|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі

Шыңжаң өлкесіндегі үш форматтағы қазақ әскерлері

93109369_1673911692772411_4021401720608260096_nҮрімжі қаласы, Қаратау (қытайша Нань Шан) жайлауы, кигіз үйді қоршаған қазақ әскерлері, шамасы 1946-1947 жж түсірілген. Сол жылдары Қаратауда маңызды кездесу ұйымдастырылды. Өлкелік үкімет пен Нань Кин қаласынан келген саяси тұлғалар кигіз үйде басқосты. Үй сыртын қорғап тұрған қазақ әскерлерінің жарқын бейнесі (ішінде кішкентай қазақ қыз бала да бар) тарихи естелікке түсіп қалған.

Ол тұста Шыңжаң өлкесінде үш форматтағы қазақ әскерлері бір уақытта өмір сүрді. Олар:

*Шарқи Түркістанның қазақ әскерлері; 

Шарқи Түркістанның жалпы әскер саны 30 мыңды құрады.
Әскери киім-кешек, қару-жарақтары мен шен белгілері түгелдей советтік үлгіде болды.

* Чин Түркістанның қазақ әскерлері;

1946-47 жылдан бастап қауырт жасақталды, әскер қатарына Манас, Құтыби, Санжы, Үрімжі, Мичуан, Үшбөкен, Жемсары, Шонжы және Мори мен Баркөл қатарлы 10 ауданның қазақтары тартылды. Чин Түркістанның генерал, майор шенін алған қазақ тұлғалары күні бүгінге дейін айтылмай келді.

Чин Түркістанның әскери киім-кешектері, шен белгілері және қару-жарақтары гоминь үкіметімен бірдей болды. Гоминь үкіметі әскери модельді Ақш-тан алды.
Чин Түркістанның қазақ әскерлерінің құрылу тарихы 1944-жылдан бастау алады. Бастапта аудан, аймақ өз-өзін қорғау мақсатында жасақталды да кейін мемлекеттің білдей қорғаныс жасағына айналды.

* Оспан Батыр бастаған Өр-Алтай қазақ әскерлері;

Әскер құрамын негізінен Көктоғай, Шіңгіл екі ауданның қазақтары құрады. Әскери партизандар 1939-жылдан бастау алады, 1943-1944 жылдар даму кезеңі саналды, 1946-47 жылдары Шарқи Түркістан үкіметінің әскери жүйесінен біржолата ат кекілін кесісті. 1947-жылдан бастап жеке санаттағы әскери күшке айналды.

Әскери киім-кешектері ұлттық нақышта болды (тымақ, ішік, сырма шапан, саптамалы етік, тб). Қару-жарағы советтен алынды кейін гоминь үкіметі арқылы Ақш қаруларымен қаруланды.

Eldes Orda

Related Articles

  • Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)

    Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз). Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар: КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там

  • Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан

    Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан кездесуі бек мүмкін. Бұған ешқандай да шүбәңіз болмасын. Бірінші сүгірет, Осман елінде жарық көрген “Басират” (basîret) атты газет. Екінші және үшінші сүгірет, Осман мемлекетінде жарық көрген “Уақыт” атты газет. Төртінші сүгірет, Осман сұлтаны Әбдүләзиздің Қашқарияға көмекке жіберген әскери қару-жарақ, оқ-дәрісінен бір парша көрініс. Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы Осман деректері шыны керек әлі толық зерттелген жоқ. Хан Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісін Қазақстан аймақтарымен шектеп бөліп қарау ең үлкен қателік саналады. Хан Кене мен Шығыс Түркістандағы қазақ, ұйғыр, дұңған көтерілістері арасындағы саяси, әскери қатынастар туралы дерек те қытай мұрағатында көмулі жатыр. Онда Шәуешек, Құлжа және Үрімжі қалаларындағы қазақтардың Хан Кенемен және кейінгі

  • АХАҢ мен ЖАХАҢ САЛҒАН АЗАТТЫҚ ЖОЛЫ

     «Қазақ» газетіне –107 жыл ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ                                                                                                                       ТАРИХИ ПОВЕСТЬ                                                                                       

  • Шарқи Түркістан Респубиликасының тарқауы туралы

    1944- жылдың қараша айында Құлжа қаласында құрылған Шарқи Түркістан респубиликасы 1946- жылға келгенде үкіметтің ресми түрде тарағанын және бұдан былай Шыңжаң өлкесімен біріккен коалициялы үкімет құрмақ ниетін білдіре отырып, уақытша үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістанда” арнайы мақала жариялаған-ды. Небәрі бір жарым жыл өмір сүрген Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметі, 1946- шы жылға келгенде ресми тоқтады. 1944- жылдың қараша айында уақытша үкімет жария етілген соң, үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістан” деп аталды. Газет ұйғыр, қазақ, орыс, моңғол және қытай тілінде жарық көрді. Газеттің қазақша бөлімінде Бұқара ТЫШҚАНБАЕВ, Құрманалы ОСПАНҰЛЫ басшылық етті және газеттің редакция құрамында Әуесқан НАРЫНБАЙҰЛЫ, Рахметолла ӘПШЕҰЛЫ, Құрманбай ТОЛЫБАЙҰЛЫ, Әбдібек, Аладияр, Асанбай, Сырайыл, Қали қатарлы кісілер редактор, аудармашы,

  • Англияның Жоңғария қазақтарына озық соғыс қаруларын беруге талпынуы

    Қашқардағы Англия консулы  Англияның Қашқариядағы консуль қызметі 1881- жылдан кейін бастау алады. Англияның түпкі мақсаты Цин империясының солтүстік-батыс аймағы мен Түркістан (орталық азия) даласына өз ықпалын жүргізу еді. Бірақ, бұл тұста патшалық ресейдің де аймақтағы саяси ықпал күшін ескермеу мүмкін емес еді. Патшалық ресейдің әу бастағы мақсаты Түркістан аймағын ендей өтіп Үндістан арқылы телегей теңіз жолына шығу еді. Бірақ, Түркістан даласындағы Түркі хандықтары (Қазақ, тб) бұл мақсатты жүз жылдап кешіктіріп жатты. Ресей енді Түркістан даласын қиыр шығыстан айналып өтіп Қашқария арқылы Үндістанға ұласуды көздеді. Бірақ, ол тұста Қашқария мүлде жабық әлем еді. Дейтұрғанмен де жабық әлемнің түстік қапталынан Англия империясы да келіп үлгірді. Сосын не керек, бұл аймақ Ресен-Англия империясының

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: