|  |  | 

Көз қарас Саясат

Марғұлан Сейсембаев: Сайлауды байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар

Margulan Seisembay

 Фото: Atameken Business Channel

 

Танымал бизнесмен, азаматтық белсенді Марғұлан Сейсембаев алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына өзінің «Instagram» парақшасында талдау жасады. Көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым. Сонымен, бізде төрт жол бар:

1. Дауысты Тоқаевқа беру. Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем қарастырмаймын.

2. Дауысты Қосановқа беру. Ол кісі туралы билік пен радикалды оппозиция әртүрлі сөз айтуда. Біреулер оны Ақорданікі дейді, біреулер оппозиция дейді. Сіздің бұл жөнінде білу керек нәрсеңіз, ол Қосановтың тұлғасы емес, ол сіздердің қалыптасқан жағдайға қарсы екеніңізді білдірудің заңды және өркениетті жолы екендігі. Сіздердің еліміздегі өзгеріске деген талабыңызды білдіру жолы. Ия, билік сіздердің дауыстарыңызды “ұрлауы” мүмкін. Бірақ, егер көп адам Қосановқа дауыс берсе, exit pool арқылы қанша дауыс ұрланғанын көруге болады. Және билік оларға қаншама адам қарсы екенін көріп өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Бірақ, естеріңізде болсын, бұл тек қана мүмкіндік! Менің болжауым бойынша бұл жолдың өзгерістерге апару мүмкіндігі 33%. Бұл жол менің ойымша 67% ешқандай өзгеріске әкелмейді. 3. Байкоттау. Бұл үшінші жол. Егер сіз сайлауға қатыспасаңыз, онда Тоқаев 100% жеңеді. Ол басым дауыспен жеңген соң, өзінің жеңісін “бұл xалықтың шын таңдауы” деп есептейді де, билікке қарсы шығып жүрген адамдарды жәй кішкентай ғана Әблязовтың топтары деп қудалайды. Қанша xалықтың өзгеріске деген талаптары бар екеніне көзі жетпейді. Қайта билiк сайлау үдерiсiне араласып дауыс ұрламайды. Оны көрген халықаралық бақылаушылар сайлау әдiл түрде өттi деп айтады. Байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар. Еуропа қанша бақырса да біздің билік оған пысқырмайды да. Барлығы бұрыңғы қалпында жүре береді. Байкоттау тек қана xалықтың басым бөлігі жасағанда ғана тиімді. Ал xалық ондай ауызбіршілік көрсетпесе, онда оның өзгерістерге әкелу мүмкіндігі 10-20% аспайды.

Бұны аурудың денесіне жасалатын күрделі операциямен салыстыруға болады. Арты не болатынын ешкім білмейді. Ауру мүлдем жазылып адам жаңарып, жасарып кетуі де мүмкін, бірақ ауруы жазылмай өліп те кетуі мүмкін. Әрине, шет елде жүрген кейбiр қандастарымызға бұл ең қолайлы жол, өйткені оларға бұл елге оралудың жалғыз жолы. Тариxта барлық революциялар жақсылыққа әкелген жоқ. Көптеген революциялар өздерінің басында қойған мақсаттарына жеткен жоқ. Бізге бұл жол қаншалықты керек екенін өздеріңіз ойланыңыздар.

Көрiп отырсыз ғой, алдымызда қиын таңдаулар тұр. Мүмкiндiгiмiз көп те емес. Бiрақ бәрiбiр бiздiң таңдауымыз бар. Естерiңiзде болсын, егер сiз саналы түрде өзiңiз таңдау жасамасаңыз, онда сiз үшiн басқа бiреу таңдау жасайды. Кейiн ренжiмеңiз. Сайлаудан кейiн бiздің қанша таңдауымыз болатынын сiз қазiргi таңдауыңызбен шешесiз. Мен ешбiр жолға үгiттеп жатқан жоқпын. Бұл жәй талдау.

 Есдәулет Қызырбекұлы

“The Qazaq Times”

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: