|  |  | 

Көз қарас Саясат

Н.Назарбаев: “Қазақстанда бір ғана президент бар және ол елдегі басты адам”

Nursultan-Sara

«Қазақстанда бір ғана президент бар және сол басты адам. Біз барлығымыз соған жұмыс жасаймыз». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзі.

Астана экономикалық форумында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда бір ғана президенттің бар екенін және қалғандары соған бағынатынын айтты.

«Халық пен көшбасшы бір болғанда ғана жетістікке жетуге болады. Ал әзірленген бағдарламалар мен идеялар халықтың қолдауымен ғана жүзеге асады. Бәлкім біздің ұстанған саясатымыз дұрыс болған шығар. Мен 5 жалпыхалықтың сайлауға түстім. Маған электорат 85 пайыздан кем дауыс берген жоқ. 

Келесі транформацияда тыныш, саяси сенімсіздіктен айырылмау керек. Меніңше, бұл тығырықтан шығудағы дұрыс шешім. 

Менің мандатым әлі аяқталмаған еді. Мен әлі де жұмыс жасай беруіме болатын еді. Тіпті, халық мені таңдайтынына жүз пайыз сенімділікпен, өз кандидатурамды ұсынуыма да болатын еді. Алайда бізге өзгеріс қажет, жаңа буын келуі керек» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауынан кейін келетін жаңа команда өз инновациясымен, өз бастамаларымен келетініне сенім білдірді.

«Көрдіңдер ме, мен спикерлерге қандай да бір қолайсыздық тудырып отырмын. Әуелі «Тұңғыш Президент», сосын «Президент» деп жатырсыңдар. Жағдай солай. Меніңше, Қазақстанда екі басшы болмайды. Бір ғана Президент бар. Сол басты адам. Біз сайлаудан соң, барлығымыз соған жұмыс жасаймыз» деді.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сайланатын президентке қолау көрсететінін айтқан еді.

«Менің ендігі міндетім жаңа президенттің жұмысына қолдау көрсету. Транзиттің тыныш өтуіне жағдай жасау және бастаған жұмысымызды жалғастыру» деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Оған 74 мемлекеттен 5 мыңға жуық сарапшылар қатысуда.

Abai.kz

Related Articles

  • Шарқи Түркістаншыл мен Чин Түркістаншыл арасындағы қақтығыс

    1947-1948 жылдың өрара кезеңінде Үрімжідегі қазақ игі-жақсылары мен зиялылары, саясаткерлері өлкелік үкіметтің төраға, хатшыларымен бірлесіп Үрімжі қаласына қарасты Қаратау (қытайша 南山) баурайында Наурыз мерекесін тойлап шағын құрылтай жиналысын өткізеді. Наурыз мерекесіне тігілген оншақты кигіз үйдің және өлкелік үкімет төрағалары мен әскери адамдардың (қазақ әскері де бар) суретін анық көре аласыз. 1947-1948 жылдары Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер арасындағы қырғиқабақ қақтығыс қатты ушығып тұрған кез еді. 1946-1947-1948 жылдары Манас, Құтыби, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори аудандарынан қазақ әскері жасақталып Манас өзенінің күнбатыс бетіндегі Шарқи Түркістан әскеріне арнайы қарулы қорғанысқа өткен кезең еді. Сонымен Манасты шекара еткен Шарқи Түркістаншыл күштер мен Чин Түркістаншыл күштер болып екі жаққа бөлінген қазақтардың саяси

  • Қарақалпақтар жаппай қазақ боп жазылып жатыр

    Өзбекстан Республикасының құрамына кіретін Қарақалпақстан азаматтары жаппай қазақ болып жазылып жатыр. Бұл туралы  IWPR басылымының тілшісі Ольга БОРИСОВА хабарлайды.. Жуырда Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында біздің тілмен айтқанда ХҚО сияқты мекеменің басшысы тұтқындалған. Ол пара алып адамдардың ұлтын өзгертіп отырыпты. Яғни қарақалпақтарды қазаққа айналдырған. Жергілікті полицияның айтуынша, соңғы кездері осындай қылмыстар көптен тіркелуде. Демография және миграция агенттігінің ақпаратына сүйенсек 1991 жылдан бері Қарақалпақстаннан Қазақстанға 100 мың адам көшіп кеткен. Халықаралық Аралды құтқару қорының мәліметінше соңғы жеті жылдың ішінде 250 мың адам Қазақстанға қоныс аударған екен. 1 млн 842 мың халқы бар Қарақалпақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ, қазір ол жерге өзбектер санының артып келе жатқанын да ескеру қажет. 2018 жылғы статистикаға сүйенсек

  • Қош бол, Советтік атаулар!

    Редакциядан: Күні бүгінге дейін Болат Бакауов басқаратын Павлодар облысына, ондағы тілдік мәселелерге, жер-су атауларына, әлеуметтік мәселелерге т.б. қатысты сыни сөз Abai.kz ақпараттық порталында аз жазылған жоқ. Біз жазсақ өткір һәм әділ сын жаздық. Біреуді нақақ қаралап, дерек бұрмалаған жоқпыз. Өзекті проблемаларға өз ойымызды қостық. Соның бірі – өңірдегі өгей атаулар еді. Ескі одақтың кезінде идеологиялық мәжбүрлеу арқылы енген сол бір саяси һәм бейсауат атаулардың күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын талай рет жаздық.  Бүгін редакциямыздың электронды поштасына Павлодар облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика жұмыстары бөлімі өңірдегі жер-су, елді-мекен мен көше, аудан атауларын қазақыландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, мақала жолдапты. Сөйтсек, Кереку жұрты “Қош бол, советтік атаулар” депті. Нақтылап

  • Қазақ тілі тек кедейлерге керек…  

        Еліміздегі жалпы  отбасының саны 2,3 млн-нан астам деседі.Жарияланған деректерге сүйенсек олардың  сексенге таяуы  әлемдік бахуатты байлармен теңесе  алатын шамалы  екен.Жалпы ұлттық буржуйлардың  негізі қаланған тәрізді.Екінші жағынан кедейлер де оларға сай, қалыспай өсіпті.Білікті уәлидің  сөзіне қарағанда әлеуметтік жағынан аз қам-тылған отбасы- 600 мыңға таяу көрінеді.Оларды тақыр кедейге санайтындар да бар екен. Қазақ қоғамының өткен тарихына  көз жүгіртсеңіз,өлкемізде,жалпы аумақта, тыныштық орнап,адамдар алаңсыз өмір сүріп, тірлік кешкен, «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған да», аштықтан қырылып-жойылып,тентіреп безіп,ауып-көшіп,зар еңіреген заман  да болыпты. Бірақ,қай-қайсысы да ұзаққа созылмапты.Елбасына жақсылықты орнатып,басын біріктіріп,мемлекет  құрып,халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруде, хандардың,билердің,сұлтандардың,батырлардың,ойшыл-ғұлама ақылмандардың , күрес-керлердің,қайраткерлердің салихалы саясаты шешуші рөл атқарыпты.Ал,қырылып жойылу,тентіреп безу,басқаның қол астына еніп,бодандыққа айналу жауларымыздың жымысқы саясаты,ұлы державалық шовинистік пиғылы

  • Жекешелендірдік. Жетістік пе?

      Халықтың хал-ахуалын жақсарту үкіметтің алдындағы ең бірінші міндет. Ол үшін халықтың нақты табысы артуы керек, алайда оның өсуі мүлде мардымсыз. Халық қаражатының шығыс құрылымына қарасақ, адамдар қазір барлық табысының жартысынан астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр. Өйткені, бәрі қымбат және баға күннен күнге арта түсуде. Ал әлеуметтік қызмет көрсету сапасы қандай десек, бұл бағытта да тілді тістететін мәселелер көп. Осы мәселелерді айта келіп Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жекешелендіруге берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы сұрау салды. «Бүгінгі таңда жекешеге берілген әлеуметтік нысандар саны 500-ге жетіп қалды. Соның жартысы коммуналдық меншікке жататын емханалар, сауықтыру кешендері, диагностикалық орталықтар, диспансерлер, санаторийлер, спорттық клубтар, музыкалық және

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: