|  | 

Әлеумет

Ауыл тойы – дархандықтың белгісі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аунының Маралды ауылында
дүркіреген той өтті.IMG_6482
Нарық заманында жұмыссыздықтың салдарынан керқұландай
жосылып, қалаға көшкендер ауылға деген ыстық ықыласын, сағынышты
сезімін тілмен жеткізе алмайды. Себебі, кіндік қаны тамған топырақтың
қасиеті тым бөлек. Осындайда жалпақ жұртқа жар салмай, үндемей үлкен іс
тындыратын ауыл азаматтарын алқалауға тұрарлық. Маралдының
марқасқалары 15 жылдан бері «Ауыл күні» мерекесін тойлаудан жалыққан
емес. Осы ерекшелігімен ауыл азаматтары шығыс жұртына үлгі болып
келеді.
Ауыл клубында алдымен ас беріліп, марқұмдарға Құран бағышталды.
Ресми жиналыста округ әкімі Фархат Өжікеновке облыс әкімі Даниал
Ахметовтің, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі 35 жыл қызмет етіп,
зейнетке шыққан жоғары санатты педиатр Күлзикен Анапиеваға аудан әкімі
Дулат Қажановтың құрмет грамотасы табыс етілді.
Іс-шараға «Nur otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары Мамырбек Қалелов, аудандық мәдениет, тілдерді
дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақытқан
Өлмесеков, «Altai» телеарнасының директоры Аида Жабагиева қатысып,
халықтың берекесіне тәнті болғандықтарын жасырмады. Ауыл тойына Нұр-
Сұлтан, Алматы, Семей, Өскемен, Зайсан, Риддер қаласына қоныс аударған
ауылдың тумалары алыстан ат терлетіп жетті. Сауын айтумен құрылған қорға
әркім жағдайына қарай қолында барын салып, думанды шараның салтанатты
түрде өтуіне атсалысты.IMG_6467
Ауыл саябағына өскемендік Марат Уалиев, Мелсерхан Абдрахманов,
Тоқтасын Нәбиевтердің демеушілігімен жасалған сахна орнатылды. Саябақ
ішінде қалың нөпір адам сіркіреген жауынға қарамай, жүздері жайнап,
қуаныштың лебі есіп, ойындарды тамашалады. Өткен спорттық жарысқа
Өскеменнен, ауданданға қарасты өзге ауыл командаларынан 200-ге жуық
спортшы қатысты. Футболдан Күршім I орын, II орынды Үшбұлақ, III
орынды Күршім-2 командасы иеленді. Волейболдан Ақсуат ауылы I орын,
Қайыңды ауылы II орын, той иесі маралдылықтар III орыннан көрінді. Гір
көтеру, городки, волейбол, ерлер және қыздар арасында арқан тарту, ұлттық
ат спорт ойындарынан аламан бәйге, құнан бәйге, жорға, тай жарысын
өткізілді. 1963 жылғылар жерлестері Мекен Қырамбаев атында гір тасын

көтеруден жарыс ұйымдастырып, астаналық Талғат Исиннің демеуімен
арнайы дайындалған медаль мен қоса бас жүлдеге 150 мың теңге ақшалай
сыйлық тағайындады. Лоторея ойнатылып, билетке бағалы жүлде
мотоциклден бастап, велосипед, тұрмыстық заттар тігілді. Ұтыс билеттерінен
түскен қаржы ауылды абаттандыруға жұмсалатын болды.
Алматы қаласының тұрғыны белгілі кәсіпкер, мерекені
ұйымдастырушы Маралдының тумасы, Сейсебаев Ерген
Қажымханұлы: –Ауыл мерекесі – бұл туған жерге тағзым, Маралдыға деген
сағынштың мерекесі. Ата-бабаны еске алып үлкен ас беретін күн. Осы
шараның басы-қасында жүрген Әділ Қожақов, Қуат Есимов, Жандос
Төлебаев және алыстан келген азаматтар болса, қомақты қаржылай көмек
атағандар Жанат Нұрсейітқызы, Ербол Тоқтағұлов, Мұратхан Ордабев
қатарлы азаматтар қолдау көрсетті. Ешкімнен шен-шекпен дәметпей,
«Жалғыз ағаш орман болмас»,-деп, туған ауылының қуанышына ортақтасып,
берекенің озық үлгісін көрсеткен азаматтарға алғысым шексіз. Ауыл
өмірімнің айнасы, бақытымның бастауы, қайда жүрсем де туған ауылға
аңсарым ауып тұратыны сондықтан.IMG_6524
Ауыл тойына арнайы келген «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек
Жанабілов: –Шығысқа сан мәрте келсем де, Маралдыға бірінші рет табан
тигіздім. Қандай тамаша табиғат, саф ауа, жаныңды жадыратып, көкірек
сарайыңды ашып жібереді екен. Ауыл халқының ынтымағы мен берекесіне
ерекше тәнті болдым. Өзіміз де ауылда өскендіктен, ауылда ат мініп, суға
шомылып, күніне қақталып, дархан көңілді жұртпен емен-жарқын
әңгімелесіп қайтудан асқан демалыс жоқ. Әркімнің туған топырағы оттай
ыстық десек те, мен үшін қазақ даласының әрбір тауы мен тасы көзімнің
қарашығы секілді. Ешқашан бөліп-жарып қарамаймын. Ауыл тойы
мерекесінен көп нәрсені аңғардым, ас беріп, өткендерді еске алып,
ақсақалдардың батасына қол жаю-әр перзенттің борышы. Той тек ішіп-
жеуден, көңіл көтеруден тұрмайтынын маралдылықтар дәлелдеді. Дәстүрді
жаңғыртып, ұлттық ат спорт ойындарын өткізгенде, атқа мінген барлық
шабандозға сыйақы бергенді бірінші рет көруім.
Тұмадан қайнап шыққан тау суының сылдыры, жайқалған жасыл
майса, бүр жарған тобылғылар, мойыл мен ақ қайыңдар адамның жан-
дүниесін серпілтпей қоймайды. Халқымыздың саны артып, құтты мекен
ауылдың ажары таймасын!

Көгедай Шәмерхан

Суреттер автордікі.

kerey.kz

Related Articles

  • БОЛАТТЫ БОСҚА ЖАМАНДАМАЙЫҚ…

    Пәтер жалдап тұратын 5 баласы бар жесір әйелді танитынмын. Сол кісіге көптен бері көмектескім кеп жүрген. Ақшалай берейін десем, сол сәтте бере қоятын артық ақшам да болмады. Жағдайы ауыр болатын. Содан ол кісіге қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардан бір көмек алып берейінші деп сондай қорларды іздестіре бастадым. Іздеп жүріп жағдайы жоқ отбасыларға жәрдемдесетін бір қорды таптым. Мен барған кезде көмекке мұқтаж адамдардың тізімін жасап жатты. Тізімі толып қалыпты. Оларға жаңағы әйелдің жағдайын айтып, ай сайын 30-40 мың теңгенің азық-түлігін тегін алып тұратындай қылып тізімге енгіздім. Иығымнан бір жүк түсіп, әлгі жерден жеңілдеп қалғандай болып шығып келе жатыр едім, сыртта сондай бір кісілер қап-қап картоп пен макаронды мәшинесіне тиеп жатыр екен. Әңгімелесіп тұрсақ,

  • Дертіне шипа іздеген алматылықтар буддиске ағылып жатыр

    Моңғолияның атақты халық емшісі, буддист қазақтарды емдеу үшін Алматыға келді. Ламаизм дінінің өкілі өздерінің құдайы Бурханға сиынатынын айтады. Қазақтар 80 жастағы буддистен шипа алу үшін кезекте тұр. Бөхчулуун Дамдин Қазақстанға арнайы шақыртумен келген. Төрт күннен бері алдынан адам үзілмей жатқан 80 жастағы ақсақал, 2 жарым мың шақырым жолдан шаршап келсе де бір күннен соң жұмысына кірісіп кетті. Ми шайқалу, түрлі бас аурулары, бүйректің созылуы, буын аурулары, көз тию, бала көтермеу сынды өзге де денсаулығында кінараттары бар адамдарды қарайды. Моңғолдардың уранхай руынан шыққан Бөхчулуун ақсақалды өзінің жолын қуған, 12 жасынан ламалық жолға түскен 40 жастағы ұлы Галөрөг ертіп жүр. Ақсақал емшілік қасиеттің ата-бабасынан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Емшілік төртінші аталарымнан бері келе жатқанын білем, бұл қасиет 8

  • Талдықорған-Өскемен тас жолы «тасбақаға» арналған ба?

    Республикалық маңызы бар автомобиль жолының  313,5 шақырымы  Алматы облысына тиесілі. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» облыстық филиалы басшылығы жол үстінде жылдамдықты сағатына 40 километрден асырмау керек деп отыр. Талдықорған-Өскемен тас жолы шығыста Алакөлмен шектеседі. Осы бағытта  «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының тапсырысымен  уақытша жол салынған. Уақытша деген аты болмаса, ойдым-ойдым жолмен жолаушылар бес жыл жүре тұруы тиіс. Былтыр төселген жаңа жол арқылы күніне орташа есеппен 3 жарым мың көлік өтеді екен. Сапарға шыққандар діттеген жеріне діңкесі құрып әрең жетеді. Көпшілігі Алакөлдің шипалы суына шомылуға асыққан туристер. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының директоры Жанабай Қобыландиннің сөзіне сенсек, көлік жүргізушілері жол бойына қойылған белгілерді ескеруі тиіс. «Сіздер біріншіден журналист болсаңыз өзіңіздің машинаңызға отырыңыз

  • Жанашыр азамат Молдияр Нұрбаев Мамания мектебін қайта жаңалады

      Еліміздің әр аймағындағы ауылдарда тозығы жетіп қаңырап қалған нысандар жетерлік. Содан ба кезінде тіршіліктің қыз-қыз қайнаған ордасына айналған өлкелер бұл күнде сұрқай тартып, суықтанып бара жатыр. Әрине, оны қайта тірілту, өңі қашқан өлкенің шырайын кіргізу – біз бен сіздің, ел азаматтарының міндеті. «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін» де­­ген ұстаным, осы жолы да ал­дан шығады. Мемлекет қам­­қорлығы жетпей жатқан шал­ғай ауылдарға сол жерден шық­қан, бүгінде кәсібі мен нәсібі тасыған азаматтар кө­мек қолын созып жатса, бұл әл­бетте, құптарлық іс. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Пат­рио­тизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген

  • Қазақстан азаматтығын алған 11 мыңға жуық этникалық қазақтың көбі Өзбекстан мен Қытайдан келген

    Көрнекі сурет. Жыл басынан бері 10,7 мыңнан астам этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алған. Бұл ақпаратты 5 қыркүйекте Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ақпарат бойынша, азаматтық алғандардың басым бөлігі (48,5 пайыз немесе шамамен бес мыңнан астам адам) Өзбекстан және Қытайдан (36 пайыз) келген. Қазақстан төлқұжатын алғандар арасында бұған қоса, Моңғолия (6,2 пайыз), Түркіменстан (5,4 пайыз), Ресей Федерациясы (1,1 пайыз), Иран (0,5 пайыз) және өзге елдерден келгендер де бар. Министрлік дерегінше, келген азаматтар негізінен Ақмола және Маңғыстау, Жамбыл облыстарына шоғырланған. “1991 жылдан бастап 300 мыңнан астам отбасы немесе миллионнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған” делінген министрлік хабарламасында. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ахмади Сарбасовтың

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: