|  |  |  | 

Көз қарас Саясат Сұхбаттар

Досым Сәтпаев: “Ескі кадрлармен жүйені жаңарту мүмкін емес”


Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 5 маусым 2019 жыл.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 5 маусым 2019 жыл.

Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда сайлауалды насихаттың қалай өткені және жаңа президентті ішкі және сыртқы саясатта қандай сынақ күтіп тұрғаны туралы айтты.

Азаттық: Қазақстандағы сайлауалды насихаты түрліше бағаланып жатыр. Бір жақ бәсеке мен саяси балама бар дейді. ЕҚЫҰ миссиясы бастаған екінші жақ сайлауалды насихатын сүреңсіз, азын-аулақ ұран мен билбордтан аспайтын науқан деп сипаттайды. Бұл сайлауалды насихатын тартысты бәсеке деуге келе ме?

Досым Сәтпаев: Бұл сайлау бақылау тізгінін уысынан шығармаған бірінші президенттің (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) билікті мұрагерге тапсыру процесін заңдастыру әрекеті екенін негізге алу керек. Сондықтан сайлау ойыншылардың бәрі өздеріне берілген рөлі мен орнын жақсы білетін спектакльге көбірек ұқсайды. Сайлауалды платформаларына қарап-ақ кей кандидаттың жасанды түрде электоралдық торда отырғанын көресіз.

Сайлау ойыншылардың бәрі өз рөлі мен орнын жақсы білетін спектакльге көбірек ұқсайды.

“Ауыл” партиясының өкілі (Төлеутай Рақымбеков. – ред.), әрине, фермерлерді қорғауға шақырады. Кәсіподақтар федерациясының өкілі (Амангелді Таспихов – ред.), әрине, жұмыс берушілерді шымши сөйлейді. Басқалары да сол сияқты. Мынадай парадокс туады – қазақстандық қоғамды білмейтін билік электоратты жасанды түрде бөлшектеп отыр. Мына бір тұста ауыл халқының мүддесін қорғайтын бір топ бар, ал мына жерде мекеме қызметкерлерінің мүддесін қорғайтын топ бар деген сияқты. Қазақстан қоғамы әрқилы болып кетсе де, ара-жігі қатты ашылып тұрған топтар жоқ.

Тағы бір байқалған жайт, билік көзқарасымен қарағанда әбден ойластырылған болып көрінетін сайлау технологиялары кезінде жоғарғы жақ бейсаяси топ санап келген жастардың кенеттен саясатқа араласып, белсенді түрде пікір айта бастағанын көрді.

Алматыдағы наразылық акциясы. 1 мамыр 2019 жыл.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан жастарының “оянуы” және элитаға төнген қауіп

Азаттық: Қазақстанның жаңадан сайланатын президенті ішкі саясатта қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?

Досым Сәтпаев: Соңғы кезде “сана транзиті” деген терминді қолданып жүрмін. Бұл жүзеге асып та үлгерді. Элитаның көптеген мүшесі бірінші президенттің саяси белсенділік мерзімі зыр етіп соңына таяғанын түсінді. “Сайлаудан кейін не болады?” деген маңызды сұрақ туды. Бес жылдық саяси мандатқа қолы жеткен соң [Қасым-Жомарт] Тоқаев не істемек? “Осы бес жылдың ішінде бірінші президент саясаттан кетіп тынса, оны қолдап келген Тоқаев пен басқа да адамдар елмен қайтіп қарым-қатынас жасайды?” деген сұрақ туады.

Элитаның көптеген мүшесі бірінші президенттің саяси белсенділік мерзімі зыр етіп соңына таяғанын түсінді.

Ең жақсы дегенде элитаның ішіндегі реформаны қолдаушылар мен күштік құрылым теке-тіреске түседі. Соңғы уақытта екінші топтың позициясы күшейді. Бұлар (күштік құрылым – ред.) бірінші президент кеткен соң да жүйені сол қалпы сақтап қалуға ұмтылатын консерваторлармен одақтасады. Бұл – жарға жығатын жол. Өйткені жүйені ескіше басқару мүмкін болмай қалады.

Бірақ ескі саяси элита тиімсіз мемлекеттік аппаратты қолданса, мәселелер шешілмейді. Ескі кадрлармен жүйені жаңарту мүмкін емес. Қазір өзгеріс байқалса да, ауқымы тар екенін көріп отырмыз. Тоқаевтың тұсында да, одан кейін де көптеген жұрт мәселені осындай тәсілмен шешуге тырыса бере ме деп қорқамын.

Азаттық: Бұл жүйеден тыс бір адам билік басына келмей қалған жағдайда туатын ахуал ғой.

Досым Сәтпаев: Бірінші президент кеткен соң “қарақу” көбейеді (америкалық жазушы Нассим Николас Талебтің болжауға келмейтін ықпалы күшті оқиғалар туралы теориясы – ред.) мен форс-мажор жағдай көбейеді. Вариант көп. Тунисті мысал етейік. Дәл осы елде 30 жыл билік құрған президент қызметтен кеткен соң құрылған демократиялық жүйе жұмыс істей алатынын көрсетті. Ел іші либерал, консерватор, діни және зайырлы даму жақтастары болып бөлінген еді. Бұлар не қылды? Жеке бас мүддесін ысырып тастап, бір ғана мақсатты – елдегі тұрақтылықты сақтауды және барша жұрттың демократиялық өзгерістерді сезінуін көздейтін коалициялық үкімет құрды. Ақыры соған қол жеткізді.

Азаттық: Жаңадан сайланған президент сыртқы саясатта немен бетпе-бет келуі мүмкін? Қандай қиындық тумақ?

Досым Сәтпаев: Қиындық көпвекторлықтың шеберіне айналған бірінші президенттің кезінде-ақ байқалған. Тоқаев пен өзге де жетекшілер Ресей мен Қытай сияқты өркеуде тараптар ортасында баланс сақтай ала ма? [Владимир] Путин мен Си Цзиньпин [Нұрсұлтан] Назарбаевты жасы мен тәжірибесіне қарап өздеріне тең санаса да, одан кейінгілер екінші қатардағы ойыншыларға айналады. Тоқаевты сыртқы саясатқа қатысты Назарбаевтың мұрагері деп біледі. Дипломатиялық тәжірибеден бөлек басқа да қабілет керек.

Путин мен Си Цзиньпин Назарбаевты жасы мен тәжірибесіне қарап өздеріне тең санаса да, одан кейінгілер екінші қатардағы ойыншыларға айналады.

Кейбір постсоветтік елде ішкі саясат үшін адамның жеке басының мәні зор. Путинге қарасаңыз, постсоветтік кеңістікте ол марқұм Ислам Каримов (Өзбекстанның бірінші президенті – ред.) пен Нұрсұлтан Назарбаевты ғана өзіне тең көрді. Қалғандары – Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков, Эмомали Рахмон (Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері – ред.) оған екінші қатардағы ойыншы көрінеді. Қазақстанның келесі президенттеріне ішкі саяси процестер де қатты әсер ететінін ұмытпау керек. Өйткені мұндағы Ресей мен Қытайға қарсы көңіл-күй өте күшті.

Азаттық: Валюта қорының дағдаруы, сыртқы қарыздың өсуі, бюджеттің кірісінен шығысының асып кетуі сияқты өте күрделі экономикалық мәселелер туғанын байқап отырмыз. Осындай кезеңде билік әлеуметтік қорғау саласындағы шығысты көбейтуге уәде берді. Мұның соңы неге соқтыруы мүмкін?

Досым Сәтпаев: Қазақстаннан Азия барысын жасағысы келгендер болған, бірақ шикізаттың сауын сиыры болып қала бердік. Экономикалық параметрлер жағынан алғанда ұзақ уақыт ЖІӨ бес пайыздан артық өспейтін ел қақпанға түсіп, дамушы күйі қалады. Қазақстан қазірдің өзінде орташа даму қақпанына түскен. Бұдан шығудың бір жолы шикізатқа байланған санадан ажырап, экономиканың инновациялық сегментін дамыту. Бірақ олай жасау үшін адам капиталы керек. Білікті мамандарымыз, жастарымыз [шетке] кетіп жатыр.

Қазақстаннан Азия барысын жасағысы келгендер болған, бірақ шикізаттың сауын сиыры болып қала бердік.

Ұзақ уақыт [билік]: “Әуелі – экономика, сосын – саясат” деп келді. Бұл схемадан қайран болмады. Экономикамыз бәсекеге жарамсыз, бюджетімізді мұнайдың ақшасы құрап тұр. Саясатымыз да бәсекеге жарамсыз – классикалық автократиялық модель. Армения мен Грузия сияқты елдердің тәжірибесі тиімді экономикалық реформалардың саяси реформалардан, яғни жемқорлықпен күрестен және саяси элитаны өзгертуден бастау алатынын көрсетті. Өйткені ескі кадрлармен бірдеңе өзгерту мүмкін емес. Уақыт пен ақша текке кетеді. Амал не, құрғақ уәдеге, экономикалық және саяси бағдарламаларға арқандалып тұрмыз. Дәнеңе де өзгеріп жатқан жоқ.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

 

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: