|  | 

Жаһан жаңалықтары

АҚШ-Талибан бейбіт келісімі бекітілуге шақ тұр


Мулла Абдул Ғани Барадар (ортада) бастаған Талибан делегациясы келіссөзден шығып кeледі. Мәскеу, 30 мамыр 2019 жыл.

Мулла Абдул Ғани Барадар (ортада) бастаған Талибан делегациясы келіссөзден шығып кeледі. Мәскеу, 30 мамыр 2019 жыл. 

2001 жылғы қыркүйектің 11-і жасалған терактілерден кейін АҚШ-тың кәріне ұшырап, Ауғанстандағы билігінен айырылса да, Талибан саяси ойыншы күйінде тұр.

2010 жылғы күзде АҚШ өкілдері Германияның Мюнхен қаласында Талибанның жас өкілімен құпия кездесті. Таиб Аға есімді содырлар тобының саяси қанатының мүшесі АҚШ дипломаттарына соғысты аяқтау туралы жол картасын көрсеткен. Бұл АҚШ-тың Талибанмен бірінші мәрте жолығуы емес еді.

АҚШ бастаған Батыстың әскери коалициясы 2001 жылы Талибан режимін құлатқалы бері содырлар Вашингтонмен қарым-қатынас жолын іздей бастаған. Екі жақтың әскери жетекшілері жүздескен. Бірақ 2010 жылы Германия арағайын болған кездесу қақтығыс үшін маңызды сәт еді.

- Бірінші рет Талибан мен АҚШ саяси мәміле қылуға байыппен кірісті, – дейді президент Барак Обама әкімшілігінің Талибанмен келіссөзіне қатысқан бұрынғы дипломат Джаррет Бланк Азаттыққа. – Сол кездің өзінде-ақ жұрт соғыста жеңіп шыға алмасымызды білген.

Бірақ осы аралықта АҚШ-Талибан диалогынан түк шықпаған. Екі тарап бір-біріне сенбеген, мүмкіндікті пайдаланбаған, Ауғанстан үкіметі қарсы шыққан және содырлар ұйымының екі жетекшісі қаза болған.

Сонау алғашқы құпия кездесуден бері он жылға жуық уақыт өтті. АҚШ пен Талибан Американың ең ұзақ соғысын аяқтау бойынша тарихи келісім қылуға шақ тұр.

Талибан содырлары Кандагардағы полиция ғимаратына шабуыл жасаған сәт. 18 шілде 2019 жыл

Талибан содырлары Кандагардағы полиция ғимаратына шабуыл жасаған сәт. 18 шілде 2019 жыл

Бұл келісімге сәйкес Ауғанстаннан шетелдік әскердің бір бөлігі шығарылады, ал Талибан елдің терроршылар мекені болып кетпеуіне кепіл береді. Бітім бойынша содырлар Батыс қолдайтын Ауғанстан үкіметімен саяси татулық пен оқ атуды біржола тоқтату туралы жеке келіссөз жүргізеді.

“​ҚАТЕЛІК”

Жылдар бойы АҚШ Кабулдағы үкімет пен Талибан арасындағы келіссөзге ауған тарабы жетекші һәм мұрындық болсын деген саясат ұстанып келді. Бірақ Талибан мемлекет өкілдерін заңсыз көріп, келіссөзден бас тарта берген соң бітім қылу процесі тоқтап қалған.

- Сол жылдары АҚШ пен Талибан мәселелерін әуелі өзара талқылауы үшін кезең-кезеңімен жүретін процесс туралы келісіп алмау арқылы қателік жасадық, – дейді 2009-2015 жылдардағы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы уәкілі Ричард Холбруктың аға кеңесшісі болған Бланк.

- Түптің түбінде ішкі ауған келісімі жасалуы керек еді. АҚШ пен Талибан арасындағы жанжалды реттеу қажет болды. Ол міндетті Ауғанстан үкіметіне арта сала алмадық. Талибан бәрібір келіспес те еді. Олар Ауғанстан үкіметі біздің әскердің атынан сөйлеу алмайды деп ойлады, – дейді бұрынғы дипломат.

Залмай Халилзад АҚШ-тың бітім қылу бойынша арнайы өкілі болып тағайындалғанда саясат өзгерді. Халилзад ауған үкіметін қатыстырмай Қатарда АҚШ-Талибан тікелей келіссөзін бастады.

Ауған үкіметі бітім процесінен тыс қалғанына қатты ашуланып, қарсылық танытты. Бірақ ең маңызды бір жайт – Халилзад АҚШ пен Талибан келісіп жатса да, ішкі ауған келіссөздері басталмайынша және оқ ату тоқтамайынша келісім жүзеге аспайтынын мәлімдеді.

- Бәрі келісілмейінше, ештеңе шешілмейді, – деді Халилзад.

ОСАЛ ТҰСТАР

АҚШ-Талибан келіссөзінің 8 раунды тамыздың 12-сінде аяқталды. Екі жақ техникалық детальдарды нақтылап, ықтимал келісімді жүзеге асыру механизмін жетілдіріп жатыр.

Келісімнің жалпылама нобайы туралы америкалық баспасөз жан-жақты хабарлап тастады. Құжатта барша шетелдік әскерді екі жыл ішінде шығару, аймақтардан шетел әскері шығып жатқанда атысты бірден тоқтатпағанмен шабуылды азайту, Талибанның Ауғанстанды терроршы топтардың мекендеуіне жол бермеуі туралы баяндалады.

Өткен апта Халилзад барып-қайтқан Норвегия астанасы Ослода ішкі ауған келіссөздерін бастау бойынша қызу дайындық жүріп жатыр.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан мен АҚШ-тың ауған келіссөзі бойынша өкілі Залмай Халилзад (сол жақта). Исламабад, 1 тамыз 2019 жыл

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан мен АҚШ-тың ауған келіссөзі бойынша өкілі Залмай Халилзад (сол жақта). Исламабад, 1 тамыз 2019 жыл

 

Келісім нұсқасына сәйкес бітім жасалғаннан бастап үш ай ішінде тұтқынға түскен 13 мың Талибан содырының босатылуы тиіс болады. Құжатта “бітімнен соң құрылатын исламдық үкімет” туралы жазылған. Бұл сөз республикалық басқару жүйесін таңдаған қазіргі үкіметті алаң етті. Келісім-шартта қыркүйектің 28-і өтеді деп белгіленген президент сайлауы туралы сөз жоқ. Көптеген ел тұрғыны сайлау я кейінге қалады, я мүлдем өтпейді дегенге бейіл.

Ауғанстанда АҚШ Талибанның ыңғайына тым қатты жығылды деген қорқыныш бар. Тұрғындар елден тез шығу үшін Вашингтон бейбітшілік бойынша бітімді емес, кету туралы келісім-шарт бекітіп жібере ме деп алаңдайды.

- Бейбітшілік әпермейтін бейбіт келісім-шарт жасау қаупі бар. Көп жайт АҚШ-тың қалай қимылдайтынына, әскери ықпалын қалай пайдаланатынына қарап тұр. Ахуал ауғанстандық партиялардың, ішінде ауған үкіметі де бар, ішкі келіссөзді қалай жүргізетініне тәуелді, – дейді Бланк.

Вашингтондағы Atlantic Council ұйымының аға зерттеушісі Джавид Ахмад АҚШ-тың алдағы келісім-шартта бірнеше кінәратты дұрыстауы керектігін айтады.

- Оның ішінд АҚШ-тың ішкі ауған келісімі бекітілген соң барып елден шығуы туралы шарт кіргені ләзім, – дейді ол.

Сарапшы АҚШ әскерінің шағын бір бөлігі ұзақ уақыт Ауғанстанда қала тұрмаса, келісімнің қалай жүзеге асатынына қатысты алаң туатынын айтады.

Ол Вашингтон 13 мың Талибан содырын босатқанда сақтық қылып, бостандыққа шыққандардың қайта экстремистік топтарға қосылып кетпейтініне көзі жетуі керектігін айтады.

- Келісімді жүзеге асыруға емес, қағаз жүзінде бекітуге көп күш салынды. АҚШ қол қоюды, Ауғанстан үкіметі қол қойғаннан соң не боларын ойлап отыр, – дейді сарапшы.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: