|  | 

Тарих

Шұбартаудан ауған “Бес қасқа”. 

Unknown-1Сламбек Жумагали

Қазақтың көрмеген қорлығы, тартпаған азабы бар ма? Бұндай тауқымет кешегі Кеңес дәурінде де тиылған жоқ. Абақ Керейдің ішіндегі Жастабан ұрпақтары Семей өңіріндегі Шұбартау ауданын өз ата қоныстары сайлайды. Тарихшылардың айтуына қарағанда Алтайдан Жобалай би азШахантай батыр Ер Жәнібекпен зөңгілес дос болған соң, осы Бақанас өзенінің бойын жайлай қоныстаныпты. Оның ішінде Жастабан ұрпақтары Бегімбет атанып, Бекназар-Қосай болып екі тармаққа бөлінеді. Осы маңды қоныстанған осы екі атаның баласы, бірінің ұпаны Шақантай, екіншісінікі Жобалай. Яғни,” Жондағы Жобалай елі”атанған. Шақантай батыр осы екі атаның Бас қолбасшысы болса, Жобалай би ақылман, әрі төбе биі болған. Жобалайдың әкксі Байсейітте тегін адам болмапты. Елдің айтысына қарағанда ол кісі де би, әрі батыр болған және елді аузына қаратқан дуалы ауыз шешен ақыл ойдың кені деседі. Шұбартау аудан атын кейінде алған. Бұрын Семей губерниясы Қарқаралы уездінің қарамағында болған. 1930 жылы ұлы дүрбелең басталып, көтеріліс бұрқ ете қалған. Оның шығу себебі, үкімет “байсың” деген желеумен кедей-кепшік, орта шаруаның да “тышқақ лағына” шейін тартып алуды бастаған. “Жаным малымның садағасы” дейтін қазақ баласы бұл қорлыққа шыдамай, түптіі түбінде бұл бала-шағаның қырылуына әкеліп соғатынын алдын ала аңдап, амалсыз жалаң қолмен күреске шыққан. Семей мен Қарқаралыдан шыққан қарулы қол қара халықты қойдай қырып, ұйымдастырушыларды атып-асқан. Олардың туыс, жақвн-жұқындарын қуғынға ұшыратқан. Бұл қазақ тарихында “Шұбартау көтерілісі” деген қара таңба, қанды жол болып жазылып қалды. Үкіметтің бет алысы мен қудаланған Жобалай ұрпақтары бас сауғалап, кірерге тесік таппай Юалқаш көлін жағалап, Тоқырауын (Қарағанды облысы Балқаш қаласының маңы) өзеніне қарай шұбаған. Қажып әлсіреген топ бұл маңда да көп тұрақтап тұра алмады. “Қарағандыдан арнайы отряд шығып, қамауға алады екен” деген суыт хабар алып, жаялап-жалпылап көш басын кері бұрған. Бұл кезде жұрттың жағдайы тым төмендеп кеткен еді. Тігерге тұяғы қалмай, бала-шаға аш құрсақтын. “Қырсыққанда қымыран ериді” дегендей, тап осы кез 1932 жылғы ашаршылықпен тұспа-тұс келмесі бар ма? Кәрі-құртаң мен шиеттей бала-шаға көшке ілесе алмай жан тәсілім етіп, әр баялыштың түбі мен қамыс-қоғаның арасында қалды. Қырылған елде есеп-қисап жоқты. Оларды жерлеуге сіркесі су көтермеген, қабырғасы ырсиып, дүдеп-жадаған ел көз жастарын көлдете төгіп, туысқандары мен бірге туған ағайындарын арулап жерлеуге мұршалары келмей, амалсыз тіршілік көзін іздеп амалсыз алға жылжи берген. Сол кезде қазақ даласы қан сасып, өлген, сүйектерден жер беті әппақ боп жатты. Ит-құсқа жем болған адамның саны тірі қалғандардан әлдеқайда мол еді. Кей тарихшылар осы қанды қапасты еске алып, сол тұста Қарқаралыда аштықтан 1,5-2 млн. адамдай жер құшты дейді. Соның 80-90 пайызы Шұбартаудан ауған Жастабан ұрпақтары, яғни, Жобалай Керейлертін. Алла зып аман қалған 200-250-дей түтін сүлдері кетіп, ілдебайлап Балқаш көлінің бір пұшпағы саналатын Майқамыс пен Сарықамыс түбеатеріне келіп жан шақырады. Көздері ішіне кіріп, қабырғалары ырсиған жұрт бір-бірін танымайтындай қалде еді. Ақыры көлдің балығын аулап, құстың жұмыртқасын жинап, қамыс ішінен құс пен аң аулап, бастарын ашаршылықтан арашалап қалды. Кейін жағдайлары түзелңп, арнай артельдер құрылып, үкімет балық шаруашылығына жекті. Осылайша тұрғылықты халыққа айналды. Енді оңалып, аяқтарынан тік тұра бастағанда алапат соғыс басталып, ер азаматтар қан майданға аттанды. Ана баласынан, сүйген жарынан айырылып, талай шаңырақ тағы да ортасына түсті. Сол қырғи қабақ срғыстан талай азаматтар жау оғынан жер құшып, туған жердің бір уыс топырағы бұйырмай жат жерде қалды. Жандары жәннәтта, тәндері рахатта, топырақтары торқа болсын, асыл ерлердің! Осындай небір қиыншылықты басынан өткерген Жобалай ұрпақтары өз алдына түтін түтетіп, тіршілік отын маздатып келеді. Шұбартаудан ауып келген “Бес Қасқа” атанған елдің 1000-1500 дей шаңырағы әлі күнге Лепсі өзенінің Балқаш көліне құяр сағасында өсіп-өніп жатыр. Бұл өңір қазір Алматы облысының Сарқан ауданының құрамында. Жергілікті жердің Найман атасынан тарайтын Садыр ұрпақтары оларды Жобалай Керей немесе “Бес Қасқа” демей, Шұбартаудан ауғандарына орай “Шұбартау” дейді. Осы жерде КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Еңбек Ері, профессор, атақты композитор Еркеғали Рахмадиев ес жиып, үлкен өмірге жолдама алған құт мекен. Ескі көздер бұл жерді Шұбартүбек деп те атайды. Жері құмдауыт, алайда аң мен құс жыртылып айырылатын бай өңір. Не ексең сол шығатын, жері суармалы. Қызыл кітапқа енген сексеуіл мен тораңғы ағашы да кездеседі. Негізгі кәсібі балық пен мал шаруашылығы. Лепсі өзенінің бойына, екі жағын жағалай “Үлгі” мен “Мұқан Төлебаев” және “Қызыл балық” аулы орналасқан. Бұрындары жеміс-жидек өсіріп, Балқаш қаласын қамтамасыз ететін. Әлгі аты шулы әрі етті болып келетін “Балқаштың помидоры” деген сортының ата мекені осы жер. Бүгінде, май тамып тұратын, өте дәмді балық саналған “қара балық” (маринка) Балқашта мүлде құрып бітті. Оған себеп жыртқыш балықтар; судак, жерих, сом т. б. Ала бұға (Оконь) деген де көп еді, ол да ызым-қайым көзден бұлбұл ұшты. Бұл жерде қой шаруашылығы да қолға алынып, мыңғырған мал өріп жүретін. Өкінішке орай, дерліктей совхоз тараған соң тігерге тұяқ қалмады, тек меншіктің ғана қолында. Жобалай ұрпақтарын іздесеңіз осы маңға ат басын тіреңіз?! Елдің елдігін танытатын, ақ дастарханын жайып, құшақ жая қарсы алатын кең қолтық Керей ұрпақтары жер қаратпасы айдан анық. Би Атаның (Жобалай) үмбеті ешқашанда жолынан жығылмақ емес. Алла жар болсын!

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: