|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл

Бағылан би.

batyr

Алтын Орда хандығындағы мемлекет қайраткерлерінің бірі. Ол Тобыл
өзені бойын мекендепті. Обаған өзенінің Тобылға құяр жерінде Бағылан то-
ғайы, Бағылан талы, Бағылан қара суы, Бағылан көлі, Бағылан томары, Бағы-
лан қыстауы, Бағылан шоғы, Бағылан өзегі деген жер — су аттары бор.
Бағылан баһадүр қартайып, өз есімімен аталатын тоғайды мекендейтін өз
аулында ауырып қайтыс болыпты. Оның сүйегі Тобыл өзенінің жарқабағына
жерленген. Бағылан бидің Бопай есімді әйелінен Архат, Фархат, Сарымұрат
атты ұлдары дүниеге келеді. Фархат батырдың Гүландам есімді әйелінен Та-
наш, Аббас, Манас туады. Осы күнгі Қостанай облысының Меңдіқара, Ұзын-
көл аудандарын, Солтүстік Қазақстан облысының және Қазақстанның басқа
да жерлерін мекендейтін Ашамайлы Керейлер осы Танаштың ұрпақтары.
Танаш Алтын Орда хандығының көрнекті адамдарының бірі, әділқазы би
атаныпты. Танаш бидің Балға, Балта, Едіге атты балалары батыр, би, әскер
басы болған. Бағылан бидің бейіті орналасқан қонысқа 1734 жылы жазда
Звериноголовскі атты сауда пункті салынды. Ол кейін казак-орыс мекеніне
айналған. Осы күні бұл мекен Ресей Федерациясына қарайтын Қорған
облысының Притобол ауданының орталығы.
1723 жылы жазда жоңғар басқыншылары Бағылан бидің қонысын тартып
алып, 1734 жылы жазда Ресейге қару — жараққа айырбастапты. Елінен, жері-
нен айырылған қазақ қосындары тек он жылдан кейін қайта оралып Дәстем
Сал Қарабасұлы басқарған қол Зверинканы қоршауға алады. Қамал комен-
даты және осы жердегі шіркеудің дінбасы көпестерді ұйымдастырып, қазақ
әскерінің алды-нан дәстүр бойынша нан мен тұз алып шығыпты. «Зверино-
головка бүгіннен бастап бекініс те емес, казак-орыс станицасы да емес, қазақ
пен орыс сауда жасайтын базар, жәрмеңке орталығы орны бол-сын! Соған
келісім — шарт жасайық, дос болайық. Жер-су сіздердікі екенін мойындай-
мыз!» — деп тілек қойыпты. Бұған келіскен қазақ рубасылары әскерін кейін
қайтарыпты. Шарт жасасып, келісімшартқа екі жағы да қол қойыпты. Дәстем
салдың талабы бойынша базар қазақ кенті мен орыс кентінің аралығында
болатын боп көрсетіледі. Звериноголовкада тәртіп орнату Амандос Ермен-
ұлы (Көшебе керей) бастаған мұсылман жасағына міндеттеліпті. Осының
бәрі шартта көрсетілген.
Жақында «Тоғырулхан» бірлестігі, Тобылбек Омаровтың мұрындық бол-
уымен,Бағлан би жатқан қорымға екерткіш орнатуға ниеттенді. Қорған облы-
сының губернаторына жазылған өтініштен әлі жауап жоқ.

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: