|  |  | 

Тарих Әдеби әлем

ОБА…

91846872_885302195275729_5778516465384685568_n
Альбер Камю (1913-1960) «Оба»-ны жазды, Орандық ойгер Albert Camus. Өлерінен үш жыл бұрын яки 1957 жылы Нобельге жеткен талант.Фашизмнің саяси індет секілді дертіне қарсы күшті түрен көтерген еңсегей дүлей күш иесі. Ол – «Оба»-мен ең күрделі жол, шүңет иірімге сүңгіді.«Оба»-дағы ең сұрапыл кейіпкер Барнер Рейэнің бейнесі. Көше бойында өлген егеуқұйрықтардың жемтігінен сескену, адам тағдырын ойран ететін кездейсоқтықты сезінген дәрігердің арпалысы. Рейэ өзінің үй қызметшісінің өлімінен кейін алдағы қатерлі жұқпалы дерт жайлы әлеуметке жалбарынып айтпақ болған. Оны көпке танытқан осы абсурды. Бүгінгі тәжтажалдың лаңы секілді түгел парықсыз, райсыздыққа өте ұқсас…
Кәрентин, ем мен домның тапшылығы,адамдардың мінез-құлқындағы енжарлық әсіредәуірік парықсыздық. Қоғамдағы құлдық сана, ынжықтық,, құрғақ күйзеліс,титықтау, шаршау, ақырғы шарасыздықтар! Жау жағадан алғанда, бөрі етектен! Ұлтты, өзін жәбірлеуі немесе «иесін қапқан ит» секілді лағулар.Тұмылдың саудасы… Жемқорлық!
Оба келгеннен кейінгі жайлай бастаған бейберекетсіз әлектер. Егеуқұйрықтың (rats) жемтігіне бейғам қараған жұрттың әлсіздігі туралы ойлар тізбегі. Жазушы жандүниесімен абсурдтық қатал бөгесінге ұшырайды. Ол, соңында философиялық бірер байламға жегіледі. Жалпы есалаң, өлмелі қоғамға сырттан келер қауіп-қатерлердің түпкіаяны осы жұқпалы дерт арқылы хабарланады екен!? Жаһани жандардың қамсыздығы мен салғырттығы, қырттығы, қырсыздығы өз-өзін қазылған көрдің ернеуіне сүйрейді. Күйреудің мақұрымы – «өркениеттің» өзінен екенін дәлелдеу. Шығармадағы бес, алты кейіпкердің шымбайлы бағыты осыған шырмалған.
Оған қоса биліктің құлдыққа бейім бәдіктігі, миғұла шенділердің сөз сүреңі. Жаныстырулар, дау жаңжал, ызың, шу тағы сондай бейдауа әбігерліктің келуі – болашақ обамен өзектес екен…
Қала тынысының бір сәттік тарихқа айналуы, обадан құтылуға әзірлік,бір пенденің екіншісін әурелеуі, дүкендерді тонау, өлгендерді өртеу,дүрбелең жаппай ортадан қашу хаосы секілді қираудың сойқандығы сомдалады.
ХІҮ ғасырдан бері тараған күллі індеттер қоғамды сонша сорлы ұмытшақ еткендігі емеуірінделеді.Енжарлыпен күресу үшін жазушы обаны таңдаса керек. Жақсы көру мен жек көрудің мағынасын ашу кереметтігі тағы да осында. Шығармаға қайта үңілсең – бүткіл тарихтар арасынан өз бейнеңді де байқайсың.
Қазақ қара өлеңінде – «бәрімізді жалмайды сұм қар жер…» дегенде кездейсоқ дерт ақпараттарын барлық кілттерді тек қарғысына сақтапты-ау, деп… (Қарақұрт жегір, көкала келгір, көк шешек,басқын,марту т с с)
Обаны жеңу мүмкін емес. Оба өлмейді, адам оның баспанасы, ол сонымен мәңгі дейді. Адамзаттың тәубесін ескертетін кезінде бір аламан күш оны қайталай жіберуі де мүмкін деген долбар. Бұл енді тағдырмен қарсы келудің ең бірінші күшті түрі болар!?
Жуықта неке тойын жасап жатқандар «тәртіп бұзды делініп шара қолданылды». Обаға күш бермейтін жалғыз құдырет болса – махаббат дейді!? Ол туралы Габриэл Гарсиа Маркес (Gabriel Garicia Markes) оба сәтіндегі махаббат әлегі немесе «love in the time of cholera» шығармасы арқылы обаның күші жетпейтін адамның ішкі сүйіспенші сезімі ғана!
Бүгінгі қоғамның ашу, ызасы өз тағдырын басқадан көретін қараңдығы туралы ерекше мысалдар беріледі.Өмірдің мән-мағынасын бағалау,қоғамның әсіреқырсыздығынан сақтану, күннің бетін таза ұстау, сұлулық пен мақаббатты құтқарудың әрекеттері. Ең басты тұжырым – төзімділік!
Мұнда діни қиғылықтар, жаратушы құдайға қарсы пиғылдар легі,тәңірдің зауалы ма, әлде құтқару ма?! «Оба»-дан осыны пайымдауға болатындай!

Бірақ… (harbingers…)

Көк ит – бір жақ, КОВИД – бір жақ…90948944_885302201942395_4357041345932558336_n

Ковид (COVID-19) деген жау келді. Жер бетіндегі адам санынан неше млн есе көп дауасыз дерт. Оны өлтіруге адамзаттың күші жетпей жатыр! Ер төстік ертегісіндей Емао деген «лау нән рін хы» мен «лау нүй ріннің» бір жарғанаттың төстігін қуырып жеген күні жұққан індет. Есімі – тәждәһа 8 дицилион жанды жылбыр кейіпі. Адамның бойындағы бір клеткадан мың есе кіші дерт. Клетканың салмағы 27 пикограмм немесе 1 нанограмм, иеленетін орыны түйір тамшыдан 12 номлн есе кіші ноқат. Тәждәһаның осы клеткадан салмағы 18 квантилионге тең жеңіл болса керек.
Адамның денесінде 70 трлн клетка, 40 трлн бактерия өмір сүрмек керек. Солармен соғысуға, құртуға келген тәждәһа-әждәһа!. Клеткалардың ішіне көзді ашып жұмғанша жылдамдықпен еніп орнығып,кеңсіріктен көмейге аялдап, ағзаның тәуелсіздігін ойрандап, бүлдіруге кірісетін бәле. Ойран саларға дейін оған екі апта қажет. Адамның денесінде онымен қарсы жағаласуға арналған даяр қасиеттер әзірге әлсіздігіне ойланып жатса керек…
Сол тұрғыдан қарағанда әзірге ковидтің шабуылының қасында адамның бойындағы клеткалар “көк ит” болып тұрған секілді. Тек текті адамзатта оны жеңетін құдырет барына сенейік.

Сұраған Рахметұлы

Istanbul
2020.04.02

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: