|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Шоу-бизнис Әлеумет

Талдықорған-Өскемен тас жолы «тасбақаға» арналған ба?

Республикалық маңызы бар автомобиль жолының  313,5 шақырымы  Алматы облысына тиесілі. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» облыстық филиалы басшылығы жол үстінде жылдамдықты сағатына 40 километрден асырмау керек деп отыр.

Талдықорған-Өскемен тас жолы шығыста Алакөлмен шектеседі. Осы бағытта  «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының тапсырысымен  уақытша жол салынған. Уақытша деген аты болмаса, ойдым-ойдым жолмен жолаушылар бес жыл жүре тұруы тиіс. Былтыр төселген жаңа жол арқылы күніне орташа есеппен 3 жарым мың көлік өтеді екен. Сапарға шыққандар діттеген жеріне діңкесі құрып әрең жетеді. Көпшілігі Алакөлдің шипалы суына шомылуға асыққан туристер. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының директоры Жанабай Қобыландиннің сөзіне сенсек, көлік жүргізушілері жол бойына қойылған белгілерді ескеруі тиіс.

«Сіздер біріншіден журналист болсаңыз өзіңіздің машинаңызға отырыңыз да, жүріп көріңіз. Ана жерде не деп тұр? Уақытша жол. Ол жолда сағатына 40 км жылдамдықпен жүру керек. Спидометрді 40 км қойыңыз да жүріп көріңіз. Сол бағытта айналма жол салынған. Енді, сол жолмен кім жүрмей жатыр?!  Бәрі жүреді. Салмақты ауыр салып алып та жүреді. Барлығы 100, 120 км жылдамдықпен жүргісі келеді. Егерде бәрі көрсетілген белгімен  жүрсе ешқандай проблема болмайды»,- деді шамданып қалған Жанабай Қобыландин.

Күре жолдың қиындығынан құтылар күн қайда?

Құны 105,3 млрд теңгеге бағаланған жаңа автомобиль 2022 жылы қолданысқа беріледі. Жұмыс былтыр басталған. Жол қытайлық инвестиция есебінен жүзеге асып жатқан көрінеді. Басты мердігер мекеме – CITIC Construction Co, LTD. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жолды үш бірдей мердігер компанияның консорциумы салып жатыр.

«Олар – қытайлық, италиялық және өзіміздің компания. Онда 21 жасанды нысан, 100-ден астам құбыр, әртүрлі деңгейдегі 2 айналма жол қарастырылған. Оның 32,3 шақырымын  I-б техникалық санатқа, 281,2 шақырымын II техникалық санатқа жеткізу жоспарланып отыр. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының 287-615 шақырым аралығы 5 бөлікке бөлініп, жолдың бойында құрылыс алаңдары мен кеңселер қойылған. Жылдамдықты төмендету туралы жиі-жиі шыға беретін белгілер қозғалыс қауіпсіздігін азайту мақсатында арнайы қойылған», – деді аталған мекеме өкілі.

Биыл суға түсу мусымы кезінде Алакөлге 2 млн-дай турист барады деп болжанған. Саяхатшылар демалыс орнына Шығыс Қазақстан және Алматы облысы арқылы жетеді. Доллар бағамы шарықтап кеткелі қазақстандықтар Жерорта һәм Қызыл теңіздің қызыққа толы жағалауларына алыстан қол бұлғап қала берді. Түркияның баламасы болады делінген Алакөлге, туристер бүгінде жол азабына қарамастан автокөлікпен 15 сағаттай жүріп барады. Арақашықтық жоғарыда жазып кеткен 313 шақырым.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: