|  | 

Көз қарас

Артық мамандар дайындап, артық ақша шашу кімге керек, Мамин мырза!

 

Өнеркәсіп саласында жаңадан жұмыс орындары ашылуда деп көп
ұрандатқанымызбен оның нақты көлемі көңіл көншітерлік емес. Статистика жөніндегі
комитеттің мәліметтеріне қарағанда еліміздегі аса ірі және орташа кәсіпорындарда барлығы
2 млн. 416 мың адам еңбек етеді екен де үстіміздегі жылы олар осы санның тек 0,5 пайызы
көлемінде ғана , яғни 11 мың жаңа жұмыскер мамандар қабылдай алады.
Жалпы экономикамызда өсім бар болғанымен техникалық мамандықтарға деген
сұраныс барынша төмен болып шықты. 2014-2018 жылдар аралығында азық-түлік
өндірісінде – 1600, түсті металлургияда – 700, агрохимияда – 800, теміржол техникасы
өндірісінде – 100 ғана жаңа жұмыс орындары ашылған. Бұл 5 жылдық мерзімге тым аз. Ол
ол ма, мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары тіпті ашылмаған. Ал құрылыс
материалдарын жасау саласында – 8900, мұнай өңдеуде – 1000, өнеркәсіпке қажетті
химикаттар дайындауда – 1800, мұнай өңдеу саласына жарақтар шығару мен мұнай
өндіруде – 1000, электр жарақтарын шығаруда – 1300, автокөлік шығаруда – 300,
ауылшаруашылығы техникаларын шығаруда – 400 жұмыс орындары қысқарған.
Жағдай осылай болса да Үкімет жұмысшы мамандықтарын дайындаудың
қаншалықты қажеттілігіне жіті назар аудармай, ұраншылдыққа салынып отырғанын
Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясы ашып, әшкерелеп отыр. Фракция жетекшісі
Айқын Қоңыровтың Үкімет басшысы А.Маминге жолдаған сауалынан осыны көруге
болады. Онда «Бәріне тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы жағдайды толық
екшемей немқұрайлықпен жасалып, бюджеттің қаражатын босқа шашуда екендігі
айтылған.
Әрине, нақты қажеттіліктің көлемін зерттемей, 670 мың техникалық маман
дайындаймыз деп даурыққандық – ұраншылдықтың нағыз көрсоқырлық көрінісі. Жоғарыда
айтқанымыздай бізге жылына 10-11 мың ғана техникалық маман керек, ал бес жылда ол 60
мыңнан аспайды…
Бірақ жастардың көбі бұл бос даурықпаға желіккен жоқ, өйткені үкіметпен
салыстырғанда олар техникалық мамандықтарға деген сұраныстың төмен екенін өмірде
көріп жүр. Сондықтан бағдарлама алғашқы кезеңінің өзінде көздеген мақсатына жете
алмаған. Алайда мемлекет бұған мән беріп жатқан жоқ, керісінше жыл сайын бағдарлама
бойынша бөлінген шығындарды арттыра беріп, бюджетті сорлатуда. Әлде… әлде біздің
Үкімет мемлекеттің бе, әлде техникалық мамандықтар дайындайтын ЖОО-лардың
мүддесін көздей ме, осы жағы белгісіз…
«Халық коммунистері» фракциясы өз сауалдарында Үкіметтің назарын осы мәселені
жіті зерттеуге назар аудару үшін төмендегідей сұрақтар қойыпты:

2

1.«Бәріне тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы бойынша жаңадан түсетіндерге
ақша шығаруға қандай негіз бары айқындалды ма?
2.Нақты мамандықтар бойынша қанша адамға кәсіптік-техникалық білім беру керектігі
қандай деректерге сүйеніп есептелді? Мұның ғылыми негізі бар ма?
3.Индустриаландыру бағдарламасы бойынша басымды бағыттар деп белгіленген салаларда
жұмыс орындарының азаю себебі неде? Оларды көбейту үшін қандай шаралар
қарастырылған?
Міне, осындай нақты сұрақтар қойылған, бірақ соған Үкімет дәйектілікпен жауап
бере алар ма екен…

С.ЕЛЕУ, сарапшы

kerey.kz

Related Articles

  • Қазақ тілі тек кедейлерге керек…  

        Еліміздегі жалпы  отбасының саны 2,3 млн-нан астам деседі.Жарияланған деректерге сүйенсек олардың  сексенге таяуы  әлемдік бахуатты байлармен теңесе  алатын шамалы  екен.Жалпы ұлттық буржуйлардың  негізі қаланған тәрізді.Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті.Білікті уәлидің  сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қам-тылған отбасы- 600 мыңға таяу көрінеді.Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен. Қазақ қоғамының өткен тарихына  көз жүгіртсеңіз,өлкемізде,жалпы аумақта, тыныштық орнап,адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып-жойылып,тентіреп безіп,ауып-көшіп,зар еңіреген заман  да болыпты. Бірақ,қай-қайсысы да ұзаққа созылмапты.Елбасына жақсылықты орнатып,басын біріктіріп,мемлекет  құрып,халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруде, хандардың,билердің,сұлтандардың,батырлардың,ойшыл-ғұлама ақылмандардың , күрес-керлердің,қайраткерлердің салихалы саясаты шешуші рөл атқарыпты.Ал,қырылып жойылу,тентіреп безу,басқаның қол астына еніп,бодандыққа айналу жауларымыздың жымысқы саясаты,ұлы державалық шовинистік пиғылы

  • Жекешелендірдік. Жетістік пе?

      Халықтың хал-ахуалын жақсарту үкіметтің алдындағы ең бірінші міндет. Ол үшін халықтың нақты табысы артуы керек, алайда оның өсуі мүлде мардымсыз. Халық қаражатының шығыс құрылымына қарасақ, адамдар қазір барлық табысының жартысынан астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр. Өйткені, бәрі қымбат және баға күннен күнге арта түсуде. Ал әлеуметтік қызмет көрсету сапасы қандай десек, бұл бағытта да тілді тістететін мәселелер көп. Осы мәселелерді айта келіп Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жекешелендіруге берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы сұрау салды. «Бүгінгі таңда жекешеге берілген әлеуметтік нысандар саны 500-ге жетіп қалды. Соның жартысы коммуналдық меншікке жататын емханалар, сауықтыру кешендері, диагностикалық орталықтар, диспансерлер, санаторийлер, спорттық клубтар, музыкалық және

  • Былқ-сылқ жауап… Былқ-сылқ істер…

    Бұдан бұрын Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының атынан депутат Айқын Қоңыровтың дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жолдаған сауалы туралы жазған болатынбыз. («Дәрі-дәрмектің бағасы қашан реттеледі, Біртанов мырза?»., «Керей кз, 18.04.2019 жыл.) Онда депутат қолданыстағы заңнамаға дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу бойынша өзгерістер енгізілгенін, осыған байланысты министрліктің қандай шаралар қолданатыны сұралған. «Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, 2019 жылдың бірінші тоқсанында дәрі-дәрмектер бағасы 8,4%-ға қымбаттаған. Бұл басқа бағалардың өсуінен 1,7 есе артық. Бұл жағдай дәрі-дәрмектер бағасы қымбаттауының объективті және субъективті себептерін шұғыл түрде анықтауды қажет етеді. Бұған қоса бөлшектік нарықта пайда түсімі аз арзан дәрі-дәрмектерді ығыстырып, қымбат дәрі- дәрмек саудасын дамыту қаупі да бар. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы

  • Досым Сәтпаев: “Ескі кадрлармен жүйені жаңарту мүмкін емес”

    Пётр ТРОЦЕНКО Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 5 маусым 2019 жыл. Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда сайлауалды насихаттың қалай өткені және жаңа президентті ішкі және сыртқы саясатта қандай сынақ күтіп тұрғаны туралы айтты. Азаттық: Қазақстандағы сайлауалды насихаты түрліше бағаланып жатыр. Бір жақ бәсеке мен саяси балама бар дейді. ЕҚЫҰ миссиясы бастаған екінші жақ сайлауалды насихатын сүреңсіз, азын-аулақ ұран мен билбордтан аспайтын науқан деп сипаттайды. Бұл сайлауалды насихатын тартысты бәсеке деуге келе ме? Досым Сәтпаев: Бұл сайлау бақылау тізгінін уысынан шығармаған бірінші президенттің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) билікті мұрагерге тапсыру процесін заңдастыру әрекеті екенін негізге алу керек. Сондықтан сайлау ойыншылардың бәрі өздеріне берілген рөлі мен орнын жақсы білетін спектакльге

  • Ғылымсыз өндіріс дами алмайды

      Кез келген елдің экономикасы ғылым жетістіктерін өндіріске енгізбей дами алмайды. Ғылыми жетістіктердің негізінде жасалған үздік өнімдер ғана халықаралық рынокта бәсекелестікке қабілетті бола алады. Ал біздің өндірісшілеріміз ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға көңіл бөлмейді. Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда әлемдегі үздік тауар өндірушілер өткен ғасырдың аяғымен салыстырғанда ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін шығыстарын 7 есе арттырған. Ал біздің барлық меншіктегі өндірісшілеріміз соңғы бес жылда бұл тараптағы шығындарын үнемі азайтумен келеді. Қазір ол ІЖӨ-нің 0,12 пайыздық үлесіне дейін түскен. Бұл дамыған елдер түгіл дамушы елдердің арасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. 2018 жылы біздің ғылымға көңіл бөлген кәсіпорындарымыздың саны 384 қана болды, ал бұдан 10 жыл бұрын оның саны 438 болатын. Кәсіпорында ғылыммен айналысатын қызметкерлер саны да

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: