|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қытай коронавирусты шынымен жеңді ме?


Бейжің метросына жүрген тұрғындар. 10 наурыз 2020 жыл.

Бейжің метросына жүрген тұрғындар. 10 наурыз 2020 жыл.

Қытайда коронавирусқа қарсы үш айға созылған күрестің алғашқы нәтижесі наурыздың 18-і күні байқалды. Осы күні елдің ішінде вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қытайдың вирусты тоқтату үшін жасаған шаралары шынымен тиімді болды ма?

«Айдаһардың бақылауы» немесе «Мао стиліндегі әлеуметтік бақылау». Қытай шенеуніктері елдің орталық бөлігінде енгізген, коронавирустың тарауын тоқтату үшін жасаған шаралары халық арасында осындай атауға ие болды.

Қытай билігі коронавирус пен оның салдарынан туындайтын COVID-19 ауруының қаупін түсінген бойда жүздеген миллион адамды карантинге жауып, бақылауға алды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай эпидемиологтары миссиясының дерегінше, елде «ауруды тоқтату үшін бұрын-соңды болмаған ең қатал әрі жедел шаралар жүзеге асқан».

Мұндай шараларды жүзеге асыру Қытай сияқты авторитарлы елде ғана мүмкін болса керек. Осы аптада жарияланған деректерге қарағанда, қатаң шаралар нәтиже бергенге ұқсайды.

Наурыздың 18-і күні бұрын белгісіз болып келген вирусқа қарсы Қытай билігінің үш айға созылған күресі алғашқы нәтижесін берді. Ресми Пекин ел ішінде коронавирустың жаңа фактілері тіркелмегенін, ал инфекция жұқтырған ондаған науқас шетелден келгенін хабарлады. Ал Қытайда коронавирусты тоқтату шаралары нәтиже бере бастаған тұста Италияда қаза тапқандар бес мыңнан адамнан асып кетті. Бұл Қытайдағы вирус құрбандарының санынан (3270 адам) әлдеқайда көп. Басқа елдердің билігі жағдайдың қауіптілігін ескеріп, пандемияға байланысты бақылау шараларын күшейтті.

Басқа алты мемлекет — Италия, Испания, Германия, АҚШ, Иран мен Францияда —COVID-19 дертіне шалдыққандар саны Қытайдың көрсеткішін басып озған. Наурыздың 23-індегі дерек бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырған 72 700 адам дертінен айыққан, алты жарым мың адам әлі де емделіп жатыр.

Қытайдағы бұл деректер әлем халқына үміт сыйлайды.

ПАНДЕМИЯНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ БОЛА МА?

1,4 миллиард халқы бар Қытайда коронавирусқа қарсы күрестің нәтиже бере бастағанын қуана хабарлап жатқанына қарамастан, сарапшылар келесі жылы жаппай карантин тағы бірнеше рет қайталануы мүмкін деп ескертеді.

Сарапшылардың пікірінше, Қытай мен басқа мемлекеттерде қазіргі жағдай басылған соң, вирустың екінші толқыны басталуы мүмкін. Наурыздың 23-і күнгі дерек бойынша, әлемде 335 мың адам коронавирус жұқтырып, 14 700 азамат инфекция салдарынан көз жұмған.

Азияға вирус қайта келу қаупі өршіп, әлемде вирус жұқтырғандар саны күрт өскен тұста «Қытай желтоқсанның басында тарай бастаған вирус жайлы ақпаратты әлемнен және ғалымдардан жасырды, ауру туралы айтқандарды жазалады» деген сын екінші кезекке сырғыды. Ал Пекин мұндай сынға қарамастан әлем елдеріне қытайлық сарапшылар жинаған деректерді ұсынып, медициналық маска мен өзге де құралдар тиелген ұшақтарын көмекке жіберіп жатыр.

Covid-19. Әлем елдері бір-біріне қол ұшын созып жатыр

Дерт шырқау шегіне жетерден бір ай бұрын Қытайдағы танымал тұлғалар вирустың өршуіне кінәлілерді іздеу мәселесін жасыру үшін Пекиннің АҚШ, Еуропа және басқа елдерге көмек беріп жатқаны жайлы айтып, жұрт назарын басқа жаққа аударуға тырысты.

Америкалық Politico саяси журналы мұны «Пекиннің нашар дайындалған пиар-науқаны» деп атады.

АҚШ-та коронавирусты «Қытай вирусы» деп атауға байланысты дау туды. Бірқатар шенеунік, әсіресе АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері коронавирусты «Ухань вирусы» деп атап жүр. Наурыздың 17-сі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео журналистерге берген сұхбатында коронавирусты бірнеше рет «Ухань вирусы» деп, «[Қытай шенеуніктері] жүргізіп отырған жалған ақпарат науқаны – жауапкершілікті басқаның мойнына жүктеу амалы» деді.

«Ухань вирусы туралы бірінші болып Қытай үкіметі естігенін білеміз. Бұл оларға бар жауапкершілікті жүктейді. Қытай үкіметі вирусқа назар аударып, «Бізде мәселе туды, бұл бұрын болмаған жағдай және вирус айтарлықтай қауіпті» деп дабыл қағуы керек еді. Әлем Қытайдың ішінде болған қауіп туралы өте кеш естіді» деді Пампео.

ЖАҢА ЖӘНЕ БЕЙТАНЫС ЖАУ

Генетикалық сараптамаға сәйкес, жаңа коронавирус жануардан адамға қараша айының үшінші аптасында жұққан. Инфекция жұқтырудың алғашқы фактілері Хубэй провинциясының халық тығыз орналасқан Ухань қаласында тіркелген.

Әзірге коронавирусқа қарсы екпе жоқ. Қазір дәрігерлер COVID-19 дертін қосалқы терапиямен емдеп, қолда бар препараттарды қолданып жатыр. Көп сарапшы «коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу үшін бір жылдан 18 айға дейін уақыт керек» деп есептейді.

Қаңтар айының соңында әлем елдері ғаламдық қауіпті бағалауға тырысып жатқанда Қытайдың вирустың таралуы туралы ақпаратты жасыруы басты назарға ілінді.

Ақпанның 3-і күні вирустан қаза тапқандар саны 400-ге жетіп, инфекция жұқтырған адамдардың қатары күрт өскенде, Қытайдың билеуші Коммунистік партиясы коронавирустың таралуы «басқару жүйесіне үлкен сынақ» болатынын мойындады.

Осы аптада Компартия коронавирустың қаупі туралы ескертуге тырысқан дәрігерге қатаң шара қолданған ресми тұлғаларды ашық сынады. Полицейлер кешірім сұрады. Қаңтар айының басында офтальмолог Ли Вэньлян инфекция жұқтырып, бір айдан кейін COVID-19 дертінен көз жұмған. Ол тез тарала бастаған ауруға дереу көңіл бөлу керек деп дабыл қаққан. Бірақ оны полиция жалған ақпарат таратты деп айыптаған еді.

Ақпан айының басында Қытайда ауру тез тарап, бірнеше елде вирус жұқтырған азаматтар тіркелген кезде, ондаған миллион қытай CCTV мемлекеттік арнасының эфирінен 10 күн ішінде COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған 2600 орындық аурухананың қалай салынғанын тамашалады.

Уханьдағы аурухана құрылысына басқа мемлекеттердің азаматтары да куә болды. Жапониялық Nikkei Asian Review басылымы қытайлық көрермендер құрылыста пайдалған крандарға Little Yellow және Little Blue деген атау бергенін жазды. Шын мәнінде бұл жағдай алда қиын күндер келе жатқанын, баяу қимылдауға болмайтынын анық көрсеткен еді.

КАРАНТИН ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

Қытай вирустың таралуын қатал карантин, «big data» мен жасанды интеллектің құрылғыларының көмегімен тоқтатты деуге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Қытайға қаңтар айында жолдаған хатында вирусқа қарсы шаралар «Қытай халқына әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан әсер етіп жатыр» деп жазды.

New York Times басылымының есебінше, әлеуметтік оқшаулау кезінде 760 миллион қытайлық үйде отыруға мәжбүр болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жасанды интеллект көмегімен адамның түр-тұлғасын ажырату технологиялары және «big data” құралдары науқастармен байланысқа түскендерді анықтау және халықтың ерекше назар аударуды қажет ететін топтарын бақылау мақсатында қолданылған.

Қаңырап қалған Ухань қаласы. 10 наурыз 2020 жыл.

Қаңырап қалған Ухань қаласы. 10 наурыз 2020 жыл.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы қытайлық оқшаулау әдісінің қатаңдығын, азаматтарды жөн-жосықсыз ұстау шарасын сынады. Ұйым қытайлық қатаң шаралардан зардап шеккендердің тізімін жариялады. Тізімде туыстары карантинге жатқызылғаннан кейін күтімсіз қалып, көз жұмған мүгедек бала да бар.

HRW қаңтардың 30-ы күні жариялаған «Қытай: коронавирус кезінде адам құқықтарын сақтау» деп аталатын баяндамасында Пекинді оқшаулау шарасы кезінде шектен шықпауға шақырды. Көп ұзамай Қытайдағы бақылау кезінде адамның түр-тұлғасын ажырату технологиялары қолданылғаны туралы ақпарат тарады.

Катарлық Al-Jazeera арнасы туған жері Сычуаньға барған Хубэйдегі қонай үй мейрамханасын басқаратын азаматқа кешкісін полиция келіп, екі апта карантинде отыруды тапсырғанын хабарлады. Ол көкөніс алуға шыққанда ізінше полиция келген. Соған қарағанда, полиция тәртіп бұзған адамды анықтау үшін бейнебақылау камерасы мен адамның түр-тұлғасын ажырату жүйесін пайдаланғанға ұқсайды.

Франция, Чехия, Италия сынды елдердің билігі азаматтардың қауіпсіздігі үшін мониторинг жүргізу мен бақылаудың қатаң формасын пайдаланбай мәселені шешуге тырысып жатыр.

Наурыздың 19-ы күні ақпарат алмасу мақсатында Солтүстік Италияға барған Қызыл кресттің Қытайдағы бөлімінің ресми өкілі Сунь Шуопен Уханьда жүргізілген күштеп оқшаулау саясатының арқасында бір айдан кейін қалада инфекциялық ауруға шалдыққандар саны қысқарғанын айтып мақтанды.

— COVID-19 дертінен көп зардап шеккен Миланда қабылданған шаралар өте әлсіз, — деді ол.

Италия жұрты карантинді қалай өткізіп жатыр?

«Қытайдың вирусқа қарсы реакциясын Батыс мемлекеттерінде қолданыла ма?» деген сауал туындағанда, азаматтардың жеке бостандығы қорғалған қоғамда мұндай шараларды жүзеге асыру қиын деген пікір айтылды. Гонконг университетінің инфекциялық аурулар бойынша сарапшысы Бен Коуллинг Time журналына берген сұхбатында «Адамдардың өмірін сақтау мен олардың күнделікті құқығын қорғаудың арасында тепе-теңдік болуы керек» деді.

Сыншылардың бір бөлігі Қытай шенеуніктерінің қатаң оқшаулау шарасы кезінде халық пікірін ескермегенін, биліктің инфекцияның жануардан адамға жұққанын жасырып, вирустың таралуы туралы шынайы деректі азайтып көрсетуге тырысқанын, қоғамды коронавирус қаупі туралы ашып айтпағанын сынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Қытайда COVID-19 жұқтыру фактілерін азайтуға болады» деген қорытындыға келген. Кейінгі күндерде жарияланған статистика да осыны растайды. Бірақ қазір пандемияға қарсы күрес жалғасып жатқан Қытай мен әлемді «Жағдай қазіргі қалпында қала ма?» деген сұрақ мазалайды.

Өткен аптада вирус алғаш шыққан Хубэй провинциясындағы қатаң карантин жартылай тоқтатылды. Аймақта жүріп-тұруға салынған тыйымның күші жойылды. Халық көшеге шыға бастады. Осы тұста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайды коронавирусының қайта таралуына жол бермеуге шақырды.

Бұдан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр елдің билігіне «COVID-19 фактілерін мойындап, вируспен күресті бірден күшейту керек» деп ескертті.

Ал 2017 жылы шыққан «Өлім қаупін туғызған жау: бактерияларға қарсы соғыс» кітабының авторы Майкл Остерхольм өткен аптада коронавируспен күресті «желді тоқтатуға талпыныс» деп атады.

— Жұрт әлеуметтік оқшаулануды доғарып, апталап үйде отырғаннан кейін жұмысқа шыққанда, ұшақ, поезд, метро, автобусқа қайта отыра бастағанда, халық көп шоғырланған жерлерге барғанда Қытайдың өзіне де [коронавирус] қайта орала ма деп қауіптенеміз, – деді ол.

Азаттық радиосы/Азат Еуропа сайтының тілшісі Энди Хэйлдің мақаласы ағылшын тілінен ықшамдалып аударылды.

Азаттық радиосы/Азат Еуропа сайты

Related Articles

  • “ИСПАН ПАНДЕМИЯСЫ” немесе “ИСПАНКА”.

    ‎Қанат Ескендірдің facebook парақшасынан алынды 1918-1919 жылдар аралығында миллиондаған адам көз жұмған алапат тұмау. Ғылыми атауы – La Grippe Espagnole немесе испанша La Pesadilla. 18 айдың ішінде әлем бойынша 550 миллион адам “испанкаға” шалдыққан, яғни, планетаның 29,5% халқы жұқтырған. 18 айда 50-100 миллион адам осы аурудан көз жұмған, яғни, планетаның 2,7-5,3% халқы шәйіт болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында басталған бұл қауіпті індеттің тез тарауына поезд, дирижабль, кеме транспорты секілді заманауи техниканың жедел дамуы көп ықпал еткен. Сол себепті, әлемде барлық мемлекеттер сот қызметі, мектептер мен балабақшаларды, шіркеу, театр, мейрамханалар мен халыққа қызмет көрсету орындарын жауып тастаған. Дүкендер өз тұтынушыларын сырттан қабылдап, сатушылар тіпті өз туыстарын да кіргізбей қойған. Барлық

  • Қытай коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын хабарлады

    07 наурыз, 2020 Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань ауруханасы. 4 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі вирус ошағы Ухань қаласынан тыс аумақта тек шетелден келгендерден коронавирус табылып жатыр деп мәлімдеді. Басым бөлігі – Ираннан ұшып келгендер. 7 наурызда билік Қытайда соңғы бір тәулік ішінде 99 адамнан вирус табылғанын (Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 143 болған) хабарлады. Бұл 20 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Хубэй провинциясынан тыс аумақта 6 наурызда 25 жаңа оқиға болғанын айтты. Оның 24-іне вирус Қытайда жұқпаған. Комиссия дерегінше, науқастардың басым бөлігі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Ганьсу провинциясында карантинде болған. 2-3 наурызда провинция орталығы Ланьчжоуға Ираннан коммерциялық рейстермен жолаушылар ұшып барған. Ақпарат бойынша Пекинде төрт

  • Қытайдағы вирус бой бермей тұр. Қазақстан сақтық шараларын күшейтті

    Азаттық радиосы Пекин орталығында жүрген адамдар. 22 қаңтар 2020 жыл.  Қытай билігі 29 қаңтарда елде коронавирус жұқтырғандар саны 5974 адамға жеткенін, 132 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Қазақстан көрші елдегі жағдайға байланысты автобус, теміржол және ұшақ рейстерін уақытша тоқтатып, Қытай азаматтарына виза беруге шектеу қойды. Қытай билігі қазір елде 9239 адамның вирус жұқтыру күдігімен дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеді. Қытайдағы коронавирустың өршуінен кейін Қазақстан 29 қаңтардан бастап екі ел арасында қатынайтын автобустарды, 1 ақпаннан бастап Алматы – Үрімжі, Нұр-Сұлтан – Үрімжі, Достық – Алашанькоу, Алтынкөл – Қорғас бағытындағы пойыздарды, 3 ақпаннан бастап ұшақтарды тоқтатпақ. Екі ел арасында қазақстандық Air Astana, SCAT және қытайлық China Southern Airlines, Air China әуе компаниялары тұрақты түрде

  • Лукашенко Ресейдің Қазақстанға мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын айтты

    Беларусь президенті Александр Лукашенко. Беларусь президенті Александр Лукашенко 21 қаңтарда Минск қаласында мұнай тасымалдау мәселесіне арналған жиында “Ресей Қазақстанға Беларусьқа мұнай сатуға рұқсат бермей отырғанын” айтты. “Қазір расымен Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа көз жоқ. Мұнайды жан-жақтан алу керекпіз. Бәрібір мұнайдың 30-40 пайызын Ресейден сатып аламыз. Қалғанын30 пайызын Балтық елдерінен, 30 пайызын Украинадан алуымыз қажет. Егер Ресей келіссе, Қазақстан да бізге мұнай жеткізіп бере алады. Біздің бір одақтасымыз екінші одақтасымызға мұнай тасымалдауға келісім бермей отырғаны таң қалдырады” деді Лукашенко. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Беларусь еліне мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Осыдан соң Беларусь елінде мұнай тапшылығы басталды. Лукашенко мен Ресей мұнай тасымалдау туралы бірнеше рет келіссөз жүргізгенімен нәтиже шықпады. Азат

  • Трамп: Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 8 қаңтар 2020 жыл.  8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап, Иранның шабуылынан “америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпегенін”, әскери база аздап зақымданғанын айтты. Тегеран 8 қаңтарда “генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін” АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Иранның мемлекеттік арналары “зымыран діттеген жеріне жетіп, 80 адамды өлтіргенін” хабарлаған еді. Ислам революциясы корпусына қарасты “Құдс күштерінің” қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен. Трамп 8 қаңтардағы мәлімдемесінде Тегеранды “халықаралық терроризмді қолдап отыр” деп айыптап, “Иранға салынатын санкция күшейетінін” мәлімдеді. Трамп өз сөзінде “қолы қанға малынған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: