|  | 

Әдеби әлем

ҚАРАБАЙ

Alash zyalilari Tarbagatayda

…Моңғолия қазақтары арасында аты аңызға айналған бір кісі өтті, есімі Қарабай,тегі (тек өзінің айтуы бойынша Найман) сойы беймәлім. Өте жұмбақ жан деседі.Төбесіне көтерген бір кеп жүгі бар,көбі кітаптар дейді. Келген жағы – Өр Алтай, Сарысүмбе. Арғы жағы көне Құлжаға қарай сұлбалап келген ізі жатыр. Түрлі аңыз, әңгімелер бойынша – Қарабай 1935 жылы Советтер тарапынан сталиндік саяси нәубет қудалауға ілігіп, ату жазасына кесілген құрбан. Содан Өр Алтайға қашып бас сауғалаған. Қасында Ғұбайдолда Садық деген жора – жолдасы болыпты. Дос болатұра екеуі үнемі қажақтасып жүретін көрінеді.
Бұлар Моңғолда Бердіқожа Жолтаев, Жағыпар Тінәлин қатарлы Қазақстандық топ ағартушылармен әріптес және солардан арнайы қолдау тауып Қобда бетіне екі дүркін келіп, кеткен. Қашып жүріп Құлжада, соңыра Дихуадан пана тапқан секілді. Алаш азаматтарымен Шарқий Түркістаншылдармен ағарту аясында тығыз байланыс жасап тұрақтайды да 1939-1940 жылдары қатаң бақылауға алынып,Сарысүмбедегі саяси азапты қамауда 1945 жылға дейін отырған. Қамауда болған кезінде – руы Молқы Нұғыманұлы Ардабай (1909 -1990) деген азаматпен абақтыда танысқан. Ардабайдың айтуынша 1942-1945 жылы қыркүйекке дейін түрмеде жүргенінде Қарабай науатқа от жағып, зынданды бараққа су тасушы екен.
Моңғолияның партизандар қосыны және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысымен бірлескен майданда 1945 жылы тамызда Сарысүмбені гоминданнан азат еткенде ол түрмеден бостандалған.Сол кезде 59-60 жас шамасында екен.Бұл жөнінде маған 90 жылдары көптеген партизан куәгерлер көп дәлелдеген.Әсіресе белгілі ақын Даниял Дікейұлы, Ардабай Нұғыманұлынан (Әзірахмет Күшікбайұлы да ертеректе айтып жүріпті) естіген дерек рас деп ойлаймыз. Қарбай 1945 жылдан 1963 жылға дейін Баян-Өлгийде 18 жыл бойы жалғыз басты әр жерде қона-түнеп жүріп 78-ге қараған шағында қайтыс болады.Көп елмен етене жақын сөйлеспейді кіді, албаты жандармен жуық араласпақ түгілі жанына жуытпайды, көбінесе найман Жарқынбайдың баласы Уатқанның үйіне барып түстенеді – міс. Жағалбайлы Рахымның әйелі Әтейімді (Көдебайқызы Қади апа) қарындасым деп жан тартып, жанашыр, қадір тұтады.
Зәрушілік үшін, ілкіде бір гәптік кітап ашып дем салатыны бар деседі.1948 жылы жәдік Қожамбетұлы Дөңтай молланың кенже қызы Шәмшия (1928-2010) Қарабайға тұтқиылдан жолыққанда: “…Ас көрмеген обырдай, ат көрмеген тобырдай” болып жүрміз деуі де тегін пенденің сөзі емес. Моңғолияның Халық әртісі Бақышқызы Қайжамал апам да Қарабайға өз үйінде талай рет шай қайнатып бергенін, ол кісінің өте кінәмшіл кірпияз болғанын айтады. Ел ішінде Қарекең өте сыйлы,киелі адам саналса да, тентек жас өспірім ұлдар оны қызықтап соңынан тас жаудыратын дейді.Сол кезден бастап, “…Қарабайда қатын жоқ, қараша үйде отын жоқ… ” деген төркінді сөзі ел ішінде тәмсіл болып жұрттың жадында қалған.Ойын балаларының одағай қылығына онша ренжімейді бірақ, кейде қатты назаланғанда қайран шайқы – “қазақта ұл туса – менің сорым…” деген аса қанатты сөзін қайталайды екен!? Сондағы сотқар ұлдардың көбінің көзі тірі.Қобда өзені тасып жатқанда қолындағы қоржын – қосқалаңын төбесіне қойып судан жүзіп өтіп кететіні де аңыз. Бейбақтың ақыретті сүйегін руы найман Әбікей Өрісбайұлы өз шаңырағынан арулап шығарады. Қарабай өлерінде менің құлпытасыма есімімді – “Мөржақып” деп мөрлеңдер деп өсиеттеп, өтінгендіктен болар өргешек тақтайшаға ескіше төте жазумен солай “Мөржақып 1885 -1963″ деп ойып жазылған дейді. Тақтайшаны бертін келгенге дейін зират басынан көргендер көп.Соңынан жоғалып кеткен. Енді баяғы кітаптары қайда көмілгені әлі беймәлім!? Қарабай соған қарағанда 1885 жылы Қазақ даласында туып 1963 жылы Баян-Өлгийде бақиға атанған. Жерленген жері – бүгінгі Өлгийдің шығыс түстігіндегі “Достық шыңына” өте таяу орналасқан көпбейітте.
Бәзбіреулер – “…Сұраған Рахметұлы – баяғы ауыс Қарабайды – Алаш Міржақып етіп жүр…” дейді екен. Мен ондай сөзді еш жерде айтқан жоқпын, алайда ойладым. Мүмкін…
…Кешкісін тынығуда ескі белгілеуімен осыны тауып алдым. Көргендерімді көгендеп, мөрлеуімнің себепкері – қыран көзді бейсауат, қыдыр сөзді кейқуат Қарабай (Мөржақып) туралы еді. Иә…

Сұраған Рахметұлы

Related Articles

  • Абайдың Мәшһүр Жүсіпке қойған сұрағы

    Тобықтының еліне сапарлап шыққан Мәшһүр Жүсіп бірер кісімен ақынның үйіне кіріп келгенде Абай оған әлденеше тосын сауал қойып: – Ақымақ басқа адырайып көз бітеді, дуалы ауызға сылдырлаған сөз бітеді. Келбетсіз емес екенсің. Айтшы, құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда? – депті. Сонда Мәшһүр іркілместен: – Абайдың құдайы қайда екенін білмеймін. Менің құдайым, міне, жүрегімде тұр. Жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ, ақымақ болса – тозақ, – деген екен. Абай сонда: «Мәшһүрім, десе дегендей екенсің, төрге шық» – деп құрмет көрсетіпті. *** Ақ неке Ұрпақ! Перзент! Жан біткеннің көкірегін әп-сәтте ізгі сезімге, мақтанышқа, қуанышқа толтыратын қайран жалғыз ауыз қасиетті сөз! Сенің атың да, затың да мәңгілік.

  • Бабалар сөзі:

    Тағбаш халқының алдауына сенгендіктен, Арбауына көнгендіктен, Інілі-ағаның дауласқанынан, Бекті халықтың жауласқанынан, Түркі халқы елдігін жойды …. Түркі бектері түркі атын жоғалтып, Тағбаш атын тұтынып … Міне, Түркі халқының жоғалу тарихы қайда жатыр? *** Араб басқыншылығы: Арабтар келгенімен тек келмеді, Бас болды ат артына бөктергені. Сынтастың жазуларын қырып тастап, Тарихқа қиянат қып өктемдеді … Кешегі ойма жазу орынына Жыландай ирелеңдеп әріп мінді, – З. Рүстембеков *** Еділді тартып алғаны, Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны, Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны, Ойдағысы болғаны, Қоныстың бар ма қалғаны? – Мұрат Мөңкеұлы *** Көшпенді ел қазаққа жер жоқ десіп, Қазақ жерін мұжыққа берді кесіп. Шариатсыз, низамсыз зорлықпенен, Ауыр тауды мойнына ілді тесіп …

  • Ескендір Зұлқарнайын, Лұқпан Хакім және Әпләтөн

    Платон менің досым – бірақ шындық бәрінен қымбат Аристотель   Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) заманында өмір сүрген екі ойшыл-ғұлама Әпләтөн (Платон) мен Лұқпан Хакім (Аристотель) туралы аңыз әңгімелерді бала кезімізде ауылымыздың көне көз ақсақалдарынан естуші едік. Батыс пен Шығыстың көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерін ауыл-аймағымыздың ардақты ақсақалы, «жиен ағамыз» Омар Сансызбайұлы Әбіл молда Қуанышұлы мен Садуақас Тұрабайұлының аузынан бала кезінде көп естігенін айтып отырушы еді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасов алғаш ескіше білім алып, алдын көрген Әбіл молдадан ұл бала болған жоқ, Хадиша есімді жалғыз қызы ғана болды. Соғыстан кейінгі жылдары Омбы облысының Любин ауданында Омар атамызбен бірге шаруаның малын бағысып қасында болған және аңыз-әңгімелерін тыңдап, көптеген ғибратты сөздерін

  • Мұхтар Мағауин. “Аңыз адам” журналына сұхбат 

      – Әмірхан, көпке мағлұм, өзің де білесің, мен сұхбат бергенді жақсы көрмеймін, өйткені өзім жазатын адаммын. Екіншіден, сұхбат алған адамдар сөзді бұрмалап жібереді. 1990 жылы Совет өкіметі құламай тұрып, Мәскеуден жаңадан шығып жатқан орыс газетінің тілшісі арнайы келіп сұхбат алды, бірақ сөзімнің бәрін басқаша бұрмалап жіберіпті, сонан кейін ешқайда «сұхбат бермеймін» деп шештім. Қазақтардан да сұхбат алғандар, менің әңгімемді тыңдағандар басқашалап жатады. Бұдан соң, жиырма бес жылдың ішінде екі-үш рет қана сұхбат беріппін. Саған көңілім түсіп отырғаны – қазаққа пайдалы, әрі танымал басылымға қызметке келіпсің, жақсы көретін, білгір інімсің, меселдең қайтпасын дедім. Оның үстіне, маған көрсетуге «Аңыз адам» журналының бірнеше санын әкеліпсің: Шыңғыс хан, Абылай хан, Абай, Шоқан, Әлихан

  • Таласбек Әсемқұлов. Сұлулықта ояну

    Осы, өлең деген не? Талғам деген не? Жаңа өрнек, жаңалық деген не? Кванттық физиканың пайғамбарлары С.Вайнберг, С.Хокинг, «Ғылым ақыр-соңында жаратылыстың барлық сырын түсіндіріп бере алатын біртұтас, бір ғана теорияға келеді» деген пікір айтады. «Осыдан кейін адам шын мәнісінде болмыстың әміршісіне айналады. Осыдан кейін біздің өркениетті ешқандай апат күйрете алмайды». Әр сөзіне жауап беретін ұлы ғалымдардың пікірі осылай. Мен де армандадым. Өнердегі түрлі ағымдарды, түрлі түсініктерді татуластырып, басын қосып, ақырында ешкім күмән келтіре алмайтын, мәдениеттің, өнердің барлық құбылыстарын түсіндіріп бере алатын бір ғана теория жасалса деп армандадым. Көп оқыдым. Ұққаным, әр ғасырдың, әр қоғамның, әр қабиланың өнер, мәдениет жайындағы өзіне ғана тән түсініктері болады екен. Жылжып уақыт өтті. Есейдім. Осы кезде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: