|  |  | 

Көз қарас Әлеумет

Жекешелендірдік. Жетістік пе?

 

Халықтың хал-ахуалын жақсарту үкіметтің алдындағы ең бірінші міндет. Ол үшін
халықтың нақты табысы артуы керек, алайда оның өсуі мүлде мардымсыз. Халық
қаражатының шығыс құрылымына қарасақ, адамдар қазір барлық табысының жартысынан
астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр. Өйткені, бәрі қымбат және баға күннен күнге арта
түсуде. Ал әлеуметтік қызмет көрсету сапасы қандай десек, бұл бағытта да тілді тістететін
мәселелер көп.
Осы мәселелерді айта келіп Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының
жетекшісі Айқын Қоңыров үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық
сауалында жекешелендіруге берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы сұрау
салды. «Бүгінгі таңда жекешеге берілген әлеуметтік нысандар саны 500-ге жетіп қалды.
Соның жартысы коммуналдық меншікке жататын емханалар, сауықтыру кешендері,
диагностикалық орталықтар, диспансерлер, санаторийлер, спорттық клубтар, музыкалық
және көркемсурет мектептері, оқушылар сарайлары. Осыларды жекешеге сатқаннан
мемлекеттік бюджетке мардымды түсім келген жоқ. Оларды жекешелендіруге берген
себебіміз нысандар қызметінің сапасын арттыру, бағаларын төмендету, қызмет түрлерін
көбейту делінді. Бірақ соны тексеріп жатқан адам бар ма? Тек іс-әрекетінің профилін
сақтау, жұмыс орындарының санын кемітпеу индикаторы ғана бақыланады», дей келіп
А.Қоңыров өзінің сауалында Премьер-Министрден жекешеге берілген әлеуметтік
нысандардың бүгінгі жай-күйі туралы толық ақпарат беруді сұрады. Соның ішінде қызмет
алушыларға электронды сауалнама жүргізу арқылы нысандардың қазіргі сапасын анықтау
сұралды. Сонымен бірге сатып алынған нысандарға қанша инвестиция құйылғаны,
жаңадан қанша жұмыс орындары ашылғаны, қызмет түрлерінің артқаны немесе кемігенін
анықтау ұсынылды. Депутат осынша (500) дана әлеуметтік нысан азайғаны себепті
оларды бақылаған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік органдардың қанша
қызметкері қысқарғанын да сұрады. Басқасына жауап берсе де дәл осыған А.Мамин жауап
бере алмайтын шығар. Өйткені, ешқандай БАҚ ақпараттарында 500 нысан жекешеге
берілгені себепті сонша мемлекеттік қызметкер қысқарды деген ақпарат болған емес.
Тіпті, жекешелендірудің пайдасын да айта алар ма екен?

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Kerey.kz

Related Articles

  • Шетелдік компания Алматының ауруханаларына 15 ингалятор тарту етті

    Шетелдік құнды аппараттар пневмония және Covid-19 ауырып жатқан науқастарды емдеуге арналған деп хабарлайды Kerey.kz ақпараттық порталы. QNET халықаралық тікелей сауда компаниясы 15 ингаляторды фтизиопульмонология орталығына жеткізді. Пневмония және Covid-19 вирусымен ауырып жатқан науқастар аталған аппараттардың көмегі арқылы дәрілік заттарды дем арқылы жұтады. «Бұл компанияның республикамыздағы соңғы айлардағы алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Көктемде бизнесті дамыту бойынша көпбалалы кәсіпкерлерге арналған онлайн вебинарлар өткіздік. Аз қамтылған отбасылар 50 азық-түлік жиынтығын алды. Жазда Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 және №3 ауруханаларына да қайырымдылық шарасы жасалды. Ол жердегі медқызметкерлер мен емделушілердің таза су ішуіне мүмкіндік жасалды. Суды тазартуға арналған «HomePure Nova» және ауаны тазартуға арналған «AirPure» фильтрлары мен бетпердені ұзақ уақыт таққаннан зардап шеккен дәрігерлердің терісіне арналған

  • Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)

    Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз). Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар: КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там

  • Елдес ОРДА: Шонжы тараншыларының “айғайы” (шағын сараптама)

    Бірінші, ұйғырстан деген атау қателеспесем алғаш рет 1928-1935 жж арасында хатқа түсе бастады. Еуропаның христиан миссионерлері қашқарияда баспа құрған. Баспадан ұйғырлардың қашқар акцентінде христиан дінін уағыздайтын кітаптар, қиссалар, күнтізбелер басып шығарды. Сол көп кітаптың бірінде “ұйғырстан” атауы алғаш рет қолданылған. Бірақ бұндағы ұйғырстан атауы қашқариядағы алты үлкен шаһарды көрсетеді. Ұйғырстан атауы одан соң 1951-1955 жылдары тағы көтерілді, бірақ атауды көтерушілер христиан миссионерлері емес, ұйғырдың белсенді саяси топ, элитасы болды. 1951-1955 жылдары қазіргі ШУАР’да ұлттық автономияны анықтау, шекарасын бекіту жұмыстары қаурт жүрді, сол кезде қытай орталық партия комитетіне “ұйғырстан автономиялы респубиликасы” дейтін ұсыныс жолданған. Әрине, бұл сол кездегі көп ұсыныстың бірі, “шарқи түркістан автономиялы респубиликасы” деген ұсыныс да болды. Осы автономиялы

  • Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев): ҚАРАДАЛА АТАУЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛСЕ…

    Жазушы-публицист Ұйғыр ауданында қазақ-ұйғыр жастары арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқанын, арасында жарақат алғандар бар екендігін естіп өте қапа болдым. Бұл сөз жоқ, идеологиялық жұмыстардың олқылығы деп ойлаймын. Жалпы ұйғыр халқына жаппай қара бояу жағуға болмайды. Олар да өзінше бір халық, туыс халық, түркі халқы, мұсылман халқы. Негізгі мекені қазіргі Қытай жерінде. Ұйғыр халқы бірнеше ғасырдан бері өз тәуелсіздігі үшін күресіп келеді. Саяси тұрғыдан ашықтан ашық оларды қолдауға құқымыз жоқ болса да, өз басым іштей мұсылман бауырларымыз ғой, өз алдына ел болып кетсе ғой деп тілеймін. Ұйғыр халқының еңбекқорлығы мен мәдениетіне, тілі мен дәстүріне құрметіміз үлкен. Бірқатар ұйғыр қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударуға атсалысқаннан болар ұйғырша да тәп-тәуір сөйлей аламын. Бірақ

  • Президент Тоқаевқа ашық хат

    2020 жылдың 28 мамырында, Мәскеуден жіберілген менің жүгім Қызылордаға келді. CDEK фирмасы, тапсырыс нөмірі 1173341109 жіберілім. Қос чемодан. Менің құжаттарым, базарлықтарым, киім-кешек, ұялы телефондарым өз орнында. Неміс тіліндегі Гёте жинағы,  орыс классиктерінің кітаптары, КСРО журналдары  мен басқа әдебиет те өз орнында. Бірақ, Қыдырбек Рыспекұлы құрастырған, жұдырықтасу жұлдыздарының қолтаңбаларына толы “Қазақ боксшылары” атты кітап жоғалған. Сонымен қатар, тарихшымыз Кәрішал Асан Атаның қос кітабы да жоқ. Әрине, бәрі болуы мүмкін. Алайда, қазақи кітаптарымды орыс жүк тасушысы немесе ресейлік шекарашы жымқырды деп ойламаймын. Погон таққан жергілікті хайуандардың сасық әрекеті болса керек. Барып тұрған оңбағандар ғой! Мысалы, бокс кітабымда маған арналған Ермахан Ыбырайымов пен Жандос Көкімовтың ізгі тілектері жазылған. Сонда не? Офицер атағымен жамылған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: