|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

Шарқи Түркістан Респубиликасының тарқауы туралы

94242396_1687224721441108_2913772029117202432_n

1944- жылдың қараша айында Құлжа қаласында құрылған Шарқи Түркістан респубиликасы 1946- жылға келгенде үкіметтің ресми түрде тарағанын және бұдан былай Шыңжаң өлкесімен біріккен коалициялы үкімет құрмақ ниетін білдіре отырып, уақытша үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістанда” арнайы мақала жариялаған-ды.94118006_1687174904779423_8965448023685464064_n

Небәрі бір жарым жыл өмір сүрген Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметі, 1946- шы жылға келгенде ресми тоқтады.

1944- жылдың қараша айында уақытша үкімет жария етілген соң, үкіметтің орган газеті “Азат Шарқи Түркістан” деп аталды. Газет ұйғыр, қазақ, орыс, моңғол және қытай тілінде жарық көрді. Газеттің қазақша бөлімінде Бұқара ТЫШҚАНБАЕВ, Құрманалы ОСПАНҰЛЫ басшылық етті және газеттің редакция құрамында Әуесқан НАРЫНБАЙҰЛЫ, Рахметолла ӘПШЕҰЛЫ, Құрманбай ТОЛЫБАЙҰЛЫ, Әбдібек, Аладияр, Асанбай, Сырайыл, Қали қатарлы кісілер редактор, аудармашы, тілші болып жұмыс істеді. Газеттің Құлжа, Шәуешек және Алтай қалаларында бөлімшесі құрылды. 97958667_1709938365836410_3171495647702417408_n

1946- жылдың маусым, шілде айында жарияланған мақаладан соң, уақытша үкіметтің газет аты “Инқылаби Шарқи Түркістан” (Төңкерістік Шығыс Түркістан) болып өзгерді.

Бірінші және екінші суреттегі мақаланың аты: “Шарқи Түркістан Респубиликасы Үкіметінің Тарқауы биләм бір-екі сөз”. Шарқи Түркістан респубиликасының 1946- жылдың өзінде-ақ тарқағанын дәлелдейтін құжаттың бірі осы мақала.97548121_1709938329169747_9061554398039113728_n

Мақала ұйғыр, қазақ, орыс, моңғол және қытай тілдерінде түгел жарияланған. Мақала жарияланған соң орган газетінің аттары өзгере бастады. Қазақша “Азат Шығыс Түркістан” газеті “Төңкерістік Шығыс Түркістанға”, одан “Төңкеріс Таңы” атына өзгерді.

Уақытша үкімет Шарқи Түркістан респубиликасы тараған соң көп өтпей үкімет аты да өзгертілді. Бұрынғы Шарқи Түркістан атауы “Үш Аймақ” төңкерістік үкіметі деп аталды. Үш Аймақ жақ өлке орталығы Үрімжіде гоминьдан үкіметімен келіссөздер жасасты.

Eldes Orda

Related Articles

  • Қазақтың ұлы даласы мен елін, жерін қорғаған батырлары

      (Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арнаймын) Авторы: тарихшы, фольклорис, филолог, алаштанушы Керімбайұлы Таласбек Тауасар Ескерту: Бұл мақаланы баспаға бастыру және  сайыттарға шығару тек автордың рұхсатымен болады. 2021 ж Қазақтың ұлы даласы мен елін, жерін қорғаған батырлары Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің мерейлі 30 жылдық тойы. Ата – бабаларымыз сан ғасырдан бері білектің күші мен найзаның ұшы мен ұлы дала елінің жерін, халқын жанқиярлықпен қорғап, қазақ даласына шабуыл жасаған жауларын жер жастандыра жойды. Ата- бабаларымыздың « ….Көш жолынан көресің көшпендінің, тарихта қалдырған өшпес ізін….. », « Көзі бабамыздың бір көргенде түскен жері, білектің күші, найзаның ұшы тиген жері»  деп қазақтың ұлы даласын қорғауы бізді батырлар ұрпағы екенімізді  барша әлемге пәш етті.

  • « Шақантай» шежіресі( бесінші басылым , қосымша жазбалар мен толықтырулар)

           Тайтөлеу Ысқақұлы Төлтай                                   2003 – 2009 жылдары  « Шақантай»  шежіре  кітабы  төрт рет  800  данамен   басылып  шықты . Соңғы  төртінші  басылымын  kerey.kz  сайтынан  толық  оқи  аласыздар .  Осы  басылымда  Шақаңа  қатысты соңғы  кезде  келіп  түскен ақпараттар мен  М. Мағауин, Ө. Ахметов , С. Ысқақов , Н. Сәменбетов – тердің кейінгі жарияланған  деректері қолдалынды . Бесінші басылым да сол аталған сайтқа  қойылады .   Мекен-жайымыз:  Алматы, 050010, Пушкин к. 83 үй, «РИЕО» ЖШС , Тел.,Факс:  8(7272) 912049 . Ұялы  тел. 87017177657 . e-mail: toltai 42 @mail.ru . МАЗМҰНЫ :    Шақантайдың  

  • АЛЖАСҚАН ҒАСЫР (Әңгіме)

    “Ашаршылықты саясиландырмау керек” деу “дымыңды шығарма” деп ұлтты тұншықтыру. Бұл тарих пен ұлтқа жасалатын қиянат! “Ғасырға серт! Адамзат баласы зиянда…” «Асыр» сүресі …көзі жұмылмай, «бұның не?» деген таңданысты сұрақ анық оқылатындай адырайып, тас қораның төбесіне қараған күйі қалыпты. Мұрыннан кеткен қан екі ұртты сағалай барып, кепкен өзеннің арнасындай былқылдап, тоңға айнала бастапты. Сыпатайдың да екі ұртынан бастап омырауына дейін – іңірдегі батыс көкжиектей қып-қызыл. Ентігін енді басып, аузына келген дәмнің қошқыл татитынын, оның қанның дәмі екенін түйсінген. Түйсінген сәтте лоқсып құса бастады. Бұнысы жетпіс бес жасқа келіп, Тәшкенттегі ағаш қорасына кіріп, қайыс арқанға асылып барып тыншу тапқанша жалғасатын лоқсу екенін, әрине, ол кезде білген жоқ. Бір нәрсені түртіп, танып аларға

  • Байділда Доскенов (1902-1974)

    1943-46 жж Шығыс Түркістандағы ұлт-азатық төңкеріске қатысқан. Совет одағының көмекке жіберген әскери маманы. Б.Доскенов Қызылорда обл, Қызылөзек елді-мекенінің тумасы. Екінші жаһан соғысына қатысқан. 1943 жылдан кейінгі өмірі қытайдағы әскери іс-қимылдарда өткен. Кейін 1946 жылы елге оралған. Құлжада құрылған уақытша үкімет туралы әдебиеттерде (кітап, мақала) Б.Доскеновтың аты кездесіп жатады. Сол деректерді оқып отырғанда әсіресе, Қожай Доқасұлы жазған “Офицердің қойын дәптерінен” кітабы мен Хакім Бекішевтің “Азаттық мұраты” атты кітабында Байділда Доскеновтың аты бірқанша жерде кездесетін еді. Суреттің алынған сілтемесі: https://www.moypolk.ru/kazahstan/soldiers?search=%D0%94… Жалпы, 1943-1946 жылдары совет одағы Алтай, Тарбағатай, Іледегі ұлт-азаттық төңкерісті әскери мамандармен қамтамасыз етті. Неше мыңдаған әскерлер шекарадан жасырын өтіп ол жақтағы партизандармен бірге күреске қатысты. 1946 жылы көмекке келген әскери мамандардың

  • ӘБІЛҚАЙЫР. БІР ХАТ – БІР МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ

    Бұл хатты осыдан екі жыл бұрын да салып едім, орысша. Енді шамам жеткенше аударып көрдім. Тарихта қазақ “1731 жылы Ресейге бодан болды” деп оқытып келеді. Осы үшін Әбілқайыр ханды жазғырғандар да көп. Және Петербор архивіндегі нұсқа тұздық болып келді. Қазақстандық ғалым И. Ерофеева оны ысырып қойып, Әбілқайырдың хатын түпнұсқадан оқып, қайта аударды. Сонда жалған дүние жария болып қалды. 1731 жылы 8 қыркүйекте Әбілқайыр Ресейдің қатын патшасына құзырыңа ал, қызметшің болайын деп хат жазбаған екен. Сонда “үш ғасырлық” деген әңгіме бекер болып шығады. Ескерту: орысша нұсқаны оқимын деген адам парақшамнан тауып алар. Ал әзірге: 1) Ирина Ерофеева аудармасы: 8 қыркүйек 1730 жыл. Ұлы да мейірімді, жоғары мемлекеттің барлық жерін билеуші мәртебелі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: