|  | 

Көз қарас

Ғылымсыз өндіріс дами алмайды

 

Кез келген елдің экономикасы ғылым жетістіктерін өндіріске енгізбей дами алмайды.
Ғылыми жетістіктердің негізінде жасалған үздік өнімдер ғана халықаралық рынокта
бәсекелестікке қабілетті бола алады. Ал біздің өндірісшілеріміз ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға көңіл бөлмейді. Сарапшылардың зерттеуіне
қарағанда әлемдегі үздік тауар өндірушілер өткен ғасырдың аяғымен салыстырғанда
ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін шығыстарын 7 есе арттырған. Ал біздің барлық
меншіктегі өндірісшілеріміз соңғы бес жылда бұл тараптағы шығындарын үнемі азайтумен
келеді. Қазір ол ІЖӨ-нің 0,12 пайыздық үлесіне дейін түскен. Бұл дамыған елдер түгіл
дамушы елдердің арасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. 2018 жылы біздің ғылымға
көңіл бөлген кәсіпорындарымыздың саны 384 қана болды, ал бұдан 10 жыл бұрын оның
саны 438 болатын. Кәсіпорында ғылыммен айналысатын қызметкерлер саны да соңғы 5
жылда 3 мыңнан артық адамға азайған.
Еліміз өндіріске ғылым жетістіктерін енгізуді талап еткен көптеген қаулылар
қабылдап, инновациялық экономика жасаймыз, технопарктер құрамыз деп ғылыми
жетістіктерге қажетті инфрақұрылымдық қажеттіліктерге үлкен көлемде шығындар бөліп
жатқанымен іс жүзінде оның жағдайы осындай болып отыр. 2012 жылы жер байлығын
қолданушыларға тапқан табысының 1 пайызын ғылыми зерттеулерге бөлуі керек деген заң
талабы да қабылданған болатын. Бірақ оны да көзге ілген кәсіпорын болған жоқ. Осы
шығысқа деп есептелген қаражаттар экологияны жақсартуға, күзетті жетілдіруге т.б.
қолданылған.
Міне, осы мәселелердің бәрін Мәжілістің пленарлық отырысында жайып салған
«Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров премьер-министр
А.Маминге депутаттық сауал жолдап, осынау күрделі мәселеге назар аударуды сұрады.
Депутат өзінің сауалында өндірістегі ғылыми жетістіктерді ынталандыру бойынша қандай
шаралар жасалғанын, өнертапқыштарды қолдаудың қандай жолдары жасалғанын, «Еңбек
өнімділігі – 2020» бағдарламасы бойынша қандай шаралар белгіленгенін сұрады.

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Kerey.kz

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • Үш анық

    Үш анық: Бірінші, әлеуметтік желіде пост жазу біреу үшін ермек немесе уақыт өткізу құралы болуы мүмкін. Олардың ортасы, шақыратын қонағы, әңгімесі де бөлек дегендей. Адамдар әлеуметтік желіні мәдени ортаға айналдыруы міндетті емес. Кейбір азаматтар үшін әлеуметтік желі пікір алмасу ортасы, білім ошағы, ақпарат алу алмасу орыны. Әлеуметтік желіде сапалы контент ұсыну, мәдени орта қалыптастыру, әдепті пікір-талас өткізу тұлғалық дамуыңа қосымша әсер етеді. Кейде түрлі ортаның адамдары сапырылысып араласып жатады. Сенің ұлтқа, мемлекетке деген шынайы күйінішіңнен туған дүниеңді ермекке айналдырғысы келеді. Оларға да ешкім қой демейді, сондай еркін. Бір қарасаң жақсы, бір қарасаң шынымен ыңғайсыз. Өз басым көбінің өз ойын айтуына ерік беруге тырысамын, аузын қақпаймын. Өйткені ол да осы елдің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: