|  | 

Әдеби әлем

ҰЛЫ ОТАНЫМ-АНАШЫМ

Отан ,Отан оттан ыстық көрінген,
Отан орын алған жүрек төрімнен.
Тәуелсз боп арқасында Алланың ,
Жұлдыз жәйнап ,ай туған күн көгімінен.
Ел болмайды артық туған Еліңнен,
Елін сату бірдей болар өліммен.
Бірлік деген-бик қамал алынбас,
Бөрілерге жем болады бөлінген.
Осы күнді қадірейік біз бүгін ,
Жақсылыққа қосып әр кез ізгі үн.
Қанша боздақ құрбан етті өмірін,
Алу үшін егемен ел тізгінін .
Қанша ғасыр өтті Халқым жылауда,
(Көздің жасын көрді ақыр бір Алла ).
Ата -Бабам жанын берген бұл күнді,
Ешкігнің де хақысы жоқ сынауға.
Қанден Иттер аса алмайтын бір белден,
(Ірітпек боп ін қазып жұр іргемнен).
Талай залым ,зәндендерді көрдік біз ,
Іші тұтын ,сырты бұтын жүргенмен.
Елді тонап ,шетке қашып кеткендер,
(Көтермейді көк тиындық өкпеңді ел).
Оттай сытық сатып отан Анаңды,
Ит боп үріп ,Отанмды сөкпеңдер.
Айтылар сөз таусылмайды ол жәйлі,
(Біреуге ар,ал біреуге мал қайғы) .
Ел қадырын түсінбеген еркектің ,
Ел сыилайтын ер қадыры болмайды .
Қуанышым жігерімді жаниды,
Бақыт құсы айналып жұр әр үйді.
Күллі әлем мойындаған Елім бар,
Күллі Әлем көк туымды таниды.
Айналайын асыл Халқым ,Алашым,
Қадірлейік бар бақыттың бағасын.
Ғасырлардан ғасырларға мәңгілік ,
Жасай берсін ұлы Отаным -Анашым ,
Қазақстан ұлы отаным-анашым.
Шаһидолла Самұратұлы
16.12.2019

Related Articles

  • « Шақантай» шежіресі( бесінші басылым , қосымша жазбалар мен толықтырулар)

           Тайтөлеу Ысқақұлы Төлтай                                   2003 – 2009 жылдары  « Шақантай»  шежіре  кітабы  төрт рет  800  данамен   басылып  шықты . Соңғы  төртінші  басылымын  kerey.kz  сайтынан  толық  оқи  аласыздар .  Осы  басылымда  Шақаңа  қатысты соңғы  кезде  келіп  түскен ақпараттар мен  М. Мағауин, Ө. Ахметов , С. Ысқақов , Н. Сәменбетов – тердің кейінгі жарияланған  деректері қолдалынды . Бесінші басылым да сол аталған сайтқа  қойылады .   Мекен-жайымыз:  Алматы, 050010, Пушкин к. 83 үй, «РИЕО» ЖШС , Тел.,Факс:  8(7272) 912049 . Ұялы  тел. 87017177657 . e-mail: toltai 42 @mail.ru . МАЗМҰНЫ :    Шақантайдың  

  • САХАРАНЫҢ АРУЫ (Қысқа әңгіме)

    БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ: Бірде Ұланбатыр қаласында халық өнерпаздарының біріккен өнер фестипалы өтетін болып соған қатысуға домбырамды көтеріп мен де бардым. Монғолия елінің түкпір-түкпірінен келген не түрлі ғажайып сал-сері, өнер иелері бір қонақ үйіне орналасып он күн бойы күн-түн демей ұланасыр думанға бастық. Күндіз үлкен мәдениет сарайына барып өнер көрсетіп, кешке қонақ үйіне келіп той жасаймыз. Сол қызықты күндердің бірінде менің жиырма беске толған туған күнім шақ келген соң дастархан жайдым да көрші өнерпаздарды тойға шақырдым. Онсыз да бастары ауырып ұрынарға қара таппай отырған өңкей сайыпқыран асау дарын иелері маған арнаған сыйлықтарымен қоса өз өз аспаптарын да көтере келді. Сөйтіп киімін шешкен жалаңаш адамның судан тайынбайтыны секілді көп кешіктірмей көңілді тойды бастап

  • АЛЖАСҚАН ҒАСЫР (Әңгіме)

    “Ашаршылықты саясиландырмау керек” деу “дымыңды шығарма” деп ұлтты тұншықтыру. Бұл тарих пен ұлтқа жасалатын қиянат! “Ғасырға серт! Адамзат баласы зиянда…” «Асыр» сүресі …көзі жұмылмай, «бұның не?» деген таңданысты сұрақ анық оқылатындай адырайып, тас қораның төбесіне қараған күйі қалыпты. Мұрыннан кеткен қан екі ұртты сағалай барып, кепкен өзеннің арнасындай былқылдап, тоңға айнала бастапты. Сыпатайдың да екі ұртынан бастап омырауына дейін – іңірдегі батыс көкжиектей қып-қызыл. Ентігін енді басып, аузына келген дәмнің қошқыл татитынын, оның қанның дәмі екенін түйсінген. Түйсінген сәтте лоқсып құса бастады. Бұнысы жетпіс бес жасқа келіп, Тәшкенттегі ағаш қорасына кіріп, қайыс арқанға асылып барып тыншу тапқанша жалғасатын лоқсу екенін, әрине, ол кезде білген жоқ. Бір нәрсені түртіп, танып аларға

  • Даннинг-Крюгер «күйігі»

    …Жапон халқының «Жалғыз ауыз жылы сөз қыстың үш айын да жылы етеді» деген мақалы бар. Біздің ойымызша дүниедегі ең суық нәрсе ол – аяз да, ақтүтек боран да емес, дүниедегі ең суық нәрсе адамның ниеті мен көзқарасы. Бұл жерде таланттарға тиесілі «жалғыз ауыз жылы» сөз жайында ештеңе демей-ақ қоялық (Жалпы біздердің біреуді мұңайту мен пұшайман ету ең негізгі ләззат алатын индексімізге айналғаны қашан). Өмірде мерез бен мейірімсіз деген сөздердің бар екендігі рас болса, онда оның шын бейнесі (портреті де) болуы керек қой. Әлде бұл қатыбас пенденің кісі кейпінде көрінген өз бейнесі ме екен?! …Тым тәубәшіл халықпыз ғой. Таланты жандарды жоғалтып алып «бұл енді тағдыр ғой» дейміз біртүрлі күңіреніп сөйлеп. Осы

  • Ұрланған табыт.

    1978 жылы 2 наурызда Швейцарияның Корсье-сюр-Веве ауылындағы зираттан атақты комедия актері Чарли Чаплиннің денесі жатқан табытты белгісіз біреулер ұрлап кеткені анықталады. О заман да, бұ заман, табыт ұрлау деген не масқара! Естіген жұртта ес қалмаған! Чаплин 1977 жылы 25 желтоқсанда 88 жасында қайтыс болды. Бірнеше айдан кейін оның денесі Швейцария зиратынан ұрланғаны жайлы ақпарат тарағаны сол, естіген жұрт жағасын ұстап, алаңдаумен болды. Мұндай атышулы оқиға әлемді дүр сілкірдіреді. Полицейлер аяғынан тік тұрып, кінәлілерді іздеу шараларына жаппай жұмылдырылады. Әрине, қылмыскерлерді ізін суытпай қолға түсіре қойюы неғайбыл. Бір күні Чаплиннің жесірі Унаға белгісіз біреу телефон шалып, шамамен 600 000 доллар көлемінде төлем талап етеді. Полиция бұл істен хабардар болған соң, Унаның телефонын

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: