|  |  |  | 

Спорт Шоу-бизнис Әлеумет

Жанашыр азамат Молдияр Нұрбаев Мамания мектебін қайта жаңалады

 

WhatsApp Image 2019-09-11 at 6.29.25 PM-2
Еліміздің әр аймағындағы ауылдарда тозығы жетіп қаңырап қалған нысандар жетерлік. Содан ба кезінде тіршіліктің қыз-қыз қайнаған ордасына айналған өлкелер бұл күнде сұрқай тартып, суықтанып бара жатыр. Әрине, оны қайта тірілту, өңі қашқан өлкенің шырайын кіргізу – біз бен сіздің, ел азаматтарының міндеті. «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін» де­­ген ұстаным, осы жолы да ал­дан шығады. Мемлекет қам­­қорлығы жетпей жатқан шал­ғай ауылдарға сол жерден шық­қан, бүгінде кәсібі мен нәсібі тасыған азаматтар кө­мек қолын созып жатса, бұл әл­бетте, құптарлық іс.WhatsApp Image 2019-09-11 at 6.29.24 PM

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Пат­рио­тизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен баста­ла­ды. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын» деген еді. Елбасының осынау ұсынысын ту еткен кәсіпкер Молдияр Нұр­баев Ақсу ауданы Ақсу ауы­лындағы 55 жылдан бері жөндеу көрмеген мектепті күрделі жөндеуден өткізіп берді. Әрі қарай мектеп жанынан спорт кешенін салу да жоспарында бар. Оқушылар да биыл жаңа оқу жылын азып-тозған ескі ғи­ма­ратта емес, еңсесі биік жа­ңа мектепте қарсы алып жа­ды­рап қалды. – Осы жерде туып-өстім. Ата-бабаларым да осында жер­лен­ген. Өзім осы мектепте оқып, 1967 жылы бітіріп шық­тым. Біздің кезде мыңға жуық бала оқитын. Кейін уа­қыт өте келе ауылдан адам­дар көшіп, жағдай тіпті мүш­­­кілденген. Бірде аудан әкі­­мі­мен сөйлесіп қалып, мек­­теп жағдайының нашар еке­­нін естідім. Содан ойлана келе туған ауылыма, өзіміз оқы­ған мектепке аз да болса кө­мек берейік деген байламға кел­дік. Ең бірінші балаларға жағ­дай жасалуы керек. Олар­ға көмектесу, солардың келе­ше­гі үшін қызмет ету – біздің азаматтық міндет. Жолдың нашарлығына қарамай, құ­ры­­­лыс материалдарын Алма­ты­дан тасыдық. Жалпы ал­ған­да, мектептің қасбеті то­лық өз­геріп, шатыры, едені, тере­зе­лері, жылу құбырлары түгел­дей жаңартылды. Мұнда шү­кір, ауызсу бар. Бірақ ауызсу мәсе­лесі қиындау екен. Соны да реттестіріп, су тарттық. Атқа­ры­латын шаруа әлі де көп, – дейді Молдияр Қылшықұлы. WhatsApp Image 2019-09-11 at 6.29.25 PM-3Кәсіпкер мектепке арнап жаңа көлік те сатып алып бе­ріп­ті. Одан бөлек оқушыларға он компьютер, интерактивті тақ­та, түрлі оқу құралдары да сыйға тартылған. Мұндай сый-сияпаттан ұстаздар да кен­де қалған жоқ. Оларға да бір­­неше ноутбук беріліп, әкім­ші­лік кабинеттері заманға сай жасақталды. – Төрт балам да осы Мамания мектебінде оқиды. Үлкен екі ба­лам оқушы болса, кішілері ба­лабақшаға барып жүр. Мек­теп суық болғандықтан ба­ла­лардың денсаулығын ой­лап сабаққа жиі жібермей қа­латынбыз. Мен ғана емес, көбі солай істейтін. Сабаққа бара қалса, киімдерін шешпей, баскиімдерін киіп отыратын. Жаңбыр жауса, төбеден су аға ма деп қорқатын едік. Қазір соның бәрінен ада болдық. Ағамыз мектепті толықтай жаңалап, балалардың еш алаңсыз білім алуына жағдай жасап отыр. Алғысымыз зор, – дейді ата-ана Арай Серікқызы. WhatsApp Image 2019-09-11 at 6.29.25 PMАудан басшылығының ай­­туынша, туған жеріне ке­ліп дәл мұндай жақсылық жа­­сау – үлкен мәрттік, дара дег­­дарлықтың көрінісі. Жер­лес­терінің жақсылығына риза болған ауылдықтар өз кезегінде Молдияр Нұрбаевтың кеудесіне арнайы төсбелгі тағып, алғысын жеткізді. Мамания мектебін Жетісудің атақты байы Маманның балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар XX ғасырдың басында салдырған. Оның архитектурасы мен оқу жүйесі Уфадағы «Ғалия медресесіне» ұқсатылған екен. Алаш қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіров те – осы Мамания мектебінің түлегі. 1940 жылдардың бас кезінен мектепке Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. – Молдияр ағамыз мектепке жаңа көлік сыйлады. Бау-бақ­ша жайқалсын деп су тарт­қы­зып берді. Келесі жылы спорт кешенін ашсам деп жос­пар­лап отыр. Осының бәрі, әрине, игілікті шаруа. Көмек қолын созған азаматтардың арқа­сын­да жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын болдық, – деді мектеп директоры Алпамыс Қазбанбетов. Кәсіпкердің өзі «ауыл көр­кей­се, ел-жұрт қайта оралар, суы-нуы жайқалған баяғы дәу­ре­ні қайта келер» деп үміт етеді. Бір айдан соң өзінің тікелей бастамасымен Ақсу ауданында әйгілі ақын Ілияс Жансүгіровтің ескерткіші бой көтермек. Аудан әкімдігінің дерегіне сүйенсек, қазір аудандағы 41 мектептің 11-і әбден ескірген. Бір сөзбен айтқанда, дәл осын­дай жомарт жандардың кө­ме­гіне мұқтаж деген сөз. Ал демеуші қолын тілеп тұрған оқу ордалары еліміз бойынша қаншама десеңізші?! «Туған жер­ге туыңды тік» ұстанымын серік еткен азаматтар өз ауылдарына кө­мек­тессе, еліміз жайқалып-ақ кетер еді. Ал Мамания мек­­тебінің оқушылары мен ұс­таз­да­ры жаңа оқу жылына тың сер­пінмен кірісері сөзсіз.

Kerey.kz

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: