|  |  | 

Шоу-бизнис Әлеумет

Көлік жүргізетін әйелдер

Малу Калуза _ генеральный директор QNETӘйелдер бәрін де жасай алады

QNET компаниясының кеңсесі 10 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді. QNET компаниясы қайырымдылық көрсетумен, оның ішінде экология саласында көмек көрсетумен белсенді айналысады. Осы жылы QNET командасы Recycle Birge эко-белсенділерімен бірге Алматыдағы Пархач көлінің жағасын қоқыстан тазартты. Қалдықтарды жинау мен сұрыптауға QNET тарихындағы нәзік жандының ішінде алғашқы бас директор Малу Калуза қатысты. Малу ханым хатшы қызметінен ресепшнге, одан корпорацияның бастығы лауазымына дейін қажырлы еңбегінің арқасында көтерілді. Калуза ханым жетістікке жетіп, big boss атану құпиясымен бөліседі.

Сіздің тәжірибеңіз бойынша тікелей саудада жұмыс істейтіндердің қанша пайызы жетістікке жетеді және мұндай адамдарды не біріктіреді?
Біздің барлық жетекшілеріміз — бүгінде компания көшбасшысы болып табылатын Тәуелсіз Өкілдер, осы жолда жетістікке жету үшін олар көптеген қиындықтардан өтті. Олар табысты болса, компания да табысты болады. Жетістік туралы түсінік әр адамда әртүрлі екенін айтып өту керек. Бұл біздің кәсібімізден анық көрінеді.
Біреулерге жетістік өзінің айлық шығындары немесе балаларын үздік мектепке жіберу үшін қосымша 500 доллар табу болса, енді біреулеріне өзінің қартайған ата-анасына көмектесу немесе үйде жөндеу жұмыстарын жасау маңызды. Сондай-ақ жақсы көлік иесі болғысы келетіндер, банкте қомақты қаражаты болғанын қалайтындар да бар. Сондықтан әркімнің өз жетістігі бар. Сіз өзіңізге қайсысы қажет екенін өзіңіз шешесіз.
Бізді және біздің көшбасшыларымызды біріктіретіні — арманымызды іске асыруда батылмыз, оларды іске асыру үшін кез келген мақсатқа қол жеткізе алатынымызға деген сенім. Біздің компания – бұл мінезді қалыптастыратын бизнес.
Тікелей саудада көбісі бірталай келеңсіздіктерге тап болады. Неге бұлай болады, мұндай жағдайларды қалай дұрыстау керек және одарға қалай жауап қату қажет?Эко акция

Кейбіреулер тікелей саудада дұрыс жұмыс істемегендіктен немесе компания саясатына тиісті құрмет көрсетпей, өзінше істегендігінен біз осындай келеңсіздіктерге тап боламыз. Бұл — тікелей саудамен айналысатын барлық компанияларда орын алып жататын құбылыстардың бірі. Біз бұл мәселені жұмысымыздың басында-ақ түсіне бастадық, әсіресе өзіміз жұмыс істейтін нарықтағы мәселелерді сезіне білдік. Бұл мәселені шешу үшін біз онлайн және офлайн тәртіпте қолжетімді көптеген оқыту бағдарламалары мен сертификаттау бағдарламаларын іске қостық. Сонымен бірге, біз QNETPRO бағдарламасының жұмысын бастадық, оның мақсаты – Тәуелсіз Өкілдерге тікелей сауда индустриясы, біздің компания туралы және тауарымызды тиімді сату мен бизнесті құру жөніндегі барлық қажетті ақпараттарды беру. Бұл жұмыс қазір жалғасуда, одан әрі жалғастыра береміз, себебі тек дұрыс жұмыс істегенде ғана көп жетістіктерге жететінімізге сенеміз!

Тікелей сауда — әйелдер үшін оңтайлы шешім бе? Неліктен?

Тікелей сауда әйелдер үшін қаржылай мүмкіншілік беріп қана қоймай, олардың жеке дамуына, өсуіне де ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл — ыңғайлы жұмыс кестесі бар қосымша табыс. QNET-те мен әйелдер барлық күнделікті маңызды міндеттер арасында үйлесімділікке қол жеткізсе, өзгеріп, мықты бола бастағандарын өз көзіммен көрдім. Бұл — біз мақтан ететін жетістіктеріміздің бірі. Әйелдер күнде тікелей сауда үшін қажет барлық қасиеттерге ие көптеген рөлдерді орындайды. Біреуге пайдаңды тигізу ниеті, ынталылығы, қарым-қатынаста шынайы болу – бұл осы салада жетістікке жеткізетін қасиеттер.

Көп адамдар өздеріне сенімсіз. Олардың бойына өзіне деген сенімділікті қалай ұялату керек?

Өзіңіздің күшті жақтарыңызды анықтап алыңыз, айналадағыларға шабыт беру үшін оларды тәжірибеде қолданыңыз. Бұны табанды түрде, реттілікпен орындаңыз. Өз күшіңізге деген сенімділік ісіңізде үздік атанған сайын арта береді. Ең алдымен, өзіңізді құрметтеңіз, күш-жігеріңіз басқалардф шабыттандырсын, сонда сіз шабыт сыйлаған адамыңыздың сіздің бойыңызға сенімділік ұялатынын түсінесіз.

Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды да ұмытпаңыз. Оны мойындай біліңіз дегім келеді, бірақ мұнымен тоқтап қалмаңыз. Адамдармен ашық болыңыз, оқып үйреніңіз және бір реттен қолыңыздан келмесе, қайта-қайта жасай беріңіз. Күшіңізді көрсете білдіңіз бе, әлде осал тұстарыңызды байқаттыңыз ба, маңызды емес, сіз бәрібір оқуға дайын болып, үздік атануыңыз қажет.

Арманыңыздың болуы аса маңызды. Сіз табандылықпен және игі істеріңізбен сол арманыңызға жететініңізге сенуіңіз қажет. Біреу сізді мықты етеді деп күтпеңіз. Сіз жеке шекараңыздан өтіп, өз өміріңізге жауапкершілікті алу үшін мықты болуға тиіссіз.

Қандай жағдайларда тікелей саудамен айналыспаған жөн?
Ең алдымен, сіз өзіңізден мына сұраққа жауап алуға қажетсіз: мен тікелей саудадан не күтемін? Содан соң сізге мақсатыңызға жету үшін ол қалай көмектесетінін немесе керісінше, кедергі келтіретінін анықтау керек. Өзіңе қойылатын келесі сұрақ: өз бизнесімді бастағаннан кейін бойымнан қандай өзгерістерді тапқым келеді?
Бұдан басқа, тікелей саудамен кәсіби түрде айналысқысы келетіндер өз ісін бастамастан бұрын толықтай оның не екенін түсініп алуы маңызды. Егер сіз сенімсіз болсаңыз, тағы да ойланып, 100% белгілі болғаннан кейін келісім беруіңізге кеңес берер едім. Ол үшін біліміңіз бен ынта-жігеріңізді пайдаланыңыз.
Сіз лауазымыңызды ауыстырып, біліміңізді арттырдыңыз. Жаңа білім алу және жетістікке жету жолында ең қысқа әрі тиімді жолды атап бере аласыз ба?Эко -акция

Ақпаратты қабылдауға, оқып үйренуге үнемі дайын болу, өзгерістерге оң көзбен қарау, себебі ешкім де өзгерістерге кері қарым-қатынас жасау арқылы биікке көтеріле алмайды. Барлық мәселе қарым-қатынас пен икемделе білуге байланысты. Бұл көптеген қасиеттерден тұрады: өзіңе жайлы аймақтан шыға алу, қауіп-қатерге бас тігу, жауапкершілікке ие болу және позитивті ойлау. Бұның барлығы күрделі, бірақ мықтылық танытатындар және не істеу керектігіне баса назар аудара білетіндер үшін қолжетімді. Ауқымды өзгерістер жолында жағымсыз ойлар мен сәтсіздіктерге бой алдырмайтындар үшін. Біз тәжірибе жинақтау арқылы білім алып, даналыққа ие боламыз. Ал қателіктер бізді ешқашан мойымауға, жетістікке жетуге жетелейді.

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: