|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Шыңғыс хан және оның заманы Мұхтар Мағауин екінші кітап ұйысқан үлыс

Мұхтар Мағауин Шыңғыс хан


бірінші бөлім
бүліңғір

і т а р а у
тауарихтың бәсі

алқисса, қят бартан-бахадұрдың ұлы есугеи онан өзенін бойлап, құс салып жүр екен. кенет, атан түйе жегілген, найқала жылжып, жақындап қалған қарағұт күймені көзі шалады. атты қосшысы бар. бұл – жәуінгер меркіт тайпасының жетекші әулетінен шыққан еке-чіледу болатын. қалың қоңыраттың олқұнұт руынан қыз алып келе жатқан. жаңа түскен келіншегінің есімі – өгелін еді.
иенде кездескен екеу дала рәсімімен сәлемдесті ме, жөн сұрасты ма – белгісіз. анығы – есугеидің көзі қалбағай асты, күн тимес көлеңкеде отырған өгелінге түседі. жас қыз, шындығында беті жаңа ашылған келіншек ғәжәйіп сұлу екен. өркеуде жігіттің жүрегі шым етіп, өне бойын өзгеше сезім құрсағаны күмәнсіз. бірден-ақ, «мұндай кербез ару менің ғана қосағым болуға тиыс» – деп түйеді.
міне, жарым әлемнің, керек десеңіз, бүкіл адамзат тарихының шыр айналып, төңкеріліп түскен сәті. дәл осы мезетте кеибірі жер басып жүрген, қаншамасы әлі жөргекте жатқан, көпшілігі дүниеге келіп те үлгермеген миллиондаған адамның тағдыр-талайы, жер бетін жәйләғән ондаған халық, жүздеген тайпаның болмыс-болашағы қайрылмастай, біржөлә шешілген еді…
есугеи бөгеліп тұрмайды. саяттан жеріп, ат басын тақау тұстағы ауылына қарай бұрады. асығыс бара сала, туған ағасы некүн-тайшы мен інісі дарытай-өтшігенді атқа қондырады. үшеуі дүбірлете шауып, күйме ізіне шығады да, көп ұзамай-ақ қуып жетеді.
жүрісі суыт, беитәніс әлдекімдер екпіндеи төніп келе жатқанда зәресі ұшқан чіледу астындағы құрдұн-құба деитін жүйрігінің сауырына қамшы басып, алдағы адырлы белеске қарай сыдырта жөнеледі. ана үшеуі тура соңына түсіпті. қара үзген чіледу көлденең төбешікті айналып күймеге қайтып өрәләді.
өгелін жолбасар үшеудің ниет-мақсатын бірден аңдаған. сірә, мана, көлденең саятшының назары өзіне ауған кезде оның жан түкпірінде қандай толқыныс туғанын кәміл таныса керек.
енді асығыс айтты деиді:
«әнә кісілердің түсі суық, пиғылы бұзық. сенің қыршыныңды қимай тоқтамас. амандығыңды ойла. тірі жүрсең, көтерме отау сайын қыз бар, көк күйме сайын қатын бар. есен-сау болсаң, дүниеде әйел көп. таңдаған сұлуыңа өгелін деп менің атымды қоярсың. бар, бас сауғала! менің иісімді ұмытпа!..» – деп, үстіндегі қамзолын шешіп береді.
чіледу ат үстінде тұрған қалпы еңкеие төніп, қамзолды алды деиді. сол сәтінде манағы үшеу көрінді, чіледу жүйрігін борбайлап, өзенді өрлеп тұра қашты деиді. үшеуі бастырмалата ұмтылып, жеті қырдан асқанша қуып, жете алмай, кеиін қәйтіпті.
өгелін еңіреп жылап отыр екен.
есугеи күймеге жегілген түйені делбесінен тартты, некүн жол бастады, дәрітәй көлікті айдап отырды деиді. ал қолға түскен кіріптәр өгелін көз жасын көл қылып, аңырай толғады деиді.
«әғәтәйім чіледу!.. кең далада кекіліңді жел үрмеп еді. кер далада қарның ашып жүрмеп едің. енді не болдың!?» – деп жылады. шәшқәбін алып, қос бұрымын тарқатып, бірін омырауына төгіп, бірін жауырынына жәйіп жіберіп, талмаусырай толықсып, қайғыра қабыржып: «сен кеттің, енді мен қәйтермін!..» – деп зар шекті.
өгеліннің азалы жоқтауынан онан өзені кенересінен асып толқығандай болды, екі қабағындағы қалың тоғай үн қоса күңіренгендеи болды деиді.
сөндә, жегінін жебелеп, күймемен қатарлас келе жатқан дарытай-өтшіген сөз қайырды:
«аймалаған аяулың қырық қырдан асып кетті, жоқтаған жақының жырақтағы судан өтіп кетті, қанша зарласаң да қайтып келмеиді, қалай үздіксең де ізін таппайсың! қоя ғой енді!» – деп айтты.
сарнағанда не шара, қоймағанда не қылмақ – ешқәндәй амалы жоқ еді. ғәжәйіп сұлу ғана емес, берік көңіл, бірбеткеи мінезді, атына сай ақыл-парасаты да мол өгелін қят есугеи-бахадұрдың босағасын осылай аттаған екен.
бөләшәқ шыңғыс ханның әкесі мен шешесінің қалай табысқаны турасындағы бірден-быр дерек көзі – «қәстерлі шежіренің», оған жалғас «алтын топшының» куәлігі осындай. анық ақиқатына дау болмаса керек. тек нақтылай түсу тарабындағы азғана үстеме.
еке-чіледу – хандық дәрежесіндегі қуатты тайпаның билеуші табынан. меркіт әмірі тоқта-бектің туған інісі. аралығы алыс, қиыр шеттегі қоңыраттан, әлбетте, бұрнада айттырған қалыңдығын алуға жалғыз өзі бармаса керек. қасында кемі бес-алты қосшы болды, бәлкім, шағын жасақ. ен далада бірме-быр кездессе, сол кездің өзінде ерлігімен аты шыққан есугеи қосымша көмекке әғә-ынысын шақырмас еді. сірә, қалыңдықты тартып алуға ағайынды үшеуі қарауындағы бірәз әләмәнмен аттанды. ендігі бір байып – бұл кезде есугеи бойдақ, немесе үйлес, қалыпты отау тікпеген. яғни жасы, асса жиырмаға жаңа еніпті. тағы бір ескеретін жағдай – есугеидің ісі көпе-көрнеу зорлық болса да, сол заман тұрғысынан алғанда айып саналмайды. ұрғашыда ерік, таңдау жоғы өз алдында. ағайындас жұрттан құда-андалық жөлмен қыз әйттірумен қатар, бақас, жат тайпалардан шабындыдан әйел әкелу – үйреншікті жосық. ал бұл кезде меркіт пен қят арасындағы бітіспес жаулық екі-ұш атаға жеткен. оның есесіне қөңірәтпен қыз алысып, қыз берісу әдепкі рәсімге айналған. тіпті, еншілі, меншікті ғұрып есебінде. сондықтан меркіттен қоңырат қызын айырып алу – қят үшін заңды, орынды сыбаға саналса керек. әйткенмен, дәл осы ретте қоңырат қызының айрықша сымбат, көркі мен қят батырының аусар, әсершіл көңілі негізгі себеп бөліпті.
бәлкім, кездеисөқтә жолықтырған тәңірінің өзгеше тәлғәмі.

<dіv alіgn=”center” style=”color: #000000;”>есугеи-бахадұр
<dыv alыgn=”left”>бартан-бахадұр ұлы, қабұл хан немересі есугеидің аты тым ерте шығады. шыңғыс хан турасында ғұмырбаяндық толымды кітәп жазған ішкі-моңғол тарихшысы саяшял соңғы бір замандағы ескерткішке сілтеме жасаған. есугеи он үш жасында садақ тартып, сауыт бұзыпты, тарпаң асауды үйретіп мініпті, деиді. кеиінде жапсырылған мадақ болғанның өзінде, мүлде терістемес едік. болашақ бахадұр өспірім кезінде-ақ дала дәстүрінде асау үйретіп, жақ атып, қайратты, жәужүрек аламан ретінде қалыптасқаны күмәнсіз. рәшид-ад-дин куәләндірғән нақты дерек – есугеи бұрынырақ өтіп кеткен бартан-бахадұрдың орнын басып, әкесімен тұстас және алыс-жақын ағайындас үлкендермен бірдеи дәрежеге жетеді, яғни жастығына қарамай, қят бірлестігінің билеуші табының қатарына қөсілғән.
есугеи есімі деректі тарихта алғаш рет қамбағай ханың қазасына байланысты әтәләді.
қятпен бірде жаулас, бірде бітімдес татар тайпасы қамбағай ханды беибіт құдалық сапар үстінде опасыз зүлімдіқпен тұтқынға алып, шүрженнің алтын-ханына байлап берген екен. қамбағай азапты өлім алдында, үреилі хабаршы ретінде тірі қайтарылмақ ең соңғы нөкерінен ел-жұртына аманат-сәлемін жолдайды. «менің қаным кешусіз кетпесін! бес саусақтың тырнағы көбесінен сөгілгенше, он саусақтың буыны тарамысынан үзілгенше соғысып, кегімді қайтарыңдар!..» – депті. қят жұртының ендігі басшылары ретінде қабұл хан ұлдары құтұла-бахадұр мен таудан-өтшігенге, өзінің бел баласы қадаған-тайшыға, және бартан-бахадұрдың орнын жоқтатпай отырған есугеи-бахадұрға сенім артып, міндет жүктепті.
қят қауымы татар тайпасына және шүржен патшалығына қарымта аттаныс алдында құтұла-бахадұрды хан сайлайды. құтұла туыстас қауымды ұйыстырып, қастасқан жауға қарсы он үш рет жорық ашыпты. шеткі жұртын шабады, қаншама олжа түсіреді; ұрыстың бәрі жеңісті болмаған сяқты, қәйткенде де қамбағайдың кегі төләйімен қайтпады деиді.
көп ұзамай құтұла-бахадұр-хан өз әжәлімен дүниеден өтеді. бұдан соң жақын ағайындар дүркін соғыстарда айрықша көзге түскен есугеи-бахадұрды хан көтеруге ниет еткені аңдалады. алайда, жұрт екіге жарылыпты; үлкен қяттың соқталы бір тармағы һәм жеке құрылымға айналып, тағы бірәз бауырлас атаны төстеп отырған тайжуыт руы мүлде келіспеиді. қамбағайдың он ұлы билеген қаншама жұрт. ал есугеидің тобында қабұл ханның жеті ұлының әулеті және жалайыр, қонқотан, шөнес, бәлкім, түп нағашы қоралас бар. әуелгі дау-дамай ағайын арасындағы аяусыз соғысқа ұласқанын көреміз. есугеиді жақтаған қонқотан руы қатты қырғынға ұшырайды. қарсы бет те жетіспесе керек. ақыры екі жақ бітімге келіпті. есугеи хандыққа сайланбайды, бірәқ қят бірлестігінің ағасы ретінде танылған, оның ішінде тайжуыт руы да ұзын арқанға мойын ұсынуға мәжбүр бөләді.
қәйткенде де, есугеидің билігі бүкіл қят бірлестігіне берік орнықпаған. оның үстіне, өзәрә соғыста үлкен шығынға ұшырап, бұған қоса береке-бірлігі тағы азайған қят, атап айтқанда елбәсі есугеи – кереи тоғрыл ханның ғұзырын мойындайды. бірәқ басыбайлы бодан емес, әскери одақтас. шыңғыс хан заманына жалғас тарихи мұрада есугеи мен тоғрыл анда аталады. күмәнсіз жағдай. әйтсе де екеуінің билік-мансабы пара-пар емес: тоғрыл – қуатты, үлкен ұлыстың ханы, ал есугеи – жеке басының ерлігі мен мәрт мінезіне қарамастан, ұлы даладағы екінші, тіпті үшінші дәрежедегі тайпаның, өз қарауындағы жұрты да толық мойындамаған, қатардағы басшысы. ортағасырлық еурөпә тіліне көшірсек, тоғрыл – сюзерен, ал есугеи – вассал. үлкені – жетекші, қамқоршы, кішісі – қосшы, қорғаушы, әрқәйсісінің өзіндік құқығы бар, тиесілі міндет, парызы бар дербес түлғәләр.
десе де, екеуінің алғаш табысуы – тепе-теңдік жағдайында болғаны айқын аңдалады. есугеи – қарашы емес, анда. бұл – кереи ұлысындағы, кеиінде оң хан атанған тоғрыл мен оның аға-бауырлары арасындағы таққа талас кезеңі болатын. сондықтан қят есугеидің қол созуы – тоғрыл ханға күтпеген және уақытында келген қосымша көмек, керек десеңіз, шешуші күш болды. сөнімен қатар, тоғрыл хәнмен жақындық есугеидің өз жұртының ішіндегі шатқаяқ жағдайын да нығайтуы сөзсіз. мұның бәрі біз бастап баяндаған оқиғадан біршәмә кеиін.
әл есугеи-бахадұрдың өгелінді алуы – қамбағай ханның қазасынан соң, құтұла ханның заманы. тіпті, мезгілін нақты айтуға болады: милади 1154 жыл. көктеме, немесе жаздың бәсі.
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>
<dыv alіgn=”center”>темужін сәби
<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>келесі, 1155 жылы татар тайпасына қарсы жорықты есугеи-бахадұрдың өзі бастап шығады. бұл шамада құтұла хан дүниеде жоқ, немесе есугеи қайтпас ерлік, ақыл-пәрәсәтімен осыншама мәртебе-беделге жеткен. кезекті шапқын – қамбағай ханның өсиет кегі ғана емес, арғы атадан жалғасқан жаулықтың одан әрмен ушыққан бір көрінісі.
қят жасағы (сыра, басқа да ағайындар қосылып, бірлескен, күшеиген қалың әскер) үлкен жеңіске жетеді. татар қонысын ойрандап, қаншама жанын қырғынға ұшыратып, қисапсыз малын олжалап, ең бастысы – татар әмірлері темужін-үге мен қоры-бұқаны кіріптәр тұтқынға түсіріп, қол бастаған есугеи-бахадұр үлкен абырой, әтәқпен оралады.
бұл кезде өгелін-әйкеннің аяғы ауыр екен, деп айғақтайды «жинақты тауарих». және «қәстерлі шежіре» мен оған жалғас «алтын топшы». есугеи жорықтан келген бетте («қәстерлі шежіре») , немесе көп ұзамай («жинақты тауарих») , қәйткенде де осы мереилі мезгілде қатыны сәтімен босанып, ұл табады. есугеи-бахадұр салымды жорық және татар көсемі темужін-үгенің қолға түсуі – ерекше екі оқиға қүрметіне, несібелі ырым үшін тұңғыш ұлының есімін темужін қойыпты. болашақ шыңғыс хән!
жөргекке жетпеи-ақ өзгеше талайы танылды деиді. анасынан туғанда оң жақ қолына кепкен бауырдай ұйыған қан уыстап туады («жинақты тауарих») . басқа деректер бұл ғәжәйіп жағдайды нақтылай, айқындай түседі. оң жақ қолына ұйыған, асықтай (асық сақасындай) қатқан қан уыстап туды, деиді «қәстерлі шежіре». оң жақ қолының алақанында үлкендігі асықтай, жентек қара қан ұстап туған екен, деиді «алтын топшы». «юан ши» – «юан тарихында» қатқан қан қызыл тасқа ұқсатылады. қазақтың ескілікті аңыз, жырында болашақ шыңғыс хан уысында қан шеңгелдеп, екі көзін ашып туады: «хан шыңғыс қатарынан асып туған, – кеудесін дұшпанының басып туған, – туғанда анасынан қан шеңгелдеп, – қызартып екі көзін ашып туған!..» «тумысында [бытымы] ірі және ғәжәйіп еді», – деп айқындайды «әулие жихәнгердің жеке жорықтары» – «шен-ву тсин-чжен лу».
аңыз ба, шындық па? мәнісі неде? әр тарапта әлденеше қайталануына қарағанда, ықтимал жағдай. бүгінгі түсінікте – қанқұмарлық, жауыздық белгісі көрінуі мүмкін. шындығында, көне заман, ескілікті жұрт ұғымында – қайтпас ерлік, өзгеше талай, болашақ биік мәртебе белгісі. «құтты тағдыр мен айрықша қүдірет маңдайына жазылғаны, бүкіл әлемді жаулап, өкім құратыны сәбидің нұр жүзінен, бар белгісінен кәміл танылып тұрған еді», –деп айтылған «жинақты тауарихта».
«шыңғыс ханның нақты туған күні мен сағаты ол заманда таңбаға түспеген», – деиді рәшид-ад-дин. сірә, жыл ортасы, депті бұдан соң. хижра есебімен алсақ, осы тұстағы «жыл ортасы» – рәби-ұл-ахир айының екінші аптасы, яғни маусымның 6–13 жаңасына сәйкеседі. лубсан данзан «жаздың алғашқы айының он алтыншы күні, талма түс кезінде» деп жазған, есебі, жаздың алғашқы жарымы – «жинақты тәуәрихпен» сәйкесіп жатыр.
шыңғыс ханның туған жылы… 1155 деп айттық.
бұдан басқаша байлам да бар. 1162, тіпті, 1167. мұның алғашқысы – бүгінгі ресми қытай тарихында қабылданған және соған орай, батыстың бірәз зерттеушілері мақұл көрген. түп негізі – «юан ши» – юан имперясінің дәстүрлі шежіресінен бастау алады. көммунистік екі алып имперянің қырғиқабақ кезеңінде қытай тарабы шыңғыс ханды қайта көтереді де, оның 800 жылдық мерекесін сөветпен аралық бұзыла қоймаған 1955 жылы емес, жағдай мүлде ушыққан 1962 жылы, дабылдатып, айрықша атап өтеді. дербестік белгісі ғана емес, әуелгі доңайбат болатын.
ал шын мәнісінде «юан ши» дерегінің ешқәндәй негізі жоқ, кеиінгі замандағы, мүлде жаңсақ мағлұмат. шыңғыс ханның көзі тірісінде, еке ұлыс құрамына енді ғана қосылған пекинде, ұлыс-бегі жалайыр мұқалы-ноянның ордасында болған түстік қытай елшісі чжао хуң нақты айтқан. «чен-тсзи-сы хуанди тсзя-сюи жылы туған», – деиді. бүгінгі тілге көшірсек, 1154 жылдың 14 феврәлі мен 1155 жылдың 3 феврәлінің аралығы. мен татарлардың жыл санау үрдісін анықтап, тянақтай сұрастырып отырып, шыңғыс ханның жасын айырып шығардым, деиді бұдан соң. әлбетте, әңгімеші, хабаршы – әскербәсі ноян, іс жүргізуші ұлықтар. дәл осы ретте ең басты тұлға – жалайыр мұқалы қаншама заман дәргеиінде болып келген әміршісі шыңғыс ханның ғұмыр есебінен жаңылысуы мүмкін емес. сартауыл жорығына аттанып кеткен шыңғыс ханның өзімен жүздесе алмаса да, оның оң қолы, қытай тарабындағы бас қолбасы, әрі ұлыс-бегі мұқалының ордасында бір жылға жуық меимән болып, емін-еркін жүрген чжао хуң ресми елшілікпен қатар, құпя барлаушы міндетін де атқарғаны белгілі. жинақтаған бар дерегі сол бір тұстағы жалпы ахуал, еке ұлыстың бөлміс-бытымы, шүржен имперясінің тағдыры, сұң имперясінің болашағына қатысты, сондықтан да боямасыз, әсіресіз, нақты әрі сенімді саналуға тиыс. тек бір ғана дәйектеме – ол заманда, тіпті күні кешеге деиін, біздің дала рәсімінде адамның тіршілік кешуі – ана құрсағына түскен кезінен басталады. іштегі тоғыз ай – бір жас есебінде. «чжо хуңның сұрағына шыңғыс ханның бұл кездегі жасы – алпыс жеті деп айтылса керек», – деиді «мен-да беи-лу» жазбасын түбегеилі зерттеген н.мункуев. анығында, күнтізбелік жасы – алпыс алты. сонда шыңғыс ханның туған жылы, атап көрсетілгендеи, 1154 емес, 1155 болып шығады. бұл – рәшид-ад-динның дерегімен дәлме-дал келеді, депті.
шіңғіс хан имперясінің толымды тарихын жазып шыққан рәшид-ад-дин шыңғыс хан доңыз жылы туып, доңыз жылы, толық жетпіс екі жыл жасап, жетпіс үшке қараған шағында дүниеден өтті деп атап көрсеткен. өлген жылы ешқәндәй күмән туғызбайды, 1227, доңыз. ал бұдан жетпіс екі жыл бұрынғы доңыз – 1155 жылға сәйкеседі. бұл да нақты. көп білетін л.гумилевтің және тағы біреулердің рәшид-ад-дин шыңғыс ханды жек көргеннен соң доңыз жылы туғызған, шын мәнісінде 1155 – доңыз емес деп шатысқаны бар, біз барлық жаңсақ пен жосықсыз дау атаулының түбін қазбаймыз деп ескерткен едік – (бырыншы кітәп, «айқындама») сондықтан сөз аяғын созбайық. шыңғыс хан тарихын, көне заман жосығын жете таныған бартолд пен грумм-гржимәйлө және владимиртсов бір ауыздан осы рәшид-ад-дин мен чжао хуң дерегін мақұлдаған болатын.
сөнімен, қайыра түйіп айтсақ, шыңғыс ханның туған жылы – милади 1155, доңыз, хижраның 550 сәнәсі.
енді, туған жері. ескілікті мұраларда атап айтылған. «жинақты тауарих» – делүн-бұлдақ деп аталатын қоныс. «қәстерлі шежіре» – онандағы делюн-болдақ. «алтын топшы» – онанның делигүн-болдағында. жер атаулары уақыт оза келе, тілмен бірге түрленетінін ескерсек, рәшид-ад-динның ескілікті, нақты жазбасын қабылдағанымыз жөн. делүн-бұлдақ. көне түрік тілінде долы-төбе, делқүлі-белес, есірік-қырқа (делі-бұлтық) , сірә, жазда желтең, қыста боранды төскеи.
«жинәқті тауарих» қоныс әтәуімен ғана шектелген. есугеи-бахадұр татарды ойсырата жеңген соң осы жерге келіп тоқтаған (қонған) екен деиді. қай шама, қай тұс – нақтыламайды. ал «қәстерлі шежіре» мен оған сабақтас «алтын топшы» онан өзенінің жағасы деп атап көрсетеді. бұл онан өзені қәзірде кентеи аталатын тау жүлгесінен басталып, амурдың толымды бір саласы шилкә өзеніне деиін… сегіз жүз шақырымға кетеді. түстігі моңғол республикәсі, терістік – ресеи федерәтсясі. оның үстіне, бір аймақ, тіпті, алыс қиырдың өзінде аттас қоныстар ұшыраса беретінін ескерсек, темужін-сабидың кіндік қаны тамған жер бізге мүлде беимәлім қалуы ғажап емес.
әйткенмен, жақсы ма, жаман ба, шыңғыс ханның атақ-дабырасы соншама, делүн-бұлдақ қәйткенде де табылуы керек екен. бұл тарапта алғаш жорамал айтқан – хіх ғасырда жасаған бурят ғалымы доржы банзаров болатын. жаңа, хх ғасыр шегінде ресеилік екінші бір зерттеуші юренски нақтылай түседі. «онанның оң жағалығы, чиндант бекінісінен жоғары, өзен арнасындағы үлкен аралдың қарсы бетіндегі делюн-бөлдөк деген жер». арыдағы еке-ұлыс шегі, кеиінгі бурят қонысы, соңғы заманда ресеи иелігі; бүгінгі моңғол шекәрәсінән сегіз шақырымдай. бұл тұспалды кезінде бартолд мақұл көрген, бүгінгі орыс шегінде деиді. арада біршәмә уақыт өткенде, 1958 жылы ссро ғылым әкәдемясінің с.киселев бастаған арнайы іздестіру тобы сол шамадағы делюн-бөлдөк деген жерге келіп қазба жұмыстарын жүргізеді, ортағасырлық адам тұрағын, әрқилі құрал-жабдықтар жұқанасын тауып, зерттеи келе, шыңғыс ханның туған қонысы осы деген байлам жасапты. бұл оқиғаны кезінде қытай ақпарат құралдары кеңінен таратады. бүгінде жалпы жұртшылық мойындап, ғылымда орныққан пікір.
әләйдә, қәзіргі моңғол қауымы мұндай жәғдәймен келісе алмайтын еді. шыңғыс ханның туған мекені ендігі моңғол ұлысының шегінен шықпауы керек. «қәстерлі шежіреде» таңбаланған делюн-болдақ, «алтын топшыдағы» делигүн-болдағ бүгінгі моңғол тілінде «көкбәуір (талақ) төбелер» деген ұғым береді екен. осы атаулас, немесе осыған дыбыстас мекен-жәйләр жоқ емес, соның бірі қәжетті шамадан табыла кетеді. моңғол республикәсінің сөлтүстік-шығыс беті, хенти аймағы, дадал сұмыны. онанның шағын бір тармағы балд өзенінің құйғанына тақау, сұмын орталығы баян-оводан құнан шаптырым жерде. орыс нұсқасынан бір айырма – онанның оң жағасы емес, сол жағасы және ескілікті деректерден өзгешерек – негізгі арнадан жиырма шақырым қашықта әрі тым сұрықсыз жер екен. соған орай кеиінде тақау төңіректен делүгүн аталмаса да, бітімі көкбәуірғә ұқсас тағы бір төбелер таласқа шыққан жағдайы бәр.
біздің байыбымызша, берідегі халха нұсқасының қисыны жоқ, әуелгі бурят болжамы да күмәнді. шыңғыс хан қүрмет тұтқан, жарым ғұмырын баурайында өткерген, бүкіл қят, қала берді туыстас тағы қаншама тайпа әулие-тау санаған, айналасы апталық бұрқан-қалдұнның атауы өшіп, қайда тұрғанына деиін мүлде ұмытылған жағдайда, төңірегі асса тай шаптырым ғана, алақандай қоныс қалай есте қалмақ. сондықтан шыңғыс ханның туған жері – онан өзенінің бойы деп жалпылама аталуға керек. ал тарихи делүн-бұлдақ – осы бұрқан-қалдұн тарабы, есебі бүгінгі кентеи тау жүйесінің өнәнмен астас әлдебір тұсы, сөлтүстікке бұра тартқан орта, немесе төменгі ағысы емес, әуелгі, өңтүстік-шығысқа қарай көлбеи аққан бастапқы бөлігінде болды деп шамалар едік. жас келіншегінен айрылған чіледу онанды өрлеи қашатын еді ғой, яғни сөлтүстік-батыс, өзінің мекен-жұрты – меркіт қонысына қарай. есугеидің тұңғыш ұлының тумысы – келер жылы. ол заманда ретсіз, жүйесіз жүріс жоқ. әр ру, әр атаның меншікті жәйләу, қыстауы, тиесілі көш жолы бар. есугеи-бахадұрдың қиыр шалғай, түстік-шығыстағы татарға қарсы жорық тұсында одан әрмен қашықтап, терістік бетке жұрт аударуы жөнсіз. және бұл өңір, туыстас болса да дербес тайжуыт қөнісі.
сөнімен, біз шыңғыс хан онан өзенінің басы, бұрқан-қалдұн тауының етегінде туды деп санаймыз. қәйткенде де, ежелгі ұлы даланың қақ жүрегі, бүгінгі моңғол ұлысының шегінде.
енді болашақ шыңғыс ханның тума есімі жөнінде. көп жұрт қабылдаған, қалыптасқан ұғымда темужін – «темірші», яғни «ұста» атауынан туындаған деп саналады. «р» дыбысы жоқ қытай тілі мен жазуының әсері деитіндер де бар. бірәқ парсы тілді, араб қәріптерімен таңбаланған рәшид-ад-дин және басқа да мұсылман тарихшылары дәп солай – темужін (темучин, темучжин, темуджин) деп жазған. керісінше, бұл ескілікті мұраларда әрқилі қалыптағы темір (тимур) есімі де көптеп ұшырасады. мәселен «жинақты тауарихтың» өзінде ғана: темір, темір-жүрек, темір-мәлік, темір-бұқа, темір-құтлұқ, бұқа-темір… яғни, темужіннің «темірге» ешқәндәй қатынасы жоқ. сөнімен қатар, үйлес есімдер де ұшырасады екен: шыңғыс ханның кенже інісінің аты темуге, қарындасы – темулүн. және міңбегі, сүнит темудер. және кеиінгі құбылай қағанның ұлы темеші. (қазақ, арғын қуандық ішіндегі үлкен бір тармақ тағы да «темеш» аталады.) түбір негізі айқын көрініп тұр – «тему-», немесе «тем-». «тем» – көне түрік тілінде «бекіткіш», «тіреуіш» мағынасын береді (махмұд қашғари) . ежелгі қазақ епөсіндә «тем» – әскери олжа, үлес, сыбаға. есім төркіні басқа бір тараптағы, бүгінде мүлде ұмытылған, ескілікті бір ұғымға тірелуі де мүмкін. түпкі етимөлөгясін айғақтау – үшінші кезектегі мәселе. біз тек қана темужін – «темірден» алыс, ежелгі мұраларда нақты, дәлме-дал таңбаланған есім екенін айғақтау үшін ежіктедік.
сөнімен, милади 1155 жылы, жаздың басы, юн – маусым айының орта шенінде ұлы даланың өрі, онан өзенінің бойында темужін деген сәби дүниеге келіпті. болашақта жер әлемді қайта құратын ғаламат тұлға – дәнәгөй сәясәткер, ақылман көсем, ұлы қолбасы, сайыпқыран шыңғыс хән!
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>
<dыv alіgn=”center”>темужін өскін
<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>темужін – болашақ шыңғыс хан дүниеге келді. уысына қан шеңгелдеп, екі көзін ашып туды.
бұдан соңғы сегіз жылы ешбір тауарих, шежіреде таңбаға түспеген. бірәқ ұлы дала шегіндегі көшпенді көне жұрт, оның дәстүр-салты турасындағы батыс, шығыс деректері негізінде нақты белгілеи әләміз.
әуелде – туған тойы, бүгінгі тілге көшірсек, шілдехәнә.
бүдән соң тал бесікте жатады. әлбетте, өгелін-ананың меиірлі ақ мәмәсі.
екі-ұш жасында атқа мінеді.
үш-торт жасында балаларға арнап қиылған алаңғыр-садақ тартуға үйренеді. нысана көздеп мәшіқтәнәді.
киіз үйде қонып, ат үстінде өседі.
әлті-жеті жасынан аң аулауға қатысады. алғашқы аңшылық, сәтті олжадан соң бас бармағы мәйләнәді.
сегіз жасында… енді нақты куәлік, таңбалы деректер.
бүл кезде темужін жалғыз емес, көп ағайынды – атадан жетеу, анадан бесеу.
өгелін-әйкеден: екі жас кіші інісі қасар, төрт жас кіші інісі қашығұн, алты жас кіші інісі темуге және әлі бесіктен шықпаған қарындасы темулүн бар. тоқал шешесі сөчигіл-енеден бектер және белгүтәй деген екі ұл; бұлардың нақты жасы беимәлім, бірәқ темужінге тетелес, бәлкім, егіз. батыстың кеиінгі бір зерттеушілері сөчигіл – есугеидің алғашқы, сірә, төменгі таптан шыққан, заңсыз әйелі болса керек, ал бектер, тәрізі, темужіннен көп үлкен деп шамалайды. ол заманда қағазданған, ресми неке болмайды, қайдан шықса да, әуелгі әйелдің құқығы артық және күңнен туса да, барлық баланың дәрежесі бірдеи, тек ең үлкен ұл мен кенже ұлдың өзіндік салмақ, үлесі бар, әлбетте, өмір жолында әрқәйсісі өзінің қәбілет-күшіне қарай мәртебеге жетпек. сөнімен, қатын, яғни бас бәйбіше – өгелін, үлкен ұл – темужін, әзірге жасы кіші темуге кеиінде кенже болып қалады – темуге-өтшіген, немесе жәй ғана өтшіген, отшы – ошақ иесі, қара шәңірәқ.
темужін сегіз жасқа келді. енді қалыңдық таңдау керек екен. әлбетте, ежелден-ақ өзәрә қыз алысып, қыз берісу қалыпты дәстүрге айналған, мәңгілік, айнымас құда қоңырат тайпасынан. оның ішінде темужіннің нағашы жұрты олқұнұт руынан. демекші, есугеи бір көргеннен-ақ тағаты кетіп, болашақ қауып-қәтер, бітіспес жаулықтан тайқымай, меркіт көсемінің інісінен тартып алған өгелін олқұнұт ішінде кімнің қызы, ата-тегі қандай, – бұл тарапта ешбір тарихта айтылмаған. меркіттің билеуші әулетіне қыз ұзатуына қарағанда, ел тұтқасын ұстаған тұқымнан болса керек. қәйткенде де есугеи, әрине, кеиінде танысқан, біліскен, араласқан қайын жұртына сапар шегеді. бірәқ барар жеріне жете алмапты. жолай, шекшер және шықұрғы деген қоныстардың аралығында, ат үстінде қоңырат дай-ноянға ұшырасады. (тиесілі деректерде дай-ноян қоңыраттың қай бұтағынан шыққаны нақты көрсетілмеиді. тек үнемі дербес, айырып аталатын олқұнұт емес; әдетте жалпы қоңырат әтәуімен көрінетін жарлұқ табынан деп айтар едік.)
көріс, амандықтан соң дай-ноян:
«уа, есугеи құда, қайда беттеп барасың?» – деп сүрәйді.
әлбетте, елдің ежелгі салты бойынша, барлық қят – қоңырат үшін ортақ құда және керісінше, барлық қоңырат – қятқа құда жұрт саналады.
«мына көбегенге нағашысы олқұнұт елінен қыз айттырмақ едім» – деиді есугеи.
«үліңнің көзінде от бар екен, жүзінде шұғыла тұр екен», – депті дай-ноян.
содан соң ойлана бере айтты деиді:
«біздің қоңырат ежелден-ақ төңірегімен түгел беибіт ел. ұлдарымыз ел қорыған ерлігімен мағлұм, қыздарымыз жұрт сұқтанған көркімен мағлұм. біз қас ару қыздарымызды адымы алымды қара бура жегілген еңселі көк күймеге мінгізіп, қаған болған арыстың алтын тағына қатар отырғызу үшін сіздерге қарай әспеттеп ұзатар едік. көркі кемел қыздарымызды жүрісі жедел буырыл бура жегілген қарағұт күймеге мінгізіп, ұлықтаған ұлдарыңның қосағы болып, төрде отырсын деп, әлпештеп ұзатар едік… сапарың оң болғай, хош келдің», – депті.
содан соң толғана тұрып айтты деиді:
«есугеи құда! мен бүгін түнде өзгеше түс көріп едім. жан адамға жарлағам жоқ. түсімде қолыма қыран құс келіп қонды. бір шеңгеліне күн тұтқан, бір шеңгеліне ай тұтқан ақ сұңқар. төңіректі түгел ақ нұрға толтырды. енді жоруын тауып тұрмын. маған көрінген – қят жұртының киесі екен. міне, көбеген ұлыңды ертіп, біздің тұсқа келе қалдың!» – депті.
тәғі да әйтті:
«ежелден-ақ біздің қоңыраттың қыздары – ажарлы, пәк таза, әрі жұғымды, инабатты. әйелдері – арын берік сақтайтын адал жұбай. соған орай жиендеріміз де кісілікті, келбетті болып туады, – деді. – есугеи құда, енді біздің үйге соға кет. менің де бір кішкентәй қызым бар еді, көз салып қара», – деді.
дәй-ноян есугеи-бахадұрды бастап үйге әкеліп, қолтықтап аттан түсірген екен.
есугеи кішкентәй қызға бәжәйләп қараса, көзі нұрлы, жүзі шуақты көрінді. аты бөрте. темужіннен бір жас үлкен, тоғызда. бек ұнатты.
осы күні қонып, ертесіне бұйымтайын білдірді. сонда дай-ноян әйтті:
«көп сұратып бұлданса, қыздың құны артпас, қолма-қол көнсе, бағасы кемімес. қәйткенде де ата-ананың босағасында байланып қалмайды ғой. қызымды береиін, – деді. – тек ұлыңды күйеу бала ретінде бізге тастап кетесің», – деді.
«жә, қалауың болсын!» – депті есугеи-бәхәдүр.
«қәстерлі шежіре» және өнімен тамырлас «алтын топшының» айғақтауы бойынша, қоңырат дай-ноян мен қят есугеи-бахадұр осылайша құдаласқан екен.
есугеи-бахадұр құдалық жоралғысы ретінде дай-ноянға жетек атын сыилап кетеді. және темужінді тапсырар алдында арнап айтыпты:
«балам ит атаулыдан қатты қорқатын еді. сол иттен қорғалап жүргеисің!..» – деиді.
бүл не деген сөз? кеиінгі зерттеушілер сан саққа жүгірткен. темужін жас кезінде (тыпты, одан кеиін де) қорқақ болыпты деседі кеибірі. кішкентәй баланың қорықпас жөні жоқ, моңғол төбеттері аса ірі, бағымсыз, түгелдеи қабаған, деиді екінші біреулері ақтап. шындығында, қабаған иттен, мәселен, бос жүрген неміс өвчәркәсі мен ағылшын дөгінән, күні бүгінгі, дәті берік үлкен кісінің өзінің қорқуы заңды. «алтын топшыны» ана тілімізге аударған және ғылыми түсініктерін жасаған жүкел хамай қазақтың аруақты кісіге ит өш болады деитін ұғымына сілтеиді. бірәқ біздің орайда есугеи сөзінің мүлде басқа бір мәнісі бар. ежелгі түрік қауымында ит – бөрімен қосарлас, мағналас, тіпті, шендес, тепе-тең дәрежеде танылған мақұлық. «қәстерлі шежіре» бойынша, алтын құрсақты алан-құбаға түн жарымда шаңырақтан құйылатын тәңірінің нұр-сәулесі әуелде жирен шәшті ақсары адам ретінде көрініп, таң ата сабалақ сары төбет кеипінде есіктен шығып кететін еді ғой. сары ит. кеиінгі қазақ аңызында және түрки «дафтар-и чыңғыз-намада» – бөрі. ескілікті ұғымда кереи тайпасының арғы атасы – кер ит, қырғыз жұртының насыл-тегі – қызыл иттен. есебі, бәрі де бөрі текті.
есугеи-бахадұр болашақ шыңғыс ханның анасы өгелінді меркіт тайпасына ұзатылып бара жатқан жолында күшпен тартып алды. бұл оқиғаның арты онсыз да қырбай жаулықты одан әрмен ушықтырып, қаншама қанды оқиғаға себеп болғаны, ақыры меркіт қауымының үлкен апатқа үшірәуімен аяқталғаны белгілі. меркіт те түрік текті, бөрі нәсілі. демек иттен алыс емес. бәлкім, тайпа төтемі – нақты, кәдімгі ит болуы. яғни, есугеи-бахадұрдың дай-ноянға ит турасындағы ескертуі – меркіт шапқынынан сақтандыру. темужін бала – дай-ноянның меимәні ғана емес, болашақ күйеу. қоңырат та іргелі жұрт, ал дай-ноян – осы қоңыраттың алымды бір бөлігі, тәрізі, жарлұқ руының әмірі. қандай жағдайда да, өгеліннің кегін қайтармақ меркіттен аманат баланы қорғап қалуға тиіс.
ендігі бір мәселе – болашақ күйеу баланың қайын жұртында қалуы. байқап қарасақ, атап айтылуы – «қәстерлі шежіре» мен «алтын топшыдан» бастау алады. міндетті рәсім сяқты. олай болса, дәстүрдің мәнісі неде? бұл тарапта да батыс білгірлері «еркін ойға» жол берген. біреулерінің айтуынша, кәдімгі жалшылық. құл есепті. екінші біреулері сәл жұмсартып, қалыңмал өтеу амалы деседі. яғни құдаласқан жақ кедеи болса, немесе артық мал-мүлкін аяса, баласын қізметші қылып бермек, сөйтіп, құдалық борыш-қарышын өтеиді. мұндай құлдыққа, қорлыққа көнгісі келмеген намысты ересек жігіттер басқа бір тайпадан, жаулас жұрттан қыз алып қашады деп қояды. тіпті, есугеидің өгелінді тартып алуы – осындай, арзан әйел табудың амалы болатын, деп жазғандар бар.
шындығында, кеиінгі түрік қауымында аталмайтын бұл жағдайдың өзгеше, әдәмгершілік мағнасын аңдаймыз. әуелі, бұл – ру мен руды, жақын туыс тайпаларды өзәрә жұғыстырудың бір тармағы. баласы басқа жұртта отыр, аманат емес, қүрметті қонақ. қәйткенде, осы шамада екі ел арасында тыныштық бұзылып, қәтерлі қақтығыс тумауға тиыс. екіншіден, болашақ күйеу бала қайын жұртын, есебі, ежелден туыс тайпаны, енді одан да жақын болмақ ағайын қауымды түбегеилі танып біледі. бұдан да мәндісі, ұл мен қыз – болашақ жұбайлар бала кезінен-ақ бірге ойнап, бірге өседі, білістік қана емес, келешек татулық кепілі. сөнімен қатар, бұл – күйеу бала үшін де сын кезеңі. бізде нақты, таңбалы дерек жоқ, мүлде ұнамаған жағдайда әуелгі, алдынала келісімнің бұзылуы да мүмкін тәрізді, қәйткенде де болашақ күйеу жаңа отбасы, жаңа ортада сол тұрғыдағы жаңа тәрбиеге жетігеді, өрісі кеңіп, танымы молығып шығады. өмірлік өзгеше мектеп, қосымша үлгі.
жәлпі алғанда, қайын жұрт ішіндегі меимән-күйеулік мерзім қаншаға созылатыны белгісіз. тек әлденеше жылға кетпесе керек. шектеулі бір мезгіл. бәлкім, аралық үзілістермен, оқтын-оқтын. ал темужіннің дай-ноян шаңырағында өткерген уақыты, «қәстерлі шежіре» бойынша, тым шұғыл. небәрі оншақты күн. асса екі апта ғана. өз үйіне қайыра шақыртып алады. және себебі орынды бөлғәнімен (есугеидің күтпеген өлімі) , сылтауы қисынсыз – әкесі қатты сағынып жатыр деиді. «жинақты тауарихтың» санатына қарағанда, арада төрт жыл өтуі керек. десе де, ұзақ төрт жыл бойы сыртта болды деген байлам жоқ. тіпті, құдалық, меимән-күйеу жәйі да айтылмайды. шыңғыс ханның бас бәйбішесі бөрте қоңырат әмірі дай-ноянның қызы болатын деген дерекпен шектеліпті.
өсі орайда өзгеше байыптама. «қәстерлі шежіре» мен оған жалғас «алтын топшы» демесек, ескілікке қатысты ешбір тауарихта меимән-күйеу дәстүрі турасында ешқәндәй мағлұмат ұшыраспайды. арғы-бергі шығыс деректерінде, сол замандағы батыс деректерінде мүлде атаусыз. тұстас дала жұртының әдет-ғұрып, рәсім-салтын, наным-білігін, ең аяғы үйлену жоралғысы, отбасындық дәстүрін бәжәйләп зерттеген кәрпини мен рубрук жазбаларында жәугершіліктен тыс жағдайда міндетті қалыңмал төлеп алатыны атап көрсетіледі, қізметші, құл, меимән күйеудің елесі де жоқ. соған қарағанда, темужіннің болашақ қайын жұртында қалуы – осы ретке ғана тән, қәйткенде де әредік, шетін жағдай болып шығады. дай-ноян мен есугеи-бахадұр сяқты жұрт иесі тұлғалардың біржөлә бауырласпақ ниетінің айғақты белгісі, татулық жолындағы аманат, туыстық тұрғыдағы бала алмасу салтының әдепкі бір көрінісі. яғни, «меимән-күйеу дәстүрі» – жалпыға ортақ рәсім емес, бетінен қалқыған кеиінгі зерттеушілер долбары ғәнә.
десе де, даралық оқиға болғанның өзінде, біз жоғарыда тізбелеген ұтымды жағдайлар өз күшінде қалса керек. болашақ шыңғыс ханның өскін кезінде аз ба, көп пе, кесімді бір уақыт бойы дай-ноянның шаңырағында болғаны, соған орай, туғаны қятпен қатар, туыстас қоңыраттың да жәй-күйін, дәстүр-салтын, ондағы ел бастаған тұлғалардың жөн-жосығын, жалпы жұрттың ауан, ахуалын ұғып-танып өскені күмәнсіз деп білеміз. бұл да қәжетті, кеиінде кәдеге асқан өзгеше бір сабақ екен.

<dіv alіgn=”center” style=”color: #000000;”>есугеи-бахадұрдың өлімі
<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>әйгілі «қәстерлі шежіре» және өнімен тамырлас «алтын топшы» үлкен өмір бастауында темужін баланы айрықша қәсіретке қалдырған төтенше оқиға – есугеи-бахадұрдың күтпеген қазаға ұшырауын бәжәйләп сыпаттаған. былай әйтәді:
есугеи-бахадұр дай-шешенмен (дай-нөянмен) құдаласқан сапарынан қайтар жолда, шекшердің сары даласында той тойлап жатқан татар жұртының үстінен түседі. қатты шөліркеп келеді екен, сусын іше кетеиін деп аял жасапты. татарлар: «есугеи қян (есугеи қят, – м.м.) келді», – десіп, ежелгі жауларын бірден таниды. бұрнағы жәбір-жапасын еске түсіріп, ежелгі кегін қайтару үшін сусынға у қосып береді. есугеи жолға шіғісімен-ақ өзін жәйсіз сезініп, сырқаған, қиналған қалпында үш күн жүріп, үйіне жеткен соң мүлде ауырлап жатып қалады. «менің жағдайым мүшкіл. тақауда кім бар?» – деп сұрайды бір әлетте. қонқотан шарақа қаряның ұлы мөңлік бар екен. есугеи қасына шақыртып алып, бақұл айтты деиді: «мөңлік балам! менің ішім өртеніп барады. ұлым темужінді күйеу етіп қайтар жолда татардың қастығына ұшырадым. ақыр түбіме жеткен сяқты. бала-шағам шиттеи еді. енді сен, мөңлік балам, осы бауырларыңа, жесір жеңгелеріңе қамқор болғайсың!..» – деді. және айтты: «ұлым темужінді тезінен алып келе гөр!..» – деді. сол мезетінде көз жұмған екен.
сөйтіп, айбынды есугеи-бахадұр аталары да, өзі де көп жауласқан татардан ажал табады. жолай, той үстіне кездеисөқ келген кезінде сусынға у қосып берген. айттық, әуелде «қәстерлі шежіреде» таңбаланған, одан соңғы жазбаларда, кеиінгі зерттеушілер еңбегінде күмәнсіз саналған және жалпы жұрт қабылдаған пікір. ал біз мақұлдай алмадық. негізі жоқ, мүлде теріс мәғлүмәт.
кеиінгі және бүгінгі ресеи һәм батыс оқымыстылары көбіне-көп «қәстерлі шежіре» – тарихи деректі баян емес, тарихи тұрғыдағы шежіре-епөс, яғни көркем шығарма екенін төліғімен байыптап, нақты түйсінбеген. рас, «қәстерлі шежіре» – өзгеше тұрпатты мұра. аңыздан бәстәлғәнімен, кеиде артық-ауыс кеткенімен, негізінен ақиқатқа құрылған, басты тұрғылары көне замандағы нақты тарихи жәзбәләрмен үндесіп жатады. сөнімен қатар, тың, соны деректері де баршылық, бұлардың кеибірін қатарлас, шендес басқа ешбір куәлікте ұшыраспайтын даралық сыпатына қарай сөзсіз қабылдаған жағдайдың өзінде, замана ахуалын, көне күндер кебін ескермеи болмайды. үлкен епикәғә тән әсіре мен асыра, мәселен, «жинақты тауарихта» байыпталған сәйкес өқиғәләрмен өзәрә салғастыру кезінде анық аңдалады. есугеидің өлімін де осындай тұрғыдан бәжәйләп қарастыру қәжет. оның үстіне, кез келген ескілікті деректің өз зәмәнімен үйлесетін, көңіл ауаны емес, таза қисынға тірелетін нақты сыпаты болуға тиыс. осы тұрғыдан алғанда, біз есугеи-бахадұрды дұшпандарының қәпелім у беріп өлтіруі – ойдан қосылған епикәліқ тұздық, драмалық шиыртпақтың шарықтап барып үзілген бір көрінісі, кеиінгі, татар тағдырына қатысты қанды оқиғалардың ең басты експөзитсясі деп қана білеміз.
енді таратып әйтәйіқ.
есугеи-бахадұрдың қоңырат құдалығынан қайтар жолында татар тойына ұшырасуы неғәйбіл. ол заманда, аттаныс, жортуыл, жорық күндері болмаса, ешкім де жат жұрт, шалғай аймақта беисәуәт, селкеу жүрмеиді. татар тайпасының ұйықты мекені – ұлы даланың шығыс бөлігі, құлын, бұйыр көлдерінен басталып, шүржен жұртының шекәрәсінә деиін созылатын даңғайыр жазық. қоңырат қонысы – осы татардың түстігінде, тұр-қорғанды жағалай орныққан оңғыт шегіне барып тіреледі. орталық дала – кереиге тиесілі. ал қят – кереидің терістігі, қәзіргі кентеи – онан, келүрен өзендерінің бастауы және барғұжын-тоқым, бәйкөлге қараған еңіс. құдалыққа барар жолында татарға ұшыраспаған, сірә, ежеттес кереи жері арқылы өткен есугеи, қайтар жолында оң қапталына қиыс бұрылып, қалың татар ортасынан шығуы мүмкін емес. бұл жағдайды «қәстерлі шежіренің» соңғы құрастырушысы жақсы біледі, сондықтан да татар тойын шекшер жазығына әкелген. қят пен қоңырат аралығы, осыдан үш-торт күн бұрын ғана есугеидің жүріп өткен сорабы; ешқәндәй елесі болмаған, енді той тойлап жатқан қаншама жұртқа ұшырасады-мыс. сондай-ақ, шөліркеу жөні де ойдан шығарылған сылтау – есугеиді тоқтатып, аттан түсіру керек. ол заманда, тіпті, күні кешеге деиін иенге, ұзақ жолға шыққан кісінің қәжетті әзіғімен қатар, жеткілікті сусын құйылған жанторсығы болады. көлденең той, күтпеген ауылсыз-ақ, ашықпай, аңқамай жүре бермек.
жәрәр, ен далада мереке, сауық құрып жатқан азды-көпті татардың үстінен шықсын. есугеи, қандай ортаға келмесін, дала рәсімі бойынша, меимән. яғни, қастандық, қысас атаулыдан тыс. ауыл, үй иелері, өздерінің жамандық ойламасы тұрыпты, қалаған, немесе қаламаған қонағын әлденендеи сыртқы қәтерден де сақтауға міндетті. және қәжетті ас-сумен қамтамасыз қылуы шарт. ұлан-асыр той түгілі, түзде жәйілғән шағын дастарқан басына көлденеңнен келіп қалған адам осы, дәл өзіндеи жөләушіләрмен бар мәзірге теңдеи ортақ, азды-көпті тамағын бөлісіп жеиді. жеке сыбаға емес, жалпы жүртпен бірге. осы рете қасақана улану тіпті қисынсыз. қандай жағдайда да ас иесі ортақ дастарқан үстінде қонағына құйылған сусынды (әдетте қымызды) ең әлдімен өзі дәмін татып қана ұсынуға тиыс. қонақ қана емес, қатарлас отырған кез келген кісімен, айрықша қүрмет, сыиластық белгісі ретінде шара алмасу деген бар. яғни, дастарқан иесі татар атағы зор, мәртебесі биік қятқа қымыз ұсынарда әлдімен өзі ішіп көреді, содан соң ғана қонағына тартады. өз кезегінде есугеи бірер жұтып барып, отағасыға қайтаруы керек. бұдан соң ыдыс алмасу басқа кісілермен одан әрі жалғасады, екінші, үшінші кезектен соң ғана дастарқандас қауым жаппай сусындайды. онда да быр-біріне арнайы сяпат жасап, ара-тұра қымыз шараларын ауыстыра отырып. бұл – бұзылмас қағида. әуелде сақтық үшін шыққан, кеиінде қалыпты, міндетті рәсімге айналған. есебі, қай тұрғыдан алғанда да, татар жұртының есугеи-бахадұрды әлдеқәләй улауы мүмкін емес. басқаны былай қойғанда, қасында қалың әскері жоқ, жалғыз атты жолаушыны (тыпты, жекелеген қосшысы, шағын жәсәғімен бірге) сол жерде болмаса, артынан, қаншама кісімен қуып барып қазалау қиын ба. жоқ, жартылай ғана улап, үш таң асырып үйіне жеткізіп, кімдердің кінәлі екенін (соған орай кексіз кетпеуін) айтқызып барып өлтіруі керек екен. көлденеңге сенімді, кеиінгіге күмәнсіз, шын мәнісінде түз жұртының мінез-құлық, дәстүр-салты тұрғысынан алғанда, ешқәндәй долбарға келмеиді. парасатты қисынын әйтпәғәндә.
енді шежіре-епөс, әдеби-көркем туынды емес, таза тарих, нақты дерек, мағлұматқа құрылған рәшид-ад-дин еңбегіне жүгінеиік. мұнда есугеидің төтенше өліміне қатысты ешқәндәй емеурін жоқ. бар – бахадұрдың жастай кеткені, бала-шағасының жетім, екі әйелінің жесір қалғаны. үлкен трәгедя. бірәқ белгілі бір драмалық оқиғалардың нәтижесі емес. мезгілсіз болса да, өзімен келген меиірімсіз әжәл.
рәшид-ад-дин шыңғыс ханның ғұмыр кешуіне байланысты, есугеи-бахадұрдың өлімі турасында бірнеше мәрте айтқан. жастай кетті деиді. балалары жетім, әйелдері жесір қалды деиді. әкесі дүние салған кезде темужіннің жасы қаншада болғанын екі, әлде үш рет қайталайды. алайда, қастандықтан үзілді деген сөз жоқ. татар тайпасының жәй-жапсары, аталас әғәйіндәрмен алауыздық, қятпен арадағы бітіспес жаулық бәжәйләп жазылған, татардың қят қамбағай ханды өпәсіздіқпен шүрженге байлап беруі, бартан-бахадұрдың туған ағасы үкін-барқақты және ұстап тапсыруы, басқа тұрғыдағы қаза мен қақтығыстар бүкпесіз айтылған. осы орайда сол татардың есугеи-бахадұрға қастандық жасауы ұмыт қалмаса керек еді. және темужіннің туған әкесі болғандықтан, және бұл өлім болашақ шыңғыс ханның тағдыр-талайына тікелеи байланысты, оның қилы кешу, ұзақ ғұмырындағы ең үлкен қайғы болғандықтан, аталмай кетуі мүмкін емес-ты. сондай-ақ, рәшид-ад-дин татар тайпасының өткен шежіресін, тұстас тарихы мен жәй-күйін баяндаған арнайы тарауда, бұдан соң әуелде қят жүртімен, кеиінде шыңғыс ханның өзімен арадағы ұрыс-соғысын сыпаттап, өткен-кеткендегі жәбір-жапа, қянат-күнәсін қайыра тізбелегенде, ең ақыры, жеңіліске ұшыраған татар қауымы қатал үкімге кесілгенде – ешбір жерде олардың есугеи өліміне себепкер болғаны айтылмайды.
ал әсіресіз, тек шынайы деректер негізінде ғана қалыпталған «әулие жихәнгер»: «есугеи өмірден ерте кетті, шыңғыс бұл кезде жас еді», – деп таңбалайды. бұл мағлұматты «юан ши»: «есугеи өлгенде шыңғыс хан жас қалды», – деп нақпа-нақ қайталаған. есугеи-бахадұрдың кездеисөқ қазасы туралы айтылмайды, яғни, шыңғыс ханның әкесі табиғи жағдайда, өз ажалынан өлген. бұл ежелгі екі нұсқада да, татар үлісімен арадағы кеиінгі соғыстар сыпатталғанда, олардың қонағын улаған зұлымдығы жөнінде ешқәндәй лепес жоқ. демек, дәл мұндай оқиға шын өмірде үшірәспәғән.
түйіп айтқанда, «қәстерлі шежіреде» есугеи-бахадұрды татар тайпасының у беріп өлтіруі – әйгілі епөсті құрастырып, қалыптап, көркемдеуші, бәлкім, ең соңғы шебердің қялынан туған, тарихи негізі, өмірлік дерегі жоқ, үстеме болып табылады. неге десеңіз… біріншіден, шығарма сюжетін ширықтыра түсу. екіншіден, бұдан соңғы кезеңде асыраушы, қорғаушы қамқорынан айрылған үлкен үйелменнің басына түскен ауыртпалықты – әдепкі ажал емес, төтенше қастандық нәтижесі ретінде көрсету арқылы трәгедяліқ жағдайды айқындай бедерлеу. үшінші – кеиінгі шыңғыс ханның меирімсіз қаталдығына дәлел, дәйек табу, бала кездегі барлық азапқа себепші болған қысасты қаза – оның бүкіл өміріне әсер еткенін айғақтау. төртінші және ең басты себеп – сол заманның өзі үшін айрықша әщәді көрінген татар қырғынын ақтау, ақтамаса да оның түп негізі мен себебін ашып көрсету арқылы мипаздау, керек десеңіз, бүкіл қят өшпенділігі емес, шыңғыс ханның жеке кегі ретінде көрсету. бұл соңғы жағдаятқа келсек, татар мен қят арасы, тіпті, атаулы татар тайпасы мен қалған бүкіл түрік-татар қауымының арасындағы жаулықтың тамыры тым тереңде, себебі сан салалы. ұлы даладағы өктемдік үшін күрестен басталып, ақыр түбінде мүлде ушыққан зобалаң. шыңғыс ханның орайлы мезеті келгенде жаулас татар тайпасын қырғынға кесетін айып-айғағы көп, оның ішінде үлкен қяттың ханы қамбағайдың беибіт құдалық сапар үстінде елдің ежелгі рәсіміне қайшы, озбыр өпәсіздіқпен тұтқынға алынып, жүз жылдық дұшпан, бүкіл ұлы даланы қанға бөктіріп, зорлық-зөмбіліқпен өктеп отырған шүрженге тапсырылуының өзі жетіп жатыр. «қәстерлі шежіре» өмірде болмаған оқиға – есугеи-бахадұрға у беріп өлтіру арқылы, алда баяндалмақ қанды оқиғалар барысын одан әрмен асқындырып көрсеткен. біз қәйткенде де ағайын арасына әреке кіргізген татар тайпасын ақтамаймыз, ақыр түбінде осы аталы жұртты ойран қылған қят және басқа да түрік-татар текті қауымды қалтқысыз жақтамаймыз, сөнімен қатар, нақты шындықтың да бетін ашу қәжет деп білдік.<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>

<dыv alыgn=”center”>ыы т а р а у

қысталаң

<dыv alіgn=”center”>өзгеше өгелін
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>шыңғыс хан әкеден он үш жасында айрылды деп атап көрсетеді рәшид-ад-дин. әр тұста, төрт, үш, әлде бес мәрте қайталап, бекітіп айтқан. «қәстерлі шежіредегі» тоғыз (сегіз) емес, он үш. бүгінгі, туған сәтінен басталатын күнтізбелік санат бойынша он екі.
мезгілсіз кеткен есугеи-бахадұрдың артында жеті перзент қалыпты. бәйбіше өгеліннен: үлкен ұл темужін, бұдан соңғы қасар он жаста, қашығұн – сегіз, темуге – алты жаста, темулүн есімді жалғыз қыз төртте. тоқал сөчигілден туған бектер, сірә темужінге тетелес; екінші ұл белгүтәй шамасы сегіз-тоғызда. бұғанасы бекімеген соншама бала-шаға. бұл кезде өгелін отызға жаңа келген, ал сөчигіл одан бірер жас кіші болуға тиыс. екі жесірдің де бар тіршілігі әуелгі күйеумен шектелуі шарт емес еді.
ежелгі түрік-татар (және оған жалғас кеиінгі қазақ) ғұрпында әкеден айрылған жас бала панасыз қалмауға тиыс, ал жесір әйел әменгерлік жөнімен алғашқы қосағының кіндіктес, немесе ағайындас туыстарының бірімен отасуы керек. ұрпақ қамы, әулет берекесі. алайда, есугеи-бахадұрдың үйелмені мүлде басқаша жағдайға ұшырайды.
бұл кезде есугеидің туған інісі дарытай-өтшігеннің көзі тірі, қатардан шықпаған, бар дәулеті бауырында, күш-қуаты бойында. есугеидің ағасы некүн-тайшының ұлы құшар бар. «құшар – жебесі көз көрмеске ұшар» деп атаққа шыққан әйгілі садақшы. бұлардан басқа, немерелес, шөберелес тағы қаншама әменгер тұр. үлкен ағасының жыл уақыты өткен соң, кезегімен сөз салары күмәнсіз. әлбетте, ең әлдімен – марқұмның туған інісі дәрітәй.
жіл уағы жетпеи-ақ, тіпті, есугеидің топырағы құрғамай жатып, қят тайпасының сұрқы бұзылады. әуелгі алалық тайжуыт руынан басталыпты. бұрнағы қамбағай ханның әулеті енді өздері жұрт билегісі келген екен. оларға ежелден алалығы бар, немесе есугеи күштеп ұйыстырған басқа да атаның балалары және қашанда жуанның ыңғайына жығылғыш, күнкөріс пен пайдасын ғана ойлайтын тауансыз тағы қаншама жан қосылады. бәрін қоздырған және ұшқастырған – қамбағай немересі, адал хан ұлы тарғұтай-қырылтұқ екен. (тарғұтай – тума есімі, ал қырылтұқ – «сараң», «қытымыр» деитін анықтама деп жазған рәшид-ад-дин.)
сол жылы жазғытұрым ата-бабалар зираты басында қамбағай ханның атаулы бір асы беріліп, жоқтау-жыр айтылуға тиыс болатын. қайғы басқан, қам-қәрекеті көп, тәрізі, атап шақырылмаған өгелін, ас жөнін көлденеңнен, кеиінірек естігендіктен, кешігіп жетеді. табақ тартылып кеткен, қәйткенде де кешегі ел билеген есугеи-бахадұрдың қүрметті қатыны, өзіндік орны болуға тиыс өгелінге сыбаға қәлдірмәпті.
өгелін ас иелері – қамбағай ханның қос жесірі өрбәй мен соқатайға реніш білдіреді. «аталардың асынан мен неге шетқәқпәй қалдым? тым құрыса сарқыт қоймағандарың қалай? есугеи-бахадұр өтіп кетті деп, бала-шағасы шиттеи, енді осып-жетпес деп басыну ма бұл? әлде жұрттан ұялмай, мүлде ірге бөліспек ойларың бар ма?!» – деиді.
сөндә өрбәй мен соқатай ханымдар әйтіпті:
«сені асқа шақырмаса да болатын еді. шақырып алып дәм татырмаса да болатын еді. сұранып, тіленіп тұрсаң да түк жоқ!..» – деиді.
шәқірудән қақас, сыбағадан шет қалдыру – есугеи ендігі есепте жоқ, оның жеке шаңырағы қауымнан тыс, бізбен теңдес ел билеушілер әулетінің қатарынан шығарылды деген байламның тұспал, көрінісі бөләтін.
ертеңіне тарғұтай-қырылтұқ бастап, өнімен немерелес құрыл-бахадұр қостап, бүкіл тайжуыт руы және оларға қосылған тағы қаншама жұрт түп көтеріліп, онан өзенін құлдап, үдере көшті деиді. сол кезде аталас ағайындар ішіндегі жасы үлкені, күні кеше ғана есугеидің ығында жүрген, енді тақау қонысынан қозғалуға беттеген төдеген-керте қаряға темужін баланың өзі барып, алдын кеседі. қасымызда қал, жалаңқы жұртқа қосылма, деп өтінеді. сонда төдеген-керте айтыпты: «қасқа бұлақ тақа тартылды, қара тас қақа жарылды. мұнда мен қарайлайтын не бар? – деиді. – ендігі бөгеліс ақымақшылық қана болар еді, тоқтамаймын, басқаша шешім жоқ!» – депті. сөйтіп, ол да көшеді. әлбетте, жалғыз үй емес, бүкіл қотаны – қаншама қосшы, жарақшы, мәлшісімен бірге.
әйтсе де, кешегі есугеи-бахадұрдың ордасы, бүгінгі өгелін-қатынның іргесінде біршәмә жұрт қалған. есугеидің туған інісі дарытай-өтшіген. ағасы некүн-тайшының ұлы құшар. жеке бастары ғана емес, қарауындағы қаншама жүртімен. есугеидің бұрынғы нөкерлерінен шарақа-ебуген бар, сыңайы, бүкіл қонқотан руімен.
енді өгелін айбынып атқа мініп, ту көтеріп, шарақа-ебуген қол бастап, ауған жұрттың соңынан қуа шіғәді.
көшкен ел қуғыншы әскерді көрісімен, түзем құрып, ұрысқа әзірленіпті. екі жақ бетпе-бет келгенімен, шайқас бірден басталмайды. әуелде келіссөз, үгіт, өтініш. марқұмның әулетіне адалдық, кісілік парыз, ар-ұят жөнінде. әлбетте, үлкен уәж – кешегі еңселі есугеи-бахадұрдың жесірі өгелін тарабынан. ешкімнің беті қызармайды, ешкім де көш басын кері бұрмайды. бұдан соң, кеше ғана бір жұрт болып отырған ағайындар арасында кәдімгідеи қарулы қақтығыс басталады. біртәләй қан төгілсе керек. өгелін көтерген жасақты бастап майданға кірген байырғы жәуінгер шарақа-ебуген мойнына жебе қадалып («әулие жихәнгерде» найзаға шалынып) , ауыр жараланады. аз ба, көп пе ұрыста екі жақ жеңісе алмайды, теріске беттеген көш біржөлә кетеді. қуғыншылар да барлығып тоқтапты. әйткенмен, мүлде нәтижесіз емес. бетін қайтарып бөліп алған, немесе майданнан қалыс қалған, әуелден-ақ екі ойлы бірәз жұрт үйреншікті күренге оралыпты.
бұл кезде күрт есеиген он екі жасар темужін де ұрысқа тікелеи қатынасқан екен. қайтып келгеннен соң, жарадар шарақа қарттың көңілін сұрай барады, бұдан соңғы іс, қам-қәрекет жәйіндә ақылдаспақ. қатты қиналып жатқан шарақа-ебуген айтады: «сенің абзал әкең дүниеден озған соң біздің жұрт берекеден айрылды, барлық әскер бетімен кетті, сені жас бала көріп, бағыныштан бас тартып, бодандықтан шықты. мен қадарымша жағдайды түземек едім, көктің жәзмішімен осындай кепке ұшырап, опырылып түстім…» – депті. темужін бала адал нөкердің жарақаты ауыр, жағдайы қиын екенін көрген соң, еңіреп жылап жіберді деиді. қарт батырдың жан азабын ауырлатпас үшін сыртқа шығып кетеді. сол сәтінде шарақа-ебуген де көз жұмған екен.
есугеиден соңғы, жұрт тозған кезеңді дәйектеген рәшид-ад-дин: «құлағу хан мен абаға хандар заманында әмір болған ел-темір, бүркіт пен ителгі осы кісінің әулеті», – деп айғақтайды. біз шыңғыс хан тарихын баяндау барысында шарақа-ебугеннің жақын ұрпақтарының бірәзімен жүздесетін бөләміз.
есугеи-бәхәдүрмен әуелден-ақ ынтымақтас қонқотан руының көсемі шарақа өлді, бірәқ оның ұжымындағы, бел баласы мөңлік бастаған азды-көпті кісі өгеліннің төңірегінде қалды. және айттық, екі қайын – дәрітәй мен құшар барлық жүртімен. тағы біртәләй атаусыз қауым. жиналып келгенде қаншама бодан. енді есугеи жесірі өгелін-қатынның және үлкен ұл темужіннің төңірегіне топтасса керек еді. алайда, ілкіде шарақа қарт айтпақшы, бұл ағайындар да темужінді жас көреді. дай-ноян бірден таныған «көзіндегі от пен жүзіндегі шұғыланы» аңдамайды. ал өгелін… әменгерлік жөнімен дарытай-өтшігенге, оны қаламаса құшарға бұйыруы керек. есугеидің екі бауырының әуелгі есебі де осыған құрылғанын көреміз.
дәрітәй мен құшар енді қәйтпек, нақтылап айтсақ, өгеліннің төңірегінде қалған алас-жақын ағайын жұрт қалай және қанша уақыт бірлікте болмақ? түйінді шешім өгеліннің еркінде түрғән.
әлбетте, есугеидің өлі денесі ата-баба рәсімі бойынша, мінген аты, қару-жарағы, о дүниеге керекті басқа да жәбдіқтәрімен, терең қазылған көрге түскеннен соң, өгелін өз қөлімен арнайы оңғұн – марқұмды беинелеитін үлкен пұт-қуыршақ жасайды, оған тіршіліктегі ең асыл киімдерін кигізіп, көк күйменің бұрнада ер-тұрман, жасақ-жабдық тұратын сол жақ босағасына орнатады, бала шәғәсімен бірге алдына ас қойып, күн сайын жоқтау айтады. жыл уағы толғанша. содан соң… оңғұн орнында, бірәқ жесірдің басы бос. дәрітәй мен құшардың аузындағы қақпақ та күшін жөяді.
кеиінгі тілмен айтқанда, әменгерлік салт күшті, бірәқ балалы жесірдің ерік, құқығы одан да зор. ағаның жесіріне үйлену – еркек туыстар үшін парыз саналса, әйел үшін міндет емес. ешкім де зорлық, зомбылық жасай алмайды. дәйекті жалғыз-ақ мысал. шыңғыс ханның кенже ұлы төле өлгеннен соң, тақта отырған өкетәй қаған жесір сұрғақтан-қатынға жақын қайындарының біріне, атап айтқанда, болашақ күйік қағанға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. жарлық есепті. алайда сұрғақтан: «балаларым жас, өсіріп, жеткізуім керек», – деп бас тартыпты. қүдіретті қағанның өзі күштеи алмаған. кереи қызы сұрғақтанның сондағы төрт ұлы: кеиінгі мөңке, құбылай, арық-бұқа қағандар және құлағу хан – әлемге әйгілі, ал сұрғақтанның өзі – шыңғыс хан имперясінің тарихында төркіні қоңырат бөртеден соңғы, тіпті, өнімен шендес, дәнәгөй, асылзат әйел саналады. сөнімен, қалап, таңдау ғана емес, қандай да күйеуден бас тарту – балалы жесірдің толық еркінде екен.
бізде таңбаға түскен нақты дерек жоқ, бірәқ басқаша болуы мүмкін емес күмәнсіз ақиқат – өгелін-қатын туған қайнысы дарытай-өтшігеннен де, немере қайнысы, атақты құшардан да бас тартады. есугеи-бахадұрдың отын өшірмеимін десе керек, төрт ұлының болашағына, оның ішінде темужіннің өзгеше талайына қалтқысыз сенсе керек. сөйтіп, жалғыз қалады.
байсыз ғана емес, бодан жұртсыз. сын сәтінде іріктелген, әуелгі қиындық күндері қасында болған азды-көпті қауым қанша тұрды, қашан тозды – айғақты белгісі жоқ. бірәқ ақыр түбінде, сірә, бір жыл өтіп, екінші жылға озбай, құшар мен дәрітәйдің қәбәтімен кетуі де анық.
жасы қайтпаған, жүзі солмаған, өңі түзу, оның ішінде үлкені айдай ару екі жесір шиттеи жеті бәләмен бірге ен далада, көшкен жұртта қала береді. болашағы бұлдыр. тіпті, сәулесіз түнек.
кім кінәлі? өгелін емес. немере бауырларынан бас тартқан құшар. бірге туған ағасының бар баласын тәрік етіп, таршылықта, қорғансыз, аш-жалаңаш қалдырған дәрітәй.
кеиін екеуі де, ер жеткен, атқа мінген, ел-жұртын ұйыстыра бастаған бауырлары шыңғыс хәнмен беттеседі. құшар бірәз уақыт қол жалғап, жарлығында болыпты. ал дәрітәйдә бет жоқ екен. әуелгі, ішкі соғыстарда үнемі інісіне қарсы топта болады. ақыры екеуі де өздеріне лайық тағдырын тәпқән.
жетімдер мен жесірлер
дүниеден мезгілсіз өткен есугеи-бахадұрдың үйелмені, әуелде жаңа ұлығына ойысқан бодан жұрты жарыла көшіп, одан соң дүдәмәл, тауансыз басқа кісілері де жырмыштала тозып, ең ақырында, жеке басының күндік пайдасын ғана ойлаған, адамдықтан тыс немере туыстары да іргесін бөліп, қорғансыз, зағип жағдайда ескі жұртында сопа бастары ғана қалыпты. жалғыздық, дәрменсіздік үстіне тақа беишәрә болатыны – тіршіліктің бірден-быр көзі саналатын қәжетті малы және жоқ. әлбетте, кезінде ел бастаған, қол бастаған, қарым-қайраты кемел есугеи дәулетсіз болмаған. мыңғырмаса да, төрт түлігі түгел. соның бәрі жұда. сірә, негізгі бөлігін, бәлкім, түгелге жуығын бастапқы, тарғұтай-қырылтұқ және оның тобындағы бұзақар жұрт барымталап әкетті; одан соңғы дарытай-өтшіген бәрі де менің еншім, маған тиесілі деп, түп көтере айдап жөнелді. қәйткенде де, есугеи-бахадұрдың жыл уағы өтер-өтпесте артындағы жетім-жесірлер сауыны жоқ, сойысы жоқ тақыр кедеи, шектеулі мініс көлігінен бөтен мал атаулыдан ада. ен далада аштан өлу ғана қәліпті.
рәшид-ад-дин есугеи әулетінің бұл кездегі қонысы – онан мен келүреннің шегі деп көрсетеді. бұрқан-қалдұн етегі деп нақтылай түседі «алтын топшы». есугеидің ежелгі жұрты, айттық, зады, шыңғыс ханның өзінің де туған өңірі.
қәлің елден жырақ қалса да, қару ұстап атқа мінер, аң аулап, олжа түсірер ересегі бар отбасы молшылыққа жетпегенімен, бар үнемін айырар еді. ал қаралы, қайғылы үйелменнің бас көтерер үлкені темужін небәрі он үш жаста. қалған балалар тіпті кішкентәй. бірәқ ақылы артық, жігерлі және әрнеге қәбілетті өгелін-әйкеннің арқасында есугеи әулеті бар қиындықтан аман өтті деп атап айтады «жинақты тауарих».
ал «қәстерлі шежіре» біршәмә бәжәйләп сыпаттаған. саналы туған өгелін-ана бұқтағын берік байланып, көйлегін көтере буынып, онан өзенін өрлеп, құлдап қарақат жинады, долана, мойыл терді, күндіз тоқтамай, түнде тыншымай, талғажау тауып, бала-шағасын асырады. сүлдерлі туған өгелін-ана сары далаға шығып, келте істікпен сарымсақ, жауқазын аршып әкелді, қалдұн-тауға көтеріліп, самырсын тәяқпен сүдін мен кішігеннің тамырын қазып алып, балаларына быламық қайнатып берді, деп толғайды. балалар да қарап қалмайды. онан-ананың жағасында отырып, ілгекті қармақ жасап, айдыннан ірі балықтар ұстады, таяз балдырдан сүзекті тартып, шабақ балықтар ұстады, бар табысын шешелерінің аузына тосып, әлпешіне алғысын қосты, деиді. әрине, үйелмен басына түскен бар қиындықты сөчигіл-ене бірге көтерісті.
өсіләйшә, күнделікті тіршілік жолындағы ауыр азап астында, шамасы тағы бір жыл өтеді. ақыры, онсыз да қәмкөңіл әулет басына төтенше қайғы түсіпті.
«қәстерлі шежіренің» баяны бойынша, бір күні темужін мен қасар, бектер мен белгүтәй төртеуі қармақ салып отырады. темужін мен қасардың қармағына тым ірі соқосұн (шоқыр? әқсерке?) балық түседі. бұрнада ешкімге дәл мұндай көрнекті нәпәқә ілінбесе керек. бірәқ қуаныш аяғы қырсыққа ұласыпты. сол арада бұл балықты темужін мен қасардан бектер мен белгүтәй тартып алады. тартып алды деп айтады «қәстерлі шежіре» және өнімен сабақтас «алтын топшы». қаншалық қисынды, мүмкін бе?
темужін – есугеидің үлкені дедік. ал бектер – қәсәрмен шамалас, асса екі аралықта. белгүтәй бұл үшеуінен де кіші. шыңғыс ханның тумысы ірі, бітісі берік, егде тартқан шағының өзінде қуаты қайтпаған, яғни, әуелден-ақ күші мығым. ал қасар алып денелі, айрықша қайратты, садақ тартқанда қарымы қатты, тіршілігінде аңызға айналған бахадұр, есебі, бала кезінде де тым әлжуәз болмаған. ана екеуі бұл екеуінен қалайша басым түспек? әлбетте, бектер бірер жас кішілігіне қарамастан, болмысы темужін мен қасардан да зор, жаралмыштан ересен күшті болса. немесе… кеибір батыс зерттеушілері оп-оңай себеп тапқан. бектердің жасы – темужін мен қасардан көп үлкен, ал белгүтәй соған тете. демек, бұл екеуінің анасы сөчигіл бұрын түскен, үлкен әйел, әйтпесе, төменшік құма, деиді. ешқәндәй қисыны жоқ. айттық, түз жұртының ежелгі ғұрпында нәсіл, тегіне қарамастан, бірінші келген әйел – бәйбіше, және, төсектес құма түгілі, есіктегі күңнен туса да, бала атаулының құқығы теңдес. (егер кеиінгі шыңғыс ханның бөртеден туған төрт ұлы ерекше аталса, бұл олардың артықша болмысынан; екінші әйел құлан-қатыннан туған, жасы көп кіші құлқан қай жағынан да алғашқы төртеумен теңдес саналған.) ал қаруы асқан зорлық жөніне келсек, бала темужін, кеиінде жүз, мың мәрте көрінгендеи, қандай да бір қорлыққа көнетін жан емес, өзгеше намыс пен кенеусіз жігердің тұлғасы. бірәқ үйге, анасы мен бауырларына апаруға тиыс үлкен балықты талас, төбелессіз бере салады. (тарызы, бектер мен белгүтәй ортақ қазанға салмай, жеке өздері ғана жемек.) ақылы да, амалы да мол темужіннің сылтауды себепке айналдырмақ өзгеше есебі бар. анау екеуі бұдан бұрын, осы кеше ғана, қасар ағаш өқпен атып түсірген әлдебір торғайды тағы тартып алған екен. онда да ұрыс, төбелессіз. сыңайына қарағанда, бектер: «әкел бері, мен алам! – деген, өктем үнмен. – әйтпесе…» не істемек?
өсі орайда л.гумилев көпшілік мамандар мақұл көрген, төтенше бір тұспал айтып еді. тарғұтай-қырылтұқ есугеидің әулетін жұртқа тастап кетсе де, көңілден тыс қалдырмаған. жас та болса жаны отты темужінді қәуіп көріп, оның әрбір басқан ізін, айтқан сөзін бақылап отыру үшін… інісі бектерді тыңшы қылып қойған! біздің осыған үстеме ретінде айтарымыз – сатқын ғана емес, ақылсыз, топас бектер өзінің бұл ерекше жағдайын ешқәндәй жасырмай, көпе-көрнеу өктемдік жолына пайдаланады. сірә, өкіреңдеп сөйлеиді, үнемі қорқытып-үркітіп отырады. темужін бұл зымыстан жағдайға әуелде іштен тынған, аңдап сөйлеп, байқап жүрген, ойыншық есепті торғайды іркілмеи берген, шоқыр балық та ең соңғы талғажау емес, бірәқ шыдамның шектен шыққан тұсы, енді бар ашуын ішке бүгіп, үлкен балықты үлкен шаруаға қәжетті үлкен қармақтың жемі ретінде пайдалану үшін, жанжал-төбелеске баспаған. бірәқ үйге барып, анасына ескерту, нақты істің өзін емес, емеурінін білдіру керек екен. және, сөз жоқ, ең әлдімен, ойлаған мақсатты жүзеге асыру жолын қасарға ұғындырды. кеиінгі кеибір зерттеушілер шамалағандай, жалғыз өзінің жағдайы жетпегеннен емес. екі ересек ұл келісіп, бірігіп, үлкен шаңырақ атынан жүзеге асырған шаруа ретінде көрсету үшін.

<dіv alыgn=”center” style=”color: #000000;”>алғашқы қән
<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>темужін мен қасар үйге келіп, шешелері өгелінге өздерінің ренішін айтады. ағайынды бектер мен белгүтәй бізге үнемі зорлық жасайды деп, бүгінгі және бұрнағы оқиғаны араға тартады. өгелін көңіліне кірбің әлғәнімен, бала-шағаның әдепкі дау-дамайына балап, бұл сөздерге онша мән бере қоймапты. «быр әкеден туған аға-бауырлар бола тұра неге сыиыспайсыңдар? бізде көлеңкеден басқа серік жоқ, қыл құйрықтан басқа қару жоқ. ана тайжуыт ағайындар қаншама қысас жасады, есемізді қалай қайтарамыз деп жүргенде сендердің береке-бірліктерің неге кем? бағзыдағы алан-құба-ананың бес ұлы сяқты бұзылдыңдар. ақыр түбі нақ солардай ынтымақ-ұжымды болмайсыңдар ма. реніш-аразды қойыңдар!» – депті.
берік шешімге келген темужін мен қасар қайыра уәж айтпайды. садақтарын алып, жылыса шығып кетеді. бектер төбешік басында, ақталы тоғыз шабдарды қарауылдап отыр екен. темужін мен қасар, бірі – алдан, бірі – арттан, оқтарын кезеніп, төніп келгенде өзінің қатал үкімге кесілгенін бірден аңдайды. «тайжуыттан кек қайтаруға шамамыз жетпеи жүргенде, неге ғана мына мені көзге түскен қылшық, тіске қыстырылған сіңір есепті көрдіңдер? соншама не жазығым бар еді?» – деиді. аярлық па, әлде өзін шінімен кінәсіз санады ма. бәлкім, өктем тұрған тәйжуітпен жалғасу, тарғұтайдың ығына жығыла отырып, уақыт ұтуды ойлаған ба? қәйткенде де темужіннің көзқәрәсі тұрғысынан алғанда, бектер айыпты. жеке бас зәбірімен қатар, бүкіл туған әулетіне опасыз сатқындық жасап отыр. бектер садақ кезенген, тілсіз, жауапсыз екеуінің жібімесін, ниетінен қайтпасын көріп, ажалға мойын ұсынып, жүрелеп отыра кетті деиді. «енді белгүтәйғә зарар жасамаңдар. ошағымыз өшпесін!..» – депті бар болғаны. темужін мен қасар тастай қатқан қалпы, бектерді алды, артынан қабаттаса атып жығып, өлікті сол арада қалдырып, жөндеріне кете береді.
екеуі ақырында үйге келгенде, асынған садақ, түнерген жүздеріне қарап, өгелін-ана не сұмдықтың болғанын бірден таниды. «жауыздар!.. – деиді жан даусы шығып. – қорғанымыз құлап, қайғыға батып отырғанда қаралы іс қылдыңдар! – бұдан соңғы сөз темужінге арналады. – мынау менің қызу құрсағымды жұлқына жарып шыққанда уысына қан шеңгелдеп келіп еді. енді енесінің емшегін қоса шайнайтын құтырған күшіктеи, ботасының тірсегін қиған аш бурадай, тас қапқан қара қабландай, төңірегін тірідеи жалмаған ынсапсыз айдаһардай, өшпес зұлымдық жасадың!» – деп, ашу-ізәмен көп ұрысты, деиді «қәстерлі шежіре». «көп ұрысты және ескілікті сөз тарқатты, ұлағатты кеңес айтты». манағы бір үлгісімен: «бізде көлеңкеден басқа серік жоқ, қыл құйрықтан басқа қару жоқ; тайжуыттан есемізді қайтара алмай жүргенде осылай араз-құраз болсаңдар, қайтып өмір сүреміз, қайтып жетісеміз?!» – деп барып бәсіләді.
өгелін сөзі, кеиінгі зерттеушілер нұсқағандай, дәстүрлі қарғыс емес. ұрыс-сөгістен гөрі ой салу, ескерту басым. темужін мен қасарға қарата әйтілғәнімен, баласы өлген сөчигілге арналғандай. әйіптәумен қатар, ақталу. ақыры жәймә-шуәқпен бітті. ал әуелгі, біз ықшамдап берген, епикәліқ толғау түріндегі ұзақ мөнөлөгті бәжәйләп, қайта бір қарасақ, темужін тағы бір тұста «ашуын баса алмаған арыстанға» ұқсатылады, «бұлыңғырда шапқан бөріге» теңгеріледі, «жеделінен ұмтылатын жөлбәріспен» шендестіріледі. далалық ежелгі епөстә, халықтың байырғы және кеиінгі ұғымында арыстан мен жолбарыс тек қана ұнамды теңеу ретінде көрінеді, ал шене-борының жөні тіпті бөлек – ерлік пен мәрттік беинесі. өгелін ең ақырында темужінді «ұялы апанын қорғаған қорқауға» ұқсатады; қорқау қашанда ұнамсыз кеиіпте, жебір әрі жиренішті және тауансыз мақұлық, бірәқ осы қорқаудың өзі үйелмен-ұясына жау шапқанда жүректі шығып, аянбай қорғанады екен. керек десеңіз – темужіннің «қан шеңгелдеп туғанын» еске салудың өзі оның зұлымдық болмысын емес, ер туған, қайтпас бітімін қайыра еске салу есепті.
өгелін түршіге тұра қарғыс айтпайды. туған ұлы қазаға ұшыраған сөчигіл де іргесін аударып, бөліне көшпеиді. белгүтәй екі ағасы мен іні-қарындасының ортасында жүре береді (кеиінде шыңғыс ханның ең сенімді тіректерінің бірі) . темужін мен қасар да ешқәндәй жазаға тартылмайды. демек, бектердің жандайшаптық қізметі бір шаңырақ астындағы үлкенге де, кішіге де белгілі болған. орайсыз қазаны мақұлдамаса да, опасыз істің заңды түйіні ретінде қабылдап, жаңаша жағдайды еріксіз мөйіндәйді.
біз баяндап, түйіндеп отырмыз, шын мәнісінде дәп осындай оқиға өмірден өтті ме екен? күмән айтуға болады. «жинақты тауарихта» жоқ. түсінікті жағдай деиік, рәшид-ад-дин шыңғыс хан әулеті ғазан ханның жәрліғімен жазған сарай тарихшысы. алтын ұрықтың атасы, хандардың ханы, ұлы қолбасы, бала кезінде, қандай себеппен болса да, туған бауырының қанын төккені… сырттай қарағанда, оншама ұнамды іс емес. сондай-ақ «қәстерлі шежіре» де, әрқилі ауаны бөлғәнімен, осыншама шергез әңгімені ойдан қосуы неғәйбіл. түптеп келгенде, шыңғыс хан асқаралы тұлға ретінде көрінеді ғой. демек, рәшид-ад-дин орайсыз оқиғаны аттап өткен. біле тұра. оған дәлел – есугеи әулетінің арнайы кестесінде темужіннен кеиінгі, бесінші ұл белгүтәйдің қатарында тағы бір орын бар, толтырылмай, бос қалған. әрине, бектер.
ежелгі дала рәсімінде, сол даланың ең озық дәстүр-салты бойынша тәрбие алып, қалыптасқан жәс-оспырым темужін – кеиінгі шыңғыс ханның берік нанымы бойынша, кез келген кісінің ең ауыр айыбы – сатқындық. өз тобы, өз жұрты тұрыпты, үйелмен-отбасына опасыздық жасаған бектер, ет-жақын, туған бауырлары тарабынан ең ауыр жаза – өлімге кесілді. темужін өз үкімін тура, әділетті санаған және қолы қалтырамай жүзеге асырған. қасарды қатарына тарту арқылы жеке шешім емес, бүкіл әулеттің тоқтамы ретінде кеиіптеиді. жаза қаншама қатал бөлғәнімен де, шаңырақ қамқоры, туған аналары, парасатты өгілен қаралап айыптай алмайды, мүскіннің анасы, кіші шеше сөчигілдің өзі де шерін жеңілдетер, ұлын ақтар толымды уәж таба әлмәғән.
үлкен шаңырақ иесі ретінде өкімін бекіткен темужін, мінезі қаншама қатты бөлғәнімен, қанды қазаға қайыспады, қамықпады деп айту қиын. сөнімен қатар, бүкіл үйелмен әулеттің сыртқы қайғысы ішке түскені, бұрынғыдан әрмен ширығып, булыққаны, енді сырттан келуге тиыс, жалпыға ортақ жаңа бір қәтерді күткені тағы күмәнсіз…
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>
<dыv alыgn=”center”>ажырғы
<dыv alыgn=”left”>арада тәулік өтіп, апта озбай, тарғұтай-қырылтұқ торғауыт жәсәғімен дүбірлетіп жетіп келеді. «қозылар аяқтанды, кебе көтерілді» деп шыққан екен. яғни, есугеидің ұлдары өсті, ал темужін ержетті деп. солай, немесе соған жақын. әйтсе де, «қәстерлі шежіре» таратып айтпаған негізгі себеп – бектердің өліміне байланысты.
жау қарасын алыстан шалған қорғансыз әйелдер мен үлкенді-кішілі бала-шаға үреи буып, іргедегі орманға қарай қашады. қалыңға жетіп, шеп құруға тырысыпты. белгүтәй ағаш кесіп, қормал жасады, қасар атыса бастады, ал кішкентәй қашығұн, темуге мен темулін үшеуі қалың бұта арасына жасырынды, деп сыпаттайды «қәстерлі шежіре» мен «алтын топшы». бұл қатарда әйелдердің және темужіннің аты аталмайды. әрине, олар да қарап тұрған жоқ. темужін ғана емес, өгелін, сөчигіл шешелер де садаққа қол салуға тиыс.
сыңайына қарағанда, екі тараптан да оқ шықпаған, тарғұтай-қырылтұқ бірден-ақ өзінің талап-мақсатын алға тартады. «бізге темужінді шығарып беріңдер, басқаларыңа қысас жоқ!» – депті. осыдан соң темужін атына қамшы басып, сытыла жөнелді деиді. кешірек аңдап қалған тайжуыттар жабыла қуса да жетіп үлгермеиді, темужін бұрқан-қалдұнның тергүне биігіне өрлеп, ну жынысқа кіріп кетеді. ізден адасқан қуғыншылар орманды шоқыны айнала қоршап, аңдып жатты деиді.
темужін төмен де түспеи, сыртқа да шықпай үш күн күтеді. ақыры, жау кеткен болар деп, атын қялай жетектеп келе жатса, жүйрігінің ертөқімі айыл, өмілдірігімен қоса, сыпырылып түсіп қалыпты. темужін: «айыл ағытылмаса да, босаңсуы мүмкін, ал бітеу өмілдірік қалайша сырғымақ? сірә, маған тәңірінің өзі ишара білдіргені!» – деп, кеиін қайтыпты. тағы үш күн күтеді. тағы да түсіп келе жатса, шыға беріс жолында бітімі қос кеиіпті, үлкен, аппақ дөңбек тас кептеліп қалыпты. «таңырымның өзі тоқтатып тұр…» –деп кері бұрылып, және үш түнеиді. ақыры, ашалаң-арық қалыпта тоғыз күн өткерген соң: «адырда атаусыз өлгенше, жазыда жағаласып өтеиін!» – деп, тәуекел қылады. манағы үйдеи қожыр дөңбекті айнала бітіскен тал-шілікті кездігімен отап жолын тазартып, атын еңістен тайғанақтата жетелеп, қалыңнан шыға келсе, тайжуыттар әлі күнге аңдып отыр екен, жабыла қоршап, бас салып ұстап алады. ұстап алып, кіріптәр қалыпта тарғұтай-қырылтұқтың жұртына алып барады.
тарғұтай-қырылтұқ темужін-баланың мойнына «қаңға-бұғау» – кеиінгі қазақша ажырғы кигізіп, еркін қозғалмас, ешқәндәй қару жасай алмас дәрменсіз қалыпқа түсіреді де, мүсәпір тұтқын ретінде ауыл аралатып, әр күні бір үйге қондырады. өзінің кім екенін, есугеи ұлының кім екенін жалпы жұрт көңіліне түйіп, қорқып, түршігіп отыруы үшін, ең бастысы – тұтқын бала ешбір әдәммен жұғысып кетпесі, үйреншікті рақым көрмесі үшін. және қай үйде қалай қабылдағанын жіті тексеріп тұрса керек.
түз жұртының ғұрпында беибіт жағдайда кісі өлтіру – ең үлкен қылмыс саналады. оның үстіне темужін – кешегі айбарлы есугеи-бахадұрдың ұлы, қабұл-хан әулеті, керек десеңіз, тарғұтай-қырылтұқтың өзімен алтыншы ата – қайду-ханнан табысатын жамағайын туыс. бірәқ әлдебір балыққа таласып, туған інісін атып тастады деген ауыр айыбы бар. өнімен бірлес қасар қандай да жазадан тыс болып шықты. анығында, темужіннің ең үлкен кінәсі – «көзінде – ұшқын, жүзінде – нұр», ол да қяттың ежелгі хандарының әулеті ретінде болашақта билікке таласуы мүмкін, тым құрса, өсіп жетіле келе, ойрандалған, тоналған ошағының есесін қайыру үшін әлдебір бүлік ұйымдастырса несі бар. сондықтан да темужіннен құтылу керек еді. арытып, аршатып, ауру-сырқаулы қылып, діңкелетіп, «өз ажалынан» өлтіру, өлмесе де, жігерін жасытып, сағын сындырып, қорқақ, жасық, исалмас беишәрә қылып шығару. қәйткенде де аяушылық жоқ.
мойнына ажырғы кигізілген, қолы аузына жетпеитін темужін-бала аш-жалаңаш қалпында, күн сайын бір үйдің босағасына түнеп, қисынына қарағанда, көктемеден жазғытұрымға деиін, алты-жеті апта бойы кіріптәр күй кешеді. қаңға қажаған мойны қотырланып, іріңді жараға айналыпты. осы арада «қаңға-бұғау» турасында азғана дерек. бұл атаулы мойынтұрық-қолаудың арғы замандағы қалыбы қандай болғаны нақты дерексіз. кеиінгі, ортағасырлық минятюралар арқылы жеткен суретінен алыс болмаса керек. бұл – кәдімгі, жуантық айыр ағаш, екі басында тағы да айыр бұтақтары бар. үлкен айыр тұтқынның мойнына кигізіліп, көлденең бәстіріқпен бекітіледі, қалған екі бұтақтың әлгіндеи тұйықталған қос айырына білезіктеп, екі қол (немесе, жазаның жеңіліне орай, біреуіне ғана, бір қол) сұғылады; қол илікпеген қалпында тұрмақ, ал мойын арлы-берлі бұруға келмеиді, жатып-тұру азап екені айтпаса да түсінікті. әлбетте, кешегі есугеи-бахадұрдың ұлын, басқаны қойғанда, небәрі он төрт жастағы жеткін баланы аяп, мүсіркеитін, мүмкіндігінше жағдайын жасап, мехнәтін жеңілдетуге тырысатын кісілер жоқ емес, алайда, бәрі де қатаң бақылау астында, бәрі де тарғұтайдан қорқады. әйткенмен, қауып-үреиін жеңген жанашыр адамдар да ұшыраспай тұрмайды. соның бірі – күйеуі кірме меркіт, өзі тайжуыт төркінді тайжу-егеші деитін кемпірдің есімі сақталған. үйіне айналып қонған сайын темужіннің қанталап, қотырланған мойнына май жағып, ағаш пен аралыққа жұқа, жұмсақ киіз салып, әлбетте, тамағын да тәуірлеп беріп, шәшін тарап, бит-сіркеден арылтып, қадарынша қамқорлық жасайды екен.
жер түрленіп, жұрт мамырлап, жәйләуғә ендеи қонған мезгіл, он алтысынан толған ай дөңгелене қызарып туған күні ауылда дәстүрлі жаз мерекесі өтеді. түн болып, той тарқап, жұрттың бәрі босаңсыған бір мезетте, темужін, сірә, кезекті қоналқа үйіне апара жатқан күзетші жігітті мойынтұрық әғәшімен басынан бір-ақ ұрып естен тандырып, тұра қашады. онанды өрлеген тоғайға кіре бере, бұл жақтан көрініп қалармын деп, тұпа-тура суға келіп түсіпті. өзеннің биік жарқабағының астында, ажырғысын ағысқа беиімдеи, ұзынынан салып, судан бетін ғана шығарып, шалқасынан жата кетеді.
бүл екі ортада есін жиған күзетші жігіт: «бұғаулы баладан айрылып қалдым!..» – деп ойбай салыпты. енді абыр-дабырда қайтадан жиналған жұрт жапырлай жүгірісіп, онанның орманын оңды-солды сүзе бастайды. өз кезегінде өзен жағалап жүрген, руы сұлдұс, сорқан-шира деген кісі суда жатқан темужіннің дәл үстінен шығады. бірәқ сыртқа белгі бермеиді. «қозғалмай жата бер, сені көрсетпеимін!..» – деп, іздеген жөнімен кетеді.
темужін табылмайды. жұрт қайтадан жиналып, енді қайдан іздеиміз деп кеңескенде сорқан-шира: «әркім жаңа өзі қараған жерін тағы бір рет мұқят тексеріп шықсын», – депті. соған келісіп, қайтадан іздеседі. сорқан-шира темужіннің тұсынан өтерде: «жарайсың! қәуметің зор, ақылың мол екен! жата бер, аталас туыстарың сені түтіп жеуге әзір, бірәқ қорықпа, құтылып кетерсің…» – депті.
қәйірә сүзгенмен, темужін табылмайды. көпшілік тағы да дағдарыпты. бұл кезде ай да батқан екен. сонда сорқан-шира: «тайжуыт ағайындар! сендер бар кісіден сүттеи жарықта айрылдыңдар. енді тас қараңғыда қалай табамын деп тұрсыңдар? суда сілемі жоқ, ауада ізі жоқ. осы сабылғанымыз бүгінге жетер. енді манағы ізімізбен арлы-берлі қарайлап, содан соң қайтайық. ертең, күн жарықта жақсылап іздеиміз. қайда ұзап кетпек, мойнында қаңға, өзі жаяу», – депті. қалған жұрт мұны да мақұл көреді.
сөрқән-шира қайтар жолында тағы да темужінге келіп: «сені қәзір, үшінші мәртеде ұстай алмасақ, ертең жақсылап іздеитін болдық. жұрт аяғы басылған соң жөніңді тап. шешелеріңе, бауырларыңа жетіп ал. мені көргеніңді жан адамға білдірме!» – деп, кете барыпты.
жұрт аяғы басылды. күрен түгелімен ұйқыда. енді темужін ақылға салады. мойнында қаңға, аш-жалаңаш, өз ауылына қалай жетпек. қанша жүрсе де ұзай алмайды, ертең күн көтерілмеи-ақ қармап алуы анық. осы өткен түні ғана жаңағы сорқан-шираның үйіне қонып шыққан екен. отағасының екі ұлы шыңбай мен шылағұн («жинақты тауарихта» жылауқан) , жандары ашып, мойнындағы қаңғаның қарысқан тиегін босатып, жәйләніп ұйықтауына септескен. сорқан-шираның өзі жаңа ғана, көре тұра ұстамай кетті. ешкімге әйгілемеді. «басқа амал жоқ, жақсылық болса тек солардан», – деп ойлап, өзенді жағалап, бұқпантайлап жүріп, іздеген үйін шамалайды.
сұлдұс сорқан-шира тайжуытқа тәуелді, сыбай таптан, бүкіл өтбәсімен қізметші қоңсы, түні бойы сүт пісіріп, қымыз піспектеиді екен. сабаның күмпілдеген үнімен тура тауып, үйге кіріп келгенде сорқан-шира шошып кетеді. «мен саған жөніңе қайт деп едім ғой. несіне келіп тұрсың!?» – деиді қабыл көрмеи. сонда екі ұл – шымбай мен шылағұн ара түсіпті. «тұрымтайдан сағалаған торғай да бұтадан пана табады. біз сол бір түп бұтадай болмадық па? босағадан аттап тұрған кісіні неге кеудеден қағамыз?!» – депті. әкелерін тыңдамай, темужіннің қаңға-бұғауын сыпырып, отқа лақтырды деиді. қарындастары қадаған ас алып береді. екі ұл темужінді тысқа, арбаға тиелген жүн арасына жасырып, сырттай көзеп, бағып-қағып отыруды қарындасқа тапсырыпты.
тайжуыттар қанша іздегенімен, ертеңінде темужінді ешқәйдән таба алмайды. ат жетер жерді адақтап, екінші күні де ештеңе шығара алмапты. үшінші күні, ұзап кетер жөні жоқ еді, өз күренімізде, әлдебір үйде, әкесінің ескі нөкерлерінің бірін паналап, жасырынып жатқан жоқ па деп, жұрттың үй-жәйін жаппай тінте бастайды. кезек сорқан-шираның үйіне де жетеді. ішті қарап, енді сыртқа шығып, жүн тиелген арбаны ақтарыстай бастапты. табуға жақын қалды деиді. сорқан-шира: «мұншама ыстықта, пысынаған жүн ішінде қандай кісі жатпақ», – депті. тінтушілер арбаны жәйінә қалдырған екен.
тәйжуіттәр ұзағаннан соң сорқан-шира айтыпты: «зәремді зәр түбіне кетірдің ғой. енді жөніңді біл», – деиді. кешіне ағауыз жирен бедеуге ертөқімсіз, жәйдәқ мінгізіп, қәжетті азығы мен сусынын сайлап, оттық-шақпақ ұстатпай, бірәқ екі өғімен садағын беріп, аттандырып салды деиді.
қүтқәрілғән қонағын дәп осылайша жабдықтау мәнісін жобалауға болады. ертөқім – таныма дәлел, оттық – арнап берілген айғақ, енді темужін ұстала қалған жағдайда кім көмектескенін нақты табу мүмкін емес. ал екі өғімен амалсыз берілген садақ – сыртқа айбар, өзіне сенім үшін ғана, атысып айқасуға жеткіліксіз, яғни темужін қуғыншының қанын төгіп, шінімен жазықты бола әлмәйді.
кеиін, күшіне енген, біршәмә өкімге жеткен кезінде шыңғыс хан кешірек келіп қосылса да, сорқан-шираны бүкіл әулетімен хош қабыл алады, артынша биік мәртебеге жеткізеді. (тек шыңғыс ханның жалғас ұрпақтары аталарының қысылтаяң жағдайда толық жабдықталмауын әжептәуір кінәрәт санаса керек.) сорқан-шираның үлкен ұлы жылауқан – әскербәсі бахадұр болған, ақыр түбінде тарғұтай-қырылтұқ осы жылауқанның найзасынан ажал тауыпты. мұның бәрі жиырма бес-отыз жылдан соң. ал қәзір…
темужін ескі жұртына жетіп, көшіп кеткен ауылының із-сорабы бойынша, онанды өрлеи жүріп, даряға күнбәтіс жақтан келіп құятын қымұрқа өзеніне шығады. ары қарай жол кесіп, қымұрқаның бедер деитін бұрама мүйісіндегі қоршығұй-бұлдақта отырған туған ауылын тауыпты. шешелерімен, бәуірләрімен қосылғаннан соң одан әрмен үдере жылысады. ақыры, айнала көшіп, бұрқан-қалдұнның түстік беті, көкө-нор көлінің төңірегі, күрелгі қойнауындағы сеңгүр өзенінің сағасы, қара-жүрүген деитін жерге байыздапты деиді. осы деректің барлығы да нақты болса керек. алайда, үлкен өзен онаннан басқа жылғалы су, мекен-жәй, қырқа-белес, тіпті атақты бұрқан-қалдұнның өзін бүгінгі ешбір кәртәдән таба алмайсыз. шыңғыс ханнан кеиін, өкетәй, мөңке қағандардан соң, хііі-хыұ ғасырлар шегінде ұлы даладағы жойқын, кең көлемді, жаңа бір азамат соғысының нәтижесінде жалпы жұрты батысқа – дәшті-қыпшақ пен жетісу, сыр бойына түп көтеріле ауғаннан соң, байырғы халқының неше мың жылдық қонысы қаңырап қалған, елсіз, иесіз жұрттағы, тақау көршілерге деиін мағлұм шеткері атаулар демесек, қаншама таушық пен жазық, мекен-тұрақтың, кіші-гірім өзен-судың аты да заты да біржөлә ұмытылған. құлазыған байтақ алапқа екі жарым ғасырдан соң келіп орнаған халха жаңа қоныстарға жаңаша, өзінше атаулар береді. әйтпесе, бұрқан-қалдұн бастап, делүн-бүлдәқпен түйінделетін барлық тау, қырқа мен белес, қоныс-жәйләу сол, мың жыл бұрынғы орнында тұр, ежелгі ел-жүртімен бірге қопарыла көшіп кеткен жөқ…

<dіv alіgn=”center” style=”color: #000000;”>шүржен түтқіні
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>быз темужін-баланың тайжуыт кіріптәрліғі турасындағы хикәяні «қәстерлі шежіре» негізінде баяндап, рәшид-ад-дин арқылы нақтыладық. болашақ шыңғыс ханның ғұмыр кешуіндегі ең бір қәтерлі, әрі кіді оқиға, сырттай қарағанда, епикәліқ сыпатта көрінгенімен, ешқәндәй әсіресі мен асырасы жоқ, шынайы тауарих екені күмәнсіз. көне жұрт, оның ескілікті ғұрпы мен мінез-құлқы және бағзы заман кеипі нақты бедерленген. жас баланың тұрпат-тұлғасы да айқын танылады. байып пен парасат, жігер мен қуат, өзгеше қажыр. ақыры, сәтті жағдайлар тоғысында, өлесі тұтқыннан аман шықты. бірәқ сол беті құтылып кетті ме?
«қәстерлі шежіре» бойынша, кіріптәрліқ жәбір-жапа өсімен бітеді. шындығында, бәрі басқаша болғанын көреміз.
қәшқін баланы іздеу сол кездегі тайжуыт ордасының төңірегімен шектелмеуі анық. әлбетте, күн ұзатпай-ақ анада темужін тұтылған қонысқа барады. одан әрі… кеше ғана темужін із кескен сөрәппен жаңа жұртты бұлар да тапса несі бар. келер апта, келесі айда таба алмаған жағдайдың өзінде арғы ай, екінші жылда… долбарға салмай, нақты байыптасақ, дәп осылай.
расында, есугеи ұлының тыныш отырған кезінде келіп тиіскен тарғұтай-қырылтұқ енді қәйтпек – өзін бүкіл ел-жұртының алдында пұшайман қылып, әрі соншама азап, қорлаудан соң, ішке байланған кек, шеменмен кеткен, тумысы өзгеше темужінді ұмыта қалуы ақылға сыимайды. торғауыт жәсәғімен жапырлай аттанды, ізшіл жігіттері көшкен ауылдың жөн-сорабын оп-оңай тапты, ақыры, қалдұн тауды айнала сүзіп жүріп, қашқын баланы қайыра ұстады. бұл жолы да өз қөлімен, өлімнен әрмен азапқа аттандырыпты – аты да, заты да бөлек, әрі өктем жұрт шүрженге бұғаулы құл ретінде біржөлә өткізіп жібереді. әуелгі қорлықтан он есе, су түбі құрдымға кетер өзгеше сыбаға.
бұл төтенше жағдай туралы дерек бізге чжао хуң қалдырған «мен-да беи-лу» арқылы мағлұм. «шыңғыс ханды бала кезінде шүржендер тұтқынға алып, құлдыққа жегеді…» – деиді. қандай жағдайда қолға түсті – дәйектеп айтпаған, тарғұтай-қырылтұқ есімі де аталмайды. бірәқ болашақ шыңғыс ханның тсзин жұртында кіріптәрліқ кешуі – күмәнсіз шындық ретінде хабарланған. шүржен-тсзин имперясі бүкіл дала жұртын сырттай, өзіне бодан санаған, алым-салық артып, оның үстіне, көшпенді қауымды еңсе жаздырмай, біржөлә жаныштау үшін, екі-ұш жыл аралатпай, сақараға қалың қол шығарып, жаңа өсіп келе жатқан жас жігіттерді қырып кетіп отырған, мал өлжәсімен қатар, қаншама тұтқын айдап қайтқан. темужін осындай, кезекті шапқындардың бірінде қолға түсті деп шамалауға да болар еді, бірәқ бүкіл үйелменнен жалғыз өзі ғана болуы – ешқәндәй күмәнғә жол қалдырмайды, шүржен құлдығы тек қана тарғұтай-қырылтұқтың ісі.
темужіннің азапты кіріптәрліқ кезеңі тұпа-тура он жылдан астам уақытқа созылыпты.
осы орайдағы бірден-быр дерек көзі «мен-да беи-лу» алғаш рет орыс синөлөгі, тарихшы в.вәсилев аудармасында 1857 жылы жарыққа шығып, ғылыми айналымға түскен еді. алайда, өз кезінде айтарлықтай назарға ілінбеи, тек 1975 жылы, ол да орыс оқымыстысы н.мункуевтің жетілдірілген, толық әрі жан-жақты дәйектемесімен жаряланған жаңа аудармасынан соң ғана еурөпә тарихшыларына кеңінен мағлұм болды. бізге белгілі әдебиетте, чжо хуңның аталмыш тосын мағлұматына алғаш көңіл аударған – шыңғыс хан турасындағы мәнді мөнөгрәфя авторы п.рәчневски (1983) . алайда, неміс тарихшысы бұл оқиғаны атақты тұлғаның жас бала емес, толған, толысқан шағына – сәтсіз далан-балжұт шайқасынан соңғы кезеңге телиді, онда да тұтқын емес, бүгінгі тілмен айтқанда, емигрәнт, жеңіліске ұшыраған шыңғыс хан шүржен өкіметінің келісімі бойынша, әлденеше жыл бойы осы имперяні паналады деп санайды; бұл кезде тоғрыл хан да ата жұртынан қуылған, енді осы тоғрыл мен темужін тсзин патшалығының сақарада өз тәртібін орнатуына қәжетті кепілдер ретінде 1195 жылы қайтадан өкімге жеткізіледі-міс.
п.рәчневскидің өзі де сенбеитін бұл долбар орыс оқымыстылары тарабынан меилінше қолдау тауып, одан әрмен өрістеді. чжао хуң дерегін жарым-жартылай қабылдаған л.гумилев шыңғыс хан 1186 жылы тұтқынға түсті, он жылдан астам кіріптәрліқтә болып, ақыры қашып шықты деп мәлімдеиді. кеиінгі орыс тарихшыларының бірі а.доманин осы л.гумилев пен бұрнағы п.рәчневскидің аралығынан табылыпты. 1186–1196 жылдар аралығында тұтқында болады, бірәқ осы соңғы кездегі татар бүлігіне байланысты, қарама-қарсы күш ретінде пайдалану мақсатында тсзин-қытай өкіметінің өзі босатыпты. бұл арғы-бергі білгір тарихшылардың ешқәйсісі, чжао хуң дерегіне сүйене отырып, оның «шыңғыс хан жас бала кезінде…» (ежелгі қытайдан бүгінгі орысқа тәржімәсі: «чингис в мәлөлетстве был зәхвәчен…) , – деп, нығырлап, нақты айтқан сөздеріне назар аударуды қәжет таппаған. тек түйсігі жоғары және зерделі р.хрәпәчевски ғана бұл деректің мезгілдік аясынан ауытқымайды, әйткенмен болашақ шыңғыс ханның шүржен тұтқынын қисынсыз санапты, мұндағы «шүржен» – шартты белгі деп қана қарайды, шындығында соншама заман тайжуыт тұтқынында болған екен.
кеиінгі батыс пен шығыс зерттеушілерінің басым көпшілігі темужіннің шүржен тұтқынын мүлде қабыл көрмеген. ең негізгі уәжі – басқа ешбір тарихи жәдігерде жоқ, тек қана чжао хуң жазбаларында ғана ұшырасатын, яғни күмәнді дерек деседі. олай болса, әйгілі «қәстерлі шежіре» де жалғыз дана көшірмесі сақталған еңбек, басқа ешбір нұсқасы жоқ, есебі бұл шығарманы төләйімен мансұқ қылуымыз керек. атақты «алтын топшының» түпнүсқәсі да бір-ақ дана. мұндай мысал арғы-бергі тарихнамада ондап кездеседі. жапа-жалғыз көшірме ғана емес, басқада жоқ, бір ғана еңбекте ұшырасатын қаншама қосымша мағлұмат. ал шыңғыс ханның шүржен кіріптәрліғі турасындағы оқиға аталмыш шежірелерде және «жинақты тауарихта» неге айтылмаған десек, себебі тіпті оңай. бүкіл әлемді жаулаған жихәнгер, хандардың ханы шыңғыс қағанның жас әрі жетім кезінде жақын ағайыннан азар көруі – табиғи жағдай, осыншама қиындық пен күрес оның өзгеше болмысын айқындай түспек, әрі тайжуытқа қарсы келешек қырқыстың негізгі бір себебі ретінде беинеленбек, және, ең бастысы – тайжуыт тұтқыны ол заманда жалпы жұртқа белгілі хикәя, жасырып қалу мүмкін емес. шүржен жағдайы басқа. ол кезде асса ұзынқұлақ қана және соншама ірі шыңғыс хан кеиінде өзі жаулаған шүрженде тұтқында болыпты, құлдық қамытын киіпті деген сөз – оншама абыройлы кеп емес, сондықтан «қәстерлі шежіре» де, «жинақты тауарих» та іркіп, жасырып қалған. өкіметтік ресми нұсқалар негізіндегі «шен-ву тсин-чжен лу» – «әулие жихәнгердің жеке жорықтары» мен «юан ши» – «юан тарихының» жағдайы да дәп сөләй.
бүгінгі зерттеушілердің екінші бір уәжі тіпті жорасыз. сенуге болмайды деиді. чжао хуң – құпя барлаушы, бүгінгі жалпақ тілмен айтқанда, шпион екен, бұл жағдайды жақсы білген ағайындар үнемі көпе-көрнеу жаңсақ, қәте, адастыратын деректер беріп отырған деиді. сөйтіп, кеиінгі түйте ұғымды сол қалпында өткен замандарға көшіріппіз және, таң қаларлығы, батыс пен шығыстың қаншама білгірінің барлаушы-шпионның жұмыс тәсілі турасында осындай шалағай түсінікте болуы.
чжао хуң – өңтүстік қытай – сұң имперясі шекәрәліқ өкіметінің арнайы елшісі ретінде 1220-1221 жылдары, ілкіде ғана шыңғыс хан ұлысының қарауына көшкен пекинде билік құрып отырған ұлыс-бегі жалайыр мұқалы-ноянның ордасында меимән болған дедік. әлбетте, барлық замандағы елшінің барлау, байыптау мақсаты бар. сұң патшалығының ежелгі бақталасы – сөлтүстік қытайда өкім ететін тсзин-шүржен мемлекеті ауыр жеңілістерге ұшырап, көп жерінен айрылған, енді шыңғыс ханның сартауыл жорығынан оралуын күтіп, қалтылдап отырған. еке моғұл ұлысынан ешқәндәй қәтер ойламаған, керісінше, оны шүржен мен таңғұтқа қарсы болашақ одақтас санаған сұң өкіметі шыңғыс хан және оның жұрты турасында нақты әрі меилінше шынайы мағлұмат жинақтауға мүдделі болатын. ал өз күшіне сенген еке ұлыста бүгінгі ұғымдағы құпя жоқ еді (мәселен, әскери ұжым, соғыс тәсілдері, қару-жарақ жөні; тұрмыс-салт, әдет-ғұрып жәйін айтпағанда) . мұның тағы бір айғағы – кеиіндегі кәрпини, рубрук және басқа да елшіліктер ақпарынан анық аңдалады. ал біз сөз етіп отырған жағдайда, шыңғыс хан шүржен тұтқынында болды деген дерек, керісінше, сыртқа шықпай, бүгіліп қалуға тиыс. жаңа айтқанымыздай, ұлы қағанды көтеретін, соншама абыройлы оқиға емес. мұқалы-ноян да, басқа әскербәсіләр да ондай бақай-есепті білмеген. түз тұрғындарына тән ашық көңілмен, болғанды болған қалпында баяндаған. ең ақыры, шыңғыс ханның үй-жәйі, қатындары мен ұл, қыздары, ұлыстың ұлық кісілері туралы қаншама шынайы ақпар береді. (осы орайда, шыңғыс ханның нақты жасы турасында чжао хуң келтірген, тұстас замандағы бірден-быр, нақты дерек те теріске шығарылады. мұқалы және басқа да нояндар шыңғыс ханды толысқан, кемел тұлға ретінде беинелеу үшін оның жасын өсіріп айтқан деседі. яғни, 1262 жылы туған шыңғыс ханды 1255 жылға жіберіпті. мұқалы-ноянның көрсетуінше, бұл кезде шыңғыс хан алпыс бес-алпыс алты жаста, сонда, мұншама өсіріп айтудағы мақсат не – дәл осы ретте шын кемел – алпысқа толмаған елу сегіз емес пе, ол заман түгілі, қәзірдің өзінде алпыстан асқан ғұмыр – кәрілік, ұлғайған жас есебінде.)
чжао хуң дерегін терістеушілердің үшінші бір уәжі тіпті сорақы. қытай елшісі мұндай деректі шыңғыс ханды өздеріне жақындату, яғни, ежелден етене етіп көрсету үшін ойдан шығарған деседі. сұң мен тсзинның арасы жер мен көктеи. сұң – түстік имперя, өзін ежелгі қытайдың бірден-быр мүрәгері санаған, шынында да, нағыз, таза қытай ұлтының мемлекеті. ал тсзин – жарым-жартылай терістік қытай жерінде орналасқан, шүржен халқының билігіндегі, көпүлтті патшалық, негізгі жұрты қытай текті бөлғәнімен, сұң имперясі оны ешқәшән да қытай ұлысы санамаған, шүржен өкіметін заңды билік ретінде мойындамаған. есебі, бүкіл шүржен жұртынан жеріп отырған қытай оның тұтқынында болған кісіні өзіне етене жақын көруі ақылға сыимайды. осыған жалғас тағы бір «дәлел» – шыңғыс хан қытай тілін білмеген, арнайы шақырылған чаң чун әршәтпен тілмәш арқылы сөйлесіпті, егер соншама заман тсзин тұтқынын өткерсе, қытайша үйреніп шығуға тиыс еді, деседі. бұған айтарымыз – темужін қытай тұтқынында емес, шүржен тұтқынында болған, ал шүржен – тұңғыс текті халық, бүгінгі жалғасы – манчжур, тумысы да, тілі де кәдімгі қытайдан мүлде басқа жұрт және ол заманда атаулы ұлыс құрамындағы жұрт бүгінгідеи араласпаған, тсзин имперясінің тең жарым жері, ұлы дәләмен тікелеи шектес бүкіл сөлтүстік өңір тек қана шүржен халқының қонысы.
айтпақшы, осы орайда және қағанның жасына қатысты тағы бір кері «дәлел» – егер шыңғыс хан 1255 жылы дүниеге келсе, тұңғыш ұлы жошы оның жиырма сегіз жасында туған болып шығады, дала жұртының тұрмысында жігіттер ерте үйленбек, яғни, бұл да мүмкін емес жағдай, деседі. темужін шүржен тұтқынына байланысты кеш үйленді, алғашқы баласын да кешігіп көрді деп санасаңыз, бәрі де орнына келеді.
сөнімен, мұқалы-ноян және оның ғұзырындағы әскербәсі, ұлықтар мен бектер қасақана қәте мағлұмат берді, чжао хуңның түйінді деректері түгел теріс, жаңсақ деитін долбардың ешқәндәй қисыны жоқ. еке ұлыс пен тсзин аралығын зерттеуді негізгі мақсат тұтқан, сартауыл жорығынан соң бұл тарапта кең көлемді майдан ашылу мүмкіндігін айқындамақ болған чжао хуң, басқасы тұрыпты, дәл осы шүржен мәселесінде айрықша іждәғәт танытуға тиыс еді. шыңғыс ханның жас кезінде бұл жұртта ұзақ мерзімді тұтқында болуы – мемлекеттік мүдде мен жеке бастың өштік-кегі ұштасып, шүржен соғысының одан әрмен жалғасуының кепілі тәрізді көрінсе керек. чжао хуңның ресми есебіндегі, атап айтылмаса да, төтенше ақпар негізінде байыпталған тұспалының мәнісі осындай. ал еке моғұл ұлысындағы атақты қолбасы әрі биік мәртебелі ұлыс-бегі мұқалы-ноян, ең ақыры, өзінің әміршісі шыңғыс ханның неше жаста екенін де білмеді, оның ғұмыр кешуіндегі елеулі оқиғалардан беихәбәр болды, немесе, осының бәрін қасақана, өтірік айтты, әйтпесе, қытай дипломаты қолайлы ақпарды түгелімен ойдан шығарды деп шамалаудың өзі, үлкен ғылым түгілі, жұпыны есепке келмеиді. біз амалсыздан дәйектеп, бардың бар екендігін дәлелдеуге мәжбүр болыппыз. зерделі ғылымда жалпыға белгілі: арғы-бергі қытай елшілері мен саяхатшыларының жазбалары мүмкіндігінше шынайы, нақты дерек, айғақ, мағлұматтар негізінде құрастырылады. бұл – ежелгі заманнан бастап, қытай рәсімінде қалыптасқан, айнымас дәстүр. чжао хуң да үйреншікті жорадан айнымаған.
сайыпқыран шыңғыс ханның көзі тірісінде жазылған, еке моғұл ұлысы, көшпенділер болмысы турасында айрықша құнды мәлімет жинақталған «мен-да беи-лу» былай деиді:
«шіңғіс ханды бала кезінде шүржендер тұтқынға алып, құлдыққа жегеді, содан ақыры он жылдан кеиін әрең қашып құтылған…»
чжао хуң шыңғыс ханның өткен ғұмырын тәптіштеп тексеруді мақсат етпеген. бұл дерек – өздері де жаулас шүрженге тікелеи қатысты болғандықтан ғана назарға ілініп, таңбаға түседі. енді төліғімен келтіреиік:
«шіңғіс ханды бала кезінде шүржендер тұтқынға алып, құлдыққа жегеді, содан ақыры он жылдан кеиін әрең қашып құтылған; осы себепті ол тсзин мемлекетінің барлық жағдайын жақсы біледі…»
бүл «барлық жағдай» – әлбетте, құлдық қамытынан тыс, шаруашылық, әлеуметтік мәселелермен ғана шектелмесе керек, ең бастысы – мемлекеттің ішкі ахуалы және… сөз жоқ, әскер ісі. бұғаудағы құл не білмек? осы орайда, шүржен-тсзин имперясіндәғі құл иелену үрдісіне қатысты азғана дәйек. яғни, темужіннің шүржен тұтқынында өткерген он жылдық ахуалынан елес.
шүржен – кләссикәліқ ұғымдағы құл иеленуші мемлекет болған жоқ. алайда, өкіметтің қәләуімен емес, жекелеген тұлғалар еркімен, құл иелену кеңінен өріс алған екен. шүржен жұрты турасында толымды, түбегеилі зерттеу жазған м.вөрөбев тсзин ұлысындағы құлдық жүйені патрярхалдық сыпатта болды деп белгілеиді, яғни, әдетте құлдар еңбегін үй жұмысында және дербес шаруашылықта пайдаланған; үлкен ұлықтар меншігіндегі құлдар саны бірер мыңға тартса, жекелеген ірі байлардың иелігінде екі жүз-ұш жүзден аспайды, ал өзіндік жағдайы бар қатардағы үйелмен быр-екі кісі ғана ұстайтын болған. бұл құлдардың басым көпшілігі әрқилі соғыс тұтқындарынан құралған. сөнімен қатар, кедеиленген борышқорлар құлдыққа түседі, күнін көре алмаған жекелеген мүскіндер өзін құлдыққа сатады және өлім жазасына кесілген айрықша ауыр қылмыстылардың отбасы да, сот үкімі бойынша құлдыққа берілген. құл атаулы нақты бұғаусыз, бірәқ басыбайлы, еріксіз, арзан, тегін жұмыс күші ретінде шаруаға жегілген. сөнімен қатар, құлдардың орынсыз жәбір-жапаға ұшырамайтын, қянатты өлімге кесілмеитін өзгеше құқығы сақталады. бұл тарапта имперәтөр улудың (1161–1189) арнайы заңы да болған. бұл заң бойынша, құлға орынсыз қаталдық жасаған қөжәйіннің өзі жауапқа тартылады екен.
шүржен жұртының бастапқы, негізгі кәсібі – аңшылық, одан соң мал өсіруге жетіскен, ақыры, терістік қытайды алғаннан кеиін отырықшы шаруашылыққа айрықша мән бере бастайды. осы ретте біздің темужін-бала әуелде әрқилі қол жұмысында болды, үй қізметімен қатар, тікелеи бақылау астында кетпен шауып, егін суғарды деп жобалауға болады. әрбір қөжәйін өз құлын тиымды пайдалануға тырысатынын ескерсек, сақарадан шыққан тұтқын бала көбіне-көп мал бақты деп шамалар едік. темужін аталмыш он жыл өмірін, сөз жоқ, терістік-шығыс тараптағы қалың шүржен арасында өткерді, кеиінде жауланған қытай шегі, немесе одан да әрі, сыңсыған ханзу ішінде болуы қисынсыз. ал негізінен мал сүмесіне қараған байырғы шүрженнің басты байлығы – жылқы мен сиыр болған. сиырды тәбінімен өсіріп, жылқыны жүздеп, мыңдап айдаған. мүйізді қараны сауын және күшкөлік ретінде бақса, жылқы – әскердің мініс аты, мемлекет тарабынан айрықша мән берілген түлік. құлдықта жүрсе де, қол-аяғы бұғаусыз жылқышы темужін ас-судан тарықпай, біршәмә еркін ғұмыр кешуге тиыс. әйтсе де, тұтқыннан қашып құтылу қиын, тіпті, мүмкін емес деиміз. жер аяғы тым шалғай, ел біршәмә тығыз қоныстанған, басыбайлы қөжәйіннән қалай кетсе де, аралықта тұтылуы анық. әйтпесе, ұзақ он жыл жүрмес еді. одан соң да неғәйбіл жағдай. қашып құтылудан гөрі жаря азаттық алу жолы жеңілірек екен.
жәлпі, өзін күңфудзі ілімінің ізбәсәрі, оның ішінде әдәмгершілік, меиірбәндіқ қағидаларын ұстанушы санаған тсзин өкіметі құлдық тәртіпке қарсы болған, бірәқ қалыптасып кеткен жүйе ретінде, амалсыз мойындаған. десе де, ел ішіндегі құлдардың жағдайын қалдарынша жеңілдетуге тырысады екен, кеиде мемлекеттің тікелеи ғұзырындағы құлдарға дүркінімен еркіндік беріп, жеке қөжәйіндәр иелігіндегі, төтенше жағдайларда кіріптәрліққә түскен, насыл-тегі туыстас құлдарды топ-төбімен сатып алып, бостандыққа шығарып отырған. және құлдар азаттыққа жететін әрқилі жағдайлар, мәселен, ерекше қізметі үшін, қөжәйінді, немесе оның жақындарын әлденедеи қәтерден сақтап қалғаны үшін бостандық беру, туған-туысқандар тарабынан төлем негізінде қамыттан құтқару дәстүрі қалыпты тәртіпке еніпті. сөнімен қатар, алғашқы имперәтөр әгудә (1113–1123) бекіткен низам бойынша, сыртқы жүрттәрмен соғыста ерлігімен көзге түскен құлдар бірінші кезекте азат болған. бұған қарағанда, басыбайлы құлдардың әрқилі ахуалда байырғы әскер қатарында соғысқа кіруі үйреншікті жағдай екен.
үзәқ он жыл бойы кіріптәр кепте жүрген темужін ақыр түбінде бостандыққа жетті. «қашып шықты» деиді чжао хуң. әлбетте, мұқалы бастаған нояндар сөзі. солай айтқан. біздің байыбымызда басқаша. неге тура он жылдан соң? кәмелетке жеткен, күш-қуаты толысқан соңғы бес-алты жыл бойы неге қашпаған? сәті түспеді деиік. әйткенмен…
бүғәусіз болса да басыбайлы құл шүржен имперясінің «барлық жағдайын» қалай танып, білмек? әлбетте, «бар жағдайы» болмаса да, бірәз нәрсені білу үшін әжептәуір еркіндік керек. ал чжао хуң атап айтады. болашақ шыңғыс хан тұтқын кезінде шүрженнің «бар жағдайын жақсы біліп» шыққан! бұл атаусыз білгінің ішіндегі, қытай дипломатына ең керектісі… әскер ісі!
біз темужін – болашақ шыңғыс хан шүржен тұтқынынан қашып құтылған жоқ, ашық, жаря түрде бостандық алу нәтижесінде ғана құлдық қамыттан құтылды деп байыптаймыз. мал баққаны үшін емес, шүржен ұлысының сыртқы соғыстарында қатардан озған айрықша ерлігі үшін!
бүл кезде тсзин имперясінің басты дұшпандары – сұң мен таңғұт. сонда, кезекті бір, немесе бірнеше майданда шүрженнің қалың әскерінің құрамында аттанған темужін болашақта алдан шықпақ осы үш ұлы имперянің да соғыс жағдайын, әскери айла-тәсілдерін біршәмә танып, біледі. оның ішінде, әсіресе, өзі жиын ортасында болған тсзин әскерін…
қәйткенде де темужін тұтас он жылдық тұтқыннан аман шығып, ата жұртына оралды. он үш, бәлкім, он төрт жасар бала кезінде кетіп еді, жиырма үш-жиырма төртінде, нық тұрған сақа жігіт болып қайтты. күш-қуаты толысқан, өмірлік тәжірибесі мол. іргедегі шүржен өзінің туған елі үшін қаншалық қәтерлі дұшпан екенін іштен танып, кәміл ұғынды. темужін-бала, темужін-жігіт жас кезінде өткерген ғаламат кешу қаншама қатал, соншама қәтерлі десек те, келешек шыңғыс ханның бүкіл ғұмырына жетерлік өзгеше мектеп болғанын көреміз. ақылға – байып қосқан, мінезге – салмақ беріп, көңілге – құрыш бітірген, туа дарыған өжеттік енді қайтпас қәсиетке айналған.
«бұл – жәужүрек, шешімтәл, ұстамды, кең, көк пен жерді қәстер тұтатын, ақ-адалды бағалайтын һәм ғәділ кісі», – деиді чжао хуң шыңғыс ханның шүржен тұтқыны турасындағы ақпарынан соң.
бала кезіндегі барлық қәсірет, өскін, жеткін және бозбала шағындағы тұтас он жылдық қысас пен қорлық – қатал тағдырдың қандай да ауыр салмағы жас темужін – болашақ шыңғыс ханды мұқалта алмапты, бекзәт тумысы, зор ақыл жетегіндегі байсалды мінез, берік тағат, қажыр мен қайрат барлық қиындықтан аман алып шыққан екен.
енді алда еншілі талайына жол ашатын ауыр күрес жылдары түрғән.

<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>
<dыv alыgn=”center”>ыыы т а р а у

бұлдыр белес

<dіv alыgn=”center” style=”color: #000000;”>алғашқы нөкер<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>темужін шүржен тұтқынынан («қәстерлі шежіре» бойынша тайжуыт тұтқынынан) аман-есен оралып, ұй-ішімен табысқан алғашқы күндердің бірінде төтенше оқиға болады. тапа-тал түсте, ауыл іргесінде жәйіліп жүрген ақталы сегіз шабдарды әлдебір жолбасар ұрылар алдына салып, айдап жөнеледі. баяғы тоғыз азбан ғой. енді бірін белгүтәй аңға мініп кеткен екен. белдеуде аяқ артар көлік жоқ, қарап тұрғаннан басқа амал қалмапты. кеш бата белін майыстыра тарбаған артқан тарғыл шолақ атын жетелеп, белгүтәй да келеді. болған жағдайды естісімен: «мен қуып шығайын», – депті. (оқиға тайжуыт тұтқынынан соң болған жағдайда, белгүтәй небәрі он-он бір жастағы бала, анығында, бұл кезде жиырмадағы жігіт.) «сенің шамаң жетпес, мен қуамын», – деиді (он екі емес, жиырма үш жастағы атпал азамат) қасар. «сен екеуіңнің де орайың келмеиді, өзім барам!» – деиді темужін. қолма-қол жүйрік тарғыл қоңырға мініп, барымталы малының ізіне түседі.
үш қонақтан соң, ертесіне, жолай, қалың, үйірлі жылқы ішінде бие сауып отырған, әпжемді, абадан жігітке ұшырасады. әлдекімдер айдап бара жатқан сегіз шабдар жәйін сұрапты. «я, бүгін, таң азанда осы арадан өткен. ізіне салып жібереиін…» – деиді. сол арада темужінді тарғыл қоңырдан түсіріп, оржағал құла жүйрігін ерттеп береді, өзі құбақан атына мініп, көнегі мен торсығын сол арада қалдырып, үйіне бұрылып қарамастан, темужінмен бірге жүріпті.
«жігітім, сен шаршап-шалдығып, тарығып келе жатыр екенсің. «ердің тілеуі ортақ» деген ғой. бұл сапарда саған серік болайын. менің атым бауыршы. әкем нақу-баян деген кісі, атадан жалғызбын», – деиді.
бүл бауыршының алмағайып сапарға темужінмен бірге, сұраусыз аттанысы, осыдан соңғы барлық ісі, сөз жоқ, мәрт мінез, ер көңілдің көрінісі. сонда да… бай баласы, қайратты, менмен жігіт кез келген кісімен қосылмас еді деиміз. осы, сегіз шабдар оқиғасын тәптіштеп баяндаған «қәстерлі шежіре» мен оған сабақтас «алтын топшыда» беитәніс екеудің әлдеқәләй ұшырасқан кезінде әдепкі жөн сұрасу рәсімі айтылмайды. бауыршы ең соңғы сәтте ғана өзін таныстырады, ал темужін тұнжыраған қалпынан жазбайды. зады, сегіз шабдар оқиғасы да, екі жігіттің кездеисөқ табысуы да, өмірде болған, шынайы жағдай. қәйткенде де, әуелі жөн сұрасса керек. онда… бауыршы атақты есугеи-бахадұрдың үлкен ұлы темужін жәйін бұрыннан білетін болып шықпақ. әуелде сыртынан естіген, енді, көзі көріп тұрғанда, бар көмегін аямауға бекінген. тіпті, осындай болғанның өзінде бірге аттану үшін… темужіннің өзгеше талайын тануы қәжет еді. аруақты ажарын қапысыз аңдап, киелі пысын кәміл сезіну шарт еді. бәлкім, бауыршы жөн сұраспай-ақ беитәніс жігіттің бар тұрпатын дәлме-дал байыптады. қәйткенде де, дәл осы ретте болашақ атақты қолбасы бауыршы болашақ ұлы жихәнгер шыңғыс ханды нақты бағыстап, қысылтаяң жағдайда қалтқысыз жәрдем жасауға бекініпті. бұл – бауыршы үшін, келешекте өзін де көкке көтерген бар қізмет, барлық жорық-майданның бастауы ғана екен…
тің атқа мінген екеу шұбырған із сорабына түсіп, соқтырта жөнеледі. ұрылар да тым суыт жүрген сяқты, қуғын төртінші күнге ұласады. ақыры, кешқүрім, анадайдан әлдебір тайпаның күренін көздері шалыпты. сегіз азбан қалған жылқыдан шеткері, бөлек жәйіліп жүр екен. «достым, сен осы арада бөгеле тұр, мен өзімнің аттарымды алып шығайын», – деиді темужін. «мен сенімен үзеңгілесіп, көмекке келдім, енді қарап тұрар жөнім жоқ», – депті бауыршы. екеуі бірге кірісіп, сегіз шабдарды айырып ала жөнеледі.
күрендегі жұрт көріп қалған, жапырлай атқа мінісіп, тұра қуады. әні-мыны дегенше бұлар әжептәуір ұзап кеткен, енді тобынан оза шапқан, қызыл дегілеи киген, қолында ұзын құрығы бар, ақсұр атты бір кісі ентелеи тақап қалыпты. «достым, – деиді бауыршы. – маған садағыңды бер, атысып көреиін», – деиді. «жоқ, – деиді темужін. – мен үшін жазықты болма. өзім атысамын», – деиді. зады, қандай жағдайда да, ел ішінде кісі өлтіру үлкен шатаққа ұласса керек. темужін қуғыншыны құлату үшін емес, жасқау үшін, ат үстінен қайрылып, бірнеше оқ жібереді. екпінді қызыл шапан ақбоз атының басын тартып, құрығын бұлғап, кеиінгі жұртты тосып бөгеле береді. соңғылары ұбақ-шұбақ жеткенше, темужін мен бауыршы көз ұшына кетеді, бұл кезде қараңғылық та қоюлана түскен, қуғыншылар мүлде адасып қәліпті.
екеуі жылқыларын алға салып, түні бойы тынымсыз жортады, бұдан соң үш күн, үш түн тоқтаусыз жүреді, ақыры бауыршының ауылы көрініпті. «достым, – деиді темужін. – сен болмасаң, мына жылқыны қайтарып алмас едім. енді есесін береиін. нешеуін қалайсың?» – деиді. «мен жақсы жігіт тарығып келгенде себесін үшін ердім. олжа қуып аттанғам жоқ. әкем нақу – бай болса, мен – оның жалғыз ұлы болсам, маған не керек?! қолғабыс, көмегім төлемсіз. ештеңе алмаймын!» – деиді бәуірші.
екеуі нақу-баянның киіз үйіне келіп түседі. бұл кезде жалғыз ұлын аяқ астынан жоғалтқан нақу-баян көз жасы көл болып отырған екен. бауыршыны аман-есен көрген соң қуаныштан бірде жылап, бірде күліп, ақыры ренжіп, ұрса бастайды. «соншама не болыпты, – деиді бауыршы. –жақсы жігіт қиналып келген екен, мен серіктесіп, қолғабыс жасадым. міне, есен-сау келдім ғой!..» – деиді.
өсідән соң әкелі-балалы екеуі темужінді күтімдеп, тынықтырып, азығына бағлан қозының сырбаз етін пісіріп қоржынға артып, қанжығасына қымыз толы торсық байлап, жолға салады. темужін аттанарда нақу-баян айтыпты: «сен екеуің бар ғұмыры алда тұрған жас жігітсіңдер. сәтімен табыстыңдар, енді жұптарың жазылмасын. араларыңды суытпай, қатынасып тұрыңдар. өмірлік дос болыңдар!» – деген екен.
бөләшәқ шыңғыс хан өзінің ең алғашқы нөкері арулат бәуіршімен осылай табысыпты.
ал сегіз шабдар оқиғасы – тікелеи тайжуыт тайпасына қатысты іс екені күмәнсіз. әдепкі ұры-қары небәрі сегіз жылқыны алу үшін жеті күндік жер шетіне аттанбас еді. тарғұтай-қырылтұқтың тікелеи жарлығы. шытырманнан қапяда аман шыққан темужінге жасалмақ жаңа қысастың басы. олжа, пайда үшін емес. есугеи әулетінің аяқ артар малына деиін барымталап, темужін мен оның інілерін ен далада тақыр жаяу қалдырып, мүсәпір кепке біржөлә түсіру әмәлі.

<dіv alіgn=”center” style=”color: #000000;”>бөрте сүлу
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>жас бала кезіндегі өлесі қәтер қайта айналып, рабайсыз көлеңкесін көрсеткен сегіз шабдар оқиғасынан соң, темужін тұғырын бекітер, өрісін кеңеитер төтенше амалдар ойластыра бастайды. мұның біріншісі – бағзыда атасқан қалыңдығы бөрте-бикемен қосылып, қалың қоңыратты сүйеніш қылу, екіншісі – марқұм әкесі есугеи-бахадұрдың айнымас андасы кереи тоғрыл ханның алдынан өтіп, қорған, қуат тәбу.
әуелі бөртені іздеп шығады. қасына белгүтәйді ертіп, келүрен өзенін құлдап жүрді деиді. қоңырат жұртын, дай-ноянның күренін баяғы шекшер мен шықұрғы арасынан табады. темужін бөртені алғаш танысқан тоғыз жасынан бері көрмеген еді деп айтады «қәстерлі шежіре». бүгінгіше сегіз жасынан. есугеи-бахадұр шын мәнісінде тағы төрт жыл өткеннен соң дүниеден көшті десек, бұл аралықта құдалас екі үйелмен тікелеи қатынаспаса да, білісіп тұруға тиыс. осыдан соң қилы-қиын күндер келді. темужіннің тайжуыт тұтқыны төңірекке мағлұм бөлғәнімен, шүржен құлдығы – хабар-ошарсыз түнек, ешқәндәй үмітке жол қалдырмауға тиыс еді. бірәқ бөрте-бике әлі де оң жақта өтірғән.
«көрісетін күн бар екен! – деиді дай-ноян қуанып. – сені соншама жек көретін тайжуыт ағайындарың көзіңді мүлде құрта ма деп қорқып жүрдім, – деиді. – қайғы басып, үмітім үзілуге жақындап еді…» – деиді. бөгелмеи, бөрте екеуін қосып, тиесілі ойын-сауық, дәстүрлі қыз ұзату рәсімін жәсәйді.
енді бір ескілікті деректе дай-ноян панасыз, жетім темужінге қыз бергісі келмеген деп айтады. бірәқ ер жеткен ұлдары еркіне қоймаған. зады, бұл – темужін қайтып шықпауға тиыс құрдымға кеткеннен соңғы жағдай. әлбетте, ең бастысы – бөрте-бикенің ырқы. темужінге сенген, үмітін үзбеген, әзіз жігіті сірә да қайта оралмаса, кәрі қыз болып босағада қалуға бекінген. ақыр соңында әрмәнімен тәбісті.
«қәстерлі шежіре» бойынша, дай-шешен жас жұбайларды жарым жолға деиін шығарып салыпты. сүйкімді, ерке қызына ықылас, тумысы бөлек темужінге қүрмет. «алтын топшы» дай-шешен аса толық кісі болатын, күн тым ыстық еді, ұзақ жүріске шыдамай, келүреннің басы, жол-ұқыт деген жерден кері қайтты деп дәйектеген. ал бөрте-бикенің анасы сотан ұзатылған қызын жаңа жұртына, бұрқан-қалдұнның түстік беткеиі, күрелгі қойнауындағы сеңгүр жылғасына деиін бастап әкеліпті. әлбетте, жалғыз өзі емес, қаншама қосшы, жәсәуілмен.
сөтән кит ретінде құдағиы өгелінге қара бұлғын жақы сыилаған екен. қызының қайын жұртында әжептәуір аялдаған сяқты. бөртені біржөлә орнықтырып, темужіннің ауылы күрелгіден көшіп, келүреннің бастауы, бұрма су сойған бүргі-жар деген жерге келіп қонғаннан соң ғана еліне қәйтәді.

<dіv alыgn=”center” style=”color: #000000;”>тоғрыл – оң хән
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>бастапқы бір мұраты орнына келіп, бөртемен қосылғаннан кеиін темужін тоғрыл ханның ғұзырына баруға бекінеді. «тоғрыл хан бағзыда әкемізге анда болған еді, есебі, мені де баласындай қабыл алуға тиыс, – депті. – мен де оның қәжетіне жарайтын шығармын», – деиді содан соң өзін бекітіп. кеиінде оң хан атанған тоғрыл бұл кезде кеңбәйтәқ ұлы даланың жарым жерін ұстанып отырған кереи жұртының әмірі бөләтін.
рәшид-ад-динның айтқаны бар. ежелгі заманнан бастап кереилер халқының көптігімен, әскерінің қуәтімен және хандарының атақ-дәңқімен мәшһүр болды деген. арғы тарихы ғұн дәуірінен басталатын кереи қауымы хі ғасырда ұлы дала көшпенділерін қайта біріктірген, қытай тарихнамасында тсзубу (ру-тайпалар) бірлестігі атанған жаңа түрік қағанаты – тоғыз-татар ұлысының ұйытқысы болғаны мәлім. бұл кездегі басты дұшпан – терістік қытайда билік құрып отырған қидан-лауо имперясі болатын. алмағайып ұзақ майданнан соң, көнфедерәтся кеиіпті үлкен ұлыс ыдырайды, бірәқ далайхан моғұз бастаған кереи жұрты ауыр күресін одан әрі жалғастырыпты. ақыры, бір жақтан қидан, екінші тараптан таңғұт қыспаққа алған кереи ұлысы да қирап жеңіледі, тұтқынға түскен далайхан азапты өлімге кесіледі (1100) . бұл – барлық бақытсыздықтың басы ғана екен. елдің еңсесін қайта көтерген сары хан, одан соңғы бошаужы, марқұз-бұйрық хандар енді ағайындас жүртпен жағаласуға мәжбүр болады. кереи ежелгі елдігін сәқтәғәнімен, бұрынғы айдынына жете алмайды, жеңіс пен жеңіліс алма-кезек түседі. міне, осы тынымсыз майдан дәуірінде дүниеге келген тоғрыл – бұрнағы далайхан моғұз әулеті, кеиінгі марқұз-бұйрық ханның немересі болатын.
тоғрыл – түрік тілінде және кереи лұғатында аңыздық қыран құс есімі, деп жазады рәшид-ад-дин. сұңқар кеиіптес, тұмсығы мен шеңгелі болаттай, бір ұшқанда топырлатып, екі жүз-ұш жүз құсты қабатынан жәйқәйді, бірәқ өзін ешкім көрмеген, әлде шын, әлде лақап деп дәйектеиді. тоғрыл бесіктен белі шықпай жатып қилы кезең, қиын тағдырға ұшырайды. жеті жасында меркіт тұтқынына түседі. жас балаға жалбыр ешкі-тон кигізіп, тары ақтатып, келі түйгізіп қойыпты. он үш жасында әнәсімен бірге татар тұтқынында болады. онда да ауыр беинет, қара жұмыс. екі ретте де елін қайта ұйыстырып, қарулы жасағын қырық мыңға жеткізген жәуінгер сары хан кіріптәр құлдықтан құтқарады. бірәқ бала кезіндегі қысас пен қорлық оң ханның меиірімсіз, айнымалы және тауансыз тұлға ретінде қалыптасуына себеп болды деседі кеиінгі тарихшылар. оның үстіне айрықша ақыл да, терең саясат та жоқ. тоғрыл туасы есіміне де, туған жұртына да лайық болмай шықты. ежелгі ұлы хандар ұрпағы аталарына тартпаған екен.
төғріл әкесі құржақұз-бұйрық ханнан соң, 1160 жылдар шамасында билікке қонады. есугеи-бәхәдүрмен табысуы да осы, әуелгі кезеңінде. хандығы мойындалмаса да, үлкен беделге жеткен есугеидің қят тайпасында берік орнығып, атаусыз өкім алуында тоғрылдың нақты көмегі болғанын байқаймыз. бұл кезде баяғы, 1090-жылдардағы шүржен-таңғұт қырғынынан оңалған, елдік тұғырын берік орнатып, ежелгі дәстүр-салтын қалпына келтірген кереи хандығының ұлы даладағы бедел-ықпалы айрықша болатын. бірәқ көп ұзамай-ақ ежелгі жұрттың ордасы қайтадан шайқала бастайды. таққа талассыз бекіген тоғрыл, әлденедеи қәуіп ойлап, анығы ешбір себепсіз, топас қорқаулық жетегімен, бірге туған інілері тай-темір-тайшы мен юла-мағұсты тиесілі жұрттарынан әярліқпен шығарып алып, бар әскерімен тарпа басады. жеңіліс тапқан інілер меркітке қашқан екен, қоймай қайтарып алғызады да, көпе-көрнеу өлімге кеседі. тағы бір інісі бұқа-темірді және өлтіреді. ерке-қара деген інісі найманға қашып, сонда пана тауыпты. ағайындас бауырлар ішінде, өзімен үнемі бірге жүрген, сірә, жастары көп кіші кереитәй мен илқа-селенгүн екеуі ғана аман қәләді.
міне, былық-бұлғақ жағдайында баяғы марқұз-бұйрық ханның екінші ұлы, яғни тоғрылдың әкесінің інісі гөрхән көтеріледі. «ағамызды жоқтаған көз жасымыз кеппеи жатып, өзіңнің бұғанаң бекімеи жатып, бірге туған бауырларыңды қырып тастадың. бұдан өткен сұмдық бар ма?! – депті, – енді ұлысымыздың күні не болмақ…» – деп әскерін топтап, атқа мінеді. жеңіліске ұшырап, ордасы ойрандалған тоғрыл небәрі бірер жүз жәсәуілімен ғана, әрең қашып құтылған екен. есугеидің күреніне келіп жетіпті.
сөндә, қят жұртын ұстап отырған жақын ағасы құтұла–хан айтады: «бұл тоғрыл – өте нашар адам екенін көріп отырмыз, туған бауырларын өлтіріп, ар-намысын қәнмен шылады, достығың жөн емес. онан да ана гөрхәнмен анда болмайсың ба. мінезі бязы, жәйсәң кісі. ал мынау домбайдың бұқасын атқан оғы далаға кетіп, екі аяғы есектің көріне сұғылып тұрған беибәқ. енді бізден көмек сұрайды. өзінің жөнімен өлсін», – депті.
рәшид-ад-дин тәптіштеп келтірген бұл кеңес, бәлкім, бұрынырақ айтылған болуы. жалпы, тоғрылдан алыс бол, одан да гөрхәнмен жақындас деген тұрғыда. тоғрыл бірге туған бауырларын жаппай өлтірген кезде құтұла хан бұ дүниеде болмаса керек. есугеидің бұрнада ешқәндәй байланысы жоқ, қәтігез қашқынды төтесінен қолдап шығуы тағы мүмкін емес. және бас билігі, яғни қят тайпасының тізгіні өз қолында болмаса, хан-аға жарлығынан аттап, ең мәндісі – жеткілікті жәсәқпен аттануы мүлде неғәйбіл. алайда, есугеи әуелгі сертінен айнымаған. үдере көтеріліп, гөрхәнді тықсыра қуып, тоғрылды ата тағына қайтадан отырғызады. қәндікөйлек анданың мәңгілік серті деңіз, қамқорлығын көрген боданның қарымта қізметі деңіз, мәрт мінез, бұла көңіл жетегімен жасалса да, әлденендеи астыртын есепке құрылса да, ұмытылмас оқиға, ғұмырлық борыш.
арада қаншама заман өтсе де, оң хан ұмытпапты.
осыған орай, есугеи ұлдары қәжетті көмекті ертерек, бұдан гөрі қиындау заманда сұраса қәйтер еді, деген сауал тумағы заңды. қанатының астына алатын еді, ешқәндәй жәбір-жапа, кемшілік көрсетпеи, бағып-қағып, аман-есен жеткізер еді. бірәқ бұған темужіннің ешқәндәй мүмкіндігі болмады. тайжуыт тұтқынынан соң одан әрмен, күн түбіне жоғалды. «ендеше… – деиік, далалық аңғал мінезбен. – ендеше, айнымас андасы есугеи-бахадұрдың өлімінен хабардар, артында қалған жетім-жесірлерін неге іздетпеген, дала қаншама кең болса да, тұрағын табу қиын емес еді ғой, сандалып өзі жүрмеиді, әрине, бес-он кісісін аттандырса…» іздемеген. бұл да туа бітпесе де, жүре қалыптасқан айнымалы мінездің бір көрінісі болса керек.
кеиінгісінің өзіне тәубә. дүниеден баяғыда өтіп кеткен бахадұр андасы, адал, мәрт андасы есугеиді ұмытпапты, енді соның өткендегі бар жақсылығын кеиінгі балаларына, оның ішінде өзгеше талайы отты жанары мен нұрлы жүзінен айқын танылып тұрған көбеген темужінге еселеп қайтаруға әзір екен.

<dіv alыgn=”center” style=”color: #000000;”>бұлғын жәқі
<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>темужін оң ханның дәрегеиіне барарда жанына тетелес інілері қасар мен белгүтәйді қосып алады. есугеи-бахадұрдың бүкіл әулеті бір тілекте деген сөз. құрқол емес, рәсімді тәбәрігі бар.
оң хан толы өзенінің бойы, тоғайлы алас қәрә-тұн деген жерде отыр екен. ордаға түсіп, ханның алдына келгенде темужін әйтіпті:
«өткен күндерде сіз менің әкем есугеи-бәхәдүрмен анда болған едіңіз. енді бүгінде әке орнындағы әке деп білем. осы жақында ғана, әкем атастырып кеткен қалыңдығыма үйленіп едім. сонда китке келген мынау қара бұлғын жақыны өзіңізге лайықтадым!» – деиді.
өң хан айрықша риза болыпты. бірден-ақ құлдырап түседі. алқау сөзін: «қара бұлғын жақының орайына!..» – деп бәстәйді.
біз бұдан бұрнада әлденеше мәрте айттық. амалсыздан тағы да қайталауға тура келеді. батыс пен орыстың ең білгір, тіпті, пеиілі түзу оқымыстыларының өзі дала ментәлитетінен беихәбәр. болмашыны ұқпай, бұтаға сүрініп жатады. шалағайлықтың түп төркіні бар дүниеге христян жұртының біржәқті тұрғысынан қараған астамшылықта жатыр. темужіннің оң хәнмен алғаш жүздесуі де осындай тасыр, топас кеиіпте талданады: темужін қара бұлғын төнмен оң ханның аузын алыпты! яғни, паралаған, сатып әлғән…
бір тарабы түрік, моңғол текті орман тайпалары, кем-кемжүт, барғұжын-төқіммен жалғасып жатқан, алыс-берісі, араласы тоқталмаған дала жұртына бұлғын, сусар таң ба екен. түстікте шүржен мен таңғұт, батыста қара-қытай, қіпшәқпен дипломатялық қатынас орнатып, сауда-саттық жасап тұрған кереи ұлысының ханы киер киімге тапшы болып па. соның бәрін жинап қойғанда, көлденеңнен келген бір тонға бола соншама шәшілғән қандай сорлы? оның үстіне, сяпатқа келген бұл қара бұлғын жақы – еркек емес, әйелге өлшеп тігілген, бөртенің шешесі сотан сыилы құдағиы өгеліннің иығына жапқан; ол заманда әйел мен еркектің сыртқы киімдерінің айырымы шамалы десек те, оң ханға шақ келуі неғәйбіл.
шін мәнісінде, бар кілтипән – қәйткенде де батыс білгірлерінің санасына қонбайтын далалық рәсімде жатыр. темужін атап айтты: арнап тігілген емес, «китке келген қара бұлғын жақы»; осының алдында: «сызды әкемнің орнындағы әке деп білем…» егер тірі болса, китті есугеи-бахадұр киер еді, есугеи жоқ, енді атаулы кит – оның көзі тірі андасы тоғрыл ханға тиесілі. мәселе бұлғын жақының қымбат нарқында, оның тоғрылға шақ келу, келмеуінде емес. темужін есугеи-бахадұрдың ежелгі андасы тоғрыл ханды өзінің туған әкесі ретінде айғақтап тұр. қара бұлғын жақы – себеп емес, нысан, тумаса да туғандай саналуға тиыс баланың екінші бір әкесін нақты танып, мойындауының белгі, көрінісі. (сөнімен қатар, біздің ескілікті жұртта, саясат тілінде «әке–бәлә» – қалыпты термин, «сюзерен–вәссәл» мәндес, яғни, туған әкесінің өткендегі жағдайы қандай болса да, темужін тек өзі ғана емес, бүкіл әулетімен тоғрыл ханның қарауына енуге тілек білдірді деген сөз.) сондықтан да, «қара бұлғын тоның үшін…» – деген лепес – «мені әкем деп таныған көргенді қылығың үшін…» – деген мағнада ұғынылуға тиыс. басқаша шешім жоқ!
оң хан темужіннің тұлғасын танып, меиірленеді, сөзіне бағып, қатты қуанады. ықыласы шектен асыпты.
«тозғындаған жұртыңды – тұтастырып береиін, – бытыраған жұртыңды – біріктіріп береиін!» – деиді. бұдан соң бар сөзін түйіндеп: «бүйрек – бөкседе жатуға тиыс, төстік – кеудеде тұруға тиыс!» – депті («қәстерлі шежіре») . яғни, есугеидің бұрнағы, тарап кеткен елін қайтадан жиыстырып, ерікті, еріксіз түрде бодандыққа келтіріп, темужінді әкесінің орнына отырғызуға уәде қіләді.
сөйтіп, болашақ шыңғыс хан кереи оң ханның вассалы болды, деп нақтылайды батыс зерттеушілері. бұдан былай темужіннің қылышы оң ханның қізметінде, ал жеке басы – оң ханның қамқорлығында. келешек үлкен биіктерге жету жолындағы әуелгі бәспәлдәқ.

<dіv alіgn=”center” style=”color: #000000;”>екінші нөкер
<dіv alыgn=”left” style=”color: #000000;”>ғұлама тарихшы рашид-ад-динге қайыра жүгінсек, «бұл кезде сол өңірдегі барлық тайпалар ішінде қуаты зор, қүдіреті артық жұрт – кереи болатын». тоғрыл хан кешегі есугеи-бахадұрдың ұлы темужінді қанатының астына алыпты, қят руының тізгінін қайтадан ұстатпақ екен деитін хабар, ұзынқұлақ арқылы ұлы далаға тезінен тарайды. енді бұрнада көңілі түзу, бірәқ тайжуыт тарғұтай-қырылтұқтың райынан сескеніп жүрген бірәз жұрт оң ханның емеурінін күтпеи-ақ, өз беттерімен құлдық ұруға іңғәйләніпті.
темужін ауылына орала сәлісімен, елдің алды болып, бұрқан-қалдұн тауының терістік бетінен ұраңқай жаршұдай деген ақсақал жетеді. тәрізі, дарқан болса керек, көрігін арқалап, желме деген ұлын жетектеп келеді. өгелін-әйкені куәғә тарта отырып, темужінге қарата айтты деиді:
«сендер делүн-бұлдақта отырғанда, темужін жаңа туғанда мен [көрімдікке] бұлғын жөргек әкеліп сыилаған едім. қізметіңе мына желмені ерте келіп едім. бірәқ әлі кішкентәй деген соң қайта алып кеткем. енді міне, біржөлә бердім. сен, темужін, бұл желмеге атыңды ерттет, есігіңді аштыр!» – деиді.
сөйтіп, желме темужінмен бірге қалады. сөз орайына қарағанда, темужіннен бес-алты жас үлкен, бұл кезде отызға келген атпал азамат. уақыт жөнімен алғанда, темужіннің екінші нөкері.
өсінің алдында ғана, немесе осы шамада, темужін белгүтәйді жіберіп, бауыршыны шақыртып алған. бұл алғашқы екі нөкер ғұмыр бойы шыңғыс ханның ең сенімді серіктері болды. бауыршы сяқты желме де болашақ ішкі, сыртқы соғыстарда айрықша көзге түсіп, биік мәртебеге жетеді, кеиінде шыңғыс хан тарихындағы ең көрнекті тұлғалар қатарында тәнілғән.
әлбетте, бұл кезде темужін жалғыз емес еді. бір анадан туған үш іні – қасар, қашығұн және темуге бар, кіші шешеден туған белгүтәй бар. бұлардың ішінде тетелес жеткен, әрі қарымы қатты қасар мен белгүтәй ерекше. шыңғыс хан айтты деген сөз бар: «быз қасардың садағы мен белгүтәйдің қылышының арқасында жер-әлемді өзімізге қаратамыз»,– деген. сірә осы, бастапқы кезеңге тиесілі кеп. және мұндағы «жер-әлем» – ұлы дала шегінен аспаса керек. әйткенмен, күмәнсіз лепес.
бөләшәқ шыңғыс хан әуелден-ақ тым биікті межелеген. міне, алғашқы қадам жасалды. алғашқы, жәуінгер нөкерлер топтаса бастады. бірәқ темужін күш жинап үлгермеиді.
қәуіп айлап жүрсе де, күтпегендеи, төтенше бір пәле келіп жәбісәді.

<dіv alіgn=”center” style=”color: #000000;”>меркіт шәпқіні
<dіv alіgn=”left” style=”color: #000000;”>«қәстерлі шежіре» бойынша, арада тура бір жыл өткенде, (шын мәнісінде екі жылдан соң) осы кеиінгі қоныс – келүреннің бастауы, бүргі-жарда, өгелін-әйкенің үй қізметшісі қоғақшын кемпір сыртқа шыға сала, аптығып қайта кіреді: «шеше, шеше! тез тұрыңыз! жер топылған ат дүбірі естіледі! жауыз тайжуыттар қаптап келе жатқан сяқты. шеше, тезінен тұрыңыз!» – депті.
өгелін-әйке: «ұлдарды жылдам оят!» – деиді де, өзі жөппелдеме түрегеледі. темужіндер ап-сәтте жиналып, аттарын ұстайды. темужін бір атқа мінді, өгелін шеше бір атқа мініп, темулүнді алдына алды, қасар, қашығұн, темуге-өтшіген және белгүтәй да бір-быр атқа қонды, бауыршы бір атқа, желме бір атқа отырды… деп тәптіштеиді «қәстерлі шежіре». «енді бір атты жетекке алысты, бөрте-бикеге ат жетпеи қалды», – деп түжірәді.
темужіннің өзі бастаған, ерттеп үлгерді ме, жәйдәқ па, түгелімен атқа мінген бір топ кісі бұрқан-қалдұнға қарай қашады, ал «ат жетпеген» бөртені қорғансыз қалыпта тастап кетеді. ауыл иесі, әулеттің басы темужіннің жас келіншегі шын мәнісінде қу дала, жау бетінде, жалғыз қалыпты. бикесінің қамын ойлаған – қізметші қоғақшын кемпір ғана болып шығады. қарап тұрмай, бөртені жабық шатырлы қарағұт күймеге отырғызады да, оған ала сиырды жегіп, теңгелі бұлақты өрлеп жылжып кетті деиді. бұл кезде әлі әләкөлеңке, алыс төңірек көріне қөймәғән…
енді осы, «қәстерлі шежіреде» негізделіп, «алтын топшыда» бекітілген үзік оқиғаға ой көзімен қарайық. үреиі ұшқан сегіз кісі сегіз атқа мінеді. тоғызыншы атты жетекке алады. «ал бөрте-бикеге ат жетпеи қалыпты». «жетекке алған» атқа мінсе қәйтеді? бұл жетек атқа дүние-мүлік артыпты, деп дәйектеиді кеиінгі бір моңғол зерттеушілері. қарбаласта қалай артпақ. түпнүсқәдә ондай сөз жоқ. қосар ат, жетек ат қана бар. ал, артсын. ол қандай дүние? асыл қазына, құпя архив емес қой. солай бола қалғанның өзінде, аяулы әйелден қымбат болып па. тіпті, таршылықта екеулеп мінгесу деген бар ғой. жау қарасы көрінген жоқ, әлі біршәмә алыста. жасы кішірек, қоғамы кем өтшігенмен бір атқа мінуге болмады ма. осының бәрін жинап қойғанда… тоғыз ат дегеніміз – баяғы тоғыз азбан ғой. көппен бірге қашқан бауыршы осының алдында ғана «күдіс бел қүләгер атын мініп, қоңыр шекпенін бөктеріп» келген. он ат деп қойыңыз. бұдан соңғы, жас бала емес, отыздағы жігіт желме де әкесінің алдына отырып жеткен жоқ, ол да өз әтімен келді. он бір ат деңіз… алайда, бөртені ілестіре кету үшін «жетекке алынып» бос кеткен тоғызыншы азбанның өзі жетіп жатыр. сөйте тұра, темужін жауға қалдырады.
осы бір кілтипәнғә көп жұрттың басы қатқан. кеибіреулері темужіннің опасыз тайғақтығына жатқызады, енді біреулері зәресі ұшып, есінен алжасқанға телиді. енді бір, шыңғыс ханға біршәмә түзу көзқәрәстәғі ағайындар бұл орайсыз жағдайды жәймәшуәқтәп түсіндіреді: келе жатқан тайжуыттар деген тұспал болды ғой, шынында да тарғұтай-қырылтұқтың өзі, немесе арнайы аттанған жасағы деп есептеді, ал тайжуыттар бөртеге зәбір жасамауға тиыс еді деседі. өз тарабымыздан үстемелесек, бөрте – темужіннің келіншегі бөлғәнімен де, қоңырат дай-ноянның қызы, бұл кездегі қоңырат – іргелі жұрт, осындай қуатты тайпа көсемінің қызы қәйткенде де жәбір-жападан тыс қалар еді. сөз өрәйімен айтып отырмыз. әйтпесе, қандай жағдайда да темужін бөртені тастап кетпеуге тиыс-ты. жинап-терілетін уақыт та бар, мінер ат та жеткілікті. сонда да бірге алып жүрмеді. ендеше, бөртенің атқа шаба алмайтын, төтенше жағдайы болды. екіқәбәт, және, аяғы біршәмә ауыр. сондықтан да жабық шатырлы қарағұт күймеге отырады. не жексе де, кім жетелесе де, кеиіннен емес, темужіндер атқа қонған шамада, қатарлас. біз қалай айтсақ та, темужін өзі тым жақсы білетін тарғұтай-қырылтұқтан ешқәндәй рақым күтпеген. бұл жолы шешесі мен інілерін, ең аяғы, он екі-он үш жастар шамасындағы кішкентәй қарындасы темулүнге деиін өзімен бірге қашырды. ал бөрте амалсыздан арбаға мініп, қізметші кемпірмен екеуі бөлек кетеді.
сөрғә қарай, шапқыншы – тайжуыт емес, меркіт болып шықты.
бұл меркіт баяғы есугеи-бахадұрдың өгелінді тартып әкеткен кегі үшін аттаныпты деп дәйектеиді, «қәстерлі шежірені» қайталаған барлық зерттеушілер мен жазушылар. арада ширек ғасырдан астам – жиырма жеті-жиырма тоғыз жыл өткен. есугеи дүниеден көшкелі тағы қаншама заман – кемі он бес жыл. осыған деиін қайда қалыпты? кеиінгі бүргі-жардан тапқанда, әуелгі делүн-бұлдақтан, немесе онанның бойы, бұрқан-қалдұнның төңірегін сүзіп жүріп, кез келген қонысынан неге баспаған? есугеидің бүкіл әулеті панасыз қалғанда, жетім-жесір отырғанда. кеиін мағлұм болғандай, атақты шапқын кезінде әуелгі күйеу чіледу де өмірден өтіп кеткен, ал бұдан он бес жыл бұрын әлі жер басып жүруге тиыс. тіпті, еліне бара сала құсадан өлсе де, аталмыш кезеңде өгелін әлі жас, бастапқы әменгерлерінің біріне қатын болуға жарап жатыр, әрі зорлықшыл есугеидің шиттеи балаларын қырып салу да, құлдыққа байлау да оп-оңай еді ғой. жоқ. өгеліннің қартаюын, темужін мен оның інілерінің осып-жетуін күтіпті. және темужіннің еркіндікке шыққан алғашқы быр-екі жылында іркіліп, оң ханның алдынан өтуін тосқан. демек… бұл арада бір кілтипән бар. темужіннің өзін де, отырған жәйләуін да нақты нұсқаған… сол баяғы тарғұтай-қырылтұқ деп тануға тиыспыз.
оң хан кешегі есугеи-бахадұрдың тумысы өзгеше ұлы темужіннің «тозғындаған жұртын тұтастырып берсе, бытыраған жұртын біріктіріп берсе», ал өзін «белдегі бүйрек» пен «кеудедегі төстіктен» де оздырып, төбеге шығарса… ең әлдімен кім жапа шекпек? сол ежелгі жұртты жырымдап, өзіне қосып алған, тайжуыт тұрыпты, бүкіл қятқа және қатарлас бодан тағы қаншама ағайынға өкім етіп отырған тарғұтай-қырылтұқ! билігі кеміп қана қоймайды, басынан айрылмаса да бары ортаяды. сондықтан, астарлы, бірәқ пәрменді әрекетке көшкен. әуелден аңдалғандай, темужінді көпе-көрнеу өлтіре алмайды, оның үстіне қәзір қүдіретті оң ханның баласы есепті, сондықтан да бөтеннің қөлімен от көсеуге шешінген. меркіттің ескі кегін еске түсіріп, тиісінше бағыттайды.
аралық – алыс, суыт жүрістің өзінде кемі торт-бес қонақ. темужіннің қәзірде отырған қонысын нақты білген меркіттер түнде біршәмә тақауға келіп тоқтап, таң бозында тура аттанған. қапыда, ұйқыда басу үшін. небәрі екі-ұш үйлі темужінге қарсы аттанған шағын жасақты баяғы беибәқ чіледудің туған ағасы, удойыт меркіт көсемі тоқта-бектің өзі бастап шыққан екен. «қәстерлі шежіренің» нықтап айтуынша, жалғыз аттанбаған. ұбас меркіт дайыр-ұсұн, қағат меркіт қағатай-дармала бар.
бұл жағдайдан дәл сол бір сәтінде темужіннің төңірегі мүлде беихәбәр. қаптаған жау – тайжуыт деп қашқан темужін тобы бұрқан-қалдұнға шығып кетеді. ал «қәстерлі шежіре» бойынша, «ала сиыр жеккен» қарағұт күйме онанның шағын бір саласын өрлеп, бой тасалауға тырысады. (осы арада тағы да түзету жасауға тура келеді. арбасы рас, ал сиыры ойдан шығарылған деиміз. ол заманда шығыстағы көшпенді қауым қандай да бір доңғалақты арбаға ат жекпеген, әдетте өгіз, немесе түйе. яғни, бөртенің мінгені – бұрнада жегіні жоқ күйме болады. сонда ол арбаны қалай тартқан? осы қонысқа өзі дөңгелеп келіп пе? манағы бір лепесімізді қайталасақ, қоңырат дай-ноянның сүйікті қызы жаңа жұртына жаяу келген жоқ қой. ат мінді, немесе күймемен түсті. ол ат та, ол күймеге жегілген көлік те ғайыпқа айналған…) алайда, бөрте күтпеген жерден жау қолына түтіләді.
енді бой тасаладық па деген кезде қарсы алдынан қарулы топ шығыпты. сыңайына қарағанда, темужіннің ауылын қоршау үшін күргеилеи, бөліне шапқан төтенше жасақ. күймені айдап, алда отырған қоғақшын кемпірдің мен: «қара күркеден шыққан қізметшімін, көлденеңнен келем» – деп алдаусыратқан сөзіне иланып, ауылға қарай асығыс аттанады. онда есугеи-бахадұрдың тоқал жесірі сөчигіл жан адамнан жалғыз өзі ғана отыр екен. жасауылдардың бірі аяғын салақтатып, артына мінгізіп алады (әйел адамды артқа – «ат көтіне» мінгізу – қорлаудың шегі саналған) . қашқын жұрттың ізін шалып, қайтадан шапқан жасақтың осы бір тобы тағы да қарағұт күйменің үстінен түсіпті. қырсыққа қарай, бұл кезде мүлде ұзап кетуге тиыс күйменің арыс білігі опырылып сынып, еріксіз бөгелген екен. әлденеден күмән алған жасақшылар күйменің пердесін ашып, тығылып отырған бөртені көреді. «бикенің өзі екен ғой!» – деп дабырлай қуанысып, шатыр астынан сүйреп шығарады. қоғақшын екеуін бір атқа мінгестіріп, өздерімен бірге алып жүрді деиді.
сөйтіп бөрте-бике бір заманда өзінің енесі бармай қалған меркіт жұртының тұтқынына түседі. біз айтамыз – аттаныстың негізгі мақсаты – бөртені алу емес, темужінді өлтіру болатын. алайда, кездеисөқтә жас сұлуды қолға түсірді. енді темужіннің өзін ұстау керек еді…
өсі орайда, болашақ шыңғыс ханның тайғанақ, тасырлығы, бөртеге «ат жетпеи», жау бетінде қалуы – «қәстерлі шежіреге» басқа бір тараптан қосылған үстеме екенін ескерте кеткен жөн. баяндалып отырған оқиға бәрісімен үйлеспеитінін көрдік. таң қаларлық жағдай, анық шыңғыс хан турасындағы, оны алып, абадан беинесінде таңбалаған айтулы шығармада, осы ұлы епөстің өзекті тұрғысы, болмыс-бітімімен сәйкеспеитін, басты тұлғаны келеңсіз кеиіпке қарай бұра тартатын мұндай қыстырмалар мен әуезелер жалғыз осы ретпен ғана шектелмеиді. айттық, кеиінгі, көлденең жамаулар. сөнімен қатар, «қәстерлі шежіре» – нақты тарихи құжат емес, тарихи негіздегі көркем шығарма – әдепкі әуізекі епөс екенін де ұмытпаған жөн. осы орайда, «қәстерлі шежіреде» кеиіптелетін шыңғыс хан – баз-базында тарихи шыңғыс ханға мүлде жанаспайтынын кезінде г.грумм-гржимәйлө атап көрсеткен бөләтін.

<dіv alыgn=”center” style=”color: #000000;”>құтылу
<dыv alіgn=”left”>меркіттер темужін тобының қашқан сорабын шалып, бұрқан-қалдұнға ат басын тіреиді. қоршалай қаумалап, жүлгелі тауды үш қайтара айналды деиді. алай-бұлай іздесе де, қарасын шалмады деиді. биікке өрлегенде қяда батпақтап, жынысқа кіргенде жолы кесіліп, жапырлай жүру мүмкін болмады, темужіннің ізін тапса да, өзін көрмеді деиді. батпағы – басып кеткен жан шым батар жылым екен, орманы – тоқ жыланның өзі жорғалап өте алмас бітік екен, деп әсірелеиді «қәстерлі шежіре». қуғыншылар қалай қапылса да ешқәндәй нәтиже шығара алмапты.
ақыры үш меркіттің үш көсемі өзәрә ақылдасып: «есугеидің өгелінді тартып әкеткен кегін қайтарып, темужіннің қатынын қолға түсірдік, арыдағы аталар мен кеиінгі әкелердің есесі толды», – десіп, барлық әскерімен таудан түсіп, аулаққа бет түзеиді.
темужін кетіп бара жатқан жау сұлбасын алыстан аңдап, әйтсе де, тосқауыл, тұтқауылдан қәуіптеніп, бұрқаннан шықпайды, жағдайдың анығына жету үшін белгүтәй, бауыршы мен желме үшеуін жібереді, бұлар қайтқан жаудың ізімен мұқят барлап, біржөлә ұзағанына көздері жеткен соң, нақты хабарын білгізеді. темужін сонда ғана бұрқан-қалдұнның шытырман биігінен түсті деиді.
турә келген анық ажалдан есен қалғанына тәубә айтып, төсін қаққылап, тәңріге жалбарынды деиді. болашақ шыңғыс ханның бұл реткі жүрекжәрді лепесін «қәстерлі шежіре» ежелгі епөс үлгісімен, толғау-жыр түрінде береді:
«қәуіпті жаудан кешегі, – құтылудың есебі: – сауысқандай еститін – сақ қоғақшын кемпірдің, – сезігінің арқасы, – аппақ кістеи көреген, – пәк қоғақшын кемпірдің – алғырының арқасы.
атыма мініп, аптығып, – бүтін денем бүрсеңдеп, – сорабын жолдың білсем деп, – бұғының ізін долбарлап, – бұта-бүргенге қорғалап, – бұрқан-қалдұн тауына – бұғып жаным қалған-ды.
жасанған жау кезеніп, – жасағанда шабуыл, – тұйығынан қашқан торғайдай, – ізіне түсіп қодастың, – тесігіне тығылып қойтастың, – қәсиетті бұрқан тауына – қашып келіп сағалап, – жаппа тігіп паналап, – жас жанымды қорғадым.
ну орманды бұрқан тау, – бір шыбындай жаныма, – бірегеи сая болған тау, – құртымыштай тәніме, – құтты пана болған тау!
ата жаудан ап қалған, – жетімек бізді жебеген, – асқар тауым – киелім, – көзімді аша сиынып, – күн сайын бас иемін!
өмір-бақи ұлассын, – бас иіп, құлдық етеиік, – атадан – ұлға жалғассын, – табынып мәңгі өтеиік!» (мағауя сұлтаняұлының көне нұсқадан бүгінгі тілімізге тәржімәсі бойынша.)
тебірене толғанған соң, белдігін шешіп, мойнына асты, малақайын алып, бауынан білекке іліп, екі қолын қаусыра, кеудесіне басып, жарық күнге қарап, тоғыз мәрте тағзым жасап, шәшу шәшті деиді.
бүл кезде темужін төтесінен шапқан жаудың меркіт екенін енді ғана білді, ал бөртенің жағдайынан беихәбәр болуға тиыс. бірәқ ойрандалған отауына келген соң анығын көрді.

<dіv alыgn=”center” style=”color: #000000;”>құтқару
<dыv alіgn=”left”>«қәстерлі шежіреде» өзінің ажалдан қақас қалғанына жүрегі жарыла қуанған темужіннің ақ-адал қосағы бөрте жау қолына кеткенін естіген сәттегі жан тебіренісі көрініс таппаған. бірәқ бұдан соңғы әрекеті нақты айтылады. бөгеліп жырғалмаса керек, қасына тағы да елеулі екі інісі – қасар мен белгүтәйді ертіп, оң ханға арызданып барады. бұрнағы қонысы – толы өзенінің аңғарындағы қара-түнде отыр екен.
«қәстерлі шежіреге» үңілсек, темужіннің шағымы мүлде төтенше естіледі. «үш меркіт қапылыста шауып, әйелім мен ұлдарымды тұтқындап әкетті», – деиді. «хан әке, осы әйелім мен ұлдарымды құтқарып бере гөр деп келіп отырмыз!» – деиді.
тәң қаларлық жағдай. бөртені арнап атамасын. өнімен бірге тұтқынға кеткен – кіші шеше сөчигіл ғана болатын. қайдағы «ұл», немесе «ұлдар»? бірәқ «қәстерлі шежіреде» нақты атап көрсетіледі: «еме, көгүбен…»
с.көзин «әйелдер мен балаларымызды» деп аударған – «напали на нас… и полонили жен и детеи», ең оңдысы осы болар. н.базылхан қәзіргі моңғолданған нұсқа бойынша, «әйел, бала-шаға», «әйелім мен ұлдарым» деп қотарыпты. мостарт «еме көбегүд» – тек қана «әйел» мағынасында ұғынылуы керек деп, мүлде қисынсыз долбар жасайды. шындығында, көне түрік тілінде «еме» («ама», «ама») – әйел де, «көгүбен», «көбеген» – ұл, ал лубсан-данзан таңбалаған «алтын топшыдағы», жаңағы, мостарт айтып отырған «көбегүд»» – көптік «-д» жұрнағы жалғанған, «ұлдар» (немесе «балалар») деген сөз.
әяқ астынан өсіп шыққан атаусыз «әйел (дер) » мен қисынсыз «ұлдарға» қатысты күмәнімізді кеиінге ысыра тұрып, әңгіменің түп негізіне көшеиік. бөртені тұтқиылдан шапқан меркіттер олжалап әкетті. енді темужін хан әкесі тоғрылдан араша сұрап келіп отыр.
тоғрыл–оң хан істің мән-жәйін бірден байыптайды.
«былтыр айтпап па едім саған, – деиді. – әкемнің андасы – маған да әке есепті деп, қол қусырып келгенде, қара бұлғын жақы әкеліп, иығыма жапқанда. «тозғындаған жұртыңды, – топтастырып береиін, – бытыраған жұртыңды, – біріктіріп береиін!» – дегем. сол сөзім әлі күшінде. бар тілегің орындалады. меркітке кеткен бөрте-бикені қайтарып әперем!» – деиді.
бүдән соңғы, бөртені құтқару машақаты – бізге екі түрлі нұсқада жеткен. уақыт жөнінен қарағанда, мұның алғашқысы – «қәстерлі шежіре» бойынша, меркітке қарсы жаппай, ұйымдасқан қанды жорық нәтижесінде. екіншісі – «жинақты тауарих» бойынша, бар шаруа беибіт жөлмен бітеді.
әжірәтіп айтсақ, батыс пен шығыстың бұрынғы-соңды барлық зерттеушілері «қәстерлі шежіре» хикәясін мақұл көрген және соған орай, арнайы ғылыми еңбектерде де, әрқилі сыпаттағы көркем әдебиетте де талассыз ақиқат ретінде айғақталып, жалпы жұрттың санасына орнаған. ал «жинақты тауарих» нұсқасы қолайсыз, ыңғайсыз әңгімені жәймәшуәқтәп, жәйдәқтәп жіберген, тіпті, бастан-аяқ ойдан шығарылған деп саналады. оның үстіне, «жинақты тауарихтағы» оқиға шешімі тым жұпыны, ал «қәстерлі шежіре» баяны – айдынды епикә, ширыққан драма есепті. біз «қәстерлі шежіренің» бұл ұтымды сыпаты – оның ең үлкен кінәрәті да болып табылады дер едік. біздің алдымызда екеуі де ескіден қалған екі айрық әңгіме тұр, оның бірін сөзсіз теріске шығарып, екіншісін күмәнсіз мақұлдауға ешқәндәй қосымша негіз, нақты дәлел жоқ. бар – мәселеге тарихи шындық, сол кездегі табиғи болмыс, әлі жұрт ұстап, үлкен билікке де, жалпыға танылған абырой-атаққа да жетпеген, жалғыз ат, жалаң қылышты, тікелеи ғұзырына небәрі бес-алты-ақ нөкер құлдық ұрған темужіннің өлшеулі өрісі мен шектеулі қарымы тұрғысынан қарасақ. осы темужіннің шыңғыс хан атанып, таққа отырғанға деиінгі дәуірдегі әрқилі шырғалаң оқиғалардың рет-жөнімен, үлкенді-кішілі ішкі соғыстар сіпәтімен салғастыра байыптасақ.
анығында, бөртені құтқару мәселесін басқаша баяндаған «жинақты тауарих» ештеңені де жеңілдетіп отырған жоқ. ескі нұсқада да бөрте еріксіз тұтқынға түсті. қәпелімде шапқан меркіттер өзімен бірге алып кетті. жау қолындағы әйелдің бұдан соңғы ахуалы, айтпаса да түсінікті. «қәстерлі шежіре» атап көрсетеді, баяғы бақытсыз «чіледудің інісі чілгір-бөкенің асырауына (қарауына) тапсырған екен» деиді, ал «жинақты тауарихта» мұндай жағдай арнап айтылмайды, батыс білгірлерінің тұшынбайтын бір себебі осы. шындығында, ежелден белгілі, үй-жәйінән айрылып, шабындыдан келген әйел қашанда жаңа біреудің қойнына берілген. шұқып көрсетпеген соң, шыңғыс ханнан қашанда бір мін табуға ұмтылатын, мүмкіндігіне қарай, оны мұқатуға, кемшін кеиіпте беинелеуге тырысатын, қәйткенде де, бұдан мың жарым, мың, жеті жұз-сегіз жүз жыл бұрын бет қарай алмай, барлық майданда ойсырап жеңілген аталарының жоғын түгендеп бітпеген батыс білгірлерінің айызы қанбай қалыпты. біз айтайық, барлық заманда да, зорлықшыл ұрыс-соғыстың ең басты құрбаны – қаны төгілген еркек емес, ары шәшілғән әйел болған, сөнімен қатар, біздің ескілікте жау қолына түскен әйелде жазық жоқ, қорлық көрсе де, күнәкәр емес, айып пен намыс та, кінәрәт пен кемшілік те әйелді қорғай алмаған еркекке қатысты, енді қосағын аман-есен құтқарып алса, үлкен абырой, сөнімен қатар, жат біреудің босағасын еріксіз көрген әйелдің бетіне шіркеу келмеген.
«бөрте-қатынды меркіттен қайтарып әперем!» – деиді оң хан екі нұсқада да. және қолма-қол іске кіріседі.
«жинәқті тауарих» бойынша, бар шаруаны жалғыз өзі атқарады және мәселені оп-оңай, әрі тез шешеді. оқиға артық өзгеріссіз, орайлы қисінмен, негізінен ортақ мазмұнда үш мәрте қайталанған: бірінші кітәп – бірінші бөлімде, бірінші кітәп – екінші бөлімде және екінші кітәптә.
шіңғіс ханның атақ-даңқы шықпай тұрған заманда болған жағдаят, деп жазады рәшид-ад-дин. қатыны бөрте-бикенің аяғы ауыр екен. бұл кезде, қәпелім бір кезеңді пайдаланған меркіт тайпасы, шыңғыс ханның үй-жәйін ойрандап, бөртені тұтқынға алып кетеді. кереи әмірі оң хан бұрнада меркітпен жаулас болса да, дәл осы тұста бітісіп, беибіт қатынаста отырған екен. сондықтан да, меркіттер бөрте-бикені оң ханның қолына тапсырады. өткенде әкесі есугеи-бәхәдүрмен анда болғандықтан, шыңғыс ханның өзін ұлым деп таныған оң хан бөртені жас келін ретінде қүрмет тұтып, әяушіліқпен қарап, көлденең көзден сақтайды. бөрте айрықша ару, инабатты әрі парасатты екен, соған орай әкім-шонжарлары: «бұл бөрте-бикені өзің алған жөн!» – деседі. сонда оң хан: «бөрте – менің ұлымның қосағы, мұнда қәтерден тыс, қәуіпсіз жағдайда отыр; келінге бөтен ой, сұқ көзбен қарау опасыз арамдық болар еді», – деген жауап береді.
бөрте оң ханның қолына өткенін естіген соң, шыңғыс хан өзінің ұлықтарының бірі жалайыр саба деген кісіні жібереді. бұл саба – абаға ханның жарлығы бойынша, арғұн ханның жас кезінде оның ордасындағы ұлы әмір, сөнімен қатар, хорасан мен мәзәндерән әкімі болған жалайыр сартақ-ноянның үлкен әкесі, деп айғақтайды рәшид-ад-дин. (оз тарабымыздан үстемелесек, ирандағы елхәндәр: абақа – 1265–1282, арғұн – 1284–1291 жылдарда өкім құрған, есебі, сартақ-ноянның ұлықтық заманы – хііі ғасырдың соңғы үшегіне сәйкеседі; тәптіштеп отырғанымыз – бұл сартақ-ноян әйгілі қазақ тарихшысы қадырғали жалайырдың оныншы бабасы, ал шыңғыс хан тұсындағы саба – он екінші бабасы болып келеді…)
оң хан жалайыр сабаны қүрметпен қарсы алып, бөртені бірге аттандырады. бөрте жол үстінде толғатып, ұл табады. көлденең қәтер көп, ұзағынан аялдап, бесік жасап алу мүмкін болмағандықтан, саба қолда бар азғана ұннан қамыр илеп, сәбиді соған орап, әлденендеи зақым, жәйсіздіқ келмес үшін етегіне салып алып жүрген екен. сөйтіп, баласын да, әйелін де шыңғыс ханға аман-есен жеткізеді. төтенше жағдайда, жол үстінде туғандықтан, ұлдың атын жошы қойған екен, деп тұжырады рәшид-ад-дин, өзәрә айырымы жоққа тән үш тармақ әңгімесін де.
дерегі мол, тянағы толық, байыпты хикәя. бөртенің оң ханның ордасындағы жағдайы, ұлықтардың қисық кеңесі, жалайыр сабаның баруы, қайтар жолдағы мехнәт – түгелімен табиғи, шынайы әрі нанымды; көлденеңнен ойлап қыстырылған өтірікке сыиыспас дәйек, әуезе өз әлдінә.
рәшид-ад-дин баянына қарағанда, бөрте меркіт тұтқынында тым ұзақ қалмаған. шапқын жазда болады. өз отауына оралу да жаз күні. алты ай жазға салсақ, асып кеткенде ерте көктемнен қоңыр күзге деиінгі аралық. сонда нақты тұтқын мезгілі бірер ай, әлде бірнеше апта ғана. «қәстерлі шежіреде», апат әйтілмәғәнімен, кіріптәрліқ бұдан көбірек мезгілге созылғанын байқаймыз. әйткенмен, жер қарада тұтылып, қар түспеи құтқарылғаны көрінеді. ең ұзақ шегінде жеті-сегіз ай. осыған қарамастан, кеиінгі зерттеушілер бөртенің тұтқынын бір жаздан екінші жазға өткеріп, тұтас бір жылға, тіпті, одан да ұзақ уақытқа созуға тырысады. бір дәлел – оң ханның «былтыр айтып едім ғой» деген ескертпесі. бұл – өткен жылғы уәде турасындағы сөз. көпе-көрнеу бұра салғанда, шыңғыс хан бөрте кеткеннен кеиін бір жылдан соң ғана оң ханға өтініш жасап барған болады; екінші тетік – әскер топтау, аттаныс машақаты: оң хан ырғалып-жырғалып болғанша, жамұқа бәлсіне керігіп көтерілгенше, екі аралықтағы шарасыз темужін ес жиғанша, қыс түспек, жорық келесі жылға қалмақ. шындығы, қандай да қысылтаяң жағдай болмасын, көшпенді жұрттың атқа қонуы жөппелдеме, ал әскер жиып, қалың қол құрау үшін, жер ыңғайына қарай, бірер апта, асса бірер ай жетіп жатыр. ол заманда жау бетінде отырған жалпы жұрт аса жинақы болған, және дәл осы ретте сауын мен аттаныс аралығы тым ұзаққа созылмағаны көрінеді. оның үстіне… «қәстерлі шежіренің» өзінде атап айтылған: «меркіт тұтқынына кеткен кезде бөртенің аяғы ауыр еді», – деген. соған қарамастан, батыс зерттеушілері әрқилі көңірсі долбарға жүгінеді, тіпті, теріс толғамын талассыз ақиқат ретінде бекітеді.
әлбетте, бөртенің тұтқыннан құтқарылуы турасындағы хикәянің «жинақты тауарих» нұсқасын біржөлә мансұқ етіп, атаусыз қалдыру, тіпті, «қәстерлі шежіренің» нақты лепесін де елемеу, әйтпесе жоққа шығару – батыс тарихшыларының қәйткенде де шыңғыс ханға көлеңке түсіру ниетінің кезекті бір көрінісі болып табылады. жауыз шыңғыс ханның алғашқы, үлкен ұлы жошы өзінен тумапты! көлденеңнен жабысқан жолдыбай екен! атының өзі айтып тұр! – деседі. ал, жолда тусын. көшпенді жұртта аттың жалы, түйенің қомында кім тумаған. рәшид-ад-дин атап көрсеткендеи, сапар, көш үстінде туған баланы жошы деп атайтын ырым болса несі бар. темужіннің туған інісінің толық аты – жошы-қасар. кеиінгі жошы хәнмен шатыстырмас үшін көбіне-көп, үнемі дерлік есімнің екінші жартысы қабылданған. «жинақты тауарихты» ақтарыстап қарасаңыз, тағы қаншама жошы алдыңыздан шығады: түмбине ханның ұлы жошы, құтұла ханның ұлы жошы, қадан-бахадұрдың ұлы жошы, таудан-өтшігеннің ұлы жошы, тайжуыттан, жалайырдан, және басқа да рулардан шыққан тағы қаншама жошы, – бұл – таңбалы қағазға түскен жошылар ғана, соның бәрі некесіз туып па. үлкен ұл жошыны аз көрсеңіз, шыңғыс ханның кенже ұлы төлені де шалағай-шата қылып қояды. керек десеңіз, шыңғыс ханның өзі күмәнді – өгелін есугеи-бахадұрдан бұрын ұрықтанып қойған… ең қызығы, қызығы емес, шыжығы – кезінде осы ұранға өзін қазақпын деп жүрген, анығында үш атасын түгендеп бере алмайтын әлдебір шаласауат, әуесқөй ақынсымақ досының жетегімен, қырғыз текті орыс жазушысы, шатысқанда өзінің аты да шыңғыс – айтматовтың қосылып кетуі және өршеленіп, өле-өлгенше тоқтамай қоюы. бұл туралы өз тұсында жеткізіп айтқанбыз, «ешкі жетектеген екеу» деитін толғауымызда. «асыл текті өгеліннің құрсағына болашақ шыңғыс хан, кемеңгер бөртенің құрсағына болашақ жошы хан сәулелі тамшы болып түсерде, осы екеуінің аяғын ұстап зор, басын құшақтап шоң отырған жоқ па екен?» – деп. ал, аяғын керіп, қолын матап отырсын. шыңғыс хан да, жошы хан да меркіттен туды. қытайдан емес қой. орыстан да емес. меркіт – моңғол деңіз, түрік деңіз, далалық ру. бүгінде қазақтың кереи тайпасының бір тармағы. тіпті жақсы емес пе. бақайшығына деиін өзіміз болып шықты… тіпу! былғанышты әшкерелеимін деп отырып, өзің де былғана бастайды екенсің. кет, пәлекет!.. сөнімен, жошы ханның тумысы турасындағы, алдымыздан әлі де талай рет шығуы мүмкін қиғаш әңгіменің мән-жәйі өсімен тәмәм.
«жинәқті тауарих» бөрте-бикенің меркіт тұтқынында болуын теріске сайып отырған жоқ. (дап осы ретте былапыт өсекке жел беру тіпті оңайға түсер еді. жошы–бату әулетінің билігіндегі алтын орда мен төле–қүләғу әулеті өкім құрған иран-елхән ұлысы бұл кезде ұзаққа созылған, ауыр соғысты бастан өткерген және біржөлә бітіспеген, әлі қырбай. осыған орай, жаулас патшалық нәсілдің күмәнді тумысын «әшкерелеу» – сарай ұлығы әрі ресми тарихшыға әжептәуір «ұтыс» әперер еді. алайда, рәшид-ад-дин шындықтан ауытқымаған.) тек басыбайлы тұтқыннан қалай құтылғанын басқаша баяндайды. және кіріптәрліқ мезгілі шамалы ғана болғанын көреміз, дедік. сөнімен қатар, осы хикәяғә орай, назар аударып қарайтын бірнеше жағдаят бәр.
рәшид-ад-дин «жинақты тауарихтың» тағы бір тұсында жошы –шыңғыс ханның екінші перзенті екенін атап көрсетеді. тұңғышы – қыз бала, фуджин-бегі. бұл – нақты есім емес, көне түрікше қатын, кеиінгі нұсқада ханым мәртебесінің қытай рәсіміндегі баламасы, туасы аты – қожын-бике. демек, темужіннің бөртеге үйленуі, және, сөз жоқ, көп ұзатпай тоғрыл–оң хәнмен жүздесуінен – меркіт шапқынына деиін кемі екі-екі жарым, әйтпесе толық үш жыл өткен. жошы 1283 жылы туады. шыңғыс хан жиырма сегіз жаста. он екі жасында әкесі өлген, шамасы он төрт жасында тайжуыт тұтқынында болды, оның ізін ала шүржен құлдығына кетіп, он жылдан астам ұзақ заманнан соң әрең оралды, яғни бұл кезде жасы жиырма беске қараған. келе сала бөртені іздеп шықса және шырғалаңсыз табысса, бұдан соңғы барлық меже нақты әрі дәлме-дал шығып жатқанын көреміз.
рәшид-ад-дин меркіттің тосын шапқыны нәтижесінде шыңғыс ханның үй-орманы талауға түскенін айтады және бөртенің де дәл осы ретте тұтқынға кетуін куәләндірәді. темужіннің өзі аман құтылған. соған орай, «жинақты тауарихта» бәжәйләп айтылмаған, бірәқ, «қәстерлі шежіреде» епикәліқ тұрғыда болса да, меилінше толық сыпатталған ортақ оқиға – нақты шындық, өмірде болған жағдаят деп тануға тиыспыз. темужіннің бөртеге араша сұрап баруы да күмәнсіз. бұл кезде темужін оң ханның баласы сәнәлумен қатар, бізше айтқанда боданы, еурөпәшә – вассал. белгілі бір ханның, көрөлдің, ұлық, феөдәлдің бағынышты кісісіне тиысу, бодан жұртына шабу – сюзерен – атаулы әміршінің өзіне тікелеи қатысты әрекет саналған. меркіттер бөртені қайтармаса, бұл ең әлдімен оң ханды елемеу, қорлау, керек десеңіз, оған соғыс жарялау есепті. үй-жәйі шапқынға түскен, әйелі олжаға кеткен – оң ханның темужіннен әлдеқәйдә төмен, кез келген боданы болса да дәп осылай саналар еді. оң хан қатардағы боданы ғана емес, бауырына тартқан баласы темужіннің жұбайы тезінен қайтарылуын талап етеді және ол талап қолма-қол орындалады.
тұтқыннан босаған бөртені алып қайтуға темужіннің өзі бармай, және үнемі бірге жүретін туған інілері қасар мен белгүтәйді жібермеи, тіпті, сенімді нөкерлері бауыршы мен желмені де жұмсамай, бар салмақты жалайыр сабаға артуы да кездеисөқ емес. темужін аяғы ауыр болса да, көп ұзамай белі қайтадан тартылуға тиыс, «айрықша сұлу, ақылды әрі инабатты» бөртені оң хан зөрліқпен өзіне алып қалуы мүмкін деп шінімен қәуіптенген. ол заман үшін төтенше жағдай емес. қарауындағы боданның әйелін айырып алу онша үлкен айып саналмаған. сабаны жіберуі де сондықтан. сірә, жасы үлкен кісі әрі жалайырдың көрнекті адамы.
осыдан шығатын екінші толғам – бұл кезде жалайыр, түгел болмаса да, қомақты бөлігі, кем тартқанда, саба сяқты белгілі бір кісілері темужіннің әмірін мойындаған. жалайыр – шыңғыс ханның алтыншы атасы қайду ханның заманынан бастап, қят-бөржіген руының боданы саналады, есугеи-бахадұр өлгенге деиін аралары ажырамаған. енді, оң ханның ишарасы, бәлкім, тікелеи нүсқәуімен ежелден өктем ағайын, әрі одақтас жұртын елдің әлдімен тапқанын көреміз.
хән-әкенің алқауынан бері екі-ұш жыл өткен. қуатты қамқоршының жәрдем, медеті, өзінің айрықша болмысы, көсемдік тумісімен, тозған жұртын қайтадан топтастыра бастаған темужін үлкен күш жинап үлгермепті. сондықтан да ошағы талауға түсіп, қосағы тұтқынға кетті. бірәқ есесі тезінен қайтқанын көреміз. бөртемен оңай табысады.
айттық, «қәстерлі шежіре» керісінше, бөртенің тұтқыннан қалай құтылғаны турасында мүлде басқа бір хикәя шертеді.
«бөрте-қатынды қайтарып әперем!» – деиді оң хан. сөнімен қатар, бүкіл меркітті қиратуға уәде береді. яғни, кең көлемді, үлкен жорық. дайындығы мол, шырғалаңы көп, ақыры қәнтөгіске бастайтын, алмағайып іс. жорық сәтімен аяқталуы үшін темужінге өзінің андасы жамұқаны қатарға келтіру қәжетін айтады. (бөртенің әкесі, қоңырат әмірі, көтерілуі тіпті оңай дай-ноян мүлде ұмыт қалған.) оң ханның өзі екі түменмен шықпақ, жамұқа да екі түменмен шықсын, қайдан, қашан аттанарымызды да жамұқа белгілесін, деиді. темужін жамұқа андасына өзі бармай, қасар мен белгүтәйді жібереді. жамұқа жорық жөнін мақұл көріп, екі түмен әскермен көтерілуге уәде береді, мұның бір түмені – тікелеи өзіне қарасты жұрттан, екінші түмен – темужінге тиесілі ұлыстан (!) жиналмақ. ақыры, біршәмә машақаттан соң одақтас ағайындар қалың қол құрап, меркітке шабады. ұйқыда, түнде басып, қонысын ойрандап, халқына қырғын салады. жауды қуған қалың әскердің алдыңғы сапында болған темужін, қашқан жүртпен араласа, ойқастай шапқылап, үнемі: «бөрте! бөрте!» – деп дабылдай береді. ақыры, әлдебір тұста темужіннің даусын құлағы шалған бөрте мініп бара жатқан күймесінен асыға шығып, қарсы жүгіріпті. келе сала күйеуінің шылбырына оралады. түн іші, ен дала, апыр-топыр жалпы қарбаласта, жарқыраған ай астында темужін мен бөрте құшақтасып табысты деиді. өте әсерлі сурет. тарихи жазбадан гөрі епөстіқ толғауға көбірек ұқсайды.
шын өмірде дәп осылай болды ма? ерлі-зайыпты екеуінің соншама қиындық, керәләңнән соң құшақтасып табысуы емес, қалай және қандай жағдайда көрісуі. ай астындағы айрықша қауышу. бөртенің меркіт тұтқынында болуы анық қой. біз меркіт жорығын да теріске шығармаймыз. тек бөртені босатуға қатыссыз, басқа бір уақыттағы, басқа бір жорық деиміз.
темужін шағынады ғой, оң ханға. «қәстерлі шежіре» бойынша: «үш меркіт тұтқиылдан жұртымызды шауып, әйелдеріміз бен балаларымызды тұтқынға алып кетті», – деп. «хан әке, осы әйелдеріміз бен балаларымызды құтқарып бере гөр!» – деп. мана айттық, «әйелім бөртені әкетті, осы бөртені құтқарып бер» демеиді. атап айтпағанның өзінде әлдебір «балалар» қайдан жүр? яғни, бөртені тұтқындау оқиғасы өз алдына, үш меркіттің шапқыны өз алдына. аңдап қарасақ, тоғрыл, жамұқа, темужін үшеуінің меркіт жорығы – бас-аяғы бүтін, дербес шығарма, өз алдына бір епикәліқ жыр болғанын көреміз. шыңғыс ханның өткен өміріне, оның ішкі, сыртқы соғыстарына қатысты, кеибірі шынайы, енді бірі ертегілік, мифтік, әрқилі сыпаттағы жыр, толғау, аңыздар жиһәнгердің көзі тірісінде қалыптасып, ел арасына тарай бастаған, жалғас дәуірлерде одан әрі дамыған. аңыздық, мифтік өзгеше үлгілер тұтас-түгел қалпында біздің заманға жетпегенімен, жекелеген әңгімелері, әлдебір үзіктері әлдеқәләй сақталып қалғанын айтамыз, мәселен, кәрпини сол қалпында, ақиқат ретінде қабылдаған боры-төбет елімен соғыс, ит басты кісілер, жалғыз аяқты құбыжықтар хикәясі дегендеи. ал шындық оқиғалар орайында құрылған әңгіме, жырлардың көпшілігі «қәстерлі шежіре» құрамына енгенін, тағы қаншама нұсқа «жинақты тауарихқа» ұйтқы болғанын көреміз. өмірде өткен меркіт жорығы да өз кезінде дербес епикәліқ жырға айналғаны аңдалады. «қәстерлі шежірені» құрастырушы бүтін күйінде ала салған, бірәқ тарихи еңбек емес, епикәліқ көркем шығарма үлгісімен төтенше өзгерістер жасаған. кеиінгі, кең көлемді меркіт жорығын бұрнағы – бөртені құтқару мәселесімен астастырады. соған орай, әуелгі, бөртені тұтқындау оқиғасы да бүкіл меркіт жұртының шапқыны ретінде айтылған. небәрі үш жүз кісіні үш меркіттің үш көсемі бастап келіпті-мыс. меркіт тайпасындағы негізгі ру – удойыт басшысы тоқта-бектің жалғыз өзі үш жүз емес, бірнеше мың әскер аттандыра алатын еді ғой. бірәқ соншама қалың қолдың қәжеті жоқ. темужін ауылына шапқан – небәрі үш жүз кісі, енді осы шағын жасақ – бүкіл меркіт жұртының көрінісі ретінде әйгіленеді. кеиінгі, жалпы меркітке қарсы жорықты бөртенің тұтқындалу оқиғасына тіркестіру үшін.
қіріқ мың қол қалай құралды? бұл кезде темужін төңірегін жинастырып үлгермеген. оң хан жиырма мың шығарсын. одан екі есе әскері бар. ал жамұқа… темужінмен жас шамалас. отызға толмаған, бұл кезде бедел, атағы зор шығар, бірәқ әлденендеи атаулы билікке жете қоймаған. соған қарамастан, жалғыз ат, жалаң қылышты темужін тұрыпты, айбарлы оң ханның өзімен тым нығыз сөйлеседі, және бір түмен әскер шығарады және… темужіннің, шын мәнісінде, есугеи-бахадұрдың бұрынғы, бетімен кеткен жұртынан тағы бір түмен жасақтайды. бұл ежелгі жұрт әлі де күшінде отырған тарғұтай-қырылтұқтың қарауында емес пе еді. хош. бәрі жабылып бөртені құтқарсын. темужін бөртеге қайтадан қосыла сала, жәмүқәмен тең дәрежелес әмірші болып шығады… ол рас, темужіннің бастапқыда жәмүқәмен тең дәрежелес хан болғаны, бірәқ мұның бәрі кеиінгі кезеңге сәйкесуге тиыс, темужін ел іші, өз жұртындағы қарсылық атаулыны түгел жеңіп, қалыпқа түсіргеннен соң. анығы осы. бөртені құтқару жорығы емес, кеиінгі, кең көлемді меркіт соғысы кезінде.
ендігі бір кілтипән – әуелгі шапқын кезінде бөртемен бірге тұтқынға кеткен кіші шеше сөчигіл мен қізметші кемпір қоғақшынның жағдайы. «қәстерлі шежіре» бойынша, қоғақшын – бөртемен бір күймеде бара жатыр екен, бірге босатылады. ал сөчигіл, сәті келе тұра, бостандықтан бас тартыпты. «қәстерлі шежіренің» айтуынша, белгүтәй шешесі әлдебір ауылда деп естіп, құтқарып алмаққа іздеп барады. алайда, белгүтәй нұсқалған үйге оң жақ есіктен кіргенде, үстіне жыртық жалбыр тон киген сөчигіл сол жақ есіктен шығып кетеді (меркіттер киіз үймен қатар, ағаш үй, жер үйде де тұрған) . қарсы кездесіп қалған біреуге: «менің балаларым өз елінде хан болыпты деиді, ал мен бұл жерде жаман-жұман еркекпен жұғыстым, енді ұлдарымның бетіне қарай алмаймын», – деп, жүгірген беті қалың орманға кіріп кетіпті, қанша іздесе де тәбілмәйді.
білгір зерттеушілер әрқилі саққа жүгіртеді. байсыраған жесір әйел, кеиінгі жарлы-жалбағай, бірәқ зайыптық тұрмысты артық көрді деиді, шынында да бәләләрімен көрісуге бет-жұзы шыдамады деиді. емеуріні анық. арыма таңба түсті деп шын ұялса, кәртеміш сөчигіл емес, жас бөрте ұялуы керек қой. бірәқ айттық, ол заманда жау қолында кеткен әйел жазықсыз саналған. өзі іштеи қанша қамығып, күйзелсе де, күйеуі тарабынан кінә артылмауға, жұрт көзінде опасыз саналмауға тиыс болатын. сондықтан да сөчигілдің тарынатын жөні жоқ. бірәқ жоғалуы, хабарсыз кетуі анық. бұл ретте де «қәстерлі шежіре» қолдан үстемелеген дер едік. рәшид-ад-дин жазғандай, бөрте оң ханның тәләбімен босатылады. мәртебелі бикені қайтарғанда, оның қізметші кемпірін алып қалмайды. ал сөчигіл сол беті кетті. әуелде сұраусыз. оң хан бөртені ғана талап еткен. кеиінгі, атаулы жорық кезінде белгүтәй, әрине, баяғыда жоғалған шешесін іздестіреді. бірәқ хабарын таппаған. «қәстерлі шежіреде» әуелгі шапқын мен кеиінгі жорық іркес-тіркес берілгендіктен, бұл екі ортада сөчигілдің дерексіз кетуі мүмкін емес еді. құрастырушы жаңа қисынға жүгінген. оқиға барысын ширықтыру, ең бастысы – бөртеге көлеңке түсіру үшін. (сөчигілдің өз еркімен жоғалуына байланысты л.гумилев өзгеше бір пайым жасаған. таратып, үстемелеп айтсақ, манада тайжуыттың тыңшысы міндетін атқарған бектер десек те, негізгі бақылаушы және бағыттаушы – сөчигіл болуға тиыс. алайда темужін кіші шешесіне зарар жасай алмаған. бектер қазаға ұшырағаннан соң жиренішті шаруасын одан әрмен жалғастырған және бар ісі әшкере сөчигіл үшін меркіт тұтқыны – біржөлә бой тасалауға мүмкіндік береді. бұл болжамды шыңғыс хан туралы арнайы зерттеу кітәп жазған бурят қәләмгері я.халбай да қостайды. осы орайда, жау дүбірі естілген әуелгі шапқын кезінде сөчигілдің әлдеқәләй бой тасалауға әрекет қылмай, үйде отырып қалуы заңды: тайжуыттан қәтер жоқ, керісінше, қосымша ақпар беріп, жалпы жұрттың қалай кеткен жөнін сілтемек; үреилі дұшпан – тайжуыт емес, меркіт болып шыққаннан соң, сөчигіл енді бұларды баяғыда өзінің үлкен ұлын өлтірген темужіннің нәқсүйер қосағының ізіне салса несі бар, тоқал шеше шынында да, бөртенің күймесін қуып жеткен меркіт әләмәндәрімен бірге болады ғой. бұрнағы, ұмытыла бастаған тыңшылықтан әлдеқәйдә ауыр күнә және анық, айғақты қылмыс…)
қәйткенде де, бізге белгілі нұсқасы миң дәуірі, ары дегенде хіV ғасырдың соңы, бәлкім, одан да кеиін, хV-хVы ғасырлар шегінде ғана қалыпқа түскен «қәстерлі шежіре» әуелде қиыннан, әр тараптан құрастырылған, кеиінгі, әрқилі көзқәрәстәғі көшірмеші-авторлары өз жанынан төтенше түзету, жаңа үстемелер қосқан, бірәқ түп негізі асыл, айрықша күрделі шығарма екенін көреміз. күні бүгінге деиін батыс пен шығыстың қаншама ғұламасы тексеріп, талдаған, ондаған мөнөгрәфя, жүздеген, бәлкім, әлденеше мың зерттеу мақала арнаған, бірәқ бар қыртысын түгел ақтарып, барлық кілтипәнін таппаған, ең ақыры нақты қай тілде жазылғаны анықталмаған. біз де түбіне жете алмаспыз. «қәстерлі шежірені» қалтқысыз ұғынып, барлық құпясын ашу үшін жан-жақты білім, терең парасат, кең өріс, тарихи зерде, еркін ой үстіне, әрі синөлөг, әрі түркөлөг және моңғолтанушы ғалым болу керек. алдағы замандарда біздің жұрттан шыққан дәп осындай бес аспап, ғәжәйіп ғұлама бар жұмбағымызды шешіп беруге тиыс деп үміттенеиік. әзірше біздің сөзге қанағаттана тұрасыз. сөнімен қатар, бұл реткі тақырыбымыз – ескілікті нұсқалар жөні емес, шыңғыс ханның өзі екенін еске сәләміз.

іV

т а р а у

өрлеу

қәрсәңдә

рәшид-ад-динның атап айтқаны бар: «шыңғыс хан толық жетпіс екі жыл жасады. оның бастапқы қырық бір жылының әуелгі бөлігі – балалық шақ, одан соңғы кезең – толқымалы қиын-қыспақ үстінде өтті. шежірешілер бұл замандағы оқиғалар тізбегін жыл ретімен білмегендіктен, қысқаша, үстірт әңгімелеп шығады да, осыдан ақырына деиінгі өмірін ғана тәптіштеп, жыл-жүйесімен байыптайды», – деген. «жинақты тауарих» бойынша аталмыш қырық бір жас 1196 жылға сәйкеседі. дәл осы жылға тиесілі, тсзин имперясінің кең көлемді татар жорығы турасындағы қытай дерегінде де шыңғыс хан қырық екі (күнтізбелік қырық бір) жаста. темужіннің әкесі есугеи дүниеден көшкен он екі жасқа деиінгі өмір деректерінің жалпы негізі мағлұм десек, 1168-1195 жылдар аралығындағы тұтас жиырма сегіз жыл, қалай тартсақ та, толымсыз болып шығады. бұл кезеңге қатысты мағлұматтың басым көпшілігі тарихи еңбек емес, епикәліқ дастан есепті «қәстерлі шежіреге» тиесілі екенін ескерсек, нендеи оқиғалар нақты, ақиқат, нендеи хикәяләр үстеме, әсіре, оны аз десеңіз, ақындық қял нәтижесі екенін тап басып айту қиын. азды-мұзды жанама деректермен салғастыру, замана рухына, рәсім мен салт, мінез бен болмыс орайындағы қисынына қарап қана түйінді болжал жасауға мүмкін. сөнімен қатар, тізбекті жыл жүйесіне түспеген елеулі оқиғалардың кеибірінің мезгілдік орны ауысып жүргенін көреміз. мұның ең айқын көрінісі – біз кеиінге ысырған меркіт жорығы. ілкідегі және жалғас оқиғалар өрәйімен шендестіре қарағанда, 1187 жылы өткерілген. бұл кезде темужін әжептәуір күш жинап, өзінің ежелгі жұртының біршәмә бөлігін қарауына қайтарғаны байқалады.

төғріл-оң ханның алдынан өтіп, сүйеніш, тірек табуы – 1180 жыл шамасында дедік. оған деиінгі бар жасағы бес кісі – өзінің төрт інісі мен бауыршы ғана. алтыншы болып желме қосылды. бәлкім, тағы бірнеше жан. бұлардың бәрі де жеке тұлғалар. осыдан соңғы кезең, алайда меркіт шапқынынан бұрын тағы біршәмә жаран темужіннің ғұзырын мойындағанын көреміз. таңбаға ілінгені – жалайыр саба. соқа басы болмаса керек. бәләләрімен, ұй-жәйімен және аз ба, көп пе, қарауындағы кісілерімен. болашақ қолбасы борағұл да көп жұрттың алды болып темужінге құлдық ұрады.

өң хан тікелеи қол созып, бөртені тұтқыннан босатып бергеннен соң, темужіннің беделі бұрынғыдан да көтеріле түседі. кеиін, жәмүқәмен ірге айырысқанда темужін жағына шықты деп «қәстерлі шежіреде» атап көрсетілетін бағландардың бірәзі темужінге бұрнада, осы шамада келіп қосылса керек. бұл қатардағы ең алғашқы, сенімді нөкердің бірі – жалайыр мұқалы болып шығады. кеиінде даңқты мұқалы-ноян. інісі бұқа, әкесі күгүн-үқәмен бірге.

бөртенің тұтқынына деиін ғана емес, одан кеиінгі де бірер жылда темужін әлі үлкен әскер құрап үлгермеген еді. төңірек тағы да беимәзә. әйткенмен, есугеи ұлы бұрынғыдай панасыз жас бала емес, жалғыз атты аламан емес. шағын болса да тәстүйін, әрі қайратты, қарымды жасақтың әскербәсі. тақаудағы тәйжуітпен, алыстағы меркітпен, рулы ел, қалың қол емес, олардың жортуылшы, жолбасар жекелеген төптәрімен қақтығыстар болып тұрады. темужіннің өзі де әрқилі аттанысқа шыққаны байқалады.

өсі реттегі оқиғалардың кеибіріне қатысты үзік әңгімелер сақталған (рашид-ад-дин) .

бірде ордада қүрметті бала-қалжы деген ноян, бағзыда, таққа жетпеи тұрған кезінде өз қөлімен өткерген ұрыстары туралы сұрағанда шыңғыс хан айтыпты. әлдеқәләй, оқшау жөлмен (сыра, мақсатты сапар, немесе аңға, серуенге шығып, – м.м.) келе жатқанда қарсы алдымнан қәстәндіқпен тосқауыл құрып отырған алты кісіге ұшырастым. бөгелмеи, қылышымды суырып, дүрсе шаптым. жабыла атты, жебелері жан-жағымнан зуылдап өтіп жатыр, бірәқ ешқәйсісі зақым келтірмеді. мен бірінен соң бірін, алтауын да қылышқа шалдым да, әуелгі бәғдәріммен одан әрі жүре бердім. қайтар жолда манағы өліктердің үстінен өттім. иесіз алты азбан сол төңіректе жәйіліп жүр екен, қолға ұстатпады, алайда мен үйіре қуып, бәрін де ауылға айдап әкелдім, деиді.

әңгіме сыңайына қарағанда, темужін жау қарасын бұрынырақ аңдап, күтпеген жерден, тура шапқан. жақын қарбаласта оқ дарымауы да содан. ал алты аламанды бірінен соң бірін шауып өлтіру – темужіннің туа біткен ерлігі мен қалыптасқан, кәнігі ептеилігі ғана емес, бұл кезде ат үстіндегі жөппелдеме шайқасқа әбден машыққан жәуінгерлік тұлғасын да айқындайды. яғни, бұған деиін де талай майданды өткерген.

тәғі бірде айтыпты. бауыршы екеуіміз тау жөлімен келе жатыр едік. қарсы бетте, тосқауылда он екі кісі көрінді. бауыршы артта қалған. мен оны күтпеи, өз күшіме ғана сеніп, тұра ұмтылдым. он екісі қатарынан садақ тартты. жан-жағымнан зымғап, ызғып жатыр, бірәқ мен тоқтамадым. кенет, осындай жебелердің бірі дәл аузыма келіп тиды. соққының қаттылығы сондай, мен атымнан сыпырыла жығылдым, бұдан соң есім ауып кетіпті.

осы екі ортада бауыршы да келіп жеткен екен, басымды сүйеп, аузыма су тосты. мен тамағымды шайып, көмеиіме қатқан қанды тазарттым, шыққан жан кеудеме жаңадан оралғандай болды, есім кірді, аяқ, қолымды бауырыма жинадым, қаһарланып, қайтадан атқа қондым. екеуіміз қабатынан қимылдап, дұшпанды таудан асыра сүріп шығардық, өлгені өлді, қалғаны қашып әрең құтылды, депті.

бұл екінші оқиғаның сәл басқашарақ нұсқасы «жинақты тауарихтың» тағы бір тұсында, тәйжуіттәрмен қақтығыс ретінде қайыра баяндалған. онда темужіннің қасында бәуіршімен бірге борағұл да болады. қыс күні екен. темужін жараланған шайқастан соң бұлар кері қайтады. жолай, темужіннің жағдайы ауырлай берген соң амалсыз бөгеліп, оны аттан түсіреді. борағұл лаулатып от жағып, қатты қыздырылған тас үстіне су бүркіп булайды да, темужіннің аузын тосқызып, тамағына қатқан қанды түсіреді. тынысы кеңіген темужін ұйықтап кетіпті. осы кезде қар жауа бастайды. борағұл аттарға ие болады, ал бауыршы үстіндегі жақысын шешіп, қос қолдай көтерген қалпы, ұйқыдағы темужіннің басын қалқалап тұрыпты. қозғалмастан, таң атқанша осылай тұрды деиді, қаба жауған қар бұл кезде белуәрінә келген екен. бұдан соң бауыршы мен борағұл екеуі, ес жиып, тыңайып қалған темужінді аман-есен ауылға жеткізеді.

бұл оқиға өзінің негізгі тұрғысында «юан тарихында» қайталанған. бар айырма – борағұлдың орнында мұқалы көрінеді. және мұқалы темужін жараланып жығылған кезде қарсы шабуылға шыққан жауды атқылап, бетін қайтарды деп атап жазылған. шын мәнісінде, мұқалының көп кеиін, шыңғыс хан біршәмә күш алып, өзіндік ұлыс құрған кезде ғана құлдық ұрғанын ескерсек, қысылтаяң шақта садақ тартып, қорғаныс жасаған – борағұл болып шығады.

қәйткенде де, темужіннің қол жинап, жұрт үйіре бастаған алғашқы бір кезеңінде тәйжуітпен де, меркітпен де тынымсыз, үлкенді-кішілі әрқилі қақтығыстар болуы анық. және сондай ұрыстардың бірінде темужіннің жаралануы һәм нөкерлерінің ерлігі мен адалдығы арқасында аман қалуы да күмән туғызбаса керек.

темужіннің осы, әуелгі кезеңдегі жағдайы қиындыққа толы, аумалы-төкпелі болғанын айғақтайтын тағы бір үзік әңгіме. тәрізі, тәйжуіттәрмен арадағы, сәтсіз ұрыстардың бірінде азғана жасағынан бөлініп қалған темужін, қасында борағұл мен бауыршы ғана бар, өкшелеген қуғыншылардан бой тасалап, иенге лағып кетеді. тауға шығады, етекке құлдайды, не аң, не құс ілінбеи, ас-сусыз ашығады, мүлде діңкелеиді. ақыры, әлденендеи жылғалы өзенге жеткенде сүзекі салса, үлкен бір балық түсіпті. бауыршы бар күшімен тартса да, жағаға шығара алмай, әлі құрып жығылды деиді. әрине, бұдан соң жабылып жүріп балықты ұстайды, жүрек жалғап аштық қәупінен құтылады. сонда темужін борағұлға қарата айтқан екен: «сен балтаның басы бол, мен сабы болайын, сөйтсек, бауыршының қоң еті тезінен бітігеді», – депті. шынында да, борағұл мен бауыршы, бұларға жалғас келіп қосылған тағы қаншама жеке батырлар балтаның басы, найзаның ұшы болды, бағыттаушы, басқарушы темужін – болашақ шыңғыс ханның алмағайып, қиын-қыстау шағындағы сүйеніш-тірегі ретінде шешуші қізмет атқарды, ал ақыр түбінде адамзат тарихындағы ең ұлы имперянің қарым-қуатының ұйтқы, мәйегіне айналғанын көреміз.

күн озған сайын темужіннің тобы көбеиіп, алымы арта түседі. кереи тоғрыл ханның шарапаты ғана емес, өзінің жеке басының қәсиеті. көрген жанды үйіріп түсетін, алыс-жақынның бәрінен аруағы асып, қарсы келгенді пысы басып тұратын өзгеше жаралмысынан. салмақты, байыпты, өр мінез, өтімді, өткір сөз, сан салалы амал-айла, терең ақыл мен айрықша парасат өз алдына.

болашақ жиһәнгердің осы өтпелі кезеңдегі бөлміс-бытымы турасында жувайнидың атап айтқаны бар. «балалықтан өтіп, бұғанасы бекіген шақта шыңғыс хан ерліктің кемеліне жетті, – деиді. – шабуылда – ақырған арыстан кеиіпті, қолма-қол ұрыста алмас қылыш іспетті болды, дұшпанынан айбыны артып, қаһары мен екпіні қастасқан әмірші атаулының кеудесін басты», – деиді. міне, осындай өзгеше тумысын аңдаған жұрттың бәрі темужіннің төңірегінен табылуға тырысады.

бұл кезде қамқоршы әкесі оң хан өз алдына, темужін бала кезінде жарасқан андасы жәмүқәмен байланыс орнатқаны және жүздесе көрісіп, түсіністік тапқаны аңдалады. ешбір жазба деректе атап әйтілмәғәнімен де, басқаша болуы мүмкін емес деиміз.

жамұқа-шешен

шыңғыс хан шежіресінде айрықша орны бар жамұқа-шешен – кеиінгі білімпәздәр қәйткенде де бар жұмбағын айқындай алмаған, аса ірі, меилінше күрделі, ақыр түбінде трәгедяліқ тұлға.

бұл жамұқа да баяғы, аңыз бойынша нұрдан жаралған боданшар әулеті. шыңғыс ханның төртінші атасы қабұл ханның бір анадан туған інісі ұдұр-баяннан таралады. яғни, аралық туыстығы – небәрі бес-ақ ата. ұдұр-баян ұрпақтары жүрят (жұрат, жәджірәт, жадаран) есімді рудың ұйтқысын құраған. әйгілі тайжуыт сяқты, бұлар да үлкен қят тайпасының бір бұтағы болып табылады.

жамұқаның туған жылына қатысты мағлұмат жоқ. анығы – шыңғыс хәнмен әулеттес қана емес, тұстас. бәлкім, құрдас, әйтпесе, бірер жас қана үлкендігі бар. сыңайына қарағанда, атақ-даңқы ерте шыққан. тұқым-тумісімен қатар, айрықша ақыл-парасаты және тапқыр, ұтымды тілімен. бірден-ақ «шешен» атанады, ол замандағы мағынасы қәзіргіден кең – ділмәр және дана, білгір. жамұқа-шешен темужін бастан өткерген тәуқімет атаулының ешқәйсісін көрмеген, жасынан-ақ кеңшілікте, молшылық тұрмыста. кеиінгі тауарихта туған әкесі қара-қадағанның кім болғаны айтылмайды, қәйткенде де боданшар – байсұңқар әулеті, билеушілер табынан. осындай өзгеше жағдайда туып-өскен жамұқа қатарлас құрбысы темужін аузы аққа жетіп, енді ғана отау көтерген заманда жалғыз жүрят қана емес, үлкен қяттың біртәләй жұртын меңгеріп отырған, бір өзі екі түмен әскер шығара алатын әлуетті әмірші дәрежесінде бой көрсетеді. қисынына қарағанда, темужін тоғрыл ханның ығын алғаннан соң, әуелгі кезекте жамұқа-шешенмен байланыс орнатқан. «қәстерлі шежіреде» айтылғандай, үлкен шаруаға атсалысуға өтінгенде, нешеме жыл бойы көрмеген, әрі үлкен билік басындағы жамұқаға өзі бармай, екі інісі – қасар мен белгүтәй арқылы ғана сәлем жолдауы орайсыз. жаңадан жүздесу – бұдан көп бұрын болған. сірә, осыдан соң да әлденеше мәрте жолыққан.

«алтын топшы» бойынша, қаншама заманнан соң алғаш кездескен шағында екеуі: «о, анда!..» «о, анда!..» – десіп, шұрқырап көріседі. өзәрә түсінісіп, қалтқысыз туысқандарын еске алысады.

ол кезде темужін он жаста екен. жамұқа да сол шамалас. екеуі онан өзенінде мұз үстінде асық ойнап жүріп табысады. арғы бабалардан келе жатқан, өзгеше туыстықтың белгісі саналатын андалық дәстүр бар. бұрнада үлкендерден естіген екен, деиді «қәстерлі шежіре». анда болысу – бауырластықтың өзгеше бір түрі. бұл – тәні бөлек, жаны ортақ туыстық, айрылмас, айнымас, мәңгілік достық. анда болысқан екі кісі өмірде ұшырасатын барлық қауып-қәтерді бірге көтереді, жақынын жауға тастамайды, тіпті, оның жолында жанын беруден тайынбайды, деиді. сол жора байынша екі бала анттасып, анда болады. жамұқа темужінге еліктің асығын тартты деиді, ал темужін жамұқаға құйма сақа сыилапты. осыдан кеиін, сол жылы көктемде екеуі балаларға лайықталған алаңғыр-жақ атысып машықтанып жүргенде тағы да рәсімді тәбәрік алмасады. жамұқа құнан өгіздің мүйізінен құйылған ысқырма жебесін береді, өз кезегінде темужін де аршадан ойылған ысқырма жебесін ұсынады. екеуі тағы да адал достыққа серт қылады.

(ер адамдардың анттасып бауырласуы – еурәзя аумағында ежелгі сақ дәуірінен келе жатқан дәстүр екені белгілі. арыдағы деректер бойынша, бауырласқан кісілер бас бармағынан қан шығарып, сусынға араластырып ішіп, сертін бекітетін болған. шыңғыс хан заманына қатысты дәл осындай, нақты дерекке ұшыраспадық. арнайы сойылған малдың қанын ішу бар, бірәқ бұл – андаласу салтына емес, одақтастық, бітім, немесе бодандық антқа ғана қатысты кеп. әйткенмен де, әлденендеи бекімнің болуы анық. сірә, қалыпты рәсім бойынша, шығып келе жатқан күнге тағзым жасап тұрып серттессе керек… иә, айтпақшы, «қәстерлі шежіреде» оң ханның, арасы ашылып, шығандап кеткен темужінге, қайтадан табысу жорасы ретінде, шынашағынан қан шығарып, әлденендеи құтыға тамызып жіберетіні бар. бірәқ бұл да андалық сертке қатыссыз, тек одақтас, бауырлас бірлік туралы ғана ишарат, тәрізі, қаным да, жаным да сенің жолыңда демек.)

міне, одан беріде кем дегенде тұтас бір мүшел өткен. темужін он жылдық кіріптәр қорлықтан құтылып, бұдан соң тағы бірнеше жыл бойы әдепкі тіршілік жолындағы арпалыс үстінде адам қатарына қосылып, ақыры тоғрыл-оң ханның шәрәпәтімен ата жұртын қайтадан ұйыстырып, біршәмә күш жинап, әжептәуір бедел тапқан күндерінің өзінде жамұқадан көп төмен. бұл кездегі темужіннің ең үлкен мәртебесі – оң ханның «баласы» деген атақ. тоғрылдың ескілікті андасы есугеидің ұлы ретінде ғана емес, кереи әміріне тәуелді бодан ретінде. ал жамұқа осы оң ханның «інісі» саналады. дәрежесі кемірек болса да, дербес билік иесі. екінші тараптан шендестіргенде, темужінге «аға» болып шығады. сол замандағы дипломатя тілінен бүгінге көшірсек, тоғрыл «әке» – әмірші, жамұқа «іні» – оған тетелес бауыр, ал темужін «бала» – бодан. осыған орай, тоғрыл қай тұрғыдан алғанда да, «әке» ретінде өзінің «баласы», боданы темужіннің алдында міндеткер болса, «аға» дәрежесіндегі жамұқаны темужінмен байланыстырып тұрған жалғыз-ақ жіптік – бұдан он бес-жиырма жыл бұрынғы, балалық ойын кезіндегі бауырлас андалық туралы тянақсыз сөз ғана.

үлкендердің әсерлі әңгімесіне қарай, әуестік қялдан туындаған андалық сертті темужін ұмытты-ұмытпады, жамұқа мүлде ескерусіз қалдырғаны байқалады. анданың тәні бөлек, жаны бір еді ғой. бар қиындықты бірге көтерісуі шарт. өзәрә көмек, жәрдем – міндетті. қәжеттілік жағдайда бірге өлісуі керек. көкесінің өліміне жалғас жылдарда темужіннің көргені азап пен қорлық. бұл кезде жамұқаның өзі де өкімге жетпеген, қолы қысқа бала екен деиік. ал темужіннің кіріптәрліқ кезеңнен соңғы бірнеше жылы тағы да қиын-қыстау заман, тіршілік үшін күрес жолында өтті. бар болмысы шатқаяқ, алмағайып еді. бұл кезде үлкен атақ, мәртебеге жеткен жамұқа сол баяғы беитәрәп, үнсіз қалпында қала береді. бірәқ көп ұзамай жағдай мүлде өзгерді. темужін әкесі есугеи-бахадұрдың андасы тоғрыл хәнмен табысты. енді өзі де жұрт үйіріп, атаққа шыға бастады. бір заманда анттасқан анда болғаны жамұқаның ойына сонда ғана түскен сяқты. өзіне теңгермесе де, санасуға мәжбүр. және не қылса да андалық парыз есебінде көрінбек…

меркіт жорығы

бізге «қәстерлі шежіре» арқылы ғана жеткен әйгілі меркіт жорығы – бөртені тұтқыннан құтқару тарабындағы майдан емес дедік. кеиінгі тарихтан нақты белгілі дерек – шыңғыс хан алғаш рет 1189 жылы ақ киізге көтерілген. ал бұл оқиға – аталмыш меркіт жорығынан екі-ақ жыл кеиін. байыптап қарасақ, бұл кезде темужіннің шаңырағында жошыдан соң тағы екі ұл туып үлгерген: өкетәй – 1186 жылы, шағатай – 1184 жылы… үш жақты шабуыл, қалай есептесек те, 1187 жыл шамасында ұйымдастырылғаны көрінеді. әуелгі меркіт шапқыны, бөртенің тұтқындалуы, құтқарылуы және жошының дүниеге келуінен беріде бес-алты жыл өткен.

«қәстерлі шежіреден» аңдалып қалғандай, меркіттер бұл жолы да тұтқиылдан тиысып, темужінге қарасты ұлыстың бір бөлігін ойрандап, «әйелдер мен бала-шағаны тұтқындап әкетеді». «шыңғыс ханның әскери держәвәсі» аталатын байыпты мөнөгрәфя жазған орыс оқымыстысы р.хрәпәчевски бұл жағдайды бөртенің тұтқындалуынан тыс, темужіннің өз ұлысын қайта құрау кезеңіндегі, меркіттермен арадағы алма-кезек шапқынның бір көрінісі деп қарастырған. күмәнсіз мәселе. сөнімен қатар, меркіттің осы реткі аттанысы да кең көлемді майдан емес, келте жортуыл болғаны аңдалады. бірәқ бұл кезде темужін өзінің әуелгі бір межесіне жеткен, мұншама қорлықты көтере алмайды, дәндеген дұшпан қайыра шабуы тағы анық, қәйткенде де бетін біржөлә майырып, ауыр соққы беру қәжет еді. осыған орай темужін өзінің қамқор әкесі тоғрыл ханға барып шағынады. бұл кезде кереи мен меркіт арасындағы баяғы бітім мезгілі өткен болуға тиыс, оның үстіне меркіттер тоғрылдың бодан жұртын шауып отыр. жаңа, жаппай аттаныс үшін сылтау ғана емес, себеп. керек десеңіз, тоғрыл соғыс ашуға міндетті.

кереи ханы бірде тату, бірде қату, барлық уақытта да қәтерлі бақталас болған меркіт ұлысына қарсы үлкен жорыққа бірден келіседі. «мен саған айтпап па едім: «тозғындаған жұртыңды, – топтастырып береиін, – бытыраған жұртыңды, – біріктіріп береиін!» – дегем. [сол сертім орайын тауып жатыр.] енді бар мұратың орнына келу үшін басбұзар меркіт атаулыны қылышқа шалып, жұртын жаныштап, ордасын ойран қыламын!» – деиді тоғрыл хан темужінге.

әлбетте, бұл арада темужін тетік қана. меркітке қарсы ұтымды соғыс ең әлдімен тоғрыл ханның өз пайдасы. тайталас жұрттың сағын сындырады, қарық олжаға батады, ең бастысы – елінің іргесін бекіте түседі. солайы солай. бірәқ меркіт – осал жау емес. ұрыс тағдыры қашанда аумалы-төкпелі. тепе-тең бөлмәғәнімен, қарасыны мол, жәуінгер меркітпен шайқас ауыр салмақ әкелмек. оның үстіне, алдыңғы ахуал, кеиінгі жағдай тұрғысынан қарағанда, жаңа майдан – кереи–меркіт соғысы емес, меркіт – қят – кереи соғысы ретінде көрініс табуы тиымды екен. сондықтан да тоғрыл хан темужінге өз тарабынан, қисыны келіп тұрған арнайы міндет жүктеиді. қяттың жарым-жұртын билеп отырған жамұқа-шешенді үлкен жорыққа қатыстыру қәжет.

«озыңның андаң, менің інім жамұқаға хабар сал, – деиді. – қәзір қорқонақ-жұбұрда отыр. мен осы арадан екі түмен әскермен аттанам, қалың қолдың оң қанаты болам. жамұқа інім сол қанат ретінде екі түмен жарақтасын. тоғысар жерімізді де жамұқаның өзі белгілесін», – депті.

қоныс, күренге оралғаннан соң темужін жамұқаға хабар айтуға қасар мен белгүтәйді жібереді. екі іні жамұқа-шешенге темужіннің: «жұртым ойрандалды, ет-жүрегім өртенді, ұрқымыз ортақ ағайын едік, қарымта жорыққа шығып, кек қайтарар күн туар ма?!» – деген сәлемін жеткізеді. серттес андалық емес, аталас туыстық алға шыққанын көреміз. сөнімен қатар, кереи тоғрыл ханның «қиын-қыстау күндерде өзіне қаншама жақсылық жасаған есугеи-бахадұрдың орнына темужінге әке болып отырғанын және осы баласының жолында қандай да қимылдан тартынбасын» ескертіп: «мен екі түмен әскермен оң қанат боламын, жамұқа інім де екі түмен құрап, сол қанатқа беиімделсін; қай жерде кездесіп, қәйтіп аттанарымыз – өзінің еркінде», – деген ұсынысын алға тартады. тікелеи жарлыққа жақын, салмақты, өтімді сөз. сөнімен қатар, тоғрыл хан бас билікті ұстату арқылы болашақ жеңісті жорықтың абырой-атағы ғана емес, алым-салымы, үлкен олжасы да жамұқаға тиесілі болмағын уәделеп отыр. темужін үшін жалғыз өзі-ақ аттанатын ниетін және жасырмаған.

жамұқа-шешен бұлталаққа салмай бірден келіседі.

«темужін анданың жұрты ойрандалды деп естігенде жүрегім жаралы болды, өзегім өртеніп, бауырым езілді. айтқаны болады, қанды кекті қайтарамыз!» – деиді.

быз арғы заманда меркіт жорығы турасында арнайы ерлік дастан болған, кеиінде бұл епикәліқ жыр «қәстерлі шежіре» құрамына құйылып, тиесілі өзгеріске түскен дедік. алайда, ескілікті епөсқә тән көтеріңкі әуез, әсерлі толғау сарыны сақталып қалған.

жамұқа өзінің үлкен жорық, қан майданға әзір екенін былайша сыпаттайды: «қарасыны айбынды, еңселі туымды шәшәғін желбірете көтердім; қара бұқаның терісі тартылған көн дабылды күңіренте қақтым; қара арғымаққа ер салдым, қаптама дегіл-берен киініп, қарымды найза қолға алдым; қанды семсер байланып, садағымды сайладым; өшескен меркітпен өліспеи бітіспеске бекіндім!..» – деиді. «темужін анда мен тоғрыл хан ағаға дәп осылай деп айт!» – деиді, жаушылыққа келген қасар мен белгүтәйғә.

бұдан соң тоғыс жөнін нұсқайды. «тоғрыл хан аға бұрқан-қалдұнды түстік бетінен көбелеп, темужін әндәмен түйіссін. мен осы қорқонақ-жұбұрдан бір түмен әскермен шығам да, онанның басын жәйләғән, темужін анданың ұлысына тиесілі жұрттан тағы бір түмен жасақтаймын. жиыны екі түмен. содан соң өзенді өрлеи жүремін. бәріміздің тоқайласар жеріміз онанның бастауындағы ботақан-боғұржы болсын», – деиді.

сөнімен қатар, болашақ жорықтың байып-бағдары мен әдіс-тасылы тарабындағы алғашқы ұйғарымын да белгілепті.

«тебінгіні терлетіп үдере аттанып, ұш-меркітті қырғынға ұшыратамыз. мына біз даңғыра-дабыл қаққан шақта бүлікшіл тоқта бек бура-кегер даласында отырар. мына біз адырнасы ұзын арыс садақты толғап атар кезде жетесіз дайыр-ұсұн орқан мен селеңгінің құйғаны, талқұн-аралда отырар. мына біз болатты найзаны ұсына кезенген тұста тауансыз қағатай-дармала қара орманның шегі, қаражы-кегер аласында отырар. бұл ұш-меркітті құйындай соғып, қаңбақша ұшыру үшін төтелеи тартып, қылғы өзеніне жетеиік. буырқанған арнадан сал буып өтеиік. сонда бүлікшіл-қорқау тоқта бектің түндігінің үстінен басамыз. одан ары ұш-меркіттің бас көтерер ер-азаматын қырып-жойып, қатын-қалашын еңіретіп, бала-шағасын олжалап, бүкіл ел-жұртын ойран қыламыз!..» – депті.

байқап қарасақ, жамұқа-шешенннің түйінді сөзінде екі тармақ күмәнді кілтипән бар. мұның біріншісі – жарым әскерін «темужін анданың ұлысына тиесілі жұрттан» жинақтау. анығы – бұрнада есугеи-бахадұрдың ғұзырында болған қауым, әлеиім-тәлеиімде жас бала темужіннен бас тартып, бөтен ұлыстарға қосылған, ақыры, түгелімен болмаса да, қомақты бөлігі жамұқаның боданына айналған. жамұқа неге бөліп, атап айтады? кеиінгі жыршылар тарабынан қосылған үстеме емес, жамұқаның нақты өз сөзі деп қабылдар едік. есебі, өзінің өкіміне, өлшеусіз артықшылығына сенген жамұқа темужінге қыр көрсетіп отыр: басым жұртың менің иелігімде, сенің өзің де менің ғұзырыма қарағаның жөн деген емеурін. екінші кілтипән – тоғрыл ханның ақырғы тоғысу нүктесі ботақан-боғұржұға барар жолына деиін нақты тағайындауы. әуелде бүкіл аттаныс, тоғыс жөнін еркіне берген оң хан, дала қаншама кең болса да, енді жамұқа нұсқаған сөрәппен ғана жүруі шарт. ал бұл – екі түмен әскер темужіннің қәзіргі мекен-тұрағының дәл үстінен қаптай өтеді деген сөз. кездеисөқ шатақ, күтпеген қақтығыс туы ғажап емес. қәйткенде де, жәйләудә жазылып отырған жұрт үшін тиымсыз жағдай…

қасар мен белгүтәй жамұқаның шешімін темужінге сол қалпында жеткізеді және тоғрыл ханға да тиесілі хабар айтылады.

діттеген сөзі қабыл болған тоғрыл хан көп ұзамай-ақ екі түмен әскермен аттанады. арнайы шалғыншылары қалың қол тұпа-тура бүргі-жарға беттеп келеді деген шұғыл ақпар жеткізген соң, темужін осы тараптағы, өзіне тікелеи қарасты жұртын жөппелдеме көтеріп, түстік беттегі тана өзенінің аңғарына орналастырды деиді. содан соң елсіз бүргі-жардан өтіп, қүмүрқә өзені, айыл-қарағанға барып жеткен тоғрыл хәнмен табысыпты.

әлбетте, жалғыз өзі емес, атаулы жәсәғімен. бұл жасақтың қарасыны қаншалық болды? «қәстерлі шежіре» нақты дерек бермеиді. шыңғыс хан тарихын арнайы зерттеген п.рәчневски бұл кезде темужін дала әмірлерінің арасында өзіндік орынға ие болғаны күмәнсіз деп біледі. екінші бір зерделі тарихшы л.гәмбис осы жолғы аттаныста темужіннің туы астында тоғрылдың екі түменіне, жамұқаның екі түменіне ләйіғімен қарсы тұра алатын жеткілікті әскер болды деп санайды; алайда, дәл осы шамада мұншама шерік құрап үлгеруі – ешбір тұма-намада атап көрсетілмеген, біз үшін шешілмес жұмбақ, деген. шынында шешілмес ештеңесі жоқ. ол үшін атаулы меркіт жорығын бөртені тұтқындаған шапқыннан бөліп қарастыру қәжет. яғни, үш жақты аттаныс 1180 жылдардың басы емес, одан қаншама кеиін, 1187 жылы (белгілі оқиғалар тізбегімен салғастырғанда, көңір күзде) өткерілгенін айғақтасақ жетіп жатыр.

айтқандай-ақ, рәшид-ад-дин – «жинақты тауарихта» атап көрсетілген: хижраның 583 – яғни милади 1187 жылы шыңғыс хан меркіт әмірі тоқта бекке қарсы аттанды, деиді. келүренге жетпеи, селеңгі өзеніне тақау қарас-мұрас деген жерде удойыт-меркіттермен үлкен шайқаста жеңіске жетті, халқын қырғынға ұшыратып, жұртын талауға салды, деиді. осы соғыс кезінде қолға түсірген албан-олжасын түгелімен оң ханға тартты, деиді. (быр ескертпе, «жинақты тауарихтың» орысша басылымында 583 санының орнына қәтеден 573 деп жазылып кеткен, яғни 1177 жыл, – ал бұл кезде темужін небәрі жиырма екі жаста, қайда, қалай жүргенімен, билікке де, оң ханның ғұзырына да жетпеген.) бұл арада атап әйтілмәғәнімен, оң ханның да жорыққа бірге аттанып, майданға бірге шыққаны анық аңдалады. әйтпесе, темужін барлық түсімін әлдеқәйдәғі хан-әкесіне төләйімен арқалап апарып берген жоқ, майдан даласында бөлісті және сыбағаны түгелге жуық жолы үлкен оң ханның алдына тартты. міне, біз бөртені құтқару оқиғасынан мүлде дербес қарастырып отырған меркіт жорығы – үштік одақтың жамұқа бастаған айтулы соғысы осы. ақырында жамұқаның қатардан шығарылып, атаусыз қалуы – табиғи жағдай. өзгесі тұрыпты, сайыпқыран шыңғыс хан баяғыда өзінің бақталас андасы, ақыры жер болған қас дұшпаны жамұқаның туы астында соғысып еді деп кім әйгілемек. бастаған да, аяқтаған да өзі болып шыққан.

осы орайда тағы бір дәйек. «қәстерлі шежіренің» нақты көрсетуінше, тоғрыл хан екі түменмен қалың қолдың оң қанатын құрады. жамұқа да екі түменмен сол қанат болды. ал орталық қайда? барлық заманда, барлық деректе көшпенділер жасағы, санының аз-көбіне қарамай, негізгі үш бөліктен ұйысатын еді ғой: орталық, немесе қол, оң және сол. «қәстерлі шежіреде» хатқа түспеи қалған орталық – темужіннің өзі болғаны күмәнсіз және бері дегенде бір түмен. кеиінгі зерттеушілер тоғрыл мен жамұқа көтерген қырық мың әскердің өзін артық көрген. ескі заман тарихнамасында жиы кездесетін, әдепкі әсіре деседі. ықтимал жағдай. қалың меркітті қирату үшін саны мол, аса қарымды жасақ қәжет еді десек те. бар әскердің жиын саны кемірек болған жағдайдың өзінде темужіннің тоғрыл мен жамұқаға толымды күшпен келіп қосылуы күмәнсіз.

бізге тоғрыл ханның екі түменмен аттануы да талассыз жағдай болып көрінеді. бұрнада сары хан қырық мың қол құрап еді ғой. кеиінгі оқиғалар да кереи ұлысының бір, екі емес, әлденеше түмен шығара алатынын айғақтаған. бұл жолғы екі түмен – рәшид-ад-дин дәріптеген «мың сан әскердің» бөлшек-бөлігі ғана. және алғашқы он мыңдықты тоғрыл ханның өзі бастаса, екінші он мыңдық – хан інісі кереитәй бекке тиесілі екен; бұл ғұзырлы іні үлкен ұлыстың таңғұт тарабындағы түстік аймағын билеген (таңғұттың «ұлыс әміршісі» мағнасындағы «жақағамбу» атауы кеиінгі тарихи әдебиетте кереитәйдің ресми ныспысына айналыпты) , сондықтан да жақағамбу-кереитәй өзіне тікелеи қарасты жәсәғімен келді деп шамалауға болады.

хош. айыл-қарағанда бастары қосылған темужін және тоғрыл хан мен кереитәй үшеуі шеру тартып, онан өзенінің басы, ботақан-боғұржұға иек артқанда алыстан қалың әскердің қарасыны көрінеді. уәделі жерге осыдан үш күн бұрын келіп жеткен жамұқа-шешен екен. өз кезегінде тура беттеп келе жатқан қарақұрым қолдан сескенген жамұқа екі түмен жасағын түземге келтіріп, ұрысқа сайланыпты. тоғрыл хан, темужін мен кереитәй да өз әскерінің алды-артын жинақтап, түзем құрады. алайда, екі жақтың ешқәйсісі ұрыс қимылын бастамайды. тақап келгенде кімнің кім екені танылыпты.

ыстың анығына көзі жеткен жамұқа-шешен беттесіп, табысқан шақта әлдімен сөйлеиді: «жаңбырлы сел соқса да, боранды дауыл тұрса да, уағдалы жерге кешікпеи жетеміз деген сөзіміз қайда? біздің жұртта «мақұл» деген лепес – әнтпен парапар еді ғой. «кеиін тартқан кежір санаттан тыс» демеуші ме еді! бұл қалай?!» – депті.

сонда тоғрыл хан: «келісімді жерге үш күн кешіккеніміз үшін жамұқа інім бізді қалай сөксе де орынды», – деп, жәймә-шуақтаған екен. бар реніш өсімен бітеді.

енді бұлар ботақан-боғұржыдан үдере аттанып, төтелеи тартып, селеңгі даряның оң жақ, үлкен бір саласы қылғу (қәзірде хилөк) өзеніне жеткен соң сал байлап, барлық әскерімен қарсы бетке өтеді де, түн қараңғысында тұтқиылдан шабады. бура-кегерде отырған тоқта бектің қалың жұртын боран соққандай, құйын үйіргендеи, түндігінің төбесінен басты, деп сыпаттайды «қәстерлі шежіре». меркіттің босағасын қирата кіріп, қатын-баласын ұлардай шулатып, бүкіл ұлысты ойран қылдық, қаншама жұрты қырылды, қаншама жаны тұтқынға түсті, деиді. удойыт-меркіт тоқта бекті түнгі ұйқы үстінде басып қалу мүмкін екен, алайда, қалың әскер қылғу өзенінен сал буып жатқанда, осы тұста балық аулайтын, бұлғын, тиын ататын кісілері асыға шапқылап жетіп, қәтер қәупін ескертіп үлгереді. тоқта ұбас-меркіт дайыр-ұсұн екеуі қарбаласа қашып, бірәз жүртімен қоса барғұжын-тоқым тарабында бас сауғалаған екен. ал қағат-меркіт көсемі қағатай-дармала қолға түседі де, жорық соңында мойнына ажырғы кигізіп, байлап-матап, бұрқан-қалдұнға жеткізіледі. сірә, темужіннің тікелеи тұтқыны. бұдан соңғы тағдыры белгісіз. (ортасынан ойылған меркіт ұлысының, түстік тарап – орқан мен селеңгі құйғанындағы қағат руы ту сыртта, жиын жұрттан бөлініп қалғанын аңдаймыз. жолы кесілген қағатай-дармаланың қолға түсуі де сол себепті, яғни ұрыс қимылдары «қәстерлі шежіреде» айтылатындай, бір ғана кеш емес, әлденеше күнге созылған және ең үлкен қырғынға ұшыраған да осы қағат болғаны байқалады.)

удойыт-меркіттің өткенде темужіннің ауылына тікелеи шауып, бөртені тұтқындауға қатысқан үш жүз аламаны бас басына айқындалып, түгелдеи өлімге кесіледі. (бұл да епикәліқ әсірелеу; қаншамасы тұтылған шығар, алайда кең дүние, қарбалас жағдайда бәрі бірдеи қолға түсуі мүмкін емес.) темужіннің жас келіншегін баурады деп айтылатын чілгер-бөке қашып, аман құтылады. «қәстерлі шежіре» чілгер-бөкенің жау жағадан алғанда жаны қысылып айтқан, өкініш, үреиге толы толғауын берген. әлбетте, ежелгі епөс сәрінімен. чілгер-бөке бөртеге қянат жасау нәтижесінде бүкіл меркіт жұртына апат әкелдім деп сөгініп, өзін кемісіте сөйлеиді. «қара қарғаның несібесі өлексе жемтік шоқу болса да, жетесіз туған мен чілгер қаз-тырнаның етін жемек болып, ізгі, бекзәт ханшаға қол салыппын; құладан тышқан аулау үшін туса да, мен – құны жаман чілгер, аққу ілмек болып, дәнәгөй, қәсиетті ханшаға жабысыппын. ақыры мұқым меркіт жұртына қырғын әкелдім. дүйім меркіт жұртына дүрбелең келтірдім. қаратабан құл туған чілгер, басы мәңгу, бары кемшін, пеиілі былық, бітімі қоқыр чілгер, сілімтік, сірке жанымды енді қайтып сақтармын…» – деп тарығып, күйінеді. әлбетте, арты қуыс чілгердің қорқып қашуы анық, өкініп, сөгінуі де ықтимал, бірәқ дәп осылай емес. бөрте – жарлұқ-қоңырат әмірі дай-ноянның қызы болса, чілгер – бұрнада бүкіл меркітті билеген тұдұр-білге-өтшігеннің ұлы, ендігі удойыт-меркіт көсемі тоқта бектің туған інісі. әлбетте, бөртенің ақ-адал қосағы, кеиінгі сайыпқыран шыңғыс хәнмен салғастыруға келмеиді, алайда, сол тұстағы, жаңа ғана атқа қонған темужіннен тумысы да, дәрежесі де кем емес, ал жағдайы әлдеқәйдә артық. оның үстіне, ежелгі заманда шабындыдан келген әйелді қойынға алу – ешқәндәй да күнә емес, керісінше мақтаныш саналған. мұның бәрін – чілгер-бөкенің «қәстерлі шежіреде» келтірілген әсерлі әрі көркем толғауы – тарихи дерек емес, ежелгі епөс сарыны, әдеби нұсқа екенін ескерте кету үшін айтып отырмыз. («қәстерлі шежіренің» көне түрік негізді туынды екендігіне көп айғақтың бірі – манағы «құладын»: моңғолдың да, батыстың да білгірлері нақты аудармасын таба алмаған. әлденендеи, нашар, жыртқыш құс деп қана шамалайды. осы орайда, кеиінгі қазақ асан қайғыға тіреп айтатын, ал асан-атаның өзі ежелгі халық әдебиетінен алмасқан нақпа-нақ лепес: «құладын – құстың құлы еді, – тышқан жеп күнін түледі, – аққу – құстың төресі, – ен жәйләп көлді жүр еді… – құладын қуды өлтірсе, – өз басыңа келеді».)

енді әуелгі сорабымызға қайтып оралсақ, жеті ру меркіттің тұтқиыл шабуылға ұшыраған үш атасы – удойыт, ұбас және қағат жаппай қырғынға түседі, жан сауғалап үлгерген халқы селеңгі өзенін құлдап, барғұжын-тоқым аймағына қарай төңкеріле көшіпті. алғашқы жеңіске жеткен үштік одақ меркітті бұдан әрі қудаламайды. ұзақ сүргін ауыр салмақ әкелері өз алдына, жәуінгер меркітпен кең көлемді майданның ақыр түбі де алмағайып болатын.

қасасқан дұшпанның ұйықты ордасын басып, оның ішінде ең негізгі, жетекші удойыт руын жұртынан бостырған соң ұрыс қимылдары тоқталады. бастап жапа шеккен, қарымта жорыққа үндеп, ақыры меркіттің бетін қайырып, сағын сындырған темужін тоғрыл хан мен жамұқа-шешенге алғыс айтып, ризашылық ықылас білдіреді. «көк тәңірі қуат-күш беріп, еке-өтүген жер-ана жебелеп, тоғрыл хан әке, жамұқа анда екеуің қайрат жасап, қасарысқан меркітті қиратып салдық. жауымыздың жағасын жыртып, бауыр етін жардық, көтеріңкі түндігін ортасына түсіріп, ордалы қонысын қараң қалдырдық. ошағын ойрандап, барын түгел иемдендік. көрікті әйелдерін кіріптәр қылып, халқын қайта оңалмас кепке келтірдік…» – депті.

айтқанындай-ақ, тоғрыл мен жамұқа қисапсыз мал, қаншама олжаға кенелген еді. қолға түскен, енді ұзын етектісі жаңа жұртта түтін түтетер, бала-шағасы басқа бір үйелменге телінер, ал ересегі малшы, жалшы болар қаншама тұтқын өз алдына. темужін тоғрыл мен жамұқаның қолын қақпайды, өзінде барын екеуінің үлесіне және салып береді.

әлбетте, темужін де табыссыз емес. тақау жылдарда іргедегі меркіт қәтерінен құтылды. атақ-абыройы көтеріліп, өз жұртының шегіндегі билігі бекіп, үлкен ұлыс ұйыстырудың алғышарттары жасалды. меркіт жорығының негізгі нәтижесі де осы.

сөнімен қатар, көрнекі пайдадан да мүлде қақас қалмауы анық. аяқты мал, кіріптәр жан. нақты өзіне болмаса да, қарауындағы жасағына байланған мол түсім. осы ретте толқынды-толғамалы «қәстерлі шежіре» ғана емес, салқын ағысты «жинақты тауарихтың» өзінде болашақ шыңғыс ханның ең үлкен олжасы ретінде күчу деген бес жасар бала аталады. аптыға қашқан меркіттің иен жұртында қалып қойған панасыз мүскін. басында бұлғын малақай, аяғында марал пұшпағынан тігілген етік, үстінде кәмшәт жұрынды қодық жақы, бекзәт тумысы киген киімінен ғана емес, отты жанарынан айқын аңдалып тұрған сүйкімді балақан екен. сауға қылып меиірбән ана өгелінге әкеліп береді. өз құрсағынан шыққан төртеу, күндесінен қалған жалғыз – есугеиден туған бес ұл мен бір қыздың үстіне, жетінші бала қылып бауырына салып алады. кеиінде, ағайындас жұрт арасындағы тайталас ұрыстарда сауғаға келіп, өгеліннің қамқор ошағында осып-жеткен, бәрі де шыңғыс ханға адал іні, алымды көмекші болған төрт ұлдың алғашқысы – осы, меркіт текті күчу болып шығады.

анттас андалар

жалғас оқиғалар ағымына қарағанда, 1187 жылғы меркіт жорығы күзге салым өткерілгені аңдалады дедік. темужін, тоғрыл мен жамұқа біріге күш қосып, меркіт ұлысының шаңырағын шайқалтып, ордасын ойрандап, бұл реткі ұрыс-майдан мұратын тапқаннан соң, риза, хош айтысып, ат басын кері бұрады. тоғрыл хан бұрқан-қалдұнның орманды терістік қапталы, қашағұрат-сұбшыт, үләті-сұбшыт арқылы, жолай аушылық жасап, сеиіл-серуенмен өзінің ұйықты мекені – толының қара-түніне қайтты деиді. ал темужін мен жамұқа жұбы айрылмай, қорқонақ-жұбұрға келіп түседі (“қәстерлі шежіре”) .

осы арада, күнгеи беттегі құлдағар-құну дарасы, тоғайлы аласта тыным жасап жатып, екеуі бала кездегі андалық серттерін қайта жаңғырту қәжет деп табады. темужін жамұқаға удойыт-меркіт тоқта бектен олжалаған алтын белдігін буындырып, осы тоқтаның құла-бедеуіне мінгізеді. өз кезегінде жамұқа ұбас-меркіт дайыр-ұсыннан түсірген алтын белдігін сыилап, осы дайырдың боз-домбақ деген арғымағын тартыпты. бұдан соң екеуінің бірлігі, достығы қүрметіне ұлан-асыр той болады. бағзы бір заманда қабұл хан ұлы құтұла ақ киізге көтерілген аумақты, зәулім әулие-ағаштың түбінде жұртшылық тепсең тізеден ойылғанша би билеп, даусы қарлыққанша өлең-жыр толғап, таңды таңға қосып, ойын-сауық құрып, қызыққа батты деиді. темужін мен жамұқа жаны жарасып, рясыз ынтымақ тапты, күндіз қалтқысыз сырласып, түнде бір көрпенің астында жатты, төсекте басы, төскеиде малы қосылды деиді.

осындай татулық, бауырластық үстінде тура бір жыл өтеді. тағы жарым жыл өтеді. ақыры күндердің күнінде екеуі бүкіл ел-жүртімен жаңа қонысқа көтеріліпті. жаздың алғашқы айының он алты жаңасы екен.

темужін мен жамұқа көш басы, көк күймелердің алдында келе жатады. бір кезде жамұқа-шешен айтты деиді:

«темужін анда! тау сағалап қонсақ па екен? сонда біздің жылқышылар сая тауып, тыным алар еді («алтын топшы» бойынша: «…шақпақ шағып, түтін түтетер еді», – м.м.) . өзен жағалап қонсақ па екен? онда біздің қойшы-қолаң от пен суға молығар еді. қалай қарайсың?..» – депті.

бұл не деген сөз?

әлбетте, беибіт күнде қозғалған кез келген көштің түпкі нысанасы ғана емес, жолайғы еру, қоналқасына деиінгі барлық жөн-сорабы алдынала белгіленбек. темужін–жәмүқә көшінің де барып тоқтар жері ілкіде бекітілуі анық. енді міне, басқа бағдар. және бір емес, екі тарап. атаусыз тау, беимәлім өзен. темужін әлде тұспал, әлде мысал сөздің мағнасын таппай, дағдарып қалады.

кеиінгі заман зерттеушілері де төтеннен айтылған, ақыр түбі елеулі оқиғалар ғана емес, ұлы даладағы үлкен өзгерістерге жол ашқан, «жамұқаның жұмбағы» атанған осы бір сөздің түйінін шешуге тырысқан. әрқилі жорамал айтылады. бартолдтың байыбынша, мұндағы қойшы-қолаң – кедеи-кепшік, бұқара жұрт, ал жылқышы – әтқәмінер, бай-бағлан; темужін – аттылы, яғни үстем тап өкілі болса, жамұқа темужінге қай таптың жоғын көбірек жоқтауымыз керек деген тұрғыда сауал салған сяқты. тетелес зерттеушілердің көпшілігі, ішінде б.владимиртсов пен хара-даван да бар, осы қисынды мақұл көрген. енді бір ғалымдар жамұқаның тұспал сөзінде мұндай таптық, жіктік мағна жоқ, ол да жуан тұқым, билеуші әулет өкілі, жамұқаны бұқарашыл қылып шығару қисынсыз деседі. жаңа заман тарихшылары жамұқа лепесінің түпкі мағынасын тайталас бақастыққа тіреген. р.груссе көші-қон жөнін белгілеу арқылы жамұқа өзінің темужіннен жоғарырақ дәрежесіне нұсқады деп біледі. р.хрәпәчевски де осы пікірге беиіл. бауырлас, одақтас екеуі сырттай теңдес сәнәлғәнімен, шын мәнісінде жамұқа – «аға», ал темужін – «іні» болып есептеледі, деиді. дж.уезерфөрд баяғы бартолдқа керісінше, жамұқа осы лепесі арқылы өзін ел билеуші әқсүйекке теңеп, темужінді қойшы-қолаң ретінде төмен орынға қойғысы келген, депті. е.кічәнөв, бәлкім, барлық жұртқа (яғни, достас екеуіне де) бірдеи жәйлі қоныс табылмайды деген ишара деп мипаздайды. ал «қәстерлі шежірені» қытай тіліне ықшамдап, жаңадан аударған дорона-тиб жамұқа тұспал арқылы темужінге «бөліне көшеиік, сонда екеумізге де оңтайлы болады» деген емеурін танытады, депті (е.кічәнөв бойынша) . қәйткенде де, көпшілік зерттеушілер сол заманның өзінде жауабы табылмаған «жамұқаның жұмбағын» ендігі біз де шеше алмаймыз деп тұжырады.

сөнімен, анданың тосын сөзінің мән-мағынасын нақты байыптап үлгермеген темужін дағдарып қалды. ешқәндәй уәж айтпай, келер мезетте артқы көшті күткен сіңәймен, тізгін тартып, іркіле беріпті. көш ортасында, көк күймеде сан-сәлтәнәтпен келе жатқан өгелін-әйке мен бөрте-қатынға болған жағдайды айтады. «жамұқа анда: «тау сағалап қонсақ па екен, онда біздің жылқышылар сая тауып, тыным алар еді; өзен жағалап қонсақ па екен, онда біздің қойшы-қолаң от пен суға молығар еді; осыған қалай қарайсың?» – деп сұрады. бұл не сөз? мен қәпелімде жауап қайыра алмай қалдым…» – деп, шешесіне кеңес салыпты. сірә, өгелін де тосырқап, мүдіріп қалса керек, бөрте әлдімен тіл қатады: «жамұқа анда тұрақсыз, айнымалы кісі деитін. бізден де жалыққан екен. тұспал сөзінің мағнасы осы. ендеше бірге қалар жөніміз жоқ. бөліну керек. үдере көшкен қалыбымызда қоналқаға тоқтамай, түні бойы тынымсыз жүре береиік. ең оңдысы сол!» – депті.

қәйткенде де бөрте жамұқаның тұспал сөзінің шешімін тура тапты деиміз. темужін меркіт жорығынан соң, әуелде қатар аттанған тоғрыл хәнмен бірге қайтпай, жәмүқәмен қосылып кетуі тек бауырлас андалық жөні ғана емес, кереи ұлысының бодандығын жанама түрде тәрік етіп, өзіндік дербестікке ұмтылудың бір көрінісі болатын. сондықтан, ерте ме, кеш пе, тепе-теңдігі күмәнді жаңа одақтан да бөлініп шығуы заңды құбылыс еді. іштеи пысып-жеткен, тек шешімін ғана күтіп тұрған табиғи жағдай.

темужін бөртенің айтқан сөзін құп алыпты. андасы жамұқадан ірге бөлісуге тәуекел қылады. әлбетте, өзіне қараған бүкіл ел-жүртімен.

бұдан соң, «қәстерлі шежіреде» атап айтылмаса да, күмәнсіз жағдай – көш тоқталмайды, «болынып шығамыз», деген хабарды тікелеи ғұзырындағы басты кісілерге түгел жеткізеді. ал бұлар өз кезегінде осы бір жарым жыл ішінде күрені бөлек болса да, бүйрегі бұрыс көрінген тағы қаншама арысқа.

темужінге жақтас жұрт күн еңкеиген, кеш батқан шақта межелі қоналқаға аялдамай, сөгіле бөлініп, тоқтаусыз жылжып, он алтысынан толған жарық ай астында аулаққа қарай бет түзепті. сол қалпы, арттағы елден қара үзіп, таң атқанша, күн шыққанша, жәлпәғімен, ұбақ-шүбәғімен үдере көшкен екен.

жаңа ұлыс

таң атып, күн шыққан соң байырқа тауып, алды-артын жинақтап қараса, қәбә-нопыр, қарақұрым, қаншама жұрт екен. «қәстерлі шежіре» айрықша іждәғәтпен санамалап шыққан. біз де нақтылап атап көрсетеиік.

жалайыр тайпасы, тоқырауын табынан қашығұн, қарақай және қаралдай – үш атаның әулеті түгелімен. тағы да сол жалайырдан сеші-домақ, арқай-қасар және бала, өздерінің ер жеткен үлдәрімен.

тарғұт руынан – қадаған-далдұрқан, бәуірләрімен қоса, бес-тарғұт түгелімен.

барлас руынан – құбылай-құдұс, аға-інілерімен.

маңғыт тайпасынан – ағайынды жетеи мен доқолқұ-шерби.

оронар руынан – қарашар, үлдәрімен.

қонқотан руынан – сүйкету-шерби.

сүкеген руынан – жегеи-қондоғұрдың ұлы сүкегеи-жауын.

негудеи руынан – шақан-ұба.

қоңырат тайпасы, олқұнұт руынан – қыңғы-жадай. қоңырат-икерес руынан – бұтұ.

қоралас руынан – сечегүр.

нұяқын руынан – жұңсо.

дүрбен руынан – машы-бедүгүн.

барын руынан – қоршы-ұсұн мен көкө-сос, өздері бастаған менен-барын тәбімен.

кенегес руынан – құнан бастаған бір күрен.

«қәстерлі шежіре» тәптіштеп келтірген ағайындас кісілер және жеке батырлар мен белгілі рудың тұтас тармағы, немесе бөлшегі – күні кеше ғана жамұқа-шешеннің ғұзырында болған жұрт қана. жалайыр мен қонқотан, бәлкім тағы бірәз жамағат бұрнағы есугеи-бахадұрдың ұлысынан. ілкідегі, темужіннің өзіне тікелеи тиесілі қауым мүлде аталмайды. тек бауыршы мен желме ғана өрәйімен еске алынған. онда да өздері емес. арыда, жамұқа жағында қалған рулы жұртынан бөлініп келген інілерінің анықтамасы үшін.

арулат руынан жырылып, бауыршының інісі оғалай-шерби келді, деиді.

ұраңқай тайпасынан жырылып, желменің кіші інісі жәуірқән-сұбытай-бахадұр келді, деиді. кеиінде даңқты, бүгінде әлемдік соғыстар тарихындағы ең ұлы қолбасы деп танылуға тиыс сүбітәй ғой. дәл осы кезінде бахадұр атағына жетпеген, небәрі он бес жастағы ұлан.

бұл екеуі бірге туған бауырларына қосылса, темужіннің өзімен қайтадан табысқан туыстары және бар.

есугеи-бахадұрдың ертерек өтіп кеткен ағасы мүңгеду-қянның ұлы оңғұр, өзіне арғы атадан қарасты шаншығұт және баяуыт руларын бастап әкеліп қосылады.

есугеи-бахадұрдың баянсыз інісі дарытай-өтшіген бір күрен жүртімен келіп жетеді.

сойтып, қаншама халық ұжымдасып, қалың қол құралыпты. әзірге тым зор болмаса да, біршәмә ауқымды жаңа ұлыс.

темужіннің төңірегіне топталған жәуінгер қауымды рулық тұрғыдан жіктесек, басым көпшілік жұрт – қят тайпасына жататынын көреміз: бөржігіт, арулат, барлас, маңғыт, барын, нұяқын, кенегес, дүрбен, бесүт, шөнес, жүркін, қонқотан, шаншығұт… сондықтан жаңа құрылымды шартты түрде қят ұлысы деп атауға да болар еді. алайда, темужінге ерікті түрде қосылған жұрттың біршәмә бөлігі – қят-нирун тайпасынан сыртқары аталар әулеті: жалайыр, қоңырат, ұраңқай, тарғұт, сұлдұс, сақайыт-кереи, баяуыт… (уақыт оза келе, қят текті қауым жалпы жұрттың азғана бөлшегі ғана болып қалады.)

темужіннің ғұзырына құлдық ұрған ескілі-жаңа жұрттың туыстық, рулық негізде емес, тек қана мақсат, мүдде бірлігі ұйыстырған, ұлы дала шегіндегі мүлде жаңа бір құрылым екендігін көреміз. болашақ шыңғыс ханның өзгеше талайын аңдаған мәрттік, көрегендік бар. жаңа ұлыста жаңаша жағдайға ұмтылған өлермендік бар. өз руы, өз тобында орын таппаған, немесе қисынсыз өктемдікті, әрқилі зорлық-зомбылықты мойындамаған асаулық та бар. сөнімен қатар, ақжолтай жаңа көсемнің көлеңкесінде абырой таппақ, олжа-байлыққа кенелмек есеп те жоқ емес. бәрінен де ежелгі заман суреті танылады.

осы орайдағы өзгеше бір жағдай тарихта таңбаланып қалыпты. темужіннің туы астына біршәмә жүртімен келіп жеткен барын қоршы-ұсұн айтыпты: «быз жәмүқәмен жақын туыс боламыз. ескіше таратқанда, жатырымыз бір, жеидеміз ортақ. қәйткенде де арамыз ажырамаса керек еді. бірәқ мен сәуегеи түс көрдім. бір қызыл сиыр жамұқаны шыр айналып жүр екен. сүзгілеи сүріп, арбалы үйін аударып салды. бұдан соң өзін сүзе бергенде бір мүйізі үзіліп түсті. сонда қызыл сиыр: «мұйызымды қайтар!» – деп, өкіре өңмеңдеп, жер тарпып, жамұқаның үстіне топырақ шәшә бастады. енді бір қарасам, жоталы, кеуделі ала бұқа жалғыз өзі үлкен көк күймені сүйреп, темужіннің артынан еріп келеді. даңғыл жөлмен найқала жүрген қалпы, мөңіреи өкіріп: «көк тәңірі мен жер-су алқалап, темужін ұлыстың ұлық патшасы болсын деп ұйғарды!» – деп, әлденеше мәрте қайталады. міне, өң мен түстің арасында осындай аян көрдім! ал, темужін, менің осы айтқаным келіп, үлкен ұлыстың егесі болсаң, маған қандай қүрмет жасайсың?» – деиді қоршы.

зады, темужін жаңа ұлысының іргесін орнықтыра бастаған кезде шыққан әпсәнә. жақтастарының үгіт-насихаты ғана емес, темужіннің өзінің де нақты мұрат-мақсатының көрінісі. кеиінде «қәстерлі шежіреге» енгізілген. алайда, топты жүртімен келіп қосылған қоршының ақы-төлем сұрауы да анық болса керек. әлбетте, жалғыз қоршы ғана емес, атаусыз қалған және бір кісілер. қашан да тек қана жеке пайдасын ойлайтын адамдар жетіп артылған. қоршының ісі – таңбаға түсіп қалған нақты бір мысал ғана.

темужін мұндай саудаға таңырқаса да, ренжімеиді. сірә, күле жауап берген. «өзің айтқандай, соншама ұлыстың егесі болсам, сені түменбәсі ноян қыламын», – деиді. ал қоршы: «осындай сәуегеи түс көріп, сенің ұлық мәртебеге жетеріңді айқындаған мен үшін түменбәсі ноян атағы жеткіліксіз. түменбәсі қыласың және сол кезде өзімнің таңдауым бойынша, маған жаңа патшалығыңнан өңшең сұлу отыз қыз алып бересің!» – депті.

уақыты келгенде қоршының айтқаны болады. түменбәсі және өзінің бұрынғы қаншама әйелінің үстіне тағы да отыз қыздың қөжәйіні. бірәқ жауланған ағайын жұрттан зөрліқпен жиналған отыз қыздың оқиғасы ақыр түбінде насырға шауып, кемі отыз мың ер-азаматтың қанды қазасына, оның ішінде шыңғыс ханның ең дарынды қолбасыларының бірінің өліміне себеп болғаны бар. тиесілі әңгіме өз кезегінде. бұл арада айтпағымыз – әуел баста темужіннің төңірегіне топталған тұлғалардың әрқилі кеиіпті, әрқилі мақсатты жұрт болғаны ғана. және өз пайдасы, теріс пиғілмен келген кісілердің пайда-зяны қатар жүргені. бұл да замана суреті. ақыр түбінде шыңғыс хан темір тәртібімен бәрін де өз орнына қойған.

сөнімен, бір-ақ кеште, бөртенің жалғыз ауыз сөзімен болашақ ұлыс тағдыры шешілді. біржөлә шешілмесе де, берік іргетәсі орнықты. кіші-гірім патшалық. қарасыны мол қаншама жан. жәуінгер, жәнкешті топ. және болашақ алапат соғыстарда айрықша көзге түсіп, бүкіл орталық азя, қала берді жарым әлемнің тағдырын шешетін ұлы қолбасылардың алғашқы легі: бауыршы, желме, сүбітәй, құбылай…

айтпақшы, жамұқадан бөліне көшкен түнгі шеру мүлде тыныш өтпеген. «қәстерлі шежіренің» айтуынша, төтенше көш қәпелімде тайжуыт қонысының үстінен түсіпті. қорқып, төңкеріле босқын тапқан тайжуыттар жамұқаға барып қосылды деиді. оқиғаның егжеи-тегжеиін түгендеу қиын емес. кездеисөқ беттесу ұрыссыз бітпеген. ескілікті деректерден ол замандағы қандай да бір шеру қалыбы жақсы белгілі. әдетте, көш басында оза шыққан шалғыншылар болады. жол сорабын, көлденең қауып-қәтер райын байқастау үшін. одан соң аз ба, көп пе, тұтас әскер жасағы. көштің соңы мен екі қапталы да қорғансыз емес. есебі, бұрнада білді, білмеді, әуелгі бағыт-бағдарын өзгертіп, аулаққа тартқан темужін көшінің жолында тұрған, ежелден жаулас тарғұтай-қырылтұқ ұлысының, тұтас болмаса да, қомақты жұрты тұтқиыл шабуылға ұшырады. өлгені өліп, қалғаны қашып, енді бір азғана тобы құлдық ұрып, темужін жағына шаққанын көреміз. мәселен, «қәстерлі шежіредегі» жалпақ тізімге енген шелгүтәй-тақы, аға-інілерімен қоса, тайжуыт жағындағы сұлдұс руының бірәз кісілерін алып келді деп көрсетілген. сондай-ақ, тәйжуіттәрмен бір одақтағы бесүт руынан ағайынды дегеи мен күчүгір аталады. әлбетте, бұлар да соқа бәсімен емес. үстірт қарағанның өзінде екі топ, біршәмә халық. соған орай, тәйжуітпен тұтқиыл ұрыс түнгі шеруден тыс, көші-қон орныққан соң көп ұзамай өткерілді деп шамалауға да мүмкін. және ұсақ-түйек қақтығыс емес, біршәмә көлемді майдан. темужіннің қарасыны мол, екпінді жұрты жапыра жеңіп, отырған қоныс-мекенінен ығыстырып шығарған. ілкі замандағыдай темужінмен тепе-тең тайталасқа жарамаған тарғұтай-қырылтұқ енді сүйеніш іздеп, амалсыздың күнінен жамұқа-шешенге барып қосылады.

тәйжуітпен төтенше шайқасқа орай шежіреге түскен тағы бір дерек – көкеші деген кішкентәй ұлдың жәйі. босқын тапқан тайжуыт пен бесүт қонысында панасыз қалған екен. темужін өзінің анасы өгелінге әкеліп береді. өгелін-әйке бұл көкеші баланы да бауырына салып алыпты. шетін жағдай емес. адам қат, бала қәжет заманда туысы бір жақын ағайын тұрыпты, тегі бөтен жаудан қолға түскен жас балаларды өгеисімеи асырап алу, өз үрпәғімен бірдеи дәрежеде тәрбиелеп, өсіріп жеткізу – қадымнан қазаққа жалғасқан ескілікті бір ғұрып. өгелін-әйкенің меиірбән аналығы – сол ізгі дәстүрдің бір көрінісі ғана болатын. дәл осы жолы, қарбалас босқында жұртта қалған – жалғыз көкеші болмаса керек. бәрі де жаңа отбасын тапқан. оның ішінде шыңғыс ханның үйелмен-әулетіне қатысты жағдай ғана ұмытылмай, бізге жетіп отыр…

әуелгі таңнан соң екінші таң келеді. оның артынан тағы да кезекті күндер. бұл кезде, дәл осы жазда темужіннің туы астына топталған жұрт алыс-жақын төңірегінің бәрімен беибіт болғаны аңдалады. көп ұзамай, жәйләуғә жазыла қонып, тыныс, тыным тауыпты. өзін жамұқа үлісімен тең, тайжуыт одағынан жоғары санаған, тіпті, іргедегі, жолы да, жөні де үлкен кереи хандығының өзінен тәуелсіз сезінген жаңа бір ұлыс – тақау болашақта ұлы имперянің әуелгі ұйтқысы болуға тиыс өзгеше ұжымның іргесі бекіп, күш-қуаты кемелдене бастайды.

алда ұлы даланы дүрбелеңге толтырып, адам қаны су болып аққан ғаламат оқиғалар тұрған.

 

далайхан темужін

арада апта өтті ме, ай өтті ме, қәйткенде де көп ұзамай, сол жылы, жәздігүні жамұқа ұлысынан сашы бек пен тайжу және құшар бек және алтан-өтшіген бөлініп шығады. есугеи-бахадұрдың туған ағасы некүн-тайшының ұлы ұзын оқты құшардың жәйі бізге бұрыннан мағлұм – кезінде жақын бауырының жетім-жесір үйелменін жұртқа тастап, тарғұтай-қырылтұқтың қолтығына кірген. сашы бек пен тайжу – есугеи-бахадұрдың әкесі бартан-бахадұрдың үлкен ұлы, әйгілі үкүн-барқақтың немерелері, бұл кезде қят-жүркін аталатын, аса жәуінгер ру бірлестігінің көсемдері. ал алтан-өтшіген, ол да бартан-бахадұр інісі құтұла ханның кенже ұлы. бұл, қуатты, атақты төрт алпауыт та есугеидің кешегі жетімек ұлы біржөлә күш алып бара жатқанын аңдаған соң, тарғұтай-қырылтұқ пен жамұқа-шешеннен жігін айырып, атасы бір, бабасы ортақ туыстығын алға тартып, осы темужіннің ғұзырына жетіпті. әлбетте, қаншама қарулы әскер, қара-құрым жүртімен. алтан-өтшіген бір күренмен, құшар бек бір күренмен келді деиді. ал сашы бек пен тайжу – рулы елімен. бұл – темужін өзінің әкесі есугеи-бахадұрдың ұлысын түгелге жуық, ал бабасы қабұл ханның үлкен хандығының біршәмә бөлігін толық баурады деген сөз еді. қаншама жұрттың егесі енді ресми түрде мойындалуы ғана қалған.

ордасы еңселене түскен темужін, ел бастаған бұрынғы және кеиінгі әғәйіндәрімен бірге ескі жұрттан қозғалып, көлденең дұшпанның қарымы жетпес күрелгі дарасына бойлай еніп, көкө-нор көліне тақау төңіректегі сеңгір жылғасы мен қара-жүргенге келіп орнады деиді. міне осы арада алтан мен құшар, сашы бек және басқалары өзәрә ақылдасып, кеңесе келе, темужінді хан көтеруге ұйғарады.

«быз сені хан сайлауға шешім қылдық, – депті темужінге. – ұлысымыздың ханы болуға ризашылық бер!» – деиді.

қалыпты рәсім бойынша, темужін бірден келіспеиді. әуелгі өтінішке: «мен хан болмаймын, хандық дәрежеге құтұла хан ұлы алтан-өтшіген лайық!..» – деиді. екінші мәрте өтінішке тағы да қарсы уәж айтады: «хандыққа үкін-барқақ ағамыздың немересі сашы бек лайық!» – деиді. тек үшінші қайыра өтініштен соң ғана мәмлеге келеді.

«қәстерлі шежіре» темужін хан көтерілер алдында ұлыстың ұлық кісілері айтқан уағда-сертке арнайы тоқталыпты.

«егер сен біздің ханымыз болсаң, мына біз:

қалың жәумен шайқаста қашанда алғы лекте шабамыз. жорықта, соғыста қолға түскен көрікті қыздар мен көркем әйелдердің ең сұлуын саған сыилаймыз. басып алған көк күйме, дүние-мүкәмәлдің басым бөлігін өзіңнің алдыңа тартамыз. үйіре айдаған азбан аттардың арғымағы түгел сенікі.

кең дала, адыр-белестегі қамажау аңшылық кезінде үнемі оза қимылдап, тұтылған аяқты аңның тең жарымын сенің үлесіңе береміз.

қақтыққан ұрыс кезінде қалқаның болмасақ, жарлығыңнан шығып, жан сауғаласақ, меиірім, кешірім жасалмасын, бізді қатын-баламыздан айырып, үйелмен-ұйымызды ойрандап, қу басымызды қара жерге теңестір!

мамыралы беибіт күнде елдің тынышын бұзсақ, сенімен бірліктен айнысақ, бізді жасақты әскерімізден айырып, от-ошағымызды талқандап, сор басымызды иен түзде шіріт!» – депті.

осылай деп ант беріп, темужінді хан көтереді.

бары де сонау ғұн заманынан келе жатқан, аралықта түрік қағанаты кезеңінде біржөлә орныққан ежелгі рәсім жөнімен. десе де… тек дала жұрты ғана емес, іргелес, аралас көрші, үлкен патшалықтардың өзінде билікке жеткен жаңа әміршіге жаңа мәртебе, тіпті, жаңа есім берілетін дәстүр бар еді ғой. темужін жәй ғана «хан» атанды ма, әлде басқадай бір анықтама иеленді ме? «қәстерлі шежіре» және оның көлеңкесіндегі «алтын топшы» дәл осы ретте темужін – «шыңғыс хан» атағын иеленді деп көрсетеді.

қалыпты ұғым бойынша, бұл «шыңғыс» әуел баста жеке есім емес, атақ-дәреже болған деп саналады. кеиінде жиһәнгердің өзінің есіміне айналған, деиді. біз бүкіл ғылыми қауым, жалпақ жұрт қабылдаған мұндай бәйләммен келіспес едік. іргелі қытай патшалығындағы, жаңа хуәндиге жаңа есім берілетін әдепкі дәстүрді айтпайық. далалық ұлыстарда да осы салт ежелден-ақ қалыптасқан. мәселен, елтеріс, естеми, қапаған, білге қағандардың тарихтан белгілі есімдері – тума ат емес, таққа отырған кезде жаңадан берілген ныспылар. сондай-ақ «шыңғыс» та осы ежелгі рәсім жөнімен қүдіретті әміршіге қойылған нақты есім. өйткені… еке моғұл ұлысының, біз бірінші кітәптә арнайы сөз еткен мемлекеттік мөрінің бетінде шыңғыс ханның есімі жоқ. бірәқ мәртебесі нақты айғақталған: «далай хан». айттық, бұл «далай хан» – түрік қағанатынан соңғы, терістік қытай патшалықтарына қарсы күрес кезеңінде бүкіл ұлы даланы біріктірген, ресми тарихнамада «тсзубу бірлестігі» аталатын жаңа қағанат – тоғыз-татар әмірлерінің атақ-дәрежесі деп. ежелгі, даңқ-дабыралы «қаған» емес, жеке бір ұлыстарға қатысты жәй ғана «хан» да емес, «далайхан» – телегеи-теңіз, ұлы хан!

кеиінгі тарих ғылымы, атақты, білгір оқымыстылар «шыңғыс» сөзі әуелде дәреже, титул ретінде 1206 жылғы ұлы құрылтайда алғаш рет көрініс беріп, бекіді деп санайды. дәп солай, есім емес, дәреже болған күнің өзінде, қалай талдасақ та, негізгі, жалпы мағнасы, рәшид-ад-дин айтқандай, «хандардың ханы» деген атақ – тек осы кезеңге ғана лайық, ал әзірше ұлы даладағы кереи, найман хандықтарынан күш-қуаты көп төмен, жамұқа ұлысының өзінен бойы аса алмай тұрған жаңа бірлестік әмірі дәп сол 1189 жылы ондай дәрежеге жетпеген. сөнімен қатар, осы кездің өзінде алыс көкжиекті болжаған темужін жәй ғана хандық мәртебені олқы санауы ғажап емес. ендеше, кеиінде мөр бетіне түскен «далай хан» – осы тұстағы темужіннің ұлық мәртебесі деиміз. мұның тағы бір дәлелі – көп ұзамай, қарсы топ хан көтерген жамұқа-шешеннің «гөрхән» атануы – бұл да хандардың ханы деген сөз.

қәжетті рәсім өткерілген соң, жаңа ұлыс құрылғаны, темужіннің хан сайлануы турасында тоғрыл ханға арнайы хабар жеткізіледі. елшілікке тақай мен сүкегеи барыпты. мән-жәйді естіген соң, тоғрыл хан айтты деиді:

«жон-ақ! менің ұлым темужінді хан көтергендерің дұрыс болған. қят жұртының өзінше ұлыс құруы орынды. енді берік ұйысыңдар, ынтымақ-бірлік бұзылмасын. бұра тартуға жол қалмасын, жыға қисайып, жаға жыртылмасын!» – депті.

«қәстерлі шежіре» арқылы жеткен кеп осындай. ұлы даладағы ең үлкен ұлыс иесі не ойлады? зады, шын көңілмен айтылған сөз. шағын хандық, шектеулі билік. темужін өзімнің ғұзырымнан біржөлә шығып кетеді деп білмесе керек. оның үстіне, астары мол, астамшылығы одан да зор жамұқаға қарсы тұрар қосымша күш деп санауға тиыс. қәйткенде де, жаңа ұлыс іргелі кереи хандығы тарабынан ресми мойындалады.

тоғрыл ханның мақұлынан соң темужін арқай-қасар мен жауырқан екеуін жамұқа-шешеннің ордасына аттандырады. жамұқа реніш-күйінішін жасырмапты. жаңа ұлыстың құрылуын, темужіннің хан көтерілуін іштеи мақұлдамаса да, сызын шығармайды, наразылық лепесін басқа бір тұрғыдан білдірген екен.

«алтан мен құшарға менің атымнан айтыңдар: «алтан мен құшар, неге көлденеңнен кірісіп, темужін анда екеуіміздің ортамызға жік салдыңдар? бірімізді сүбеден сүзіп, бірімізді қабырғадан шанышқылап, арамызды айырдыңдар. темужін анданы екеуіміз бірге жүрген кезде неге хан көтермедіңдер? ақыры, қандай мәқсәтпен хан сайлап отырсыңдар? алтан мен құшар, ендігіде айтқан серттеріңе берік болыңдар. менің темужін андама адал қізмет қылыңдар!» – депті.

тікелеи темужіннің атына айтылған ілтипәт та, өкпе, кеиіс те жоқ. сөнімен қатар, жаңа ұлыстың болашағына күмәнді. андасының хан көтерілуін жеке бір кісілердің пайдақор әрекетінің ғана нәтижесі санағандай. осы ретте «маған опа бермеген алтан мен құшар ертең сенен де айнып кетеді» деген дүдәмәл тастайды және қалған жұртың да тұрақсыз деген емеурін бар. темужінді бұрынғыша анда әтәғәнімен, татулық, достық турасында лебіз жоқ, тым құрса алыстан сыиласқан ықылас байқалмайды. бірәқ жаңа ұлыстың құрылуын да, темужіннің хан сайлануын да терістеи алмаған.

сөнімен, болашақ шыңғыс хан алғаш рет ақ киізге көтеріліп, өзін осының алдында ғана өткен ұлы далайхандар әулетінің тікелеи жалғасы ретінде әйгіледі. бұл атақтың түп негізінде көп мағна жатқан. біріншіден – бауырда бәрмен қанағаттанбай, бүкіл ұлы даланы өз туының астына қарату. екінші – сол ұлы даланы біріктіріп болғаннан кеиін, даңқты далайхандар аяусыз күресіп өткен терістік қытай патшалығы – бүгінгі өктем шүржен имперясінән біржөлә тәуелсіз жағдайға жету!

милади 1189 – тауық жылы екен. болашақ шыңғыс хан небәрі отыз төрт жаста. ақылы толысып, қайраты қабындап, кемеліне келген кезі.

ұлыстың әуелгі қалыбы

хан көтеріліп, ту тігіп, ордасын орнықтырған соң темужін жаңа ұлыстың ішкі құрылымын тянақтайды. көшпенді әскери қоғамда кез-келген рулық, тайпалық, ұлыстық ұжымда ата-баба заманынан қалыптасқан дәстүрлі басқару жоралғысы бар. кішіде – жұпыны, үлкенде – біршәмә күрделі. темужін бізге белгілі деректегі жиырма төрт, шындығында одан да көп, туыстас рулар бірлескен ерекше ұлыстың жаңарған, жаңғырған құрылымына өзі өте жақсы білетін кереи хандығының мемлекеттік жүйесін үлгі ретінде қабылдайды.

дербес ханы бар, тиесілі қоныс-мекені , белгілі шекәрәсі бар бұл еңселі ұлыстың әкімшілік түзімі өзәрә дербес үш тармаққа бөлінген екен.

бырыншы – орда қожалығы. ұлыстың ішкі және сыртқы істерін атқару, далайханның жеке басының қәуіпсіздігі, оның күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету және үй-жәйінә қізмет көрсету тобы.

екінші – әскер билігі, ұлыстың күш-қуатына ұйтқы болуға тиыс қолбасы нояндар қатары.

ұшыншы – тұрмыс-шаруа әкімшілігі – төрт түлік малға иелік, сөнімен қатар, жәйілім жер жөнін меңгеруші һәм маусымдық мекен, тұрақ, көші-қон тәртібін реттеуші ұлықтар.

ең маңызды шара – әскер ісі болатын. темужін бас қолбасы және сөнімен қатар, барлық әкімшілік жүйенің әміршісі міндетін өзінің байырғы және ең сенімді нөкерлері бауыршы мен желмеге тапсырады – ендігі жерде бауыршы-ноян және желме-ноян.

жауапты, үлкен міндет арта отырып, ұлыстың барлық ұлық кісілерінің алдында бауыршы мен желмеге қарата айтқан мадақ сөзі:

«сен екеуің менде көлеңкеден басқа серік жоқ кезде таяныш, тірек болдыңдар; қылқұйрықтан басқа қуат жоқ кезде қайрат, күш қостыңдар; қиыншылық күндерде менің көңілімді делбеп, көкірегіме тыныс бердіңдер; енді қашанда менің жүрегімнің төрінде тұрасыңдар! осы екеуің ұлыстағы ең үлкен мәртебеге лайықсың, осы екеуің ордадағы барлық ұлыққа аға боласың, ұлыстағы барлық жұртқа жаға боласың!» – депті.

бауыршы мен желмеге тетелес әскербәсі ретінде үш қоршы – қорамсақты үшеу: бауыршы-ноянның інісі оғалай және ағайынды жетеи мен доқолқұ-шерби белгіленеді.

қоршы-сәдәқшіләрмен қатарлас, темужіннің туған інісі қасар бастаған үш қілішкер тағайындалады: құбылай және шелгүтәй мен қарақай-тоқырауын. бұл садақшы және қілішкер нояндар өкіміндегі арнайы екі топ жасаққа хан ордасының қәуіпсіздігі және жүктеледі.

арқай-қасар, тақай, сүкегеи және жауырқан төртеуіне темужін: «алысқа жетер қайың оқ, жақынға жетер айыр оқ боласыңдар», – деиді, яғни барлаушы-хәбәргер жасақтың басшылары етіп бекіткен.

«қәстерлі шежіре» ұлыс қолбасылары қатарынан сүбітәй-бахадұр орын алды деп көрсеткен, бірәқ нақты қізметі айтылмайды, шындығында болашақ даңқты қолбасы бұл кезде небәрі он бес жаста, көзге түссе де, қатарынан озып, биік мәртебеге жете қоймаған.

далайханның жеке басының қәуіпсіздігімен қатар, оның күнделікті тіршілігін, отбасы-үйелменінің жәй-күйін қамтамасыз ететін қүрметті қізметші ұлықтар қатары белгіленіпті. оңғұр, сүйкету-шерби, және қадаған-далдұрқан ас-су егесі – бауыршы сайланады. бұлар хан дастарханын жәбдіқтәумен қатар, ертелі-кеш тартылмақ тағам, сусын атаулының дәм тазалығын, көлденең қәуіпсіз адалдығын қамтамасыз етуге тиыс еді. сөнімен қатар, хан ордасындағы қасапшы, аспаз, табақшы, күтуші – бүкіл қізметші қауымның меңгерушісі додай-шерби бар.

хан ордасының қәжетіне арналған сойыс малы – отарлы қой шаруашылығы – әғәлі-ынылы дегеи мен күчүгүрге тапсырылады. ал сөйіспен қатар, мініс және жегін көлігі – қостылы жылқы, табынды сиыр – өзәрә аталас құту, моршы және мұқалқу үшеуіне жүктелді деиді.

«қәстерлі шежіре» атап келтірген мансап, қізмет орындары, әлбетте, ұлыстың бүкіл басқару жүйесін, ондағы ұлық кісілер, ең бастысы – белгілі әскерилер мен тума ұлықтар жөнін толық-түгелімен қамтымайды. темужінді хан көтерген іргелі алпауыттар мүлде атаусыз қалғанын көреміз. бірәқ жоқ емес, бар. сашы бек пен алтан-өтшіген, құшар мен дарытай-өтшіген – әрқәйсісі бұрнадан тәуелді, кем дегенде бір-быр күрен жұрты бар, ұлыс ішіндегі ұлыс есепті, өздерін біршәмә дербес ұстаған әміршілер болатын. ал мансап үлескен қауым – темужіннің тікелеи боданы. соның өзінде бұрнағы жұртынан гөрі кеиінде келіп қосылған жақтастар көбірек аталғанын көреміз. сыбағаның қомақты бөлігі де соларда. өзгеше үлес, ерекше сеніммен қатар, темужін бұл ағайындарға арнайы алғыс айтады.

«маған күш-қуат беріп отырған тәңірі сендерді де жебелеп, жамұқа андадан бөліне көштіңдер, ет-жүректің ірқімен маған келіп қосылдыңдар. енді менің байырғы, бақытты әскерімнің қатарына тұруға шінімен лайықсыңдар. сондықтан да мен сендердің әрқәйсіңді өздеріңе тиесілі орынға жеткіздім!» – деиді.

кеиіннен келіп қосылған жұртқа ерекше ілтипәт, артық үлес – сол бір сәттегі ризашылық қана емес, «менің жағыма шыққан жұрттың бәрін жарылқаймын!» – деген ашық емеурін.

міне, осы кезде алыс-жақын жұрт арасына: «темужін – мәрт, темужін – жомарт! жақтасқан жанына астындағы атын түсіріп береді, үстіндегі тонын шешіп береді!» – деген лепес тарапты. «жекелеген жақтастарға ғана қамқор емес, жалпы жұртты жарылқайтын бірегеи тұлға; қарулы әскердің қамын білетін, ордалы ұлыстың іргесін бекітіп, ырыс, берекесін арттыратын айдынды, айбарлы әмірші!» – деген бағам айтылады.

екі жағы да рас. жаңадан келіп қосылғанды жарылқайды. байырғы нөкерлерін және ұмытпайды. хан көтерілгеннен соң, әлгінде ғана жамұқа-тарғұтай тобынан бөлініп келген алпауыттарға айрықша ықылас білдіре тұра, ең үлкен дәреже, ең үлкен билікті өзінің бұрнағы, қиын күндерде айнымаған ең адал серіктерінің ғұзырына қалдырыпты. сөнімен қатар, барлық ыс-әрекеті жаңа ұлыстың ішкі ұжымын нығайтып, еңсесін көтеру, күш-қуатын асырып, дербес, тәуелсіз құрылымға айналдыру, түптеп келгенде, бодан жұртының тұрмыс-ахуалын түгендеу тарабына бағытталғаны айқын аңдалса керек.

әлбетте, ең зор билік – темужін далайханның өз қолында. басқаша ойлаған, әрнеде, тіпті, ұсақ-түйекте бұра тартқан боданның күні қандай болмағы көп ұзамай-ақ көпке танылады.

жаңа ғана, онда шектеулі билікке жеткен темужін соншама нығыз. ақыл мен қайрат, дарын мен мінез көрінісі ғана емес. атаулы сөзінен байқалғандай, алапат туысы, айрықша талайына сенім: темужін өзін тәңірі алқаған, тәңірі тікелеи күш беретін асқаралы тұлға санайды екен! осындай, тәңірі жарылқап туған, тәңірі жебелеп отыратын аспани тұлға – өмірдегі алға қойған барлық мақсатына жетуі хақ! кеиінде мемлекеттік мөр бетіне түскен, жарлық атаулының бастамы, еке моғұл ұлысының өзекті идеөлөгясінә айналған ұран.

V

т а р а у

азамат соғысы – алғашқы кезең

далан-балжұт – амалсыз айқас

арада жарым жыл өтер-өтпесте жамұқа-шешен ағайындас жұрт арасындағы аяусыз қәнтөгіс – дамыл үзілістермен тұпа-тура он бес жылға созылған азамат соғысына жол ашты.

рас, ұлы далада бұдан бұрын да әрқилі қақтығыс, тынымсыз ұрыстар болып тұратын. мәселен, татар мен қят арасындағы қайшылық, найман мен кереи тартысы. басқасын айтпағанда, ең соңғы, жамұқа – тоғрыл – темужіннің меркіт жорығы. белгілі бір тайпаның өз ішіндегі бүліктер тағы бар: бөржігіт–тәйжуіт тіресі, кереи ұлысындағы бұлғақ дегендеи. түптеп келгенде, ауыл, аймақ көлеміндегі мұндай соғыстарда ешкім де түбегеилі жеңіске жетпеген. белгілі бір нәтижеден соң, тіпті, ешқәндәй нәтижесіз-ақ тоқталып, тыным тауып, содан соң қайта жалғасып жатқан. өйткені, осының бәрі де ру-аралық күрес аясындағы құбылыс болатын. қарымы да, мақсаты да шектеулі. ал 1190-1205 жылдар орайындағы дүрбелеңнің ауқымы бүкіл ұлы даланы қамтыды. жаппай, кең көлемді соғыстың сыр-сыпаты да мүлде басқаша. бір ру екіге, үшке жарылды, етжәқін бір атаның балалары өзәрә жандасты. бұл – шын мәнісіндегі азамат соғысы болатын.

адылын айту керек, ұлы даладағы азамат соғысы – осыған деиінгі екі ғасыр бойы қордаланған тарихи жағдай, әлеуметтік теңсіздік, ең бастысы – нәсілдік қысымның түйінді шешімі болатын. шүрженнің жәй-жапсарын танып ұққан, өзінің туған жұртының соңғы жеті ата шегіндегі азабы мен күресін жақсы білетін темужін ерте ме, кеш пе, киіз туырлықты қауымды қайтадан ұйыстыру тарабындағы түпкі мұратын жүзеге асыру үшін атқа қонуы анық еді. бәлкім, екі-ұш, асса торт-бес жылдан соң. күш жинап, қуаты біршәмә толысқан шақта, мезгілді сәтімен. алайда, жамұқа кеселді тетікті уақытынан бұрын ағытып жібереді.

асығатын жөні бар. темужіннің құралмай жатып іриді деген ұлысы күн озған сайын қордаланып барады. қатары көбеиіп, жұрты молығып барады. басқа емес, осы жамұқа ұлысының есебінен. түнгі көш үстінде кеткені өз алдына. бұдан соң да жекелеген кісілер жырылып, тұтас ауылдар бөлініп, темужін жағына шығып жатыр. тезінен тоқтау салу қәжет еді. әуелі осы, аулақтай қонған бұрынғы бодан жұртқа қысас арқылы. малын айдап, жанын байлап әкете берсе. ұсақ қақтығыстың арты, әрине, зор майдан.

алайда, бастапқы шатақ жамұқаның өзі де күтпеген жерден шығады. жолбасар ұрлыққа, шын мәнісінде көпе-көрнеу зорлыққа аттанған бір топ шапқыншы темужін жұртының шеткері бір қонысы сары-кегерде отырған жошы-дармала деген кісінің бір қос жылқысын айдап жөнеледі. жошы-дармала шағын жасақ – қарасты әләмәнімен барымталы жылқының соңынан қуа шығып, келте ұрыстан соң барлық малын өзіне қайтарыпты. алайда, осы түнгі шайқаста ту сыртынан садақ тиып, жамұқаның інісі, жортуыл шоғырын бастаған тайшар қазаға ұшыраған екен.

туған бауырының өлімі – үлкен қайғы, сөнімен қатар, жамұқаға жақсы сылтау болды. тезінен сауын айтып, әскер жиып, жорыққа сайланады. осының алдында ғана одақтасқан тарғұтай-қырылтұқ та қатарға қосылыпты. жинақтап келгенде он үш ру: жүрят, тайжуыт, икерес-қоңырат, нұяқын, ұрұт, барлас, барын, қоралас, қатаған, салжығұт, дүрбен, татар, үрәуіт – ұзын саны отыз мың аламан атқа мінді деиді.

темужін әуелгі шатақтан да, кеиінгі дүрбелеңнен де беихәбәр, ежелгі бір қонысы – қауып-қәтерсіз күрелгі дарасында жатқан. бірәқ кештеу болса да ошар алады. өткендегі ел айрылған қарбаласта темужін жағына қосылған икерес бұтұн деген жігіттің әкесі некүн тайжуыт тобында қалып қойған екен, деп жазады рәшид-ад-дин. осы, темужінге бүйрегі бұрыс некүн, сірә, туысқаншылап, сол жаққа әлдеқәләй бара қалған барлас мүлке және тотақ («қәстерлі шежіре» бойынша икерес мүлке-тотақ және боралдай) деген екі жігітке тұтқиыл жорық жәйін білдіреді. бұл екеуі биік асу арқылы төтесінен тартып, барлық жағдайды темужінге жеткізіпті.

бұл кезде темужінге қарасты ұлыс үш түмен жасақ шығара алады екен. алайда уақыт тығыз, темужін жұртына түгел хабарлап, бүкіл әскерін көтеріп үлгермегені байқалады. қолда бар күшпен жамұқаға қарсы аттанып, далан-балжұт деген жерге келіп жетті деиді.

темужін жәуінгер жасағын он үш күренге бөліпті. неге оң қанат, сол қанат, орталық қол (және тұтқауыл) емес, пәленбәй күрен? күрен – әдетте, беибіт күнде әлденеше ауылдан құралған қомақты топ. «күрен сөзінің мағынасы – шеңбер», – деген анықтама береді рәшид-ад-дин. бұдан әрі таратып айтады. бұрнағы заманда әлдебір рулы ел әлденендеи бір жерге аялдаған, белгілі жұртқа қонған кезде, [арбаларын] шеңберлеи, дөңгелете тізбелеп, қоршау жасаған, ру ағасы осы шеңбердің қақ ортасына орныққан. қәзірдің өзінде, жақын жерде жау қарасы байқалса, моғұлдар дәп осылай, ішкі тұраққа ешкім өтпес үшін, дөңгелене шеп құрып орналасады, деиді. өзгеше қорғаныстың күренді шеңбер тәсілі қазақ арасында х

V

ы-х

V

ыы ғасырға деиін сақталған. бұқарлық шәйбәни ханның қазақ ордасына қарсы, 1509 жылғы қысқы жорығының толық шежіресін таңбалаған парсы тарихшысы рузбиханның нақты куәлігі бар. «жау шапқан жағдайда қазақтар өздерінің бала-шағасын, мал-мүлкін ортаға алып, дөңгелене шеп құрып, қайтпай соғысады. көлденең бір себесін болып қалмаса, мұндай қормалды бұзу өте қиын», – деген. яғни, соғыс жағдайындағы күрен шебі – күші басым жаудан қорғаныстың өзгеше бір тәсіліне айналған.

быр күрен жұрттың (әскердің) нақты саны тұрақсыз. бір күрен – бір мың шаңырақ (быр мың жарақты әскер) деп шамаланады. аз-маз артуы мүмкін, көбіне-көп әжептәуір кем болуға тиыс. есебі, темужіннің далан-балжұт ұрысындағы бар жасағы әрі дегенде он-он екі мыңнан аспаса керек. арнайы таңдап алған күрен тәсілі де осы кемістікке байланысты.

«юан ши» күрен санын әйғәқтәумен шектелген, «шен-ву тсин-чжен лу» – он үштің он бірін санамалап шығады, «қәстерлі шежіре» бұл он үш күрен – үш түмен әскер болатын деген қысқаша әқпәрмен тоқталады. темужін жасағының нақты құрамы – рәшид-ад-дин шежіресінде.

енді жинақтап көрсетеиік.

бырыншы күрен – темужіннің анасы өгелін-әйкеге қарасты қауым: төркін туыстары мен жақтастары, бағынышты үй-оғландары (қолбала жігіттер) , қізметшілері – яғни өзіне тікелеи тәуелді, қару ұстауға жарайтын қарашы жұрт.

екінші күрен – темужіннің өзі, ұлдары мен жақын нөкерлері, жекелеген ұлықтар мен олардың балалары, жасауыл кешіктен және басқа да, көмекші, басыбайлы арнайы топ.

ұшыншы күрен – балташы-бахадұр бастаған қадарқын руы, кереи тайпасының әлдебір бөлшек тармағы (сайшял жырқын руы деп айғақтаған) , және қоралас руы.

тортыншы күрен – сұқты-ноянның ұлдары дереңгі мен құрыдай, қят-нирунның бір тармағы және будат руы.

бесінші күрен – сашы бек бастаған жүркін руы және сол қатардағы тәуелді қауым.

алтыншы күрен – тайжы бастаған жүркін тобы және жалайыр.

жетінші күрен – отұжық және… (осы бір тұс кеиінгіде ажыратып оқылмаған, – м.м.) ұлдары бастаған қят және басқа да бағынышты кісілер. «жинақты тауарихтың» өшіп қалған, дүдәмәл жерін сайшял басқа бір деректер негізінде толықтырып, нақтылайды. сөнімен: «…және бартан-бахадұрдың бауыры құтұқы-мүңкірдің ұлы бөрте-бөке, тағы бір інісі құлан-бахадұрдың ұлы еке-серен, кенже інісі таудан-өтшігеннің ұлдары бастаған…»

сегізінші күрен – темужіннің немере туысы, мүңгеду-қян ұлы оңғұр бастаған шаншығұт және баяуыт рулары.

тоғызыншы күрен – есугеи-бахадұрдың туған інісі дарытай-өтшігеннің жасағы, есугеи-бахадұрдың ағасы некүн-тайшының ұлы құшардың жасағы және дәлу бастаған қауым және дулат, сақайыт-кереи, нүкүз-құрқан, ежін-дәрлекін рулары.

оныншы күрен – бартан-бахадұрдың інісі құтұла-ханның ұлы жошы, өзіне қарасты барлық боданы және жәқтәстәрімен.

он бірінші күрен – құтұла ханның кенже ұлы алтан-өтшіген, барлық бағынышты әскерімен.

он екінші күрен – дәки-бахадұр, өзінің күнғят руімен және суқан руы.

он үшінші күрен – шөнес руы.

темужін далайханның осы арада аталған және бұрнада көрініс берген барлық жұрты – жиыны отыз үш рудан құралған екен. (атап айтқанда: бөржігіт-қят, жалайыр, тарғұт, барлас, маңғыт, оронар, қонқотан, сүкеген, негудеи, олқұнұт-қоңырат, икерес-қоңырат, нұяқын, қоралас, дүрбен, барын, кенегес, арулат, ұраңқай, баяуыт, жүркін, шаншығұт (шанышқылы) , бесүт, тайжуыт, қадарқын, будат, құрқын-нүкүз, ежін-дәрлекін, күнғят, дулат, суқан, шөнес, жырқын-кереи, сақайыт-кереи…) кеибір шағын аталар түтәсімен, түгел, көбіне-көп үлкенді-кішілі ру-тайпалардың әлденендеи бөлшегі, жарқа-жармағы. яғни, болашақ шыңғыс ханның төңірегіне тартылған жұрт әуел бастан-ақ рулас, тайпалас туыстық негізінде емес, мүдделес, тілектес, мақсат бірлігі орайында ұйысқан.

жинақтап келгенде, бәлкім, «қәстерлі шежіреде» айтылғандай, бүкіл ұлыстағы жарақты аламан отыз мыңға тартар, алайда, майдан шебіне шығып, тосқауыл құрған он үш күрен, айттық, он-он екі мың мөлшерінде болуға тиыс, тіпті, оған жетпеуі де ықтимал.

қәнтөгіс ұрыс өткерілген далан-балжұт нақты қай тұс екені бүгінде белгісіз. ұқсас атаулы жерлер ұшырасады, бірәқ дәл өзі емес. зады, ол да қай таудың қандай жүлгесі екені ұмытылған бұрқан-қалдұнның түстік, немесе түстік-шығыс етегі.

қытай тарихшысы ту тсзи далан-балжұт атауына анықтама жасаған. далан – дала, ал балжұт – түстік беткеи, түстік тарап деген сөз деиді. «далан» мен «даланың» үйлестігіне күмән жоқ, сөнімен қатар, қәзіргі қазақ тілінде «далан» («далаң») дәл осы қалпында сақталған: ашық жер, әлдебір мекен, нысаннан шыға беріс, сонда «далан-балжұт» – әлденендеи тау, сай, шатқалдың аузы, түстік беттегі жазық алаңқай болады. шынында да, темужін өзінің шектеулі әскерін елдің ішкі аймағына бастар жолдағы кең сайдың шыға берісі, тау етегіне орналастыруы әбден қисынды.

темужіннің ұлысын біржөлә жермен-жексен қылу мәқсәтімен үдере аттанған жамұқа-шешен бұдан бұрын талай майданға түскен, тәжірибелі әрі аса дарынды қолбасы болғаны анық. бұл ретте өткендегі меркіт жорығын еске алудың өзі жеткілікті. жамұқаның әскери-стрәтегяліқ жоспары бойынша қимылдаған үштік одақ меркіт ұлысына тақау, ұрымтал меже – өңтүстіктен шабуылдамайды. әскер жиыны белгіленген түстік-шығыс беттен төтелеи тартып, арналы өзеннен сал байлап өтіп, меркіт қонысына қақ ортадан келіп тиген. жау күтпеген жұртты ту-талақай қылып, бүкіл ұлысты қақ айырған. қырылғаннан қалғаны бас сауғалап, терістік бет – бәйкөлдің шығыс тарабы, барғұжын-тоқымға қарай босқын тапқан удойыт, ұбас руларын өкшелеп қуғындамай, ат басын түстікке бұрады да, тобынан бөлініп, қамауда қалған қағат руын біржөлә қиратады. темужінге қарсы тұтқиыл майдан ашқан, шалт қимылдаған жамұқа дәп осылайша, жаңа ұлыстың орталық ордасына тура аттанғанын көреміз. темужін бар әскерін толық жинақтап үлгермеген, алайда ел ішіне енгізбеи, сыртқы далаңда қарсы алады.

айттық, сақарадағы соғыс тәсілінде орталық қол, оң қанат, сол қанат бар, тұтқауыл, тосқауыл шерік тағы бар. жер ыңғайына қарай, шепті түзем құрып, негізгі үш жасақ қатарласа, қалған құрамалар қабаттаса, қалқаласа орналаспақ. бір сөзбен айтқанда, ашық майдан. темужін далан-балжұтта өз әскерін мүлде басқаша жасақтайды. атап көрсетілгендеи, күрен тәсілімен және әр күренді жекелеи. он күрен қарама-қарсы, майдан өтіне шығады, үш күрен екінші қатарда орайлы кезегін күтеді. және жазыла жәйілмәғән. он үш күрен он үш шеңбер құрыпты. мінген аттарын күреннің ішіне матастырып, бар қаруын сайлап, жау бетінде жаяу тұрды деиді.

төтелеи тартқан жамұқа алауыт-тұрауыт деген биік қырқадан асып, далан-балжұтқа келгенде, осындай, күтпеген тосқауылға ұшырайды. «ұрыста тұрыс жоқ» деген, үш түмен – отыз мың әскер өздерінен үш есе кем ағайындас жұртқа қарсы лап қояды. шынында да ағайындас. қалың қят та, қалған рулар да қақ жарылған, аталас туыстардың арасы ажыраған, екі тарапта да қоңырат пен дүрбен бар, қоралас пен нұяқын, барын мен барлас бар, қалған жұрттың да насыл-тегі бірдеи.

ұрыс меилінше табанды, айрықша қатал болады. (и.березин далан-балжұт ұрысын бастан-аяқ тәптіштеп сыпаттаған. темужін өз жасағының бір шалғайын жаудың атты әскері өте алмас қалың жынысқа тіреп, екінші шалғайын әрбәләрмен бекітті. екі қанатқа ауыр жарақты атты қосындарды қойып, ондық, жүздікке бөлінген тағы біршәмә атты жәуінгерді артқа, майданның сыртына орналастырды… тайжуыттар бес лек құрып, кең көлемді шабуылға шықты… темужіннің әскері дұшпанын бір орында, садақ оғын жаудырып, найзаларын сайлап, шептерін бұзбаған қалпында қарсы алды… осындай жағдайда тайжуыттар ауыр шығынға ұшырап, кері серпілген еді… деп жазады. березиннің нақты қандай куәлік, деректерге сүйенгені белгісіз. зады, сол замандағы үйреншікті соғыс тәсілін ойша бұрып, далан-балжұт шайқасына теліген сяқты. қәйткенде де шындықтан тым алыс емес.) қәнтөгісті майдан ертеден кешке деиін созылса керек. мұндайда ежелгі тарихшылар «екі жақ та ерлік пен қайраттың өзгеше үлгісін көрсетті, екі жақ та жеңіске лайық еді» деп жазатын. ал дәл осы ретте – далан-балжұт ұрысында нақты кім жеңгені екі түрлі айтылады.

«жинақты тауарих», «әулие жиһәнгер» мен «юан ши» – шыңғыс хан жеңіске жетті, жамұқаны қиратып салды деп айтқан. ал «қәстерлі шежіре» керісінше, жамұқа басым түсті деп атап көрсетеді. жалпы, «қәстерлі шежіреде» шыңғыс ханды мүмкіндігінше кемісіте беинелеу сарыны бар. сөнімен қатар, аталмыш ресми тауарихтар ұлы жихәнгерді көтере сыпаттайтыны тағы рас. ақиқатында, шыңғыс хан, қай тұрғыда кеміткенмен де ойсырап төмендемеиді, қалай көтерсеңіз де асқаралы биігінен айнымайды. мұндай екі тарап күмәнді жағдайда сол белгілі өқиғәмен шектеліп қалмай, алдыңғы себеп, кеиінгі салдар өзәрә шендестіріліп, жалғас және қабаттас оқиғалар безбенге салынуға тиыс. біз шыңғыс ханды қалай мадақтасақ та артық емес деп білеміз, әйткенмен, дәл осы, далан-балжұт ұрысында жеңіліске ұшырағаны анық. ұтылыс себебі түсінікті – жамұқа тұтқиылдан шапты, темужін өзінің бар күшін жинақтап үлгермеді. соның өзінде болашақ шыңғыс ханның қолбасылық айрықша дарыны, ерлік, жәуінгерлік болмысы андағайлап тұр. шапқан жаудың ел ішіне бойлап енуін күтпеи, асығыс қарсы аттану, қолайлы диспозится, және ұрыстың азшылық үшін ең тиымды нұсқасы – күрен тәсілін таңдау – осының бәрі де бұл кездегі темужіннің сан ғасырлар бойы қалыптасқан, өз заманында жер әлемнен озық далалық әскери ілімді жете меңгеріп үлгергенін айғақтайды.

саны үш есе басым, ол да соғыс өнеріне жетік қолбасы бастаған және жәужүрек аламандардан құралған қалың қөлмен қаржыса шайқасып, қырылса да беріспеи, бірәқ селдіреп тозған он үш күрен ығыса шегініп, тәрізі, тым алыс емес, тақау сырттағы тар шатқалға иық тіреи бекінеді. онан өзеніндегі жарғана шатқалы деп нақтылайды «қәстерлі шежіре» мен «алтын топшы». есебі, далан-балжұт та онанның жағасына тақау болған, әлбетте, төменгі, немесе орта ағысы емес, бастау бөлігі, яғни, мана айтқанымыздай, бұрқан-қалдұнның етегі, немесе жақын төңірегі. ежелгі соғыстар тарихынан белгілі, тар қылы, терең шатқалда жүз кісі мыңға қарсы тұра алады, ал бірер мың қарулы жасақ – әлденеше түменге. тар жерде көптік кәдеге аспайды, тек ерлік пен табандылық қана белгілі нәтижеге жеткізбек. жамұқа жарғана шатқалына берік бекінген темужінді қәйткенде де ала алмағанын көреміз. әйткенмен, үлкен майданда жеңіске жеткені, жаңа ұлыстың қарулы күштерін өлшеусіз шығынға ұшыратуы тағы күмәнсіз. бәлкім бастапқы қанды қырғыннан темужіннің жәнкешті жасағының үштен бірі, тіпті, бестен бірі ғана аман шыққан шығар. әйтсе де, жамұқаның ең соңғы серпіні нәтижесіз аяқталады. темужіннің қатары селдіреген құрыш жасағы беріспеді. жамұқа ұлыстың жиын ортасына өте алмады. ертесіне ме, арғы, немесе одан соңғы күні ме, мағнасыз шабуылды тоқтатуға мәжбүр болыпты.

«жеңіс біздікі. оны жарғана шатқалына қуып тығып, қайта шықпастай қылдық!» – депті масаттанған жамұқа. андалық ант баяғыда адыра қалған. жамұқа-шешен темужіннің шыпасы бітті, ешқәшән еңсе көтере алмайды деген сеніммен ат басын кері бұрыпты.

жалғас оқиғалар

жамұқа-шешен жеңіске жетті. сөнімен қатар, ойсыраған, ең үлкен жеңіліс, ақыр түбінде ел-жұртынан айырып, басын жойған қәтерлі, тайғақ қадамы да осы далан-балжұттан басталғаны анық.

жамұқа қайтар жолында орай шауып, қарулы азаматы түгелдеи темужін жасағына кеткен шөнес руын қырғынға ұшыратады. тәрізі, жасы келіп, күші қайтқан, сондықтан да ұрыстан тыс қалған, көрнекті деген жетпіс адамын тірідеи, жетпіс тайқазанға қайнатып, азаптап өлтіреді. жалғыз шөнес емес, темужін ұлысына тиесілі тағы біртәләй жұрт жазаға тартылғаны байқалады. өткен жылы ғана, ел айрылған түнгі көште өзін тастап шыққан шақан-ұбаны өлтіріп, кесілген басын ат құйрығына байлап, сүйретіп әкетеді. бұл – негудеи руы. ел ағасы шақан-ұбаның әскер жиынына үлгермеи қалғанын көреміз. жамұқаның қаһарына ұшыраған осы екі ру ғана болмаса керек.

ілкідегі майданнан тыс беибіт жұртты қырғынға түсірген мұншама қаталдық алыс-жақын ағайын жұртты үркіткенімен, біржөлә бұқтыра алмайды. керісінше, табанды мен тайғақтың арасын ажыратқан сын-безбен болғанын көреміз. келешек шыңғыс ханның атқа мінгеннен бергі ең ауыр, алмағайып кезеңі.

сыра, жеңілістің алғашқы жылы, темужін ұлысындағы кеибір ағайындар жаздық-жаңылдық деп, кешу сұрап, жамұқаға қайтадан барып қосылғаны байқалады. мәселен, темужіннің ең жақын ағасы дарытай-өтшіген. бәлкім, шежіреде таңбаға түспеген тағы бірқәншә жұрт.

сөнімен қатар, жамұқаның қаһарынан ғана қаймығып, әзірше темужін ұлысының шегінде қалған кеибір аталы тұлғалар өзін мүлде бостан ұстап, басбұзарлық шегіне жеткенін көреміз. мұның айқын мысалы – жүркін руімен арадағы кикілжің болды. «қәстерлі шежіреде» тәптіштеп баяндалатын және «юан ши» мен «әулие жихәнгерден», тіпті «жинақты тауарихтың» өзінен қақас қалмаған, сырттай қарағанда тым елеусіз және түсініксіз, мәнсіз бұл оқиғаның түп тамыры тереңде жатқан. салдары да сойқан болып шығады.

жүркін – бізге бұрнадан белгілі үкүн-барқақ ұрпақтары бастап, әр тарап ағайындар ұйысқан, қоғамы шектеулі, бірәқ қарымы қатты, жәуінгер ру болатын. осы тұста темужіннің шөбере бауырлары тайжу мен сашы бектің ғұзырында. бұлар да қабұл хан ұрқы. сондықтан темужінмен терезесі тең. үлкен ұлдан тараған себепті, өздерінің мәртебесін артығырақ санаған. темужінді хан көтеріскенімен де, барлық уақытта «ұзын арқан» саясатын ұстанғаны байқалады. рас, далан-балжұтта екі күрен жасақтап, қайтпай соғысқан. енді, темужін әлсіреп, безбеннің басы дірілдеп тұрған шақта мүлде еркінсіп кетіпті. қәйткенде де ең жақын әрі қәуметі зор ағайын, ұлыстың ұйтқысы болуға тиыс санаулы серектер қатарында.

алғашқы соққыдан біршәмә оңалып, ел-жұрт қайтадан еңселене бастаған бір мезетте, тәрізі, ойсыраған ұрысқа тете, немесе одан кеиінгі жыл, темужін онан бойындағы еменді-тоғайда жүркін көсемдері сашы бек пен тайжу екеуінің орда-үйелменімен жүздесе қауышып, жарасты қонақасы бермек болады. оқиға барысынан көрінгендеи, жалпыға арналған дүбірлі той емес, тек бөржігіт пен жүркін ғана қатысқан, ынтымақ, бірлестік орайындағы мерекелі кеңес. алайда, бәрі керісінше шығыпты.

зады, бұған деиін де екі аралықта сыз бар. әйткенмен, алғашқы жанжал кесірлі қатындар тарабынан тұтанады. әлбетте, мұндай отырыстың өз рәсімі болады. дастарқан салтанаты қымыз құюдан басталмақ. алғашқы зерен өгелін-әйкеге тартылады. содан соң темужінге. сашы-бек пен тайжуға. келесі ретте ру ағасы сашы-бектің тумаған, үлкен шешесіне (рашид-ад-дин; ал “қәстерлі шежіре” бойынша – әйелі ебегеиге) . одан кеиін сашы бектің туған шешесі қорыжын-қатын және кіші шешесі қоғұршын-қатын… (қатарлас нұсқада алдыңғыларға жекелеи, бір-быр саба, кеиінгі екеуіне ортақ бір саба қойылған.) міне, осы кезде екі кемпір күтпеген жанжал шығарыпты. бізге неге айрықша ізет көрсетілмеді, жеке-жеке саба тартылып, қымыз да әлдімен құйылуы керек еді деп. айқай-шумен тоқталмайды, темужін ордасындағы дастарқан мәзірін басқарып жүрген бауыршы шікігүрді тәяқпен салып қалады. сонда ұлық санатындағы қарт қізметші: «егер есугеи-бахадұр мен некүн-тайшы тірі болса, мен мұншама жәбір көрмес едім ғой!..» – деп жылапты. осындай сөзді ести тұра, темужін сабыр сақтаған екен. сөнімен, екі кемпірге екі саба қойылып, отырыс қалыпты жағдайға түскендеи көрінеді.

бұл жиынның тәртіпшісі белгүтәй екен. жүркіндер жағынан боры-бөке белгіленген. белгүтәй кермедегі аттарды қарайлап шыққанда, жүркін тобындағы, қатаған рулы қадағыдай деген кісі әлдебір аттың шылбырын шешіп жатқанын көріпті. ұрыны ұстап алысады. осы арада боры-бөке өз кісісіне ара түседі де, белгүтәй екеуі салғыласып қалады. кенет боры-бөке қылышын суырып, белгүтәйді иығынан жаралапты. бірәқ белгүтәй қару қайырмайды. бұл екі ортада жосықсыз жанжал жәйі дастарқан басындағыларға жетіпті. кеудесі зор туістәрімен бірге, саялы ағаш түбінде тойлап отырған темужін атып тұрып, жарадар белгүтәйғә жетеді. «бұл не сұмдық!?» – депті. шатақтың мән-жәйін айта келе, белгүтәй: «ештеңе етпес. аға, мен үшін бәтуәләсіп табысып жатқан бауырлардың шырқы бұзылмасын!..» – деиді. бұл сөз ыза буып тұрған темужінге өтпесе керек. иығынан қан саулаған белгүтәйдің ендігі айтқан: «жарақат жеңіл, міне, ешқәндәй қәтерсіз, сыртқы сызат», – деген сөзін ханынан әрмен ашуға мінген нөкерлер де тыңдамайды. екі топта да қымыздың буы бар. жаппай төбелес басталады.

беибіт жағдайда қару көтеру үлкен қылмыс саналған. екі жақ жалаң жүдіріқпен, қолға түскен таяқ, тіпті сабадан суырып алған піспекпен ұрғыласып кетеді. ақыры, өз қонысында отырған, саны да басым темужіннің жасауылдары жүркін тобын жағалай төмпештеп, қуып шығады. жанжалдың әуелгі түтінін қоздатқан екі кемпір жеңген жұрттың қолында қалыпты.

ертесінде, әлде арғы күні кесірлі қос кемпір өз күрендеріне қайтарылады. екі аралықта сабылған шапқыншы жүріп, жаушылар тынымсыз алмасып, ақыры бітім жасалғандай көрінеді. жүркіндер темужін ұлысынан біржөлә ажырап кетпеиді, басқаға қосылмайды, бірәқ қанаттас отырып-ақ іргесін бөлгені анық аңдалады.

осы алғашқы, алмағайып жылдарда темужін қатары селдіреп, қадамы қісқәрғәнімен, мүлде қауқарсыз емес, қайыра соққыдан ғана сақтанып, қолда бар күшімен тәс-тұйын отырса керек. бас аман, орда орнында, ойсыраған жұрты жарасын емдеп, жағасын оңдай бастаған.

міне, дәл осы кезде қүдіретті кереи хандығында, соңғы елу жыл бойында әдетке енген кезекті бұлғақ басталады.

ақылы келте, мінезі байламсыз тоғрыл хан ұлыстың бір бөлігін билеп отырған інісі ерке-қәрәмен сыиыспай қалыпты. мұндайда өктем ағадан жолы кіші боданның не күтері белгілі. тоғрыл хандыққа отырар-отырмаста бірге туған бауырларын да, әкесімен ағайындас үлкен ағаларын да аямаған. себепті, себепсіз қаншама қан төккен. ерке-қара осы ескілікті жағдай есіне түсіп, найман инаныш-білге ханға қашады. жалаңаш-жалпы емес, өз ғұзырындағы жарақты жәсәғімен.

кереимен бірде тату, бірде қату, қашанда бақталас, бірәқ соңғы отыз-қырық жыл орайында беибіт отырған найман ұлысы ұтымды жағдайды қалт жібермепті. ханы бастап, қалың әскер шығарады. әлбетте, қаншама жәсәғімен, ерке-қараның өзі де қайыра аттанған. тарихи жазбаларда үлкен ұрыс туралы ешқәндәй дерек жоқ. зады, қарауындағы жұрты да шыдамның шегіне жеткен, ұрыс-соғыссыз-ақ тума ханынан жеріп шықса керек. тоғрыл бас сауғалап, азғана жәсәуілімен, жетісудәғі қара-қытай хандығына қашады.

аяғы тұсалып отырған темужіннен ешқәндәй көмек жоқ еді. сондай-ақ, темужіннің өзі де бұрнада қуатты қамқоршы, қәзір де қәжетті қолдауын ірікпесі анық, ең сенімді сыртқы күштен айрылды.

алайда, тәңірі өзінің таңбалы пендесін назарынан тастамапты. және бұл – барлық берекенің басы ғана екен.

тоғрыл тақтан тайып, кереи ұлысының билігіне бірге туған інісі ерке-қара келгеннен кеиін, екінші бір іні, таңғұт беттегі аймақ әміршісі кереитәй (жақағамбу) , ол да қәтер елесі қуып, тұңқайыт, түмен-түбеген және кереидің тағы бір аталары бар – көп жүртімен темужінге келіп қосылады. бұл – тың тыныс тапқан темужін ұлысы ауыр соққыдан біржөлә оңала бастады деген сөз еді. оңалғаны соншама, әлсіреген елді одан әрмен жаныштамақ болып аттанған, кең көлемді меркіт шапқынын оңай тойтарады.

осы шамада жамұқа ұлысында іштеи божырау басталған. қатал ғана емес, тайғақ мінезді, амал-айласы мен арамдық, аярлығы қабат жүретін жамұқаның жақын ұлықтарының бірәзінің іждәғәт, ықыласы азайып, көңілін күмән жәйләғән. қарашы көп жұрттың меселдесі қайтқан. амалсыздан арғы беттегі темужінмен салыстырады. дүниеге қызықпайтын жомарт, кез келген үлкен, кішімен тіл табыса алатын жұғымды, алды кең, алымы зор, қатал болса да ғәділ, шиыртпақсыз турашыл, өзгеше талайы нұр жүзі мен отты көзінен танылып, ер көңілі, мәрт мінезі андағайлап тұрған темужіннің билігінен атағы зор екен.

енді жамұқаның жұртындағы, тарғұтай-қырылтұқтың ғұзырындағы, әміршіге сенімі аз, жеке басының қәуіпсіздігі мен келешек барақатын ойлаған кеибір белгілі бектер темужін ұлысына қарай ойыса бастайды.

ең әлдімен, сәтті кезеңін тауып, ұрұт жүршедәй мен маңғыт құйылдар өтеді, ұрұт, маңғыт руларының өздеріне тиесілі қаншама жұртын қоса көшіріп. соқталдай жеті ұлы, барлық қоңсы-қөләңімен қонқотан мөңлік келеді. баяғыда есугеи-бахадұр артында қалып бара жатқан бала-шағасын тапсырған мөңлік қой. көп ұзамай, жалпы дүрмекпен ол да тайжуыттарға барып қосылған. енді құлдық ұрып отыр. таршылық жағдайдағы темужін ешкімнің де өткендегі кінәрәтін бетіне баспайды. қабыл, құп алыпты. баяғы, темужіннің тайжуыт бұғауынан құтылуына себеп болған сорқан-шира жетеді, жылауқан, шымбай деген жәужүрек екі үлімен. қайтадан келіп қосылған ежеттес, еншілес ағайын, ескі тәністәрімен қатар, бұрнада сыбай қонбаса да, ендігі тағдырын темужін үлісімен байланыстырған көлденең жұрт қатары осы аталмыш кісілермен шектелмесе керек.

«жинақты тауарихта», «юан ши» мен «әулие жиһәнгерде» таңбаға түскен бір ғана оқиға.

темужін әжептәуір әскерімен қамажау аңшылық кезінде, тайжуыт бірлестігінен, олар да ауға шыққан төрт жүз әләмәнмен ұшырасып қалады. беибіт заман, кең даланы көптесіп, көмектесіп, бірге қоршалап, мол олжаға кенеліпті. келте аңшылық жөнімен салт жүрген тайжуыттар кешке қарай өз қонысына қайтпақ болғанда, қазан-ошағы да, қос-күркесі, басқа қәжеті де түгел темужін бұлардың тең жарымын бөгеп қалады. от жағып, ет асып, кеңесіп, бірге түнепті. ертеңіне тағы да қамажауға шығады, тағы да қаншама қоңыр аң тұтылады. ақыры, ортақ олжаны бөліске салғанда, темужін тайжуыт тобына есесімен, артық сыбаға сыилапты. енді бұл кісілер өз жұртына барған соң ойласып, ақылдасып, көп ұзамай-ақ түп көтеріле көшіп, темужіннің ұлысына келіп қосылады. сонда осы біршәмә жұртты бөліп әкелген ұлұғ-бахадұр темужінге айтты деиді: «быз отағасы жоқ панасыз жетім-жесір, бақташысы жоқ иесіз табын сяқты едік. бізді билеп отырған ұлықтар жанымызды қинап, малымызды талаудан басқаны білмеді. енді саған нөкер болуға шешіндік. еркіміз сенің мойныңда, қылышымыз сенің қолыңда. енді сенің дұшпаның біздің де жауымыз болмақ!…» – депті.

пана, қорғаныш іздеп, тыныштық, береке тілеп, темужінге келіп қосылып жатқан жұрт қарасы күн озған сайын көбеие береді.

пеиілі кең, шүлен, дарқан, мәрт мінезді темужіннің қытымыр, сараң, рақымсыз тарғұтай-қырылтұқ, зодыр, қатқыл, зәндем жамұқадан ғана емес, өз тұсындағы, ел-жұрт білетін басқа да әміршілерден ең үлкен айырмашылығы және кеудесі көтеріңкі азамат атаулыны өз жағына тартқан артықша қәсиеті – кез келген кісіні арыдағы телім-тегіне, бүгінгі атақ-дәреже, бай-кедеиіне қарамастан, тек қана жеке басының қәсиетіне орай бағалайтын ғәдет-дағдысы андағайлап көзге түседі. ерлік ісі, аңсағай болмыс, ақыл-пәрәсәтімен танымал кез келген адам темужін ұлысында өзінің тиесілі орнын алып, лайықты мәртебеге жететіні жалпыға мағлұм болған. сондықтан да күн озған сайын, жеке батыр, өркеуде жігіт, санамалы ғана емес, үлкенді-кішілі тұтас бір жәуінгер жасақтардың темужін жағына шығуы әдепкі жағдайға айналыпты.

сөнімен қатар, бері келіп, ары қайтып, немесе ары кетіп, бері қайтып жатқан жұрт та біршәмә болған сяқты. темужін мұндай толқымалы топтарды әуелде кешіреді, кеиінде, әбден күш алған кезінде опасыз сатқын ретінде тиесілі жазаға тартып отырғанын көреміз. ал әзірше күш жинап қана жатқан.

көп ұзамай-ақ сәтті оқиғалар тізбегі басталады. мұның ең алғашқысы – бағзыда өктем, болашақта одақтас кереи ұлысындағы бұлғақ тиылып, ел билігіне тоғрыл ханның қайтып оралуы болды.

сыртқы қысым, ішкі тепкін нәтижесінде ата тағынан айрылған тоғрыл 1190 жыл шамасында жетісуғә қашып еді ғой. қара-қытай патшалығы. ежелден-ақ алыс-берісі, сауда-саттығы бар, елші жүріскен, жақсы қатынаста болған туысқан ұлыс. мұнда ордалы жұртынан небәрі алпыс жыл бұрын бөлініп кеткен қара-кереи бар. орталық даладан шыққан байыс пен бәйжігіт бар. ол жақтағы найман бұл жақтағы найманнан жақынырақ саналмақ. соры қалың тоғрыл күні кеше өзімен әмпеи болған гөрхән жұлқының ғұзырына келіп жетеді. сірә, жұртын қайта жаулайтын әскер сұрады. тым құрса, қалған өмірін осы ағайын әулет ішінде, тыныш өткеруді ойлады. бірәқ қара-қытай ұлысының гөрхәні жұлқы оң қабақ танытпайды. тағынан айрылған әмірші кімге тұлға. атқа мінген азаматтың бәрі бірдеи қайран да қайран есугеи-бахадұр сяқты айрылмас дос, айнымас мәрт емес. оның үстіне… кешегі кереи ұлысының ханы бүгінде қара-қытай патшалығының құрамында отырған қара-кереи мен байыс, бәйжігітке, тіпті, өзі ана жақтан жауласып келген найманға іріткі салуы әбден ықтимал. қарлұқ пен қаңлыны тағы қосып, патшалықты басып алуы да ғажап емес. тіпті, сондай бір пәленің ұшығы аңдалыпты деген емескі дерек те бар. қәйткенде де сенімсіз кепте, жәйсіз жағдайға түскен, тіпті, қәтер лебін сезінген тоғрыл кері қашады. қаңғайдан қара ертіске деиінгі аралықта жазыла шалқып жатқан найман ұлысын шыр айналып, түстік-шығыстағы таңғұтқа өтеді. мұнда да байыз таппай, үмітті бір қәуесет жетегімен, ежелгі андасы ер есугеидің, ерен есугеидің туған ұлы, есебі, өзіне де екі тараптан бірдеи бала болған темужіннің оңалған ұлысына қарай жол тартады. ашығады, шөлдеиді, қажып-тозып, арып-аршып ел шетіне жетеді де хабар салады.

темужін талығып келе жатқан жолаушыға жеткілікті азық-түлік, барлық керек жәбдіғімен, сенімді екі нөкер – тақай-бахадұр мен сүкегеи-жауынды шұғыл аттандырыпты. көп ұзамай, тоғрыл-әкенің алдынан өзі де шығып, межелі, ұрымтал тұс – келүреннің бастауында қарсы алады.

қүрметпен ақ ордасына әкеліп түсіріп, бағып-қағып, әбден оңалғаннан кеиін де қасында ұстайды. бұл екі ортада күн суытып, қар түседі, темужін құбақай деген жерде қыстаған екен, тоғрыл да сонда болыпты. әлбетте, әуел бастан-ақ екеуі де тыным таппайды, әрқилі дайындық қәрекетін жасап бағады. бұған деиін бұлғақ жәйләғән кереи тайпасы енді екіге, үшке бөлініп, беи-берекет, алауыздық жағдайда, толқынып отырған екен. ел ішінде жаңа билікке наразылар жетіп артылады, бұрынғы ханын ұмытпаған жұрт та көп. тоғрылға адал, белгілі бектермен байланыс орнатылады. ақыры, қыс өтіп, жер аяғы кеңігенде темужін мен тоғрыл қабаттаса атқа мінеді. сыңайына қарағанда, шиырсыз түйін оңай шешілген сяқты. үлкен ұрыс, қәнтөгіс майдансыз, бар мақсат орнына келіпті. тоғрыл ата тағына оралады. әбден аузы күйген, пұшайман әмірші бұл жолы қолға түскен бауырлары мен туыстарының ешқәйсісін жазаға тартпай, тек кінәләрін мойнына қойып, беттеріне түкірумен шектелді деиді.

тоғрыл хан тыныс тауып, ордалы қонысы қара-түнде жәйләнәді. кереи ұлысы етек-жеңін жиып, қайтадан ұйысты деиді.

күзде ұлы даланың қақ жүрегі, орхұн бойында ұлан-асыр той болады. тоғрыл хан ұмытылмас андасы есугеи-бахадұрдың еншілес ұлын енді өзінің бел баласы ретінде бауырына тарту рәсімін жасап, өз әулетіндегі үлкен ұл деп жарялайды. берекесі кеткен хандықты берік ұстайды, ежелгі жұртты ескілікті күш-қүдіретіне жеткізеді, бәлкім, баяғы далайхандар заманындағы айбынды ұлыс қалпына келеді деген үміт, сеніммен, темужінді өзінің мүрәгері ретінде әйгілеуді ойлапты. шын мәнісінде, «үлкен ұл» – келешек тақ иесі деген сөз еді. жалғыз кереи ұлысының ғана емес. өзінің ата жұрты қяттың да. және сол төңіректегі алыс-жақын қаншама қауымның. қайта біріккен бүкіл ұлы даланың. бағзыдағы далайхан, кереи моғұсы сяқты.

көкжиегі шектеулі, бірәқ көргені мен түйгені мол һәм өзінің тақау аталарының кім болғанын, қандай жолда күрескенін жақсы білетін тоғрыл хан дәл осылай ойлады ма, ойламады ма – тап басып айту қиын. бірәқ туған ұлдары бола тұра, тумаған темужінді тікелеи мүрәгер ретінде өзінің орнына белгілеп кету ниеті болғаны анық. бұл деген… жаңағы біз айтқан кеп. бері дегенде кереи-қят далайханы!

бырыншы татар жорығы

шүржен-тсзин имперясімен шектес түстік-шығыс – ұлы даланың ең тынымсыз аймағы болатын. бұл тараптағы татар тайпасы үнемі жау бетінде тұрды. арғы бір замандарда үлкен қуатқа жеткен, тіпті, ағайындас барлық жұртқа өзінің есімін беріп, кеиінгі түрік қауымына ұйтқы болған татар ұлысы бұл күндерде ішкі бірліктен айрылғаны өз алдына, туыстас, бауырлас жүртпен тынымсыз жауласу нәтижесінде мүлде оқшау қалған еді. кеиде шүрженге ыңғай білдіріп, қол жалғап, өз ағайындарын қоса шабысып өтірғәнімен, көбіне-көп қүдіретті имперямен жекелеи жағаласып кететін. соған орай зорлықшыл шүржен міндетті түрде, үш жылда бір рет татар ұлысына қарсы мол әскер шығарып, бас көтерер ер-азаматтарын қырып-жойып, жәсөспірім жеткіндерін мыңдап тұтқынға әкетіп, жалпы жұртын жәйпәп, жаныштап отыруды тұрақты саясатқа айналдырады. алайда, жәуінгер татар ұлысын біржөлә жуасыта алмаған. қарымта шапқын тоқталмайды. мұндай жорықтарға жалғыз татар ғана емес, іргелес қоңырат, ішкері қят пен жалайыр және басқа да тайпалар белсене қатынасқан. бұрнадағы кереи ұлысы бастаған тұтас бір жарым ғасырлық қанды майданның жалғасы. тынбаған, толастамаған.

1194 жылы қатаған және салжығұт тайпалары шүржен шегіне басып кіреді. ежелгі жаулық жөні әрі тиымды олжа өрәйімен. шүрженнің қарсы, жазалау жорығы келер жылы ғана жүзеге асыпты. еженхән чжан-тсзун үш түмен шерік шығарады және бұл жазалаушы жасаққа шектес аймақтағы татар тайпасы да күш қосады. біріккен шүржен-татар әскері халха өзені, құлын-нор көлінен асып ел ішіне кіріп, салжығұт пен қатағанды қиратып, мал-жанын талауға түсіріпті. татар әмірі мұжын-солты мол олжаға кенелді деиді. бірәқ алғаны аз көрінсе керек. қайтар жолда шүржен әскеріне шабуыл жасап, артқан жүгі, айдаған малының бірәзін тартып алады. жаңа бір мәмлеге келе алмай, абыройдан айрылған, тіпті, күтпеген қақтығыс шығып, үлкен қәтерге ұшыраған шүржен қолбасшысы сягу тсәнчен шарасы құрып, еліне пұшайман болып оралады.

мұжын-солтыны антбұзар деп жарялаған имперәтөр чжан-тсзун келесі, 1196 жылы жазғытұрым татар ұлысына қарсы кең көлемді жорық ұйымдастырады. әуелгіден әлдеқәйдә мол, қалың әскердің тізгінін «оң қол» ұлығы, яғни бас уәзір ванян-чинсанға тапсырады. жолындағының бәрін жапырып, екі тарап – қос қанаттан қаусыра түйісіп, сақарға бойлап кірген қалың қол көп ұзамай-ақ, келүреннің етегінде тосқауылға ұшырап, шеп құруға мәжбүр болыпты және төліғімен қоршауға түседі. ұзақ үш тәулік бойы, алмағайып жағдайда, әрең қорғалап тұрды деиді. ақыры, шүржен шерігі татар күзетінің салғырттығын пайдаланып, түн қараңғысында жаппай шабуылға шығады да, қоршауды бұзады және татар әскерін үлкен шығынға ұшыратып, шебінен ығыстырып, арбалы азығын, қаншама сойыс малы мен мініс көлігін қолға түсірді деиді. әйтсе де, негізгі күшін сақтаған татарлар ұлжы өзенін өрлеп, батыс тарап – орталық аймаққа қарай шегінеді.

осы кезде ванян-ұлық тезінен қолқабыс жасап, татардың алдын тосу турасында тоғрыл ханға хабар салады. тсзубу бірлестігі талқандалған хі ғасырдың соңынан бастап бүкіл татан даласы шартты түрде әуелде қидан, одан соң шүржен имперясінің ғұзырында саналатын. тоғрыл хан бұл ұсыныс кеиіпті өтініш-жарлықты қабыл алады және қолма-қол, тумаса да туғандай бел баласы, әлі де бодан есепті темужінді өз қатарына шақырыпты. әскерін жинақтап, шұғыл жорыққа сайланған темужін бұл кезде дүрдәрәз болса да, аралары мүлде ажырап кетпеген сашы бек пен тайжуға салмақ тастайды. осындай да осындай жағдай, татар тайпасы – ежелгі дұшпанымыз; біздің аталарымыз бен әкелеріміздің талайының қанына қалған. енді қолайлы сәтте алтын ханның әскерімен бірге аттанып, кегімізді қайтарайық, деп. соңғы үш-торт атаға кеткен жаулас жағдайды, қамбағай ханның мезгілсіз ажалын айтпағанда, сашы бек пен тайжудың үлкен әкелері үкүн-барқақтың өзі татар әмірлерінің опасыздығы нәтижесінде шүржен тұтқынына түсіп, әзәппен өлген. оның үстіне, ілкідегі, бөржігіт-жүркін жанжалының біржөлә бітімі де сашы бек пен тайжудың осы жолғы оң қадамына байланысты. туыстарының өзіне келіп қосылатынына үмітті ғана емес, сенімді темужін тізгінін түзеген соң да алты күн тосты деиді. бірәқ жүркіннің қарасы шалынбайды. бұрнағы шешім бе, кеиінгі байлам ба, енді темужін ұлыстағы барлық әскерімен емес, шектеулі ғана жасақ – бір күренмен аттаныпты. оның есесіне тоғрыл хан қарулы күштерін түгел көтерген сяқты.

тоғрыл мен темужін маусымның соңында онан бойынан ұлжы өзеніне тікелеи тартып, әулиелі құсұты-шитуген, нарату-шитуген деген жерде татар шеруінің қарсы алдынан шығыпты. жау қарасын көрісімен татарлар жарқабақты өзенге арқа тіреп, майдан бетке арбаларын күрегеилеи тізбелеп, берік шеп құрады. табандасқан, ауыр ұрыстан соң тоғрыл мен темужіннің әскері қоршауды бұзып, күреннің ішіне өтеді. мұжын-солтыны қолға түсіріп, сол жерде өлтірді деиді. (шындығынды мұжын-солты ұрыс үстінде қаза табуға тиыс, егер тірідеи қолға түсірсе, бұрнада ант бұзған қілміскер ретінде және татардың өзі салған жөлімен шүржен ұлығының алдына келтірілуі керек еді.) әлбетте, жеңген жақ мол олжаға кенеледі. төрт түлік мал, үй-жәй, әрқилі мүлік, қымбат жиһаз. қатарлас далалық қәуіммен салыстырғанда татар тайпасының сән-салтанаты да артық, мәдениеті де жоғары болған. осы ретте «қәстерлі шежіреде» темужіннің үлесіне тиген өзгеше нәсіп – күміс бесік пен меруерт төгілген көрпеше атап айтылады. сөнімен қатар, талқандалған татар жұртында иесіз қалған бір бала – бүлғінмен жұрындалған, алтын түймелі қамқа кәзекеи киген кішкентәй ұлды сауғалапты. өгелін-әйкеге әкеліп сыилайды. өгелін-ана текті тұқымнан шыққаны көрініп тұрған балаға шигі-құтұқы деген есім беріп, бауырына салып алады. бұл шигі-құтұқы кеиін, сартауыл жорығы кезінде қол бастаған, бұдан соң еке-ұлыстағы төбе би қізметін атқарады.

қямпұрыс татар көсемі мұжын-солтының өлгенін, босқын жұрт біржөлә жуасығанын естіген ванян-ұлық меилінше риза болыпты деиді. риза болмас жөні жоқ. үлкен жорық өзінің негізгі мақсатын орындады. бүлікшіл татар сол татардың және бір тайпаларының көмегімен жер болып жеңілді. имперянің бас уәзірі айрықша ықылас көрсетіп, жеңісті жорықты сәтімен түйіндеген кереи тоғрылға «оң» деген лауазым береді. бұл атақ хуанди чжан-тсзунның арнайы бүйріғімен бекітілсе керек. ол замандағы аса биік мансап: бектердің бегі, ұлықтардың ұлығы. шүржен–қітәй тұрғысынан алғанда, имперяғә қарасты халықтың патшасы деген сөз. сақара жұрты осы «оң» (кеиінгі заманда дыбысталуы – ваң, уаң) мәртебесіне «хан» деген анықтама жалғап, оң хан атандырған. имперяліқ жарлық нәтижесінде енді тоғрыл оң хан ұлы дала шегіндегі ең мәртебелі әмірші болып танылады. батыс зерттеушілері жері кең, жұрты мол, әскері айбынды тоғрылға бұл ерекше атақ татар жорығына қатысқан еңбегі үшін емес, сақарадағы ең қуатты хан болғандықтан берілді деп санайды. қәйткенде де кереи ұлысының әмірі осы оң хан деген әтпен бар тарихқа еніпті.

тоғрыл-оң ханның ұлы темужін де ескерусіз қалмаған. ғұзыры зор болса да өкімі шектеулі ванян-чинсан темужінге өз тарабынан «жаутхури» деген дәреже бұйырады. мағнасы – шекәрәліқ әскербәсі екен. сөнімен қатар «дю» – бұратана жасақтың қолбасшысы деитін атаққа бекітіліпті. екеуі де оншама жоғары мансап емес. темужін онсыз да қолбасы, керек десеңіз, тым ірі болмаса да, өзіндік ұлыстың ханы. бірәқ осы, орайлас екі атақтың да пайдасы мол еді. темужіннің өзіндік билігі өктем имперя тарабынан мойындалды, ендігі жерде бастас әмірлердің ешқәйсісі да оның өкіміне күмән білдіре алмайды; екінші, бұдан гөрі маңыздырақ, мәндісі – егер тікелеи басбұзарлық жасамаса, қандай жағдайда да темужіннің (әлбетте, ең әлдімен оң ханның) ұлысы шүржен имперясінің шапқынынан тыс, бодан деңіз, одақтас деңіз, әйтеуір өзіндік орны бар, беибіт жұрт саналады деген сөз.

әйткенмен, темужіннің татар жорығындағы ең үлкен табысы – жеңіліске ұлыраған ағайындас жұрттың біршәмә бөлігін өз ұлысына қосып алғаны болды. рәшид-ад-дин куәләндірғән. ұлжы бойындағы ұрыстан соң мұжын-солтының ұлы алақ-ұдұр және інісі қырқыр-тайшы темужіннің ғұзырын мойындап, қарауындағы ел-жүртімен қоса бірлікке келді деиді. алдағы замандарда үнемі шыңғыс хәнмен ынтымақта болып, бірге соғысып, ақырына деиін бірге жүрді де

иды. әлбетте, алақ-ұдұр мен қырқыр-тайшы бастаған бұл үлкен топ кеиінгі, ежелден жаулас татар тайпасы қанды қасапқа ұшыраған апаттан тысқары қалды. соған орай, шыңғыс ханға уақытында қосылып үлгерген қауым – сегіз арыс татардан бүтін шыққан жалғыз серек – кеиінгі жошы ұлысына жалғасқан, одан қазақ ордасына жеткен алтын руы деп нықтап айтуға болады.

жүркін жанышталды

жүркін шын мәнісінде бір атаның әулеті саналатын ру емес, күні кеше ғана қалыптасқан құрама бірлестік болатын. қабұл ханның тұңғышы үкүн-барқақтың еншісіне ұлыстағы іріктелген, ең таңдаулы жасақ бөлінеді. бұл ығай-сығай аламандардың әрқәйсісі «бауырының өті мол – қайтпас жігерлі, бармағының сіңірі қатты – қапысыз мерген, кеуделері – кернеген ыза, ауыздары – ашулы ызбар, білектері білеу – балуан, ақылы артық, алымы зор», ерекше кісілер еді деп сыпаттайды «қәстерлі шежіре» мен «алтын топшы». бұл іребдел әскер үкүн-барқақтың үлкен ұлы құтұқы-жүркіннің үлесіне тиеді. есім мағнасын бүгінгі тілімізге ыңғайласақ, құтты-жүректі болар еді. «жүркін» анықтамасы, сірә, құтұқының жәужүрек, батырлығына орай берілсе керек. осыған сәйкес, оның қарауындағы, әрқилі атадан шыққан, расында да өңшең қайтпас ерлерден құралған жұрты «жүркін» атанады. бұл құтұқы-жүркін есугеи-бахадұрдың немере ағасы болып келеді, тиісінше, құтұқы-жүркіннен соң ру билігін алған ұлдары сашы бек пен тайжу өз кезегінде темужінің шөбере туыстары. шын мәнісінде етжәқін бауыр. (басқа бір деректе тайжу – құтұқының өзінің інісі, бірәқ сашы бектен үнемі жолы төмен болғанына қарағанда, олай емес; қәйткенде де бұдан іс мәнісі өзгермесе керек.)

әуелде беделі мен танымы артық темужінді хан сайлауға ықыласты бөлғәнімен, кеуделері зор сашы бек пен тайжу өздерін бағынышты бодан санамағанын көреміз. бұрынғы, алтыбақан алауыз замандағы ғәдетпен, тәуелсіз, еркін жүруді ойлайды және темужіннің күн озған сайын күшеиіп бара жатқан билігін төліғімен мойындамаған. еменді-тоғайдағы мәмле үстінде шыққан төбелес – соның сыртқы бір көрінісі ғана. қисыны келіп тұрған, өздері сұрануға тиыс татар жорығынан қалып қоюы да осы бағамсыз еркіндік нәтижесі.

темужін осыған қарамастан, жүркінмен тіл табыспақ еді, соғыстан қайтар сапарында сашы бек пен тайжуға арнайы сауға сайлады, деп жазады рәшид-ад-дин. «қәстерлі шежіреде» мұндай мағлұмат жоқ. бірәқ темужін жорық жолында жүрген кезде жүркін руының бір топ кісісі оның қаралтұ-норда қалған, кәрі-құртаң, бала-шағалы, қорғансыз күреніне келіп тиысып, он кісісін өлтіріп, елу адамды тақыр-таза тонап әкетті деп айтылған. «әулие жихәнгердің» толық сақталмаған үзігі және «юан ши» бойынша, әуелде темужіннің шеткері бір жұртына наймандар шабады. темужін жорықтан оралған бетте енді найманға қарсы аттанайық деген үсініспен, сашы бек пен тайжуға алпыс кісілік жаушы жіберіпті. жүркіндер беибіт барған жаушылардың онын өлтіріп, қалған елуінің атын алып, тонын сыпырып, жаяу айдап салады. осы соңғы деректе шындық нышаны бар. тәрізі, темужін сашы бек пен тайжуға ғұзырыма бас ұрыңдар деген қатаң талап қойған. әйткенмен, жаушылардың жазаға ұшырауы қисынсыз. далалық дәстүр-салтта мұндай әдет жоқ. бәлкім, екі жұрттың шектес өңірінде басқадай бір жанжал шығып, қан төгілді. бәлкім, ештеңе де болған жоқ. темужіннің талабын жеткізген жаушылардың басы аман, бірәқ ұсыныс өтпеи, мүмкін, ауыр сөз естіп, мүмкін, оншақтысы дүреге жығылып, таяқ жеп қайтты.

қалай десек те, татар жорығынан соң салмағы артып, жағдайы нығайған темужін жүркіннің ұлыс шегінен шыққан әреке алауыздығына көніп отыра алмайтын еді. басқасы тұрыпты, өзімен шендес, тіпті, жолы үлкен, кез келген уақытта қатарлас хан көтерілуі ықтимал ағайындардың бүлігіне.

темужін бар әскерін жинақтап, тезінен аттанады. сашы бек пен тайжу келүрен бойындағы долан-бұлдақта отыр екен. мұншама шұғыл шапқын күтпеген. темужін бүкіл жүркін қауымын қирата жеңіп, малын айырып, жанын тұтқынға түсіреді. сашы бек пен тайжу қоршауды бұзып, қатын-баласы, азғана жүртімен бас сауғалап үлгеріпті. бірнеше ай өтіп, қыс көзі қырауда («жинақты тауарих» бойынша келесі көктемде) қайыра шыққан темужін тағы да тұтқиылдан басып, телету дарасында екеуін де бірдеи қармап ұстайды.

сашы бек пен тайжу өздерін тіпті де кінәлі санамайды екен. «соншама не жаздық, айт! – депті алдына келтірген темужінге. – әлденендеи кінәміз болса, дәлелде!» – деиді. яғни, біз әлгінде байыптағандай, ешкімді өлтірмеген, тек қана темужіннің билігін мойындамай, бөлініп шыққан. сол кездегі қалыпты ұғым бойынша, оншама ауыр айып емес, мүлде жазықсыз деуге болады. бірәқ темужіннің көзқәрәсі, ол жаңадан құрып жатқан үлкен ұлыс мүддесі, түптеп келгенде, ұрпақ болашағы тұрғысынан алғанда, мүлде басқаша.

«мен сендерге бүкіл ұлыстың билігін қолға алыңдар дегем. бас тарттыңдар. мені хан көтердіңдер. сонда берген серттеріңді еске салайын», – деиді.

«мінеки: «қалың жәумен шайқаста қашанда алғы лекте шабамыз… қақтыққан ұрыс кезінде қалқаның болмасақ, жарлығыңнан шығып, жан сауғаласақ, меиірім, кешірім жасалмасын, бізді қатын-баламыздан айырып, үйелмен-ұйымызды ойрандап, қу басымызды қара жерге теңестір!» – деп ант қылдыңдар. иә, жамұқадан бірге қорғандық. содан соң… ата жауымыз – татар тайпасы емес пе еді!? өзгесін айтпағанда, бәріміздің бабамыз қамбағай ханды құдалыққа барған кезінде өпәсіздіқпен ұстап, шүршітке байлап берген, өздеріңнің үлкен әкелерің үкүн-барқақ ағамызды тағы да сол шүршітке азапты өлімге қиған кесірлі татар жұртына қарсы жорыққа мүлде қатыспай қалдыңдар. бұдан соң, ортақ ұлысымыздың шетінен келіп тиген найманға қарсы аттаныстан тағы да бас тарттыңдар. серттен тайған деген осы емес пе!

тағы да: «мамыралы беибіт күнде елдің тыныштығын бұзсақ, сеніммен бірліктен айнысақ, бізді жасақты әскерімізден айырып, от-ошағымызды талқандап, сор басымызды иен түзде шіріт!» – дегенсіңдер. осы, серттескен бірлік қайда қалды? мені хан ретінде мойындамай, ынтымақтан кеттіңдер, жан-жақтан жау қысып тұрған қытымыр шақта ұлыстың шырқын бұздыңдар. анталаған көп дұшпанның алдында өздерің жау болып шықтыңдар.

енді, бұрнада өздерің қабылдаған антқа сәйкес, барлық отбасы-үйелмен, бағынышты жүртіңмен қоса, өз әуіздәріңмен айтқан жазаға тартыласыңдар!» – депті темужін.

сол арада сашы бек пен тайжу екеуін өлімге кеседі. әлбетте, аталы тұқымнан шыққан асыл сүйегін сыилап «айрықша қүрметпен», қанын төкпеи, киізге орап буып, тұншықтырып өлтірген. (әйтсе де, темужін меиірімсіз жазаға бірден бекінбеген тәрізді. кеиін, оң хәнмен кінәләсқән кезінде: «хан-әке, сені ұш-меркіт қатты қысымға алған кезде мен өзімнің ағам сашы бек пен інім тайжуды шұғыл көмекке аттандырып, жауыңды жамсатып беріп едім», – деп, қимәстіқпен еске алатыны бар. темужін далан-балжұт айқасын бірге атқарысқан сашы бек пен тайжудың ерлігіне қанық, бауырлас туыстығын да теріске шығармайды, бірәқ болашақ үлкен ұлыстағы дара билік орайында кешірімге, шегініске жол жоқ екен.)

қандас екі туыс та, басқадай алыс-жақын ағайын да күтпеген, шұғыл әрі қатал үкім. бұл деген – алдағы уақытта темужін өзінің жеке билігін біржөлә күшеитіп, қандай да қиқалақ, бұра тартқан басбұзарлық, жолдан тайған кісәпірлік атаулыны аяусыз жазаға кеседі, түптеп келгенде өз қарауындағы ұлыста темір тәртіп орнатады деген сөз еді.

айтқанындай-ақ, темужін сашы бек пен тайжудың көзін қүртумен шектелмеиді. бүкіл жүркін руын ізім-қайым, жоққа айналдырады. екі қабат шапқыннан аман қалған кісілерін бағынышты бодан, басыбайлы құл ретінде басқа аталардың арасына таратып жіберіпті. «қәстерлі шежіренің» тілімен атқанда, темужін қарымы қатты, қуаты зор, қапысыз мерген, балуан, батыр, жәужүрек жүркін руын осылайша тоздырып, біржөлә құртқан екен. алдағы уақытта да болашақ шыңғыс ханның жолына кесе көлденең тұрған, одан соң болған, толған шыңғыс ханға қайшы келген, жекелеген бір тұлғалар ғана емес, рулы ел, тайпалы жұрт, тұтас бір халық, тіпті, қүдіретті патшалықтардың өзінің көретін күні осындай болмақ!..

айтпақшы, кеиінгі аттаныс кезінде, ойраны шыққан жүркін қонысында панасыз қалған тағы бір кішкентәй ұл өгелін-әйкенің шаңырағына тартылады. сөнімен, шыңғыс ханның анасы, ізгі жаратылған өгелін өзінің бір қызы, төрт ұлына қоса тағы да төрт баланы, бұл мүскіндердің «күндіз қадамына қарайтын, түнде ұйқысын аңдайтын кімі бар» деп, бауырына салып, мәпелеп, тәрбиелеп өсіріп, ұлыстағы белгілі кісілердің қатарына қосыпты. бұлар: меркіт жорығынан әкелінген күчу, тайжуыт жұртында қалған, бесүт рулы көкеші, қиратылған татар күренінен табылған шигі-құтұқы, және жүркін топалаңында түскен борағұл.

бұл кезде темужін-шыңғыс ханның өзі де үйлі-баранды: төрт ұл – шәмәмен 1183 жылы туған жошы, 1184 жылы туған шағатай, 1186 жылы туған өкетәй, 1193 жылы туған кенже ұл төле және тарихи деректерде таңбаға түскен, жошыдан бірер жыл бұрын туған тұңғыш перзент қожын-бике һәм… өкетәйдән кеиін және төледен соң дүниеге келген тағы төрт қыз – жиыны тоғыз бала. бәрі де бөрте-бикеден. әзірше бас бәйбіше ретіндегі жалғыз әйел. көрікті ғана емес, ақылды, парасатты, кеңпеиіл, жібек мінезді бөртенің қадыр-қүрметі соншалық, темужін қаншама заман екінші бір орда көтермеген. тек бөрте әжептәуір егде тартқан кезде ғана тағы бір сұлуларды тапқан. жас иіс қана емес, өрісін бекіте түсетін рәсімді саясат тармағы.

татар жорығы, оған жалғас жүркін ойраны кезінде темужін қырық бір-қырық екі жаста. бала кездегі панасыз жетімдік те, оған жалғас кіріптәр азап, ержеткен шақтағы жалаң қылышты жалғыздық, алмағайып арпалыс та, қатарға қосылып, биікке ұмтылған тайталас майдан да артта қалған. әйтсе де жәнкешті күрес күн озған сайын ауырлай түсті. жеке басының ғана емес, ордалы жұртының, бір тайпа, бір аймақ емес, орталық азядағы бүкіл түрік қауымының тағдыр-талайы әрі де, бері де төңкерілуі мүмкін тайғақ безбен, үзілуі оңай қылау-қыл үстінде тұрған. бірәқ жүрегі түкті, жүйкесі құрыш темужін – жер-әлемді тітіреткен шыңғыс хан аталатын күн де жақындай түсіпті.

ұлыс іргелене берді

темужін алғаш атқа мінген кезден бастап, оның төңірегіне өз келесінен бөлініп, әрқилі рудан жырылып шыққан, басы бұла, кеудесі биік жеке батырлар жинала берді дедік. енді болашақ шыңғыс ханның ғұзырындағы қауым молайып, күш-қуаты белгілі бір межеге жеткен кезде шар тараптан топ-төбімен келіп қосылған жұрт та құрама болатын. қырық ру, бірәқ өзәрә алыс-жақын аталас, түптеп келгенде бәрінің тегі бір, тілі ортақ, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері үйлес. одақтас, іргелес қауым да, қарсы бет те дәп осылай. баяғы ғұн заманында бой көтерген, ұлы қағанаттар дәуірінде біржөлә қалыптасқан, ежелгі түрік жұрты. яғни, кереи мен қят, ұраңқай мен қоңырат, салжығұт пен тайжуыт, барын мен барлас, жалайыр мен қатаған, маңғыт пен қоралас, дулат пен кенегес және басқа да, орталық далада қоныстанған, шыңғыс хан соғыстарының алғашқы кезеңінен бастап майданға түскен ру-тайпалардың нәсілдік айырымы жоқ, бәрі бір халық болатын. есебі, азамат соғысы кезіндегі жаулас ұлыстардың өзәрә ешқәндәй бөтендігі жоқ, әр ру екіге, үшке бөлінген, енді бауырлас, туыстас жұрт өзәрә соғысып жатыр және әрқилі жағдай өрәйімен бір топтан екінші топқа өту, арғы беттегі ағайынның бергі бетке қосылуы және керісінше, беріден арыға кетуі де қалыпты, үйреншікті жағдай екен. біздің сөветтік ұғымдағы «отанға, ұлы көсемге опасыздық» емес, арасы ашылған ағайын қайта табысты, адасқан жұрт үйіріне оралды, жаулас туыстар жаңадан бітісті деген сөз. басшы көсемдері қазаға ұшыраған бүлікшіл жүркін бірлестігінің өзі бұрнағы атауынан әйрілғәнімен, тақи-таза құрып кетпеген. тек үйреншікті ұжымы ғана жойылып, қалған, әуелден құрама жұрты енді туыстас, тіпті тумалас аталар арасына сіңген екен.

жүркіннің ең соңғы күренін талқандап, сашы бек пен тайжуды жазаға тартып, аман қалған, тұтқынға түскен жұртты айдап келе жатса, бұлардың ішінде жалайыр тобынан телгеті-баян әулеті гуін-ұба, шылағұн-қайшы және жібке дегендер бар екен, деп тізбелеиді «қәстерлі шежіре». міне, осы қатардағы гуін-ұба темужінге өзінің екі ұлын таныстырады: мұқалы және бұқа. «босағада құлың болсын! кесірленіп, кергісе, қылтасын қиып сал, бұлтарып, бұлқынса, бауырын жарып сал! сенің дәргеиіңде мәңгілік құл болсын!» – деп, ер жеткен екі ұлын да басыбайлы тапсырған екен. әлбетте, мұндағы, және осыған үйлес басқа да жағдайдағы «құл» – беинелі, кең мағнасындағы сөз – меншікті нөкер, айнымас қізметші демек. (шынында да, кеиінгі заманда осы екі ұлдың үлкені – шыңғыс ханның адал нөкері ғана емес, атақты қолбасы, сенімді серігі дәрежесіне жеткен мәшһүр мұқалы-ноян ғой.) сондай-ақ, шылағұн-қайшы да өзінің түңке және қашы деген екі ұлын темужіннің ғұзырына тапсырады. «сенің алтын босағаңды күзетсін, қиыс аттап кете қалса, өлімге байла. сенің есігіңді көтеріп ашып тұрсын, кері шегінсе, қолқа тамырын үз», – депті.

байыптап қарайық. ағайын-туыс, әкелі-балалы жеті адам. екі реткі майданда да қару ұстап, қарсы ұрысқан кісілер. енді кіріптәр тұтқын. онсыз да басыбайлы, беріден айтқанда. сөйте тұра екі әке деп еркін сөйлеиді, баяғыда, қиыншылық заманда өз қәләуімен келген бауыршының, одан соңғы желменің басы бұла әкелерінің сөзін қайталайды. және тұтқындар тарабынан айтылған осындай ұсыныс-тілек сөкет көрінбеген. бұл арадағы көпе-көрнеу бағам – жекелеи, ерекше бір ауыр қылмысы болмаса, ағайындар арасындағы қағыс-соғыста темужін кешірімшіл болған. дәл осы рет, осы сәтте ғана емес, кеиін де. барлық уақытта. көп ұзамай, бар тетігі темужінге келіп тірелген атаулы азамат соғысының өзіндік бір ерекшелігі, ақыр түбінде сайыпқыран шыңғыс ханды қалыптап шығарған, оны жарым әлемнің билеушісі дәрежесіне жеткізген артықшылық жағдай да осы, қәнтөгіс қаталдыққа жалғас дарқан кеңшілік болатын. біз тоқталып отырған жүркін руының ұрыстан аман шыққан үлкен-кіші барлық жұрты темужін ұлысының құрамына қалтқысыз енді деиміз. сөнімен қатар, жарақты майданнан тыс, төтенше кінәсі барлар тиесілі жазаға тартылғанын көреміз. бұл ретте ескілікті жазбаларда таңбаға түскен боры-бөке тағдыры нақты мысал.

жүркін тобындағы көрнекті тұлғалар қатарында болған боры-бөкенің сашы бек пен темужінге жақындығы бірдеи – шөбере туыс: үкүн-барқақтың бартан-бахадұрдан кеиінгі тетелес інісі құтұқты-мүңкір әулеті. әуел бастан-ақ жүркін жағында болған боры-бөке екі жолғы ұрысқа да қатысады және қайтпай шайқасқаны тағы күмәнсіз. бірәқ бұл – айып саналмайды екен, алдыңғы кептен көрдік. жеңіліске ұшыраған жалпы жұрт қатарлы тұтқынға түскен кезінде боры-бөке де ешқәндәй жәбір-жапа шекпеиді, темужін ұлысына көпшілікпен бірге қосылғандай көрінеді. алайда, боры-бөкенің айрықша күнәсі бар: еменді-тоғайда өткерілген, татулық, бірлік жолындағы мерекелі кеңестің шырқын бұзғаны, керек десеңіз, екі атаның баласын біржөлә жауластырған жанжалдың өрістеп, ушығуына себепші болғаны ұмытылмаған. жанжал ғана емес, тыныштық күнде қылыш суырғаны, хан інісі белгүтәйді жәй ғана айдындырмай, жеңіл болса да жаралап, қан шығарғаны кешірімсіз қылмыс саналған. одан беріде қан шыпшып емес, ақтарылып ақты, қаншама өмір қиылды. бірәқ мұның бәрі – соғыс жағдайында. әйткенмен, тайталас біткен, ағайын жұрт тегісімен мәмлеге келген. енді арты насырға шапқан араздыққа ұйтқы болған боры-бөке мен белгүтәй да… бітісуге тиыс. жұрт көкеиінде тұрған түйткіл.

арада тым көп уақыт өтпесе керек. әлдебір той болады. тәрізі, жүркін руын жеңген, немесе ұлысқа жаңа жұрт қосылған қуаныш мерекесі. темужін белгүтәй мен боры-бөкеге белдесіп күресуге бұйырады. жәй ғана күш сынасу емес. өткенде кімнің оң, кімнің теріс болғанын анықтау.

дастұрлы бір салт. екі кісінің арасында әлденендеи бір шешімсіз талас туа қалса, өзәрә күресуге тиыс екен. кім жеңсе, соның ісі жөн. бұл – байырғы көшпенділер ғана емес, ортағасырлық еурөпә жұртында да кеңінен тараған әдет. бірәқ батыс дәстүрінде дәугер, бақталас адамдар бар қәруімен шығатын болған, соған орай «әділдікті айғақтайтын» мұндай жекпе-жек көбіне кісі өлімімен тынып отырған. бұл тайталастың тағы бір тармағы – тәләпкер екеудің бірі, өзі шыға алмаса, немесе шыққысы келмесе, орнына қайрат-қуаты артық басқа біреуді салуы да мүмкін екен. әлбетте, кім түссе де қанды майдан. ал біздің жұртта қарусыз, құр қол, беибіт күрес қана.

сойтып, боры-бөке мен белгүтәй шарай топтың алдында ортаға түседі. белгүтәй – бітімі ірі, білегі берік, қілішкер ретінде атаққа шыққан, айрықша қайратты жігіт екен. әйтсе де боры-бөке – бүкіл ұлыста ешкім теңдес келмеген, алып күшті балуан. белгүтәйді жалғыз қөлімен-ақ бұрап жығар еді, жалғыз әяғімен-ақ шалып құлатар еді деиді. алайда… боры-бөке белгүтәйді жықса, оның ісі ақ, яғни, еменді-тоғайдағы төбелеске күнәкәр – жүркін емес, сашы бектің бар ісі жөн, керісінше, темужіндікі теріс болып шықпақ. өткен орнына келмеиді және боры-бөкенің өзінің тағдыры немен тынбақ… көкірегін қәуіп жәйләғән боры-бөке именшектеп, белгүтәйді жеңуге батпайды. аз-маз алысқан болып, күші жетпегендеи, жығыла кетіпті. белгүтәй екпетінен түскен боры-бөкені сонда да жаныштап баса алмай, арқасына атша мініп отырған қалпы, көзінің қірімен темужінге қарады деиді. темужін астыңғы ернін тістепті. біздің қазақта күні кешеге деиін сақталған, айтпа, қасақана сөйле, керісінше жаса деген ишара. енді белгүтәй боры-бөкені арқасынан тізерлеи басып тұрып, екі қөлімен екі иығынан бар күшімен тартып қалып, бел омыртқасын опырып жіберіпті. сонда дымы құрыған боры-бөке айтты деиді: «мені белгүтәй жеңген жоқ, жеңе де алмайтын еді. мен ханның кәрінен қорқып, жорта жығылып едім. міне, өмірім өксіп, қор болдым!..» – депті. белгүтәй шала-жансар жатқан, дәрменсіз боры-бөкені сирағынан сүйретіп, аулаққа апарып тастады деиді. ұлыстың ұлы балуаны, алып күшті бөлғәнімен, ақылы аз, аусар боры-бөке осылай қаза тапқан екен. сашы бек пен тайжудың қылыш үстіндегі қатаң жазасы, боры-бөкенің беибіт күндегі озбыр қазасынан соң жаңадан қосылған жүркін ғана емес, қарауындағы бұрынғы-кеиінгі барлық жұрт темужіннің ырқынан шыққан қандай да кісінің көрешегі не боларын қапысыз ұғынады.

осы жүркін соғысына жалғас кезеңде, шамасы 1198 жылы темужін тоғрыл ханның інісі, ілкідегі бұлғақ тұсында үлкен ұлыстан бөлініп кеткен кереитәй-жақағамбудың жұртына шапқын жасайды. бұл кереитәй тоғрыл хан биліктен тайған кезде темужін ұлысына келіп қосылған еді ғой. тоғрыл кері оралып, темужіннің көмегімен ата тағын қайтадан иеленген шақта бұрынғыша құлдық ұрмай, қарауындағы біршәмә жүртімен найман ұлысына қашқан. инаныш-білге ханға арқа сүйеп, екі аралықта күн кешсе керек. енді оң хан атанған тоғрыл әкесі айтты, айтпады – темужін тура аттанып, жақағамбудың жұртын шабады. жақағамбудың билігіндегі кереидің тұңқайыт және түмен-түбеген рулары бытырай қашып, көп ұзамай-ақ темужіннің ғұзырына құлдық ұрды деиді. темужін, сыңайына қарағанда, жақағамбудың жеке басының амандығына кепілдік алып, қарауындағы қаншама хәлқімен қоса, оң ханның дәргеиіне өткізеді. кеиінгі оқиғалар барысынан көрінетіндеи, оң ханнан іргесін бөлген ағайындардың бірәзі мүлде қайтпай қалғаны және кеиінгі қым-қуыт ұрыстарда темужінмен бірге болғаны байқалады.

өсімен, татан даласындағы азамат соғысының әуелгі жылында қиындыққа ұшыраған темужін ұлысы шайқалса да құламайды, керісінше, уақыт оза келе біршәмә нығайып, берік орнығады. енді болашақ шыңғыс ханның алдында тереңнен толғап, кеңінен ойланған мұрат-мақсатқа жол ашатын қилы кезең – ауқымы бұрынғыдан әлдеқәйдә зор, жеті жылдық жаңа соғыс тұрған. шыңғыс ханның ғұмырбаяндық тарихындағы ең ауыр ұрыстар, аталас, ағайындас жұрттың көл-даря қаны төгілетін ғаламат майдан…

DS Tіmes

т а р а у

азамат соғысы – қым-қуыт

байқастау

хыы ғасырдың ақыры – 1197 жыл мұғдарында кеңбәйтәқ татан даласында бұрнағы беи-берекет, жекелеген ру-тайпалар ішінәрә екіге, үшке бөлініп, қайтадан топтаса бірігіп, саяси-әлеуметтік жағдай мүлде басқаша қалыпқа ойысқанын көреміз. бұл үлкенді-кішілі ұлыстар мен хандықтардың барлығы да беибіт қатынастан шыққан, барлығы да соғыс жағдайында. бірімен бірі жау және әрқәйсісі өзінше. азамат соғысының әуелгі кезеңіндегі жекелеген шабыс, дүркін соғыстар енді жалпылық сыпат алған. соған орай алдағы зор майданның басты тұлғалары да анық айқындалған. орталық далада кез келген уақытта қағысып кетуі ықтимал екі үлкен күш бар: бір тарапта оң хан мен темужін далайхан, екінші тарапта – жамұқа-шешен және оған қанаттас тарғұтай-қырылтұқ. бұл екі өдәқпен бітіспес жау тағы үш ұлыс тұр. терістікте – бұрынғы қуаты қайтқан меркіт, шығыста – әлі де атағы зор татар, ал батыста – халқы да мол, әскері де айбынды найман.

бұл бес бөлік жұрттың қай-қайсысы да қарымсыз емес. кім-кімге бастап тиіссе де, алмағайып, ауыр ұрыс күтіп тұр. соған орай татар мен меркіт те, жамұқа-шешен бастаған ру-тайпалар одағы, тіпті, қабырғалы найман ұлысының өзі тыныштыққа беиім екен.

алайда, әзірге түпкі мұраты – бүкіл татан даласын бір ту астына ұйыстыру мақсатын ашық әйгілемеген темужін тоқтай алмайды. сөз жүзінде әлі де «бала», яғни тәуелді, жолы кіші сәнәлғәнімен, осы кездің өзінде әкесі оң ханға батым, айрықша ықпалды болғанын көреміз.

бұл кездегі темужіннің барлық ыс-әрекеті мұқят ойластырып, тереңнен тартқан жүйелі жоспар, және соған орай қәтесіз есеп, нақты бағдар арқылы жүзеге аса бастайды.

әуелі жекелеи соғып, меркіт пен тайжуытты қирату мерек еді. одан соң, сәті келсе, татар. қалғаны тағы да өз кезегімен, быр-бірлеп…

көлденеңнен шыққан жүркін мәселесін түбегеилі шешкеннен кеиін темужін оң хәнмен үзеңгілесе отырып, меркіт ұлысына қарсы аттанады. келүрен өзенінің терістік тарабы, селеңгі дарясына жақын қатықлық жотасы, мүруче-сегүл деген жерде беттескен үлкен ұрыста удойыт-меркіт тоқта бек қирап жеңіліп, әскерінің қәлдіғімен барғұжын-тоқым тарабына қашады. оң хан мен темужін меркіт жұртын ойрандап, қаншама жанын тұтқынға алып, қисапсыз мал, үй-жәй, дүние-мүлкін иеленіпті. алайда темужін олжаның негізгі бөлігін, бәлкім түгелге жуығын оң ханның алдына тартыпты.

бұл, тәрізіне қарағанда, тағы да темужін түрткі болған кезекті жорық нәтижесінде ежелден жаулас, қуатты меркіт ұлысы пышырай тозып, мүлде әлсірегенін көреміз. осындай қолайлы жағдайды қалт жібергісі келмеген оң хан келесі – 1198 – жылқы жылы күзде, темужінге сауал салмастан, меркітке қарсы жалғыз аттанады. бура-қара деген жерде тоқта бекті біржөлә қиратып, одан ары барғұжын-тоқымға сүріп тастайды. тоқта бектің үлкен ұлы тоғыз бек ұрыста өлсе, бұдан соңғы екі қызы мен тағы екі ұлы – құду мен шылағұн қолға түседі. шұғыл жорықтың негізгі мақсаты – алапа-олжа шәш етектен. табысқа құныққан оң хан өз кезегінде темужінге сыбағалы сауға бермепті. бұл жағдай ескілікті жазбалардың бәрінде атап көрсетілген. кеиінгі зерттеушілер екі аралықтың суыса бастауы осы жағдайға байланысты деп біледі. қалыпты рәсімнің бұзылуы – темужіннің көңілінде дық қалдыруы анық. бұл арада кілтипән түсім-пайда емес, елеп-ескеру, сыиластық жөнінде. осы орайда, әке деңіз, одақтас деңіз, бұған деиін сырттай рясыз көрінген оң ханның ежелгі салт-дәстүрден жаңылуы қолапайсыз еді.

алайда, әзірше ортақ мүдде араз-құразға жол қалдырмайды. керек десеңіз, дәл осы кезде ескілікті андалар – темужін мен жамұқаның арасы қайтадан оңалғандай көрінеді. ықылас жамұқа жағынан болғандай. темужінге тікелеи шықпайды, араға хан-әкені салыпты. енді 1199 – қой жылы баяғы үштік одақ қайтадан жанданып, оң хан – темужін – жамұқа үшеуі қатарласа шеру түзеп, батыс тараптағы найман ұлысына қарсы аттанады. кең көлемді, жаңа жорыққа ұраншы болған – темужін емес. іргедегі тайжуыт, жақындағы татар тұрғанда, шалғайдағы найманда шатағы не. әзіргі есебіне сәйкеспеиді. тоғрыл… өткенде хандықтан тайған кегі бар. әйтсе де, басты себепкер – жамұқа-шешен болғаны күмәнсіз. кім кімге сөз салды деген тұрғыдан қарасақ, анығы осы. жақындасу, ұйымдасу тұрғысындағы ұсыныс басқа емес, жамұқадан шығуы қисынды. оң хан сәті келіп тұрған шаруаға балап, бірден келіскен. өз кезегінде әлі де баласы есепті темужінді қосақтап ала кетеді.

найман соғысы

бары де қисынды әрі қиындықсыз көрінген. осының алдында ғана, күш-қуаты кемел найман ұлысын уысында ұстап отырған инаныш-білге хан дүниеден өтіпті. ханның өзі тіршілігінде бітістіре алмаған екі баласы бірден-ақ іргелерін ажыратады. үлкен ұл, кеиінде таян хан атанған тай-бұқа ата тағына ие болыпты. алайда, кіші іні бұйрық бағыныштан бас тартады да, дербес хандық құрады. бұрнағы, қаңғайдан қара ертіс, тарбағатайға деиін созылып жатқан, кеңбәйтәқ, біртүтәс найман ұлысының кереимен шектес шығыс бөлігі бұйрық ханның, ал хан-алтайдан арғы, қаңлы, қіпшәқпен жапсарлас батыс бөлігі таян ханның иелігіне көшеді. өзәрә ашық жаулас болмаса да, дүрдәрәз, барлық тіршілік, тілеуі бөлектенген екі хандық екен.

енді, ойламаған жерден қайта құрылған үштік одақ іргелес бұйрық ханға қарсы аттанады. найман қонысына тұтқиылдан шапқан қалың әскер алтайдың етегі, қызыл-баш (қәзірде үлүңгүр) көлінің жағасында отырған бұйрық ханның ордасын талқандайды. келте ұрыста жеңіліске ұшыраған бұйрық хан терістік бет – кем-кемжүт өлкесіне қарай қашыпты. үштік ұжым енді айтарлықтай қарсылық күтпеи, ел ішіне бойлай енген кезде найманның тосқауыл жасағына ұшырасады. найман аламандары азғана ұрыстан соң тауды өрлеи қашыпты. сонда бұл жедел қосынды бастаған еді-туқлық (бұл – түрікше жеті-тулы деген сөз деп анықтайды рәшид-ад-дин) астындағы ертөқімінің айылы үзіліп, атынан ауып, қолға түскен екен. шапқыншылардың бар табысы өсімен тәмәм болады. көп ұзамай, белден асып, дараға шыққан кезде алда шеп құрып, ұрысқа сай тұрған қалың әскерді көреді. бұл – бұйрық ханның қолбасшысы көксәу-сабрақ екен. («көксәу» – көкірек аурулы жөтел нәтижесінде дауысы қарлығып, қырылдаған кісі деген сөз, ал сабрақ – сол кісінің тұрақ-мекеніне орай берілген есім», – деп айғақтаған рәшид-ад-дин.) инаныш ханның заманында аты шыққан байырғы бахадұр.

екі әскер бетпе-бет ұшырасқан алқап – байтарақ-белшір аталады екен. найман жасағының қарасыны мол болса керек, бірәқ қәйткенде де, үштік одақ әскерінен көп емес. бәлкім, әжептәуір кемшін. алайда, өз заманында талай қауғаны өткерген тәжірибелі көксәу-сабрақ қәжетті диспозится – майдан алаңын ұтымды таңдаған. екі қанат – биік қырқа, алдыңғы бет – көк шалғынды жазаң, яғни, жау айналып өте алмайды, және тіке шапқанда сай жебеге жақсы нысана. соған орай ұрыс тәсілі де оңтайлы – шабуыл емес, қорғаныс.

шапқыншы жақ мұндай көлденең бөгесін күтпеген. енді дұшпанның жалпылама сан-шамасын, жеке құрамалардың орналасу жағдайын айқындау керек және ұрыс тәсілін белгілеу қәжет. оның үстіне, бұл кезде күн еңкеиіп қалған. сірә, екінті шамасы. ашылған майдан ақырына жету үшін көбірек уақыт қәжет. әлбетте, ат үстінде болса да, шұғыл әскери кеңес өткізілді. шабуылды ертең ертемен бастау туралы шешім қабылданады. кеиінгі оқиғалар сыңайына қарағанда, темужіннің ұсынысы. енді үш әміршінің үш бөлек әскері кері шегініп, әрқәйсісі өзіне орайлы орын сайлап, шеп құрып, ертеңгі ұрыс алдында тыным табуға тиыс.

бырақ бәрі басқаша болып шығады.

кеш пе, түннің әлдебір уағы ма, әйтеуір қараңғы түскенде жамұқа-шешен оң ханның жорық шатырына жеке барады. «о, хандардың ханы! – депті тағзым жасап. – өзіңе ашығын айтуға тиыспын. көктемде келіп, күзде қайтатын жыл құстары бар ғой. мен бала кезден жақсы білетін андам темужін де сол сяқты. қосыла жәйләйді, бөлініп қыстайды. [кеше менімен бірге болды, бүгін сенің қолтығыңда. мана орайы келіп тұрған ұрысты неге бастамадық? екпіндеген бетімізде қиратып салатын едік қой! – м.м.] нәймәнмен жең ұшынан жалғастығы бар. ертең ертемен, немесе бүгін түнде бізді қалың жәумен бетпе-бет тастап, тұра қашады… ал мына мен ауыспалы жыл құсы емес, қар жауса да, сел соқса да тұрақ-мекенінен айнымайтын шөже торғаймын. сенің төрғәйіңмo-bыdы-font-famыly: “DS Tіmes”;mso-ansы-language:RU”>сойтып, оң хан мен жамұқа түн ішінде, алаулата жаққан оттарын өшірместен, дүрк көтеріле атқа қонып, майдан даласынан жылысып кете барады.

таң атып, темужін жан-жағына қараса, жау бетінде жалғыз өзі қалыпты, оң ханның да, жамұқаның да қарасыны көрінбеиді. темужін: «хан-әкем мен туысқан-анда мені отқа тастап кеткен екен ғой!..» – деп, қатты күйінеді. бірәқ торықпайды, ұрысқа сайланыпты. енді шабуыл емес, қорғанысқа.

күтпеген кеңшілікке таң қалған көксәу-сабрақ бұдан кеиінгі соғыс қимылын тезінен шешеді. әккі жәуінгер қарасыны кем болса да, берік шеп құрып тұрған темужінге тиіспеиді. көлденеңдеи өтіп, әзірге тым ұзап кетпеуге тиыс, шегініс жолындағы оң ханның соңынан қуа шығады. енді оң хан мүлде күтпеген топалаң басталыпты.

көксәу-сабрақ оң ханның үлкен ұлы, бөлек-бөлегімен шұбатыла шеру тартқан қалың қолдың артқы легінде қамсыз бара жатқан нилқа-сәнгүнді едер-алтай деген жерде қуып жетіп, ту-талақай қылып, бар әскерін қырып-жойып, қалғанын тоздырып жібереді. бұдан соң ұлыс ішіне бойлай кіріп, ойран салады. қалың жүртпен қатар, сәнгүннің отбасын басып қалады, меркіт тоқта бектің өткен жылы ғана оң ханға кіріптәр болған екі ұлы – құду мен шылағұнды тұтқыннан құтқарып, бостандыққа шығарады. осындай үлкен жеңіске жеткен көксәу-сабрақ қаншама жанды бұғауға түсіріп, қисапсыз мал айдап, қарық өлжәмен еліне бет алды деиді.

бұл кезде оң ханның әйтіп-бұйтып бас сауғалап үлгерген ұлы сәнгүн мен інісі кереитәй азып-тозып, ордаға әрең жетіпті. оң хан қолма-қол жаңа әскер жасақтап, көксәу-сабрақтың соңынан қуа аттандырады. және темужінге шұғыл шапқыншы жіберіпті. «найман көксәу-сабрақ менің жұртымды шауып, ойсыраған шығынға ұшыратты. темужін-ұлым, тезірек көмек жасай гөр!» – деп қолқа салады.

темужін, тәрізіне қарағанда, қарауындағы бар әскердің ең таңдаулы қосындарын аттандырыпты. жәуінгер жасақты бастап шыққан – болашақта бәрі де даңқты, «шыңғыс ханның төрт күлігі» атанған бауыршы, мұқалы, борағұл және жылауқан бахадұрлар екен.

ұлан-құт деген жерде, жан қысылған, ең шешуші сәтте келіп жетеді. сәнгүннің әскері қирамаса да, қатты омырайған, өзі астындағы аты қара санынан жарадар, қамалаған дұшпанның құрсауында қалған мезет екен. төрт күлік көксәу-сабрақтың қалың қолын ортасынан ойып, сәнгүнді арашалап, оның ілкіде тұтқынға түскен отбасы-үйелменін және құтқарып, қаншама мал мен жанды және айырып қалады. көксәу-сабрақ үлкен жеңіліске ұшырамаса да, беті қайтып, тайталас ұрыс үстінде негізгі күштерін сақтаған қалпы, абдырамай ығыстап, өз ұлысына өтеді.

көп ұзамай, қара күзде, бәлкім қысқа таман темужіннің інісі қасар найман ұлысына арнайы аттаныс жасайды. жазалау жорығы. наймандар ұлаған-құт тауының етегінде шеп құрып, қорғаныс жасады, қасар бұларды қиратып жеңді, өлік тау болып үйілді деп жазады «юан ши». аңдап қарасақ, бұл келте шапқын шекәрәліқ үрістәрмен тынғанын көреміз. қасар үлкен ұлыс ішіне бойлап кіре алмайды, әйткенмен, найманның шеткі қоныстарын ықтырып, біртәләй өлжәмен оралған сяқты.

ел-жұрты әупіріммен әрең орнында қалған оң хан темужінге алғысын айтып тауыса алмапты. екеуі әке мен бала ретінде қайтадан табысады. алда біріккен, ауыр аттаныстар тұрған. алайда, екі аралыққа сызат түскені анық еді.

;mso-bыdы-font-famыly:

тәйжуітпен ұрыс

найман соғысынан соң, қой жылының ақыры, милади 1200 санатына қараған қыс айларында темужін осыдан азғана бұрын қирап жеңілген, барғұжын-тоқымға ығысқан меркіт тоқта бек байырғы қонысына қайта оралып, енді тәйжуіттәрмен одақтасқалы жатыр деген хабар алады. темужін бұл кезде өзінің оң қолына айналған інісі қасар екеуі ақылдаса келе, мұнысы әншеиін лақап болар деген байламға тоқтайды. әйткенмен, көп ұзамай-ақ емескі, алыпқашпа сөздің шындық негізі айқындалыпты.

қәтердің алдын алу керек еді. әрі бұл кезде тайжуыттар да біршәмә күш топтап үлгерген. темужін жаңа 1200 – мешін жылы көктемде сары-кегер деитін жерде оң хәнмен кездесіп, екі жақты, үлкен құрылтай өткеріледі. тайжуытқа қарсы аттаныс туралы шешім қабылданады.

бұл кезде тарғұтай-қырылтұқ бастаған тайжуыттардың одан соңғы ең елеулі басшылары аңқу-қоқыш, құрыл-бахадұр және құдудар болатын, деп жазады «жинақты тауарих». есебі, бүкіл тайжуыт және осы бірлестікке қараған барлық рулар қатар түзеді деген сөз. меркіт тоқта бек қаншама әскер шығарып, өзінің баласы құду мен інісі қодан-оршанды жібереді.

екі жақ онанның құмында беттесті деиді.

бұл реткі майданның бастапқы кезеңі туралы нақты мағлұмат жоқ. тәрізіне қарағанда, оң хан мен темужін далайхан әуелгі үлкен шайқастан соң тайжуыт пен меркітті қақ айырды; темужін тайжуытқа қарсы қалып, оң хан ұрыса ығысқан меркіттің соңынан кетеді. қирап жеңілген құду мен қодан-оршан үйреншікті барғұжын-тоқым аймағына қарай қашады. ал тәйжуітпен жекпе-жек қалған темужін табандасқан, ауыр ұрыс өткеріпті. ақыры басым түседі. тайжуыт жасағын еңсере қуғындап, ұлаңқұс-тұрас деген жерге деиін барды деиді. құдудар сонда қазаға ұшырайды, ал батысқа қарай қялай тартқан аңқу-қоқыш пен құрыл-бахадұр найман шегінде жан сауғалапты. тарғұтай-қырылтұқ та аман құтылады. бірәқ қәтерлі, төтенше машақаттан соң.

тайжуыт әскері біржөлә жеңіліп, сыпырыла қашқан кезде қартаң тарғұтай-қырылтұқ азғана уақыт негізгі шоғырдан бөлініп қалған екен. өзеннен өтіп, орманға кірген, есебі, арттағы жаудан біржөлә құтылған кезде. міне, осы сәтте, тайжуыт тобындағы барын, белгілі бек шіргету-ебуген, қасында алақ және наяқ (наяқа, ная) деген ұлдары бар, тарғұтай-қырылтұққа бас салады. жаужаламға келтірмеи тұтқындайды. тарғұтай-қырылтұқтың ұлдары мен інілері және тағы қаншама кісі тұра ұмтылыпты. сонда шіргету-ебуген тарғұтайды жерге жығып, үстіне атша мініп отырып, тамағына қанжарын тіреді деиді. «сендер қәзір мені өлтіресіңдер. ендеше, жастығымды ала жығылайын. міне осы қәзір, қыбыр етсеңдер, әкелеріңді бауыздап салам!..» – депті. сонда тыпырлауға шамасы келмеи жатқан тарғұтай-қырылтұқ айтты деиді: «тоқтаңдар! егер сендер шіргетуге жөппелдеме тиіспек болсаңдар, ол менің қанымды шәшәді. бұл анық. ендеше, осы беттеріңде кері қайтыңдар. темужінге апарсын. маған тиіспеиді. баяғыда, қолымда тұрған кезде мен де тірі жібергем. асау арынын басып, сабасына ғана түсірдім. ендігі, ақылы мол, байыбы күшті темужін мені өлтірмеуге тиыс. барыңдар, кетіңдер!» – депті. тарғұтай-қырылтұқтың ұлдары өзәрә ақылдасты деиді. біз әкемізді құтқарамыз деп тұрмыз. айтқанындай, шіргету бауыздап салса, өлі денесін ғана айырған боламыз. не шықты? әкеміздің айтқаны жөн», – десіп, тастап жүре береді.

шіргету-ебуген екі үлімен бірге, тарғұтай-қырылтұқты ежелгі дұшпаны темужінге алып жүрді деиді. жолай, құтқұл-негүт деген жерге жеткенде өзәрә ақылдасады. алақ пен наяқ айтыпты. «жарар, темужіннің алдына бардық, тарғұтай-қырылтұқты аяғының астына тастадық. сонда темужін: «өздеріңнің туасы хандарыңа опа бермеген сендер маған қалайша ғана адал нөкер болмақсыңдар!?» – деп ашуға мініп, бәріміздің басымызды шабуы кәдік. ендеше, мұнымыз қәте болады екен», – деп, тарғұтай-қырылтұқты босатып қоя береді.

сол бетінде темужіннің дәргеиіне жетіпті. солай да солай, тарғұтай-қырылтұқты қолға түсіріп тұрып, өзіміздің ханымызға қянат жасау келіспес деп, қоя бердік. енді сенің ғұзырыңа құлдық ұрамыз. қабыл көрсең, ісімізді, күшімізді беруге әзірміз!» – депті. темужін меилінше риза болған екен. алақ пен наяқты өз жасағына қабылдайды. болашақ алақ-ноян және наяқ-ноян. екеуі де шыңғыс ханның кеиіндегі атаулы жорықтарының бәрінде қол бастап, даңққа жеткен. наяқ-ноян баяғыда, темужін туған кезде оның шілдехәнәсіндә болған екен, бір жүз жиырма жастан асып, шыңғыс хан немересі мөңке қағанның тұсында ғана дүниеден өтіпті.

темужін алғаш атқа мінген кезден бастап, тәйжуітпен қақтығыс тоқталған емес-ты. ал осы жолғы, онан құмындағы бетпе-бет шын мәнісінде ең алғашқы үлкен майдан болды. нәтижесінде, тайжуыттың бағы қайтып, оның қашқан жұртында қалған, әрқилі рудан құралған қаншама халық енді темужін ұлысының құрамына енеді.

қатаған-салжығұт өдәғімен шайқас

тайжуыт бірлестігінің ойсырай жеңілген хабарын естігенде қатаған және салжығұт тайпалары қатты дағдарысқа түсті деиді. бұл аталы екі жұрт та әуел бастан тарғұтай-қырылтұқ жағына шыққан, далан-балжұтта алғы шепте ұрысқан, одан соңғы кезеңде де үнемі темужінге теріс ниетте болған еді. тайжуытты қиратқан темужіннің тоқтамасын біледі, келесі кезекте өздері тұрғаны анық. екі аралық мүлде ашылып кеткен. енді қарбалас басталады.

салжығұт пен қатаған шұғыл құрылтай шақырыпты. жиыны он бір атаның баласы бас қосады. қатаған, салжығұт, дүрбен, қоралас, тайжуыт, алшы-татар, икерес-қоңырат, қаранұт (әлде күнгүліт) қоңырат; бұларға меркіт тоқта бектің ұлы құду, найман бұйрық ханның ұлы құшұғұт және ойрат әмірі құтұқа бек қаншама әскерімен келіп қосылады. қарасыны мол қалың қол құраған он бір рудың басшылары ортақ шешімге келіпті. және елдің ескілікті дәстүрі бойынша, [ақбоз] айғыр, [қара] бұқа және [арлан] итты қілішпен шауып өлтіріп, құрбанға шалады. содан соң шәшілғән қан үстінде серттесіпті: «о, қүдіретті көк тәңірісі! о, қәсиетті жер-ана! жан даусымызды естігеисің! біз былай деп ант ішеміз: бұл, құрбанға шалынған еркек кіндікті үш жануар – бізбен өзегі ортақ барлық тіршіліктің мәйегі. бірлікке келіп отырмыз, жәнкешті іске бел буып отырмыз. егер осы арада айтылған, қәнмен бекітілген сертімізден қайтсақ, алған бетімізден тайқысақ, біздің де қызыл қанымыз дәп осылай шәшілсін!» солай деп анттасып, оң хәнмен, темужінмен қайтпай соғысуға бекінеді және көп ұзатпай шеру тартуға келіседі.

темужінге бұл жағдайды бөртенің әкесі, жарлұқ-қоңырат көсемі дай-шешен уақытылы хабарлап үлгереді. тайжуыт-меркіт жорығында бастары қосылған оң хан мен темужін бұл кезде әлі ажырамаған екен, әскері де жиын, барғұжын-тоқым шегі, онан өзеніне тақау құтұн-нор деген көлде тұрған, тізе қосып, үдере аттанады. бұларға жолай дай-шешен қосылыпты.

алдын алмақ дүшпәнімен татар ұлысының шегі, бұйыр-нор бойында ұшырасады.

екі жақ та түзем құрып, бетпе-бет айқаса кетті, ұрыс аса ауыр, меилінше қатал болды, ақыры шыңғыс хан жеңіске жетті, деп, түйіндеп қана жазады рәшид-ад-дин. әзірше темужін далайхан деиміз біз. және оң хан. біріккен қалың қолдың басым көпшілік бөлігі де осы оң ханға тиесілі болатын.

1200 – мешін жылғы, шешуші екі ұрыста да жеңіске жеткен оң хан мен темужін жазды бірге өткеріп, қыс түсе әрқәйсісі өз ұлысына оралыпты.

бырақ қыраулы қыстың өзі тыныш өтпеиді. бұйыр-нордағы шайқасқа тек шағын бір бөлігі ғана қатысқан татар ұлысының төрт руы: ақ-татар, тодағұт-татар, алуқай-татар және ілкідегі алшы-татар бірлесе бас қосып, шекшер тауының қойнауында қыстап отырған темужін ордасына ту сыртынан шапқын жасауға дайындалады. бұл ретте де уақытылы хабарланған темужін әлдімен аттанып, татар қонысына сөлтүстік-батыс тарабынан басып кіреді де, далан-нүмергес деген жерде өткерілген ұрыста барлығын да тым-тырақай қылыпты.

темужін осы, екінші татар жорығында жүрген кезде арттағы ел шегінде қолайсыз бір жағдай болған екен. қоңырат тайпасының өткен жазда ғана қарсы соғысқан рулары енді темужінге қосылуға ниет етеді. алайда, ұлыстағы әскербәсі қасар бұл жағдайды білмеиді де, әлдекімдердің теріс әйтәғімен осы қоңыратты шабады. нәтижесінде, беті оңға бұрылған қаншама жұрт теріс айналып, жамұқа-шешенге барып қосылған екен. сондай-ақ, қирап жеңілсе де, біршәмә қуат, күшін сақтап қалған салжығұт пен қатаған және өткен ұрыста жапа шеккен басқа да рулар өзәрә хабарласып, жамұқа-шешеннің жағына шығып жатады.

гөрхән жамұқа-шешен

әуелде найманға шауып, бұдан соң тайжуытты талқандап, өнімен де тоқтамай, қатаған, салжығұт бастаған он бір рудың одағын қиратқан, ізінше татарды тықсырған темужін мен оң хан бүкіл сақара жұртын өз ғұзырына қаратпағы айқын аңдалады. бұл кездегі жұртшылық пайымы бойынша, пәленің басы – халқы мол, қуаты зор оң хан, ал темужін екінші қатарда. бірәқ бұдан іс мәнісі өзгермеитін. жекелеген ру, тайпалар дербестігіне қәтер төніп келеді. қайыра топтасып, жаппай бірігу қәжет. біріккен жұртқа ортақ, билігі зор әмірші сайлау шарт. таңдау – темужін сяқты ол да боданшар-байсұңқар әулетінен шыққан, өтімді сөз, майда тілімен ғана емес, қолбасы ретінде де кеңінен танылған, салауаты мол, саясаты зор жамұқа-шешенге түседі.

1201 – тауық жылы, сірә, жазғытұрым, ілкідегі жекелеи ұрыстарда беті қайтқан үлкенді-кішілі ру-тайпалардың барлығы да татан даласының терістік-шығысы, арғұн дарясын құлдап, төңкеріле көшеді. мол судың қан-мүрен деген өзенмен тоғысар ұйықты атырауы – қауып-қәтерден тыс, шеткері аймақта әрең байыздапты. бұларға қонысы шалғай тағы бірәз жұрттың басшы өкілдері келіп жетеді. міне, осы оқшау өңір, алғай-бұлақ деген жерде тайжуыт, қатаған, салжығұт, қоралас, икерес-қоңырат, жарлұқ-қоңырат, дүрбен, ұрұт, нұяқын, барлас, барын, жүрят, алшы-татар – жиыны он үш ру, оған қоса тоқта бектің ұлы құду бастаған меркіт, құтұқа бек бастаған ойрат, және бұйрық ханның ғұзырындағы найман және тағы әлденеше рудың жарқа-бөлшегі бар – қаншама жұрт бас қосып, ұлан-асыр құрылтай өткізеді. ортақ, жарасты мәмлеге тоқтап, жымдаса ұйысып, оң хан мен темужінге қарсы бірлестік құрады. жәй ғана одақ емес, жаңа ұлыс. бірәуіз, жаппай келісім бойынша, жамұқа-шешенді хан көтереді. қатардағы хан емес – гөрхән деген әтәқпен. шынында да. оң хан – қалай өрлесе де, кәдімгі хан. одан қарымы кем темужін – далайхан атанып жүр – теңіз хан, телегеи хан. жаңадан құрылған ұлыс әмірінің мәртебесі бәрінен жоғары болуға тиыс. гөрхән – хандардың ханы.

құрылтайда жалпы жұртқа қәтер төндіріп отырған оң хән–темужін одағына қарсы аттаныс туралы шешім қабылданады. бұдан соң атаулы ру-тайпалардың басшы-көсемдері рәсім бойынша құрбан шалып, ант беріседі. өсімен ғана тоқтамапты. тұрған жерлерін тепкілеп, төңіректегі тал-шыбық атаулыны қілішпен шауып, отай берген екен, егер серттен тайсақ, осы топырақтай тапталып, шыбықтай болып жусап түсеиік деп.

әлбетте, жамұқа-шешеннің соншама жұрт алдында гөрхән сайлануы – жаря және жасырын ұстау мүмкін емес оқиға. ашылмақ жаңа майдан жөні де күмәнсіз. алайда, шұғыл аттаныс – күтпеген дүрбелеңге ұласуы мүмкін. бұл ретте де темужін уақытында құлақтанып үлгереді. ілкіде айттық, азамат соғысы кезінде әрбір ру екіге, үшке жарылды, ағайын туыстардың өзінің арасы алшақтады деп. әйткенмен, жақын адамдар орайындағы барыс-келіс, әдепкі қатынастар мүлде тоқталмаған. осындай туысқаншылап барған кісілердің бірі, темужін жағындағы қоралас, қорыдай деген қарт, жамұқа тобындағы меркітәй деитін күйеу баласына қонаққа келген екен. шұғыл шапқын жәйін ести сәлісімен, өз ұлысына асығады. рәшид-ад-динның әңгімесінде қорыдай тынымсыз шапқылап, жол-жөнекеи аты ариды, өзі қолға түседі, бірәқ ағаш-еліне тиесілі бұл адамдар да темужінге тілектес екен, босатып қана қоймайды, астына тың көлік береді; ақыры өз жұртына аман-есен жетіп, қәжетті мағлұматын білдіріпті. «әулие жиһәнгер» мен «юан тарихында» сәл басқаша. мұнда да алғашқы ақпарды білдірген – қоралас, атаулы есімі тақай, темужін ұлысынан өзімен көрісуге келген жауыр дегенге барлық жағдайды түсіндіріп, кері қайтарады, көлденең әлдекімге тісіңнен шығарсаң – өлгенің, менің күйеу балам қасарға барып айт, ол темужінге білдіреді деиді. жауыр біршәмә машақаттан соң тиесілі хабарды жеткізіпті. екі әңгіменің түйіні біреу-ақ: темужіннің шұғыл аттаныс жәйін жамұқа тобындағы көлденең тілектес арқылы естуі. мұндай, күтпеген, төтенше ахуал туралы көлденеңнен хабар алу бұрын да болған, кеиінде де ұшырасамыз. кездеисөқ, немесе ойдан қиыстырылған жағдай емес. бір жағы шыңғыс ханның жұлдызды кебі, пәле-жаладан сақтап, қәтерден қағып отырған киелі пысы, екіншіден, отты көзі, нұр жүзінен өзгеше талайы танылып, сақарадағы жалпы жұрттың басым көпшілігі қолдаған, енді бірәзі іштеи тілектес ақжолтай бітімі. қолы тізгінге жеткен кезден бастап-ақ барлау, ақпар алу ісін оң жолға қойғаны өз алдына.

темужін оң ханға тезінен хабар салады. оң хан да бөгелмепті. үйреншік күрелгі деген жәйләудә отырған темужінге бар әскерімен келіп жетеді. біріккен қалың қол шеру тартып, үдере аттанады.

жамұқаның жаңа жұрты асыға қатар түзеп, екпіндеи үмтілғәнімен, бар күшін топтап бітпеген. екі жақ арғұн-даряның бастапқы бір саласы хайлар өзенінің алқабы, тыны-құрықан деген жерде беттеседі. жау күтпеген жамұқа гөрхән қолда бар күшінің өзін ойдағыдай ұйымдастыра алмаса керек. әйткенмен, ұрыс қаһарлы әрі аяусыз болды деиді. оң хан мен темужін толық жеңіске жетеді. жамұқа тоқта бектің ұлы қүдумен бірге меркіт ұлысына қарай қашыпты. қалған жұрт та тоз-төзімен, бытырай сөгіледі. өткен жылы ғана, қасардың қисынсыз тасырлығы нәтижесінде бетін теріске бұрған қоңырат түтәсімен темужін ұлысына қосылыпты. және жаңадан табысқан жұрт жалғыз қоңырат қана болмаса керек.

ұшыншы татар жорығы

шыңғыс ханның үшінші татар жорығы және оның ақтық нәтижесі туралы батыс ғылымында қалыптасқан таным-түсінік мүлде қайта қарауды қәжет етеді. үйреншікті ұғым бойынша, атаулы соғыс бүкіл татар ұлысына қарсы жүргізіледі де, нәтижесінде татар атаулы түгелімен қылышқа шалынады. және бұл қырғынның негізгі себебі – есугеи-бахадұрдың татар тарабынан уланып өлтірілуі деп көрсетіледі. біз бұл – мүлде жаңсақ мағлұмат деп айттық. тек епикәліқ «қәстерлі шежіреде» ғана ұшырасатын жағдаят. негізгі, түпнүсқә тұма-нама атаулы, оның ішінде «жинақты тауарих» пен «әулие жиһәнгерде» және «юан тарихында» мұндай дерек жоқ. ол заман, сол ортада қандай да бір меимәнғә, тіпті, кездеисөқ дастарқандас кісінің өзіне у беру мүмкін емес, өйткені дала дәстүрінде ұсынылған сусынды үй иесі, дастарқан ағасы қөнәғімен кезек ұрттасып, бірге ішеді дедік. қалған дәм де ортақ табақтан. алайда, татар мен қят арасы онсыз да үш-торт атадан бері бітіспес жаулық орайында. және татар ұлысы – ұлы даланы қайта біріктіру жолындағы ең үлкен бөгесіннің бірі. сондықтан да темужін далайхан – болашақ шыңғыс хан қәйткенде де бүкіл татар қауымын құрықтауға тиыс еді.

бұдан бұрын темужін мен татар жұртының арасында екі мәрте шайқас болған. алғашқысы – шүржен шапқынына жалғас аттаныс – темужін мен тоғрыл-оң хан ел ішіне бойлап енбеиді, өз қонысынан ығысып шыққан бір пара жұртты көлденеңнен тосып, қырғынға ұшыратады. екінші шайқас – қатаған-салжығұт одағына тартылған алшы-татарды одан әрмен қудалау барысындағы үлкен жорықтың түйіні. бұл жолы темужінге қарсы бірлескен төрт рудың аты аталады: ақ-татар, тодағұт-татар, алуқай-татар және ілкідегі алшы-татар. ал татар ұлысы әлде сегіз («қәстерлі шежіре») , әлде алты («жинақты тауарих») , шын мәнісінде деректі таңбаға түскен он екі рудан құралған. ал үшінші жорық – бүкіл он екі атаға емес, тек орайы келіп тұрған шеткері екі ру – алшы-татар мен шаған-татарға қарсы бағытталады. «юан ши» мен «әулие жиһәнгердің» және рәшид-ад-динның нақты куәлігі осындай.

жорық 1202 – ит жылғы ерте көктемде басталады. негізгі мақсат – шектес аймақтағы тынымсыз әрі жәуінгер екі руды біржөлә қирату болатын.

бұрнада мұндай жағдай болды ма, болмады ма, кеиінде заң негізді тәртіпке айналған жарлық беріледі. бірінші – жау жеңіліске ұшырап, қашқан жағдайда, ақырына деиін қудалау міндет, олжаға, мал-мүлікке қарайламау керек; барлық тем-табыс, әләпә-тұсым ұрыстан соң ғана әділ бөліске салынады. екінші – сәтсіздік, шегініс жағдайында әуелгі, шабуыл басталған жерге қайтадан жинақталу шарт. үшінші – аталмыш жарлықты бұзған жандар ауыр жазаға тартылады.

алшы-татар мен шаған-татар («қәстерлі шежіре» бойынша бұларға қоса тодағұт-татар мен алуқай-татар) бар әскерін далан-немүргес деитін жерге топтаған екен. табандасқан ұрыстан соң шебі бұзылып, босқын табады. темужін әскері терістік тарапқа қашқан татар қосындарын өкшелеи қуғындап, біржөлә тоздырып жіберген екен. татардың қорғансыз қалған қоныс-жәйләу, ел-жұрты түгелімен кіріптәр болды деиді.

қан майдан тыншыған соң, өткен соғыс жәйін бағамдаса, темужін ұлысындағы ең бір мәртебелі тұлғалар: құтұла ханның ұлы алтан, некүн-тайшының ұлы құшар және есугеи-бахадұрдың кенже інісі дарытай-өтшіген ұрыстың алғашқы кезеңі, жау қашқаннан кеиін бөгеле тоқтап, алапа-олжа жинауға кірісіп кеткен, соңғы, босқын жауды біржөлә талқандау ісінен тыс қалған. яғни, хан жарлығы аяқасты болды деген сөз. темужін меилінше қаһарланыпты. ең үлкен тірек болуға тиысты ең жақын туыстары. тиесілі жазаның жеңілін бұйырыпты: манағы жинаған мал-мүлік, дүние-мүкәмәлін түгел тәркілеп, қатардағы аламандарға таратып береді. ежелден-ақ бетімен жүріп, ойға келгенін орындап үйренген аға мен немере, шөбере туыстар бұл жарлықты зорлық есепті қабылдайды, сырттай амалсыз көнгенімен, іштеи кек сақтап қалыпты. ақыры, алмағайып тайталас кезінде аталас бауырларын тастап, жау жағына шығып кеткені бар. бұл – кеиінде. әзірге темужіннің алдында, тәрізі, бас-аяғы бірнеше күнге созылған майдан барысында тұтқынға түскен қаншама жанның тағдырын шешу мәселесі тұрған. енді қәйтпек керек?

әсіресі мен асырасы мол тарихи-епикәліқ «қәстерлі шежіреге» сенсек, әуелі осы татар ұлысының қолға алынған басты кісілері түгел өлімге кесіледі. содан соң, қалған жұрттың тағдырын шешу үшін темужін жеке тігілген киіз үйде отбасының, яғни билеуші, хан әулетінің үлкен кеңесін өткізіпті. кеңеске кірген ұлық төрелер, сыңайына қарағанда, басым көпшілік, қатал шешімге беиіл болады. әлбетте, баяғы қамбағай ханның өсиеті алға тартылса керек. қабұл ханның үлкен ұлы үкүн-барқақтың қапя тағдыры еске алынса керек. қаншама заман бойғы екі жақты шапқын мен шүрженге арқа сүйеген зомбылық қалай ұмытылсын. ақыры, түйінді сөз айтылады: «бұл татар жұрты әлмисәқтән бері бізбен жауласып келеді. ата-бабаларымыздың жендеті болды. енді сол ежелгі дұшпандық, жойдасыз опасыздық үшін кек қайтарып, қанды қәнмен жуатын сәт туып отыр. кіріптәр болып тұрған барлық татарды арбаның күпшегіне теңестіріп, түгелімен қылышқа шалайық. қазадан қалған қатын-баласын жан-жаққа таратып, құл-құтан қылайық!» – депті.

татар тағдырын шешетін кеңес өтіп жатқаны жалпы жұртқа мағлұм болса керек. үкім күтіп отырған кісілердің бірі, өз тобындағы елеулі еке-шері деген бек, тәрізі, бұрыннан таныс белгүтәйдән сұрайды: «кеңесте қандай шешімге келдіңдер?» – деиді. сонда белгүтәй, әлде ақылы аздан, әлде шығарылған үкімнің соншама қаталдығынан түңілген абдыраңқы кебінен: «сендердің бәріңді де арбаның күпшегіне теңестіріп, қырып тастайтын болдық», – деген жауап беріпті. яғни, арбақыл заманның қатал көрінісі.

әйткенмен… қазаға ұшыраған бүкіл татар жұрты емес. осының алдында, қарулы қақтығыста қолға түскен тұтқындар ғана. оның өзінде… алшы және шаған рулары. екеу емес, төрт ата деиік – бұларға қоса тодағұт пен алуқай. татар ұлысына тиесілі басқа рулар қайда? тұтұғұл, қойын, терәт, барқы, айрығұт, бұйрығұт, зұйын, алтын… белгілі мұралардың ешқәйсісінән нақты мағлұмат таппаймыз. темужінмен әуел бастан-ақ жағаласа шайқасқан – аталмыш төрт ру ғана. әлбетте, татар жұртындағы ең басты аталар болса керек, оның үстіне, ұлыстың батыс және сөлтүстік-батыс тарабына, яғни қятпен, кереимен шектес өңірде қоныстанған. ал қалған сегіз рудың ешбірі бұл замандағы тынымсыз қақтығыстар кезінде арнап аталмайды. және жоқ емес, бар. сірә, беитәрәп, беибіт жағдайдағы бұл үлкенді-кішілі рулардың барлығы да әйгілі соғыстан кеиін темужін ұлысының құрамына қосылған. сөнімен қатар, аталмыш төрт татардан соң бүкіл татар ұлысы ыдырағаны және негізгі жұрты басқа, жеңімпәз рулар арасына таратылғаны күмән туғызбайды. ал осы шеткері сегіздің бірі алтын руы жағасы жыртылмаған қалпы темужіннің тума жұртына айналған. бәлкім, бұрнада айтқанымыздай, соңғы, үшінші шапқынға деиін, алғашқы, шүржен соғысына жалғас кезеңде. қәйткенде де алтын руы тарихи әдебиетте кеиінгі жошы ұлысының құрамындағы аталы таптың бірі ретінде көрінеді, бұдан соңғы заманда қазақ ордасының құрамына енген. осы орайда, қазақ шежіресінде әлтінмен егіздес туыс ретінде үнемі қосарлана аталатын жаппас руы да сол ежелгі, жәужүрек татар тайпасының өз кезінде деректі таңбадан тыс қалған, кішірек бір бұтағы деп шамалар едік.

татар тайпасының негізгі күштерін талқандап, дербес ұлыс ретінде біржөлә ыдыратқаннан соң темужін меилінше күш алады. әлбетте, жаңадан қосылған жұрт есебінен қонысы кеңумен қатар, халқының саны, соған орай жәуінгер жасағының қарасыны да молайған. күні кеше ғана әке саналған, еңсесі жоғары оң хәнмен қай жағынан алғанда да тепе-теңдес жағдайға жетіпті.

айтпақшы, кіріптәр татардың күтпеген қарсылығы нәтижесінде жазалаушы жасағы біршәмә жапа шеккен темужін қолма-қол тексеріс өткізіп, кеселдің қайдан шыққанын айқындайды. аузы жеңіл белгүтәй бұдан соңғы уақытта хан кеңесіне қатысу құқығынан айрылады. мұндай ұлық жиын кезінде сыртқы қарауыл қізметін атқарып, тақау төңіректегі қәуіпсіздік және тыныштық жөнін бақыласын; дарытай-өтшіген екеуі кеңес бітіп, қымыз ішілгеннен соң ғана ордаға кіретін болсын деген жарлық шығарылады. дарытай-өтшіген, сірә, бұрнағы кінәсінің үстіне, бұл жолы да көпшілікке қайшы келіп, темужін інісіне мүлде ұнамай қалса керек.

ұшыншы және ең соңғы татар жорығынан соң кеңбәйтәқ сақараның бүкіл шығыс атырабы темужіннің ғұзырына қарады. енді қыр арқадан қәуіпсіз жағдайда, барлық күш-қуатты батыс пен сөлтүстік бетке қарай бағыттауға мүмкіндік туды.

есулін мен есуген ханымдар

ұшыншы татар жорығы кезінде темужін қырық жеті жаста. ердің кемел кезі. алғашқы, сүйікті қосағы бөртемен отасқалы ширек ғасырға жуық. осыншама заман бойы басқа бір әйелге көңіл бермепті. сақара салтында өте сирек, ал биліктегі хан үшін мүмкін емес жағдай. әйтсе де анығы осы. сондай өзгеше сыиластық. ақыры, осы қырық жеті жасында қатарынан екі әйел түсірген.

әлбетте, жас иіс үшін ғана емес. барлық заманда әміршілердің кезекті некесі – белгілі бір саясат құралы болғаны белгілі. темужіннің жаңа ордалары да осы орайда. татар қәуімімен біржөлә табысу, жаңадан туысудың көрнекі белгісі.

татар табының жетекші тұлғаларының бірі, ажалға кесілген аламан жұртын өліспеи беріспеуге ұйыстырған еке-шері алғашқы, жетекші тұлғалардың басы кеткен жазадан қақас қалған. кеиінгі қырғыннан аман шыққаны туралы дерек жоқ. көпшілік қатарлы қазаға ұшырауы анық. бірәқ осы еке-шерінің қызы есуген темужінге айрықша ұнап қалса керек (әкесіне жасалған әуелгі рақым да осы жағдайға байланысты деп шамалар едік) , ордасына енгізіп, заңды әйел – мәртебелі қатын деп таниды. сонда есуген айтыпты: «ханның көңілі маған түсіп, қүрметті ханым деп жарялап отыр. шындығында, бұл дәрежеге менің туған әпкем лайығырақ болатын. аты есулін. осы жақында ғана күйеуге шыққан. енді мына дүрбелеңде қандай машақатқа душар болды екен. ару еді, айрықша еді…» – депті. сонда темужін айтады: «егер туған әпкең сенен де сұлу болса, мен оны іздетіп табамын. сонда сен осы әпкеңе өз орныңды берер ме едің? – деиді. «қаған рұқсат етсе, әпкемді көре сәлісімен орнымды беруге әзірмін», – депті есуген.

темужін есулін («қәстерлі шежіреде» – есүй) сұлуды қәйткенде де іздеп табуға пәрмен қылды деиді. көп ұзамай-ақ, орманға жасырынған жұрт арасынан тұтылады. күйеуі бас сауғалап үлгеріпті, ал есуліннің өзі темужіннің ордасына жеткізіледі. шынында да айрықша ару екен. есуген сұлу да әпкесін көрген бетте қөшәметпен қарсылап, далайханның сол қанатындағы меншікті орнын береді, өзі төмен жылжып отырыпты. сонда темужін сұқтанып тұрып, есулінді заңды әйелі ретінде құптап, қатын мәртебесін жарялаған екен. ол да сұлу, әрі ақ-адал есугенді де сыртқа теппеиді, әпкесіне жалғас қүрметке бұйырыпты. айттық, бар кілтипән әпәлі-сыңлылы екі қыздың бытым-көркінде, ата-тегінде ғана емес. татар жұртынан қәтәрімен екі қатын түсіру арқылы темужін өзінің ғұзырына кірген кеиінгі татар қауымын жақын туыс санайтынын, енді бұрнағы алауыздықты қойып, бір ұлыс шегіне ұйысу қәжетін әйгіледі.

арада азғана уақыт өтеді. темужін барлық әскерімен әлі де татар қонысының шегінде тұрса керек. бірде хан ордасының алды, алаң-ашықта, есулін-қатын мен есуген-қатын екеуінің ортасында, сапыртып қымыз ішіп отырады. қарсы алдарында қалың нөпір шерік. топты жұртқа үңіле көз салып отырған есулін кенеттен көкірегі айрыла күрсінді деиді. темужін бірден-ақ секем алады. бауыршы-ноян мен мұқалы-ноянды шақыртып, барлық әскерді ондық, жүздік, мыңдық бойынша түземге тұрғызуға жарлық береді.

қалың қол ап-сәтте тиісінше сапқа тұрады. сонда қақ ортада, кімге қосыларын білмеи, абдыраған жалғыз кісі ғана қалыпты. ұстап алады. бекзәт нәсілі танық: айдарын өрген, тұлымды, келбетті жігіт екен. «сен кімсің?» – деп сұрайды. «мен татардың еке-шері бегінің күйеу баласы едім. есулін деген қызын алғам. жау шапқанда жан сауғалап қалдым. енді ұрыс-соғыс бітті, жұрт тыншыған шығар, көптің ішінде ешкім танымас деп келгенім осы», – деген екен. бұл кепті темужінге жеткізеді. сонда айтты деиді: «мұнда неғіп сандалып жүр? кеше ғана осы тұрғылас жұрттың бәрін арбаның күпшегіне теңестіргеніміз қайда. көзін құртыңдар!», – депті. әрине, сол арада беибәқ күйеудің басы алынады.

қәбәтімен қосылған есулін мен есуген сайыпқыран шыңғыс ханға лайықты жар бола білді. (бұл мәртебелі екі қатынның туған бауырлары, тәрізі жасы кіші іні еке-құтұқұт 1206 жылғы құрылтайдан соң шыңғыс ханның міңбегі нояндарының қатарында аталады.) әрқәйсісінің азды-көпті өзіндік хикәяләрі мағлұм. бар тауарихтың соңында, шыңғыс ханның отбасындық өмірі, қүрметті қатындары, ұлдары мен қыздары, тақау ұрпақтары туралы арнайы тарауда тиісінше тоқталатын боламыз.

 

күйтен ұрысы

жамұқа гөрхән бастаған ру-тайпалар бірлестігі тыны-құрықан шайқасынан соң бір жыл дегенде әрең ес жиыпты. қайтадан ұйысқан тайжуыт, жұрат, қатаған, бесүт, салжығұт, дүрбен, икерес тобына меркіт әмірі тоқта бектің ұлы құду, ойрат құтұқы бек, найман бұйрық хан және ілкіде ғана қираған татар ұлысының жарқа-бөлшектері (бәлкім, шапқыннан тыс қалған, арыдағы бір рулары) келіп қосылады. бәрін ұйыстырушы және бас қолбасы – жамұқа-шешен. қалың қол осы 1202 – ит жылы қара күзде жорық жолына түсіпті.

дұшпанның аңысын аңдап отырған оң хан мен темужін далайхан келүрен өзенін құлдап, қарсы жүреді.

бұл жолғы, екі жақты аттаныс жәйі және одан соңғы бетпе-бет ұрыс «жинақты тауарихта» тәптіштеп баяндалған. «қәстерлі шежіре» де осыған үндес (тек бұл, кезекті шайқас әуелгі, хайлар бойындағы үріспен астасып кетіпті) .

темужін алғыншы жасаққа алтан мен құшар және дәрітәйді шығарады, ал оң хан өзінің үлкен ұлы сәнгүн мен інісі кереитәй және білге-бекті жібереді деиді. бұлар өз кезегінде бірінен бірі ілгері үш топ қарауыл аттандырады. қалған қалың әскер қолайлы тұрыс таңдап, артта іркіледі. осыған керісінше, жамұқа бастаған бірлестік ешқәндәй көлденең қәтер күтпеи, бет-бетімен, ұбақ-шұбақ, жеке-дара қозғалғанын көреміз.

жау сұлбасын барлау ұштығы – озғын, үшінші қарауыл бірден андайды. тезінен алғыншы жасаққа хабарлапты. бұл – біріккен әскердің негізгі легі – найман бұйрық хан, меркіт құду бек, тайжуыт аушы-бахадұр, қатаған қоқыш-бахадұр, ойрат құтұқа бек бастаған жасақтар екен. іздеп келе жатқан, бірәқ дәл осы шамадан күтпеген жәуімен кешке қарай беттеседі. өздерінен қарасыны кем болса да, шеп құрып, сақадай сай тұрған қаншама әскер. екі жақ шұғыл жаушы жіберісіп, жөн сұрасып, қарсы қосындардың шінімен-ақ дұшпан жұрт екеніне көз жеткізеді. бұл екі ортада қараңғы түсіпті. ұрыс ертеңге қалады. оң хан мен темужіннің алғыншы әскері кеиін шегініп, арттағы қалың қолға барып қосылады.

«юан тарихының» нақты куәлігіне қарағанда, оң хан мен темужін далайхан төскеи бетте шеп құрып, күтіп тұрыпты. арты бітеу биік, алды тараң сай. ал нылқа-сәнгүн бастаған сол қанат ілгерірек шығып, қанаттас қырқаның үстіне бекінеді. жәумен аралық біршәмә, ақыры бастапқы лектегі найман жасағы, әлде сәскеде, әлде түске таман осы сол қанатқа келіп тиіседі. өрге қарай жасалған алғашқы шабуыл нәтижесіз аяқталыпты. бұйрық ханның әскері ештеңе бітіре алмай, етекке қайта түскенде сәнгүн қуа шықты деиді. шегіндіре тықсырып барып, әуелгі бекінісіне оралады. бұл кезде темужін жорық арбаларын басқа бір тұсқа жылжытып, қосалқы, жаңа шеп орнатады. жаппай шабуылға шыққан найман-меркіт-тайжуыт-ойрат қосындары берік қорғанысты бұза алмапты. ақыры, оң хан мен темужін де қарсы ұмтылады. «қәстерлі шежіре» бойынша әліптесек, екі жақ әуелі сай жебелерін төгіп, содан соң қылыш айқастыра қидаласып кетті, бірін бірі тықсырып, өрден ойға түсті, одан соң қайтадан лықсып, ойдан өрге шықты, қатарын түзеп, қайыра шабысты деиді. міне, осы алмағайып кезеңде бұйрық хан мен құтұқа бек өзгеше бір амалға жүгініпті. әлде шын, әлде лақап, ескі ұғым бойынша, күн жәйләтәтін «жады тас» деген болады. рәшид-ад-динның айтуынша, бұл өзгеше тасты дәулескер бақсылар дуа жасап, жауын-шәшін шақырып тұрып суға салады екен. міне, бұйрық хан осындай, көлденең кереметке үміт артқан. тілегеніндеи-ақ, көп ұзамай қарлы жаңбыр төгіліп, арты ұйтқыған боранға айналады. бірәқ бәрі керісінше. жау бетіне емес. өздерінің қарсы алдынан. бет қаратпаған ызғарлы бөрәнмен астасып, жаңбырша жауған жебе найман, тайжуыт, ойрат жасағын жусатып салды деиді. одан қалғаны аттары тайғанап жығылды, омырылып құзға құлады, одан аман шыққанын үсік шалды деиді. әсіресіз айтқанның өзінде мұзды боран ықтырған, болат жебе қуалаған қалың қолдың үлкен шығынға ұшырап, ту-талақай болуы анық. сол кездегі ұғым бойынша, көк тәңірісі шыңғыс ханның жағында болып шықты. бәлкім, шінімен-ақ дәп солай.

күн ауды ма, кеш түсті ме, арттағы қаншама әскерімен жамұқа гөрхән да келіп жетеді. майдан даласы тып-типыл. бұл кезде боран тыншыған тәрізді. бірәқ ендігі ұрыстың мәні жоқ. бастапқы жеңіліс айықпас апатқа ұласпақ. жамұқа-шешен ұрысқа кірмеген қалпы, өзіне тікелеи қарасты әскерімен бірге кеиін шегінеді. бірәқ тегін кетпеген. ордалы қонысына қайтар жолда кеше ғана өзін хан көтерген туыстас руларды шауып, мол олжаға кенеліпті. бір күндік қуаныш. ақыр түбі жалғыз қалдырып, басын жоятын ғапыл іс. мұндай әрекетімен бірәз жұртты өзінен бездірерін білмеитін тасыр емес. тек ұсақ-түйек деп қараған. алда мәнді, үлкен шаруалар күтіп тұр. ақыл-айласы мол жамұқа-шешен ендігі өзгеше бір өрмек жәйін дәл осы күндерде кесіп-кеиіптеген сяқты.

темужінге тәңірінің өзі көмекке келген үлкен ұрыс күйтен деген жерде болыпты. кеиінгі зерттеушілер татар шегінен шүржен шегіне деиінгі бірнеше үйлес атауды тұспалдайды. оң хан мен темужіннің толы мен ұш-өзен айырығындағы ордалы жұртын жалаңаш қалдырып, шығыстағы бұйыр-норға, одан да асып, түстіктегі тұр-қорғанға деиін баруы қисынсыз. сондықтан біз саяшял қостаған, онан мен келүрен аралығындағы күйтенді мақұл көреміз.

тайжуыттың ең соңғы майданы

күйтен ұрысындағы жеңіліс нәтижесінде жамұқа гөрхән бастаған көәлится біржөлә ыдырайды. найман бұйрық хан қалған жұрттан бөлініп, түстік алтайдағы ұлы-тауға кетеді. меркіт тоқта бектің ұлы құду селеңгі, барғұжын-тоқымға ығысады. ойрат құтұқа бек сегіз-мүрен – кем аңғары, қалың тайғаға беттеиді. тайжуыт аушы-бахадұр онанның арғы бетіне өтеді. ал атаулы ұрысқа кіріспеген, барлық күш-қуатын сақтаған жамұқа-шешен арғұнның еңкеуімен, тайғанап жөнелді деиді.

жеңіске жеткен екі хан қашқан жаудың іңғәйімен екі айрылады. оң хан жамұқа-шешенді қуғындап кетеді, ал темужін тайжуттардың соңына түседі. мезгіл – қыстың басы, қараша-желтөқсән, милади 1202.

тайжуыт бірлестігі, қарауындағы барлық күшін топтап, қорғанысқа ыңғайлы көлденең қырқа үстінде бекініс құрып отыр екен. онан өзенінің сол жағалығы, тәрізі, төменгі ағыс. бұл – арыдағы үлкенді-кішілі қақтығыс, берідегі әрқилі аралас майданнан тыс, темужін мен тайжуыт бірме-быр, жеке шайқасқан екінші ұрыс болатын. осыған орай, «қәстерлі шежіреде» екі жолғы майданның араласып, астасып кеткен жағдайы да бар. біз рәшид-ад-дин деректеріне және оқиға ыңғайы, қәрекет қисынына сәйкес, мүмкіндігінше жіктеп, нақтылауға тырыстық. (бұл ретте негізгі кілтипән – тарғұтай-қырылтұқтың тағдырына байланысты. тайжуыт көсемі, бағзы бір заманда темужін деген жетім баланың жендеті бола жаздаған тарғұтай алғашқы, 1200 жылғы ұрыстан аман кетті. тағы бір тұста айтылғандай, қазаға ұшыраған жоқ. туасы әмірлерін тұтқындап, содан соң темүжін далайханға жеткізбеи, орта жолдан босатып қоя берген – шіргету-ебуген ұлдары алақ пен наяқ. тарғұтай-қырылтұқтың бұдан кеиін, 1201 жылғы шеткері құрылтайда жамұқаны гөрхән көтеруге қатысқанын ескерсек, оның келесі жылғы соғысқа араласуы да күмән туғызбайды. оқиғалардың орайлы тізбегіне қәжетті дәйектеме ретінде айтып отырмыз.)

сөнімен, тарғұтай-қырылтұқ, аушы-бахадұр, қодұн-оршаң бастаған тайжуыт қауымы өліспеи беріспес ұрысқа сайланып, берік шеп құрып отыр екен. темужін жасағы бірден шабуылға шіққәнімен, еңсеріп кете алмайды. алыстан атыс, жақындағы жағалас екі жаққа да ауыр шығынға түседі. кезек ырғасып, жеңісе алмай, әбден діңкеледі деиді.

бұл күннің ең басты оқиғасы – тарғұтай-қырылтұқ пен жылауқан-бахадұрдың жекпе-жегі болды. атаулы жекпе-жек те емес, жалпақ ұрыс үстінде беттесіп қалған төтенше айқас.

тарғұтай-қырылтұқтың жасы есугеи-бахадұрдан кіші, асса тетелес қана болса керек. бұл кезде біршәмә жерге келген, тәрізі, алпыстың ішінде. бірәқ ат үстінде өскен далалық жәуінгер, қайраты қайтпаған. тумысынан зор денелі, ержүрек, еңселі кісі екен. ал жылауқан-бахадұр қаншама шымыр бөлғәнімен, орта бойлы, тәрғүтәймен салыстырғанда шарқы көрінген. екеуі жаппай топыр кезінде қарама-қарсы келгенде, жылауқан тарғұтайдың кіндігінің астынан найза ұрады. бірәқ сүңгісі берен сауытқа өтпеиді, ал өзі кереғәр екпінге шыдамай, атынан аударылып түсіпті. найзасы да қолынан шығып кетеді. ұштығы береннің жапсарына ілініп үлгерген найзаның сабы жерге тіреліпті. тарғұтай ат үстіндегі қарқынын баса алмаған күйі, сүңгіге шаншылған екен. сауытын қақ айырып, шабын жарып шыққан. сонда жерге жығылып жатып, жан тәсілім алдында айтыпты: «мен жау қылышы жүрегімді қақ айырып өтсе де өлмеспін деуші едім. енді міне, өзімнің есігімдегі құлым сорқан-шираның ұлы, бойы қамшының сабындай ғана жылауқан беибәқтің, толғап ұра да алмай, қолынан түсіріп алған найзасына шалындым. дәлдүр ажалдың осындай сорақысы бұйырды…» – депті.

кеш бата ұрыс тоқталады. ертең қайта жалғасуға тиыс. алайда, таң атқанда қараса, тайжуыт жасағы түнде шебін тастап, тұп-көтеріле қашып кеткен екен. десе де, біршәмә қауым – әлде дүрмекке еріп үлгермеген, әлде темужінге құлдық ұруға ниет еткен қаншама жан жұртта қалыпты. азамат соғысы басталғаннан бергі үйреншікті жағдай. бұлардың бәрі де жеңімпәз жаңа ұлыстың құрамына қосылуға тиыс. кеибірі тең құқықты бодан есебінде, көпшілігі құл-құтан, қізметші, малшы-жалшы ретінде. енді біреулер кешірімнен тыс, жазаға тартылып, басын жоймақ.

темужін осы кіріптәр жұртты байқастап шыққан. кенет әудем жерден, өзінің атын атап айқайлаған дауыс естиді. беткеиде тұрған, қызыл шапанды әйел екен. «темужін! темужін, мұнда, мұнда келе гөр…» – деиді шырқырап. темужін бұл неткен жан деп, кісісін жібереді. «мен сорқан-шираның қызы қадаған болам. мұнда жасауылдар күйеуімді өлтіргелі жатыр. темужінді шақырғаным – араша сұрауым», – депті әлгі әйел. баяғы тайжуыт тұтқыны кезінде үйіне келіп жасырынған темужін балаға сусын, тамақ беріп күтетін, жанашырлығы мол қадаған қыз ғой. бүгінгі темужін далайхан ести сәлісімен солай қарай шауыпты. қадағанның қасына келіп, аттан түседі. екеуі құшақтасып көзікті деиді. енді қадағанның күйеуінің жағдайын сұрастырса, жасауылдар әлгінде ғана өлтіріп жіберген екен. өткенге амал жоқ. темужін бақытсыз қадағанды жұбатып, кешкілікте арнайы шақыртып, қасына алды деиді. сірә, көңіл берген. қадағанның бұдан соңғы тағдыры жөнінде мағлұмат ұшыраспайды. анығы – заңды қатын болып ордаға кірмеуі. сірә, құма – төсектес әйел ретінде қатарға енсе керек, ол замандағы әдепкі жағдай және ханның құмасы атану – кемшілік емес, мәртебе.

тозғындаған тайжуыт жасағын қуа шыққан темужін әскері тағы қаншама жанды жер жастандырады, қаншама адам ерікті, еріксіз тұтқынға түсіпті. басты кісілері түгел қазаға ұшырайды.

осы, онан бойындағы екінші ұрыс нәтижесінде тайжуыт тайпа бірлестігі тақи-таза ыдырады. тайжуыт аты тарихтан өшіпті.

ажал аузында

тәйжуітпен ұрыстың алғашқы күніне қайтып оралайық.

теке-тірес майданның толастар шағы, сыңайы, күн еңкеиген, кеш түспеген беюәқтә темужіннің мойнына болат масақты қу жебе қадалады. тым алыстан атылған, әлсіреп жеткен, бірәқ нысанасын дәл тапқан қанды жебе. масағы уға суғарылған ажал оғы…

ізінше, кеш бата ұрыс-қағыс тоқталды. екі аралық шағын өзен болса керек. тайжуыт – қырқа бетте, темужін жасағы ойда. екі жақ та ертеңгі шайқас алдында тыным табуға тиыс. енді темужін – болашақ шыңғыс ханның өмір мен өлім арасындағы арпалысы басталады.

оқ тиген соң көп ұзамай-ақ талықсып кеткен екен. қол-аяғы суынып, дірілдеп, қалшылдап, аса жәйсіз хәлге түседі. басында отырған ескілікті серігі желме-ноян бірден-ақ жараның аузын сорып, удың зәрін ішке жібермеуге тырысыпты. қанды жалай ұрттап, аптыға жерге төгіп, кеиде амалсыз жұтынып, мүмкін болған бар амалын жасайды, жан адамға сенбеи, бар шаруасын жалғыз өзі атқарды деиді. түн жарымында шыңғыс хан есін жиып, көзін ашады. «қаным кеуіп барады!..» – депті. қыс ішінде қымыз жоқ, желме тақау тұрған арбадан, әлде қасындағы қанжығадан алған сүзбені суға шылап айран қылып, шаран-әяғімен темужіннің аузына тосыпты. («қәстерлі шежіреде» бұл сусынның жәйі өз алдына бір хикәя. желме ақ атаулыдан ештеңе таба алмай, бар киімін тастап, қарсыдағы тайжуыт әскерінің тұрағына өтіп, қаншама машақаттан соң бір торсық айран алып келеді. епөстіқ жырға тән әсіре. нөкердің жәнкешті адалдығын әйгілеу ғана. темужін мен желме ай далада жалғыз қалған жоқ, төңірегі қалың әскер, тайжуыттың арбасынан әрең табылған айранның неше атасы мұнда да бар.) темужін аузына тосылған айранды құныға жұтып, үш бөліп ішті деиді. әрі шөл қандыратын, әрі удың ызбарын қайтаратын аққа қанған соң мүлде дерлік оңалыпты. «ішім шырадай ашылды ғой!» – депті. содан соң жан-жағына қарап, төгілген қанды көреді. желменің тиесілі әңгімесін естіп, өзінің қандай хәлде болғанын, ажал алдына барып қайтқанын кәміл аңдапты. әуелі желмеге алғыс, ризашылық, содан кеиін өзін осы кең дүниеге арнайы бағыттаған, үнемі желеп, жебеп, қорғап, қолдап жүретін көк тәңірісіне дұға. осы қысылтаң қәтерден аман қалған соң тәңірі сыилаған айрықша тумысына деген сенімі арта түссе керек.

жебе-ноян

жорық шатырын майдан даласына тіккен темужін атаулы жеңістің екінші, әлде үшінші күні, ежелден еңселі, жәуінгер, соншама заманғы тайталас дұшпан, енді барлық қуатынан айрылып, жер болған тайжуыт бірлестігінің кіріптәр тұтқынға түскен барлық аламанын алдына келтіреді. кекті жұртты нендеи жаза күтіп тұр? кешегі татар сяқты түгелдеи қырып салуы да ықтимал. әйтпесе, бірәзінің басын алып, бірәзінә кеңшілік жасай ма. оның үстіне [мойындағы орамына қарағанда], өткен шайқаста қәтерлі жарақат алғаны анық аңдалады. қәйткенде де ауыр, сын сағаты.

кенет темужін: «өткен ұрыс үстінде, тайталас, жағалас кезінде тау басы, биікте тұрып, менің ақауыз құла арғымағымды көзеп атып, қылша мойнынан жаралаған кім?!» – деп сұрайды.

бұл сөзді кеиінгі әр тарап зерттеушілер әрқилі саққа жүгірткен. біреулері шынында да оқ тиген – ақауыз құла деиді. енді біреулері шыңғыс хан да, оның басқа бір батыр сұрап мінген тұлпар аты да жараланған, екеуі екі реткі майданда болса керек деиді. тағы бірі – шыңғыс хан өзінің ұрыста жарақат алғанын жасыру үшін осылай айтқан депті. иә, сөз мәнісін дәл тапқандар да жоқ емес. шындығында, темужін: «мені атқан кім?» – деп, тоңқ еткізіп сұрамас еді. ханның мәртебесі төмендеп қалмақ және мұндай, тікесінен қойылған үреилі сұранысқа жауап табу да қиын. арнап атқан мерген онсыз да өзінің нысанасын жақсы біледі. сондықтан тиесілі сұрау жөні де тұспал арқылы.

«менің ақауыз құла арғымағымды көзеп атып, қылша мойнынан жаралаған кім?!» бұл ишаралы сөзде сауал ғана емес, таңырқау мен сүйініш те бар. жебе соншама алыстан келген ғой. және дәл тиген.

сонда руы бесүт, жұрғадай деген аламан алға шығып: «тауда тұрып садақ тартқан мен едім…» – деиді. содан соң айтыпты: «егер хан ием мені өлімге кессе, обалым жоқ, жер жастанамын да қаламын…» тағы да айтады: «керісінше, хан ием рақым етіп, жанымды қиса, қізіметіне жегіліп, адал нөкер боламын!..» «қәстерлі шежіре» бұл сөзді әсірелеп, епикәліқ көтеріңкі әуенде жалғастырады: «егер ғұзырыңа алсаң, батпақты басып өтем, жылымды жалдап өтем, қара тасты қақ айырып, көк тасты күлге айналдырам, жауласқан жұртыңды жәйрәтіп салам!..» – депті.

сонда темужін меилінше риза болып, кеңшілік жасады деиді. «арамза адам барлық бықсығын ішінде сақтайды, сыртқа сызын шығармайды. ал мына қапысыз мерген көлденең куәліксіз-ақ басын қәтерге байлап, анығын айтты. мұндай кісінің сөзі берік, ісі тянақты болады», – депті. «сенің атың жұрғадай екен, бұдан былайғы есімің – жебе! ғәжәйіп мергендігің үшін, қайтпас ерлігің үшін жебе атанасың!» – депті.

осы арада қалған жұртқа да кеңшілік жасап, өзінің жәуінгер жасағына қабылдаған сяқты. татар қырғыны шендес апат аталмайды.

ал жебе-ноян шыңғыс ханның туы астында өзгеше талайын танытады. төменнен көтеріліп, көп ұзамай-ақ ең үлкен биікке жетеді. даңқты тұлға, жеңімпәз қолбасы. қытай жорығы, жетісу жорығы, хөрезм майданы, қапқаз ұрыстары, дәшті-қыпшақ шапқыны, ең ақыры қалқадағы орыс, еділдегі бұлғар шайқастары – шыңғыс ханның көзі тірісінде өткерілген, жеңістен жеңіске жалғасқан алапат соғыстардың ең басты қаһарманы. өз тұсындағы озықтарды ішіндегі біріншісі болды. батыс оқымыстылары «кәвәлеря тарихындағы ең үздік генерәл» деп бағалаған.

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: