|  | 

Жаңалықтар

БАҚ: Қытайтанушы Сыроежкин ұсталды, оны “тыңшылық” бойынша айыптауы мүмкін


Қытайтанушы Константин Сыроежкин. Сурет kisi.kz сайтынан алынған.

Қытайтанушы Константин Сыроежкин. Сурет kisi.kz сайтынан алынған.

“Центр Азия” сайтына сілтеме жасаған қазақстандық бірқатар БАҚ Қазақстанның арнайы қызмет өкілдерінің Ресей азаматы, елде қытайтанушы ретінде белгілі Константин Сыроежкиннің ұсталғанын хабарлады.

“Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты” тақырыбындағы докторлық диссертациясының басты ғылыми кеңесшісі болған. Докторлық диссертацияны қорғау рәсімі 4.06.2001 жылы Ресей Федерациясының өзекті және халықаралық мәселелер институтында Мәскеуде өтті” деп жазды сайт.

Расталмаған дерек бойынша, Константин Сыроежкин “тыңшылық” бабы бойынша күдікке ілініп отыр.

Алайда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бұған байланысты баспасөз мәлімдемесін таратқан жоқ. Азаттық тілшісі ҰҚК-нің орталық аппаратына, соның ішінде баспасөз қызметіне де хабарласуға тырысқанмен жауап ала алмады. ҰҚК орталық аппаратының кезекшісі бұған байланысты еш түсініктеме бере алмайтынын, алайда дүйсенбі, 6 мамырда ҰҚК ресми баспасөз хабарламасын таратуы мүмкін екенін айтты.

Адам құқығын қорғау бойынша қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис Азаттық тілшісімен әңгімеде “ЦентрАзия” сайтында шыққан ақпаратта Сыроежкиннің нақты қай күні ұсталғаны туралы дерек жоғына назар аударады. Оның болжамынша, Сыроежкинді ақпан айында ұстаған болуы мүмкін, себебі дәл сол кезде оның әріптестерімен байланысы үзіліп қалды.

Zonakz.net сайтының тілшісі Владислав Юрицын 25 сәуір күні жариялаған “Әлемнің шынайы картасындағы “Бір белдеу – бір жол” жобасы” атты мақаласының соңына мынадай жазба қалдырған.

“Қазақстандағы Қытай бойынша сарапшы мамандардың ортасы өте шағын және бәрі бір-бірін біледі. [Сәуірде өткен Қытайдың ірі жобасына арналған] Конференция кезінде көбі Константин Сыроежкиннің жоғалып кеткеніне назар аударды. Ол [ақпан айында өткен] республикадағы қытайтану бойынша конференция кезінде баяндама жасауы тиіс болған, бірақ оған келген жоқ және оған ешкім хабарласа алмай жатыр” делінген сайтта.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Алматыда туып-өскен 62 жастағы Константин Сыроежкин Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, елде Қытай мәселелері бойынша жетекші сарапшылардың бірі. Орыс, ағылшын және қытай тілінде жарық көрген мыңнан астам мақаланың авторы.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: