|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Тарихыңды тани біл (яғыни Абақ Керейдің 12 руының ноқтағасы Ителі руы жайында)

Байахмет Жұмабайұлыi

Тарих – әсте кешегіні аңсау емес, керісінше еске алу. Яғыни бабалар ізіне үңілу, бүгінгі бейбіт елдің кешегі тарихына көз жүгірту. Ендеше мынау бейбіт заман өткенімізге орай жаратып бергін абзалдылығына шынайы рахымет айтамыз. Біз ұлттар ара, рулар ара берекеге мән бере отырып, Қазақ тарихының ұсақ деталы болған рулық шежірені зерттеп анықтау, осы арқылы, ұлт, отан тіпті дүние тарихына өз есемізді қосу деген мақсатты алдыға ұстаймыз.ea1fba229814d8adeb999ac9fff9df
Айырықша ескертеріміз: «зерттеуіміздің жеткен жері осы» дегендік емес, бұлар тек көзқарас. Әр дәуірдегі жазылым, айтылымдардан алған дәлелдер ғана. Енді бір рудан озу, биіктеу деген ойдан аулақпыз. Әрбір ру өзінің тарихына осылайша үңілер болса, мүмкін, ұлт тарихының негізі қаланар дегенді ескере кетпекпіз.

Материялдық деректер
44800600_347217396044330_3446336165482463458_n-310x310
Кеңесті арыдан бастауға тура келеді. Ойткені оқырман үшін ұғынықты болуға ежелгі материялдық деректер әрине қажет. Мүмкін, дәп басып айта алмаса да ескеруге, пайдалануға болатын тарих жатқандықтан, бұлайша тоқталуға тура келеді.
Халқымыздың тарихы қытай халқының «ханнама», «тарихнама» сияқты ежелгі тарих бумаларынан анықталып, жұрт жүрегіне қонымды зерттеулерге ие болып отыр. Ендеше осы арқылы Ителі руының пайда болуын материялдық деректермен анықтап көрелік.00002095
Әуелі Теле, Телі тайпасының атымен байланыстыра зерттегеніміз жөн көрінеді. Қытай жазбаларында «Чуәнроң»(犬戎) деген ертедегі елдің аты бар. Мұның мағынасы – «Ит телі» деген сөз. Бұл тайпа ерадан 1000 жыл бұрынғы «Жоу» патшалығы заманынан бастап қытайша жазбаларға түскен. Жаңа ерадан бұрынғы 771 жылы осы «ит телінің» «жоу»( 周) патшалығы жеріне басып кіргені жайлы деректер бар. «Бұл ел батыс жақта кең далада арлы-берлі көшіп-қонып жүреді, мал шаруашылығымен шұғылданады, Аң-құс атып жейді, итке табынады, өте жауыз келеді, Елді тонағанда шиебөріше шабады. Ғұндардың бір тармағына жатады, ғұн ішінде күшті ру. Адамы да, жері де көп. Әсіресе ақ ит пен ақ қасқырға өлердей табынады.» деген деректерді айта келіп, «бұл Ителі өз ішінен он екі руға бөлінеді» деп сол кездегі жер атымен байланысты он екі рудың атын атайды. Бұл ру аттарының артына түгел «犬» (ит) сөзі жалғанған. Ал «таң»( 唐) хандығы заманына келгенде бұл Ителі тағы да ауызға алынады да: «қырылып бітбеген, түтін саны шамамен 600 мыңнан асады» делінсе, тағы бірде: «Ителі үйсіндермен түбі бір ел» дейді. Біз бұл деректерден ғұн және түрік тайпаларында итті төтем еткен ел болғанын, олар төтеміне қарай «Ителі» атанғанын көре аламыз. «жоу» патшалығы заманынан 1500 жыл кейінгі «таң» патшалығы заманы түріктер тарих сахнасына шыққан заман. Ол кезде Ителі түріктердің бір тармағы болған делінеді. «нүрилаһ» деген шығармадан Қаһарман Мұқанұлы қатысты деректерден ситат ала келіп: «Ителі мен итеңмен көкбөрі төтемінен пайда болған» деген деректі айта келіп: «бұл ерте заманғы көк бөріні төтем тұтқан ғұн, түрік тайпаларының бүгінгі қазақ ішіне сіңген тұқымы екенін білдіреді» дейді.55417577_1266609525_Ashina
Қытайдың «таңнама», «ханнама» жазбаларнда: «ғұндар жауынгерлерін бөрі деп атайды, олар бөріні тәңір деп сенетіндіктен жалауларына бөрінің бас суретін салады» деген деректер кездеседі. Сонымен қатар «түріктер бөріден туған он күшіктен туған» деп он оқ бүдүн елін айтса, түріктер сол ғұндардың ұрпағы екенін де жазған. Үйсін Күнби Елжауды көк құртқа емізіп, асырағаны туралы аңыз жалпыға таныс. Ал, қазақ батырлар жырларында «бөрілім менің байрағым, бөріні көтерсем, қозады менің айбарым…» деген жыр жолдары айтылады. «оғызнама» кітабында оғызхан «көкбөрі ұран болғай» дейді. Бұдан оғыздардың ұраны «көкбөрі» екенін білуге болады. Мысалы, Орақ Мамай жырында Мамай өзін: «көк арланның көзімін, өшпенді жаудың өзімін» дейді. Ол өзін киелі тектен санайды. Ал «Қобыланды жырында» Қобыландының әйелі «Аққұртқа» деп аталады. Бұл ұрғашы бөрінің аты болып, осы күнге дейін қолданылады.
Кейде ру аттарының жер аттарымен байланысып жататыны шындық. Мысалы еділ өзіні бірде «итыл» деп жазылса, бірде «итіл» деп жазылған. Еділ өзенінің бойында «итыл» атты қала да болған. Мұны түрік тайпалары тұрғызған. Кейін түрлі халықтар аралас қоныстанған.1511454230128091080
«Қазақ совет энциклопедиясының» №3 кітабында «Еділ өзенін орыстар Олга деп атайды, түрік тілдес халықтар Итыл немесе Еділ деп атаған» десе. Осы кітаптың 280 бетінде: «Махмұт Қашқаридың еңбектерінде Итілік деген түрік тайпасының қыруар иті болған. Сондықтан оларды ешкім жеңе алмаған. Осы тайпаның түрік тілінде сөйлегені анық» деп дерек береді. Ал енді «оғызнама» жырында да «итыл» деген жер аты айтылады. Сөйтіп «итыл», «итіл», «едік», «итілік» деген сөздер ұқсас бір атау екені өз-өзінен білініп тұр.
Тағы да орыс деректерінде орысша бұл тайпаның «имек», «янму» деп тарихқа түскенін, бұлардың 652 жылы Ертіс алабын мекендегені, түтін саны 50мыңдай түрік тайпасы екені айтылады. Бұл «қытай» жазбаларындағы айтылымдарға да сәйкеседі. Бұл деректемелер «Қазақ Совет энциклопедиасының» и әріпті бөлімінде берілген.scale_600
Ителі руының арғы тегі «телі»(铁勒) тайпасының тарихымен тығыз қатысып жатқанын байқай аламыз. «қытай» жазбаларында «телі» тайпасы түріктердің бір тайпасы, ежелгі ғұндардың ұрпағы ретінде қолданылғанын да айтады. «сүй»( 隋) патшалығы кезінде телелер өз ішінен 9 тайпаға бөлінетіні айтылады. Бірақ рулар аты толық жазылмаған. Аталған теле руларының ішінде «Байлау» руының және «Хуйгы» (回纥) руының аты бар. Осы «Хуйгы» руын «Қойлау» деп білуге болады. Бұл тайпа «Хуйгу» деп те жазылған. Бұл «Қойлау» дегенге дәл келеді. Осы деректе «Телі» тайпасының «Қолау» руы 630 жылы ұлкен хандық орынға шыққандығы айтылса, қазақ шежіресі Ителіні қойлаудан таратады. Ертеде Қойлау мен Байлаудың екеуі де Телі руы аталғаны даусыз. Қазақ шежірелерінде Қойлау мен Байлауды бір адамның баласы етіп көрсетеді. Міне бұл қытай жазбаларындағы Қойлау мен Байлауды Телі руы деп атағанымен қабысып тұр. Сондықтан да кейін келе телі атауы тек Ителінің атында ғана сақталып қалғаны тәрізді. Бұдан Ителі атауының телі тайпасымен тығыз қатысып жатқанын, Ителі дегеніміздің өзі телі тайпасы болып шығатынын бір қырынан спаттайды.scale_600-4
Телі немесе Теле руы қытайша деректерге «Шыңтелі» болып та жазылыпты. Бұл атау «Ителі» деген сөздің дыбысталуына тіпті де жақын. Ендеше біз зерттермендер назарымен қарар болсақ, бұл жөнінде белгілі зерттеуші Әбілез Қамызаұлының «Әлмисақтан» еңбегінің 26 бетінде ит жайында тоқтала келіп: «Ирандықтар итті сак дейді екен. Өздерімен көп жауласқан ғұндардың көшпенді тайпаларын олар кемсітіп «сақ» деп атаған сөз бар» десе, осы кітаптың 27 бетінде «неге табынса, нені төтем тұтса ол кездегі адамдар соны шыққан тегіміз және қорғаушы, жарылқаушы иеміз деп білген. Ит-құсқа табыну тағылық заманның басқы кездерінде басталған болуы керек. Байырғы ру-тайпалардың кейбіреуінің «Итыл», «Ителі», «Ителмен», «Итемген» т.б. аталуы да осыған байланысты деуге болады. Сондықтан Сақтардың «Сақ» деп аталуын ирандықтардың итті солай атайтындығын түсіндіргеннен гөрі бұл атаудың ирандықтардың сөздік қорында ит мағынасында сақталуының өзі ежелгі «сақ» тайпаларының ирандықтардың етникалық құрамында болғандығымен түсіндірген жөн сияқты» дейді.scale_600-3
Ал, Қадыр Жұмақанның Телі тайпасы жөнінде былай бір ситат келтіргені бар еді:
«Күлтегін» деген 7 ғасырдың айғағы. Бұрын сол 7 ғасырда итке табынған теле тайпасы деп анау маңгі таста жазулы тұр. Сондықтан Телі тайпасы тура жаңағындай ұзақ тарихқа ие.
Моңғұляның 2009 жылы «дастан» баспасынан шыққан «Алтайым алтын бесігім» атты кітаптың 63 бетінде Ителі елі жөнінде былай дейді:
«Тағы бір басқа уәжке жүгінсек, Ахметалының бірнеше баласы болған. Солардың біреуі Көкбұлақ екен. Ителі руы сол Көкбұлақтан тарайды. Көкбұлақтың сәби кезінде анасы екі баланы тел қозыдай көріп емізіп өсірген екен. Арада екі бірдей баланы емізгенде сүт келмеген соң екі теліге еміреніп: «иі, иі, теліге иі» деп көзіне жас алады. Бұны көрген ауыл адамдары балалардың қамын ойлап: «иі, теліге иі» деп жалбарынып, тілек тілеген екен. Осылай Ахметәлінің баласы Көкбұлақ өсіп-ержетеді. Аса ақылды болады. Көкбұлақтың ел бастаған кезі екен. Содан «баяғыда шешесінің омырауына тоймайтын телілер қайда? Сондағы өзіміздің: «иі, иі, теліге иі» деп теліген ұлымыз осы Көкбұлақ емес пе?» дегенді естігендердің көңілі көншіп: «бұл баяғыдағы иітелінің ауылы екен ғой» деп, содан «иі, иі, телі» атанған екен» деген аңыз айтылады.scale_600-1
Тарихи деректерді тереңірек зерттеген кей пікірлерге жүгінер болсақ та «Сауыр» атауы моңғұлар бұл жаққа келген 13 ғасырдан көп бұрын қалыптасқан. Сауырды 6 ғасырдың өзінде түркі тектес Телі тайпасы мекен еткен, содан телі атауы Ителі руының атында сақталған» деген екен Жайсаң өңірінің тарихи кітабында.
Міне, бұның бәрі тарих. Әрине, оқырман санасында болатын қазыналы тарихтарымыз. Десе де ерекше есте болар: Шежіре халқымыздың рухани құндылығы. Себебі ататекті Европа елінде ең текті, ақсүйек, инабатті адамдардың ұрпағына жалғастыратын болса, Ал, біздің халқымызда бұл ұлттық дағдыға айналған. Сондықтан да «тегін білмеу – тексіздік» деп қорта келіп, шежірені барынша мұқият, қанық сақтай білгендіктен. Қазырғы қазақ шежірелері құймақұлақ қарияларымыздың алтын кеудесінен бүгінге жеткен құндылықтарға ие жауһар деп танып, аялап, әспеттеуге хақылымыз.

kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: