|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтандағы саммитке қатысады


АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл 20-23 тамыз аралығында Орталық Азия елдеріне ресми сапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Орталық Азиядағы бес елдің жоғары деңгейдегі жиынына қатысу. С5+1 деген атаумен белгілі жиын барысында Хейл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрліктері өкілдерімен келіссөздер өткізеді.

“Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму және қарым-қатынасты бірлесіп нығайту жайын талқылайды” деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті 19 тамызда.

С5+1 форматы 2015 жылы қарашада АҚШ пен Орталық Азияның бес елі арасында экономикалық интеграцияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешу мақсатында құрылған.

Бұған қоса Хейл Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерімен “екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестік және ғаламдық мәселелер бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынасты” талқылайды деп хабарланды.

Нұр-Сұлтандағы жиыннан кейін Хейл Ташкентке аттанады. Ол елде АШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Өзбекстанның лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екі ел арасындағы қауіпсіздік, білім және сауда қатынастарын дамыту жайын талқыламақ.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Бейруттағы жарылыс: Қаза болғандар артты, порт басшылығы қамауға алынды

    Бейрут қаласы жарылыстан соң, Ливан. 5 тамыз 2020 жыл. Бейрут портындағы ірі жарылыстан кейін іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, кемінде 135 адам қаза болған, шамамен 5 мың адам жарақаттанған. 250 мың адам баспанасыз қалған. Биліктің айтуынша, қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жарылыстан кейін ондаған адам із-түзсіз жоғалған. Құтқарушылар оларды үйінділер астынан іздеп жатыр. Ливандық LBCI басылымының жазуынша, үкімет жарылысқа кінәлілер табылғанға дейін порт басшылығын үйқамаққа алған. Ішкі істер министрлігі тергеуді бес күн ішінде аяқтауға уәде берді. Associated Press агенттігінің жазуынша, тергеушілер мән-жайды анықтау үшін жарылыс болған аумақты зерттей бастаған. AP мәліметінше, Ливанға гуманитарлық көмектің алғашқы легі де жеткен. Елді экономикалық дағдарыс жайлап, қоғам наразылығы өрістеген тұста билік жарылыстың салдарымен күресуге тырысып жатыр.

  • АЙЯ СОФИЯ НЕГЕ МҰРАЖАЙҒА АЙЛАНДЫРЫЛДЫ?!?

    Айя София айланасындағы дауға нүктені қою үшін оның 1934 жылы неліктен мұражайға айландырылғанын білмек ләзім. Бүгінгі ахуалмен өткенге баға беруге болмайды, сол уақыттың шындығын білу шарт. Осман патшалығы 1-ші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң 30 қазан 1918 ж. атақты “Мондрос шартына” қол қойды, бұл шарт бойынша Осман патшалығы жеңімпаз елдердің жеңісін мойындап, ел билігін соларға тапсырып, іс жүзінде ыдырап кетті. Осман патшалығы жеңімпаз елдермен Францияның астанасы Париж маңындағы Севр (Sevres) қалашығында 10 тамыз 1920 ж. соңғы шартқа қол қойды. “Севр шарты” деп аталған осы халықаралық құжатқа жеңімпаз елдер ретінде: Британия империясы, Франция, Италия, Греция, Жапония, Армения, Бельгия, Польша, Португаля, Хижаз патшалығы, Румыния, Сербия, Чехия, Хорватия қол қойыпты, жеңіліске ұшыраған Осман патшалығы

  • Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға

    Қазақстан Республикасының президенті Қ. К. Тоқаев мырзаға Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңізге мәлім, елдің кино қауымдастығында жікке бөлінушілік болып жатыр. Бір жылдан бері дау-дамай мен текетірестер басылмай келеді. Кәсіби киногерлер дау-дамайдан арылмай отыр. Нағыз шығармашылыққа орын қалмады. Біз мұның бәрі осы сала министрлігінің ойланбай жасаған әрекеттерінің салдары деп санаймыз. 2019 жылдың наурызында, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КАҚ құрылып, оған республикалық кино өндірісінің барлық негізгі мәселелерін шешу құзыры берілді. Ақырында "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына қажетті назар аударылмай қалды, ал Сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі Ұлттық киноны қолдау орталығының жетекшілеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Оның қалай аяқталатыны әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр. Десе де осының өзі нағыз сорақылық болып отыр. "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясына келер

  • Қытай мен Үндістан Гималайда не үшін қақтығысып жатыр? 300 сөзбен түсіндіреміз

    Ладакх аймағындағы Галван аңғарында тұрған үндістандық әскери. 17 маусым 2020 жыл. 15 маусымда Үндістан билігі елдің 20 солдаты шекарада Қытай әскерилерінің қолынан қаза тапқанын мәлімдеді. Пекин өз тарапынан қайтыс болғандар жайлы еш дерек айтпады. ҚАҚТЫҒЫС ҚАЙДА БОЛДЫ? Қақтығыс Гималайдың батыс жағындағы Ладакх аймағындағы Галван аңғарында, Қытай мен Үндістан шекарасында болған. Әскерлер оқ атпаған, бірақ тас лақтырып, өткір заттар қолданған және таяқ жұмсаған. Екі елдің әскері мамырдан бері осы маңға орналасып, ара-тұра жанжалдасып тұрады. Қытай Үндістанның біраз аумағын өзіне алғысы келеді. Ал Дели Пекин Үндістанға тиесілі жерді заңсыз ұстап отыр деп айыптайды. Екі ел Үндістанның солтүстігінде, Қытайдың Ақсай Чин шоқысындағы таулы жерді бөлісе алмай келеді. Даулы аймақ 4250 метр биікте жатыр

  • Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)

    Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз). Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар: КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: