|  |  |  | 

kerey.kz TV Тарих Тұлғалар

Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

 

 

 

Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы.

Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған.

Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан.
Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен, Батыс өлкеге қарай көшіп, Ібір-Сібірден бір-ақ шығады. Ертістің етегі, Есіл мен Тобыл аңғарын жайлаған жергілікті түрік нәсілді, фин-угор текті ру-тайпаларды бағынышқа түсіріп, Сібір хандығын негіздепті.

Тайбұғы Сібір хандығын 1220 жылы құрды. Бастапқыда Ишим Тобыл Тұра Ертіс өзендерінің ортасында. Кейін Обь өзені және әрі қарай Естек, Вогул деген тайпаларды жаулап алып мекенін үлкейтті. Шыңғысқан Тайбұғыны әкесінің құрметі үшін, Тұғырыл ханның көзі ретінде қолдау көрсеткен, және өз балаларымен бірдей санаған, яғни еншісіне Сібір хандығын қалдырған.
Сібірдегі керей, найман, қыпшақ, қоңырат, тұралы, бараба руларына арқа сүйеген тайбұғалыктар ханты мен манси тайпаларын қол астына бағындырады.
Енді Оң ханың ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрады. Екі ғасырдан астам ұзақ заман. Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады. Әуелде Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұға тұқымы қайтадан орнайды, одан соң тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 1582 жылы ғана Сібір ханы Сейдак, Тайбұғы ұрпағы Тәуекел Қазақ ханымен Одақтық келісімге қол қойды. Аманатқа Ораз Мұхамедті, Тәуекелдің ағасының ұлын
алды. Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды.
Оның Қазақ хандығымен одақтық келісімге отыруы Сібірде Көшім ханды жеңіп, Іскер, Қышлық қалаларын Ермектан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдак хан Ермакты жеңіп Сібір хандығын қайтырып алды. 1588 жылға дейін хан болып отырды.
Сібір хандығының Орыс патшалығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, тезінен құлауының бір себебі екі әулеттің елді тоздырған жүз жылдық күресі болатын. Көшімнің ғұмыр кешуі белгілі. 1598 жылы түнекке батты. Ал Оң ханның ұрпағы Сейдақ хан одан он жыл бұрын, Тобыл қамалында, аяр опасыздық нәтижесінде, қазақ сұлтаны Ораз-Мұхамедпен бірге тұтқынға түсіп, Мәскеуге жеткізілген.
Сібір хандығы Тобыл мен Жайықтың жоғарғы ағысы арасын қамтыған. Ахмет Керей және Кешім Бұхар және қазақ сұлтандарымен тығыз байланыста болған.
Ахмет Керей есіміне байланысты ескерте кететін бір жай, есімнің екінші бөлігі «керей» трибонимімен сай келуі бекерден бекер емес. Ресейлік шығыстанушы В.В. Бартольд Қырым сұлтаны Қажы Керейдің екінші есімі жоғарыда келтірілген әулеттің ханзадаларының аталықтарының руы керей болғандығын растайды . Олай болса Ахмет Керейдің аталығы Қазақстанның солтүстігінде көп тұратын керей руынан шықты деген қорытынды жасауға болады.
1571 жылы Сібір мен Мәскеу арасында қарым-қатынас ушыға бастайды. Мәскеуді қырымдықтар өртке орағаннан кейін орыс мемлекетін әлсіз деп санаған Кешім Оралдағы антиресейлік кеңіл күйге қолдау көрсетіп, күшін черемис, остяк пен башқұрт кетерілістеріне бағыттайды.
Қалмақ немесе ойрат тайпалары XVI ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің жоғарғы жағында көшіп жүрді, ал, олардың бір бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынған.
Тайбұға негізін қалаған Сібір хандығына келесі жылы 800 жыл толады. Хандары мен халқы Қазақ халқының негізін қалаған ру-тайпалар құралған Сібір хандығы Азияның саяси картасынан жоғалып кетті.
Ұрпақтары қазіргі қазақ жерінде тұрып жатыр, Тайбұғының ошағы күні бүгін сөнген жоқ, Ақмола облысы, Көкшетау, Бурабай, Біржан Сал ауданында, Степногорск қаласында, Ақсу ауылында, Щучинск қаласында тұрып жатыр.

Дайындаған  Жұмабай Мәдібайұлы

kerey.kz

Related Articles

  • “үш уалаят” және “жеті уалаят” сайланған делегаттар

    Бұл сүгірет 1946-жылдың қараша айында Нань Кин қаласында түсірілген. Сол жылы қытай астанасы Нань Кинде гоминьдан үкіметінің мүкілмемлекеттік құрылтай жиналысы өтті. Жиналысқа шыңжаң өлкелік коалиция үкіметтен 18 делегат қатысты (ұйғыр, қазақ, қырғыз, моңғол, шибо, дағур, дұңған және қытай). Сүгіретте, қытай президенті Жан Кәйшек (ортада әскери киім) және шыңжаң өлкелік коалиция үкіметткен келген екі қазақ, бір қырғыз бар. Олар: Әнуар Салжанұлы, Қадуан Мамырбекқызы және қырғыз Маданбек.  Әнуар Салжанұлы- “үш уалаят” жақтан сайланған делегат. Қадуан Мамырбекқызы- “жеті уалаят” жақ сайлаған делегат. Маданбек- “жеті уалаят” жақ сайлаған делегат. Шыңжаң өлкелік коалиция үкімет екі жік делегаттан құралды. Олар, “үш уалаят” және “жеті уалаят” мүшелері. Бұндағы “үш уалаят” дегені 1944-жылы Құлжада құрылып 1946-жылы гоминьдан үкіметіне

  • ОБА…

    Альбер Камю (1913-1960) «Оба»-ны жазды, Орандық ойгер Albert Camus. Өлерінен үш жыл бұрын яки 1957 жылы Нобельге жеткен талант.Фашизмнің саяси індет секілді дертіне қарсы күшті түрен көтерген еңсегей дүлей күш иесі. Ол – «Оба»-мен ең күрделі жол, шүңет иірімге сүңгіді.«Оба»-дағы ең сұрапыл кейіпкер Барнер Рейэнің бейнесі. Көше бойында өлген егеуқұйрықтардың жемтігінен сескену, адам тағдырын ойран ететін кездейсоқтықты сезінген дәрігердің арпалысы. Рейэ өзінің үй қызметшісінің өлімінен кейін алдағы қатерлі жұқпалы дерт жайлы әлеуметке жалбарынып айтпақ болған. Оны көпке танытқан осы абсурды. Бүгінгі тәжтажалдың лаңы секілді түгел парықсыз, райсыздыққа өте ұқсас… Кәрентин, ем мен домның тапшылығы,адамдардың мінез-құлқындағы енжарлық әсіредәуірік парықсыздық. Қоғамдағы құлдық сана, ынжықтық,, құрғақ күйзеліс,титықтау, шаршау, ақырғы шарасыздықтар! Жау жағадан алғанда,

  •  БАҺАДҮР БОТАҚАРА (Дастан)

     Талапбек АЗАНБАЙ                                                                                     Ақын Талапбек АЗАНБАЙ  1965 жылы Қытай Халық Республикасы , Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы, Алтай аймағы, Алақақ өңірінде дүниеге келген . 2004 жылы ата жұртына көшіп келіп, қазірғы кезде Алматы облысының Ескелдіауданында тұрады. Бегілі ақын Талапбек Өнерхан ұлы АЗАНБАЙ 1990 жылдан бастап әдеьиетке араласып, «Алтын тау салтанаты», «Қыран меруеті» атты жыр жыйнақтарда ШҰАР көлеміндегі түрлі басылым Газет -  Жорналдарында 200 –ден аса өлең,толғау, баллада және поэмалары жарық көріп,

  • Тоғыз оғыз-тоғыз Ителі-тоғыз Торғауыт

    Бөрілі байрақ астында — Бөгеліп көрген жан емен! Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен!   -Сұйінбай Аронұлы   Ителі шежіресінің Сәбит дамолладан қалған нұсқасында : Орманбет ханның  Торғауыт, Дөрбіт, Тибет, Таңғыт, Қалқа, Ахмет, Онсан деген ұлдары болды. Ахмет алапес болып ауырып елден шеттетіледі де, Ахметті иен жерге өлтіруге апара жатқанда құтқарылып, аман қалады. Ахмет арқардың бауырын жеп, қанын ішіп сауығып кеткенсоң арқарды кие тұтып, тұңғыш ұлының атын Арқаршы қояды. Ахмет жасақ құрып, бөрі басты ту көтеріп Орманбет ханға қарсы шабуылға өтеді. Торғауыт, Дөрбіт, Таңғыт, Қалқа, Сарыүйсін, Бекежан, Тәйті, Онсан бөрілі ту астына бірікті. Бөрі басты туына қаратылып тоғыз Ителі атаныпты- деген аңызды келтіреді.. [1] Сәбит дамолла- Алтай бетінде алғаш

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: