|  |  |  |  | 

kerey.kz TV Мәдениет Руханият Шоу-бизнис

Елордалық филармонияның әртістері ақ халаты абзал жандарға ән арнады.

 

Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады.  ​
Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып,  үлкен ерлік пен батылдық танытқан  қазақстандық дәрігерлер де болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының    әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап “Дәрігерлер” әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады.
Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, “Қорқыт” этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек те бұл оқиғаның өзінің эмоционалдық ықыласы мен сезімін музыкаға білдіру ниетіне себеп болғанын мойындады.

Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады. “Дәрігерлер” әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ат салысты.
Елордалық филармония ұжымы қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және күш-жігер мен  ерлік тілейді!

 

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: