|  |  | 

Көз қарас Саясат

Биліктің коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясы тиімді болғанын көрсетті

91076848_2792159584233746_4201530480044015616_o

Karin Erlan

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайдың екінші аптасы биліктің коронавирус таралуына қарсы күрес стратегиясы, жалпы тиімді болғанын көрсетеді. Оның ерекшелігі келесіде:

Біріншісі. Жағдайды алдын алуға әрекет ету. Кейбір сарапшылар мемлекеттің қабылдаған шаралардың есебін наурыздың ортасынан бастап қате жүргізіп келеді. Ол кезде мектептер мен жоғарғы оқу орындарында сабақтар тоқтатылатыны және елде төтенше жағдай енгізілетіні жарияланған болатын. Шын мәнінде, алғашқы түбегейлі шаралар одан да ерте, қаңтарда, яғни, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жағдайын пандемия деп жарияламай тұрғанға дейін біраз уақыт бұрын қабылданды. Қаңтардың 26-сы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы құрылып, келесідей шаралар қабылданды. Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда халыққа қажетті көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етуді; мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде, оның ішінде әуе, автокөлік және темір жол көлігі нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді; шет елдерден келген барлық адамдарға тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық бақылау орнатуды; ҚХР Ухан қаласындағы Қазақстан студенттері мен ҚР басқа да азаматтарын шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Сонымен бірге, екі қаланың – Нұр-Сұлтан мен Алматының инфекциялық ауруханаларында қосымша реанимациялық бокстар құрылды.

Дәл осы кезде, қаңтардың 27-сі мен 30-ы күндері Ұлыбритянияда, Германия мен Италияда алғаш рет коронавирусты жұқтырғандар анықталды.

Екіншісі. Кезең-кезеңмен әрекет етуге шешім қабылданды. Жоғарыда атап өткендей, алғашқы шаралар қаңтардың 26-сы қабылданды. Қаңтардың 31-і санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің екінші кезеңі басталды: барлық шекаралардағы санитарлық-карантиндік пункттерге қосымша 150 санэпидемиологиялық қызмет маманы жіберілді; жаңа инфекцияның зертханалық диагностикасы реттелді; клиникалық емдеу хаттамасы және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмдері бекітілді.

Ақпанның алғашқы күндері біздің азаматтарымыз Қытайдың Ухань қаласынан эвакуациялады. Қытаймен тұрақты әуе рейстері, сонымен бірге темір жол мен автомобиль жолаушы тасымалы тоқтатылды.

Ақпанның 20-сынан бастап билік инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша күшейту шараларының үшінші кезенін іске асыруға көшті. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің деңгейіне байланысты елдерді үш санатқа саралау бойынша әдістеме әзірленіп, енгізілді. Қауіп деңгейіне байланысты, коронавирустық инфекция таралған елдерден келген адамдарға тиісті медициналық мониторинг орнатылды. Сонымен қатар, осы елдердегі жағдайларға байланысты әуе рейстері қысқарылып, одан кейін мүлде тоқтатылды.

Наурыздың 1-і санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің төртінші сатысы енгізілді. “Карантиндық” елдердің тізімі кеңейтілді: ол жақтан келген адамдарға мониторингтік және карантиндық шаралар қабылданды.
Наурыздың 2-сі Үкіметтің отырысында Қазақстан территориясында коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған қосымша шаралар қарастырылды. ҚР-нда коронавирустық инфекция анықталып, таралған кездегі іс-қимылдың жаңа Алгоритмі әзірленді («Б жоспары»).

Ақпанның соныңда және наурыздың басында Әзірбайжан, Беларусь пен Арменияда алғаш рет коронавирусты жұқтырғандар анықталды.

Үшіншісі. Биліктің стратегиясы шұғыл әрекет етуге және табандылыққа негізделді. Сол кезде Қазақстанның территориясында COVID-19-ды жұқтыру оқиғасы тіркелмегеніне қарамастан, билік өте табанды әрекет етті.
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Таяу Шығыс пен Еуропадағы бірқатар елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың кенеттен нашарлауы ескерілген болатын. Наурыздың 2-сі ҚР Президенті елдегі бірқатар қоғамдық іс-шараларға тиым салды.

Наурыздың 11-і Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы деп жариялады.

Наурыздың 12-сі Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізіп, Үкіметке жаңа вирустың елімізге таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режим күшейтілді. Мектептерде сабақ тоқтатылып, жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады.

Наурыздың 13-і елде алғаш рет коронавирусты жұқтырғандар анықталды. Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және бірқатар мемлекеттік органның басшылары қатысуымен шұғыл әрекет ету Штабының отырысын өткізіп, карантиндік тәртіпті күшейтуге бағытталған жаңа іс-шараларды жариялады. Наурыздың 15-і Президент республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына телевизиялық үндеу жолдады.

Төтенше жағдай тәртібі наурыздың 13-і АҚШ-нда енгізілді, Испания мен Сербияда – наурыздың 15-і, Францияда – 24-і. Наурыздың 25-де Үндістанда үш аптаға созылатын жалпыұлттық карантин енгізілді. Наурыздың 24-і Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылатынын мәлімдеді.

Осылайша, қазақстандық билік қажетті шараларды тым ерте де, кеш те емес енгізді. Қабылданған шешімдер және оларды жүзеге асыру кезең-кезеңмен жүрді –әлемдегі және елдегі жағдайға сәйкес. Осының арқасында коронавирустың Қазақстанға еніп, оның ел ішінде ауқымды таралуы барынша тежелді. Бірақ күрес жалғасуда. Әлемдегі қазіргі жағдай пандемияның ұзаққа созылуы мүмкін екенін көрсетуде. Енді көп нәрсе тек қана мемлекеттің тез әрі табанды әрекеттеріне ғана емес, сонымен бірге қоғамның да жауапкершілігіне байланысты. Қытай эпидемияның ауыр кезеңін мемлекет жоғарғы ұйымдастыру рөлінің арқасында еңсере алды. Вирустың Жапония мен Сингапурдағы ауқымды таралуын ол елдердегі азаматтардың саналы әрекеттері тежеуде. Қазақстан болса, коронавируспен күресте осы қажетті екі шарттың бірлігін көрсете алады.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: