|  | 

Жаңалықтар

Қазақстанда екі адам Covid-19 дертінен айықты

Қазақстанда Covid-19 дертінен екі адам жазылды. Олар 26 наурызда ауруханадан шығуы тиіс. Бұл туралы 25 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

“Екі адам дерттен жазылды. Қазір олар бақылауда. Тағы бір мәрте анализ алынады” деді ол.

 

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған.

  • Алматыда – 31 адам,
  • Нұр-Сұлтанда – 41 адам,
  • Қарағандыда – екі адам,
  • Шымкентте – екі адам,
  • Алматы облысында – бір адам,
  • Ақтөбе облысында – бір адам,
  • Жамбыл облысында – бір адам,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – бір адам

Қазақстанда коронавирустан қаза болғандар жоқ. Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың басым бөлігінде симптом жоқ я сәл қызуы көтерілген.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

Related Articles

  • Алматы-Петропавл бағытына жаңа әуе рейсі ашылды.

      FlyArystan-ның 180 орындық Airbus A320 ұшағы Алматыдан Петропавлға алғаш рет ұшты. Бір жақты билет құны 9999 теңгеден басталатын рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері тұрақты орындалып тұрмақ Алдағы уақытта облыстың барлық қалаларын отандық лоукостердің рейстерімен қамту жоспарланған. Airbus A320 ұшағы 12-наурыз күні Алматы-Көкшетау- Алматы және Алматы-Қостанай- Қостанай аралығында ұшуды бастады.   «Петропавлдан Алматы мен елордамыз Нұр-Сұлтанға орындалатын жаңа рейстер жергілікті тұрғындар мен халық арасында сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Солай болған жағдайда, біз сапарлардың санын арттырып, Петропавлға қатынайтын бағыттардың көбеюін қарастыратын боламыз. Сонымен қатар бұл шараның өткізілуіне күш салған жергілікті әуежай мен әкімшіліктің еңбегін атап өткім келеді», – деді FlyArystan-ның басқарушы директоры Тим Джордан.

  • Cыбайлас жемқорлықпен күрес

    Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасын іске асыру жоспарында сыбайлас жемқорлықты жоюды маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың

  • Қазақстан азаматтығын алған 11 мыңға жуық этникалық қазақтың көбі Өзбекстан мен Қытайдан келген

    Көрнекі сурет. Жыл басынан бері 10,7 мыңнан астам этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алған. Бұл ақпаратты 5 қыркүйекте Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Ақпарат бойынша, азаматтық алғандардың басым бөлігі (48,5 пайыз немесе шамамен бес мыңнан астам адам) Өзбекстан және Қытайдан (36 пайыз) келген. Қазақстан төлқұжатын алғандар арасында бұған қоса, Моңғолия (6,2 пайыз), Түркіменстан (5,4 пайыз), Ресей Федерациясы (1,1 пайыз), Иран (0,5 пайыз) және өзге елдерден келгендер де бар. Министрлік дерегінше, келген азаматтар негізінен Ақмола және Маңғыстау, Жамбыл облыстарына шоғырланған. “1991 жылдан бастап 300 мыңнан астам отбасы немесе миллионнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған” делінген министрлік хабарламасында. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ахмади Сарбасовтың

  • Грант 2019: Білім гранты иегерлерінің тізімі

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 341 бұйрығына сәйкес білім беру гранттары иегерлерінің тізімін ұсынады. 1_Гранттар_(негізгі)_қаз 2_Жетімдер_(негізгі)_қаз 3_Мүгедек_(негізгі)_қаз 4_Әскери_(негізгі)_қаз 5_Диаспора_(негізгі)_қаз 6_Серпiн_(негізгі)_қаз egemen.kz

  • Тоқаев: Билік халықтың талабын естіді, жұмыс істейміз

    Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күні дауыс берген сәт. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында елдегі митингілер мен халықтың талабы жайлы айтты. Оның сөзінше, билік наразылыққа шыққандардың талабына қатысты жұмыс жасап жатыр. “Наразылар әлеуметтік мәселелер бойынша талаптар қойды. Мәселелер барын жоққа шығармаймын. Халық кедейленді. Олар биліктен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Билік естіді. Жұмыс істейміз” деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сайлау әділ өтті деп санайды. “Әрине, олар (сайлау әділ емес деп наразылыққа шыққандар – ред.) босатылады. Олар сайлау әділ өтпеді деп ойлайды. Ал менің ойымша, сайлау жалпы әділ өтті” деді Қазақстан президенті телеарнаға. Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында митинг кезінде кездейсоқ ұсталғандардан кешірім сұрады. Қазақстан басшысы ұсталғандар

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: