|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

26 тамызы – Мәңгілік азат Қазақстан территориясының мәңгілікке бекіген күні

 Тамыздың 24-і күні, Қазақ жерінің шекаралық аумағы бекітілгеніне – 99 жыл!68821128_1109731935883134_1307953657735544832_n

Қазақ Автономиялы республикасы 1920 жылы қазан айында жарияланды. Соның алдында, қазақ жерінің шет-шегін белгілеу үшін Ахмет Байтұрсынұлы пмен Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков (баяндамашы) Ленинге, бірде Сталинге кіріп жүріп, 1920 жылы 24 тамыз күні Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясын бекіттірді, оған Ленин мен Сталин қол қойды. (Біз сол бекітілген территорияның қазір 15 пайызынан айрылып қалдық. Қарақалпақстан, Шыршық – Өзбекстанға, Елек, Алтайдың арғы беті, Жазатыр жотасы Ресейге берілді). Бүкіл әлем мемлекеттері 1991 жылы сол территорияны Қазақстан мемлекетінің жері ретінде таныды. Сондай тарихи оқиғаның 90 жыл толуы атаусыз қалды (бір жылдан кейін жүз жыл толады). Қазіргі геосаясат тұрғысынан алғанда аса маңызды дата. Үнсіз қалдық. Үнсіз ғана қалып қоймай, барлық тарихи-саяси, жағырапиялық ресми басылымдарға қазақ мемлекетінің территориясы 1991 жылдан кейін бекіді деп жазды. Сонда, бұл Қырымның кебін құшуға ұрындыратын тарихи долбар екендігі әлгі «оқымыстысымақтардың» ойына келмегені ме?

1920 жылдың 26 тамыз күні Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, қазақ жұртының қылышынан қан тамған қызыл империяны мойындатып, өз алдына ірге көтеруі оңай болған жоқ. Жан берді, жан алысты. Кремльде өткен ұзақ тартыстан соң, қызыл пролетариаттың көсемі – Ленин арнайы қаулыға қол қойды. Бұл жеке азат ел болуды аңсаған Алаш арыстарының жанқиярлық еңбегінің арқасы еді. Сол тартысы мол алқалы мәжілісте болашақта құралатын Қазақ мемлекетінің шекарасы межеленді. Негізгі тартыс «қазақ автономиясына қай жерлер кіреді?» деген мәселеге келгенде, қатты ушыққаны белгілі. Бірақ Алаш арыстары алға қойған мақсатына жетті. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков Қазақ мемлекеті алдындағы тарихи миссиясын осылайша орындап шықты. Сол кезде бар-жоғы 29 жастағы Әлімхан Ермеков Әлихан мен Ахметтің дем беруінің арқасында азулы топтың алдында Қазақ жерінің шекарасы жайында баяндама жасады. Ол баяндамада Астархань, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Фергана облысы мен губернияларын қамтитын, жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына беруді сұрады. Көрсетілген жердің 81 пайызын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатын. Бұл сол аймақтардағы тұрғындардың 54 пайызы еді. Сол мәжілісте отырғандар Ермековтің айтқандарына толықтай болмаса да қосылатынын білдірді. Бірақ мұны жеңіс деуге ертерек болатын. Өйткені ендігі кезек автономияның аумағы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығу керек еді. 12 тамыз күні Лениннің төрағалық етуімен өткен мәжілісте Әлімхан Ермеков барын салды. Өйткені ол иісі қазақтың тағдыр-талайы шешілетін кез дәл осы тұс екенін жан дүниесімен сезінді және жағдайды аса жетік білетіндігі һәм шешендігі арқасында өз айтқандарымен Ленинді иландыра алды. Тіпті көзбе-көз сөйлесуден кейін, қазақтың уысынан шығып бара жатқан Атырау өңірін де алаш жұртына мәңгіге қайтарып берді. Рас, Сібір ревкомы 1922 жылға дейін солтүстік облыстарды Қазақстанға қоспауға тырысып бақты. Бірақ ақыры көнген еді. Осылайша Алаш арыстары тұғыш рет алаш жұртының шекарасын ресми түрде бектіп алды.

Территория мәселені қойып, оны заңдастыру, қазақ жерінің әр пұшпағына дейін анықтап, ондағы тұрғындар мен олардың күнкөрісіне дейін нақтылап айқындау, Әлихан Бөкейханның кеңесі мен Әлімхан Ермековтің мойнына жүктелген болатын. Олар сенімді ақтады. Мәжілісте Әлихан Бөкейханның, Әлімхан Ермековтің, Лениннің тікелей ықпалы болмағанда және осы сөзді Лениннің нұсқауына тіреп, «Лениннің нұсқауын орындайсыңдар ма, жоқ па!» деген Ахмет Байтұрсынұлының қатты айтқан сөзінің нәтижесінде ғана қазақ автономиясын құру туралы мәселе шешілген. Ол дауға түспейді. Енді осы белгіленген территорияның нақты шекарасын анықтау керек деген шешім түсті.Қазақ автономиясын құру және оның территориясын белгілеу туралы жұмысы ушығып бара жатқанын сезген Ленин 12, 14, 18 және 19 тамыздағы комиссия отырыстарын өзі басқарады. 24 тамызда Ленин: «Қаулы дайын. Әлімхан Ермековтің қайта баяндама жасағаны дұрыс. Осы бойынша заңдастыру керек» деп шешім шығарады. Осы шешім қабылданып шыққаннан кейінгі сәтті Әлімхан Ермеков естелігінде былай жазады: «Өзімнің табысыма масаттанып, риза болып шықтым. Ол кезде бар-жоғы 29 жаста едім. Біздің делегация да қолымды алып жатты. Қарасам, Бөкейханов жоқ екен. Бәріміз дәлізге шықтық. Қазақстанның делегация құрамы он бестей адам болатын.Бәріміз Әлихан Бөкейхановты тостық. Әлекең Ленинмен пікірлесіп, әңгімелесіп қалған болатын. Он бес, жиырма минуттан кейін ол кісі де шықты. Әлихан Ленинге бекітілген шекараға тездетіп қол қоюға өтініш етіпті, Ленин орындауға уәде беріпті». Сонымен жалпы отырыста бекітілген территорияны қазақ автономиясының территориясы етіп бекіткен бұйрық 26 тамыз күні баспасөзде жарияланды. Міне, содан бастап бүгінгі Қазақстанның территориясы қалыптасты. Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіз мемлекеттің шекарасы бекітілген. Соның бекітілгеніне тоқсан үш жыл болып отыр. Тәуелсіздіктің өзі соның негізінде пайда болды. Осыны ақпарат құралдары неге айтпайды? Біздің ұлттық мерекеміз ғой. Ұлттық тәуелсіздігіміздің негізі ғой. Неге үндемейміз? Біз тарихымызды, тарихтағы оқиғаларды ұлықтай білуіміз керек.Мен үшін 1920 жылдың 26 тамызы – Алла жазса, мәңгілік азат Қазақстан территориясының мәңгілікке бекіген күні, мәңгілік салтанаты».

Тұрсын Жұртбай, ғалым, тарихшы, алаштанушы

Related Articles

  • РИМ БИЛЕУШІЛЕРІ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАРҒАН БА?

    Ителі руы – іргелі рулардың бірі. Атауы жағынан Ителі кәдімгі Ителгі құстың атауының ғасырлар легінде ғ, г әріптері түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Екінші жақтан алғанда, Ид-Телы, Иди-Теле болып ежелгі Алтайлық Телелердің бір бұтағы болуы мүмкін. Ид-Телы, Иди-Теле атаулары оларды Жер-Телелері(отырықшы Теле) және қасқырды төтем еткен Телелер ретінде көрсете алады. Ителінің шежіре бойынша Көкбұлақ деген атаның немересі екенін танысақ, Көк сөзінің Құдайы сипаттар мен көк бөріге, киеге қатыстылығын ескерсек ит сөзінің әрі жағында қасқыр төтемі жатады. Италияндардың ит емген(қасқыр емген) екі баланы төтем санап, күні бүгінге дейін Ителі атауынан Ителия(Италия) болып тұрғанын біле аламыз. Оның үстіне Көкбұлақ аталатын кей жерді халық Көкебұлақ деп те айтады. Көкебұлақ – Тыва

  • АЙЯ СОФИЯ НЕГЕ МҰРАЖАЙҒА АЙЛАНДЫРЫЛДЫ?!?

    Айя София айланасындағы дауға нүктені қою үшін оның 1934 жылы неліктен мұражайға айландырылғанын білмек ләзім. Бүгінгі ахуалмен өткенге баға беруге болмайды, сол уақыттың шындығын білу шарт. Осман патшалығы 1-ші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң 30 қазан 1918 ж. атақты “Мондрос шартына” қол қойды, бұл шарт бойынша Осман патшалығы жеңімпаз елдердің жеңісін мойындап, ел билігін соларға тапсырып, іс жүзінде ыдырап кетті. Осман патшалығы жеңімпаз елдермен Францияның астанасы Париж маңындағы Севр (Sevres) қалашығында 10 тамыз 1920 ж. соңғы шартқа қол қойды. “Севр шарты” деп аталған осы халықаралық құжатқа жеңімпаз елдер ретінде: Британия империясы, Франция, Италия, Греция, Жапония, Армения, Бельгия, Польша, Португаля, Хижаз патшалығы, Румыния, Сербия, Чехия, Хорватия қол қойыпты, жеңіліске ұшыраған Осман патшалығы

  • Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)

    Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз). Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар: КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там

  • Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан

    Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан кездесуі бек мүмкін. Бұған ешқандай да шүбәңіз болмасын. Бірінші сүгірет, Осман елінде жарық көрген “Басират” (basîret) атты газет. Екінші және үшінші сүгірет, Осман мемлекетінде жарық көрген “Уақыт” атты газет. Төртінші сүгірет, Осман сұлтаны Әбдүләзиздің Қашқарияға көмекке жіберген әскери қару-жарақ, оқ-дәрісінен бір парша көрініс. Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы Осман деректері шыны керек әлі толық зерттелген жоқ. Хан Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісін Қазақстан аймақтарымен шектеп бөліп қарау ең үлкен қателік саналады. Хан Кене мен Шығыс Түркістандағы қазақ, ұйғыр, дұңған көтерілістері арасындағы саяси, әскери қатынастар туралы дерек те қытай мұрағатында көмулі жатыр. Онда Шәуешек, Құлжа және Үрімжі қалаларындағы қазақтардың Хан Кенемен және кейінгі

  • АХАҢ мен ЖАХАҢ САЛҒАН АЗАТТЫҚ ЖОЛЫ

     «Қазақ» газетіне –107 жыл ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ                                                                                                                       ТАРИХИ ПОВЕСТЬ                                                                                       

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: