|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Саясат

ДАУДЫҢ БАСЫ ДАЕШ-тен 2

70327466_1471245599705689_3399530687106121728_n

Eldes Orda

Естеріңізде болса өткен жылдың қазан айында аталмыш тақырып аясында алғашқы постымды жариялаған едім. Одан бері бір жылдың көлемінде аймақтық стратегиялық саясатта көп өзгерістер түбегейлі орын алып жатыр…

Сирия аумағындағы ДАЕШ-тің негізгі қарулы күштері дәл бүгінгі уақытта Ауғаныстан аймағына топталып болып қалды десек те болады. Сириядағы ДАЕШ күші соңғы кездері әлсіреді де, негізгі қарулы топтар Орталық Азияны бетке алып Ауған топырағына ағылып кете барды. ДАЕШ-тің Сирия аумағындағы осы бір өлара әлсіз тұсын жіті бақылап отырған Қазақстан “Жусан” жобасын ұйымдастыра қойды да өңірдегі қандастарымызды елге әкеліп алды. Бірақ, мынаны анық білуіміз керек, өңірдегі саяси ойын бұнымен біткен жоқ, өңірдегі саяси ойын енді басталуы бек мүмкін…

2017′ден бері Сирия аумағынан және әлемнің басқа да аймақтарынан Ауған топырағына топталған ДАЕШ күштерінің ұзын саны он мың деп болжануда. Олар Ауғаныстандағы жергілікті діни күштермен бірігу процсессін өткізіп жатыр. Ауғаныстан аймағы Сириядай емес таулы, күрделі этникалық топтарға толы аймақ. Шабуылға қолайсыз, қорғануға ыңғайлы, ықтасын аймақ. 70752307_1471245649705684_3519295665471488000_n

Ауғаныстанға топталып жатқан ДАЕШ күштері нақты нені көздеуі мүмкін? Бұны олардың алдағы саяси белсенді әрекетінен тұспалдауға болады… Өз басым мынадай үш түрлі болжау айтамын:

Біріншісі, ДАЕШ-тің негізгі көздейтін аймағы- қытайдың шыңжаң регионы. Өйткені, Ауған аумағына жиналған негізгі саяси күштер Шыңжаң аймағымен көбірек ілік-шатыс болуға тырысуда. Аймақтағы жергілікті халықтың қытай саясатына деген ішкі қынжылы сыртқы күштердің де басты нысаны мен назарына ілігуде. Осы орайда ішкі-сыртқы күштердің белсенді қимылдауымен өңірдегі саяси тәртіпті бұзып, қытайға ашық күрес жариялау. Сонымен қатар қытайдың “керуен жолына” қарауыл қойып, жібек керуендерін тонау яғни қытайдың миллиярдтаған қаржы салған “бір жол бір белдеу” жобасының жолын тосып, қарақшылық істеу. Ол үшін Ауған мен тұтас Орталық Азияда діни фанаттар белсенді қарекетке көшуі тиіс. 70714529_1471245673039015_301947466608017408_n

Екіншісі, Орталық Азия басты нысан болуы бек мүмкін. Белді әлемдік державалар ДАЕШ арқылы Орталық Азияны қауіпті аймақтарға айналдырып, сол қауіпті сейілту сылтауымен Орталық Азияда жаңа шекара, жаңа жүйе орнатуға ұрынуы мүмкін. Бұл Ақш, Қытай және Ресейдің аймақтағы мүдделер қатынасы мен қақтығысына байланысты. Сирияға барған қытайлық ДАЕШ күштерінің 95%-ы қытай-тайланд шекарасы арқылы өткенін ескерсек, Ауғандағы ДАЕШ күштерінің Орталық Азияны нысан етуі әуелде қытайдың мүддесіне жағады. Өйткені, дәл қазіргі сәтте ДАЕШ әскери қарулы күшеріне бетпе-бет төтеп беретін әскери қорғаныс Орталық Азия елдерінде әлі жасақталып болған жоқ. Кешегі Арыс оқиғасы соның жүз бір мысалы және анық көрінісі… Бұндай дайындықсыз жүру қытаймен қауіпсіздік саласы бойынша диалогқа баруға мәжбүрлейді, яғни біз өңірдің қауіпсіздігі үшін қытайдың әскери күшіне сүйенуіміз мүмкін. Қытай біріншіден “сауда керуендерінің” амандығы үшін, екіншіден орталық азияның қауіпсіздігі үшін қорғаныс күштерін, әскери базасын әкелуі мүмкін. Бірақ бұл бірінші кезекте Ресей мен Ақш-қа ұнамайды. Ақш пен Ресей жеке-жеке саяси проектілер жобалап, қытай мен ДАЕШ күштерінің Ауған аумағынан тыс өңірде қимылдауын бірде тежеп, бірде қолпаштап отыруы мүмкін. Бұның нәтижесі Орталық Азияда жаңа саяси күштердің белсенді позициясын қалыптауы мүмкін яғни билікке Ресейшіл күштер, Батысшыл (Ақш да бар) күштер, Қытайшыл күштер және Исламист күштер белсенді араласып саяси күрес астыртын жүруі мүмкін. Осындай уақытта белгісізден пайда болған саяси “тұлғалар” көп бой көрсетуі ықтимал. Ақш-Қытай арасындағы сауда қатынасының нашарлауы және қытайдың теңіз аймақтардағы сауда жолының тарылуы, Ақш-тың қытайды теңіз айлағы арқылы посттармен қоршауы қытайдың теңіз аймағындағы экономикалық күшінің Орталық Азияға қарай сырғытуға басты себеп болуда. Сондықтан Орталық Азия елдері қаласақ та, қаламасақ та қытай экономикасымен әбігер боламыз. Егер, Ауған аумағындағы ДАЕШ күштері Орталық Азияны көздесе ол қытайдың оң жамбасына келді дей бер. Онда қытай-тайланд шекарасы арқылы Сирияға кетіп әбден ысылған қарулы күштер Ауған жерінде қытайдың көктен тілеген орайын дерден тауып берген болады. 70600720_1471245626372353_6117143206103613440_n

Үшіншісі, ДАЕШ қарулы күштері Ауған жерінің өзінде қарекет етуі мүмкін. Яғни Ауған елін “екінші сирияға” айналдырып аймақтағы державалардың саяси тепе-теңдігін дағдарысқа ұшырату ықтимал. Бұл әуелі қытайға сосын Орталық Азия мен ресейге тиімсіз. Қытай Ауғандағы ДАЕШ-тің өзіне ықпал етуін тосу үшін шыңжаң аймағын одан ары жіті бақылауға ала береді. Қауіпсіздік қорғаныстары одан ары арттырылады. Бұның соңы шыңжаң регионын “қытайдағы ауғаныстанға” айналдырып жіберуі мүмкін. Бірақ, бұның тағы бір ұшы шыңжаң регионындағы қытайдың демографиялық санын (өсімін) азайтып жіберуі де мүмкін. Ішкі қытайдан қарулы күштер шыңжаң регионына мыңдап келгенімен, шыңжаң регионын тастап ішкі қытайға ағылған жергілікті қытайлықтардың саны жүз мыңдап көбеюі мүмкін.

Қош, не керек! Үш болжамның үшеуі де Орталық Азия елдеріне тиімсіз. Мейлі қандай болжау тұспалдасақ та соңында көбірек зардап шегетіні Орталық Азия елдері болмақ. Енді, қайтпек керек? Біріншіден, қытайды және шыңжаң аймағын жіті зерттеуге алуымыз керек. Аймақтардағы стратегиялы зерттеулерде жаңа көзқарас, жаңа таным ортануымыз керек. Пікір мен таным қалыптауда кәсіби мамандардың аналитикасына көбірек жүгінуіміз керек. Екіншіден, Ауған аймағын жіті қадағалауға алуымыз тиіс. Бұл аймақтардағы діни, мәдени һам саяси жаңалықтарды апталап сарапқа салуымыз тиіс. Ордұ, Поштун және Парсы тілдерін жақсы меңгерген кәсіби мамандарды жарыққа шығаруымыз керек. Ауғандағы соңғы жаңалықтарды жылдам сараптап отыруымыз керек. Үшіншіден, Орталық Азия елдерінің ортақ әскери қорғаныс күштерін ұйымдастыруымыз керек. Орталық Азия елдерінің ортақ армиясы құрылса тіптен құба құп болмақ. Бұл ДАЕШ қарулы күштерінің Орталық Азияға қауіп төндіруін тосады, келесі бір жағы қытай әскери күшіне сұраныс болмайды.

Осындай өлара кезеңде Қазақ билігіне мемлекетшіл тұлғалардың көбірек келгені дұрыс.

kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: