|  | 

Руханият

Тереңнен терген жәуһар ілім

Педагогика-философмямен тамырлас ғылым.Оны қысқаша пайымдасақ:ол-адамды дамыту жолын айқындаушы  философия. Ал,дін дегеніміз адамзатты Жаратушының салған жол-ынан адастырсай алып жүрер, бағыт-бағдарын нұсқаушы шамшырақ.  Міне,  сондықтан да, Иманипедагогика жеке бір ұлттың немесе нәсілдің,діннің  несібесі емес жалпыға ортақ , ұлтанды таным қоры.
Иманипедагогика адамзаттың ең асыл сапасы,адамшылықтың асқар шыңы ізгілікке  негізделгенліктен:Бірінші.Өскелең жас ұрпақ тәрбиесінің педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің тарихи дәстүрлер тамыры тереңге кетеді. Отандық педагогика ғылымы ғасырлар бойы – бала ең жоғары құндылық, адам өмірінің жалғасы, адамзат қоғамын жалғастырушы деген ізгілікті ойдың негізінде дамып келеді. Қай кезде де бала тәрбиесі сол қоғамның басты міндетінің бірі болған. Сондықтан отандық ізгілікті педагогиканың дәстүрлерін дамыта  отырып оның тұғырлы түйіндерін тірек етеді.Қазақта тәлім-тәрбиелік көптеген ілім-білім бар.Мәселен:Ерлік-батырлыққа баулу қазақ ілімі;Имандылыққа баулу қазақ ілімі; Зиялылыққа баулу қазақи жолдар;Адамтану қазақ ілімі;Еңбекке баулу қазақи амалдар; Алып Ер Тонаның «Ақи » ілімі(б.з.д. 7 ғасыр),Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х ғасыр),Жүсіп Баласағүнидің жәуанмәртілік ілімі((Х1 ғасыр),Ясауидің хәл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр), Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы),Шәкәрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында). М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі, Ү.Ақыт қажының иманжүзді адам қалып-тастыру амалы,  М.Жұмабаевтың Тәрбиелеу ұлттық ілімі  т.б. Осы ілімдердің тұжырым-даған ой түйіндерін,педагогикалық зерделеу сүзгісінен өткен  пайымдарын ұстанады. Сондай-ақ,оларды,заман талабына сай қайыра зерделеп,кезекті керегіне жаратады. Қорыта түйіндесек Иманипедагогика:- «Имандылыққа баулу қазақ ілімін»  басшылық етеді.
         Екінші.Ізгілік ұғымы қазақ танымында оның жаратылысына сай тым кең аумақты қамтиды.Қазақ адамтанушылары адамның ізгілік сапасы күн нұрынан жаралған жанның бір шоғы деп танып,оны рухқа сыбайлас етіп түсіндіреді. Ізгілік – адамның басты құндылығы. Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) -Ізгі іс немесе мінезі түзулік.Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.Бұл ушеуі арқылы адам шын бақыт табады.(Жүсіп Баласағұн) Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі істері.Ізгілікті тілек,жылы сөз,моральдық көмек, қолпаштап қолтығынан демеп,көңіліңді байыздатқан ыстық лебіз– жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.Ізгілікке тән мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық,қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетініні белгілі. Ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжырымдар.Мейірімділік пен ізгілік – егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын-туыс, танысқа )   көңіл бөлу  олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау,адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды болумен қатар адамның жайнап,өмір сүру ортасын туғызу,көңіл күй ауанын жайғастырып тыныштандырушы негізгі фактор болуы тиіс. Халық:«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды» дейді. «Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді»-деген,Сайф Сараи.Ізгілік іс-әрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем арқылы өмірде
жүзеге асып жатады.Ол өз бойына мына адами құндылықтарды  сіңіріп алған:  Ілтипттылық,әдептілік,инабаттылық,кішіпейілділік,қарапайымдылық;Сыпайылық, жақсылық және оны сатпау; Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі,шыншылдық.Сондығы болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады, ұмытылмайды.Ұрпақтан –ұрпаққа сол   ізгілікті,елдің мерейін көтерген сол рухани өмірді көкпардай қағып алып,мерейін өзінен кейінгі ұрпаққа табыстап келген,ата-бабаларымыздың тарихы,ғұрып-салты,тіл байлығы ешкімнен кем емес екенін мақтаныш етеміз.Жеткіншектің ой санасына осы мақтаныш сезімін құя білсек, жүрегіне ұялатып, жанына жылу берсек тәрбиелегеніміздің белгісі  болмақ.Адам ізгілік туралы жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуге тиіс. Жақсылық  істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.Ізгі ниет ақ көңілмен жасалған әр ісіңде  ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта.Ізгілік пайда үшін емес,адамдардың қуанышы үшін жасалады. «Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қайтады!»-деп отыратын қарттар сөзінде терең мағына,адами қатынастың әсем үлгісі жатыр. Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылық пен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірмандық білдірген жанашыр-лықпен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі.Міне, осы тектес қазақтың «Ізгілікке баулу ілімі» бар.Иманипедагогика осы ілімге сүйенеді.
Үшінші. Саналы жан иесі бұл өмірге келгенде,адам аталғанымен бірден толықсыған кісі болып тумайды.Ол,жетіліп дамиды,баулынып көркейеді.Осының өзі белгілі ретпен, кезеңмен, сатылай жүріледі.Дамудың әр сатысында атқарылатын іс-әрекет пен ықпал әсердің мөлшері бар,баулудың амал тәсілі бар.Мұны қазақтың ұлық ұстаздары анықтап, тиянақтап қойған.Дәлірек айтқанда, қазақтың «Кемел кісі қалыптастыру» арнаулы ілімі бар.Иманипедагогика осы ілім қағидаларын басшылық етеді. Бұл ілім қазақтың тәрбиелеу амал айласын,әдіс-тәсілінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешеліктерін баса көрсетумен қатар адамзаттық ортақ тәрбиелік құндылықтардың құнарлы заңдары мен кағидаларына жүгін-гендіктен ешкімге жат болмайды.Иманипедагогика мен европалық педагогиканың бір-бірінен айрмашылығын олардың әдістемелік негізінен алынған бір ғана мысалмен көрсе-телік.Иманипедагогикада: «Жалпы бала дүниеге келгенде пәк,Ислам болмысы негізінде туылады.»Баланы егер түзу жолмен,имани бағытпен тәрбиелесең ол кемел кісі болып,өсіп жетіледі.Тамаша толық адам болып қалыптасады.Айналадағы күллі адам осылай баулынып жетілген жағдайда Әлем адамзаты қайрымды қала тұрғындарына айналады.Бұл ,шындыққа тым жақын түйін екендігін тарих баяғыда- ақ дәлелдеп көрсеткен болатын.Иманды адамдардан құралған топ, ру,тайпа,іргелі ел,қауымдастық құрып , мемлекет орнатып  ғұмыр кешкен жұрт кәзір де баршылық.Ал,қазақ аумағында ру тайпадан асып,мемлекет дәрежесіне жеткен іргелі ел,ұзақ ғұмыр кешпегенімен, топтар,  рулар,ата-баба қауымдас-тығы,ауыл-аймақ күні бүгінге дейін жалғасып жетті.Бұларды,текті аталар ұрпағы десіп жүрміз.Осы «текті аталардан ұрпақ алып қалу»- деп аталатын салтымыз да бар. Ал, Европалық педагогикада: « Адам баласы кіршіксіз таза, ақ парақтай немесе ақ тақтадай  болып дүниеге келеді.Бірақ өсе келе  сол ақ параққа қара нүктелер түсе бастайды.» -дейді.Бұл да бұлтарыссыз шындық!Қара дақ кесірге айналғанда жалпайып аудан алып кетеді.Сондықтан Европалық педагогика оны нокат кезінде жоюдың жолын,өшірудің амалын тым ерте ісдестірді.Көптеген ойшылдар,ғұламалар,педагогтар талай-талай  ой-пікір айтты,ұсыныс жасады,зерттеу жүргізіп,тәжірибе қойды,болжам жасап,тексеріп көрді. Дақтың түймеге айналған шағында,оны жою үлкен күш,зор қажыр-қайрат,қаражат талап ететіндігін анықтады.Тіптен,тәрбиеленушіні мәжбүрлеу,әуелде күш қолдану қажеттігі туды. Мұны,қайта тәрбиелеу деп атап,оны жүзеге асырудың тәртібі, ережесі тиянақталып, кезеңдері белгіленді.Жалпы нәтижесі тым жоғары болмайтындығы белгілі болды.Адам тәрбиесін мұндай халге жеткізбеу ескертілді.Дақтың аз кезінен өшіріп жою үшін тәрбиеленушінің ішкі мүмкіндігін пайдалану теориялары өмірге келді.Оны жалпысынан өзін-өзі тәрбиелеу десіп жүр.Адам бойындағы асыл қасиеттерді сыртқы әсерлер арқылы оятып,жүрегіне жетіп,жан жылуымен мейірлендіру арқылы,оң-солын айыртып,іс-қылығындағы жақсы-жаманды екшей алатын қабылет игертпек болды.Әрине, мұндай қабылет игерсе онда үлкен жетістік болар еді.Ол, адам дамуының бірер қырын оңды шешуге мүмкіндік берер еді.Бұл бағыттағы ұмтылыс,бірер жағдайда оңды нәтиже берді. Мысалы,сезім мүшелері мен тәніндегі мүкістік пен кемістікті,ол адамның ішкі мүмкіндігін пайдаланып жоқтатпауға болатынын көрсетті.Сондай-ақ,жаттығулар мен құлшыныс арқылы ондай адамдардың бойындағы талантын ашып,дарынын дамытуға мүмкіндік бар екені анықталды.Әлемге осы жолмен танылып әйгіленген мұндай адамдар тарихта қашаннан бар болатын.Ал,адам өзінің жан сарайын ашып,өз жүрегін өзі тыңдап,көңіліндегі дақты қырып тастау оңайға түспейтіні белгілі болды.Мұны жан-жақты қарастырып, толығымен зерттеу қажеттілігі туды. Қажеттілік қамтамасыз етілді.  Қорытынды мынау: 1.Тұлға өзін-өзі тану үшін өз менін өзгенің менінен ажырата алатын халге жетіп, адамтану қабылетін игеруі тиіс.2.Адам өзін-өзі танып болғанға дейін,көлделең тұлға талпынса, оның иесінен бұрын танып қоятындығы анықталды.Олай болса,өзі туралы көлделең тұлға-басқа жанның,қоршаған әлеуметтік ортаның пікірімен санасып отыру ләзім екен.3.Өзін-өзі тану өте дәлдікпен анықталған  сатымен,реттілік арқылы белгілі уақыт аралығында анықталу мүмкіндігі бар болып шықты. Шындығында,адамның өзін-өзі тәрбиелеу оңайлықпен қолға түспейді. Өзіне – өзің үніліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу-осы істегі бастапқы қадам. Адам өз мінез –құлқының жаман- жақсы жақтарын ой таразысына салуға ұмтылады, алдына таудай талаптар қойып, бұларын қайткенде тиімді етіп орындау жолын қарастырады. Адам өзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, ұзақ уақыт бойына қажымай-талмай, ерінбей жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы керек. Бұл реттілік пен сатыларды көптеген ғалымдар арнайы айқындап та берді. Осының нәтижесінде өзін-өзі тәрбиелеу теориялары сан-саққа жүгіріп,тым күрделеніп кетті.Кәзіргі таңда,өзін-өзі тәрбиелеу,қайта тәрбиелеу  өмірде керектеніліп, ескерілумен қатар жас сәбиді «күнәдан таза, көңілі пәк періште » дейтін қазақ қағидасында, нәресте:  «имани қалыпта дүниеге келеді»- дейтін исламипедагогика ұстанымында көрсе-тілген қалып-күйін,адами жан дүниесін алғашқы қалпын көлегейлемей, дақ түсірмей Түп иелік бейнесін сақтап дамытуға бет бұрушылық Жұмыр Жер педагогикасында анық байқалады. Иманипедагогика  сәбилік шағынан бастап пәк көңілін таза сақтау тәсілін сол текті жанның өзіне иелендіріп, «өзін-өзі тәрбиелеу» амалын игертеді.Мұны көре білген,  тани білген европалық ғалым-педагог,ойшылдар ертеден мойындап,тәрбиенің имани бағытына бет алғаны белгілі.
Төртінші.Кемел кісі қалыптастыру қазақ ілімі иманипедагогиканың қүре тамыры екені белгілі.Олай болса,иманипедагогика заманауи кемел кісінің бет-бейнесін айқын-дап,оның қалыптасу жолын тиянақтап,оған қойылатын талаптар мен ерекше сапаларды тағайындап,оларды игерту амал айласын белгілеп,бұл сапаларды қалай игергендігін бағалап сынап,өлшеп мөлшерлейтін көрсеткіштерді анықтап беруге тиіс.Осындай зерделіқ қызметтер мен зерттеу ісі ұланғайыр шаруа,күрделі жұмыс екені белгілі.Қаншама қиын да күрделі осы жұмыстың атқарылуында да бір төте жол бар  секілді.Оның әдістемелік бір сырын ашу үшін кешегі кеңестік дәуірге сәл шегініс жасалық.Кеше ғана Қазақ елі,Тұңғыш ағасы Ресейдің қоластында жүріп,коммунизмнің кемел адамы,коммунистік партияға шынайы берілген,Коммунизмге жан тәнімен сенген,қызыл коммунист-Совет адамын шамалы уақытта-ақ, қалыптастырып берген едік қой!  Ал,егемендігімізді алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақыт өтсе дағы,Мәңгілік елдің заманауи  кемел кісісінің болмағанда нобайын бейнелеп бере алмағанымыз қалай?Бұл қазақтың текті Ерлеріне сын болмай ма?Аталмыш мүмкіндіктің қолға келмеуінің басты себебі мынау: Кемел кісі қалыптастыру туралы қазақ ілімі зерттелмеген.Заманауи кемел адам бейнесі айшықталмақ тұрғой кешегі, өткен шақтағы қазақ ғұламаларының айшықтап қойған кемел адам туралы әл-Фараби, Яссауи,Абай,Шәкерім,М.Жүсіп,М.Жұмабаевтардың ілімі игерілмеген,толық зерделеніл-меген,тіпті олардың кейбірін жатсынуды әлі де ойдан тастамаған,  жаттанды болған жалпы педагогикасын ескі ұғымымен,әлемде жаңадан ашылып жатқан жаңа көзқарастарды ескермей-ақ,дәрісін оқып,дәрежесін көтеріп, напәқасын табатын «андрагогтар мен менеджер-педагогтар» қазақ педагогика ғылымына иелік етіп.орнығып алған.Ал , жаттанды педагогикалар Қазақ елінің білім беру,тәрбиелеу жүйесіне тигізетін әсері, дәрменсіз, проблема шешетін шамасы қауқарсыз  қалғанына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Бәріненде, өкініштісі,Ы.Алтынсарин негізін салған,М.Жұмабаев жүйелеген ұлттық тәрбиелеу ілімін, Г.Н.Волковтың Этнопедагогикасына жапсыра салған.Ыбырай ата қайда?Мағжан кәхім қайда?Ал,Волковтың өзі солардан ой-сана ұшығын алған ғой! Кісінің толық
сипатын қазақ ғалымдары ашқан.Мұстафа Шоқай: “Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз,…қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.”  Т.Тәжібаев:“Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі”-деген.
.Педагогика ғылымымыздың бүгінгі жағдайы осылай болып тұрғанда Иманипедагогика заманауи кемел адам « қалыбын» жасап бермесе онда,оның да қажеті болмай қалады.К.Д. Ушинский : «Бала балқытылған алтын.Оны қандай  қалыпқа құйсаң, сондай адам шығады» – деген.Осындай қалыпты дайындау үшін социалистік педагогика қандай әдіс қолданып еді?Басқаша  айтқанда.нағыз коммунист шығару үшін қандай қалып пайдаланып еді?Менің білетінім олар,коммунистік  көпірме адамгершілікпен әсемдеп көмкерген,алтындай жылтыратып аптаған,күміспен күптеп зерлеген жасанды, жалған қалып пайдаланған.  Осындай жалған қалыпқа құйылған совет адамы да,жалған-кісікиік болып шыққан.   Бүгіндері оның бәрін де таппайсың, жалғандықтан жаралғандар көзден ғайып болған. Мен неге осындай қалып пайдаланбаймын?Ондай қалып,еш адамға залалын тигізіп пе еді?Бәрі де,өтті кетті,қалғаны өз орнында.Қалыбы да,ғайып болды,адамы да аспанға ұшып кетті. Кейбірі олардың мен жетпейтін «қоңыр» деген жерде жүр деседі.Ұлық ұстаздардың жасап берген,ұлы ілімдерін игере алмадым.Әлде басқа шара бар ма? Осы жағдайдан болып,Иманипедагогика өз орнына келген еді. Иманипедагогика-заманауи тәрбие теориясы. Ол осы дәуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы. Анығырақ айтқанда: Материалистік педагогика, Гуманипедагогика, Этнопедагогика, Исламипеда-гогика  ғылымдарының  заңды байланыстарына сүйеніп,олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым.Иманипедагогика туралы алғашқы мақала жарияланғаннан    (Тәрбие бағыты имани құндылық | Kerey.kz/11273) бергі маған хат жолдаған адамдардың  (студент,мұғалім,оқытушы,педагог-18  адам) басты  сұрағы:
-Исламипедагогика мен  Материалистік педагогика қалай қабысады?Менің берген жауаым: «Біздің жауап дайын.Жалпы педагогиканың тәрбие тоериясының асыл өзегіне «операция жасау керек». Оның асыл өзегіндегі беріш пен безді (таптық идиология мен жауынгер атеизм, көпірме адамгершілік) сылып алып тастап,орнына кісілік, имандылық,ізгілік ілімдерін орналастыру керек. Осы негізде Иманипедагогика салтанат  құрады.»
1Қобдабай Қабдыразақұлы
ғалым-жазушы
Kerey.kz

Related Articles

  • Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақ негізі

    Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Педагогика ғылымдарының кандидаты Бекболғанова А.Қ. «Рухани Жаңғыру» – барлық қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен жаһандану сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы. Жаһандану дәуірінде маңызды факторлардың бірі- білім бүгінгі ұрпақ қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу-мемлекеттің ғана емес, отбасының да, еңбек ұжымының да, жалпы қоғамның да маңызды міндеттерінің бірі. Бірақ бұл жерде басты рөл білім беру жүйесіне беріледі. Педагогтердің міндеті патриотизм негіздерін түсіндіру,патриоттық тәрбие беру және патриоттық сезімді жан-жақты дамыту. Білім беру саласында сабақтарда да, сыныптан тыс іс-шараларда да патриоттық тәрбиенің түрлі бағыттары мен нысандары бар. Бүгінгі таңда мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, диалогы, оның жеке өмірлік тәжірибесіне сүйену, оқушының өзіндік өмір

  •   ЭТНОГРАФ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ЖЕТІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР КІТАПХАНАСЫНДА 2019 ЖЫЛЫ 5 СӘУІР КҮНІ ЭТНОГРАФ, ЖАЗУШЫ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖЕТІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ. ЭТНОГРАФ, ЖАЗУШЫ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ  Ахетов Мамай Қаниұлы Дабыралы әрі ғылми деңгейде өткен бұл реткі жеті кітаптың тұсаукесерін Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, «Тіл» орталығының жетекшісі Ахетов Мамай Қаниұлы басқарды.     Мазмұны бай, құндылығы жоғары, тарихымызды арыдан қозғайтын жеті кітаптың тұсауын кесу мәртебесіне ие болып, салтанатын асырғандар: Нұртілеу Иманқалиұлы Нұртілеу Иманқалиұлы. Қазақстан еңбек сіңірген Қайраткері, көрнекті теле журналист.   Ғалым Жайлыбай Ғалым Жайлыбай. Халықаралық алаш сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы. Ислам Жеменей Ислам Жеменей. Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Тұран-Иран» ғылми зерттеу орталығының директоры, психология ғылымының докторы, профессор.   Нәбижан Мұқаметқанұлы Нәбижан

  • АЛТЫ АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТАР АЛТЫ КІТАП

    (ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ) 11 Сәуір 2019 жылы Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының алты шығармашылық еңбегі Алты Алашқа жол тартпақ. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мырзаның жүргізуімен өтетін айтулы кештің тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер: Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади,Серікқазы Қорабай, Дәулетбек Байтұрсын, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Мұрат Шаймаран, т.б. сонымен қатар, баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде. Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа қоныстанған.  Тәуелсіз елге келгенен

  • “Қош келдің, әз Наурыз”

    El Amanaty” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 21.03.2019ж. “Қош келдің, әз Наурыз” атты береке-бірлікке, ауызбіршілікке шақыру мақсатындағы мерекелік іс шара Алматы қаласы, Алатау мейрамханасында күндізгі уақыт11:00~15:00 аралығында, бүкіл Қазақстанға танымал ұлт зиялылары-қабырғалы қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері, саясаткерлердің, қоғамдық бірлестік өкілдерінің, қоғам белсенділерінің, өнерпаздардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. “El Amanaty” қоғамдық бірлестігі бұл мерекелік іс шараны Қытай қысымынан зардап шегіп отырған қандастарға араша түсудің ұтымды жолдарын ел ағаларының талқысына салу, бұл күндері бұл мәселе жөнінде жақ-жақ болып айтысып, бірін-бірі келсе-келмес қаралап, алтыбақан алауыз болып жүрген ағайындарды береке-бірлікке шақыру, сондай-ақ, осы уақытқа дейін “El Amanaty” қоғамдық бірлестігінің атқарған іс шараларын және алдағы жоспарларын халыққа таныстыру мақсатында өткізді. Бірінші бөліп сөз алған ақ иық ақын, ұлт

  • Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды.

    Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды. Қайырымдылық шарасы барысында қолдарына домбьра алған балалар ән-күйден шашу шашты. Рухани жаңғыру жобасы аясында ұлттық бұйымдарды насихаттап жүрген бастамашыл топ әр отбасына бір домбырадан сыйлауды жөн санапты. Алайда ынталы балалар көп болғанадықтан бір жанұяға екіден, үштен ұлттық аспап берілді. “Балалар телефон, теледидарға телмірмей, қоңыр домбырамен сырласса әлдеқайда пайдалы болмақ. Қазақ арман-тілегі, қайғы-мұңы мен қуанышын қос ішекке сыйдырған, қолына қоңыр домыра алса баланың арманы асқақ, ойы ұшқыр болады”, – деді игі іске ұйытқы болған ұлт жанашыры Салтанат Өмірәлі. Қазақтың көне мұраларын бүгінгі заманға сай ғып насихаттауды мұрат қылған Салтанат Өмірәлінің айтуынша бұндай шара әліде жалғасын табады. “Елбасымыз домбыра күнінде арнайы бекітіп берді. Домбыра күні қарсаңында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: