі болған 65 жастағы Тоқаев биыл наурыздың 20-сында Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатқан соң уақытша президент болып тағайындалған.

Азаттыққа берген сұхбатында саясаттанушы Досым Сәтпаев Тоқаев пен Путиннің кездесуінде қандай мәселелер қозғалуы мүмкін екені, Қазақстанның Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы туралы айтты.

Азаттық: Қазақстан президенті қызметіндегі алғашқы ресми шетелдік сапарын Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуден бастады. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев та әр инаугурациядан кейін солай істейтін. Тоқаевтың бұл сапарының мәнісі қандай, Кремльде шынымен де маңызды саяси мәселе қозғала ма?

Саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Досым Сәтпаев: Кетер алдында Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті, оған [билік транзиті жайлы] шешімін хабарлап, орнына қоятын адам туралы айтқан болар. Меніңше, бұл ең алдымен саяси әдіс, яғни сыртқы саясатты ары қарай қолына алатын Тоқаевты таныстыру болды. Наурыздың 20-сы күні, Тоқаевтың инаугурациясы кезінде Қазақстан сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, республиканың көпвекторлы сыртқы саясаты өзгермейтінін мәлімдеді. Бұл тағы да Мәскеуді “Қазақстан басшылығы ешқандай түбегейлі өзгеріс жасамайды, жаңа президенттен Ресейді алаңдататындай тосын іс-әрекет күтудің керегі жоқ” деп сендіруге тырысу деп ойлаймын.

Ресей де, Қытай да, АҚШ та Қазақстанда Назарбаев қалап кеткен көпвекторлы саясатты жалғастыратын кез келген ықтимал басшыны қолдайды. Бірақ бұл арада Қытай және Ресеймен жақын қарым-қатынас орнатқан Қазақстан басшылығы мен Қазақстан қоғамының оған деген көзқарасы арасында үлкен қарама-қайшылық бар. Қоғамда Қытайға да, Ресейге де қарсы көңіл-күй күшейген. Ол уақыт өте келе арта береді.

Азаттық: Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын қандай болашақ күтіп тұр?

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев.

Досым Сәтпаев: Қазақстанның Ресейге қатысты сыртқы саясаты біраз уақыт инерциялық сипатта болмақ. Себебі Қазақстан Еуразия экономикалық одағының (ЕЭО) мүшесі ретінде өзіне көп міндеттер алған. Өз басым республикамыз үшін сол жоба үлкен қателік болды деп санаймын. Бұл іске аспайтын өлі жоба, бірақ Ресей экономикалық емес, геосаяси мүддені алға қойып, оған жан бітіруге тырысып жатыр.

Азаттық: Геосаясат туралы айтар болсақ, 2014 жылы Ресей-Украина жанжалы басталғанда Қазақстанда “орыс мәселесі” қылаң берді. Ресейде кей қоғамдық тұлғалар Қазақстанның солтүстік аймақтарын қайтару туралы тосын мәлімдемелер жасап, оны советтік кезеңде “сыйға берген” дегенді айтты. Назарбаев кеткен соң “орыс мәселесі” жайлы қоғамдық пікірталас қайта өрбуі мүмкін бе?

Ресей президенті Владими Путин мен сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путиннің Қазақстанға сапары кезінде. Петропавл, 9 қараша 2018 жыл.

Ресей президенті Владими Путин мен сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путиннің Қазақстанға сапары кезінде. Петропавл, 9 қараша 2018 жыл.

Досым Сәтпаев: Өкінішке қарай, Ресейдің сыртқы саясатынан ішкі саяси тренді айқын көрінеді, мен оны “ретроспективті патриотизм” деп атаймын. Ол өткенді аңсайтын күшті идеологиялық қоспаға негізделген.

Путин жаңа идеологиялық модель құрған жоқ, Ресей қоғамын жұмылдыруға үзіп-жұлып патшалық режим тұсындағы кейбір нәрселерді (православие, самодержавие, халықтық), сол тәрізді советтік символиканы (әнұран) да пайдаланды. Ол экономикалық табыс жолымен емес, СССР тұсындағыдай жау іздеп, үрей тудыру есебінен әрекет етіп жатыр. Кремль өз саяси үрейінің шырмауына өзі түсті, оған барлық жерде Батыс елестейді.

Ресей президенті Владимир Путин (ортада).
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Путиннің “кек алуы” және Ресейдің “буфер аймағы”

Ең қызығы, Украинадағы оқиғалардан кейін Ресей әскери доктринасын жаңартты, оның тармақтарының бірінде “Ресейдің сыртқы қауіпсіздігіне, өзгелермен қатар, көрші елдерде қас режим орнауы да қауіп төндіреді” деп жазылған. Ал “қас режим” деген өте субъективті анықтама, көңілің қалаған сәтте кез келген режимді өзіңе қас деп атайсың. Бұған қоса доктринада (тағы да сол Украина мен Грузиядағы жанжалдардан кейін) орыс тілді тұрғындардың құқығы бұзылатын болса Ресей өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласуға толық құқылы деп нақты жазылған.

Сондықтан алда-жалда қандай да бір теріс жағдай туындап, Қазақстанды тұрақсыздық жайлайтын болса, ішкі ісімізге араласып, ықпал жасауға тырысатын жалғыз мемлекет Ресей болмақ. Ол ұзақ жылдар бойы әскери күш қолданып, тікелей араласуды да, ақпараттық шабуыл тәрізді гибридтік әдістерді де жақсы меңгерген. Біз ауқымды ішкі жанжалдарға да, үшінші тараптан болуы ықтимал кез келген агрессиялық іс-әрекетке де (тіпті әскери емес, ақпараттық болса да) тиімді тойтарыс беруге дайын емеспіз деп айтар едім.

Азаттық: Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы туралы айтсақ, оның нашарлауы мүмкін бе (мысалы, Шыңжаңдағы этникалық қазақтар отырған “қайта тәрбиелеу лагерьлері” туралы айтылып жатқанда)?

Досым Сәтпаев: Қасым-Жомарт Тоқаев елдің [бұған дейінгі] экономикалық саясатын жалғастыратын басшы ретінде Қазақстанға Қытайдың несиесі мен инвестициясы керек деген ұстанымнан айнымайды. Бірақ Қазақстанда Қытайға қарсы көңіл-күй тегіннен бар. Болашақта элитаның Қытаймен тығыз қарым-қатынас жасау ниеті (Назарбаев саясатының мұрасы ретінде) мен қоғамда Шыңжаңдағы лагерьлерден соң күшейіп кеткен Қытайға қарсы көңіл-күйдің арасында егес тууы мүмкін.

Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов (сол жақта) пен Қытай сыртқы істер министрі Ван И. Пекин, 28 наурыз 2019 жыл.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қытай “радикалдармен” күресін қолдаған Қазақстанға алғыс айтты

Қытай Шыңжаңды толық бақылауда ұстайтын аймаққа айналдыруды көздейтін саясатты баяғыдан ұстанып отыр. Ол аймақты “Бір белдеу – бір жол” жобасындағы маңызды көлік-логистикалық хабының бір бөлігіне айналдырғысы келеді. Сондықтан, біріншіден, Шыңжаңда ханьдардың (хань – Қытайдағы саны ең көп этникалық топ) санын көбейту арқылы демографиялық қысым күшеймек; екіншіден, тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Шыңжаңға көбірек инвестиция құйылады, солайша сепаратистік көңіл-күйді басады; үшіншіден, ықтимал қауіпті элементтермен күресті қатайтып, мұсылмандарды бақылауды күшейтеді. Қазақстанда (тұтас Орталық Азиядағыдай) Қытайдың мұндай позициясы қарсылыққа кезігеді. Болашақта аймақта діни бағдар ұстанған көшбасшылар пайда болады деп елестетсек (оның алғышарты бар) Қытай аймақтағы позициясын жоғалта бастайды.

Азаттық: Орталық Азия аумағында Ресей мүддесі шиеленісетін алаң Қазақстан болуы мүмкін бе?

Досым Сәтпаев: Қазірдің өзінде ресейлік сарапшылар Орталық Азия кеңістігінде экономика саласында Қытайдың ықпалы артып, Ресейдің позициясын жоғалта бастағанына алаңдап жатыр. Тіпті Лукашенконың өзі Беларусь үшін Қытай “нөмір бірінші серіктес”, белорус тауар өндірушілері Ресейдің емес, Қытай нарығына шығуы керек деп мәлімдеді.

Есесіне Ресей әзірге әскери-саяси салада үстемдік орнатқан. Ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында (Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді) жетекші рөлге ие. Алайда Орталық Азияда экономикалық ықпалы артқан сайын Қытай ерте ме, кеш пе әскери мүддесін де қорғауға көшеді деуге негіз бар.

Мургаб ауданы
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тәжікстанда Қытайдың “құпия” әскери нысаны бар

Тәжікстанда қызық жағдай қалыптасқан: тәжік-ауған шекарасы маңында (тараптардың келісімі бойынша) Шыңжаңға әскерилерді енгізбеу үшін шағын қытай әскери базасы пайда болды. Бұл Қытайдың өз мүддесі бар аймақтарда біртіндеп әскери база сала бастайтынының белгісі, соның алғашқы қадамы.

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының тағы бір маңызды тармағы – “Астана” халықаралық қаржы орталығы, ол бүкіл әлемнен инвестор тарту үшін құрылды. Бірақ ол жерге негізінен қытай қаржы құрылымдары келетін тәрізді. Оған себеп, қазір Қазақстанда несие алу көздері соншалықты көп емес. Қытай оны түсінеді, сондықтан экономикалық тұрғыда бірнеше бағытта: шикізат, ауылшаруашылық, көлік-логистика және қаржы секторында үлесін арттыруы мүмкін. Бірақ оның бәрі “қаржы базасын иемдену тиімді болатын қытайлық компаниялар көбейсін” деген шартпен жасалуы ықтимал.

Енді ең басты сауал: Қытай несиесі мен инвестициясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттырып, жоғары технологияларды алуына қалай көмектеспек? Біз бұл жерде дым ұтпаймыз деп ойлаймын, Қытай бізге жоғары технология әкелмейді. Ол жаһандық деңгейде барлық техникалық ноу-хауды патент негізінде өз қолына шоғырландырғанның тиімді екенін жақсы біледі.

Сондықтан Қытай бізді мықты әрі бәсекеге қабілетті серіктеске айналдырғысы келеді деген қиялдан арылуымыз керек. Ол аңыз. Қытай да, АҚШ та, Ресей де олай істегісі келмейді.

Related Articles

  • АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады

    АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл. АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді. “Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды” деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда. С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған. Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен “екіжақты кеңейтілген

  • Шарқи Түркістаншыл мен Чин Түркістаншыл арасындағы қақтығыс

    1947-1948 жылдың өрара кезеңінде Үрімжідегі қазақ игі-жақсылары мен зиялылары, саясаткерлері өлкелік үкіметтің төраға, хатшыларымен бірлесіп Үрімжі қаласына қарасты Қаратау (қытайша 南山) баурайында Наурыз мерекесін тойлап шағын құрылтай жиналысын өткізеді. Наурыз мерекесіне тігілген оншақты кигіз үйдің және өлкелік үкімет төрағалары мен әскери адамдардың (қазақ әскері де бар) суретін анық көре аласыз. 1947-1948 жылдары Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер арасындағы қырғиқабақ қақтығыс қатты ушығып тұрған кез еді. 1946-1947-1948 жылдары Манас, Құтыби, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори аудандарынан қазақ әскері жасақталып Манас өзенінің күнбатыс бетіндегі Шарқи Түркістан әскеріне арнайы қарулы қорғанысқа өткен кезең еді. Сонымен Манасты шекара еткен Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер болып екі жаққа бөлінген қазақтардың саяси

  • Қарақалпақтар жаппай қазақ боп жазылып жатыр

    Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан азаматтары жаппай қазақ болып жазылып жатыр. Бұл туралы  IWPR басылымының тілшісі Ольга БОРИСОВА хабарлайды.. Жуырда Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында біздің тілмен айтқанда ХҚО сияқты мекеменің басшысы тұтқындалған. Ол пара алып адамдардың ұлтын өзгертіп отырыпты. Яғни қарақалпақтарды қазаққа айналдырған. Жергілікті полицияның айтуынша, соңғы кездері осындай қылмыстар көптен тіркелуде. Демография және миграция агенттігінің ақпаратына сүйенсек 1991 жылдан бері Қарақалпақстаннан Қазақстанға 100 мың адам көшіп кеткен. Халықаралық Аралды құтқару қорының мәліметінше соңғы жеті жылдың ішінде 250 мың адам Қазақстанға қоныс аударған екен. 1 млн 842 мың халқы бар Қарақалпақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ, қазір ол жерге өзбектер санының артып келе жатқанын да ескеру қажет. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек

  • Қош бол, Советтік атаулар!

    Редакциядан: Күні бүгінге дейін Болат Бакауов басқаратын Павлодар облысына, ондағы тілдік мәселелерге, жер-су атауларына, әлеуметтік мәселелерге т.б. қатысты сыни сөз Abai.kz ақпараттық порталында аз жазылған жоқ. Біз жазсақ өткір һәм әділ сын жаздық. Біреуді нақақ қаралап, дерек бұрмалаған жоқпыз. Өзекті проблемаларға өз ойымызды қостық. Соның бірі – өңірдегі өгей атаулар еді. Ескі одақтың кезінде идеологиялық мәжбүрлеу арқылы енген сол бір саяси һәм бейсауат атаулардың күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын талай рет жаздық.  Бүгін редакциямыздың электронды поштасына Павлодар облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика жұмыстары бөлімі өңірдегі жер-су, елді-мекен мен көше, аудан атауларын қазақыландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, мақала жолдапты. Сөйтсек, Кереку жұрты “Қош бол, советтік атаулар” депті. Нақтылап

  • Қаңыраған қала, қираған ғимараттар һәм күшейген күзет

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Арыстағы өртеніп жатқан ғимараттың бірі. 25 маусым 2019 жыл.  Арыстағы жарылыстан кейін қала көшелері бос қалған. Жарылыстан қалада біраз үй мен ғимарат қираған. Арыс қаласына барған Азаттық тілшісінің көргендері. “ЖАРЫЛЫС БОЛҒАНДА БӘРІН ТАСТАЙ ҚАШТЫҚ” Арыстың кіреберісінде күзет күшейген. Полицейлер мен қару ұстаған әскерилер қалаға тұрғындарды кіргізбей тұр. Сол маңда “үйіме барсам” деген екі жүзге жуық адам келген. Солардың бірі Садық Оразгелді жарылыс болғанда “алды-артына қарамай қашқандарын” айтады. – Құжатымды алуым керек. Қорада малдар қалған, соларды суару керек. Жаяу болса да, кіріп шығуым керек. Кеше жарылыс болғанда құжаттарымды, бәрін тастай қаштық ғой, – деді Арыс тұрғыны. Ауылға кіреберісте тұрған тағы бір тұрғын “жолға шығуым керек, үйде құжатым мен пойыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: