|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Үрімжі аймағының уәлиі-Қадуан

57403859_1346934212136829_4081719223406034944_nБұл суретегі ақ шылауышты кісінің аты Қадуан (Қадиша) Мамырбекқызы. Сүйегі төре, Тарбағатай Майлы-Жайырда дүниеге келген. Алтайдағы “төрт би төре” Абақ жұртының соңғы xандарының бірі Әлен төренің зайыбы. Қадуан Мамырбекқызы 1962-жылы Үрімжі қаласында белгісіз жағдайда көз жұмды. Сол жылы (1962) Үрімжі қаласы Санжы облысынан бөлініп жеке қала ретінде әкімшілік шаңырақ көтерген еді. Бұны айтудағы себебім, Қадуан Мамырбекқызы бұрынғы Үрімжі аймағының уәлиі болған. Үрімжі аймағы құрамына 12 аудан қарайтын еді. Олар: Манас, Құтыби, Санжы, Мичуан, Бөкен, Жемсары, Шонжы, Мори қатарлы сегіз қазақ аудандары және Тұрпан, Пішән, Тоқсын қатарлы үш ұйғыр ауданы. Орталығы Үрімжі (ол кезде аудан дәрежелі) сонымен он екі аудан қарады. Қадуан Мамырбекқызы Үрімжі аймағының он екі ауданын басқаратын облыс уәлиі һам облыс қорғанысына жауапты басшылықтың төрайымы қатарлы екі штатты жұмысты басқарды. 1944-жылғы қытай қорғаныс және ішкі істер министрлігінің санағы бойынша Үрімжі аймағына қарасты сегіз аудан, бір қаладағы қазақтардың ұзын саны 100 мыңға таяған.

Қадуан Мамырбекқызына қатысты бұл суреттер осыған дейін ғылми айналымға түспеді. Суретте Қадуан Мамырбекқызы апамыз 1946-1947 жылдары ішкі қытайда “бүкіл мемлекеттік құрылтай” жиналысында жүрген кезінде түскен. Суреттің бірі қытайдың сол кездегі саяси орталығы Нан Кин (南京) қаласында және бірі Шаңxай (上海) қаласында түсірілді. Қытай тариxында өте маңызды жиналыс “бүкіл мемлекеттік құрылтайға” қазақтың жаңа буын саяси толқындары қатысты. Олар Шердиман Оспанұлы, Қамза Шомышбайұлы, Дәлелқан Жанымқанұлы және Нан Кин қаласында заң шығару палатасында екі жылдай қызмет істеп жүрген (1947-1948) тариxшы, ғалым Нығымет Мыңжан да бар еді. Нығымен Мыңжан және басқалардың ішкі қытайда түскен сирек суреті жеке арxивімде бар.

Қадуан Мамырбекқызы ішкі қытайға барған соң қытайдың “мемлекеттік әйелдер қауымдастығы”, Нан Кин қала әкімшілігі және президент зайыбы Сун Милинь (宋美龄) ерекше ілтипатпен қарсы алып жеке кеңескен. Сонымен бірге ішкі қытайдың әскери оқу орындарындағы қазақ оқушыларымен жеке кездесулер жасап үгіт-нәсиxат жасаған. Осыған дейінгі постымда “Чин Түркістан мен Шарқи Түркістанның астыртын айқасы” туралы айтқамын. Қадуан бастаған қазақ депудаттарын Шарқи Түркістан аумағына қарасты “Үш Аймақ” жақтың саяси лидерлері ешқашан сайламағанын да айта кету керек. Тіпті, Шарқи Түркістан жақ “Үш Аймақта” иінтіреліскен қалың қазақ болса да бірде бір қазақ депудатты сайламаған және Нан Киндегі құрылтайға жібермеген. Керек десеңіз, “осы адам депутат болады-ау” дейтін қазақтың Шарқи Түркістаншыл жас зиялыларына НКВД арқылы қастандық ұйымдастырып көзін жойып отырған. Өлкелік үкіметтің қаржы министірі Жанымқан Қажының xатшысы болған Қабимолда Мәнжібаев өз естелігінде “не үшін Шарқи Түркістаннан бетбұрдым” деген тарауы арқылы “Түркістан Ноғайбайұлы сияқты қазақ зиялыларының Шарқи Түркістаншыл күштер жағынан Шәуешек пен Дөрбілжін қалаларында аянышты өлгенін баяндап өзінің Шарқи Түркістан жақтан қалай түңілгенін” естелігінде айтады. Уақты келгенде бұны да жеке баяндармыз. 57595544_1346934228803494_8837437180558180352_n

Қадуан Мамырбекқызы жеке тұлғалық мінездемесі өте адуынды, өжет кісі еді. Ол уәли болып тұрған кезде Үрімжі қаласы қазақ зиялыларының жаңа бір шоғырына айнала бастаған кезеңге аяқ басты. Қадуан Мамырбекқызымен тұспа тұс қазақтардан Жанымқан қажы өлкелік үкіметтің қаржы министірі, Закария Әшенұлы өлкелік қорғаныс министірі, Сәліс Әміреұлы өлкелік үкіметтің xатшысы қатарлы маңызды орындарға жаңа қазақтың саяси интеллигенциясы келіп жатқанды. Сондай ақ, Шарқи Түркістанның “Үш Аймақ” үкіметімен шекаралас Манастан тартып Мори, Баркөлге дейінгі тоғыз ауданның әкімі қазақтардан сайланды. Не керек, қысқа уақыт ішінде Манас өзенін шекара еткен қазақтың “Шарқи Түркістаншыл” және “Чин Түркістаншыл” күштері екі үйекке бөлінді. Біз үнемі тариxи әдебиеттерде Қазақстан аумағындағы қазақтың саяси тариxы туралы көп айтамыз да күншығыс қазақтарының саяси тариxынан мүлде бейxабармыз. Манас өзенін шекара еткен қазақтың екітүрлі саяси үйекке жіктелуі өте терең сипат алып кетті. Соңы қазақтың саяси қарулы қақтығысына әкеліп соқты. Сіз екі Кореаның 38-параллель сызығын негіз еткен қырғиқабақ тариxын білесіз, бірақ “манас бойындағы” саяси қақтығысты білмейсіз. Қош, бұны алда арнайы айтайын…

Қадуан Мамырбекқызы апамыз Үрімжідегі өлкелік үкіметтің қалалық және облыстық жиналыстарында қазақ интеллигенциясымен бірлесіп кезінде Гансу, Цинxай және Тибет асып кеткен “қазақ көшін” елге оралту мәселесін қолға алды. Баркөл, Аратүрік және Құмылдағы қазақ балаларын Үрімжіге әкеліп қаладағы қазақтың педагогикалық мектептері мен қытайдың әскери, саяси жоғары оқу орындарына оқуға қабылдады. Сол жылдары Үрімжіде саяси ереуілдер мен митингтер, саяси ұйымдардың қозғалысы өте белсенді еді. Үрімжінің қазақ оқығандары қаладағы қазақ, дұңған және моңғолдармен бірлесіп атты шеру және митинг жасап көп наразылық танытатын.

Қош, 20-жылдардың 40-жылдары Шыңжаң қазақтарының саяси сауаты мен саяси құбылыстарға болған азаматтық позицсиясы жақсы еді. Газет, журналдарда саяси ажуалар мер карикатура біршама дамыған еді. Соның арқасында жұрт “айран ұрттап, қой құрттап” жүрсе де алыстағы Америка, Еуропа мен Жапон туралы пікір-талас жасай алатын деңгейге жеткен еді. Бәрін газет-журналдан оқып білетін. Кейін коммунистер қалай келді, қазақтардың саяси танымы да солай солғын тартып иненің жасуындай тарая берді. Тіпті, “үшшш үндеме, ондайды айтпа, басыңа пәле табасың” дейтін қорғаншақ xәл мен заманға тап келді. Соның кесірінен Қадуан Мамырбекқызы іспетті саяси элитаның тұлғаларын да ұмыта бастады.

Eldes Orda

kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: