|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

Тоғыз оғыз-тоғыз Ителі-тоғыз Торғауыт

scale_600

Бөрілі байрақ астында —

Бөгеліп көрген жан емен!

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

 

-Сұйінбай Аронұлы

 

Ителі шежіресінің Сәбит дамолладан қалған нұсқасында : Орманбет ханның  Торғауыт, Дөрбіт, Тибет, Таңғыт, Қалқа, Ахмет, Онсан деген ұлдары болды. Ахмет алапес болып ауырып елден шеттетіледі де, Ахметті иен жерге өлтіруге апара жатқанда құтқарылып, аман қалады. Ахмет арқардың бауырын жеп, қанын ішіп сауығып кеткенсоң арқарды кие тұтып, тұңғыш ұлының атын Арқаршы қояды. Ахмет жасақ құрып, бөрі басты ту көтеріп Орманбет ханға қарсы шабуылға өтеді. Торғауыт, Дөрбіт, Таңғыт, Қалқа, Сарыүйсін, Бекежан, Тәйті, Онсан бөрілі ту астына бірікті. Бөрі басты туына қаратылып тоғыз Ителі атаныпты- деген аңызды келтіреді.. [1]

Сәбит дамолла- Алтай бетінде алғаш мектеп-медіресе ашқан діни қайраткер[1].

Шежірелік аңызда айтылған ‘’бөрі басты ту астына біріккен тоғыз Ителіні’’талдап көрсек.

Онсан-он сан Ноғайлы, тарихта  сақ, ғұн, үйсін, түріктің ғана  ата-тегі көкбөрі саналып, ұлыс аты

көбөріге байланысты аталған жоқ, олардың соңғы ұрпақтарында да бөріге (итке)

байланысты ат күні бүгінге дейін сақталып келеді: башқұрт, ноғай (нохай), адай,

арғұн,  ителі (ру),  итемген (ру) тағы  басқа ұлттар мен рулардың  аты молынан

жолығады.

Әлкей  Хақанұлы  Марғұлан: «…Бөрінің  етіне жерік болып туған  баланы

жұртшылық  мақтан қылып,  оған «маңғыс» (маңғыт),  «ноғай» деген ат береді.

Мұндағы «Маңғыс», «ноғай» деген сөздер бір кезде «бөрі» (көк аспан) мағынасын

білдірген.  Ерте замандағы  «бөрі құс», «маңғыт»  бергі кезде «ит-құс», «көктің

құсы»  деген мағынада  туған. », – деп жазды[2] .

Ителі- ителі керей. Керей елінің “ноқта ағасы” аталады.

Торғауыт- керей Тұғұрылхан ұрпақтары  иелігіндегі әскери бірлестік.

Таңғыт- Алашқа қызмет еткен керей Уаңханның ағасы Жақа Канбу ұрпақтары[6].

Сарыүйсін- Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел Дулудың белді тайпасы. Таңбасы Абақ керейдің таңбасымен бірдей. Керейлермен туыстық жақындығы бар[4].

Ахмет- Сейд-Ахмед (16 ғасырдың 2-жартысы) Сібір хандығының басшысы, әскери қолбасшы болуыда, Ноғайлы хандарының бір Қызыл Арыстанның баласы Ахмет болуыда мүмкін.

Тағы бір аңызда: Қырық сан Қырым, отыз сан Рум, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, он сан Ноғайлы бөлініп, Орманбет би өлгенде Ноғайлы қоғам, Қобан және Майқы есімді белгілі аталар болыпты. Майқы тоғыз ханды қолынан отырғызған бас би екен[7].

Осы аңызда айтылған тоғыз торғауыт-тоғыз ителі Алтын орданың соңғы кезіндегі саяси дағдарыста біріккен туыстас, ортақ саяси көзғарас ұстанған, бөрілі ту астына жиналған көнеден келе жатқан тайпалық одақ. Қазақ шежіресіндегі алаш аңызыда осы тұжырымға саяды.

VI ғасырдағы Батыс Түрік қағанатындағы он оқ еліндегі екінші ірі Қойлау(Ителі) тайпасын Күліг чор басқарды.

Ашына әулетінің соңғы кездерінде Түргеш Үшеліктің мемлекет билігін өзінің қолына алды. Біздің ойымызша, осы Үшеліктің бұрынғы чор лауазымында Түргештерді басқарып жүрген тұстағы аты Алаш болған. Үшелік есімі оған қаған тағына отырған соң қосымша берілген деуге негіз бар. Үшеліктің бұрынғы Алаш екендігіне тағы бір дәлел – Алаш чор Бес түрік Дулу құрамындағы Түргеш ұлысын билеп тұрған кезде, осы Бес түрік Дулуға кіретін көрші Қойлау ұлысын Күл чор басқаратын[4]. Әбілғазының Түрік шежіресінде керейлерді он оқ елін билеген Ашина қара Ябғудың қарауындағы шеп, сеп одағына таратады. Ашина қара -Істеми қағанның жүрежаты.

осы шеп тайпасынан кейін керейлерді билеген қағандар шыққан. Қытайлар мен ұйғырлардың біррккен жорықтарынан кейін Шеп, Шимойын, Қойлау(Ителі) тәрізді үлкен рулар Жетісудан шығысқа ойысып Телектердің Сір-Енда қағанатының орынына орнаған Тоғыз оғыз бірлестігіне қосылады[5]. Жоғары келтірілген тарихи деректердегі тайпалық одақ атаулары қазіргі ителі шежіресінде ру атауларымен сақталған.

Сәбит дамолла шежіреде

«Қараби ден Ахмет,

Ахметтен Арқаршы,

Арқаршыдан Сейдалы, Жабай, Ермен.

Ерменнен Алдаберді.

Алдабердіден Бағаналы, Жаппас.

Бағаналыдан Қойлау, Байлау.

Қойлаудан Көкбұлақ,Шымыр.(Шымыр ағасына өкпелеп батысқа көшіп кеткен)

Көкбұлақтан Ақбақты, Тыныбек, Күйік.

Ақбақты, Ақмерген (Тыныбек), Ақмалай (Күйік) аталарына бөлінеді. Ақбақты 9 атаға бөлінеді. Тыныбек 4 атаға бөлінеді. Күйік 5 атаға бөлінеді.

Ақбақты: Қазеке, Дәуіт, Таз, Сұлтанқұл, Есенқұл, Ақмалай, Кенжебай,Дәуітқалаи,Қожанқұл. Тыныбек: Атанас, Қарақұл, Қарамбет, Жәдігер.

Күйік: Елтоқ, Дәулет, Тоқтағұл, Бесшал(Едіге), Қалматай.

Ахмет, Қойлау, Арқаршы, Күйік, Жәдігер, Едіге, Дәулет, Қалматай, Тоғыз тоқтағұл.

Қара би- керей ханы Қарахан.

Қойлау- Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел Дулудың белді тайпасы.

Ахмет- Сейдахмет Бекболатұлы, Тайбұға (Сейтек, Сейтен) – 1583 – 1585 ж.ж. болуы мүмкін.

Жәдігер- Сібір ханы Тайбұға әулетінен. Тұрғақ керей[3].

Едіге- маңғыт бектері болуы мүмкін.

Дәулет- Сібір ханы Тайбұға әулетінен. Тұрғақ керей[3].

Қалматай- Қалмақ атанғанТорғауыт Тұрғақ керей болуы мүмкін.

Тоғыз тоқтағұл- Торғауыт Тұрғақ керей болуы мүмкін.

Күйік- Батыс Түрік қағанатындағы Қойлау ұлысының басшысы Күлг чор болуы мүмкін.

Қорта келгенде тариыхта айтылатын Тоғыз оғыз-тоғыз Татар-тоғыз Ителі-тоғыз Торғауыт ертеден сабақтасып келе жатқан қандастық-туыстық жақындығы бар саяси бірлестік , тоғыз саны да қазақтың ескі салтынан орын тепкен қасиетті сан.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Б. Жұмабайұлы “Ителі шежіресі”(5ші басылым).
  2. Ясин Құмарұлы: Ежелгі Түркі тайпаларындағы төтемдік аң – құстардың аңыздық негіздері

  3. Тұрғақ шежіресі
  4. Түргеш-Алаш егемен елі- Талас Омарбеков
  5. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап
  6. “Керейлердің XIV-XVII ғасырдағы тарихы”(Алаш тарихи зерттеу орталығы. Алматы, 2014 жыл).
  7. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы.https://kk.wikipedia.org/wiki/Майқы_би

 

Жұмабай Мәдібайұлы

PhD докторант

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ

 

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: