|  | 

Тарих

2-Жаһан Соғысына Қатысқан Қытай Қазақтары Туралы

57736458_1350618821768368_9147609878905225216_n

Біреу білсе біреу білмес, 2- жаһан соғысына қатысқа қытай қазақтары да болған. Соғысқа қатысуының тариxи себебі былай болды. 1933-жылы Шыңжаң өлкелік үкімет басына Шың Шысай келді. Шың билікке келе салысымен Совет-Шыңжаң қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерді. Советтің әуе күштер қорғаныс армия базасы шығыс Шыңжаңның Құмыл қаласына орналасып ішкі қытаймен ресми байланыс үзілгенді. Тағы Советтен екі жүзге тарта әр саланың мамандары Үрімжі, Алтай, Құмыл, Құлжа, Шәуешек тб қалаларға келіп қызмет жасады. 1934-35 жылдан бастап Мәскеу, Ташкен, Алматы, Қазан қалаларына арт-артынан үш дүркін оқушы жіберді. 1934-1939 жылдар арасында Советтер одағында оқып білім алған Шыңжаңдық оқушылардың саны 300′ден асты. Мұның дені қазақтар еді. 1939-жылы 2-жаһан соғысы тұтанып Шыңжаң өлкелік үкіметі сол жылы Советке жібермекші болған оқушылардың оқу бағдарламасын күшінен қалдырады. Естеріңізде болса тариxшы, ғалым Нығымет Мыңжан өз биографиясында айтқанындай дәл осы жылы “Советке шығып оқу орайынан айрылып қалған” еді. Шыңжаң өлкелік үкіметі оқу бағдарламасын тоқтатып қана қоймай сол жылы Советте білім алып жатқан оқушыларды жаппай Шыңжаңға кері қайтарып алады. Бұл Совет-Шыңжаң қарым-қатынастарының ушыққан тұсы еді. Дәл сол кезде бірбөлім Алматы, Мәскеу және Ташкенде білім алып жатқан Шыңжаң қазақтары Шың Шысайдың “елге қайтару” науқанына мойынсұнбай бәрі Алматы қаласында жиналып өз еріктерімен соғыс майданына тізімделіп Қазақ СССР-дың әскер қатарына алынған екен. Таяуда сол туралы деректер тауып алдым. Соғыс майданында Шыңжаң қазақтарынан силанып әскери шен-шекпен алғандары да, жараланып емделгендері де болған екен. Бір қызық дерек, 1944-жылы соғыс аяқталар тұста оларды Мәскеу Алматыға жинап “Шарқи Түикістан” проектісіне салыпты. Олар Алматыда “Алтай, Тарбағатай, Іле мен Үрімді, Еренқабырға, Тәңіртаудың географиялық, этникалық және саяси ерекшелігі” туралы дәріс бергенге ұқсайды. Мәскеу Еуропа соғыс майданынан қайтқан қазақтар мен “Түркістан Легионынан” қайтқан қазақ әскерлерін Алматыға жинап “Шарқи Түркістан” проектісіне қатыстырыпты. Қазақстандық майдангердің нақты қаншасы “Шарқи Түркістан Респубиликасы” үшін Алтай, Тарбағатай мен Іледе соғысқанын қазірше анықтай алмаймыз. Бұл тақырыпқа арнайы пост жазамын, сол кезде тың ойларды айтайын.

Қым-қуыт дүние! Еуропа соғыс майданынан оралған қытай қазақтарын “Шарқи Түркістан үшін күрес” майданы күтіп тұрды. Мәскеу, сондай-ақ Алтай, Шәуешек, Құлжадан астыртын адам әкеп өткізіп Алматыда, Ташкенде үш айлық, алты айлық стратегиялық курстарға дайындады. Сол тұлғаның бірі Генерал Дәлелқан Сүгірбаев еді.

2-жаһан соғысына қатысқан қытай қазақтары туралы дерек Шыңжаңда неге айтылмады деп сұрауыңыз мүмкін. Оның басты себебі, 1950′дің соңы 1989′дың басына дейін Қытай-Совет қатынастары өте төменгі деңгейге түсті. Сол себепті совет құрамында жүріп Еуропа майданында қан кешіп соғысу- қытай үшін томпақ еді. Таптық күреске алынып ауыр жазаға ұшырайтын.

Ал, келесі кезекте біз қытайдың әскери оқу орнында оқып кейін Қытай-Жапон соғысына қатысқан қытай қазақтары болған ба немесе Нан Кин, Гансу һам Үрімжідегі әскери жоғары оқу орнын тауысқан қытай қазақтарының 40-жылдардағы тағдыры не болды, олар не үшін Еуропа мен Ақш-қа әскери білім алуға шыға алмады деген сұраққа жауап іздейміз. Бұл тағы “Шарқи Түркістан мен Чин Түркістан айқасына” апарайын деп тұр. Қош, некерек, қазірше осы!

Eldes Orda

kerey.kz

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: