|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Алаш және ататек

Байахымет Жұмабайұлы

жазушы, этнограф
Baiahmet
Ататек жайында сөз қозғар болсақ «Алаш» аты шықпай қоймайды. Ал «Алаш» туралы кеңестің соңы ата текке ұласары шындық. Бұл халқымыздың тек пен тарихты бір тұтас ұғым ретінде қарауының негізі болмақ. Ендеше кеңесті «Алаштан» басталық.

Халқымыздың сөз тіркестерінде «Алаштың азаматы», «Алаш – Алаш болғанда», «Алты Алаш» деген сияқты ұғымдар кездеседі. Ол олма біздің осы «Алаш» сөзіміз туысқан ұлттар арасында да өз – өздерінің тілдік қорында әксентіне қарай: Сақалар — дъиэ, Құмыттар — уъй. Түріктер — алачуг, Қырғыздар — Алаччк. Орыстар — лачуг, Ноғайлар — Алаш. Тұнғұстар — алан…[1] т. б. Дейді. Міне бұлар «Алаштың» олардың тарихымен қатыстылығы дегендік емес. «Алаш» созының таралу аясының қаншалықты кеңдігін дәлелдеу.
Зерттеушілер «Алаш» ты тым арыдан суыртбақытайды, м: Мәркополо: «Алаш өгізбен сүйрелетін кигіз үй»[2] ретінде жазса, осы пікірді жүптеушілердің қатарлы молығып, «Сүйретпелі дөңгелек орнатылған кигіз үй» [3], «Қаңылы заманындағы арбалы кигіз үй» [4], «Шыңғысхан заманындағы көп өгізбен сүйреліп жүретін кигіз үй» [5] деген анықтамалардан сырт, «Ноғайдың қаны Мүқамметті Моңғұлдар Алаш атаған» [6], «Кигіз үйдің шаңырағының ұстын «Asoci» Алаш атаған» [7]. «Алаш — Алаша ханның есімі» [8], «Алаш ежелгі тайпа аты» [9], «Аліш бөрінің алғашқы мекені» [10], «Алаш – темір дулығының төбесі» [11] деген тұжырымдамалар кездеседі.
Ал материалдық деректердің неғүрлім анық, ұғынықтысына жүгінер болсақ, «Алашты» ұлыс, ру, тайпалардан құралған бір тұтас ұғым ретінде қарайды. Қараңыз: «Біздің заманымызға дейін Алаштар Қратеңіз, Азоулы (Азов) теңізі бойларынан, Капказ (Кавказ) тауларына келіп қоныстанған халық» [12] дей келіп, Қазақ халқының әсілгі нысыбы (тегі) ретінде тұрақтандырады.
Ал бұданда анығырақ деректерге тоқталар болсақ, Тәукехан кезінде, яғни Керей — Мұрындық — Жәдігер — Шығай — Есім — Салқамжәңгір — Тәуке болып, (Тәуке 1680 жылы хан тағына отырып, 1715 жылы дүниеден көшкен) міне осы кезде билер кеңесі Сырдәриә бойында, Сайран, Түркістан аймақтарында «Байтөбе», «Тартөбе» жерлеріндегі тәңірге арнап малдың майын (сүйегін) арнаулы өртейтін орындарда (мұндай орындарды «күлтөбе» ияғни өртелген сүйектің күлі қалған орын) арнаулы билер кеңесін құруды «Алаштың басын қосу» деп атаған.
Әрине мұнда бас қосушылар әр тайпаның тарихый құрлымдарын саралап, тимды заңдарды қолданысқа еңгізіп, шежіренің өзін мемлекет істері қатарына еңгізіп, таипа, рулардың туларының тұр – түстерін белгілеп тұрақтандырып отырды. Анығырақ айтар болсақ, жеті ата араламай қыз алыспау, сегізінші атадан соң жеті рулы елдің би, бектері, ақсақал, көксәқәлдәрінің басы қосылып, жеті ата асқан рудың ен, таңбаларын белгілеп, өз алдына ел болған салауатын тұрақтандырып, ата санына қарай көтеретін құйрықты туларын тұрақтандыру сияқтыларды салтқа айландырған. Міне мұндағы бітімдер анығырақ айтқанда рулардың санын көбейту арқылы әр ру өзінің ел бастар серкесі мен ұрандатар батырын тұрақтандырып, жауға аттанар жасақтарын сайлау арқылы мемлекеттің қорғанысын күшейтіп, ел економикасын дамытудың тәсілі ретінде қолданды. Осы кезде «Адай» неше ата, «Тарақты», «Жалайыр» т. б неше ата болса соған жарай құйрықты туын көтеріп жауға аттанды. Міне осы кезде ата бұтарлауда өз аталарын көбейту бәсекесі болғаны анық. М; деректерде «Керей әсілі төртеу болатын, кейін тоғызға одан он екіге жеткізі» делінеді, міне осы кезде Керейлер он екі құйрықты ту көтеріп, «Алаш» атын ұран етіп жауға шапқаны шындық. Дәл осы кезде «Алаш» тұтас Қазақтың ұраны ғана емес мемлекет ұғымында болғанын Мұрат Мөңкеұлының «жас келең» толғауында:
Алаш – Алаш болғанда,
Алаш атқа қонғанда
Алашұбар ту байлап…» [13] деген жолдарынан байқауға болады.Alashahan kesenesi
Осы арада оқырманға қадағалай кететін бір жайт «Алаш» бүгінгі Қазақ ұлтын құрап отырған «Үш жұздың» нығайған кезеңі екенін байқаймыз. Бұған себеп, Тәукехан төңірегіндегі ру, жүз, тайпаларға анықтама берген зерттеушілер… «Бесене құрамындағы Алшын рулары еді. Оған Черкеч (Керкес). Беріш, Адай (Дай), Тана, Рамадан сияқты рулар қосылды…» [14], «… Найман, Арғын, Керейлер Шағатайдан бөлінген соң ұлыстың ортасына қоныстанып «Орта жүз» атанған[15]. «Шағатай ұлының шығысын мекенденген Үйсіндердің құрамында Дулат, Албан, Суан, Сарыұйсын, Шапырашты үлкен орда құрамына қосылды…» [16] деген анықтамалардан тыс, сол заманда кұлтөбе басында бас қосатын жиындарға: Ұлы жұзден — Төле би, орта жұзен — Қаздауысты Қазыбек, кіші жұзден — Әйтеке би, Қрғыздан — Көкім би, Қарақалпақтан — Сасық би, Қатағаннан — Жайма билер қатынасқан алты ұлысты «Алты Алаш» атаған… [17] міне осылайша «Алаш» алты ұлыс елдің бірлігі, ұраны, ұйтқысы болып қалмастан осы алты ұлыс елдің нысбы, тегі – текті, мемлекет бірлігінің ұйтқысы болғанын байқаймыз. Ендеше бұл күнде «Алаш» Қазақ шежірелерінде тұп ата болып басталып келіп арада үзіліс жасап қалатын жәйттері жоқ емес, бұған басты себеп, дәл осы «алты Алаш» ұйымдасқан кезде, береке – бырлык үшін тек «Алаш» туы, «Алаш» ұраны астына жиналған халық арғы ата, ұлыс, тайпаларға бөлінбей бір ниет, бір тілекпен жауға қарсы тұруды жолға қойған кез еді. Екіншіден; біздің тегімізді «Арап тұқымы» етуге әрекеттенген молда – қожалар «Алаштан» уаз кештіріп, «Пайғамбар Мүхамметтен санап елу ата өткенсоң Әнәс сахабаның аты аталып, оның төрт ұлының бірі Жабалдан — Мағаз сақабадан тараймыз»[18] деп бастайтын шежіре «Мағаз — Суғайыл (Сымайыл) — Ақшолпан — Жайылқан — Майқы — Мөйтен дей келіп, Майқыдан — Жақан, Өзбекті. Жақаннан — Айырқалпақ, Қалмек. Өзбектден — Қытай, Қыпшақ, Шағатай десе, Аайырқалпақтан — Созақ, Қазақ. Қазақтан — Алаш… [19] деген шежірелер тек ата бұтарлаудың басын пайғамбарлармен сақабаларға тіреуді мақсат етуден ата бұтарлау үрдістері пайда болды.
Әрине осындағы діни ілімді насихаттаушылар бүтін адамзат баласын Нұқ пайғамбардан таратып, Хам, Сам, Яфастан өрбітіп, Қам (Қамит) тан Европа елдерін, Сам (Сами) дан Араб, Парыс, Еврейлерді. Яфас (Жапбас) дан Түрік, Моңғұл нәсілдерін өрбітетін…» [20] шежірелік дізбелер, біздің шежірелік дастүрымызды абден шатастырып «Алашты» емес, Қазақты ұмыттыра жаздады.
Осындай ұлтты әсілгі құндылықтарынан жаңылыстырыудан жоғарда айтқан Тәуке хан күрес жасап тектік танымға қайтудың ұранын көтеріп «Қазақтың ұраны бырлык» [21] деп айтуы бекерден – бекер емес еді. Міне бабалардың осы жан айғайы, асыл арманыны ендігі жерде Әлихан Бөкейханов бастаған «Алашшылдар» жанын сала жаңғыртып, тірілтті. «Алаш» атауын тұтас ұлттың рухы екенін, кешегі мемлекет жүйесі «Алашпен» асқақ екенін ескеріп, «Алаш» партиясын құрды. Ал Алаштың алғабасар арысының бірі Шәкерім өз шежіресінде «Арғы тегіміз Араптан, баленбай сахабаның тұқымымыз» [22] деген жаңсақтықтарға тойтарыс беріп, «Біз Алаштың тұқымымыз» екенін жалпы халық назар аударуы керегін нәсиқаттауы… Сол кезде кеңес өкіметінің қймасына тйіп, Шәкәрым бастаған ел қаймақтарын солақай саясаттың оң жамбасына алып тыныш таптты.
Міне оқырман Алашпен ата бұтарлаудағы анықтаманың менің тұсінігімде қысқаша осынша, мұмкін артық – кеміде болар. ендігі жерде діни танымдағы шежіре (ата бұтарлау) мен неше жүз жылдан бергі жалғасым тапқан өз ата тек шежіремізге (ата бұтарлау) аздап тоқтала кетемін…
Жалғасы бар…
(авторлық құқық қорғалған, пайдалануда автордың мақұлдығын алыңыз)

Әдебиеттер:
[21] [12] [11] [10] [9] [8] [7] [6] [2] [1] «Тауарих тасбиқ» Алматы «Арна» 2014. Е.Көкеов
[3] «Қазақтың қысқаша тарихы» Шинжияң халық баспасы, 1987. Н. Мыңжан
[4] «Үйсіндер тарихы», мұра журналы 1996. 2- сан. С. Жанболатов
[5] «Зейнола Сәнік шығармалары» , 2016. Алматы
[13] «Ер тегі көк аспан» Алматы. Е.Көкеов, 2014
[17] [16] [15] [14] «Қас-сақ». С. Жанболатов және «Таурих-тасбиқ» Е. Көкейов
[20] [18] «Түрік, Қырғыз-Қазақ қам қандар шежіресі» Шәкәрім Құдайбердіұлы. Алматы «Қазақстан» және «Сана» 1991.
[19] Әбілғазы «Түрік шежіресі» Алматы, «Ана тілі» , 1992.

Related Articles

  • Тоғыз оғыз-тоғыз Ителі-тоғыз Торғауыт

    Бөрілі байрақ астында — Бөгеліп көрген жан емен! Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен!   -Сұйінбай Аронұлы   Ителі шежіресінің Сәбит дамолладан қалған нұсқасында : Орманбет ханның  Торғауыт, Дөрбіт, Тибет, Таңғыт, Қалқа, Ахмет, Онсан деген ұлдары болды. Ахмет алапес болып ауырып елден шеттетіледі де, Ахметті иен жерге өлтіруге апара жатқанда құтқарылып, аман қалады. Ахмет арқардың бауырын жеп, қанын ішіп сауығып кеткенсоң арқарды кие тұтып, тұңғыш ұлының атын Арқаршы қояды. Ахмет жасақ құрып, бөрі басты ту көтеріп Орманбет ханға қарсы шабуылға өтеді. Торғауыт, Дөрбіт, Таңғыт, Қалқа, Сарыүйсін, Бекежан, Тәйті, Онсан бөрілі ту астына бірікті. Бөрі басты туына қаратылып тоғыз Ителі атаныпты- деген аңызды келтіреді.. [1] Сәбит дамолла- Алтай бетінде алғаш

  • Шаңыраққа қарамайтындар

      2020 жылдың маусымында, Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) казачество көтерілісінің жеңілісіне жүз жыл толады. Көрнекті большевик пен жазушы, Дмитрий Андреевич Фурманов, осы жеңіске елеулі үлес қосты. 1924 жылы, ол осы жан түршіктіретін оқиғаны суреттейтін  «Мятеж» («Көтеріліс») деген тамаша романын жазып бітіреді.  Айтпақшы, «Мятеж» романы 1916 жылғы Амангелді Иманов көтерілісінің хайуандықпен жаншылып қалғаны туралы әлем әдебиетіндегі бірен-сараң шығармаларының бірі.  Оның тұщымды дәйексөзін келтіруге рұқсат етіңіздер: «Царское правительство с молниеносной быстротой помчало сюда карательные отряды, помчало транспорты оружия, которым снабдило кулаков… И пошла резня. Открылась неравная кровавая битва: с одной стороны вооруженные отряды и освирепевшие кулаки, с другой стороны – почти безоружное туземное население, которому отчаяние и круглая безвыходность придали силу, отвагу

  • Ерке батыр- Бұқарбай Елтоқұлы

    Жұмашәріп Шәһадатұлы Дәндібай тегі (Жазушы, Педагок, поблицик) Әр заман өзінің әйгілі адамдарын тудырып сол тұлғаның бойындағы түрлі қасиеттері арқылы жеткен деңгейі көлемінде ортасына әйгілеп отырады. Заман тұлғаға тиянақ, тұлға заманға қозғаушы рөлда дамиды. Қоғамдық даму барысында заман кемелденіп, тұлға сомдалады. Заман бір тарихи дәуірдің рухани бетбейнесі. Онда хан- қараша, би- қазы, көсем- шешен, батыр- бағлан… т.б лардың бәрі де саяси- заң, дін- мәдениет, шаруашылық т.б қатарлы көптеген салаларда араласа бой көрсетіп сол заманның өзіндік тынысын қалыптастырады. Ендеше сол нар тұлғалардың ішінде батыр образын осы мақалада қаузалатын өзек ете ой өрістетейік. Аллаға шүкір, қазақта батыр баршылық, себебі біз хандық тегіміз арысы Еділқаған (әтилә), Елжаукүнбилерден бастау алып, берісі Тұғұрұлхан, Жошыхандар мен олардың

  • Қытай қазақтарының анти-коммунистік үш үлкен жоспары

    Бірінші сүгірет, 1960-жылы Тайван (台湾) астанасы Тәйпейде түсірілген. Суретте оңынан: Дәлелқан Жанымқанұлы Жаналтай, Қалибек Райымбекұлы Хәкім, Қамза Шөмішбайұлы Ұшар, Қалипа Ғақыпұлы Алтай. Бергі жақтағы үш адам оңынан: Жолбарыс ұлы Яқұп және APACL- мүшелері мен Тайван президент әкімшілігінің қазақтарды қабылдауға келген өкілі.  Екінші сүгірет, 1960-жылы Тайван астанасы Тәйпейде түсірілген. Азия халықтарының Анти-Коммунистік Лигасы (APACL) сол жылы тәйпейде құрылтай ашқан. Құрылтай жиналысына қазақтар да қатысты. Суретте оңынан: Қалибек Райымбекұлы Хәкім, APACL басшысы Гу Жынганг (Gu Zhenggang/谷正纲), Қамза Шөмішбайұлы Ұшар және Қалипа Ғақыпұлы Алтай.  Үшінші сүгірет, 1960-жылы Тәйпейде түсірілген. Суретте алдыда отырған: Қытай гоминдаң үкіметінің тайвандағы президенті Жан Кәйшек (蒋介石). Қытай қазақтары оны Қытайдың терістік акценті бойынша Жияң Жиеші деп атайды. Артта тұрғандар

  • БАБАДАН ДАРЫҒАН ДАРАЛЫҚ

        Қазіргі қытай жері Алтай беті күллі Абақ керейдің туып өскен ата мекені. Талай заңғар тұлғаларды тудырған алтын құрсақ, Алтайдың бір туар тумасы Әди Тұрар ұлы 1932 жылы Ботақара руының сүйікті мекені Алтайдың Алақақ ауылында дүниеге келген. Әди Ботақара батыр Тыныбек Нұра әулетінен тарайды. Абақ керейдің тұңғыш биі атақты жырауы, Ботақара Тыныбек Нұра әулетінен Шәу(жырау) Апашұлы ,Атақты төкпе ақын Төлеубай Бөжекұлы, жаны жомарт кең пейілді атағы жер жарған бай Шәку Есілбай сынды ұлы тұлға аталарының қасиеті дарыған, Әди балалық шағы өзінің ата мекені Алақақта өтті. Бастауыш сыныбын сол Алақақ ауылындағы Ботақара мектебінен бастады. Әдең өзінің туа бітті дарынымен азаттықтан кейін қоғамның әр саласында қызмет етті. Сол кезде Алтай ауданның

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: