|  |  | 

Көз қарас Саясат

«МӘҢГІЛІК ДАҢҚ –  МӘҢГІЛІК АҚЫМАҚТЫҚ!»

Marat Baidildauly

Ертең Қазақстанның бірқатар қалаларында Ресейдің үлгісімен «Бессмертный полк» шеруі өтпек. Бұл «қызыл дерт» Қазақстанға жеткелі де бірнеше жылдың жүзі болыпты. Әсіресе, Қырымды аннексиялаудан, Луганскі мен Донецкідегі сепаратистерді қолдау қимылдарынан кейін «Бессмертный полк» орыс әлемінің ажырамас бөлшегіне айналып кетті. Өткен жылы 9 мамырда біздегі орыс диаспорасы өкілдерінің колорад лентасымен әлеміштеніп, көліктерінің төбесіне «танк мұнарасын», «пулемет расчетын» орнатып құтырғанын көзіммен көрдім. Алматы империялық астамшылықтармен суарылған ұлыдержавалық шовинизмінің өзіндік сахнасы болды да шықты. Осы сұмдықты бұдан былай жедел тоқтату қажет!
Германияның Deutschlandfunk газеті жазбақшы, «Бессмертный полк» о баста саясаттан аулақ акция ретінде ойластырылғанымен ол демде Кремльдің «бақылауына» көшті. Қазір «Бессмертный полк» Ресейдің идеологиялық құралына айналып кетті». Онысы рас!
Бүгінде Ұлы Отан соғысындағы жеңісті арқау еткен «Бессмертный полк» акциясы негізінен үш мақсатқа қызмет етеді. Біріншісі, орыс әлемінің ықпалын кеңейту, екіншісі, акция кезінде көтерілген қызыл жалау төңірегіне икемге көнетін республикаларды баяғыдағыдай бір тудың яғни қызыл жалаудың астына жинау. Дәлірегі КСРО-ны қалпына келтіру. Үшіншісі қатарының көптігімен сес көрсету. Қазақстанда өткізілмек «Мәңгілік даңқ – Бессмертный полк Казахстана» деген акцияның түпкі мәні сол.
Сталин заманында совет әскерлерінің мықтылығын көрсету үшін шығын Германия шығынынан да аз етіп 7 миллион деп көрсетілді. Брежневтің заманында соғыс шығыны 20 миллион делінді. Горбачев заманында ақиқаттар ашылып шығын көлемі 27 миллионға дейін ұлғайды. Ал таяуда СССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің құпиялық режимінен шығарылған деректері бойынша Совет Одағының Ұлы Отан соғысындағы шығындары 42 миллион екендігі анықталды. Оның 19 миллионнан астамы әскери адам болса, 23 миллионы қарапайым азаматтар.
Фашистік Германия бүкіл Екінші жаһан соғысының барысында ең көп дегенде 8,3 миллион адамынан айырылған. Оның 4,7 миллионы әскерилер, 3,6 миллионы жай адамдар. Ара қатынасына қарасаңыз өлтірілген бір фашистке бес совет солдаты жанын берген (кейбір авторлар шығын 1:10 болғанын да айтады).
Бұл цифрлар нені білдіреді?
Бұл цифрлар орыс қолбасшыларының топастығын, соғыс жүргізу тәсілдерін жеткілікті меңгермегендігін, командирлердің тактикалық және стратегиялық ойлаудан мақұрым екендігін, өз жауынгерлерін ажалға көзсіз айдай бергенін, қынадай қырылған халқына қылшығы да қисаймағандығын көрсетеді.
Жеңіс ақиқатында совет адамдарының жойдасыз құрбандықтары арқасында келген. 42 миллион өмір! Неміс пулеметшілері оққа айдалған Қызыл Армия жауынгерлерін қатар-қатарымен қырғанда қаза тапқандардың көптігі соншалық, кейбір пулеметшілер есінен адасып жынды боп кеткен.
«Бессмертный полкті» ұйымдастырушылар Кеңес одағының ең үлкен масқарасы – өз халқын өзі қырғаны туралы жұмған ауыздарын ашпайды. Егер өз солдаттарына, өз халқына жанашырлықпен қараса орынсыз құрбандықтардың тым болмаса тең жартысын тірі алып қалуға болар еді. Сондай жойдасыз құрбандықтарға жол берген кешегі советтік қолбасшылардың, коммунистердің «Бессмертный полк» арқылы төккен «қолтырауын көз жасы» қаза тапқан 42 миллион адамның рухын мазақ еткенмен бірдей. Сондықтан бұл акцияны «Мәңгілік даңқ – мәңгілік ақымақтық» дер едім. «Бессмертный полк» – бессмертный идиотизм!» деген анықтамаға еш нәрсе алып, қоса алмайсың!59843285_10218947003135624_5507379449185697792_n

Related Articles

  • АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады

    АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл. АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді. “Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды” деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда. С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған. Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен “екіжақты кеңейтілген

  • Шарқи Түркістаншыл мен Чин Түркістаншыл арасындағы қақтығыс

    1947-1948 жылдың өрара кезеңінде Үрімжідегі қазақ игі-жақсылары мен зиялылары, саясаткерлері өлкелік үкіметтің төраға, хатшыларымен бірлесіп Үрімжі қаласына қарасты Қаратау (қытайша 南山) баурайында Наурыз мерекесін тойлап шағын құрылтай жиналысын өткізеді. Наурыз мерекесіне тігілген оншақты кигіз үйдің және өлкелік үкімет төрағалары мен әскери адамдардың (қазақ әскері де бар) суретін анық көре аласыз. 1947-1948 жылдары Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер арасындағы қырғиқабақ қақтығыс қатты ушығып тұрған кез еді. 1946-1947-1948 жылдары Манас, Құтыби, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори аудандарынан қазақ әскері жасақталып Манас өзенінің күнбатыс бетіндегі Шарқи Түркістан әскеріне арнайы қарулы қорғанысқа өткен кезең еді. Сонымен Манасты шекара еткен Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер болып екі жаққа бөлінген қазақтардың саяси

  • Қарақалпақтар жаппай қазақ боп жазылып жатыр

    Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан азаматтары жаппай қазақ болып жазылып жатыр. Бұл туралы  IWPR басылымының тілшісі Ольга БОРИСОВА хабарлайды.. Жуырда Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында біздің тілмен айтқанда ХҚО сияқты мекеменің басшысы тұтқындалған. Ол пара алып адамдардың ұлтын өзгертіп отырыпты. Яғни қарақалпақтарды қазаққа айналдырған. Жергілікті полицияның айтуынша, соңғы кездері осындай қылмыстар көптен тіркелуде. Демография және миграция агенттігінің ақпаратына сүйенсек 1991 жылдан бері Қарақалпақстаннан Қазақстанға 100 мың адам көшіп кеткен. Халықаралық Аралды құтқару қорының мәліметінше соңғы жеті жылдың ішінде 250 мың адам Қазақстанға қоныс аударған екен. 1 млн 842 мың халқы бар Қарақалпақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ, қазір ол жерге өзбектер санының артып келе жатқанын да ескеру қажет. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек

  • Қош бол, Советтік атаулар!

    Редакциядан: Күні бүгінге дейін Болат Бакауов басқаратын Павлодар облысына, ондағы тілдік мәселелерге, жер-су атауларына, әлеуметтік мәселелерге т.б. қатысты сыни сөз Abai.kz ақпараттық порталында аз жазылған жоқ. Біз жазсақ өткір һәм әділ сын жаздық. Біреуді нақақ қаралап, дерек бұрмалаған жоқпыз. Өзекті проблемаларға өз ойымызды қостық. Соның бірі – өңірдегі өгей атаулар еді. Ескі одақтың кезінде идеологиялық мәжбүрлеу арқылы енген сол бір саяси һәм бейсауат атаулардың күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын талай рет жаздық.  Бүгін редакциямыздың электронды поштасына Павлодар облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика жұмыстары бөлімі өңірдегі жер-су, елді-мекен мен көше, аудан атауларын қазақыландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, мақала жолдапты. Сөйтсек, Кереку жұрты “Қош бол, советтік атаулар” депті. Нақтылап

  • Қазақ тілі тек кедейлерге керек…  

        Еліміздегі жалпы  отбасының саны 2,3 млн-нан астам деседі.Жарияланған деректерге сүйенсек олардың  сексенге таяуы  әлемдік бахуатты байлармен теңесе  алатын шамалы  екен.Жалпы ұлттық буржуйлардың  негізі қаланған тәрізді.Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті.Білікті уәлидің  сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қам-тылған отбасы- 600 мыңға таяу көрінеді.Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен. Қазақ қоғамының өткен тарихына  көз жүгіртсеңіз,өлкемізде,жалпы аумақта, тыныштық орнап,адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып-жойылып,тентіреп безіп,ауып-көшіп,зар еңіреген заман  да болыпты. Бірақ,қай-қайсысы да ұзаққа созылмапты.Елбасына жақсылықты орнатып,басын біріктіріп,мемлекет  құрып,халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруде, хандардың,билердің,сұлтандардың,батырлардың,ойшыл-ғұлама ақылмандардың , күрес-керлердің,қайраткерлердің салихалы саясаты шешуші рөл атқарыпты.Ал,қырылып жойылу,тентіреп безу,басқаның қол астына еніп,бодандыққа айналу жауларымыздың жымысқы саясаты,ұлы державалық шовинистік пиғылы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: