|  | 

Қазақ шежіресі

АЛТЫН ОРДАДАҒЫ 92 БАУЛЫ РУЛАР

Шыңғысхан өзі бағындырған алып територияны төріт ұлына бөліп бергенде мұрагері өгедайға Орхон өзенінен батысқа қарай Тарбағатай тауларына дейінгі жерлерді; шағатайға Шығыс түркістан, Жетісу, Мауераннахрды; Жошыға Өгедайға қарасты жерлердің батысы мен Шағатай ұлысының солтүстік батысын берді. Жошы ұлысы кейін «Алтын орда» деп аталды, оған қарасты халықтарды «тоқсан екі баулы өзбек ( немесе қыпшақ) деп атады, ол халықтардың тізімі мынандай:
1. Мың. 2. Жүз. 3. Қырық. 5. Жалайыр. 6. Прай. 4. Үгажат
6. Прай. 7. Қоңырат. 8. Алшын, 9. Найман. 10. Арғын. 11. Қыпшақ . 12. калмак. 13. Фрат. 14. Қырықтык. 15. Торғауыт. 16. Бурлан, . 17. Шымыршық. 18 Қатаған 19. Кәжі. 20. Кенехас. 21. Бұйрат. 22. Ойрат2 3.Киат 24. Бағлан. 25. Қытай. 26. Қаңлы. 27. Өзбек (өзінше
28. Койшы. 29. Бұланшы. 30. Шабұт. 31. Жоют. 32. Селшауыт,33. Баяуыт. 34. Отаршы. 35. Арлат. 36. Керейт. 37. Ұнғұт. 38, Маңғыт, 39. Танғұт. 40. Оймауыт. 41. Қашат. 42. Меркіт. 43. Буркат. 44. Қият. 45 Коралас, 46. Төралас. 47. Қырараб. 48. Илашы. 49. Шұбырған. 50. Кышлак. 51. Оғлан. 52. Түркмен. 53. Дүрмен, 54. Табут. 55. Тама. 56. Мачад. 57. Кердері. 58. Рамадан. 59. Керей. 60. Надай. 61. Қафсана. 62. Қырғыз. 63. Ұяршы. 64. Жойрат, 65 Үйсін, 66. Жорға. 67. Баташ. 68. Қойсын. 69. Молдыз. 70. Тәбел. 71. Татар. 72. Телеу. 73. Басхал. 74. Ниан. 75. Қазған. 76. Шірін. 77. Ұнтан. 78. Құрлат. 79. Шілкаc. 80. Үйкорған. 81. Тарғын. 82. Жабу. 83. Суран. 84. Тұрғак. 85. Мутиян. 86. Каска. 87. Мажар. 88. Тұшлык. 89. Шоран. 90. Шүршіт. 91. Баһршы. 92. Ұйғұрат.
Моңғолдық рулар: Қоңырат, алшын, қатаған, кенегес, қият, селшуіт, баяуыт, арлат, маңғыт, құралас, дүрмен, жұрият, үйсін, қатарлы рулар. Тағыда кең мағынада Моңғол атанған керейт, меркіт, найман, жалайыр, оңғыт, ойрат, қалмақ, бурият, күрлеуіт, оймауыт, татар қатарлы рулар. Бұлар Моңғол жорығынан кейін ауып келген тайпалар.
Ал Қыпшақ, қаңлы, түркімен,қырғыздар бұрыннан бар түркі тайпалары.
Осы рулардың ішінде Қазақта бары 35 ру тайпа екен. Олар: Мың, қырық, жұз бұлар шәнішқылы арасында, жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, керей, қыпшақ, қалмақ, торғауыт, қатаған, кенегес, қият, қытай, қаңлы, байауыт(байұлының моңғолша айтылуы), керейт, оңғыт, маңғыт, оймауыт, меркіт, құралас, дүрмен, табын, тама, кердері, рамадан, керей, қырғыз, үйсін, телеу, күрлеуіт, мажар, шүршіт қатарлы рулар. Бұлардың кейі дербес ірі ру тайпалық одақтар, кейбірі сол одақтардағы рулар.
Арасындағы Қытай, таңғыт, шүршіттер Қытайды билеген моңғол және тұңғыс тектілер, олар кейін Моңғол әскерлерімен бірге немесе басқа себептермен келгендер. Араб, жойт(еврей) олар дін тарата келгендер, мысалы еврейлер Хазар хандығы кезінде келген рулар деуге болады.
Кейбір ру аттары Моңғол империясы кезіндегі әскери құрлымдардың атауынан шыққан. Мысалы табын елу, тама жазалаушы, тұрғақ ұзын бойлылар, ябғұ түрікше лауазым, бақыршы аспаздар, мың, жүз, қырық дегендерде әскери сандық ұғымдар. Кәсіпке байланысты: иланшы, отаршы, қырықтық.
Бір қызығы бұнда ойрат, бурият, қалмақ исяқты рулар жүр, олар юань империясына қарасты еді, зәйірі Алтын орда териториясы Байқал көліне дейін болған болуыда мүмкін. Ал Кіші жүзің көп санды руларының аты аталмайды, олардың ат атауымен ұқсас рулары Саян Алтай, Хакасия, Тіба жерінен табылады. Олар әлі ауып келмегенде болуы мүмкін.Не Байұлы мен алшынның ішінде аталуыда мүмкін.
Осы рулар Қазақтан тыс өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт,түркімен сиақты ұлыттар арасында да кездеседі, қазақта жоғын солардан табуға болады. Бірақ осы рулар тізімінің бірнеше нұсқасы бар!

Ерзат Кәрібай.

Related Articles

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: