|  |  |  |  |  | 

Көз қарас Саясат Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі

Ақш-Совет қатынастарындағы шыңжаң өлкесі

Сүгіреттерге қысқаша түсініктеме:95709019_1691770740986506_520922981170413568_n

Бірінші сүгіретте, Ақш-тың шыңжаң өлкесіндегі тұңғыш өкілетті бас елшісі Едмонд Клаб және Дихуа қаласындағы (Үрімжі) Ақш консулының алды түсірілген. Уақты, 1943- жылдың сәуір айы. 94975912_1691770754319838_4326124947270270976_n

Екінші сүгірет, Ақш үкіметінің шыңжаң өлкесіндегі өкілетті елшісі Жон Халл Пакстон мырза(1946′дан соң елші болды). 95467138_1691770834319830_6569233478020235264_n

Үшінші сүгірет, Шыңжаң өлкесінің саяси, әкімшілік орталығы Дихуа қаласында (Үрімжі) орналасқан Ақш консулдығы. Консул алдында тұрғандар Ж. Пакстон және зайыбы. 95106474_1691770884319825_3220126475768299520_n

Төртінші сүгірет, 1946-жылдың қараша айында Дихуадағы Ақш консулы алдында түсірілген. Артқы қатар оңнан төртінші адам Жон Халл Пакстон. Пакстон Ақштың шыңжаң өлкесіндегі өкілетті елшісі болып тағайындалған кезі.

1941-42 жылдан кейін Шыңжаң өлкесінде кілт өзгерістер басталды. Өлкенің сыртқы саяси дипломатиядағы бағыты өзгеріп жатты. Совет-Шыңжаң қатынастары жол айрыққа келіп түйлісті. Совет өлкелік үкіметке жіберген барлық көмектерін кері алып кетіп жатты. Шыңжаң өлкелік үкімет Нань Киндегі гоминьдаң үкіметімен шыт жаңа саяси диалоктар бастады. Өлкеде тұтастай түбегейлі өзгерістер орын алды. 1942-жылдың желтоқсан айында өлкелік үкімет Ақш-тың шыңжаңда консул құру жұмыстарын бір ауыздан мақұлдап құжатқа қой қойды, артынша 1943- жылдың сәуір айында тұңғыш өкілетті елші міндетке тағайындалды, консул ресми түрде өз қызметін бастап кетті. Өлкеде Ақш консулының аяқ басуы “шыңжаң мәселесін” жаңа деңгейге көтерді.

Ақш елшілігі қазақтарды кемінде бес рет қабылдады

1946- жылы өлкеге өкілетті елші болып Пакстон келді. Пакстон 1946-47-48 жылдар арасында бірде ашық, бірде жасырын түрде Қазақтарды қабылдады. Ақш-Совет қатынастарындағы шыңжаң өлкесінің гео-стратегиялы орналасуы өте маңызды рөл ойнады. Сонымен қатар арт-артынан туындаған Қазақ ұлт-азаттық көтерілісі Ақштың өңірдегі қызығушылығын одан сайын арттырды.

Қазақтармен кездесуде қаралған мәселелер:

* Советтің өңірдегі саяси идеялогиялық ықпалын әлсірету, қызылдасудың алдын алу;

* Қазақ көтерілісін қарумен қамдау;

* Ақш- қа қазақ оқушыларын білім алуға жіберу;

* Қазақтардың өлкелік үкімет пен Нань Кин үкіметіндегі саяси орнын көтеру;

* Қазақтар тұрған жердегі маңызды кен қорындарын совет ықпалынан ада ету;

т.б

Әрине, Ақш-тың 1943-49 жылдар арасындағы қазақтармен болған саяси қатынастарын бір постпен түсіндіру өте қиын. Бұл тұс Ақш-Қазақ қатынасының ең биік кезеңге жеткен кезді еді. Көп құжат әлі ғылми айналымға түспеді, әлі саяси аналитика жасалып сарапталмады…

Eldes Orda

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: