|  | 

Шоу-бизнис

Қазақстанға cаяхаттан бас тартқан шетелдіктер ақшасын талап етуде

Отандық турагенттіктер ақшаның жоғын айтып, үкіметке алақан жайды

Коронавирус отандық туроператорлардың  жұмысын да тұралатты. Ішкі-сыртқы туризммен айналысатын компаниялар үкіметтен араша сұрап отыр. Қазақстанға саяхаттап келуден бас тартқан шетелдік туристер отандық операторлардан алдын ала төлеген ақшаларын қайтаруды талап етіп жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Жолдамаларды түгел  алдын ала брондап қойған туроператорлар  енді не істерлерін білмей отыр.

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН 26, БОЛГАРИЯДАН 53 ТУРИСТ КЕЛУ КЕРЕК ЕДІ

«Turan-Asia» компаниясы нарықта  94 жылдан бері жұмыс істейді. Басшысы осы уақытқа дейін мұндай қиындыққа тап болмағандарын айтады.   Қауіпті індеттен сақтанған туристер  сапардан жаппай бас тартқандықтан компания  жұмысты ақпан айынан бастап тоқтатқан.

«Жыл сайын шетелден 5-6 рет ірі туристік шаралар ұйымдастыратынбыз. Тек бір жолғы саяхатқа 120-150 туристі пойызбен Қазақстанға алдырамыз. Олар осында қыдырады, көрші елдерге сапарлайды. Ақпан айынан бастап шетелдік туристер мүлдем тоқтады. Алдымен Қытайдан, Гонконгтан келетіндер бас тартты. 20 шақты қызметкеріміз  бар еді.  Оларға да төлейтін ақшамыз қалмады», – дейді «Turan-Asia» саяхат компаниясының директоры Гүлғайша Қаскенханова.

ЖОЛДАМАНЫ $378 САТЫП, $445ҚАЙТАРЫП ЖАТЫР

Қазір аталған компания тек екі мемлекеттің туристеріне  26 миллион теңге  қарыз. Брондауға  аударылған ақшаның қашан және қалай қайтарылатыны нақты белгісіз. Оның сыртында доллардың қымбаттауы да жағдайды қиындатып жіберді.

«Екі офисіміз бар. Бірі шетелге жіберсе, екіншісі керісінше шетелдік туристерді  тартады. Малайзияға, Дубайға, Эмиратқа  баратын туристердің ақшасын доллармен аудардық. Ұлыбританиядан 26 адам, Болгариядан 53 турист жақында Қазақстанға сапаралуы тиіс еді. Оларда төлем доллармен жіберген.  Сапардан бас тартты. Бәрі енді күнде телефондап, хат жазып, ақшаларын қайтаруды талап етіп жатыр. Бізде оны қайтаратын ақша жоқ. Тапсырыс алған кезде  доллар 378 теңге еді. Енді саяаттаудан бас тартқан адамдардың ақшасын қайтаратын сәтте доллар   445 теңгеге өсіп кетті. Біз сонда екі рет ұтылып тұрмыз», – деді Г.Қаскенханова.

Гүлғайша Қасенханова қаржылық қиындық шешілмесе отандық турагенттіктер банкротқа ұшырай бастауы мүмкін дейді. Басқа да  компаниялар тығырықтан шығудың жолын таппай әлек. Үкімет кем дегенде ҚҚС босату керек деп санайды ол. Туроператорлар нарығы көрсетілетін  қызметтерді алдын-ала брондауға  құрылған және соның негізінде өздеріне пайда табады. Клиенттерден алынған ақша қонақ үй,  авиакомпаниялардан бөлек  шетелдегі серіктес операторларға да төленеді. Коронавирус өршіп, жоспар өзгергенде авиакомпаниялар туроператорлардың тапсырысы бойынша авиаотын мен авиалайнерлерге алдын-ала төлем жасағандарын айтып, ақшаны қайтарудан бас тартқан. Ал қонақүйлер азық-түлік жеткізуге, көптеген  қызмет түрлерінің жұмыс істеуіне тапсырыс бергендіктерін алға тартып, ақшаны қайтара алмайтындықтарын айтқан.

ТУРОПЕРАТОРЛАР ҮКІМЕТТЕН СУБСИДИЯ СҰРАП ОТЫР

Отандық туроператорлардың басын біріктірген  «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрайымы Инна Рей  жағдайдың мүшкіл екенін айтып, ел билігінен араша сұрады. Оның сөзінше, бұл сала қазір «тұйықталған шеңбер» тәріздес.

«Туризм нарығы тығырыққа тіреліп тұр. Туроператорлардың жалғыз бағыты – әуе жолдары мен қонақ үйлерден тұратын туристік өнімдерді құру. Туроператорлар бүкіл туристік процестің драйвері болып табылады, олар өз қаражаттары мен тапсырыс берушілерден алынған қаражаттың үлкен көлемімен жұмыс істейді. Қазір бүкіл тізбек толығымен тоқтады», -деп жариялады өзінің әлеуметтік желісінде қор төрайымы Инна Рей.

Президенттен араша сұраған «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының төрайымы  қиындықтан шығудың  жолдарын да  ұсынды.  Туроператорларды банкроттыққа жеткізбеудің жолы,  оларға  мақсатты субсидия бөлу. Сонымен қатар,  айналым қаражатты  мемлекеттің  кепілдендірілген қарызымен 85% көлеміне дейін көтеріп, төмен пайызбен несиелер беру.

«Президентіміздің сөйлеген сөзі және оның қолдаған шаралары бізді дағдарысқа қарсы тұрамыз деген үмітімізді оятты. Қонақ үй бизнесі мен туризмді салық төлеуден босату бізге кейбір қызметкерлерді сақтап қалуға көмектеседі. Бұл дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуға мүмкіндік береді. Мүлік салығынан босату тек қонақ үйлерге көмектесе алады, бірақ туроператорларға емес. Мемлекет басшысы мен Үкімет бізді тыңдап отыр деп үміттеніп, болашақта біздің басқа проблемаларымыз бен сұрақтарымыздың ескерілетініне сенеміз», -деді Инна Рей.

ТУРИСТЕРГЕ БЕРЕШЕК 3,8 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

Қор төрайымының мәліметінше,  туристерге төлейтін берешек 3,8 миллиард теңгеге жеткен. Бұл тек отандық 26 туроператордың  өз клиенттеріне қайтаруы тиіс қарызы. Ал  туроператорлардың жолдамасын сатумен айналысатын турагеттік өкілдері де уақытша жұмыс істемейді. Олар коронавирусқа  қатысты карантин алынғанның өзінде бұрынғыдай сыртқа ағылатын адамдар саны жылдағыдан әлеқайда аз болады деп болжайды. Өйткені табысынан айырылған адам көп, ал қалтада аздаған қоры бар адамдар қаражатты тек тамаққа жұмсап қана үйде отыр. Шетелге отбасымен бірге  демалуға баратын ақшаны көп адам жинап үлгермейді. Бұрынғыдай жаппай шетелге ағылу тек қыркүйек айынан кейін ғана қалыпқа келе бастайды.

«Египетке екі адамның бір апта демалып келуіне жолдама 700 доллар деп сатылымда тұр. Бірақ оны ешкім алып жатқан жоқ. Алам дегеннің өзінде мынандай уақытта барасың деп айта алмаймыз. Өйткені барлық бағытқа жол жабық. Шетелдегі демалыс орындарының да қашан ашылатыны  белгісіз. Ел Тайландқа баратын теңгесіне үйінде тамақ жеп қана отыр. Анталия дейсіз бе әлемнің көптеген курортық орындары жабық. Мына індетке байланысты кемінде 3 ай шығында отырамыз. Маусым айынан кейін ғана жұмыс жүре бастауы мүмкін, онда да анық емес», – деді турагенттік өкілі Роза Есенқұлова.

Оның болжамынша биыл ішкі туризмге сұраныс артады. Алакөл, Бурабай, Қатонқарағай, Бұқтырма су қомасы сынды алыс-жақындағы көптеген  демалыс орындарына барғысы келіп, жолдама брондау мақсатымен хабарласып жатқан адамдардың саны артқан. Бірақ сатылым коронавируске байланысты тоқтап тұр.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы.

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

  • ВОЯДЖЕР-2 ЗОНДЫМЕН БАЙЛАНЫС ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

    2023 жылы 1 тамызда НАСА Алыс ғарыштық байланыс желісінің (DSN) Канберрадағы антенналар кешені Вояджер-2 жіберген үзік сигналды ұстағаны белгілі. Кешен зондқа екі градусқа бұрылып кеткен антеннасын қайта Жерге бағыттауға бұйыратын барынша күшейтілген команда жіберді. 19,9 млрд км қашықтықтағы аппараттың жауабын 37 сағат күтуге тура келді. 4 тамызда НАСА Вояджер-2-ден толыққанды ғылыми және телеметриялық деректер қабылданғанын хабарлады. Олар аппараттың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және күтілген траекторияда екенін мәлім еткен. Жақсы жаңалық тарихи миссияның 46 жылдығы қарсаңында келді. Вояджер-2 1977 жылы 20 тамызда ұшырылды. Ол — Күн жүйесіндегі төрт алып планетаның бәрінің тұсынан ұшып өткен жалғыз ғарыш аппараты. Voyager 2, өз сыңарынан алты жылдан соң, 2018 жылы 10 желтоқсанда жұлдызаралық кеңістікке енді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: