|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

СӨЙЛЕ, ҚОБЫЗ!

Құдай бұйыртса, ұлы жазушы Мұхтар Мағауин ағамыз келесі жылы мерейлі сексен жасқа толады. Арқалы ақын Ғалым Жайлыбай ағамыз күллі қазақ елін құдіретті қаламымен тамсандырып келе жатқан қабырғалы қаламгерге мынандай жыр жолдарын жолдапты.magauin_5

СӨЙЛЕ, ҚОБЫЗ!

Мұхтар Мағауинге

– Сөйле, Мұхтар Мағауин!

Қарашаның ызғары –

нұры тайған қарашық.

Кісінеп тұр бесті айғыр үйірінен адасып.

Қара қобыз сарыны мұхиттарға жанасып,

Алты қырың беріде.

бес құрылықтан әрі асып…

Азынаса қу тақтай жүрекке ұғар тіл берді,

Шыңғыс ханның құйқасы шымыр етіп үлгерді…

… Армандының арманын замандардан зарлатып –

Жалған күннің жалғанын Сізден өзге кім көрді?!

Тоғыз қанат ақ орда қоңыр салқын деп қалдым,

Қарашаның ызғары қай жағымнан кеп қалдың?..

Ішігіңіз, ағатай,

Хандар киер бұлғыннан –

Көк мұзда да жауратпас ақ қарында ақпанның.

Алмас қылыш жарқ етсе,

қолыңда алтын балдағы,

қаламыңның ұшында – арыстардың арманы.

… Көк бөрінің терісі сыпырылып тірідей

Қара қайыс қолдағы –

Енді бізге қалғаны.

Баянсыз боп байтақтың тарқағанда базары,

аңнан,

әлде адамнан Жошы ханның ажалы?..

… Кет – Бұғадай күн кештің,

ғасырлармен үндестің –

қара қобыз зар құсса,

қылы, шегі назалы.

«– Теңіз бастан бұлғанса, кім тұндырар, ағасы,

Терек түптен жығылса, кім тұрғызар, ағасы.»

… Қамқа тонның жағасы,

артып туған бағасы –

Сіз, не дейсіз, ағасы –

екі дүние арасы…

Бұл заманның кім білсін ұлысы кім, ірісі,

түнек болып кетеді түп іздесең түн іші.

… Қобыз алсаң қолыңа еміс-еміс естілер –

Айрылысқан аққудың шерге толы дыбысы …

Қара қобыз сарнаса

зарын тыңдап үлгерем,

Бұлт астында булығып жарқ ететін күн көрем.

… Тәбияға жаратқан күпшек санды күреңім –

Қасқа айғырдың үйірі болмайды екен кіл берен.

Сарынына қоса ма,

Шыңғыстауды,

Семейді,

Үзік-үзік бір елес қолтығымнан демейді.

асылдардың өлеңі,

ғасырлардың бедері –

Қара қобыз не деді,

Қара қобыз не дейді?!

– Сөйле, Мұхтар Мағауин!

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ

Related Articles

  • Керей мемлекетінің билеушісі Тоғрыл ханның Шыңғыс ханды тарих сахнасына көтеруі туралы тарихи мағлұматтар

    Тоғрыл зан Шыңғыс ханның әкесі Есугеймен анда болған Керей мемлекетінің ұлы билеушісі. Марқұз Бұйрық ханның бес ұлының бірі. Шамамен 1130 -1203 жылдар аралығында өмір сүрген. Хандық билік құрған жылдары 1168 – 1203 ж.ж. Тоғрыл хан билік құрған жылдары Керей мемлекеті ұлы Монғол үстіртіндегі сайын далада өзіндің саяси бағыт бағдар ұстанған және Еуразия құрлығына аты жайылған іргелі елге айналды. Орта ғвсырлардағы тарихшыларының жазба деректері бойынша сол кезде Керей мемлекетінің халық саны оған бағынышты рулар мен тайпаларды қосқанда тоғыз жүз мыңға дейін жеткен. Енді бір тарихи құжаттарда екі жүз мың жан болған деп жазылады. Олар ақылды хандарының арқасында алтын шатыр тіктіріп, алтын кеседен су ішкені жайында тамсана жазды. Сол заманда өте қуатты

  • Жақия қажы – имани жолдың жаршысы

    Аспанды әуелеп ұшқан қыран құс жылы ұясына қайтып оралды. Сары ауыз балапандары қанаттары қатаймағандықтан, мамық жайдан алысқа ұзай алар емес. Аналары қашан тамақ әкелгенше жанарларын көк аспанға қадап, ұзақ күткен еді. Ауызына тістеген қорегімен нәр жалғатып, балапандарының мәз-мәйрам болғанын көріп, аналық құс та қуанышқа бөленді. Осы бір жылы көріністерді ұзақтан бері қадағалап тұрған Жақия өмірде ізгілік атаулының қалай пайда болғанын ойлап, бас қатырды. Атасы айтып отыратын әңгіме де ойына оралды. Бүкіл жаһанды жаратқан бір Алла деген сөздің астарына үңілгісі келді. Бірақ, Жаратушы Құдай туралы кімнен сұрарын білмей тосылды. Жарытып айтар адам болса ше? Ауылдағы молдаға барайын десе, қазір олардың да қарасы азайды. Жоқтың қасы десе де болады. Молда атаулының соңына

  • Бағылан би.

    Алтын Орда хандығындағы мемлекет қайраткерлерінің бірі. Ол Тобыл өзені бойын мекендепті. Обаған өзенінің Тобылға құяр жерінде Бағылан то- ғайы, Бағылан талы, Бағылан қара суы, Бағылан көлі, Бағылан томары, Бағы- лан қыстауы, Бағылан шоғы, Бағылан өзегі деген жер — су аттары бор. Бағылан баһадүр қартайып, өз есімімен аталатын тоғайды мекендейтін өз аулында ауырып қайтыс болыпты. Оның сүйегі Тобыл өзенінің жарқабағына жерленген. Бағылан бидің Бопай есімді әйелінен Архат, Фархат, Сарымұрат атты ұлдары дүниеге келеді. Фархат батырдың Гүландам есімді әйелінен Та- наш, Аббас, Манас туады. Осы күнгі Қостанай облысының Меңдіқара, Ұзын- көл аудандарын, Солтүстік Қазақстан облысының және Қазақстанның басқа да жерлерін мекендейтін Ашамайлы Керейлер осы Танаштың ұрпақтары. Танаш Алтын Орда хандығының көрнекті адамдарының

  • Сібір хандығы немесе керей Тоғырұл ханның ұрпағы Тайбұға әулеттері билік құрған мемлекеттің қилы тағдыры мен тарихи аренадан жоғалуы

    Тарлан тарихтың бізге беймәлім тұстары көп, ақиқаты ашылмаған және әлі күнге дейін құпия парақтарынан өзіндік орын алған Тайбұға әулеттерінің орта ғасырларда билік құрған жұрты Сібір өлкесі немесе Сібір жұрты екендігі баршамызға аян. Керей Тоғрыл ханның Үкіден (кейбір шежіре аңыздарда Ұйқы дейді, ал қытай деректерінде Тоғрыл ханның бір ұлының есімі Ойху) туған немересі Тайбұға бұл аймақта он үшінші ғасырдың бірінші жартысында інісі Тайшықпен бірге Керей хандығынан қалған бір қауым елді соңына ертіп өз алдына жеке хандық құрып жер көлемі орасан зор аумаққа билігін жүргізді. Шыңғыс хан империясының ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде билік құрған дәуірінде осы империяға тәуелді жеке өз алдына мемлекеттік құрылымы бар ел болған Тайбұға династиясы немесе Тайбұға жұртының тарих сахнасына

  • Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

          Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы. Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған. Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан. Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: