|  |  |  |  | 

Мәдениет Руханият Тарих Шоу-бизнис

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК СЫНАҒАН ФИЛЬМ

b07c1bfc3f4e60297f92918e46ca0879
Ақселеу Сейдімбектің күнделігінен: “Құлагер” фильмі жайында

Кино үйінен «Құлагер» фильмін көріп қайттым. І.Жансүгіровтің әйгілі «Құлагер» поэмасының ізімен депті. Өнер атаулы, оның ішінде кино өнеріне не үшін керек? Кім үшін керек? Әсіресе белгілі бір ұлт өнері алдымен сол ұлттың өзіне керек пе, жоқ әлде өзге ұлтқа керек пе? Белгілі бір ұлттың өнері алдымен өз болмысын көрсетуі керек пе, жоқ әлде өз болмысынан кіндік үзіп, жалпыадамзаттық өз болмысын көрсетуі керек пе, жоқ әлде өз болмысынан кіндік үзіп, жалпыадамзаттық дейтін әсіре патетикаға бой алдырғаны жөн бе? Өнердің парқы мен нарқы ұлттық талғам таразысына түскені жөн бе, жоқ әлде сырт көз сыншының айтқанына көніп, айдауына жүргені дұрыс па? Тарихи тұлғалардың өмірбаяны қай шек-шекараға дейін әсірелеуді көтере алады? Тарихи оқиғалар ше? Әсіресе тарих, этнография өнер тілінде қалай көрінуі керек? Өнер тіліне арқау болатын тарихи тақырыптың жұртшылықты қызықтыратыны неліктен? Тарих пен этнографияның танымдық-тағылымдық ықпалын сезінуіміз қалай? Ешбір халық өзінің өткен тарихы үшін ұялмауы керек екенін өнер жасаушылар қай деңгейде сезінеді? Өткенге топырақ шашу ғана емес, өткенді жаңсақ елестеудің өзі рухани сабақтастықтың үзілуіне себепші болатынын білеміз бе? Бұл арада өнердің жауапкершілігі бірінші кезекте екенін қаншалықты сезіне алып жүрміз?..Осы сияқты сұрақтар фильмнен соң жүрекке шаншудай қадалады. «Қазақфильм» өнімі демесе, қазақ актерлердің ойнап жүргені болмаса, фильмде қазақ болмысының нышаны да жоқ. Қазақтың тарихи-этнографиялық болмысын шыншылдықпен сақтау арқылы ғана тарихи тақырып шынайы өнер деңгейінде игеріледі. Фильмді қоюшылар бұл талапқа керісінше әрекет етіп, ойларына келген өтірікке малданған.
Не айтуға болады, жағаңды ұстар сұмдық өтіріктерді тізіп шығудың өзі ауыр.
1. Сағынайдың асынан басталатын оқиға қалың бейіт қорымның ортасында өтеді. Ал қазақ дәстүрінде асқа мейлінше қолайлы, оты-суы мол, шымдауыт, шаңы шықпайтын жер таңдалатын болған.
2. Сағынайдың бәйбішесі күйеуінің қағазға жазып кеткен аманат-өсиетін Батырашқа оқып береді. Онда бір жігітті дарға асып, біраз адамды сабап, дарға асылған жігіттің жас баласын жатжұрттық етіп, тегін ұмыттыру тапсырылған. Бұл да көшпелілер тарихында болмаған сұмдық. Ас беру игі тілектің, аруақты сыйлаудың жоралғысы болған.
3. Ас беріліп жатқан жердегі бейіт пен киіз үйдің ортасына бір отар совет мериносын айдап келіп, оның өңшең жалақтаған жүгенсіз жігіттер қан сасытып соя бастайды. Мүлде қисынға келмейтін жабайы көрініс. Қазақ дәстүріне жерошақ қонақтардан бөлек, оңашалау жерден қазылатын болған.
4. Күреңбай сыншының шашы иығы жауып жүр. Бұл да қазақ дәстүрінде жоқ үрдіс. Шаш қойған екен, айдар етіп қою керек. Айдар Біржан салда болған.
5. Ас үстінде Батыраш тақтан түспейді. ХІХ ғасырда қазақ хандарының өзі тақтан айырылғанда, бар болғаны даланың сасық байы Батырашқа қайдан келген тақ? Ол аз дегендей-ақ, Батыраш қолынан қылышын тастамайды. Бұл қайдан шыққан рәсім?
6. Батыраштың қолында ноқталы қара құлдың басжібі отырады. Қара құл ит сияқты тақ түбінде жатып, тақалған адамға гүж етіп ұмтылады. Мұндай түпсіз өтірік қайдан алынған? Барша тарихи-этнографиялық деректерде көшпелі қоғамда құлдықтың болмағаны бірауыздан мойындалады.
Фильмде Батыраш перғауын сияқты бейнеленген. Қай қоғам, қай орта, қай ел, қай заман екенін білу мүмкін емес. ХІХ ғасырдың тарихи шындығы жайына қарған.
7. Батыраштың алдында француз корольдерінің жанында жүретін шут сияқты бір сайқымазақ жүреді. Ол білгенін істейді. Бұл да қазақ қоғамында болмаған әлеуметтік тип.
8. Фильмдегі сал, би, батыр сияқты әлеуметтік типтер мейлінше дәрменсіз, құр әншейін қара көрсетіп жүреді.
9. Ортаға қойылган тайтүзген қазанға қара май құйып, оның түтінін будақтатып өртеумен болады. Бұл да мүлде өтірік, дәстүрге жат көрініс.
10. Бәйгеге қосылатын аттарды тізгін-сулығынан тартқылап, ас беріліп жатқан үйдің алдында кезек-кезек ойнақтатады. Қазақ дәстүрінде бәйге аттарының кермесі оңаша болған.
11. Бәйгеге шабатын балалар қолдарында бір-бір факел таяқ ұстап, оттарын лаулатқан қалпы ауылдан аттанады. Қазақ «от шығарма», «от шашпа», «от айналма», «жерошақ аттама» дейтіні – отты киелі санағандықтан. Әлгіндей сұмдық көшпелілердің ұзына тарихында болмаған.
12. Киім-декорациясы нағыз қойыртпақ-масқара. Салдың үстінде көбелек бант тағылған фрак, басында тік кемерлі шляпа. Ал Ақан серінің үстінде кәдуілгі жылқышылар киетін бешпент пен жеңсіз тайжақы. Басында күнқағар, масадан қорғайтын салпыншақ күләпара. Ақан сері бұлай киінбесе керек-ті.
13. Қайдан келгені белгісіз, кім екені белгісіз, кімнің қызы екені белгісіз «девушка-джигит» деген бір қыз қолына қанжар ұстап, себеп-салдарсыз би билеп, ән айтады. Оған Ақан сері ғашық болып қалып, оны өмір бойы елестетіп өтеді. Ол қызды ойда жоқта белгісіз біреулер ұрлап әкетеді. Бұл неғылған сұрауы жоқ қыз?
Қазақ дәстүрінде «қыз-жігіт» деген әлеуметтік тип жоқ. Рас, ұлы жоқ үй кейінгі туған қызын еркек-шора етіп тәрбиелеп, ер балаша киіндіріп, ұл көру үшін ырым жасайтын дәстүр болған.
14. Қамыс ішіне жасырынып, Құлагерді мылтықпен атпақшы болып отырған қарақшы “ой, сүйер ме еді тамағынан” деп үздігіп, қайдағы бір ғашықтық әнін сұңқылдатады. Қарақшының да ұлттық ерекшелігі болуға тиіс. Себебі, ол да белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілі ғой.
15. Ат бәйгесі негізгі оқиғаның өзегі ғой. Алайда ат бәйгесінің дәстүрі, рәсім-тәртібі мүлде сақталмаған.
16. Ең өкініштісі, фильмде Ақан серінің тағдыры жоқ. Ақан серінің әні жоқ, биік өнері жоқ, нәзік сезімі жоқ. Бақыт та, Нұрғали да жақсы әншілер. Өзіндік үн өрнектері бар, жұртшылыққа суйікті әншілер. Бірақ Ақан серінің әндерін айтатын әншілер емес.
Фильмді қоюшылар тарихи-этнографиялық деректі қазақ өмірінен алмаған, үндістер мен папуастар туралы түсірілген шетелдік кинолардың этнографиясына көбірек еліктеген. Бұған қоса өздерінің мүлде қате талғам-түсініктеріндегі қайдағы бір қияли елестерді киліктірген.
Бұл кино шет көрермен үшін таңсық болуы мүмкін. Тіптен оларға бұрын белгісіз “мәдениетті” көрсеткені үшін фильмді қоюшыларға үшін беруі де мүмкін. Алайда мұның ешқайсысы да бізді масаттандырмауға тиісті. Біріншіден, шет көрермен үшін біздің киношылардың өтірігі мен біліксіздігі әрі шындық, әрі шеберлік көрінуі мүмкін. Өйткені өз ұлты туралы өтірік айтатын киношылар болады дегенді ешкім де қаперіне алмайды. Қазақтар шын мәнінде осындай халық екен ғой деп күмәнсіз сенеді. Екіншіден, бұл фильмнің өзіміз үшін зиянды жағы аландатады. Тек шетелдіктер ғана емес, біздің болашағымыз деп үміт артып отырған жастарымыз да бұл киноны шындық деп қабылдайды. Өйткені олардың да салғастырары жоқ, өткен өмірдің шындығы әлдеқашан тарихтың еншісіне айналған. Сондықтан да, кинодағы “шындыққа” қарап отырып, өз халқының өткен тарихынан жерінетін болады. Өз тарихы үшін ұялатын сезім жанын жаралайды. Сөйтіп, жас ұрпақ өзінің ұлттық рухтағы идеалынан бас тартады.
Міне, өтірік өнердің зияны осындай.
22.09.87
Ақселеу Сейдімбек II том

Related Articles

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

  • ВОЯДЖЕР-2 ЗОНДЫМЕН БАЙЛАНЫС ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

    2023 жылы 1 тамызда НАСА Алыс ғарыштық байланыс желісінің (DSN) Канберрадағы антенналар кешені Вояджер-2 жіберген үзік сигналды ұстағаны белгілі. Кешен зондқа екі градусқа бұрылып кеткен антеннасын қайта Жерге бағыттауға бұйыратын барынша күшейтілген команда жіберді. 19,9 млрд км қашықтықтағы аппараттың жауабын 37 сағат күтуге тура келді. 4 тамызда НАСА Вояджер-2-ден толыққанды ғылыми және телеметриялық деректер қабылданғанын хабарлады. Олар аппараттың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және күтілген траекторияда екенін мәлім еткен. Жақсы жаңалық тарихи миссияның 46 жылдығы қарсаңында келді. Вояджер-2 1977 жылы 20 тамызда ұшырылды. Ол — Күн жүйесіндегі төрт алып планетаның бәрінің тұсынан ұшып өткен жалғыз ғарыш аппараты. Voyager 2, өз сыңарынан алты жылдан соң, 2018 жылы 10 желтоқсанда жұлдызаралық кеңістікке енді.

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • Ninety One тобы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды

    Азаттық радиосы Ninety One тобының мүшелері мен ЮНИСЕФ өкілдері баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр, 2023 жыл. Q-pop жанрында ән салатын Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ. – Ninety One тобы ұсынысымызды қабыл алғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандағы балалардың ең өзекті мәселелеріне назар аудартуда топтың таланты мен танымалдығы өте маңызды рөл атқарады. Қазір бірлескен маңызды іс-шара бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ninety One тобын UNICEF Talks-та (жастар конференциясы – ред.) көретін боласыздар, – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: