|  | 

Әдеби әлем

Жәди Шәкенұлының жаңа бес кітабының тұсауы кесілді.

2019 жылы сәуірдің 11 күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, Жазушы Жәди Шәкенұлының Бес бірдей кітабының тұсаукесері болып өтті.

Ғылыми зерртеу еңбектер мен көркем әдебиетке бірдей қалам тербеп, еңбек етіп жүрген жазушы осы жолы да оқырман қауымға «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы мен қатар «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды құнды бес жаңа кітабін ұсынып отыр. Бұларға қоса, оқырмандар сұранысы бойынша  А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда «Қаралы көш» кітабы қайта басылып шықты.

Биылғы Оспан батырдың 120 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар одағының қолдауында, «Ел аманаты»  қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен ұйымдастырылып отырған бұл шараға елімізге еңбегі сінген белгілі ақын, жазушы, қаламгер зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар қатысты.

Кеш тізгінін ақын, филология ғылымдарының докторы. Профессор Бауыржан Жақып қолына алды. Алғашқы баяндама сөзді әдебиеттанушы, Профессор Темірхан Тебегенов бастап берді. Кеш барысында Жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жанат Ахмади, ақын Ғалым Жайлыбай, Этнограф-жазушы Болат Бопайұлы, Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, «ЕрЖәнібек» Халықапалық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия, Оспан батырдың немересі Өркен Нәбиұлы қатары зиялы қауым өкілдері мен ел ағалыры кітаптың тұсауын кесіп, баяндама жасап, құттықтау сөзін сөйледі.

Жазушының еңбегіне алғыс айтып марапаттап, құттықтау жіберген: Қазақстан жазушылар одағы басқармасы, Елордадағы «Отандастар» қоры, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы, Алматы обылысы бөлімшесі, Жұлдыз журналы ұжымы, «Ер Жәнібек» халықаралық, қоғамдық қоры қатарлы орындар болды.

Көрермен көңілін көтерген ән айтылып, күй де шертілді. Тұрсынбек Кешубайұлы Жәди Шәкен ұлының «Ертіспен қоштасу» әнін шырқаса, Таңғыт Мұқаш, Аршын Кәсімбайұлы қатарлы танымал күйшілер домбыра құлағында ойнады. Ерлан төлеубайұлы өзінің “Жаным қазақ”  әніне салса, Сәулежан Тағзияұлы дәстүрлі әндерді шығандатты.

Шараның соңы көрермендерге  кітаптар таратылып, Құрметті қонақтарға дастархан жайылып салтанатты кешке ұласты.

Related Articles

  • ҮЛКЕН КҮНӘ?!

    Арыстанбек Мұхамедиұлы Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты САНАЛЫ ҰРПАҚ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай ҚАРЫЗ қалдырмауға тиістіміз! Осы күні ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ еліміздегі күрделі мәселелердің біріне айналды. Расында, қарыздың қай түрі де оңай емес. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 6 триллион теңге қарыз екен. Сонда жан басына шаққанда әр қазақстандық орта есеппен 900 мың теңгеден аса (!) берешек деген

  • АЛТЫ АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТАР АЛТЫ КІТАП

    (ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ) 11 Сәуір 2019 жылы Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының алты шығармашылық еңбегі Алты Алашқа жол тартпақ. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мырзаның жүргізуімен өтетін айтулы кештің тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер: Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади,Серікқазы Қорабай, Дәулетбек Байтұрсын, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Мұрат Шаймаран, т.б. сонымен қатар, баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде. Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа қоныстанған.  Тәуелсіз елге келгенен

  • Қазақтар Шыңжаң өлкесімен не қатысы бар?

    Eldes Orda Бұл 1912-жылы Құлжа қаласында жарық көрген “Іле Уалаяты” атты газет. Газеттің емлесі, тілі Ташкендегі “Түркістан Уалаяты” газеті мен Омбыдағы “Дала Уалаяты” газетімен шамалас. Газеттің Шыңжаң қазақ-ұйғырларының алғашқы баспасөз тариxында алатын тариxи маңызы аса зор-дұр. Газет туралы айтудан ілгері, мынадай тариxи шолу жасамақшымын. Шыңжаң өлкесі (провинцсиясы) 1884-жылы құрылғанымен оның құрамына үш аймақ қарады. Олар: Қашқар аймағы, Ақсу аймағы және Үрімжі Аймағы. Іле-Тарбағатай аймағы яғни Іле Әскери Губерниясы қосымша қарағанымен 30 жыл бойы (1884-1914) Шыңжаң өлкесіне қарсы күрес жүргізіп келді. Әсіресе 1912-жылы Цин империясының қағаны тақтан түскен соң Іле Әскери үкіметі мен Шыңжаң өлкелік үкіметі арасында қанды соғыс бұрқ ете түсті. Екіжақты соғысты уақытша үкіметтің өтпелі президенті Юуань Шикай зорға

  • Тінейдің сары құсы

    Нығымет Мыңжани (Ел аузынан) Ертеде Алтай тауын мекен еткен Тіней атты атақ­ты саятшы болыпты. Жазғытұрым жалғыз құла биесі бошалап кеткен Тіней, атырапты арылтып іздеп келе жатып, әлі толық ерімеген өзеннің мұзы үстінде құлындап, қара құйрық, қара жал, еркек құлын туған биесін табады.  Қасына жетіп келсе, жа­рық­тық құла бие қамыс құла­ғын қайшылап, өзеннің жаға­сына жалтақ-жалтақ елеңдейді. Бұған не болды деп қараса: жаға­да құла биенің шуын жеп тоят­тап, қанаты суға малынып сауыс-сауыс боп қатқан сары бүркіт отыр. Тіней бүр­кітті ұстап күпісіне орап ала­ды да, жаңа құлындаған бие­сін айдап үйіне келеді. Бұл бүр­кіттің бітімі бөлек, тегеурін тұяғының жебесі жарты қарыс екен. Құсты көргендердің бәрі: «Ақиық, қандыбалақ қыран­ның өзі» деп мақтасады. Ғайыптан қолына түскен

  • ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКОВ. Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден…

    Біздің елдің жігіттері Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.   Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі Біздің елдің жігіттері ұлы мұхит кемесі Осы елден бақ пен қызыр қашпаса екен деп тілеп Осал жерін түзеп жүрген біздің елдің шегесі.   Олар жайлы білгің келсе, ортасына кіріп көр Солар жүрген жолдарменен дәтің барса жүріп көр Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған Қайран біздің қасиетті қара нардай жігіттер.   Біздің елдің жігіттері жігіттердің сырттаны Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы Ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны.   Сұр бөлтірік

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: